Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы адалдық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.
Адамның бойындағы ұнамды - ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Шындықпен өтірікті ажырата білу жайында ойларымен бөлісу, мейірімділік адами қасиетімен өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту - шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Көпшілігіміз бойымыздағы асыл қасиеттерді байқамай, өмірден баз кешіп жатамыз. Сынақтарды сабырмен жеңу үшін де, биіктерді бағындыру жолында тер төгу үшін - өзімізді шексіз сүюге тиістіміз.
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы – білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен оқушылардың бейімдік қабілетін анықтаудағы психологиялық құру көкейкесті мәселе болып отыр.