Құқық | Еңбек құқығы

Еңбек құқығы – құқықтың азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы.
Еңбек құқығының негізгі бастауы 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады. Еңбек құқығы нормалары, сондай-ақ, басқа да нормативтік актілерде мазмұндалаған: Ұжымның шарттар туралы, Еңбекті қорғау туралы, Кәсіптік одақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңдары. Олар «Еңбек туралы» Заңға қайшы келмеуі себепті қолданылады.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң 109 баптан тұрады, олар жалпы ережелерге, жеке еңбек шартына, ұжымдық шартқа, қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттеуге, жұмыс уақытына, демалыс уақытына, жалақы және еңбекті нормалауға, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеуге, және еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігіне, қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шараларына, еңбек дауларына және «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңның сақталуына бақылау жасауға арналған 12 бөлімге топтастырылған.
Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерді болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес.
«Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң еңбек қатынастарының ең төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен немесе ұжымдық шартта жақсы жаққа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа нормативтік құқықтық актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайлары «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңда белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес.
Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері, егер олар тзаңдылықтарға қайшы келмейтін болса, тараптардың орындалуы үшін міндетті болып табылады. Ұжымдық шарт – жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Еңбек құқығы жеке еңбек шарты

Біздің Ата заңымызда немесе Қазақстан Республикасының конституциясында 24-бапта, 1-тарауда былай деп айтылған: «Әркімнің еңбек ету бостандығын, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.»
Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұны мен ерекшеліктерімен басқалардан өзгеше келетін белгілі бір тобын реттейді. Еңбек құқығының пәнін ашу ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет.
Кейінгі кезеңде Республикамыздың қалыптасып келе жатқан еңбекті ұйымдастырудың нарықтық нысандарының дамуы мемелекет меншігінде болған кәсіпорын, мекеме, ұйымдары жекешелендіруді, жеке меншіктің дамуына әкеледі. Мұның барлығы еңбек қатынастарын реттеуде жаңаша көзқарасты талап етеді. Сондықтан, еңбек құқығы еңбек ету үрдісінің технологиясын реттемейді, еңбекті ұйымдастыру мен қолдану жөніндегі әлеуметтік байланыстарды реттейді, яғни еңбек құқығының пәні – еңбек емес, еңбектің әлеуметтік құрылымы, немесе адамдардың еңбек ету барысындағы қатынастары болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқығының пәні-еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемелекеттік және жеке ұйымдарды азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасқан жеке дара да, сондай-ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды.
Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттарының қатарына жатады. Оның қоғамдық ролі, еңбек ету бостандығын, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығын, еңбекті ұйымдастыру мен қолдануда негізге алынатын құқықтар мен бостандықтарды жариялайтын Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады.
Еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес оның өзгеруіне де, жойылуына да себепкер болуында.
Жеке еңбек шарты тақырыбының ішінде барлық құрама тақырыптары қарастырылған. Қолданылған барлық заңдар, Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы (осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейді.) ресми басылымнан алынған. Бұл заңда жеке еңбек шарты туралы 2-тарауда, 9-31 баптарда қарастырылған.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Еңбек қауіпсіздігінің құқық негіздері

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау са¬ла¬сындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік ор¬гандар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар.
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтуға тиіс.
2. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер Қа¬зақстан Республикасының аумағында өз қыз¬метін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Еңбек келісімі

Келісімшарт – тараптар арасында қандайда бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. Мысалы: Сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.
Қатысатын адамдар санына қарай келісім шарттар екі жақты немесе көп жақты болыды.
Келісім шарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты - жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы: Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жеке меншігі, ТИБ – те тіркелген нөмірі, ТИБ – тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дауталаста, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі ноториалдық кеңседе сақталынады. Қалған даналары катысушы тараптарға беріледі.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәтіннің мазмұны толық көрсетіледі екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың құрамы бөліктері: Құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір – бірден екі түп нұсқа жасалады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Ежелгі Үндістан мемлекеті және құқығы

ХХ ғ. ресми есеп бойынша Үндістанда 220 тіл бар екен. Үндістанның негізгі халқы аласа бойлы, қара түсті (дравидтар» деген тайпалар. Олар Үндістанның орта және оңтүстік жағынан орналасқан. Тарихшылар дравидтерден де бұрын тұрған тайпалар «мунда» деп санайды. Бұл тайпалар орталық провинцияларда, Гималай және – Нагпур деген жерде тұрған. Олар Үндістанның орта және оңтүстік жағына орналасқан.
Б.д.д. екінші мың жылдықта дравидтерді Гиндукуш және Тамир тауларынан түскен ақ тайпалар басып алып, олар Пенджаб және Ганг өзендерінің жоғарғы бассейніне орналасты. Осы тайпаларды арийлер деп атайды, арийлер дегеніміз – ақсүйек, жақсы тұқым деп аударылады. Дравидтерді олар «дасью» деп атаған.
Осы аймақтағы тайпалар ғасырлар бойы өмір сүріп, көбінесе сал бағумен айналысты. Арийлер егін шаруашылығын, олардың күріш, күнжұт және арпа отырғызғаны белігіл, мақтадан мата тоқу, ыдыс – аяқ жасау, қола мен темірден қару соғу кәсіптерінің дамығаны анық.
Ежелгі Үндістанның мемлекеті және құқық тарихын кезеңдерге бөлуі. 1) Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, құл иленушілік құрылыстың, құл иленушілік мемлекеттің пайда болу кезеңі; 2) Ганга және Үнді жазықтығындағы құл иеленушілік мемлекеттер; 3) Маурьялардың орталықтанған мемлекеті; 4) Үнді мемлекетіндегі дағдарыс және феодалдық.
Бірінші кезең шамамен екінші мыңжылдықтың екінші жартысына жатады. Үндістанға басып кірген арийлерде бұл уақытқа әлі патриархат сатысындағы рулық құрылыс қалыптасты. Бұл құрылыстың негізгі ұйымдары «рулық одақ» қана болды. Латын тілде «ру» бұл сөзден славяндардың «әйел» деген сөзінен шыққан ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық деп танылады.
Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмай болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызға жүруге тағы с.с.), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұсқау келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды белгілері:
а) құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.
б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, біріақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойланған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Әкімшілік құқықтың негіздері

Қазіргі кезеңдегі ғылымда ″Әкімшілік – құқық″ терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалға алатын болсақ: оқулық әдебиеттерде әкімшілік-құқық – тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылса, ал жалпы түрде әкімшілік-құқықты – басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Энциклопедиялық сөздікте ″Әкімшілік – құқық″ деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала ретінде қарастырылған. Яғни, Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық дегеніміз – басқару саласында қоғамдық қарым – қатынастарды реттейтін әкімшілік – құқықтық нормаларын жиынтығы. Ал басқару саласы дегеніміз – атқарушы билікті жүзеге асыратын орган.
Әкімшілік-құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда болады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда әкімшілік – құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік – құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған ″Әкімшілік – құқық бұзушылық″ кодексі және басқа да құқықтық – нормативтік келісімдер жасайды.
Жалпы алғанда әкімшілік-құқық дегеніміз – мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы – жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығын айтамыз.
Яғни, әкімшілік – құқық саласына толығырақ тоқталатын болсақ, онда мыналарды қарастырамыз:
1. Әкімшілік – құқықтың жалпы ұғымын (яғни, рөлі мен маңызы, пәні мен атқарушы билігі, нормаларының түрлері мен қайнар көздерін).
2. Әкімшілік – құқықтың қатынастары (ұғымы мен ерекшеліктері және түрлері). ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу

Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр түрлі. Бір елде – әдет-ғұрып, екінші елде – мораль, үшінші елде – құқық басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастырудың негізгі себептері: 1) экологиялық қауіпсіздікті қалыптастыру; 2) адамдардың өмірін қамтамасыз ету; 3) ядролық соғысты болдырмау; 4) әлемдік кеңістіктің барлық саласындағы қатынастарды біріктіріп ғаламдық жүйеге айналдыру.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Алаяқтық құрамының негізгі белгілері

Қылмыстың объектісі мен затын дұрыс анықтау – кінәлі әрекеттерінің орындалуы үшін, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау және жасалғанның дұрыс саралануы үшін қажет.
Қылмыстық құқық теориясында, объект ретінде әдетте қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы түсініледі.
Алаяқтықтың объектісі ретінде, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, меншік қатынастары болады.
Әдебиетте меншік 3 нысанда қарастырылады: меншік – экономикалық категория ретінде, меншік – құқықтық категория ретінде және меншік – меншік құқығы ретінде.
Экономикалық әдебиеттерде қабылданған көзқарас бойынша, меншікке материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді. Демек, бұл қылмыстың тектік объектісі, құқық нормаларының жүйесімен реттеліп бекітілген, жеке тұтынуға арналған материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау бойынша қоғамдық қатынастар. Міне, осындай меншік қатынастарына қол сұға отырып, кінәлі оларға кіретін қоғамдық қатынастарының әр тобына залал келтіреді.
Өмірлік күнделікті жағдайларда қылмыс объектісін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, азамат мемлекеттік ұйымға мүлікті сақтауға берген кезде, мүлік азаматтың жеке меншігінде қалады. Дегенмен де, осы мүлік талан-тараждалса, бұл мемлекеттік меншікке қол сұғушылық деп саралану керек. Себебі, ұйым оған сақтауға берген мүлік үшін материалық жауапкершілікті көтереді.
Қылмыс объектісін зерттей келе, біз, тікелей объект түсінігіне тап боламыз. Бұл түсінік бойынша ортақ пікір жоқ. Мысалы, В.А.Владимиров ойынша тікелей объект бір уақытта объект болады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Азаматтың құқықтық субъектілері

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. ....
Рефераттар
Толық