Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының дамуы

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының  дамуы казакша Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының  дамуы на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жұмыс күші- еңбек рыногындағы экономикалық
қатынастардың нысаны
1.2. Еңбек рыногының институттары мен ұйымдары:
әлемдік тәжірибе
1.3. Еңбектің экономикалық тиімділігі: мәні және көрсеткіштері

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ
ДАМУЫ
2.1. Қазақстандағы еңбек қатынастарының дамуы
2.2. Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясы:
сипаты, өзекті мәселелері
2.3. Еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеу: мәселелері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек рыногы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстар рыногы басқару жүйесін жетілдіру қажет.
Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекке қамтудың негізгісі еңбек ресурстың өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санын да өскендігін байқауға болады.
Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Облыс бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. Ал өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын азайғанмен, еңбек ресурстарының жалпы санына шаққандағы пайыздық үлесі біршама өскендігін көрсетеді. Материалдық өндіріс сферасының ең басты бөлігін ауыл шаруашылығы саласы алып отыр. Олай болса халықты жұмыспен қамту саясатын ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруден бастау қажет.
Жұмыс істейтіндер, жалпы жұмыс істейтіндер халыққа білім беру саласы, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында жұмыс істейтіндер, кейінгі орында тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету салаларында құрайды. Бұл аталған салалардың барлығы өсу тенденциясына ие болып отыр.
Осы аталған мәселелерді шешу еңбек нарығының негізгі элементтерінің бірі болып табылатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне тікелей байланысты.
Азаматтарды жұмыспен қамтудың төмендеуінің негізгі факторларының бірі болып облыстағы ірі кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыс істеуінің тұрақсыздығы мен тоқтап тұрулары, қаржылық дағдарыс жағдайлары қосымша жұмыс орындарын ашуға теріс әсерлерін тигізеді. Бос жұмыс орындары мен қызмет орындарының жетіспеушілігі әсіресе ауылдық жерлерде қатты сезіледі.
Жұмысқа орналасуға тілек білдіргендердің ішінде жұмысқа орналастырылғандардың жалпы республикалық деңгейімен салыстырғанда орналастыру деңгейі төмен болып отыр.
Ресми түрде тіркелмеген жұмыссыздардың саны мен өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны “көлеңкелі” экономика мен жеке шаруашылықтарда басым болып отыр. Оларды есепке алудың дұрыс жолға қойылмағандығынан жұмыспен қамтылғандығынан жұмыспен қамтылғандар туралы мәліметтер дәл болмайды. Ресми түрде еңбек табысы жоқ жұмысшылардың басым көпшілігінің “көлеңкелі” табысы немесе жасырын жұмыс орындары бар.
Жоғарыда атап өткендей қандай да бір мәселені шешу үшін ол жайында толық хабарда болуымыз керек. Олай болса, нарықтық экономиканың дәл қазіргі қалыптасқан жағдайына байланысты пайда болған еңбек мәселелерін шешу үшін еңбек нарығының белсенді жұмыс істеуі үшін қажетті барлық құралдарды іске қосу керек. Олар:
- еңбек ресурстарының ұдайы өсу процессінің мониторингісін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру;
- жасырын жұмыспен қамтылғандарды, жасырын жұмыссыздарды өзіндік жұмыспен қамтылғандарды айқындау, олардың еңбек табысы жөніндегі мәліметтерді анықтай отырып салық жүйесін жетілдіру;
- кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын құру;
- жұмыссыздардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, яғни кадрларды дайындау және қайта дайындау, кәсіптік бағдар беру жүйелерін жетілдіру;
- жұмыссыздарды жұмыспен қамтудың жаңа икемді формаларына ынталандыру қажет;
Мен өзімнің дипломдық жұмысмды орындау барысында мынандай әдебиеттерді (кітаптар, журналдар, мақалалар, заңдар т.б.) пайдаландым. Олар:
Нұрсұлтан Назарбаев. Стратегия ресурсо-сбережения и переход к рынку. М., 1992, 352 с.
Әубәкіров Я. Ә. Экономикалық теория. Алматы, 1999, 278 б;
Крымова. Экономикалық теория. Алматы, 2000, 380 б;
Әкімбекова. Экономикалық теория. Алматы, 2000, 461 б;
Жатқанбаева Е.Б. Экономикалық теория. Алматы, 2006, 300 б;
Жұмабаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы. Алматы, 2003, 270 б;
Қ.Бодаухан. Нарыққа өту жолында ұлттық аймақ экономикасының әлеуметтік бағыттылығын арттыру мәселелері. Алматы, 1997. (кандидаттық диссертация. ).
1. ЕҢБЕК РЫНОГЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕГІ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Жұмыс күші- еңбек рыногындағы экономикалық
қатынастардың нысаны

Еңбек рыногында жұмыс күші бар жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабылеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабылеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабылеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабылеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек рыногы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталады, табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапаттау ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындады.
Маркстің концепциясы біріншіден, еңбек болмақ, құнның қайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді. Бұл мынаған негізделген, сатылатын еңбек емес, жұмысшының еңбекке деген қабілеттілігі, яғни жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүру құралының құнын анықтайтын жұмыс күші көрінеді.
Еңбек рыногы- бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрсететін экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық рыноктағы сияқты еңбек рыногында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрайды.
Еңбек нарығы (жұмыс күші нарығы)- бұл жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкестігінің жалпыға ортақ формасы. Ол тұтынушы сұранысына сәйкес экономикалық секторларына жұмыс күшінің біртіндеп орналасу механизмінің икемділігіні қамтамасыз етеді.
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болу қажет.
- еңбек рыногының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсіподағы, жұмыс берушілер және олардың одақтары, мемлекет және оның органдары);
- субъектілер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешімдер мен заң нормалары;
- рынок механизмі (жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы, бәсекелестік);
- жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер;
- рынок инфрақұрылымы.
Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөліктері бірлесіп жұмыс
күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестіруге, адамдардың еңбекке және қызмет түріне ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға, белгілі әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.

Еңбек рыногының екі түрін көрсетуге болады:
- біріншісі, жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген, яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолмен толтырады. Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.
- екіншісі, еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген. Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.
Әдетте, еңбек рыногының үш моделін атайды, американдық,
жапондық және шведтік.
Американдық моделінде экономиканың бәсекелестік жағдайын қолдау саясаты, оның аса орталықтануына жол бермеу, кәсіпкерлерді белсенділікке және қызметкерлерді жеке табысқа, ақша табуды мақсат етуге итеру тән. Қызметкерлер кәсіпорындар арасында жиі алмасады, оқу орындарында кәсіптік даярлау толық болады, кәсіпорындар өндірістік оқуға кететін шығынды азайтуға тырысады. Кәсіпорындарда жалақы шартпен, ұжымдық келісіммен тағайындалады. Кәсіподақтар кәсіп нышанасымен құрылады. Штаттық және федеральдық жұмыссыздықты сақтандыру қорларына кәсіпорындар мен қызметкерлер әрқайсысына бөліп жарнама төлейді. Қордың негізгі сомасын кәсіпкерлерден түсетін салық құрайды. Бұл салық төленген жалақының белгілі бір пайызы ретінде алынады. Осындай саясаттың нәтижесінде қызметкерлердің территориялық және кәсіптік жылжымалдылығы, жұмыссыздық деңгейі басқа елдермен смалыстырып қарағанда жоғары болады. Мұның барлығы бұл елде сырт рыногы басым екенін көрсетеді.
Жапондық модельдің ерекше бір сипаты- “Өмір бойына жалдану жүйесінің” орын тебуі, яғни қызметкерлер осы жүйе бойынша еңбекпен қамтамасыз етілуіне кепілдеме алады. Кепілдеме заңды түрде бекітілмеген, жалданған қызметкерлер мен кәсіпкерлердің ұзақ жыл бойы қатынастарынан туған нәтиже. Мұндай жүйені кәсіподақтар қолдап, фирмаға түзу ниетпен қарайды. Жапонияда кәсіподақтар компания ішінде құрылады және қызмет істейді. Фирма қызметкерлердің кәсіптік дайындау мен біліктілігін жоғарылатумен шұғылданады, ол олардың еңбекке, жұмыс сапасына дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Өз ойымен қызметкерді бір жұмыс орнынан ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының дамуы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Экономика дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының дамуы, дипломдык Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының дамуы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык, Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының дамуы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін