Бабыр мырзаның самарқанд қаласын алар алдындағы түсі

«Сол кезде ғажайып түс көріппін: маған әулие Қожа Убай- долла келген екен деймін. Оны қарсы аламын. Қожа үйге кіріп, төрге отырды, оның алдында дастархан жайылды, тағам мол тартылмағандықтан ба, әулие Қожа маған реніш білдіргендей сезінемін. Баба молда мен жаққа қарап, ымдап белгі берді. Мен де оған: «Бұл....

Түс жору
Толық

Дарқан елімнің патриотымын

Шіркін, дарқан менің елім-ай! Жусаны хош иіспен толған тұтас кең далам, асқар тауым, көк аспанның арасындағы жарқыраған күнім, жылқыда шапқан казақтың қара домалақ баласы, сумен ағып жатқан өзен ағысы, осының бәрі менің Алаш елім! Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елімнің Ата Заңы, көз тартпас желбіреген көк туы, елтаңбасы және әнұраны, құлаққа жағымды ұлттық аспабы, мың бұралған өнерлі билері, дауысы әншілері, қызыл тілді ақындары, үстел үсті толған тәтті әрі, дәмі кетпес тағамдары, көркем ғимараттар, қызыққа тоймас ойындары, жүрекке жылыуын ұялатқан Алланың үйі, қазағымның асыл тілі, табаны жерге тимеген тұлпар аттары, ержүрек батырлары алаш халқымыз бар.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция (Ата Заңы) қабылданды. Ата Заң дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Бізде Конституция болмаса, онда бізде осындай қонақжайлы, сыпайы, мейрімді әрі, батыл ел болмас еді.
Көз тартпас желбіреген көк туымыз және елтаңбамыз бар. Біздің туымыз өте әдемі. Мың ту ілініп тұрса да, мен өз мемлекеттік туымды бірден тауып, тамсана қарап тұрамын. Ал, елтаңбаны айтататын болсақ, маған елтаңбада бір ұнайтыны оны көріп қалсам бірден қазақ халқының өмірін елестетемін. Әнұранды патриотизм сезімімен орындау керек. Бұл патриоттық сезімді ұлғайта түседі.
Қазағымның ұлттық аспабы, әні, биі толған өнер. Өмірде ерекше орын алатын ұлттық аспабы – домбыра. Домбырамен күй тарта отырып адамдар өзінің ішкі сезімін, толғауын білдіре алады. Домбырадан да басқа аспаптар бар. Олар өте көп. Мысалы, шертер, асатаяқ, дауылпаз, жетіген, желбуаз, қылқобыз, қоңырау және т.б. аспаптары бар......
Шығармалар
Толық

Самарқан Түркістанұлын әйелі Үриланың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенде атың көкжарқын,
Айтайын, жұртым, сөз нарқын.
Суға да малтып жүргенде,
Болмаған екен бір жақын.
Мінгендей атың бозойнақ,
Боз ойнақ тұрар өзі ойнап.
Алты қырға шыққанда
Суға да ақты-ақ көзі ойнап.
Өзенді ағаш ырғалған,
Өңімнен кім бар құр қалған?
Салулы төсек, салқын үй,
Мінеки, жұртым, тұл қалған.
Биссимилла деген сөз басы,
Ойлайды әркім өз басын.
Өз басымды ойласам,
Тиылмайды-ау көз жасым.....
Өлеңдер
Толық

Шуағы тарқамасын жер үстінің

«Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс өткен екен. Өте бір жан түршігерлік сандар. 4 млрд адам қаза тапқан. 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс.110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген.
Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді сарыла халқымыз атандай 4 жыл күтті емес пе? От жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп-қатерге толы болғанынқолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су орнына қан кешіп, жаумен бетпе –бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...
Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.......
Шығармалар
Толық

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 9-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 9-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Б/С4.Әдеби сын
Сабақ мақсаты: Шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 8-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И4. Шығармашылық жұмыс
Сабақ мақсаты: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 7-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 7-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
Сабақ мақсаты: Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 6-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі 6-сабақ
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
Сабақ мақсаты: Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық