Тарих | Томас Джефферсонның қоғамдық саяси ойлары

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі:Томас Джефферсон - әлемдік тарихтағы көрнекті қайраткер. Оның өмірі мен өз еліне сіңірген еңбегі адамзат ойында мәңгілікке қалды. Томас Джефферсон тарихта тек ірі мемлекеттік қайраткер ғана емес, сонымен қатар ол философ, гуманист, лингвист, ботаник, географ, архитектор, этнограф, полеонтолог ретінде ізін қалдырды. Томас Джефферсонның саяси көзқарастары эволюциялық дамуға сәйкес келеді. Сонымен қатар, демократиялық бағытты жақтаушы көзқарастары демократияның дамуына өз әсерін тигізді. Әсіресе американдықтарға тәуелсіздігін алу жолындағы үлесі орасан зор.Атап айтатын болсақ, АҚШ тәуелсіздік декларациясын жазған бірегей тұлға.Томас Джефферсон адам құқығын жоғары сатыда тұру керек деп есептеді, себебі адам жаратылысынан ешкімге бағынышты емес және де адамдар бір-бірімен тең деді.Ол адам нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамау керек деп есептеді. Көріп отырғанымыздай Томас Джефферсон демократиялық принциптерді жақтаушы және оның жүзеге асуына барлық үлесін қосқан қайраткер. Томас Джефферсон әлемдік саяси тарихқа өшпес ізін қалдырды. Томас Джефферсон республикалық партияның құрамында болатын, ол партия туралы былай деді: «Халықты бағалау оған қамқорлық жасау біздің партияның принципі, халықтан қорқу және оған сенбеу –басқа партияның принципі». Байқап отырғанымыздай Томас Джефферсон халықтың қамын ойлайтын қажеттілігін, мүддесін қолынан келгенше қамтамасыз етуге тырысқан халық қамқоршысы.Томас Джефферсон барлық азамат табиғатынан тең, сондықтанда олар тең болып өмір сүру керек деген принципті ұстанған.Ол азамттардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болған саяси қайраткер.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қаңлы мемлекетінің археологиялық зерттелуі

Кіріспе
Қазақстан жерінде көне тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті. Бұл туралы алғаш рет біздің дәуірге дейінгі ғасырдағы жазба деректерде айтылады. Осы деректерге сүйенсек, бұл мемлекеттің орталығы Орта Сырдарияда, яғни Оңтүстік өлкемізде орын тепкен деген болжам айтуға болады.
Жұмыстың өзектілігі. Қаңлы мемлекеті өмір сүрген уақыт ішінде Сырдария арқылы өтетін Жібек жолының Ферғана мен Арал жиегіндегі аралығына бақылау жасау саясатын ұстанған ірі мемлект болып, көшпелі және отырықшы өркениет үлгілерін тиімді ұштастыра біліп, өзіндік ерекшеліктерге толы саяси мемлекеттілік құрған. Сондықтан Қаңлы мемлекетін зерттей келе, біз, өз ата-бабаларымыздың озық тәжірибесін, бай мәдени құндылықтарын қайта жаңғыртып, ұрпақтары мақтан тұта алатын өркениет иелерімен қайта танысамыз. Оның үстіне осы мемлекеттің Оңтүстік Қазақстан территориясында орнығуы өлке тарихын зерттеуге зор мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты. Оңтүстік қазақстан территориясындағы б.з.д. II – б.з. IV ғғ. аралығында өмір сүрген Қаңлы (Кангюй, Канцзюй) мемлекетінің археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген қазба жұмыстар нәтижелерін жинақтап, ғылыми тұжырымдарды сараптау арқылы осы мемлекеттің материалдық және рухани құндылықтарын айқындау.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі түріктер дәуірі немесе ежелгі түріктер заманы деген ұғым тарихи әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни ежелгі түрік мемлекеттері заманын көрсетеді (тар мағынасында). Ал енді тарихи – этномәдени даму үрдісін білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғасырлар арасындағы мезгілді көрсетеді. Тарихи – хронологиялық жағынан алғанда бұл кезең ұлан байтақ территорияны мекендеген әр түрлі тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тілдің, өзара жақын әдет-ғұрыптың, қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Біздің зерттеу нысанымыз VI-VIII ғасырларда өмір сүрген ежелгі түріктердің тарихының зерттелу деңгейі болып табылады.
Батыс пен Шығыс арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп ежелгі түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық - әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, еншілік жүйесін, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді. Сол сияқты олардың көрші елдердің идеологиясына қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетанымы да болды. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Еуроцентристік көзқарасты жақтаған еуропалық, патшалық Ресей тұсындағы ғалымдар ежелгі түріктер ерекше діндар болмады, саудаға да бейім емес еді, сондықтан төл жазуының әліпбиін шығаруға құлықсыз болды. Қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп-қонып жүріп табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің қоғамы – тарихы жоқ қоғам дейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық