Әлеуметтану | Маркстік философияның пайда болуы мен алғышарттары

Алдынғы тарауда көз жеткізгеніміздей, К. Маркс пен Ф. Энгельстен бұрынғы философтардың көзқарастары мен философиялық бағыттары ғылымға, шынайы әдіске және практикаға толық негізделмеген еді. Сондықтан олар дүниетаным мәселелерін арнайы ғалымдардың зерттеулеріне, қоғамның жалаң тәжірибесіне сүйенбей – ақ шешуге тырысты. Бұл – ескі мәндегі, адамды қоршаған дүниені өзгертуді мақсат еткен күреске кереғар келетін философия еді.
Міне, ос жағдайда, ғылым жетістіктеріне сүйенген, практикамен, еңбекшілердің азаттық қозғалысымен тығыз байланысты, бұдан бүрынғы философиялық ой – толғамдардың прогрессифті қасиеттерін бойына сіңірген мүлде жаңа сапалы философиялық жүйе жасау қажеттігі туды. XIX ғасырдың ортасына қарай оның тарихи әлуметтік және ғылыми алғы шарттары да пісіп жетілген еді.
Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептетері де болады. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір – бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Тірі организімдердің микроскопиялық клеткалардан тұратынын, адам мен жалпы табиғаттың бірлігін көрсетеді. Энергияның сақталу заңы материя қозғалысының мәңгілік және құрып кетпейтін, қозғалыс түлері мен энергияның біріне – бірі алысып отыратынын дәлелдеді. Бұл дүниенің материялдық бірлігінде айқындап беруге мүмкіндік береді. ....
Рефераттар
Толық

География | МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ

Құрылған уақыты - 1976 жылғы тамыз айы.
- Қазіргі ауданы: Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын
құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр. Қорық үш бөлікке бөлінген: 1. оңтүстік- таулы- орманды алқап- 6250 га, ол көлдің оңтүстік жағалауы мен Азу тауының солтүстік беткейін алып жатыр; 2. Көл жағалауы- 609 га, Тополевка мен Жирен Байтал өзенінің сағаларындағы солтүстік жағалаудың азғантай жерін қамтиды; 3. Солтүстік таулы- орманды алқап- 20050 га, Тополевка, Таутекелі, Тихушка, Сорвенок өзендерінің жрғарғы жағында Күршім жотасында орналасқан. Бұдан басқа Урунхайка өзенінің сағасындағы орталық усадьбаның 8 га жерін алып жатыр. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының айналасы ені 2 км болатын үзік сызықты қорғау аумағымен қоршалған.
- Әкімшілік орналасуы:
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азу тау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі 3304,5 метр (Ақсу- Бас тауы).
- Орталық усадьбаның орналасқан жері, мекенжайы, ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингілік зерттеу жүйесі

Нарықты зерттеу - ертеден келе жатқан шаруашылықты жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы, б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы, в) тауар баламасы кезеңінің нарығы, г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда – саттық көріністерге кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1 - Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы калыптасады. Құнның субстанциясы әлі де болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан “таза” құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе – теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 - Т2,, балама Т2. Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түріне тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым тауарлардың ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде “таза” құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын “шығындық емес” деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік орта

Ұйым – іс - әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін макроорта –дағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін оның іс – қимылы қоршаған орта жағдайлармен үйлесімді болуы шарт, өйткені жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен тұтыну -шы мінез – құлқы салдарынан, сондай – ақ әлемдік нарықта болып жатқан про –цестердің болуына қарай қауіпті сипат алуы мүмкін.
Сондықтан да маркетинг теориясына макро және микроортадан тұратын маркетингтік орта ұғымы енгізіледі. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік бақылау түрлері

Маркетинг (ағылшынша: marketing — нарық, базар, өткізу, сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.
Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Маркетингтің мәні — экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни маркетиңг-тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік жоспар

“ALSER COMPUTERS” компаниясы Қазақстанның компьютерлік нарығында 1995 жылдан бастап келеді. Қазіргі кезде бұл компания Қазақстанның ең мықты деген алғашқы компьютерлік компанияларының бірі. Ол нарықта пайда болғаннан бастап, өнімін сату көлемінің өсуімен және тұтынушыларының артуымен ерекшеленіп келеді.
Компания жоспары – Қазақстан нарығына уникалды шешімдерді құрушы және цифрлық технология әлемінде шексіз мүмкіндіктерге жол ашатын мықты компютерлік техника әлемін құру ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетингтік зерттеу және оны ұйымдастыру жолдары

Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.
Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді.Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды.Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр.Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты білуі шарт.Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық позицияға шығады,Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Тауар (өнім) саясаты

Өнеркәсіп ортасында өнім ең "сезімтал" элемент болып келеді. Шындығына жүгінсек, көп жағдайларда кәсіпорынның ашылуына тауар (өнім) негіз болады. Нақтылап айтсақ, өнім арқасында, өніммен бірге кәсіпорын тіршілік етеді, ал кейде жұмысын тоқтатады, бұл сататын жақсы тауардың (өнім) қолда болуы жеткіліксіз, ол қажеттікке сәйкес болуы тиіс екенін (мысалы, бағасы бойынша), оған қоса оны өз ортасында жарнамалау керектігін байқамаған жағдайларда болады.
Классикалық, яғни өнеркәсіпте ескірген құлық-әрекет пен маркетинг арқылы анықталатын құлық-әрекеттің арасындағы айырмашылық дәл осында, бұл жаңа нарықтық жағдайлардан туған.
Сонымен, кәсіпорын өзінің өнімдеріне сын көзқарас тудырып, оларды қысқа, орта және ұзақ мерзімдерде тиімді басқару мүмкіндігіне ие болу үшін, үзбей талдауға салып отыруы қажет.
Демек, "тауар (өнім) - нарық" атты парды, жаңа өнімдерді енгізу үрдісін, өнімнің өміршең циклін және т.б. зерттеп білу қажет.
"Тауар — нарық" пары. Өнім, егер ол ешкімге керек болмаса, сөздің экономикалық мәнінде түкке тұрмайды. Сондықтан ол қажеттілікке сай келуі керек. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг түсінігі және оның элементтері

Маркетинг (ағылшын сөзі - нарық) тікелей аударғанда "нарық жасау" деген мағынаны береді. Маркетинг теориясы XX ғ. АҚШ-да пайда болды. Сол кезде тауарларды сату мәселесі шиеленіскен кезең еді. Осыған байланысты теорияның негізін қалаушылар экономиканың үйлесімді дамуының бірден-бір себебі, айналым сферасының кемшілігі деп тұжырымдады. Олар осы сфераны қайта өзгерту туралы әртүрлі әдістемелер ұсыңды.
Алғашқы кезеңінде маркетинг тек сату істерін – сауданы, жарнаманы, несиені қамтыды. XX Ғ. 50-жылдарында маркетинг басқару теориясымен қабысады. Осының нәтижесінде компанияны маркетинг принциптерімен басқару ғылымы пайд болды да, "нарық басқару теориясы" атағына ие болды.
Бертін келе, маркетингтің обьектілерінің шегі ұлғая бастады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Маркетинг ортасын зерттеу

Маркетинг ортасы дегеніміз –ол фирманың маркетинг бөлімінің клиенттермен тиімді байланыс орнатып, оған әсер ететін белсенді субъектілердің және күштнрдің жиынтығы. Маркетинг ортасы келесі түрлерге бөлінеді: макроорта, микроорта, мелиаорта.
Макроорта кәсіпорынның әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Фирмалардың әрқайсысы макроортаның әсерін талдайды, бағалайды және әрекетіне тигізетін жағымды немесе қолайсыз жақтарын сынайды (кесте).
Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Солардың қатарындағы аса маңыздылары мыналар: жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, бәсекелестер, клиенттер.
Жабдықтаушылар дегеніміз –фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үрдісіне қажет материалдық ресурстарымен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Маркетинг тұрғысынан жабдықтаушылардың келесі түрлері болады: ....
Рефераттар
Толық