Ерліктің белгісіндей ару-ғұмыр

... Авторы есімде жоқ. ұмытпасам «Жас алаш» газетінен ғой деймін, «Мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна» деп аталатын мақаланы оқығам... Ресей елінің Самара облысындағы Үлкен Киннель өзенінің жанындағы тік жарқабақ пен сол жарқабақтың үстінде орнатылған солдат Анасы мен оның тоғыз перзентінің құрметіне қойылған керемет ескерткіш бар екен. Мақаланы оқыдым, ескерткішті көрдім де, қайран қалдым, қараптан-қарап көзіме жас тығылды. Өмір бойы күйеуі мен балаларының тілеушісі болып келген қайран Ана жүрегі ғұмыр бойы күткен үмітінің бір-ақ сәтте тасқа айналғанын көтере алмады ма, әлде барлық аналық мейірімін соғыс ұрлаған қатыгез тағдырына налыды ма соңғы – «қара қағаз» келген күні бұл өмірден жүріп кетіпті. Сол анаға, ерліктің Анасына қойылған ескерткіш сонау көкжиекке – балалары кеткен жаққа сол күйі қалт етпестен қарап тұр. Кеудесі шыраққа, жанары үмітке толы, келбетінде арманын сағынышқа суарған мұң бар секілденеді. Өз халқына деген шексіз махаббаттан тұратын төзім арқалағандай... Ана мүсінінің үстімен мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна әлдеқайда тыраулап ұшып бара жатыр...
Ана, қашан да Ана! Орыс солдаты Анасының жүрегіндегі асыл арманы, бойындағы ерлігі мұңы бір барлық Аналардың мұратымен астасып жатты. Қайнаған еңбек даласында жаулығы желбіреп, әлсін-әлсін көкжиекке көз тастап, бұлдыраған сағым арасынан қараңдаған сұлба іздеп үміттенген Аналардың бел қайысар қасіретін шертіп тарих беттері қан жылайды. Осы мақаланы оқи отырып, зілмауыр қасіретті, қайғыны нәзік иығымен арқалай білген қазақ әйелі,
Бала дәурен өтті ғой құйындаған,
Балы менен шекері бұйырмаған, - деп жылай жүріп, көкелерін сағына жүріп ержеткен соғыс жылдарындағы балалар, рухын құлатпаған, жігерлері жасымаған, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерліктерін еске түсірдім, түсірдім де «өзім жығылсам жығылайын, бірақ халқымның туы жығылмасыншы» деп өзін құрбандыққа шалған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының атынан бас иіп, тағзым еттім.........
Шығармалар
Толық

Отан үшін от кешкен ойылдықтар

Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз.......
Шығармалар
Толық

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қасым Аманжолов
Мен әр таңды қуана қарсы аламын, әр таң сайын бақытқа бөленіп оянамын, әр атқан таң мені асқақ армандарға бөлейді, өйткені мен - тәуелсіздіктің ақ таңын, нұрлы таңын қарсы алып отырған бақытты жас ұрпақпын, батыр бабаларымның бақытты ұрпағымын.
Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді жатармын мен қырда қымтап, - деп Қасым Аманжолов атамыз бұл өлең жолдарын бізге,дәлірек айтсақ, бейбіт заманның жастарына арнаған секілді. Кең байтақ жеріміз бар, атамекеніміз,адал ниетті, ақ жүректі еліміз бар біздер -расымен де, бақыттымыз. «Ұлтарақтай болса да, ата-қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат», демекші ұлы даламыздың қадірін ерекше түсінген ата-бабаларымыз туған жер тарландарының бақытты таңы үшін ерен ерлік көрсетті. Осылайша сан ғасырлық тарихты бастан кешірген халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізді.
Жері-байтақ,елі-адал,ғажап-ақ,
Кім десеңіз,қазақ дер ем саралап.
Қасиетті қазақ қаны бұйырған,
Нұрсұлтандай билік еткен азамат.......
Шығармалар
Толық

Қаһарман қыз - Хиуаз Доспанова

Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа көп таныс емес қазақтың батыр қыздарының бірі Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Ол 1922 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет.
Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Бірақ ол «жастарға қайда барса жол ашық» деген ұран жұрттың бәріне бірдей емес екенін болжай алмапты. Қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Бірақ налыса да жасымаған Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқуымен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады.
Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады. Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете қалады... Бойында патриоттық сезім шалқыған қыз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі «Метрострой» жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады........
Шығармалар
Толық

Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре

Соғыс. Үрейлі шақ,қара түнек, қорқыныш бойымызды барды үдеп.
Қираған қалалардың ортасында үйіліп бүр төбешік қалады тек.
Созылады соғыс ұзақ шақырымға, шегінді сұм фашистер батып мұңға.
Қос жаудың орындалмай ойлағаны, әділдік жеңіп шықты ақырында!
Соғыс. Қандай ызғарлы сөз едің. Бұл сөзді естігенде, «елім», «жерім» деп жер құшқан қаншама азаматтар еске түседі. Ел шетіне жау тиген кез қандай ауыр әрі кенеттен, тосын болған қайғылы, ауыр шақ еді. Бірақ рухы биік халық еңсесін түсірмеді. Сол кезде «мен қазақ, сен орыс» деп бөлінбейтін бейбіт, тату ел жұмыла бірігіп, фашистік Германияға бірлесе тұра білді. Осы ынтымақтың арқасында Кеңес өкіметі жеңе білді. Бұл бір ғана ұлттың, бір ғана халықтың жеңісі емес. Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын бұрынғы Кеңес өкіметінің тарихы деп санамыздан өшіру, ұмыту мүмкін емес.
Соғыстың қасіреті бейбітшілік сүйген адамзат тағдырына ұмытылмастай етіп,мәңгіге жара салды. Басқа ұлттармен қатар ел үшін, жер үшін қазақтың қаншама жігіттері мен қыздары қанды майданға аттанып жатты.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда, бірден Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры, халық қаһарманы бауыржан Момышұлының «Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазғаны есімізге түседі. Соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда бірден Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа Жеңістің туын желбіреткен қарапайым солдаттың бейнесі келеді. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқы туын қадады. Біз, жастар, бұл ерлікті әрқашан мақтан тұтатын боламыз. ......
Шығармалар
Толық