Қаржы | АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУМЕН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдері туралы" (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекетгік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Салық Кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУ

Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Аммиакты селитра өніміне ұйым стандартын әзірлеу

Қазіргі нарықтық заманға сай, әрбір ұйым бәсекеге қабілетті, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім шығаруға ұмтылады. Өнімге арналған нормативті техникалық құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді жақсартып, оған өзіндік өзгерістер енгізіп, кәсіпорын өзінің ұйым стандартын әзірлейді.
Өнімге ұйым стандартын әзірлеуде басты назар аударатын мәселенің бірі - бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне шығарылатын өнімнің тікелей әсерін ескеру болып табылады. Стандартты дұрыс жасау, орнатылған талаптар бойынша қателік жібермеу аса маңызды, себебі талаптардан ауытқу байқалған жағдайда өнім өндірушіге де, оны тұтынушыға да зиян келуі мүмкін, сондай – ақ шығынға ұшыратады. Яғни, стандарт талаптарын толық меңгеру – біздің денсаулығымыздың да, табысымыздың да көзі болмақ.
Курстық жобаның мақсаты – кез келген өнім түріне ұйым стандартын әзірлеу үшін оның жасалуының нормативтік құжатта орнатылған талаптарын меңгеру болып табыла ....
Курстық жұмыстар
Толық