Информатика | Интерактивтілік интернет технологиясы

Өз тарихында түрлі дәуірлер мен формацияларды бастан өткізген адамзат баласы жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінде интерактивті ақпарат көздеріне қол жеткізді. Ал XXI ғасыр – ақпараттар тасқынының ғасыры болып саналуда. Яғни, бүгінде «Кім ақпаратты иеленсе, сол әлемді билейді» деген қағида аксиомаға айналып отыр. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы еліміздің экономикалық, саяси тіпті әлеуметтік өміріне өзгерістер енгізбей қоймады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа ақпараттық революция мейлінше өрістеу үстінде.
Қазіргі таңда біз үшін қашықтықтан басқаруға болатын теледидар, пейджер, радиотелефон немесе параболлдық антенналар жаңалық емес. Адам игілігіндегі электрондық даму да күннен күнге алға жылжуда. Екінші сөзбен айтқанда Интернет тіршілігімізге ентелеп еніп өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Бүгінгі интернеттің қамту ауқымы кереметтің кереметі. Бұл шындыққа негізделген шеберлік әлемі. Өзінің даму барысында әлемдік тор соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында да жаңа мүмкіндіктерге ие болды десек артық айтпаған болар едік. Ақпараттық технологиялардың даму жолында кездесетін қиыншылықтарға қарамастан, интерактивті Интернетті, қолдануға ниеттері зор компаниялардың саны барған сайын арта түсуде. Сонымен бірге Қазақстандағы жаңа технологиялардың аршылды қадалдармен дамуы ел тіршілігіне үлкен реформалық жаңалықтар әкелуде. Бұл дегеніміз қоғамдағы қызметтерді Интернетпен қамтамасыз ету және әлемдік тордың болашағынан зор үміт күту деп қарауға болатын жағдай. Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезінуге болады. Яғни бұл қашықтық ұғымын ұмытып, планетамыздың кез-келген нүктесінен бір-бірімен бейнелі түрде байланысу мүмкіндігіне қол жеткізіп....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Аптека жұмысының мәліметтер қорын құру

Мәліметтер қоры кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мәліметтер қорының негізгі модульдері келесі түрде болады:
• Иерархиялық модульге деректер бұтақ тәріздес құрылым түрінде беріледі.Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы.
• Желілік модульге деректер ерікті граф түрінде беріледі. Желілік модульдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындығы болып табылады.
• Объектілі – бағытталған модульге мәліметтер қорының жазбасы объект түрінде беріледі. Объектілі – бағытталған модуль желілік және реляциялық модульдер ерекшеліктерін қамтып, күрделі базалар құруда пайдаланылады.
• Реляциялық модульге деректер кесте түрінде беріледі.Деректердің мұндай түрінде ақпараттармен жұиыс жасау ыңғайлы.
Қазіргі заманға сай ақпараттық жүйеге мыналар жатады:
 Есептеуіш жүйе
 Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры
 Мәліметтер қорын басқару жүйесі
 Қолданбалы программалар жиынтығы
Мәліметтер қоры – арнайы орталықтандырылған программалық басқарудағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.Мәліметтер қорының ерекшелігі ол базада мәліметтердің өздерінің сипаттамаларымен бірге орналасуында.бұл өте тиімді. Себебі, алғашқыда мәліметтердің сипаттамалары қолданбалы программаларда ғана белгіленеді. Сондықтан бір өзгеріс енігізу үшін құрылған программаларда өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Тағы бір айта кететін ерекшелік мәліметтер базасынан ақпараттарды іріктеуде жай бір файлға ақпаратты іздеу оның нақты мәнін және файлдағы физикалық форматты анықтайтын терминдерді талдау арқылы ғана жүзеге асырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Ақпараттық жүйелер АЖ Кіру Шығу құжаты

Ақпараттық жүйелер(АЖ) – экономикалық объектні басқаруга қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ – ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық корсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен;
- мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен;
- уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен;
- уақытша іс тәртібімен әкімдік–үйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен.
Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саңы қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі:
- басқару объектісінің сипатымен;
- АЖ–ны тұрғызу мен жұмыс істетудің жинақталған тәжірибесімен;
- басқару және басқарылушы жүйелерінің құрылымымен;
- мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өндеуде қолданылатын жабдықтармен;
- АЖ–ны басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т.б.
АЖ – бұл ақпараттық жүйелер жобасы мен акпаратты-есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделi жүйе.
Мұндағы АЖ жобасы – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс iстету шешiмдерi сипаттап жазылған техникалық құжат.
Ал, АЕЖ - деп ақпараттық жүйелер жобасын жұмыс iстетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық кешенiң түсiнуге болады. АЕЖ мәлiметтердi жинауды, өткiзiп берудi, өңдеудi, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып берудi АЖ жобасындағы шешiмдерге сәйкес қамтамасыз етедi.
АЖ-ның келесi есебi –шешiмдердi қабылдау үшiн мәлiметтердi алу. Бұл жерде шешiмдi қабылдау деп әдетте алға қойылған белгiлi-бiр мақсатқа жету жолдарының бiрiн таңдауды ұғуға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық