Биология | Бентосжегіш балықтардың қоректенуі

Кәсіптік балықтардың өнімділігін арттыру үшін олардың қоректік компонеттерін зерттеу қажет. Қоректік базасына байлансты менің тақырыбым «Бентосжегіш балықтардың қоректенуі».
Балықтардың қорегін зерттеу олардың қоректік компоненттерінің сапалық және сандық көрсеткіштерін, рационын, қоректік базасын анықтайды.
Бұл бітіру жұмысында сазан балығының қоректік компоненттері көрсетілген. Сазан балығының қоректенуі туралы оны өңдеу әдістері, материалды қалай жинау туралы және су қоймада қандай қорекпен қоректенетіні туралы жазылған.
Сазан балықтары әр өсу сатысында әртүрлі қорекпен қоректенеді, шабақ- личинка сатысында көбінесе планктонмен қоректенеді, себебі бентостық организмдер планктонға қарағанда ірі және су түбінде болады. Ал ересек сатысында қоректік спектрі ауысады. Планктонды және бентосты балықтардың қоректік спектрінде белгілі мөлшерде өсімдіктер кездеседі, жыныстық жетілген және жыныстық жетілмеген бір түрдың балықтарында қоректік компоненттер әртүрлі және айырмашылығы болады. Қоректену типіне байланысты балықтардың ішек-қарнында айырмашылығы болады. (мысалы өсімдік жегіш балықтардың ішек- қарны өзінің денесінен әлде қайда ұзын болады). ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Балдырларды жеке және аралас өсіру барысында өсу динамикасы

Балдырлар - жер жүзіне кең тараған төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы.
Балдырлардың түрлері тұнган су қоймасымен, су ағындарымда кездеседі. Судың, мөлдірлігінің артуынан, олардың саны және су қоймаларын биологиялық жолмен өзін-өзі тазарту қызметін арттыра түседі.
Қазіргі кезде алдыңғы қатардағы әртүрлі әдістердің көмегімен балдырлардың жаңа түрлері айқындала бастаған.
Қоршаған ортаның өзгерісіне шыдамдылығы сонша, кейбір түрлері 65-85 градусқа дейінгі тіршілікке бейімділігін сақтайды. Төменгі температурада, яғни қарлы тау жартастарында кездесетін балдырлар әлемі бар. Балдырлар жылдар бойы әртүрлі климаттық жағдайларға ұшырап, оларға төтеп береді.
Көк-жасыл балдырлар гетеротрофты органдармен бірге ластанған су мен ағын суларды тазалауда белсенді қызмет атқарады. Осыған байланысты су қоймаларында балдырлардың көптеген түрлерін кездестіруге болады.
Көк-жасыл балдырлардың ортаға бөлген сұйықтық құрамының қасиеті, яғни оның өсуді жеделдету белсенділігінің болуы өте маңызды.
Әдебиетерде балдырлардың кейбір түрлерінің физиологиясы жөнінде айтарлықтай мәліметтер бар, бірақ біздің Қазақстанның су қоймаларында тіршілік ететін балдырлар жан-жақты (олардың физиологиясы, генетикасы,биохимиясы) зерттелмеген. Әсіресе көк-жасыл балдырлардың өздері өсетін ортаға бөлетін қосылыстардың құрамы, қасиеті, олардың өсу процестерін реттеуге маңызды, үлкен көңіл бөлетін мәселе.
Балдырлар өзі өсетін ортаға әртүрлі экзометаболиттер бөліп шығарады. Қазіргі кезде оларды ортадан бөліп алып тазартып әртүрлі салаларда: ауылшаруашылығында, медицинада қолдану көзделіп отыр.
Жұмыстың мақсаты - балдырларды жеке және аралас өсіру барысында өсу динамикасын және балдырлар зкзометаболиттерінің әртүрлі өсімдік объектілеріне әсерін, сондай-ақ зкзометаболиттердің антимутогендік белсенділік қабілетін бақылау.

Осыған байланысты ұсынылып отырған жұмысқа, мынадай талаптар қойылды:
1. Балдырларды жеке және аралас өсіру негізінде өсу динамикасын бақылау;
2. Тіршілікке бейімділік деңгейін зерттеу;
3. Балдырлардың биологиялық активтілігін бидайдың колеоптиліне және балдырлардың индикаторлық штамдарына сынап көру;
4. Балдырлардың экзометаболиттерінің антимутагендік тиетілігін анықт....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Ашытқы клеткаларының карбонизделген сары өрік қабығына бекінуін зерттеу

Экологиялық проблемаларды шешуде қазіргі микробиология және биотехнология жетістіктерінің маңызы зор. Экологиялық проблемалардың бірі - ластанған суларды тазалау. Ластанған суды тазалау дүниежүзілік проблемалардың бірі болып отыр. Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, табиғаттағы болып жатқан процестерге де микроорганизмдер қатысады. Осыған байланысты біз ластанған су қоймаларын тазалауда иммобилизденген микроб клеткаларын пайдаланудың тиімді жолын және маңызын қарастырамыз. Бұл микробиологиялық жолмен тазалау әдісіне жатады.
Микроорганизмдер де су қоймалардың табиғи тазалануына қатысады. Микроорганизмдер табиғатта кең таралған. Микроорганизмдер әрекеті нәтижесінде су құрамындағы белгілі бір мөлшерден тыс көбейген заттарды тазалауға болады екен. Микроорганизмдер өздерінің тіршілігі барысында су құрамындағы заттармен қоректенеді. Ластанған су құрамында органикалық және неорганикалық заттардың шектен тыс көп мөлшерде жиналуы судың табиғи қасиетін өзгертеді. Су құрамы мұнай, ауыр металдар, ауыр металл иондары, тау-кен өндірістерінің қалдық суларымен және химиялық заттармен ластанады. Осындай заттармен ластанған суды тазалау үшін осы заттарға тәуелді микроорганизм клеткаларын иммобилиздеп пайдаланудың тиімділігі жоғары. Иммобилиздеуде әртүрлі дәрежедегі микроорганизм клеткаларын пайдалануға болады. Тірі активті клеткаларды немесе жартылай жарақаттанған клеткаларды иммобилиздеу үшін пайдалануға болады. Себебі иммобилизденген клеткалардың тіршілік ету барысында төзімдірек болатыны анықталған. Клеткаларды иммобилиздеудің бірқатар артықшылықтары бар:
• күрделі көпсатылы процестерді жүзеге асыру мүмкіншілігі;
• микроорганизмдердің сыртқы ортаның кері факторларына (температура, қышқылдық, электролиттердің және токсинді заттардың концентрациясы,т.б.) төзімділігі;
• жергілікті микрофлорамен ығыстырылуын алдын алу....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Ауыр металл тұзы cdcl2 нің жұмсақ бидай сорттарына әсерін зерттеу

Дәнді дақылдардың өнімділігін көтеру қазіргі егін шаруашылығының өзекті мәселесі. Жергілікті жердің сорт түрлері, ауыл-шаруашылығына қажетті құнды белгілері бойынша селекция үшін сұрыпталып отырылады. Әрбір шығарылған сорттың ауруға және сыртқы орта факторларына төзімді, сапасы жағынан күшті болуымен қатар өнімділігі жоғары болуы қажет. Осы сыртқы факторлар ішінде ауыр металдар тұзының өсімдікке және қоршаған ортаға әсерін зерттеу экология саласындағы актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, қазіргі кездегі ғалымдардың алдындағы күрделі мәселелердің бірі ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдар белоктардың белсенділігін төмендетіп, металдық кофакторларды араластырып, активті бөліктерді блоктап және аллостериялық өзгергіштіктерді туғызуы мүмкін /1/. Сонымен қатар, олар мутагенезді және ісік клеткаларын немесе макроскопиялық өзгергіштіктерді түзуге бейім болады. Ең улы және қоршаған ортаға кеңінен таралған ауыр металдардың бірі кадмий болып есептеледі. Бұл элемент тірі ағзаларға қауіптілігі жағынан бірінші топқа жатқызылады \2\ . Кадмий адам және жануарлар ағзасына жиналуға қабілетті және жүрек қан тамыры әрекетіне себепші сонымен қатар, биосинтез процесін төмендетеді. Ауыр металл тұзы – жекелей алғанда CdCl2 фотосинтез және өсімдіктердің тыныс алуы кезінде метоллотианин кофакторына әсерін тигізіп, клеткада бұзылыстар тудыратыны анықталды. Ол бұзылыстар кейбір ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, пайдалы бұзылыстар болуы да мүмкін \3\.
Мелничук Ю.П. (1979) қызметтестерімен бірге ауыл шаруашылық өсімдіктерін алғашқы өсу кезінде кадмийдің төменгі концентрациясымен өңдеп, өсімдіктің өсіп, даму процесін жылдамдататындығын және тамырдың меристемалық клеткасының митоздық бөлінуінің G1 – кезеңінде белок биосинтезі мен РНҚ синтезін жоғарлататындығын дәлелдеді \4\.
Дәннің өсуі кезінде кадмийдің активтелген әсері фитохромның регуляциясы мен байланысты. Сондықтан, кадмий өсімдіктердің митоз кезеңіне әсерін тигізеді, яғни цитокинездің бұзылуына әкеледі де, өсуді тежейді немесе мүлдем тоқтатады \5\.
Кадмийдің әсерін басқа ауыр металдармен салыстырғанда, өсімдік тіршілігіне қажеттілігі және оның топырақтан өсімдікке тасымалдануы, ұлпалардағы локализациясы әлі толық дәлелденбеген \6\. Сондықтан, біздің зерттеуімізде бұл химиялық қосылыстың (CdCl2) жұмсақ бидай сорттарына әсері зерттелді және осы химиялық қосылыстың әсерінен болған сандық және сапалық өзгергіштіктерге талдау жасалынды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Атеросклероз кезіндегі оксидативті стрестің көрсеткіштері

Қазіргі уақытта атеросклероз және қан тамырларымен байланысты аурулардың көбеюіне байланысты бұл аурулардың этиологиясын жан жақты зерттеу медицинаның басты проблемаларына айналған. Атеросклероздың дамуына септігін тигізетін көптеген факторлар бар. Олар: темекі тарту, семіздік, аз қозғалудан, тамақта шектен тыс холестириннің болуынан , липидтің алмасуының бұзылуы. Соңғы жылдарда атеросклероздың этиологиясы мен патогенезінде липидтердің асқын тотығу жүйесінің маңызды роль атқаратынын дәлелдеу жолында көптеген зерттеу жұмыстар жасалынды. Липидтердің алмасуының бұзылуын пайда болатын стресті оксидативті стресс деп те атайды. Оксидативті стресс организмде липидтердің асқын тотығының активтілігінен пайда болады. Бұл процесс нәтижесінде организмде бос радикалдар шектен тыс түзіледі де, олар белок пен нуклеин қышқылдарын синтезін тежейді, гликолиз бен фосфорлы тотығуды және кейбір активті ферменттерді тежеп тастайды. Липидтердің асқын тотығының жылдамдығының жоғары болуы антиоксидантты қорғаныс жүйесін тежейді. Өз кезегінде антиоксиданттар бос радикалдардың артық мөлшерін жояды. Осы мәліметтерді пайдаланып атеросклероздың комплексті терапиясында антиоксиданттарды қолдануымызға болады. Антиоксиданттарды қолдану арқылы біз липидтердің асқын тотығының өнімдерінің мөлшерін азайтуға болатындығын және антиоксидантты қорғаныс ферменттерінің белсенділігін жоғарлатуға болатындығын көптеген зерттеулер көрсетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Амур жалған теңге балығының морфобиологиясы

Қазақстанға балықтарды жерсіндіру тарихы бойынша үш кезеңге бөліп қарастырылады.
Республикамыздың суқоймаларына балықтардың алғашқы жерсіндірілуі революциялық кезеңге дейінгі уақытта болған. Ол 1885 – 1890 жылдары Алматы қаласының тоғандарына бірнеше дана сазан балықтарын жіберуден басталған.
Екінші кезең 1848 – 1956 жылдары аралығында әр түрлі суқоймаларға балықтардың 18 түрі, сонымен қатар бірінші кезеңнен екі есе көп отырғызылған. Арал бассейініне балықтардың 13 түрі енгізілген. Осы уақыт аралығында Арал теңізіне шоқыр балықты жерсіндіру жұмыстары оралдың дельта бөлімінен алынды.
Үшінші кезең 1950 жылдардан басталды. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке және өсімдікжемді балықтарды жерсіндіру жүзеге асырылды. Осы уақытта Қазақстанда әдейі ұйымдастырылған топтың қатысуымен Кәсіптік жерсіндіру станциясына әкеліп отырғызды. Қазақстанның тоған шаруашылықтарына және Орталық Азия суқоймаларына – Қытай елінің суларынан және Амур бассейіндерінен әкеліп ақ амур және ақ дөңмаңдай балықтарын жерсіндіргенде кездейсоқ әкелінген тағы басқа бірнеше түр балықтары болды. Солардың ішінде амур жалған теңге – балық кездескен.
Амур жалған теңге – балық Abbottina rivularis (бұрынғы атауы Pseudogobio rivularis) кең тараған түр. Олар Жапония, Қытай және Амур өзенінің төменгі бассейінде мекендейді [1].
Қазақстанда бір ғана түрі кездеседі. Ол Abbottina rivularis. 1956 – 1958 жылдары өсімдікжемді балықтарды Қытайдан жерсіндіру кезінде Қазақстан мен Орта Азия тоған шаруашылығына кездейсоқ әкелінген [2-5].
Амур жалған теңге балығы 1968 жылы табылған. Түр – жылу сүйгіш. Маусым – шілде айларында өрістейді [1,6,7].
Бұл ұсақ балықтар ихтиофаунаның әртүрлілігін толықтырып тұрады.
Өндірістік маңызы жоқ, бірақ Амур өзеніндегі өндірістік маңызы бар балықтардың қорегі ретінде маңызы бар. Қорек ретінде бағалы бентофагпен бірге конкуренциялық қатынаста болады.
Мақсаты: Амур жалған теңге – балықты оқып зерттеу, көптеген ғылыми кітаптар арқылы терең танысу, зерттеу методикасын үйрену, құралдармен жұмыс істеп үйрену.
Міндеті: Балқаш бассейндігі әр түрлі суларында мекендейтін амур жалған теңге – балықтың экологиялық өзгерістерін морфоанализ арқылы зерттеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Алма гермоплазмасының криогенді коллекциясын жасау

Жемісті культураларды генетикалық жақсартудың негізгі шарттарының бірі – шаруашылыққа құнды белгілерге ие өсімдіктердің жабайы формалары мен мәдени түрлерінің генофондын сақтау болып табылады. Қазіргі кезде өсімдіктердің генетикалық материалын сақтаудың бірнеше тәсілі бар. Бәрінен бұрын, бұл далалық гендер банкі мен помологиялық коллекциялар.
Әлемдік практикада генетикалық материалды сақтаудың дәстүрлі формаларын толықтыру ретінде баяу жүретін метаболизмді қамтамасыз ететін, гермоплазма үлгілерін in vitro криоконсервациялаудың биоинженерлі әдістері кең қолданылады.
Криоконсервацияның артықшылықтары: егу аудандарын үнемдеу, вирустар мен патогенді микроорганизмдерден таза өсімдік алу, көбею коэффициентін мың есе арттыру, сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан өсімдіктердің сорттары мен формаларының генофондын ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі [1].
Криосақтау – бұл өсімдік ұлпаларын, мүшелерін және клеткаларын терең мұздату және өте төмен температурада сақтау әдісі (-1960C). Бұл обьектілердің генетикалық сипаттамаларын кез келген мерзімде сақталуына мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы әр түрлі материалдарды, бөліп алынған протопласттардан бастап ұрық пен тұқымдарға дейін сақтауға болады [2].
Жұмыстың мақсаты алманың селекциялық құнды сорттары мен формаларының криогенді коллекциясын жасау және алма гермоплазмасын сұйық азотта сақтау ұзақтығының әсерін анықтау болып табылады.
Міндеттері:
- пробиркалық өсімдіктердің апикальды меристемаларын бөліп алу және культивирлеудің әдістемелерін жетілдіру;
- алма меристемаларын криосақтау әдісінің оптимизациясы;
- алма гермоплазмасының коллекциясын жасау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Азот тотығының бидай алейрон клеткаларының программаланған өліміне әсері

