Педагогика | ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау
- Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымның қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.
- Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.
Курстық жұмыстың өзектілігі
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ақыл ой тәрбиесін ұйымдастыру

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие. [1]
Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Ақыл –ой тәрбиесі – тәрбие жүйесінің маңызды құрамдас бір бөлігі. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л.В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін білімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.
Қазіргі кездегі ойлау зерттеулерін ақыл әрекеті ретінде қарастырып, (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Брушлинский, А.М.Матюшкин, О.К.Тихомиров) оның ішінде ойлау процестерін (жоспарлау, проектілеу, алдын ала болжау, бағалау, түсіну, ой-қорытындылау) және ойлау операцияларын ( анализдеу, синтездеу, салыстыру, жалпылау) көрсетті.
Ақыл-ой тәрбиесі – адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау – сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық