Жан-жануарлар туралы жұмбақтар

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Табиғат туралы жұмбақтар

Қу талақай үйірілген,
Желден шүй кейірілген.
Құйын

Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып,
Жүреді кейде көп боп, кейде азайып.
Барлығы көпке мәлім болса - дағы,
Еш адам ұстай алмас ебін тауып.
Құйын

Жұмбағым жұтылды,
Ойға қарай құтылды.
Құйын

Өрге қарай құтылды,
Сырына келіп қосылса,
Өз - өзінен құтырды.
Құйын .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар

Жамаулары болса да білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.
Ала мал

Үлгісіз піштім,
Жіпсіз тіктім.
Ала мал

Андыру мен мәндіру,
Тігісі жоқ қондыру.
Ала мал

Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?
Желідегі биені емген құлын.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жұмбақтар жауабымен

Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ)

Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
(Қауын - қарбыз)

Темір аяқты,
Ағаш таяқты.
(Циркуль мен қарындаш)

От ішінде – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені.
(Мосы мен шәугім)

Торы тай,
Табанында төрт ай.
(Таға) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Әр түрлі жұмбақтар жауабымен

Барлығы бірдей саннан тұратын 5 тақ сандардың қосындысы 14 болса, бұл тақ сан қанша?
11+1+1+1=14

Жеті бауыр туыспыз
Атымыз өзге демесең,
Жұмған жұдырық уыспыз.
Апта күндері

Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?
Айна .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жұмбақтар қызықты жауабымен

Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?
40 кітап

Жанында жаздың шуағы
Жаңбырмен жүзін жуады.
Екі орақ пен бір таяқ,
Белін бірге буады.
Ол қай әріп болады?
Ал зердеге салайық
Болады екен қай әріп.
Ж әрпі .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ағылшынша ашық сабақ: Wonders of the world

Пән: Ағылшын тілі
Мамандық/ Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
біліктілік: Арнайы тігінші
Курс: 1 Топ :5
Сабақ тақырыбы: Wonders of the world
Күні: «16»қараша 2018ж
Өткізілетін орны: 7 информатика бөлмесі
Ашық сабақтар
Толық

География | Физикалық география сбақатрында орындалатын (6,7,8) орындалатын практикалық жұмыстар

КІРІСПЕ
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер — тарихи объективті процестер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. "ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" түсініктемеде: "Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады" делінген [1], Демек, бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ.
Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі - М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарих сабақтарында интерактивті оқыту

Кіріспе
Қазіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасырдағы коғам үрдістері бүгінгі өскелең ұрпаққа қат-қабат міндетгер қойды. Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманғы сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру. Яғни бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде интерактивті оқыту тәсілдерін кодданудың тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих сабақтарыңда қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жаткан материалдағы заман кезеңіне тереңірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді.
Тақырыптың өзектілігі:
Оқытудың ойындык формасына кіретін әдістерге – рөлдік ойындар, конкурстар, жарыстар, тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейн-ринг т.б. іс шаралар өз кезегінде окушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалык полемика», «Тесттік конкурс», «Тарихи сахналық койылымдар», т.б. Қазіргі кезеңнің мектепте тарихты оқытуға көзқарасты өзгертумен сипатталуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Тақырыптың мақсаттары:
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін және ойын элементтерін қолданудағы негізгі мақсаттар:
- отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;....
Курстық жұмыстар
Толық