Бидай дәнінің өнуі барысында оның алейрон қабаты бірқатар гидролитикалық ферменттерді (соның ішінде α-амилазаны ) синтездеп, оларды секрециялайды. Бұл гидролазалардың синтезінің индукциясы ұлпада гиббереллин қышқылының (ГҚ) болуына тәуелді. Гиббереллинге – тәуелді гидролазалардың синтезі осы фитогормонның табиғи антагонисті болып табылатын – абсциз қышқылымен (АБҚ) тежеледі [1].
Дәннің алейрон қабатындағы клеткалар онтогенездің келесі кезеңдерінде элиминацияға ұшырайды. Алейрон қабатындағы клеткаларының осы өлімі программаланған сипатта жүреді, яғни генетикалық жағынан детерминацияланған деген болжам бар (апоптоз) [2;3].
Алғашқы жұмыстарымызда біздер бидай дәнінің алейрон қабатындағы және эндосперіміндегі клеткалардың программаланған өлімінің (КПӨ) морфо – биохимиялық белгілері анықтап, сипаттаған болатынбыз [4;5]. Бидай дәнінің алейрон қабатындағы КПӨ-ң орындалуы барысында супероксид (О*), сутектің асқын тотығы (Н2О2) сияқты оттегінің белсенді түрлерінің (ОБТ) және антиоксидантты ферменттік жүйелердің (супероксиддисмутаза, аскорбатпероксидаза, каталаза және т.б. ) маңызды рөл атқаратындығы анықталған [6].
КПӨ-ң реттелуінде азот тотығының (NO) маңызды рөл атқаратындығы белгілі [6]. NO- газтәрізді бос радикал, клеткааралшық зат пен плазматикалық мембранадан оңай диффузияланады. Ол клеткаішілік мессенджерлік жүйенің бір бөлігі бола тұра, NO- ң жануарлар жүйесіндегі физиологиялық үрдістеріне кең көлемді әсер ету қасиетімен ерекшеленеді [7].
Қазіргі кезде әдебиеттерде жинақталған мәліметтерге қарағанда, NО сонымен қатар өсімдіктерде жүретін көптеген физиологиялық үрдістерге қатысатындығын көрсетеді: патогенге жауап реакциясы, өніп-өсу, фитогормондардың мөлшері, сонымен қатар КПӨ (апоптоз). [8]. Соя клеткаларының культурасында NO мен ОБТ арасындағы әрекеттесу нәтижесінде КПӨ-нің орындалатыны белгілі болды. NO жеке өзі клеткалардың өлімін индукциялай алмайды, сонда КПӨ-нің жүзеге асуы NO: супероксид қатынасы арқылы детерминацияланатыны көрсетілген.
Осы мәліметтердің барлығы өсімдіктер клеткасында программаланған өлімнің жүзеге асуы барысында NO ОБТ-ң клеткадағы мөлшерін реттеуде маңызды рөл атқаратындығын дәлелдейді.
Осыған орай бұл жұмыста біздер клеткаішілік оттегі радикалдарының мөлшерін реттеудегі NO рөлін зерттедік. Бидай дәнінің алейрон қабатындағы клеткалардың функционалдық белсенділігінің реттелу механизмдері қарқынды зерттеліп жатқанымен [1-3], әлі секреторлық белсенділікті бақылауда және клеткалардың өліміндегі азот тотығының рөлі толық анықталмаған, тіпті зерттелмеген деуге болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Ағын судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау

Экологиялық биотехнологияның маңызды мәселелерінің бірі судың қорын сақтау, су қоймаларының әртүрлі ластағыштармен ластануының алдын алу және ағынды суларды тазарту болып табылады. Қалалардың және өндіріс орындарының өсуі, ауылшаруашылық интенсификацияның ауқымдылығы көп мөлшерде суды қажет етеді. Жер бетіндегі күнделікті барлық судың шығымы 3300-3500 км, оның ауыл шаруашылықта- 70% пайдаланады. Химиялық, целлюлозды-қағаз, энергетикалық өндірісте, қара және түсті металлургияда және тұрмыстық қажеттіліктерде судың көп мөлшері қолданылып, ағын суға айналады. Осы сулардың көп мөлшері қолданғаннан кейін өзендерге, теңіздерге, суқоймаларға ағын су ретінде құйылады [1].
Қазақстанның барлық территориясында қазіргі таңда көптеген тұрғылықты жерлермен өндіріс орындарының ағынды сулары табиғи және жасанды су қоймаларды ластауы бірден - бір кең таралған өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен су құбыр жолдарымен және жоғары тиімді тазалау құрылғылары қолданыла отырып, биологиялық әдіспен тазалаудың маңызы жоғары [2].
Қалдық суларды тазалау құрылымдарында органикалық қосылыстарды толығымен биологиялық ыдырату микроорганимдер, балдырлар және саңырауқұлақтар көмегімен жүзеге асырылады. Бұл микробиоценоз өкілдері бір-бірімен күрделі қарым-қатынастар (метабиоз, симбиоз, антогонизм, т.с.с) арқылы біртұтас кешен түзеді. Мұнда бастапқы орынды бактериялар алады, яғни бактериялардың түрлік құрамы ағын судағы органикалық заттарға байланысты. Тазалау құрылымдарының микробиоценозында автотрофты топтарға қарағанда гетеротрофты бактериялар доминантты болады [3].
Ағынды сулардың құрамы орналасу орнына, шығу тегіне байланысты әртүрлі. Құрамындағы ластағыш органикалық заттарды деструкциялау үшін микроорганизмдер қауымдастықтары пайдаланылады. Ағын сулардың ластануы бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр [4].
Сондықтан, жұмыстың мақсаты ағынды судан бөлініп алынған гетеротрофты микроорганизмдерді идентификациялау және ағын суларды фенол, фенол қосылыстарынан тазарту мақсатында бос және иммобилизденген клеткаларын пайдалану мүмкіндігін зерттеу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | ТАН сериясы сусындарының микрофлорасына морфо биохимиялық сипаттама беру

Қазіргі таңда экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты туындайтын індеттер саны артып барады. Ондай індеттердің алдын алу үшін пробиотикалық қасиеті жоғары препараттар мен емдік әртүрлі сүт қышқыл сусындарын ойлап табуда. Солардың ішінде жоғары сұранысқа ие, аралас ашу процесінің өнімі – «ТАН» сүт қышқыл сусындары болып табылады. Олардың құрамына сүт қышқылын активті түзетін және антагонистік қасиеті жоғары сүт қышқыл таяқшалары кіреді. Сондықтан бұндай өнімдер адам микроэкологиясын жақсартып, иммунитетін көтеріп, денін сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе және асқазан ауруларының алдын алу үшін өте тиімді. Практикалық маңызды (активті қышқыл түзушілер, антагонистік қасиеті жоғарылар, антибиотик түзушілер т.б.) штамдарды бөліп алып, солардың негізінде жаңа емдік – диетикалық сусындарды алу арқылы жоғарыда аталған аурулардың алдын алуға және орташа өмір сүру уақытының көрсеткішін арттыруға болады.

Жұмыстың мақсаты: «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасына морфо-биохимиялық сипаттама беру.

Жұмыстың міндеттері:
- «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасын зерттеу.
- Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының морфолого-культуралдық және физиолого-биохимиялық қасиеттерін анықтау.
- Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының практикалық маңызды қасиеттерін анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық