Ғарышқа саяхат

Білімдік саласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (аралас сабақ)
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Ермексазды қолдана отырып, тапсырманы ұқыпты, таза орындау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, ермексаз, тақтайшалар, сүлгі.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, таныстыру, сұрақ - жауап, мүсіндеу.

Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты,
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түссін даламыз
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы күн достарым!


- Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз. Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз? Біз нені басып жүрміз? Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар? (аспан, ғарыш) Дұрыс балалар.
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнай ма? Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неменеге ұқсайды? Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар! Ал енді солардың арасында ең үлкен жұлдыз бар, ол қалай аталады? (Күн) Күн ол үлкен, жарқырап тұрған, ыстық шар. Ал ғарышта біз қандай заттарды кездестіруіміз мүмкін?
Спутниктер, кометалар, астероидтар мен метеориттер (суреттер көрсетіледі). Ал ғарышқа кімдер ұшады? Дұрыс, ғарышкерлер. Ең бірінші болып ғарышқа зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол кім екен? (Ю. Гагарин) Ал әйел адамдардан В. Терешкова, кейін Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты. Олар: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев.

1) Әубәкіров ағаның даңқы көкке самғаған,
Тоқтар аға Гагарин салған жолды жалғаған,
Тоқтар ағам - жан ағам бұрыннан да ер еді,
Менің батыр ағадан аумай қалғым келеді. . ....
Балабақша сабақ жоспары
Толық