Рефераттар


Әдебиет | ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ АРЫНҒАЗЫ

Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833) – алмағайып аласапыран заманда өмір сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, төре күйлерінің негізін салушылардың бірі болған дәулескер күйші-композитор. Арынғазы қазақ сахарасына әйгілі болған текті әулеттен.
Шежіре тілімен айтқанда, қазақ халқының шаңырағын көтерген Әз Жәнібектің баласы Жәдік сұлтаннан өрбіген әйгілі Батыр сұлтанның шөбересі болып келеді. Батыр сұлтан, одан – Қайып, одан Әбілғазиз, одан – Арынғазы. Мемлекет қайраткері, саясаткер ретінде Арынғазы қос бүйірдегі көршілері Ресей мен Хиуаға тең саясат ұстанып, екеуінің де қорқау ниеттеріне тосқауыл болды. Әкесі Әбілғазиз 1815 жылы дүние салған соң, Арынғазы хан болып сайланғанда, Жанкент қаласында Шекті, Шөмекей, Жaғалбайлы, Төртқара, Жаппас руларының көсемдері оны ақ киізге отырғызып көтеріп, төбесінен алтын мен күміс теңгелер құйған. Ал, Бұқар әмірі Арынғазының таққа отыру құрметіне арнайы хандық мөр құйдырып, алтын оқалы шапан пен арғымақ ат тарту еткен.
Тек, Ресей патшасы ғана, Абылайды, Батырды, Қайыпты хан деп мойындамағаны сияқты, аққаптал саясат ұстанып, Арынғазыны хан ретінде мойындамайды. Арынғазы хан тағында болған кезеңде ел ішінің береке-бірлігіне айрықша көңіл бөлген. Ол ел басқару ісінде ақыл-парасаты кемел ру басыларына сүйеніп, қазылар сотын құру арқылы қол астындағы халықтың жарастықты өмір сүруіне жағдай жасады. Халық тынышын алған отыз баукеспе барымташыны өлім жазасына кескізуі Арынғазының ел мүддесі үшін бәріне де дайын болғанын көрсетеді. Арынғазы хандық құрған кезде ру аралық дау-шар тиылып, көрші елдермен сауда-саттық жанданды.
Әсіресе, Ресейдің Орта Азия елдерімен арадағы сауда жолдарының қауіпсіздігіне Арынғазы өз тарапынан кепілдік беріп отырады. Бұл ретте ол хиуалықтардың арандату әрекеттеріне тойтарыс беріп, қанды қақтығыстарға да барып отырды. Мұндай саясатқа іш тартқан Ресей өкіметі Арынғазыны Кіші жүздің хандық кеңесінің төрағалығына сайлап, гаухар тас орнатылған алтын медальмен марапаттайды, 500 рубль көлемінде жалақы тағайындайды. Ел ішіне жарастықты ахуал орнатқаны үшін халық оны «Тыным хан» деп атады. Ол Кіші жүз бен Орта жүздің ықпалды адамдарымен ақыл тоғыстырып, дербес хандық құру жөнінде тегеурінді қимылдарға мұрындық бола білді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ

Әбділда Тәжібаев – осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.
1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.
Әбділда Тәжібаев "Күй атасы","Ақын", "Портреттер" аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.

Ә.Тәжібаев атақты драматург те. Драмалық шығармалар жазуды 30-жылдардың соңына ала бастап, әдебиеттің бұл күрделі жанрында айтулы туындылар берді. Әдебиеттану саласында да жемісті еңбек етіп, Ә.Тәжібаев талантты ғалым екенін танытты. Оның, әсіресе, поэзия мен драматургия саласындағы зерттеулері терең ғылымилығымен, талдауларының нәзіктігімен тәнті етеді.
Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.
Өмірбаяны. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Ақмешітте (казіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келеді. Әкесі Тәжібай 1915 жылы қайтыс болады да, шешесі Айманкүл күнкөріс жағдайына байланысты алты жасар Әбділданы қала сыртындағы Қараөзек деген жерде тұратын төркініне алып кетеді. Содан болашақ ақын он үш жасына дейін шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан да өз анасы мен нағашы атасы болады. Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі екен, Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйретеді. Кейін белгілі халық ақыны болып, өлеңдер жинағы да жарық көрген Айманкүл, ол кезде әкесі Далдабай қарттың өтінішімен ауыл адамдарына Шығыстың қиссалары мен қазақтың неше алуан жыр-дастандарын оқып беріп отырған. Соларды қыбыр етпей, құмарта, үнсіз тыңдаушыларының бірі – Әбділда болған. Кейінірек үйлеріне келген қонақтары мен ауыл адамдарына, кішігірім жиын-топта әлгі қисса, дастандарды атасының айтуымен Әбділда оқып беретін болған. Оның үстіне бұл ауылға, әсіресе осы нағашы атасының үйіне Сыр елінің атақты ақын-жыршылары жиі келіп тұрған. Бір жолы Әбділда ауылдарына келген атақты ақын әрі әнші Нартай Бегежановпен Айманкүлдің ұзақ айтысын тыңдап, шешесінің айтқыштық, ақындығына қуанып, тапқыр сөздерін есінде ұстап қалған. Анасы жастай дүниеден қайтқан күйеуін байырғы қазақ салтымен жыл бойы жоқтағаны, шешесінің өзі шығарған ұзақ жоқтау поэмасын дауыстап жатқа айтқанын төсекте жатып тыңдап, мұңды-шерлі әуеніне іштей үн қосатын болған.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Ә Молдағұлова М Мәметова қазақтың аяулы қызы

Аспан жер арасын
Өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
Көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
Тыншымастай сұстанды Адамға Адм.
Түндер келді жарыңның құшағында
Рахаттың орнына алаңдаған
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
Тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
Жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
Күліп-атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
Қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әлі қысқа бұл тіршілікте
Болар кейде мейірімді адамнан аң
Сәби көңіл жандардың жанын улап
Бітіспес кек, ызамен арамдаған.
Дөңбекшіді сонда жер қанға бөгіп:
“Не кінәң бар, Адамдар, табар маған?!”

Иә, қара жерді дөңбекшітіп, жазықсыз жандардың жанын жазылмас жарамен қан жылатқан көп қазақ халқының ер жүректілігі мен қанға сіңген қаһармандағын әлем алдында тағы да әйгі еткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да келер жылы 60 жыл толғалы отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, соғыс қантөгісін бастан кешірген талай адамдар соғыс салған азап пен қасіретті күні бүгінге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да көмескіленуі мүмкін емес. Адал жарды аяуласынан, ананы жалғызынан айырған бұл сұм соғысты қалай ғана естен шығарарсыз.
Жеңіс салтанаты. Миллиондарды өмір мен үміттен айырған осы соғыстағы жеңіс салтанаты оп-оңай келген жоқ. Отан сүйгіш ұл - қыздардың майдан мен тылдағы жан аямас еңбегінің жемісі еді – бұл.
Иә, Отан қорғауға тек асыл ер – азаматтарымыз ғана емес, қолына қару алып, майдан үшін тағдырын белге буған ардақты апа, әпкелеріміз де болды.
Ана және соғыс. Бір – бірінен жер мен көктей алшақ жатқан осы екі ұғымның бір сәт басын қосып көріңізші. Сіздің көз алдыңызға өртеген үй мен шырылдаған сәби, жүректі ысқылаған қайғымен аралас ыза мен кек оты жанраынан ұшқан ана бейнесі елестер еді. Балғын сәбиіне көкірегін тосып, емірене аймалаған ана мейірімін елестетіңізші!

Не деген бақыттылық!
Отыр еді көзінде жақұт тұнып
“Соғыс” деген бір сөзден есеңгіреп,
Зәресі ұшты орнынан атып тұрып.

Мейірім мен шаттық үшін ғана жаратылғандай бал – бұл жанған ана жүзін ашу мен кек торлады. Күле шаттана білген ана ел басына мұнар күн туғанда, қасіретімен Жре үстіндегі жазықсыз тіршілікті қорғауға деген шексіз махаббаты пен бір қайратқа мінгендей жігерленді.
Он сегіз бен жиырманың арасындағы әлі жігіт сүйіп үлгермеген, күні кеше қос тұлымы желбіреп, ертеңгі болашаққа аппақ арман, балауса үмітпен күлімдеп қараған жас қыздар нәзік балтырын сыздатқан солдат етігін киіп, гұл құшуға жаралғандай нәзік саусақтары ауыр автоматты көтеріп, майдан өтіне бара жатты.
Ұлы Отан соғысының от-жалынды жылдарында ер-азаматпен бірге қолына қару алып, майдан шебіне аттанған Әлия мен Мәншүктей қыздарымыз сан жүздеп саналады.
- Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу – біздің бар ой – арманыңымыз осы болатын,- деп еске алады Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әлима Ақжолова.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ә Бөкейхановтың қызметі

Қазақ халқы көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы кезде азын-аулақ болса да халық жағдайын ойлаған азаматтарымыз бұл тығырықтан шығуға тырысты.
Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді қайраткерлерді атап өтуге болады.
Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді.
Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды.
70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей. Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ.
Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру.
Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері мен қатардағы мүшелері 1920-30 жылдары саяси қуғын – сүргіннің құрбандары болды. Осыған қарамастан Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері мен тарихта хатталып қалды.
Тарихтың қилы кезеңдерінде сан алуан оқиғалар болған. Олардың бір қатары уақыт өте келе ұмытылып, тарихтың ақтаңдақтарына айналды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында –ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны Алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бұл мәселеге тар таптық, партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы алғашқы партия құру әрекеті неден басталды, немен аяқталды, соған тоқталайық.
1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік, еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктерді елдегі өз бостандығы үшін қуаттық қозғалысын қосып алудан қаймықты. 1905 жылы 6 тамыздан мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа «бұратаналармен» бірге қазақ еліне депутат сайлау құқығын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып, ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позияциядан үгіт насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады.
Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осі кезектегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы – кадеттердің ұстанған бағыты ма тоғысқандығы тарихи факті. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘБУ НАСЫР әл ФАРАБИ

ӘБУ НАСР Мұхаммад Ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қ. – 950, Сирия, Шам) – қыпшақ даласынан шыққан, ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Ә.Н.әл-Ф. – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезінде дәл келді. Ә.Н. әл-Ф. Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдері қаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, мед...
Тарихта аса қастерленетін екі ұлы ұстаздың бірі ретінде оның білім мен тәрбие берудегі теңдесі жоқ қызметі мынаған саяды: Ол бірінші рет «ғылым негіздерін баяндаудың әдістемесін» негіздеп, оны жеке ғылыми пән деңгейіне көтерді. Мұнда оның ойы құр сөз жүзінде емес, нақты аралық мысалдармен шебер ұштастырылған. Мысалы, Ә.Н. әл-Ф. өзінің «ғылымдар тізбесі» деген еңбегінде математика тарауларына: арифметика, оптика, математикалық астрономия, музыка, шеберлік амалдары туралы ғылымдарды қосады. Бұдан Ә.Н. әл-Ф. математиканы оның кең ауқымды қолданбалы салаларыныңсыз жалаң ғылым ретінде елестете алмайтыны көрінеді. Математиканың қолданбалы салаларының ішінде «шеберлік амалдары туралы ғылым» болып есептеледі. Оның білім мен тәрбие әдістемесіне байланысты «Рухани шеберлік амалдарының кітабы» атты жеке еңбегі де бар. Онда математика саларында қолданылатын әдістемелік амалдар туралы шебер айтылған. Ә.Н. әл-Ф, өзінен бұрынғы ұлы ғұламалардан өзгеше, білім мен тәрбиенің ерекше мән берді. Тәрбие мен білім «жас ұрпақтың қос қанаты» деп аталды. Ол «тәрбиесіз берілген білім адамзатты күйретеді» деп көргендікпен ескертті. Бұған адамзат тарихы өзінің басынан өткен ащы тәжірибесінде көз жеткізуде. Бүгінгі қоршаған табиғи, рухани ортаның бұзылуы адам мен табиғатты экологиялық апаттың ең шеткі құлау құрдымына алып келді. Бұл тәрбиеден ажыраған білімнің салдары сондықтан Ә.Н. әл-Ф. тәрбиелеуші білімнің ғылыми негізін қалаған екінші ұстаз атанды. Ә.Н. әл-Ф. сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесі жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҒТР дің негізгі сипаттары

Адамзат өркениетінің дамуына ілесетін ғылыми-техникалық прогрестен өзгеше ғылыми- техникалық революция дегеніміз – ғылым мен техниканың дамуында қоғамның өндіргіш күштерін түбірімен өзгертетін сапалық күрт ілгерілеу болатын уақыт кезеңі .
ҒТР басталуы шамамен ХХ ғасырдың орта тұсы . Оны сипаттайтын нышандар өте-мөте сан алуан және ҒТР- дің барлық құрамдастарына: ғылымға , техника мен технологияға , өндіріске , басқаруға қатысты .
ҒТР- дің ең басты әрі айқындаушы нышаны ғылымның ерекше қауырт дамуы, оның тікелей өндіргіш күшке айналуы болып табылады . Қазіргі заманғы ғылыми ашылыстар индустриясына , техниканы дамытудың қуатты көтермелеушісіне айналды .
Жапонияның ҒТР жетістіктен өнеркәсіпке енгізудегі жалпы әлем таныған табыстары білім беру жүйесінің тамаша ұйымдастырылуымен , бұл жүйеге көп қаржы жұмсалуымен тікелей байланысты .Бұл елде ірі-ірі ғылыми – зерттеу және тәжірбиелік- констукторлық талдамалар жүргізетін 450 университет бар .
ҒЗТКТ-ге жұмсалатын қаражат ҒТР дәуірінде өте маңызды экономикалық көрсеткішке айналып келеді . Мұндай қаражаттың 85 пайызы өнеркәсібі дамыған басты елдерге келеді : АҚШ , Жапония , ГФР , Франция және Ұлыбритания . Бұл орайда АҚШ-та ҒЗТКТ-ге жұмсалатын қаражат Батыс Еуропа елдері мен Жапонияның жұмсайтын қаражаттарының бәрін қосқандағы шамалас және Ресейдің мұнай қаражатынан бірнеше есе асып түседі . Өндірістің техникалық деңгейінің бірқатар көрсеткіштерінің Батыстың дамыған елдерінде анағұрлым жоғары болуының себебі осы .Қазақстан экономикасын ҒТР талаптарының деңгейіне көтеру үшін ғылым мен техниканың дамуын жеделдету тұрғысында шешуші шаралар қолдану қажет болатыны сондықтан .....
Рефераттар
Толық

Құқық | Ғаламдық проблемаларды құқықтық реттеу

Тарихи даму процесінде әлемдегі барлық елдерде әлеуметтік нормалардың бірнеше түрлері қалыптасып, солар арқылы қоғамдағы сан қырлы қатынастар реттеліп, шешіліп жатады. Ол әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни, корпоративтік, құқықтық нормалар) қолдануы әр елде әр түрлі. Бір елде – әдет-ғұрып, екінші елде – мораль, үшінші елде – құқық басым түрде қолданылады. Бұл нормаларды қолдануда айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Әлемдік құқықтық тәртіпті қалыптастырудың негізгі себептері: 1) экологиялық қауіпсіздікті қалыптастыру; 2) адамдардың өмірін қамтамасыз ету; 3) ядролық соғысты болдырмау; 4) әлемдік кеңістіктің барлық саласындағы қатынастарды біріктіріп ғаламдық жүйеге айналдыру.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ҒАБИДЕН МҰСТАФИН

Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам.

Ғабиден Мұстафин.
Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел- жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді кұрескер биігінен таймау -- Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Грамматика

Тілдің лексикасындағы сөздер заттар мен құбылыстардың, сапамен белгінің және т.б. атаулары болып саналады. Сөз нені атаса да, оны жеке дара күйінде атайды. М, тұз, ас, кел, сөз деген сөздер – жеке дара атаулар ғана; бұлардың әрқайсысында лексикалық мағына бар және әрқайсысы белгілі ұғымды білдіреді. Бірақ бұл сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей, осы қалпында жеке дара тұрғанда ойды білдіруге қабілетсіз.
Демек, тілдің қатынас құралы ретінде қызмет атқару үшін, оның лексикасындағы алуан түрлі сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өзара белгілі бір қарым-қатынаста, байланыста қолданылуы және олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы шарт. Сөйлемдер, әдетте, сөздердің түрленіп, тіркесуінен жасалады. Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі, түрлі тәсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика – тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құралу ережелерін белгілейді.
Грамматика – сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын білдіреді. Ол қатынас – белгілі бір сөздердің нақтылы қатынасы емес, ешбір нақтылығы жоқ грамматикалық қатынас. Бірақ грамматика қатынасына ғана сүйеніп қана қоймайды, сонымен бірге мағынаға да сүйенеді. Бұл арада лексика мен грамматиканың арасында мынадай айырмашылық бар: лексикада мағына категориясы ең басты орынға, қатынас категориясы кейінгі орынға ие болса, грамматикада ең алдымен қатынас категориясы, содан кейін барып қана мағына категориясы мәлім болды.
Грамматика өзінің ережелерін жасағанда, сөздер мен сөйлемдердің мағыналық нақтылығынан дерексізденеді, сөздердің өзгеруі мен сөздердің тіркесуінің негізіндегі жалпылық нәрсені негізге алады. Грамматикалық абстракцияның ерекшелігі , міне, осындай. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Грамматика және оның салалары

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.
Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы өзгешеліктерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалып, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.
Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым – сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.....
Рефераттар
Толық