Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25 июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы М.М.Эверсмин «құрметті ақсақалдармен» бірге старшындарды арнайы шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді. Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая түсті.
Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор – Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. ....
Рефераттар
Толық

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР Жошы хан (1187 -1227 жж.)

Жошы хан — Шыңғыс ханның үлкен үлы, моңғол крлбасшысы. Алтын Орданың негізін салушы. Шешесі — коңырат тайпасының қызы Бөрте.
Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте түтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан өйелін Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның көмегімен түтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның үлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды.
1211-1215 жылдары Солтүстік Қытайға жасалған жорыққа қатысады.
1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып, Ырғыз өзенінің бойында Хорезм шаһы Мүхаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мүхаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды.
1220-1922 жылдар аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент т.б. қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды.
1223 жылы әкесінің үйымдастыруымен өткен Қүланбасы жазығында өткен қүрылтайға қатынасты. Осы қүрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған үланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт үлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының түяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді коса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты.
Қүрылтай аяқталғаннан кейін Шыңғыс ханның басқа балалары әкелерімен бірге мемлекеттің астанасы Қарақорымға қайтқан кезде Жошы ілеспей өз ордасында қалып қояды. Жошы үлысының негізін бүрын Дешті Қыпшаққа кірген түркі тілдес тайпалар қүрады.....
Рефераттар
Толық

Темүжінің тегі мен балалық және жастық шағы

Шыңғыс хан ХII – XIIIғғ Моңғол жерін біріктірген. Моңғолша аты Тимучин "Құрыш" деген мағынада. Әкесі Ясукай батыр.
Ясукай батыр құс аулап жүріп,олқыноуыт аймағынан әйел алып келе жатқан меркіттің Дәу Шіледу дегеніне кезігіп, Ясукай батыр үйіне шауып келіп, ағасы Негуін тәйжі мен бауыры Даридай – отшы екеуін ертіп алып, Дәу Шілеуді қуады.Үшеуі оның артынан қуып жете алмаған соң қайтады, жолда Уәлін Үжінді Ертіп алады. Ясукай батыр Уәлін үжінді үйіне алып келіп өзіне әйел етеді. Ясукай батыр татардың Темүжін-үкі,Қори-бұқа деген адамдарын ұстап әкелгенде, екіқабат Уәлін-үнжіннен Онынның Делуін бұлтық деген жерінде Шыңғыс хаған туады, Шыңғыс хаған туғанда, оң қолымен асықтай қан шеңгелдей туылыпты. Татардың Темучин-үкісін ұстап әкелген кезде туды деп ырымдап, атын Темучин қойыпты. Ясукай батырдың Уәлін-үжіннен: Темучин, Қасар, Қашиун, Темугі деген төрт ұл бір қыз Темүлін туады. Ясукайдың екінші әйелі Сошигіл шешейден Бектұр мен Белгітеи деген екі бала туады. Ясукай батыр Темүжін Тоғызға келген кезде, Уәлін шешенің төркіні – Олқыноуыт елінен, нағашы жұртынан қыз іздейін деп,оны ертіп барады.Жолай Сексір мен Шікіркудің арасында отырған Қоңыраттың Дей шешенге кезігеді.Дей шешен Ясукайды үйіне ертіп барады. Дей шешеннің қызы Ясукай батырға ұнайды. Қыздың есімі –Бөрте екен Темүжіннен бір жас үлкен, онда екен. Ясукай бұл үйге бір қонып, баласын құданың үйіне қалдырады. Өзінің жетек атын құдалықтың белгісі етіп тастап кетеді. Өзі жолда Сексірдің сары даласында кетіп бара жатып, келін түсіріп той жасаған татарларға кезігіп, әбден шөлдегенсоң, бір үйге түседі.Татарлар Ясукай батыр ішкен сусынға у қосып береді. Ясукай ол жерден аттанып, жолда келе жатқанда қаты қиналып, үш күн дегенде әрең үйіне келеді.
Ясукай дауыстап: Менің ішім өртеніп барады. Менің қасымда кім бар? дегенде, Шырқа ақсақалдың баласы Меңлік: Мен бармын, дейді, Меңлігім менің сөзімді сен тыңда. Ұлымның қабырғасы қатпаған еді. Теміжүнімді қайныма тастап, Қайтып келе жатқанда, татарлар у берді, ішім өртеніп барады. Жетім қалған бауырларыңды, Жесір жеңгеңді саған тапсырдым . Теміжүнді тез барып алып кел, менің қадірлі Меңлігім.Осы сөзді айтып Ясукай қайтыс болады. Меңлік Ясукай батырдың айтуы бойынша Дей шешенге барып: Ясукай ағай, Теміжүнді қатты сағынғандықтан, Теміжүнді алмақ болып келдім,- дегенде, Дей шешен: Құда баласын сағынса, жіберейін. Кешік тірмей қайта келтірсін, - дейді. Бұл сөзге риза болған Меңлік Теміжүнді алып қайтады. Сол жылғы көктемде Амбығай хағанның ханымы Орбай мен Соқатай зиратқа барып тілек тілегенде, Уәлін үжін кешігіп барғандықтан, несібесінен құр қалады. Жағдайсыз әйел балаларын осында қалдырып көшейік, сендер де ертпеңдер, - деп, соның ертеңінде тайшуыттың Тарғұдай- қырылдағы мен Тадойн-кірті Онын өзеніне қарай қозғалады....
Рефераттар
Толық

Якобиншілдер диктатурасы

Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық диктатура өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демокра-тиялық революцияның жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады.
Монтаньярлар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл Конвенттің халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.
10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар олардан тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Егер бұл шешімді тұрғындардың үштен бірі қолдаса, онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке бөлінуге тиіс. Ақыр соңында, 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет барлық феодалдық қалдықтарды толығымен жойды.
1793 жылдың маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Конституция республика өкіметінде бір палаталы жиналыс болуын, төтенше сайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден темен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың барлық талаптарын қанағаттандырды.
Бірақ та осының барлығына қарамастан, шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты, сөйтіп, экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.....
Рефераттар
Толық

Үндістан

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бенгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15000 км-дей, теңіздік жағалауы 5500 км-ден асады. Үндістанның солтүстік-батысында Пакистанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3282,59 мың км2. Халқы 606 млн-нан астам (1975). Астанасы – Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976). Штаттар дистрикттерге (окруктарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.....
Рефераттар
Толық

Үйсін мемлекеті

Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы « гуньмо » ( Күн бағы-Күн бегі ) деп аталатын иеліктің негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, Қаңлылармен ( Кангуй ) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ( Дуанмен ) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен ( Қызылалқап қаласы ) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжанцянь үйсіндердің иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.
Деректерде б.з. III- ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси- тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым- қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары- билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этниклық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндерд шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі « үйсін » деп аталады.
Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецдер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді. Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі- диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-10-12 м үлкен жер обалар. Мұнда атақты адамдар әскери басшылар, ру-тайпа көсемдері, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері қойылған деп айтуға болады. Бұл обалардан сәндік заттар, ьай мүсінді алтын қаптырмалар, лак бұымдарының қалдықтары, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару, қыш және ағаш ыдыстар табылған. Екінші үлгідегі обалардың көлемі 15-20 м шамасында, биіктігі 1 м дейін болған. Үйінді астында бір-екі мола, кейде бір молада кездескен. ....
Рефераттар
Толық

Сырым Датұлы

Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.

Қазақ шаруаларының феодализмге және отаршылдыққа қарсы күресі. .
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.
1782 жылғы жарлық бойынша хан шекаралық басшылардан рұқсат алғаннан кейін ғана ауылдар Жайықтан өтіп, көшіп-қонатын болды. Нұралы мен оның жақын тумалары Оралдың казак әскерлерінің старшындарымөн сөз байласа отырып, көштің қоныс тәртібіне қол сұғып, ауылдарды бірігіп тонап отырды. Малшыларды ашықтан-ашық тонау, заманнан қалыптасқан көш жолдарын, қоныстарды өзгертуі ецбекші халықтың шаруашылығын күйзелтті.
Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды. ....
Рефераттар
Толық

Ұлы Жібек жолы

«Жібек Жолы» деген не, ол қашан пайда болып, жұмыс істей бастады, қай жерден өткен — әркімнің көкейіне алғаш ұялайтын сұрақтар міне осылар. Жауап қайтару үшін тарихи фактілерге жүгінейік.
629 жылы буддалық тауап етуші Сюань-Цзян «Будданың қасиетті сүйектерін көріп, дін ілімін тыңғылықты зерттеу үшін» Қытайдан Үндістанға аттанды. Ол Қытайды Батыспен жалғастырып жатқан және техника жаңалықтарын, діни идеялар мен мәдениет жетістіктерін жеткізуші болған халыкаралық жолмен жүрді.
Чаньаннан шыққан көпестер керуенімен бірге қоспақ түйемен Дунхуан арқылы ұлы Гоби шөлінің шетімен жүріп, «Ұлы Айдаһар шағылдары» деген атпен мәлім тұзды шедден, Хами және Тұрфан жазирасынан, Тянь-Шанның солтүстік беткейлерін бойлай өтіп, сірә, Музур-Ола жотасы болуы мүмкін деп саналатын мұзды таулардан шыққан Сюань-Цзян мен оның серіктері «Мөлдіреген Көгілдір келге» жеткен. Оны «Қайнаған көл» деп те атаған, сондықтан оның Ыстықкөл екенін білу қиын емес. Келді айналып өткен тауап етуші Суяб қаласына келіп, онда Батыста шекарасы Қара теңізге дейін созылып жатқан орасан зор империяның әміршісі түрік қағанымен кездескен. Сюань-Цзян түріктердің қағаны мен оның маңындағыларды былайша суреттейді: «Бұл жатжерліктердің жылқьшары тамаша екен. Қаған жасыл жібек шапан киген; оның басы жалаңаш, тек ұзындығы бір чжаннан (3,2 м) астам жібек шүберекпен орап, ұштары артына салбыратып жіберілген. Оның ізіне зерлі шапан киіп, шаштарын бұрым етіп ерген екі жүзден астам тархан еріп жүр. Аң терісімен әдіптелген киім және жұмсак бас киім киген өзге жауынгерлер айбалталар, тулар мен садақтар ұстаған. Түйелер мен атқа мініп келе жатқандардың көп екені сонша, көзбен шолып шығу мүмкін емес».
Өзіне қаған жасаған қабылдауды суреттей келіп, Сюань-Цзян түрік ақсүйектерінің жібек киімдерінің сән-салтанатын талай рет атап көрсетеді және өзінің сыйлыққа «қызыл күрең сәтеннен тігілген толып жатқан киім жиынтығы мен елу тай жібек» алғанын да хабарлаңды. Бұл көріністе Шығыс пен Батыс саудасының негізгі енімі, ертедегі және орта ғасырлардағы құрлықаралық ұлы жолға атын берген жібек ерікті болсын, еріксіз болсын бірнеше рет айтылады. Бұл жолдың қашан «іске қосылғаны» туралы сұраққа осы кезге дейіи түрлі жауап қайтарылады. Егер «Жібек жолының» жекелеген учаскелердің түп-негізі туралы айтар болсақ, қарым-қатынастар мен айырбас байланыстарының басы уақыты жағынан б. з. б. III—II мыңжылдықтарға барып тіреледі. Бұл байланыстар Бадахшан тауларында көктас және Жаркентдария өзенінің жоғарғы ағысында, Хотан аудандарында нефрит кеніштерінен кен қазылуы себепті жолға қойылған еді. Бадахшанда өндірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Анадолға, Мысыр мен Сирияға шығарылды. ....
Рефераттар
Толық

Ұлттық салт-дәстүр

Айыр қалпақ
Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.

Сеукеле
Үзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.

Ішік
Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.

Кебіс месі
Месі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, месінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.

Жарғақ шалбар
Иленіп, өңделген теріден тігіледі. қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сенді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.

Шапан
қалыңдықтың сырт киімі. Асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.

Кимешек
Егде ейелдер киетін бас киім. Көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сендік үшін күндік сияқты ақ мата оралады.

Тақия
Биіктігі 10-15 см. мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, қыздар киетін үкілі тақия. Жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.....
Рефераттар
Толық

Ұлы жұт

1932 жылдың дүрбелеңінен кейін арадағы бірнеше оңжылдықтардан соң, ақиқатқа көзді енді ашып қарап отырмыз. Алайда, ащы шындықтардың құпия сырына үніліп, нақты шығындарын есептеп шығу қиынға соғуда. Оның үстіне бірде-бір архивте, түрлі қорларда бір жүйеге түсірілген деректер жоқтың қасы. Сұрапыл жылдардың куәгерлері естеліктері өткенді танып білудің құнды айғағы екендігі екендігі рас.
Мәселен, осыған орай “Қазақ әдебиеті” газеті жазушы Ө.Қанахиннің “Көрген көзде жазық жоқ” атты естелігін жариялады. Онда жазушы: “қазір мен 65-темін. Ашаршылық жылдары 9 жаста болатынмын. Мен 1931, 1932, 1933 жылдары өзім куәсі болған оқиғаларды айтпай тұра алмаймын.” – деп жазады. 9 жасар жетім баланың көз алдында адамдар, көп адамдар өліп жатады. Балалар үйінде, ол тәрбиеленген жерде 57 баланың екеуі- ақ ажал құрығынан аман өтіпті. Ал, жазушының от басындағы 12 адамнан ашаршылықтан жалғыз оның бір өзі ғана аман қалады. Жазушы З.Ақышев аштық туралы өзінің “Білсін мұны ұрпақтар” деген естелігін жазады. Онда автор: “Бұл зауалға тек қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И Голощекин ғана кінәлі емес. Ол кезде онымен қатар 1925-1929 жылдары екінші хатшы болып О.Исаев, 1930-1933 жылдары И.Құрамысовтар қызмет істеген.”-дей келіп, 1935 жылдың мамыр айында Қазақстан мәдени-ағарту мекемелері қызметкерлерінің съезінде сөз сөйлеген О.Исаев: “Өткен жылдардың қиыншылықтарын әркім әр түрлі түсінеді. Оған кім кінәлі? Қазақ халқының өздері кінәлі. Қазақтар еңбек ете алмайды. Сондықтан, қиындықтарға кезігіп, социалистік құрылыстың қарқынына ере алмай қалды” деп соқты. Сонда, шынымен мыңдаған жылдар бойы көзі еңбекпен ашылған қазақтар айналдырған екі жылдың ішінде жатыпішер, арамтамаққа айналғаны ма?” деп ашына еске алады өткен күндерді жазушы.
Ал, С.Байжановтың “жариялауға жатпайды” атты мақаласы архивтік құжаттарға негізделіп жазылған. Онда Т.Г Невадовскаяның альбомы туралы сөз болады. Москва түбінде тұратын Т.Гаврилованың мамандығы дәрігер-хирург. 1932-1933 жылғы ашаршылық кезінде ол дәрігер әкесі, профессор Г.С.Невадовскиймен Алматы түбінде орналасқан “Шыңдәулет” ауылындағы “союзсахар” аймақтық тәжірибе станциясында жұмыс істейді. 19 жасар қыз сол кезде қазақ арасындағы ашаршылық зардабын бар жан-тәнімен сезіне білген. Оның барлығы да кейіннен өзі құрастырған альбомнан орын алған. Альбомда ашыққандардың 23 фотосуреті, естеліктер, 19 жолдан тұратын “Қазақстан қасіреті” деген өлең бар. ....
Рефераттар
Толық