Шығармалар


Халқы үшін туған елбасы

Ұшқан құстың қанаты талып, шығыстан шыққан күн батысына әрең жететін кең жазиралы даланы мекен еткен «қазақ» деген іргелі елміз. Ғасырлар бойы бағы мен соры кезектесе отырып, досқа ақ пейілін, қасқа найзасын, дауға қылышын сілтеген, тағдыры қаншама рет тағдыр таразысына түсіп, қыл үстінде тұрса да «құт дарып, қыдыр қонған» туған елді көздің қарашығындай сақтай білген елміз. Міне, осындай қиын сәтте қолы от көсеген, еңбекпен көсегесі көгерген....

Шығармалар
Толық

Қашанда қарыздармын, елім саған!

Қашанда қарыздармын, елім саған,

Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.

Жүректің арнап ыстық махабатын,

Туған жерім, менің берерім көп саған.

 

Менің туып, өскен жерім – Қазақ елі. Қазақ халқында: «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» –  деген дана сөз бар.

Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер –  әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір....

Шығармалар
Толық

Туған жер: Жетісай

Туған жер... Бұл сөзді естіген әрбір адам ыстық сезімге бөленеді. Кең далалы кейпімен туған жердің өзі сені құшағына алып, жылы лебізіне бөлеп тұрғандай сезім...

Мен Оңтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Қазір аты ауданға айналған Жетісай атты шағын ғана қалашықта дүниеге келдім. Біз қалашықтағы кішкентай ғана қарапайым отбасы болып өмір сүрдік. Ата-анам отбасымызда бес қыз баланы тәрбиелеп өсірді. Әкем – электрик, құрылысшы сынды қызметтерде жұмыс....

Шығармалар
Толық

ҚазҰУ- ғылымның ортасы мен білімнің ордасы

Білімнен нұр шашқан аспаны

ҚазҰУ-ым ғылымның асқағы

Жадымда сайрайды тарихың

Тәлім мен тәрбие бастауы…..

Осындай тәуелсіз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Білім алуға деген мүмкіндіктеріміз бен қол жеткізе алатын армандарымыз бар. Осының құрметіне білім алып жатқан оқу орныма мақала....

Шығармалар
Толық

Имандылық- адамгершілік пен ізгілік тірегі

Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.....

Шығармалар
Толық

Бір ғасырлық күрес

 Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады ....... 

Шығармалар
Толық

Ұлттық таным отбасынан басталады

Қазақ халқының ұлттық танымы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді.

Шығармалар
Толық

Ақылың мен қайратын екі жақтап

Әрбір елдің өткен-кеткенін саралап баға беретін тарихы болады.Қазақ тарихы да сан мыңдаған ғасырлардан тұрады.Оның әрбір жылы азаттықты аңсаған,күреске толы. Егер де арғы тарихымызға тоқталсақ төрт мың,бес мың жыл тереңге кетер едік.Ал мен, бергі тарихымыздан сыр шертсем деймін.Қазақ елі болып таныла бастауы 1456 жылы Керей мен Жәнібек хандардың “Қазақ хандығын” құруымен байланысты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына,ұлт-азаттық көтеріліс және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңдерін бастан кешірді.Содан кейін ғана 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін.дінін дамытты. Қазіргі таңда президентіміздің салиқалы саясаты арқасында қазақ елін бүкіл әлем таниды..Бұның барлығы сан ғасырлардан бергі тарихымыздың жемісі болып табылады.......

Шығармалар
Толық

Есірткесіз – өмір тамаша

Нашақорлық – қоғамдағы індет. Есірткінің адам өмірін жалмап, тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, улайды. Есірткіге уланғандағы   уақытша алдамшы  «рахат» сезімді қайғыдан құтылу жолы деп түсініп, соны қайталағысы кеп тұрады. Осыдан барып есірткіге тәуелділік пайда болады да, адам өзінің есірткінің құрбаны болғанын байқамай да қалады. Есірткінің түріне адам ағзасының ерекшелігіне қарай улану да түрліше....

Шығармалар
Толық