Педагогика | Дидактикалық ойындар кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы

Ойын- жалпы адамдық мәдениеттiң ерекше құбылысы, негiзгi бастауы және шыңы. Басқа ешқандай iс-әрекет барысында адам баласы ойындағы сияқты өзiнiң психо-физиологиялық және интелектуалдық мүмкiндiктерiн көрсеткен емес. Сондықтан да ойын оқытады, тәрбиелейдi және дамытады, әлеуметтендiредi. Белгiлi орыс жасушысы Ногибин ойынның маңызы туралы былай дейдi:”Ойын кезінде баланың мiнезi,өмiрге деген көзқарасы айқындалады. Көптеген өмiрлiк күрделi мәселелердi бала ойын процесiнде жеп-жеңiл шешiп отырады. Балалық шақты ойынсыз және ойыннан тыс алып қарауға мүмкiн емес.”
Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекетiде елеулi рөл атқаратындығын аңғарған, ойынның маңызын жөнiнде мақал-мәтелдердiң түйетiнi мыналарды:
Ойында баланың ортамен қарым- қатынасы кеңейiп, таным қабiлетi өседi, мiнез-құлқы қалыптаса түседi. Бала ойынының түрi де мазмұны да сан алуан. Ойын үстiнде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа,ептiлiкке,iскерлiкке,адамгершiлiкке балуында.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысына құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелiгi. Мәселен «Баланың iстегенi бiлiнбес,» «Баламен ойнама, шаршарсың», «Қыз қуыршақ дейдi, ұл құлыншақ дейдi»,«Ойнай бiлмеген, ойлай бiлмейдi», - деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар екендiгi, ұл мен қыздың ойыны да түрлiше болатындығы ойын арқылы баланың сана-сезiмi ақыл-ойы өсiп жетiлетiндiгi дұрыс көрсетiлген.
Баланың дүниетанымында оның психологиясын қалыптасуында оқу бiлiмiнiң ерекше маңыз алатынығыңда мақал-мәтелдерден дұрыс көрсете алған.
«Бiлiмнен асар байлық жоқ», «Бiлек сүрiндiре алмағанды, бiлiм сүрiндiредi», «Бiлiмдiден өнер құтылмас» деген мақалдардан осы идеяны жақсы анғаруға болады.
Кіші мектеп жасындағы балалар үшiн- сабақ, олар үшiн ойын тәрбиенің маңызды түрi. Ойынды дайын үлгiге айналдырмай, балалардың да бастамасына жол беруде өте маңызды. Ойын процесiнде бала қиындықтарды жеңуге үйренiп, айналадағы дүниенi танып біледі, қиындықтан шығудың жолдарын іздейді.
Педагог балалардың инициативасын тежеп, ынта-ықыласын түсінуге, танытуға тиісті емес. Ол бұл жағдайда қауіпті, зиянды сезімдер және тағы да басқа тудыратын ойындарды алмастырып жіберуге ғана тиіс. Ойын жай ермек ғана емес, балалардың рухани жетілуі мен табиғи түсуіне қажетті алғы шарты. Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жолы ойынға тікелей тәуелдi, әрі өте байланысты. «Адам өмірге бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді»,- деп К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре жоғары бағалауын да терең шындық үлкен мән жатыр ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сете сақтау процесінің дамуын зерттеу

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Өмір тіршілгіне қажетті нәрселердің бәрінің ес үрдісінсіз болуы мүмкін емес. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес үрдісі деп саналады. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Психология ғылымы, осыдан өз алдына келесі мәселелерді шешу үшін мыса сұрақтармен тығыз байланысты: санадағы өткен іс-тәжірибе ізтері қанша ма уақыт сақтауы мүмкін; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен? Ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін? Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғыш эксперименттік осы ес проблемасын зерттеумен байланысты.
Тағы бір өзекті мәселе, қазіргі кезде көптеген мектептер , гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты есте сақтау анықтау.
Жеткіншектердің ес процесінің даму деңгкйі қиын тапсырмаларды орындау жолдарындағы психологиялық процестерінің құрылымы бұл жерде талқыланатын және бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншеуктердің есте сақтау қабілетінің дамуы көкейкесті мәселенің бірі болып отырған себебі шығына байланысты . Бұл жастағы балалардың өзгеруі, дамуы есте сақтау процесінің күрделі жүруімен тығыз байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | А.С. Макаренко тақылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі

А.С. Макаренконың тәрбие жүйесiне тән ерекшелiк - балалар жәнiндегi қамқорлыққа қоқамның адамгершiлiк кiнаратсыздықы мен Отанның тарихы, адамзаттың бай рухани мұрасының дәстүрлерiне сұйену болды.
Оның педагогтық қызметiнiң мақсаты - жас әспiрiмдер жәнiндегi жұртшылықтың ыстық ықласы мен шексiз қамкорлықын күшейту, семьяда жеке бастың қалыптасуындақы беделiн арттыру, бала қоқамның болашақ тiрегi ретiнде қалыптасқан рухани ортаның кемелденуiне жәрдемдесуге арналады.
Педагогикалық процестi ұйымдастыру мен басқару деп пайымдалы ол - әрбiр отбасы да, әрбiр шаңырақта, әрбiр елдi мекен мен қалада жас әспiрiмнiң нақты талқампаздық, тұрақты iзгi ниеттiлiк пен тңсiнушiлiк сезiнуiне, панасыз қалқан балалардың тәрбиеден тыс қалқандардың әлеуметтiк және моральдық тұрқыдан қамқорлықта болуына қол жеткiзу.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық заттық көрінісі ретінде

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым: ақша қаражаттарының қорларының қаржыны қалыптастырудағы орнын анықтау және еліміздің ұлттық қорының құрылу барысы мен экономикадағы қызметтеріне тоқталу болып табылады...
Курстық жұмыстар
Толық