ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
—анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.....
Рефераттар
Толық

СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары

Ғасыр дерті аталған дерт төңірегінде қалыптасып отырған тауқымет әр жерде әр түрлі. Бұл ретте Теміртау мен Павлодар өңірлері көш басында тұрса, Астана да қауіпті дертке ауыздықтала бастапты. 1997 мен 2005 жылдардың арасында Астанада 55 адамның ВИЧ індетін жұқтырғаны анықталған.

– Алматыда ВИЧ індетін жұқтырғандардың динамикасында қандай өзгерістер бар?
– Алматыда СПИД дертіне ауыздықталғандардың қалғандардың динамикалық өсімі 2000-2001 жылдары ерекше байқалды. Ал 2002-2003 жылдары жағдай тұрақтала бастағандай сыңай байқалды. ВИЧ-тің ең жоғарғы сатысы – СПИД-ті жұқтырған 7 адам о дүниелік болып кетті. 2003 жылы ВИЧ індетін жұқтырған 183 науқас тіркелсе, 2004 жылы олардың қатары 196-ға жетті. Соңғы екі жылда ғана ВИЧ індетін жұқтырған әйелдерден туған баланың саны – 10, олардың 5-уі туыла салысымен профилактикалық ем қабылдап, індетті жұқтырудың ықтималдылық мүмкіндігін 10 пайызға төмендетсе, қалған 4-уі дәрігерлердің бақылауында тұр, ал 10-шы бала өзбекстандық анасымен бірге еліне қайтарылды.
Ал жалпы есепте, Алматы қаласында 668 диагнозы дәлелденген науқас ресми түрде тіркелген. Науқастың таралу көзі бұрынғыдай – нашақорлар, жезөкшелер және кездейсоқ жандармен сақтанбай жыныстық қатынас жасаған жеңіл жүрісті жандар. Ал олардың өз еркімен орталыққа келіп, «мені тексер» демейтіні белгілі. Науқасқа шалдыққаны кездейсоқ тексерілген кезінде ғана анықталады. Демек, біздің есебіміздегі 668-ден әлденеше есе көп, 4-5-мыңның шамасында болуы да мүмкін.
Ертеректе індетті тасымалдаушылардың 50 пайызы сырттан келгендер болса, ол қазір 20 пайызға кеміді, қазір дертті жұқтырушылардың 80 пайызы алматылықтар, бұл дегеніңіз ғасыр дерті «алматылық» бола бастады деген сөз. Көңілге медеу тұтатынымыз, індетке шалдыққандардың арасында жасөспірімдер жоқ.
– Індетті ауыздықтау мақсатында қандай шаралар қолданып жатырсыздар?
– ВИЧ індетін тасымалдаушылардың 80 пайызы ортақ шприцті қолданатын нашақорлар. Оларға көмек көрсету мақсатында 10 жерден жедел жәрдем кабинеттерін аштық, олардың 3-уі көшпелі. Онда нашақорларға бір ретті шприцтер беріледі, бұған қоса індеттің зардабы туралы әдебиеттермен танысады.
Қуыс-қуыстарда, үй аулаларында қан дағы бар уколдардың шашылып жататыны ешкімге таңсық емес. Біраз ата-аналар ойын балаларының сол уколдарды қызық көріп, ауыздарына салатыны, тіпті денелерін түйреп көруге әрекеттенетіндері жөнінде шағымданып жатады. Түрлі қайырымдылық орталықтарынан тартылған (волонтерлер) еріктілер нашақорлармен әңгіме жүргізу барысында, қолданылған шприцтердің қайтарылуына да баса көңіл бөледі.
– Медицина терапиясы ВИЧ індетін жұқтырғандардың өмірін қанша жылға ұзарта алады, соңғы жаңалықтары не дейді?
– Әлемдік медицина қауымдастығында СПИД созылмалы дерт ретінде ғана қаралады. Дәрі-дәрмектердің СПИД вирустарына қарсы тұра алатын құрамы олардың мөлшерін қысқартып, адам өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Қазір ВИЧ індетін жұқтырғандардың жағдайы үнемі инсулинмен жүретін қант диберіне шалдыққан науқастардікімен бірдей.
Қазір әлемдік қауымдастық «үшке-бес» деген ұсыныс төңірегінде көбірек айтып жүр. Таратып айтар болсақ, 2005 жылы 3 миллион адамның өмірін арашалау. Ал Қазақстан жағдайында 250 адамға медициналық жәрдем көрсетіледі. ДСҰ ұйымынан да, әлемдік қауымдастық қорынан да 2008 жылға дейін жететін жеткілікті қаржы бөлінді.
Құрамына ВИЧ вирустарын алатын дәрілер Үндістанға жеткізіледі. Індетке байланысты үнді терапиясының ерекшелігі, ем қабылдаушы науқастан аса дәлдікті қажет етеді. Егер грамынан қателессе – соған дейін қабылданған дәрілердің дәрулік қасиеті жойылады. ....
Рефераттар
Толық

Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары

Отбасы – ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен органикалық байланыста болады.
Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.
Отбасы – белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілермен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы – некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік , өзара сыйластық, т.б. жатады.
Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Оладың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырды. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін өз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы – отбасы әлеуметтануы қалыптасты. ....
Рефераттар
Толық

Отбасы тәрбиесін жетілдіруде оның мектеппен ынтымақтастығын жетілдіру жолдарын көрсетіңіз

Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса, қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын алады.
1. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу.
4. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Отбасы тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, Э.Берн және т.б.), психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары, жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова, И.С. Кон, В.В. Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың, Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды.
Отбасы құндылығы және сапалары эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық деңгейде ерекшеліктері көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар жүргізу жолдары жүйелі түрде талданған. ....
Рефераттар
Толық

Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы негізгі жолдары

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық

Оқушының ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.
Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.
Қазақ мәдениеті -ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс –тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы –халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мәселесі- адамзат тарихынан өнбойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: " Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылыдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарыда қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз ....
Рефераттар
Толық

Банк ісі | Қолма қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Төлем карточкалары - пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік карточка – карточкалық шот иесіне банкоматтан қолма-қол ақша алуға және карточкамен қызмет көрсететін сауда үйлерінде, мейрамханаларда және т.б. орындарда сатып алынған тауары мен қызметтері үшін есеп айрысуға мүмкіндік беретін төлем құралы.
Банктік карточканың мынадай өзіне тән реквизиттары бар:
- логотипі, яғни карточканың қай төлем жүесіне тиісі екендігі, мысалы: “Master Card”, “Vіsa” және т.с.с.;
- карточканың номері (ол 16 саннан тұрады);
- карточка иесінің аты-жөні;
- карточканың эмитентінің атауы;
- карточканың қызмет ету мерзімі;
- карточка иесінің қол қою үлгісі.
Қазіргі кезде көптеген эквайер банктеріміз ірі сауда үйлерімен өзара жасаған келісім-шарт негізінде төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған сауда үлерінде сауда жасағанда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.
Ол үшін сауда үйінде ПОС терминал орнатылады. Мұндағы Pos- терминал дегеніміз сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым. құрылғылары орнатылады.
Кредиттік карточка - оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісім шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Кредиттік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:
1) локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалары;
2) халықаралық, яғни әлемдің банктік тәжірибеде еркін қолданылатын төлем карточкалары.
Тәуелсіз алған жылдары Қазақстанда алғаш рет 1992 жылы Әлем банк кредитік карточкаларын шығарды. Кейіннен Халық банктің Алтын карточкалары айналысқа шықты. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қасым Аманжолов

Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды.
Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды.
Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.
Өмірбаяны. Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл – сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік зерттеу және оны ұйымдастыру жолдары

Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.
Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді.Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды.Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты білуі шарт.Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық позицияға шығады,Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. ....
Рефераттар
Толық