География | География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі

КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр.
Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол "Қазақстан - 2030" даму стратегиясында басты орын алады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Экологиялық білім мен тәрбие беру тәжірибелік табиғат қорғау ісінсіз жүзеге аспайтындығы белгілі. Соған байланысты дәстүрлі емес білім алудың жаңа бір түрі: оқу экологиялық соқпақ білім беру жүйесіне енді. Ол адамдардың демалыс уақытындағы табиғат туралы білім мен тәрбие алу мүмкіншілігін тудырады.
Оқу экологиялық соқпақта экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісінің ерекшелігі дидактикалық тұрғыда үйрету ғана емес, оқушының еркін түрде ақпаратты қабылдауды, табиғи ортада жүріс-тұрыс ережесін сақтауды негіздейді. Бүның бәрі оқу экологиялық соқпақта демалу және танып білу кезінде органикалық үйлесімділікпен іске асады. Табиғат соқпағында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері шешілуімен қатар олардың дұрыс ұйымдастырылуы табиғатты қорғау шараларына жәрдемдеседі. Оқу экологиялық соқпақ демалушылар ағынын реттеуге, табиғатқа зиянын келтірмейтін қауіпсіз бағыттарды меңгеруге себебін тигізеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақ белгіленген аймақтағы табиғат қорғау ережесінің сақталуына мүмкіндік береді. Соның арқасында келушілерге бақылау жасауды және экологиялық соқпақ орындалуын жеңілдетеді.
Оқу экологиялық соқпақ экологиялық білім мен тәрбие беруге, келушілердің демалу мүмкіншілігін арттыруға, белгілі бір аймақта таби-ғатты сақтауға, т.б. мәселелерді шешуге бағытталған. Дәстүрлі түрде оқу экологиялық соқпақтар қорықтарының, ұлттық табиғат бақтардың ландшафтық қорықшаларымен жанаса жатқан аралық (буферлік) аймағында өтеді. Сонымен қатар оқу экологиялық соқпақтың салынуына орман бақтары, демалыс белдемдері, қаланың жасыл желек аймақтары, өндірістік қолданысы бар ормандар, ормансыз алқаптар (дала, жартылай шөлейт) жарай береді. Соңғы жылдары мектеп, лагерлер төңірегінде оқушылар өз күштерімен де оқу табиғи соқпақтарын ұйымдастыруда. Бұл үрдістің өзі оқушыларға табиғат-анаға деген мейірімділік, жанашырлық, тәрбиелік қасиеттерін қалыптастырады. Жастарға экологиялық білім мен тәрбие берудің дұрыс уйымдастырылуы табиғатқа деген көзқарасын өзгертеді, яғни табиғат-анаға саналы түрде қарым-қатынас жасайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Физикалық процестерді зерттеудің математикалық әдістері

