Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Барыс атқан күні

Әңгіме:  Балғабек Қыдырбекұлы | Барыс атқан күні казакша Әңгіме:  Балғабек Қыдырбекұлы | Барыс атқан күні на казахском языке


Суға құлаған кекілікті ұстап алған Ораз оның ұйпалақтанған мамығын сипап біраз тұрды. Қорғасын бытыраның екі-үшеуі оң қанаттың түбін ала топшыдан тиіпті. Ала қанат жануар ешбір жазығы жоқ, енді міне, адам тамағынан өткелі тұр. Семіз екен, бөтекесі томпайып, жансыз денесі былқ-сылқ етеді. Жаңағы екеуі де қоразы еді, мынау да солай. Нысанадан шыққан екен. Ораз: «Апыр-ау, атарын атып алып, енді мұным не?»— деп ойлады да, алғашқы екі кекіліктің жанына байлай берді де, жалма-жан оларды да шешіп жерге тастай салды. «Сенің жазығың жоқ, біздің азығымыз жоқ», демеуші ме еді, мал сойғанда қазақтар. Иә, солай!

Ол кекілікті ұстаймын деп тізесінен су болды. Отыра қалып етігін шешіп, ішіндегі суын текті. Шұлғауын сықты. Сонан соң аз да болса дегдісін деп көген бойындай жерде тырбиып аласа өскен тобылғының үстіне екі шұлғауын да жайып қойды. Балтырын түріп суға барып аяғын жуды. Су сүйектеніп қалыпты. Қоңыр күз түгіл жазда да шекеңнен шығатын тастай су етін қарып кетті. Ауа сирек болғаннан ба екен, тауда күн тым өткір болатыны несі екен. Ол күнге қарады. Сәске түс болыпты. Қайтса да жарар. Жайулап ауылға жеткенше де түс болады. Он бесінші жылдың күзі де келді. Қарды қара, Айғайдың басын шалып қалыпты. Ол әлде не ойына түскендей қалтасын сипалады. Одан газет алып, бір қой тасқа отырып оған үңіліп қалды.

— Ойбай!— деген әйел даусынан басын көтеріп алып еді, желке жағынан келіп қалған аттылы екі қыздың бірінің аты үркіп, ол атының басына ие бола алмай жүр. Тағы да түнеугі күнгі екі қыз. Ораз аздап тіксініп қалды. Неге ылғи осы екеуі оңаша тауда кездесе береді. Әлде әлі гимназистерді үнемі аңдып жүретін Поротиковтың тыңшылары ма екен? «Жандосов, сен бұзықсың» деген еді-ау ол. Бірақ қазақтың паң қыздары ондай ұсақ тірлікке бара ма? Оларға сабырлылық, салдарлылық тән емес пе? Тіпті оған бірлі-жарымдысы бара қойғанда да, бұратана халықтың қызына патша чиновниктері сене қоя ма!? Кеше демалысқа қарсы үйіне сұранып кеткенде де ешкім білмеген еді. Бірақ не деп болмайды...

Түнеугі күні ше? Тамыздың аяғы болып оқуға кететін уақтысы жақындап қалған соң ұлар аулап келуге сонау тауға Қасқасудың басына шығып еді. Ол күні ештеме таба алмаған соң дорбадан уатылған қаратікен тұзды алып, ұлар көбірек мекендейтін Қоңырдың желкесіне сепкен де, малының күйтімен қыбайда жалғыз отырған қоңторғайлау тұратын біреудің үйіне қонған. Ертеңіне сахардан тұрып, барып бір ұрымтал жартасты қияулап, тектұрына шығып жасырынып жатты. Ұлар болып ысқырды. Сонан соң бытырамен оқталған, құндағы мүжіле бастаған қара мылтығын кезеніп жым-жырт қалған еді. Әлден уақытта ала шұбар ұлар өзіне беттеп келе жатқанын байқады. Осы ұлардың шұбар болатын себебі не екен? Ұлар да шұбар, еліктің де арқасында теңбілі бар. Барыстың да ала екені белгілі. Тастың шұбарлығына қарай жаратыла ма екен? Барыс! Апыр-ау... Енді жаңағы келе жатқан ұларға қарап еді, жүрегі тас төбесіне шықты. Бағанадан бері ұлар деп отырғаны әлдеқандай бір хайуан. Дереу оқшонтайдан жалғыз оқпен оқталған жезді алып мылтықтың құңғысына тығып жіберіп шүріппені бос ұстап қатып қалды. Жыртқыш құнжыңдап, бауырлап келеді. Желі бойындай қалғанда құйрығын көтерді, бұл шабуға бекінгені. Нақ сол сәтте шүріппені басып жіберді. Мылтық даусымен таз тау, жартас жаңғырып, төңірек даң-дүң болды. Сол даң-дұңмен бірге арылдап-гүрілдеп жыртқыш та сай табанына құлап кетті. Тұзға жиналған ұларлар да парылдап, шиқылдап ұшып жөнелді. Сәлден кейін жүгіріп Ораз да қобы табанына жетті. Құйрығы шұбалып жыртқыш мертігіп жатыр. Өлмепті. Басын сәл көтеріп мені жоғарыдан табанға атып түсірген сен бе дегендей езуін ырситып, тісін сақситып ырылдаған болды. Мылтықтың дүмімен ұрмақ болып жақындап еді, «арс» ете түсті, бірақ жылжуға шамасы келмеді. Ораз не мылтықтың құндағын қидалайды, не өзімді жазым етеді деп мылтықты жұмсамады. Өлмей жатқан анды екінші атып оқты шығындағысы келмеді. Қос жұдырықтай тасты алып, басынан періп кетті. Басына тимей тас мойынға тиді. Қайта тас алып, тағы ұрды. Басына тиді, өлмеді. Сонан соң Ораз тәуекел деп мылтықтың дүмімен барысты қара тұмсықтан қойып қалды. Сылқ етті. Қайта жақындап тағы ұрды. Әбден өлгенін білген соң Ораз барысты аударып көрді. Таутаны емес, барысы екен. Сүйрете көтеріп жалғыз аяқ жолға шыққанда, осы екі қыздың ат үстінде өзіне қадала қарап тұрғанын көрді.

— Мерген де, батыр да екенсіз,— деді қыздың бірі. Ораз үндемей терін сүртіп, байсалды кейіппен тұрды. Тіл қатқан жоқ. Қыздар атпен жақындамақ еді, аттар қорсылдап үркіп жолай қоймады. «Өлі бураның басынан тірі атан қорқады», деген осы дағы.

— Мына біздің артымызға бөктеріңіз,— деді жаңағы қыз,— шаршаған шығарсыз. Барыс ату батырлық қой. Мал далаға түсіп кеткен соң адамға шапқаны ғой.

— Қойшы, Күлтан, біреу ала мысық атып алды деп есің кетті ғой, жүр кеттік,— деп атын тебінді жібекке малынып тұрған тік қабақ, ақсұр қыз. Сөйтіп олар тез көзден ғайып болған. Сонан соң Ораз барыстың терісін сыпырып, құйрығын шұбалтып кетерін ауылға келген.

Міне, енді бүгін солар тағы тұтқиылдан кездесті. Ораз газетті тастай салып, аты бой бермей жүрген қыздың шаужайына оралды. Еркектің қарулы қолы тізгінге тиген соң ат бұлқынуын қойды.

— Кейде өстіп жалт беретіні бар. Сіздің қолыңыздағы қағазды көріп,— деп қыз желбіршегі көп қос етек көйлегінің етегін қымтай берді.

— Ала екен деп қалған ғой,— деді Ораз түнеугі күнгі қыздың тәкаббарлық сезін есіне түсіріп. Қыздың бүкіл бет-жүзі қызарып, бетіне қан ойнап шыға келді. Бұл кезде жуас тобыршық торыдағы қыз аттан түсіп, жатқан кекілікті көрген болып, газеттің фирмасын да ежелеп оқып үлгеріп еді. «Семиречинская ведомость». Қыздың газетке үңілгенін байқап қалған Ораздың есіне әлде бірдеңе оралып, екі ұдай болып состиып тұрды. Қыздарға қалай жұғысарын білмеді. Өйткені қазақ қыздары жігіттің тым жалпылдай, жыпылдай бергенін, көп сөздісін ұнатпайды. Оның үстіне осыдан бір жарым ай бұрын, барыс атқан күні оқып көруге біреуден сұрап алған «Форботе» деген неміс журналын жоғалтып еді. Барыс атқан жерін тегіс аралап, таба алмағанды. Енді міне, мына қыздың газетке үңілгені күнә арқаламайын десе де күдік туғызып тұр.

— Аттан түссеңші, Малике,— деді жердегі қыз жалмаңдап,— мына батыр жігіттің олжасын байланбаймыз ба?!—, мына тәкаббар қыздың аты Мәлике екен ғой деп түйді Ораз. Мәликедей данышпан болсаң жақсы-ақ. Бірақ қыз күнінде қыздың бәрі жақсы ғой...

Егер жоғалған журнал есіне түспегенде, Ораз Күлтанды неткен ашық жан дер еді, бірақ көңілдегі күдік-күптілік ондай қорытынды жасатпай, мүдәйі-аяр шығар деген дақ көкейде орнап, кес-кестеп тұрып алды. Онсыз да көп желпілдеп сөйлей қоймайтын Ораз қыздың сезіне жауап бермеді. Күлтан тақақтап, қаймақтай еріні жыпылдап қайта сөйледі.

— Немене, үндемейсіз? Әлде кекілігіңізді қимай тұрсыз ба? Қызға қимаған кекілікті ит жесе болмас па?

