Өндірістегі материалдар есебін талдау және жетілдіру

Менің дипломдық жұмысым тақырыбы «Өндірістегі материалдар есебін жетілдіру және талдау» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдаудағы себебім; шикізаттан дайын дейін өтетін процестердің бухгалтерлік есепте жүргізілуі және талдауы мен аудитін тереңірек зерттеуім нәтижесінде қызығушылық пайда болды. Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты талдап, оны дұрыс жолға қоймайынша сонымен қоса сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда экономиканың барлық саласындағы жеке немесе заңды кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары материалдар мен шикізаттарды үнемді жұмсауға, нарықтық бәсекеге сай өнім өндіруге және өнімнің сапасын жоғарылатып өзіндік құнын төмендетуге сонымен қоса айналаға зиян келтірмеуге тырысуы тиіс. Бухгалтерлік есеп қаржылық есептілік туралы 8-і №234-III ҚРЗ) заң қабылданды. Бұл заңда бухгалтерлік есептің ХБЕС-на сай жүргізілуін керектігі жазылған. Жаңа заңға көптеген өзгерту енгізіліп бухгалтерлік есептің дұрыс, әділ, дұрыс ұйымдастыру реті қарастырған. Кәсіпорынның ең маңызды пайда көзі бұл өнімді өндіру мен сату жағдайы болғандықтан аса зор роль атқарады.
Кез-келген кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорларды, ақша қаражаттарды және басқа да ресурстарды заңсыз немесе тиімсіз жұмсауға жол бермеуіміз керек. Осы қателіктерді болдырмауға бухгалтерлік есептің маңызы зор, өйткені кәсіпорынның шығындары жоғарылап тауар бағасы артатын болса онда ол кез-келген адамға немесе мемлекетке әсер етуі мүмкін. Сол себептен бухгалтерлік есеп материалдың сақталуы, шығындар нормасының төмендеуі, материалдарды тиімді қолдануы туралы мәліметтерді жинақтайды. Өнім сапасы халықаралық талаптарға сай болуы немесе ИСО 9000: 2001 сапа сертификатына сай өнім шығару. Өндірістегі материалдар есебін дұрыс жүргізілуі кәсіпорынның таза табыс табу мүмкіндігіне осы тұстан басталғандықтан жауапкершілік, ұқыптылық, ізденпаздық және басқару қабілетін өте жоғары талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Басқарудың стильдері

КІРІСПЕ
I. Басқару стильдерінің сипаттамасы
1.1 Стильдердің түсінігі мен мәні
¥жымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бip жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрсетіледі) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бipiн-6ipi мойындау, ықпал ету стиль мүдделі т. б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең актуалдысы. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық әрі түбегейлі баға басшы жұмысыныщ стилі бойынша жүзеге асады.
Басқару қызметіндегі әpбip басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару функциясын жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль - ой дүниесі десе, Бью-фурон «стиль — адамның өзі», деп тұжырымдайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байла-нысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алды-мен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның ....
Курстық жұмыстар
Толық

1. Ұңғының түп аймағын тұз қышқылымен өңдеу. 2. Ұңғының түп маңы аймағын құм тығынынан тазарту

Көп жағдайларда скважинаға келетін сұйық пен газ ағыны жеткіліксіз. Мұндай ұңғымаларда ағынды немесе газ не сұйық жұтылуын арттыру үшін түп маңы аймағының жыныстарына олардың өткізгіштігін көтеру мақсатында жасанды әсер ету қолданылды. Түп маңы аймағының өткізгіштігін өнімді қабатта карбонаттар мен глинозем еритін жасанды арналарды тұзқышқылды, жылулық қышқылды және саз қышқылды өңдеумен жасау, кеуекті кеңістіктерді тұнба және шайырлы материалдардан тазарту жолымен; жыныстарда жасанды жарықтар жасау немесе табиғи жарықтарды қабатты гидравликалық жарғанда....
Курстық жұмыстар
Толық

3 сыныпта математика сабақтарында техникалық құралдарды қолдану жолдары

Оқушыларын оқу еңбекке баулуда, олардың білімге құштарлығын, өзара жарасымды достығын, эстетикалық сезімін тәрбиелеудегі ролі орасан зор.
Бастауыш сыныптарда техникалық оқу құралдарын қолдану мәселесі мүлдем назардан тыс болды деп айта алмаймыз. Арнайы зерттелмесе де, бұл мәселенің маңыздылығына мән беріп, тілге тиек еткен ғалымдар
С. Рахметова, Б. Құлмағанбетова, Н. Оралбаева техникалық құралдардың көмегімен бастауыш сынып оқушыларына мазмұндама жаздыруға болатындығын өз еңбектерінде қамтып көрсеткен.
Сонымен қатар «Бастауыш мектеп», «Начальная школа» журналдарының жекелеген тақырыптарында оқыту барысындағы техникалық оқыту құралдары мен көрнекіліктердің маңызы жайлы мақалалар кейінгі....
Курстық жұмыстар
Толық

9-сыныпта стилистиканы оқыту

Стилистика – тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Курстың мақсаты – студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру.
Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары оқу орындарында филолог маман дайындауда стилистика курсының міндеті – студенттерді тілдің стилистикалық ресурстары туралы, стилистикалық нормалар туралы, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты әртүрлі варианттарға ие болып келетіндігі туралы мағлұматтар беру; тілдік құралдарды пайдалану контекстің стильдік реңіне байланысты болатындығы....
Курстық жұмыстар
Толық

12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдары

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр. Бұл – өмірлік білім қа¬ғи¬дасы. Оның бастау бұлағы, алтын тамыры – мектеп. Осы орайда орта білім беру жүйе¬сінде жасалып жатқан рефор¬малар атап айту¬ға тұрарлық. Дегенмен, ортаға салып, ойла¬сып пішер тұстарымыз да жоқ емес. Әлемдік білім ....
Курстық жұмыстар
Толық