Экономика | АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРАГӨЙЛІК ДӘСТҮРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі - Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»-арабша «нәзира», ал парсы тілінде - «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған.
Абай және Шығыс классиктерінің әдеби-творчестволық байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу нысанасына алынбай келе жатқан күрделі де өзекті тақырыптың бірі Абай шығармаларындағы Шығыстық белгілердің бір тармағы болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл жөнінде де алғаш рет абайтану тарихында, Мұхтар Әуезов зерттеулерінде ғана қолға алынып, пікір сабақталды. Ақындар нәзиргөйлікті өз жанына ұялап, ойына қозғау салған келелі мұрат - мақсаттарын уақыт талабына орай қайта жырлап берудің әдеби тәсілі ретінде пайдаланып отырған. Бұл әдіс ақын ойын, мақсат -мүддесін жырлауға икемді әрі өтімді болуы себепті, жалпы Шығыс поэзиясы тарихында ерекше орын алатын тұрақты дәстүрге тікелей байланысты туындап отырған.....
Рефераттар
Толық

Технология | Автокөліктермен жүк тасымалдау процессін тиімді ұйымдастыру

Дүние жүзіндегі экономикасы дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. Бұл елдерде барлық жүк тасымалдау жұмыстары белгілі бір мемлекеттік деңгейде реттелініп, қадағаланып отырылады.
Өйткені қандай да болмасын өнеркәсіп бұйымдарын шығаруда немесе өндіріп сатуда тасымалдауға сол бұйымның жиырма пайыздан астам, кейде елу пайызға дейін құны өседі, сол себепті мемлекет әртүрлі амалдармен, арнаулы бағдарламалар арқылы жүк тасымалдаушыларға жеңілдіктер жасап, өндіріс бұйымдарының бағасына әсер етіп отырады.
Автокөлік тасымалдарын ұйымдастыру кез келген автокөлік кәсіпорны жұмысының маңызды және негізгі міндеті болып табылады. Көліктегі өндірістік процесті ықшамды ұйымдастыру уақыт және қаржы шығындарын азайтуға, жылжымалы құрам өнімділігін жоғарылатуға, тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Экономикалық көрсеткіштерді есептемегенде, автокөлік кәсіпорынының экономикалық жағдайына едәуір әсер ететін ұжымның жұмыс шарттарын жетілдіру, автокөліктің қоршаған ортаға зиянды әсерінің дәрежесін төмендету сияқты мәселелерге назар аудармаса болмайды [1.2].
Автокөлікпен тасымалдау жылжымалы құрамның жағдайын, көліктік процесті ұйымдастыруды және жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жалпы кәсіпорынның әр автомобильдің жұмысын жеке бағалау мүмкіндігін береді.
Барлық уақыттарда сауда мен көлік дамуы кез келген мемлекеттің тез дамуына әсер ететін факторлар болып табылған. Нарықтық экономикаға көшу шарттарында көліктің тасымалдау, соның ішінде автомобиль көлігіне байланысты мемлекеттік саясат төмендегі басымдылықтарды ескере отырып жүргізілуі тиіс:
- көлік шығындарын азайту;
- қозғалыс қауіпсіздігі;
- экологиялық қауіпсіздік;
- ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту;
Көліктің негізгі міндеті – бұл жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудағы тұтынушының қажеттіліктерін уақытылы және сапалы өтеу. Ал автокөліктің жүктерді тасымалдау жылдамдығын арттырып және «есіктен-есікке» жеткізу мүмкіндігі бар.
Көлік қандайда бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Көліктік жүйе мемлекеттің денесіндегі қан жүрер тамырлары іспетті, оның дамуынан, ұйымдастыру деңгейінен, сол мемлекеттің жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау қабілеттілігін анықтайды. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден – бір себепші болатын осы көліктік жүйе. Сол себептен елімізде үлкен мән беріліп, экономиканың көлік жүйесінің дамуына арнаулы бағдарлама қабылданып, бірнеше миллиардтаған қаржы бөлініп отыр [2.3].
Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы – оның технологиялық процессінің және цивилизациясының маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын одан да күштірек қарқын алуда, көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады.
Осыған сәйкес Қазақстан республикасының көлік коммуникациясының жағдайы европа интеграциясының талаптарына жауап беруі керек. Қазақстан республикасының көлік жүйесінің интеграциясы көрсеткіші болып жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан Қазан ревалюциясы Азамат соғысы

1917 жыл Ресей тарихындағы түбірлі бетбұрыс жылы болды. Ел дамудың реформалық және революциялық жолдарының біреуін таңдауға тиісті болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс кезінде қалыптасқан жағдайлар елді революция жолына түсірді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды әбден шиеленістірді. Кәсіпорындардың көпшілігі тоқтап қалды, баға өсті, алыпсатарлық кең.өріс алды, халықтың жағдайы әбден нашарлады. Ресей қоғамында елді күйзелістен шығаруға дәрменсіз болып отырған патша өкіметіне деген наразылық күшейді. Наразылық қоғамның барлық әлеуметтік топтары мен жіктерін қамтыды. 1915 ж. Мемлекеттік Думаның құрамындағы алты партияның өкілдерінен Прогресшіл одақ құрылды. Прогресшіл Одақ елдің ең беделді адамдары-нан біріккен үкімет құруды талап етті. Патша үкіметіне қарсы күресте барлық саяси партиялардың келісімге келуі осылайша басталды. Прогресшіл одакқа меньшевиктер мен еңбек тобы кірген жоқ, бірақ олар да партиялардың ынтымақтық әрекетін қолдады.
Патша өкіметі 1916 жыддың басында үкімет кұрамында өзгеріс жасады: премьер-министр болып ерекше қабілеті байқалмаған, көптің көзіне түспеген Б.Штюрмер тағайындалды. Үкіметке жақын топтар бұл шешімді патша Григорий Распутиннің ықпалымен қабылдады деген ойда болды. (Шаруа Г.Распутин халық емшілігінен хабары және табиғи экстрасенсорлық кабілеті бар болғандықган, патша сарайында елеулі ықпалға ие болған адам еді. 1916 жылдың аяғында жоғары дәрежедегі ақсүйектер тобы Распутинді өлтіртті).....
Рефераттар
Толық