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Дипломдық жұмыс физиканы орта мектептерде оқыту барысында қолданатын демонстрациялық бағдарламаларды құрастыруға және оның қолдану әдістемесін жасауға арналған.
Заманауи мектептердің компьютерлермен және интерактивті тақталармен толық қамтылуы мұғалім компьютермен жұмыс істеу жағынан психологиялық және кәсіптік дайын болмаса білім беруді өзгеріске алып келмейді.
Қазіргі уақытта есептеу техникасын физикалық зерттеулерде қолданудан үлкен тәжірибе жинақталған, негізгі физикалық мәселелерді шешудің жалпы әдістемелік жолы жасалған, сондайақ жалпы физикамен және теориялық физикамен қатар заманауи физиканың құрамдас бөлігі болатын физика бойынша білім стандартына кіретін жаңа пән-компьютерлік физика пайда болды деп айтуға болады.
Компьютерлік физиканың негізгі зерттеу әдісі - теориялық базасы ретінде математикалық моделдеу, ал эксперименттік базасы ретінде ЭЕМ қызмет ететін компьютерлік эксперимент болып табылады [2].
Компьютерлік модельдеу теориялық физика, сандық талдау және бағдарламалау пәндерін интеграциялайды.
Бүгінгі күнде физиканы оқытуда көптеген маңызды физикалық құбылыстар мен тәжірибелерді, олардың қиындығына байланысты құралдардың көмегімен демонстрациялық түрде көрсете алмайды. Оларды түсіндіру үшін мұғалімнен үлкен “бейнелеу мүмкіндігін” талап етеді. Міне, сондықтанда осы сияқты күрделі процестерді модельдеу үшін компьютерлік бағдарламалар жасау тенденциясы пайда болды [1-7]. Күрделі демонстрациялың компьютерлік модельдері жасалса, мұғалім бастапқы мәндерді алдын-ала дайындап, материалдарды түсіндіру барысында процестің дамуының мүмкін болар варианттарын және оларға сәйкес графиктерді эксперименттік қондырғының компьютердегі моделінің көмегімен көп уақыт жұмсамай-ақ демонстрациялауға болады.
Бұдан бөлек мұндай бағдарламаларды күрделі деңгейлі әр түрлі қосымша тапсырмасы бар практикумдарда қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- демонстрациялық компьютерлік бағдарламаларды жасауға қажетті аналитикалық шешімдерді алу үшін моделі жасалатын физикалық процестерді зерттеу. Сандық әдістер негізінде алгоритмдер құру;
- Алынған шешімдер негізінде демонстрациялық бағдарламалар жасау және лабораториялық жұмыстар құрастыру;
- Құрастырылған лабораториялық жұмыстарды апробациядан өткізу.
Дипломдық жұмыс нәтижелерінің ғылыми жаңалығы:
Жұмыста алғаш рет:
- “Өзара байланысты екі шаманың сызықтық тәуелдлігін моделдеу”, Серіппелі маятниктің тербелісін моделдеу”, “Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістерді моделдеу”, “Альфа-бөлшектердің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибелерін моделдеу” тақырыптары бойынша 11-сыныпқа араналған лабораториялық жұмыстар құрастырылды....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Физикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Орта мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы-физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдетеді және кеңейтеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырады. Егер оқушылардың пәнге қызығушылығы болмаса практикалық өмірмен байланысты қажетті мысалдармен қамтылған өте жоғары ғылыми деңгейдегі материал әдістемелік дұрыс құрылған сабақта өтілгеннің өзінде де күткен нәтижені бермейді.
Танымал кеңес педогогы В.А.Сухомлинский былай деп жазды: «Біздің бар ойлағанымыз, бар іздегеніміз және құрғанымыз, егер оқушының оқуға ынта-ықыласы болмаса көкке ұшады».
Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атаймыз. Мұндай сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
1) Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.
2) Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық конструкциялық қабілеттерін арттыру.
3) Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.
4) Оқушыларды оқулықпен ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
5) Жастарға саяси-экономикалық, ғылыми-материалистік, патриоттық, интернационалдық, эстетикалық тәрбие беру.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсатының бірі оқушылардың бір бөлігінің танымдық қызығушылығын дамыту болып табылса, ал физикаға қызығушылығы тұрақты, әрі терең оқушылар үшін сыныптан тыс жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады
Физикадан сыныптан тыс жұмыстарының тиімділігін арттыратын ерекшелігі сабаққа қарағанда мүмкіндігі жоғары болып табылады. Оқушылармен жұмысты индивидуализациялау әрбір оқушыға өзінің
қызығушылығына, талабына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыстарды
таңдауға мүмкіндік береді.
Мына факті үлкен мәнге ие, бұл іс-әрекеттер қандайда берілген нәтижелерге жетуге міндеттелмеу керек, егер жетекші дұрыс ұйымдастырса ол оқушылар үшін міндетті түрде сәтті болады.
Физикаға танымдық қызығушылықтың дамуы және оның практикалық қосымшасы сыныптан тыс жұмыста қызықты ғылым мен техниканың элементтерімен кеңінен қатыстырумен және ғылыммен қазіргі өндірістің жаңа жетістіктерімен танысумен қамтылады.
Мұғалімнің алдында сыныптан тыс жұмысқа барлық оқушыларды тарту міндеті тұрмайды, бірақ ол физикаға қызығушылық танытқан оқушыларды байқау және оның жеке ерекшеліктерін қанағаттандыратын сыныптан тыс жұмыстың түрін табу керек.
Кейбір оқушыларға факультатив сабақтарға және физикалық үйірмелерге қатысып көруге, екіншілеріне техникалық үйірмелерге қатысуға, үшіншілеріне физикадан қызықты кітаптар немесе ғылыми-көпшілік мақалаларды оқып көруге бағыт беруге болады. Көпшілік оқушылар үй жағдайында тәжірбиелерді өз бетінше орындауға бейім болады. Бұл іс-әрекеттерде мұғалім тарапынан жетекшілік етуді талап етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері

Кіріспе
XX ғасырдың соңғы он жылдығында құлаш жая бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» үштігі негізіндегі гуманитарлық зерттеулердің пән аралық салалардың дамуын күшейтті. Олардың құрамына этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану және лингвоелтану ғылымдары кіреді.
Антропологиялық тіл білімінің түрлі бағыттары өз бастауын В. Фон Гумбольдттің, «тіл – халық рухының, оның танымы мен менталитетінің көрінісі» концепцияларынан бастау алатыны белгілі. Л.Вайсгербер тілді шындық әлем мен адамның және оның санасының арасындағы «аралық әлем» деп есептейді. Жалпы тіл білімінің маманы, ғалым Э.Бенвенист сөзімен айтсақ «Мы мыслим: мир таким, каким нам оформил его сначала наш язык. Различия в философии и духовной жизни стоят в неосознаевамой зависимости от классификации, которую осуществляет язык»[ 1.36б].
Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрса да, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Бұдан тіл мен мәдениеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады деген ой тумаса керек.
«Мәдениеттану» терминін 1909 жылы алғаш ғылымға енгізген неміс филосифы және химигі В.Оствальт болатын. 1939 жылы Лесли А.Уайт өзінің антропологиялық зерттеулерінде аталмыш терминді ұсынады.
Белгілі ғалым Э. Бенвенистің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінен басқа бір лингвистика тууы мүмкін»,– деген ұшқыр ойы XX ғасырдың соңында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжамы сияқты. «Лингвокультурология» – «лингво мәдениетттану» термини соңғы үш-төрт жыл көлемінде фразеологиялық мектептің өкілдері В.В.Воробьев пен В.Н.Телияның негізгі ой желісі барысында туды.
Лингвистикалық мәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтық мәдениеттің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара жиі әсері және өзара байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенмен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Адам ұрлау қылмысының қылмыстық құқықтық түсініктемесі

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабына сәйкес біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Әрбір жеке адамның өзіндік құқықтары мен бостандықтары кешенінде негізгі орынға адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық ие және олар конститутциялық кепілмен қамтамасыз етіледі. Бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтар күнделікті өмірде әртүрлі әдіс-тәсілдермен қамтмасыз етіледі, соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралармен.
Біздің респуликадағы адам бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық құқығына қол сұғуға жауаптылықты белгілейтін қылмыстық заңнама елдегі жүргізіліп отырған қылмыстылыққа қарсы саясатқа сәйкес дамытылып, жетілдіріп отырылуға тиіс. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты концепциясында көрсетіліп кеткендей қылмыстық заңнамада бастама заңмен қорғалатын ең қымбат әлеуметтік құндылық болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтары алынуы керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Адам және азамат құқықтары бостандықтары мен міндеттері

Қазіргі кезеңде рухани құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің алатын орны ерекше. Әлбетте, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері оларға мемлекет немесе басқа біреудің тарапынан сыйға тартылмағандықтан, оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Дәлірек айтатын болсақ, табиғи құқықтарына адамның өмір сүруі, еркіндікке жету, жеке басының еркіндігі жатады.Сол себепті де адам қандай да бір күш немесе үкімет алдында өздерінің табиғи құқықтары үшін мәңгі қарыздар емес екендігі айқын. Табиғи құқықтармен негізгі еркіндіктердің азаматтар несібіне жазылғандығы, ол адам, яғни осы өзі жеткілікті. Тек қана, осы табиғи заңдылыққа қол жеткізу үшін де орасан зор күш жұмсау қажет болды. Ал адамның мемлекет пен өзара әрекеті нәтихесінде туындайтын құқықтары, яғни еңбек ету, білім алу, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, салауатты өмір сүру, еркін жүріп түру, мүліктерге ие болу құқықтары үшін әліде толастамай келеді. Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының дамуы

Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек рыногы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстар рыногы басқару жүйесін жетілдіру қажет.
Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекке қамтудың негізгісі еңбек ресурстың өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санын да өскендігін байқауға болады.
Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Облыс бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның өнімнің өзіндік құнын төмендету тетіктері

Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Салық жүйесіндегі акциздік салықтың жетілдіру жолдары

Меншік қатынастары радикалды қайта құруда құрылатын Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау, салық жүйесін қалыптастыру және құру мәселелерінің ғылымдық қызығушылығын жоғарлатуды ынталандырады және оның трансформациясының табысының өзгертуін ұсынады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін радикалды түрде реформалауда ең алдымен, тиеселі салық жүйесін құру қажеттілігін ескерткен, меншік қатынастарын қайта құрумен анықталады. Сонымен қатар салықтар, еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің материалды және қаржылық сүйеніші болып келетін, ұлттық табыстың мемлекеттендірілген бөлігіндегі негізгі құралдары ретінде орындалады, ал салықтың потенциалы салық салу жүйесіне сай функциялары арқылы жүзеге асырылады.
Салықтар салық әдістері арқылы капиталды барлық жаңғырту процессіндегі кезеңдерін жанап өтеді: салық қойылымдары, түсімдер, жеңілдіктер, өнеркәсіптің прогрессивті саласына ықпал ету мақсатымен мемлекет бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін жүзеге асырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазіргі заман жағдайындағы несиенің мәні мен қажеттігі

Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде ақша – несие жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан ел экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс үрдісінде маңызды роль атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарыз алушылар арасындағы қарым–қатынасын білдіреді.
Несие – бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы – бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы.
Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай ақшаны бөлу және xалықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттарының жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы.
Несие заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен беріледі. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез-келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез-келген бағытта жүре алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық