Экономика | Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның табысы және қаржылық жағдайы

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Он бір жыл ішінде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер болды. Осы жаңалықтардың негізі материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуы. Социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орынына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуы. Меншіктің жекешелендірілуі, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты. Бірақ шаруашылықты тиімді ұйымдастырушы, ортақолды меншік иелерін қалыптастыру оңай жүргізілетін шаруа емес. Оның басты себебі совет елінде 70 жылдан астам мемлекетке қызмет атқарған адамдар психологияс жеке адамдарды кәсіпкерліктен алшақтатты, шынын айтқанда кәсіпкерлік теорияс болған жоқ, керісінше бұл қызметті мемлекет басқару органдары атқарады деген пікір қалыптасты.
Совет экономикасы пролетарлық саяси экономия догмасына сәйкес бір орталықтан басқарылатын күрделі фабрика ретінде қаралды. Оның үстіне кәсіпкерлер - қанаушы тап капиталистер деген ұғым халық санасына молынан енді. Кейбір ынталы, жігерлі, өз бетімен еңбекке, кәсіпкерлікке талпынушы адамдар алдында заң жүзінде кедергі қойылып, олар жазаға тартылған жағдайлар да кездескен. Бүкіл Совет Одағына аты шыққан қазақстандық шаруа Худенко А.В. мердігерлік егіншілік бригадасын құрған үшін жауапқа тартылып мезгілсіз, жазықсызда дүние салды. Әлемдік тәжірибе мен ғылымда кәсіпкерлік теориясы кең қолданылды да индустриясы дамыған елдер экономикасында айтарлықтай жетістіктер болғаны жұртқа мәлім. Теориядағы сыңаржақтық, я болмаса тура бұрмалаушылық экономикаға орасан зор кедергі келтіреді, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, мәдени дәрежесін төмендетері сөзсіз. Осыған орай, теориядағы догмалардың кесірі ұзақ жылдар бойы бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақстандықтардың материалдық жағдайына қолайсыз болғаны белгілі.
Трансформациялық экономика жағдайында шаруашылықты ілгері дамыту үшін кәсіпкерліктің бастапқы нысандарын қалыптастыру үлкен мәнге ие болды. Себебі, ұдайы өндіріс тұрғысында кәсіпкерлік құрылымдар ғана экономикалық жүйелерді бір-бірінен айырма алады. Осыған байланысты, нарықтық принциптерге негізделген кәсіпкерлік сектордың жүйелі факторлары маңыздылыққа ие болады.
Методологиялық тұрғыдан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды.
Әдістемелік тұрғыдан қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРІ

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдибеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданыла бастады.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да міне, он бес жылдай болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік – экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек.
Бұған туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамытуғ осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңістік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикаттар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілерді ұйымдастырылды. Осындай шаруашылықты жүргізу үшін шет мемлекеттердің инвестициялық қаржылары қажет болды. Елімізжің инвестиция тартудың арқасында көптеген тоқтап қалған кәсіпорындардың жүруіне өз әсерін тигізді.
Елімізде жүргізіліп жатқан саясат экономиканың тұрақты дамуына және инвестициялық жобалардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Инвестициялық жобаларды шетелден келген және отандық компаниялар өз қызметтерін атқаруда
Қазақстан 50-дамыған мемлекеттің қатарына қосылу үшін инвестициялық жобаларды тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта мемлекетіміз Орта Азия елдеріне, өзіміздің инвестициялық жобаларымызда ұсынуда. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі

Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономиканы жаһандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. өтпелі кезеңде
экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция( яғни қаражаттарды кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық