Қаржы | Ақша қаражаттар қозғалысы

Қазақстан Республикасының әлемдік ортаға тәуелсіз, егеменді мемлекет болып кіруі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің алдына жаңа, әрі жоғары талаптар қояды . Бұл қаржылық есептің мәні мен мазмұнының шет ел серіктестіктерге түсінікті және қол жетерлік болуы мен оларды өңдеу және ұсынудың халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келу қажеттілігімен байланысты .
Бухгалтерлік есепті реформалау үрдісі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған сәтінен басталды . Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесінің жетілуіне ҚЕХС , қаржылық шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспары мен оны қолданудағы әдістемелік ұсынулар сияқты нормативтік құжаттар үлкен үлес қосты деуге болады .
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудитт әдістемесі департаментінің ” № 4 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ” – деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында : “ Кәсіпорындар мен ұйымдардың , яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық , қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді ” делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемерлерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге ) тапсырады ” делінген .
Ақша қаражаттарының бар жоғы туралы , оларды толтыру ресурстары , бағытталуы сыртқы пайдаланушыларға келесілерді талдау үшін керек :
> кәсіпорынның қаржылық жағдайын , төлем қабілетін , өздерінің ағымдады міндеттемелерін уақытында төлеу қабілетін , болашақта ақша қаражаттарын ұзақ мерзімді активке инвстициялау арқылы өз қызметін дамыту мүмкіндігін , әрі қаржы ресурстарын тарту қабілетін зерттеу .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржылық есептілікті қолданушыларға компанияның ақша қаражаттарын және оның баламаларын қалыптастыру қабілеттілігін бағалауға негіз беретінімен пайдалы . Қолданушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер компанияның ақша қаражаттарын қалыптастырып , оларды уакытылы орналастыру қабілетін бағалауды қажет етеді .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мақсаты шаруашылық серіктестіктер тобының қаржылық - шаруашылық қызметі туралы сенімді ақпаратты пайдалануды , оны бағалап , тиісті экономикалық шешім қабылдауын қамтамасыз ету ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша мәні және экономикадағы рөлі

Құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Әр түрлі құн теориясы бар. Олардың бірі — еңбекті теориясы, қоғамдық абстракты еңбекпен ұстау және тауар құны мөлшерін анықтайды, өндірістеріне жұмсалғанына.
Ақшаның бірінші қызметі—құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез келген тауардыңқұнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей сипатқа ие болды: (1 қойға = 1 қап астық) эквивалент.
Ақша дегеніміз не? Мүмкін, ақша дегеніміз – адамзаттың ең үлкен ашқан жаңалағы екенін атап өткен жөн. Егер де ақша болмаса, онда айырбас та мүмкін болмас еді. Яғни қоғамның дамуының негізі болып саналатын – еңбектің бөлінуі болмас еді.
« Ақша адамды дуалайды. Ақша үшін олар қиналады, сол үшін еңбек етеді. Олар ақша табудың шеберлігін және оны құртқандада тамаша әдістер ойлап табады. Ақша бір тұтас тауар, біз оны тек жұмсау үшін ғана қолданамыз. Олар сізді тамақтандырмайды, киіндірмейді, сіздің көңіліңізді көтере алмайды. Осының бәрі тек жұмсалғаннан кейін іске асады. Адамдар ақша үшін бәрін істейді, ақша да адам үшін бәрін істейді. Ақшалар — бұл баурайтын, қайталанатын, алмастыратын жұмбақ маскалар».....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ

Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналымы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым мен міндеттерім болып табылады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Ақша айналысы және ақша айналымы” деп алдым.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша жүйесінің мәні және түрлері

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі....
Курстық жұмыстар
Толық

Қаржы | Ақша қаражаттары есебінің аудиті

Қазіргі экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.
Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық