Күләш Ахметова (Жасыл жағалау)

Жағалау. Жұлдыз сезім туды ойымда.
Үн қатпай маужырайды гүл, мойыл да.
Үп еткен самал соқпай, жапырақтар
Тып-тыныш ұйықтап жатыр су бойында.
Шығамын жағалауға салқын демей,
Әр түрлі әсер етер әр түндегі ой.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Шағанның жағасында)

Ертеңгі сыйды кім білген,
Бір күнін, артық бір күннен.
Көрмеген Шаған, мінекей,
Жағаңа келіп тұрмын мен.
Салыпсың өрнек нақыштап,
Адаммен адам қатыспақ.
Осылай қарай жүрерде,
Сәлем де деген Ақұштап.
Өрілді өзің дегенде ой......
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Ұзынағаштағы өстепке)

[quote]Үкімет орнаған кез табан тіреп,
Кедейлер ұйымдасып қосты тілек.
Құлақ пен бай, манаптың жер-суына
Есеп боп, еңбек етті күшті білек.
Жарлы жұрт қолда барып ортаға сап,
Артельдер жерге ұрды кетпен күрек.
Аталған өстепке деп Бірінші май,
Тап жауын танып қалды жарлы-жақыбай.......[quote]
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Жүз жасаған жүректен)

Өңкей өрім балалар,
Қолымыздан өсірген!
Ар азығын алғандар
Ананың ақ төсінен!
«Ата»ласаң еркелеп
Орын берем қасымнан.
Сендер едің сол бөбек
Оң тіземе асылған,
Айтушы едім мен ертек....
Өлеңдер
Толық

Жамбыл Жабаев (Москваға)

Москва, — жүрек тербеген,
Ойды, мыйды билеген,
Кремльдің сарайын
Бір емес талай көрген ем,
Сол сарайға сан рет,
Тәжім етіп енген ем.....
Өлеңдер
Толық