— Егер қыз көңілден шықса, кекілік түгіл жанымды да қияр едім. Бірақ оған кез жетіп тұр ма?

Малике де бұл кезде аттан түсіп, қапсырмалы жеңіл жібек бешпентін кішкене қой тасқа жайып тастап, отырған екен, Қос етек көгілдір шәйі көйлектің етегі тасты тегіс жауын кетіпті, Үн-түнсіз. Бірақ әнеугі күнгідей емес, қарақаттай жаудыраған нәркес көздерін Ораздан алмайды. Ал бұл кезде Ораздың ойы тіпті басқа жақта тұр еді.

— Олжаңызды байлаңыз,— деді Күлтан тақылдап.

— Алыңыз, алыңыз,— деп Ораз қалтасына қолын салып бәкісін алды. Бәкіге ілесе шыққан орыс ақындарының өзі тәуір көретін елеңдерін көшіріп жазып кішкентай кітапшасын түсіріп алды. Оны алуға әдейі асықпады. Бәкімен кекілікті байлаған жібін кесіп, екеуін екі қызға ұсынды. Кекіліктің бірін Мәликеге ұсынып жатып, кез қиығын Күлтанға тастап еді, оның ойы тіпті де кекілік емес, жерде жатқан дәптерде екенін оған қадалған сұғынан аңғарды.

— Рахмет,— деді Мәлике, ол сөзді созбай, іреусіз күмістей сым саусақтарының ұшымен кекілікті алды. Әлі де маңғаз, көкірегін кере айтты. Аққудың сұңғағындай мойынын сәл игендей болды. Бірақ иіліп, жайылып кетпеді. Алуын кекілікті алғанымен, оны не істерін білмеді. Ал оның есебіне Күлтан шұбыртып жіберді:

— Рахмет, қанжығаңыз қанды болсын! Барлық жерде осылай жолыңыз бола берсе жаман болмассыз. Жолыңыздың болғаны емес пе, үнемі сізге қыз кездеседі. Маған бер, Малике,— деп сым cayсақ шымшып қана ұстап тұрған кекілікті жұлып алды.

Ораз «жақсылыққа болса жарар» деп қала жаздап үндемей, үшінші кекілікті алып бодыратып жүнін жұла бастады. Ол кішкентай құстың жүнін әбсәтте жұлып жерге қойып, шөпшек теріп, қайта оралғанда, жаңағы дәптер де жатқан жерінде жоқ еді. Ол үш тасты қалап ошақ жасады да, жалма-жан оған салған қу бұтақтарды шөпшекпен тұтатып, жақты. Үсті тегіс, ортасы ойықтау тасты жуып, үстіне бір уыс су құйып, оған қара тікен тұзды езді. Сонан соң оған мамығы жұлынған кекілікті бір-екі аунатып қақтады. Тастағы тұзды суды кекіліктің етіне тағы шашып қайта қақтады. Тұзды су бірнеше рет шашылып, бірнеше рет қайта қақталды. Сәлден соң ол қауаптанып пісіп, әзір болды. Ораз газетті төсеп, кекілікті қолын қол, бұтын бұт етіп мүшелеп бөліп қыздардың алдына қойды. Мәлике сымға тартқан күмістей саусақтарының ұшымен бір түйір етті алып, ауыз тиді де қайтып қолын созбады. Күлтан Ораздың ескі танысынша кекілікті бірге жесіп, сүйегін мұжып тастады. Құйқалақтан қаймақ ерінмен, екі езудің күлді-күйелеш болғанына да қараған жоқ. Жұдырықтай ет тез көмекейден етіп болысымен екі қыз жөндеріне кетті. Ораз дәптерді әдейі жоқтамады.

...Ораз утас өртеп әк жасап жатқан жердегі үйіне жеткенде мұны нағашысы Иманалы мен Сара Малышева асыға күтіп тұр еді.

— Сен аттылы екі қызды кердің бе?— деп сұрады Иманалы Ораздан.

— Иә, оларға мен кекіліктің етін қақтап, қауап жасап бердім.

— Ендеше,— деді Иманалы,— оның бірі Сәт болыстың, екіншісі белгілі жандайшап Бейсенбай Шалбаржановтың қызы. Мына Сараның айтуына қарағанда, кеше Поротиков Андрейдің үйіне келіп қонған да, осыларды әдейі сені бақылауға жіберген...

Ораз сол күні кештетіп гимназияға жеткен де қатты ұйықтап қалған. Таңертең Поротиков шақырады дегенде саса қойған жоқ. Өйткені оның жауабы әзір еді...




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Балғабек Қыдырбекұлы Барыс атқан күні туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Балғабек Қыдырбекұлы Барыс атқан күні на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Балғабек Қыдырбекұлы Барыс атқан күні туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Балғабек Қыдырбекұлы Барыс атқан күні на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга ар, Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Барыс атқан күні ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер