Тарих | Ә Бөкейхановтың қызметі

Тарих | Ә Бөкейхановтың қызметі

Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны.
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ сьезі Алаш автономиясы деп аталатын Ұлттық мемлекет құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясының көлемінде бұл аса зор оқиға болғанымен, отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің ХҮІІІ ғасырдан бергі өз бостандығы мен теңдігі жолында орыс империясына қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысы болатын.
Тарих сахнасына Алашорда – Халық кеңесі үкіметінің алып келген ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін басқа өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол – ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді. (1)
Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген. Қазіргі әкімшілік-аймақтың бөлініс бойынша бұл елді мекен Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, «Қаратал» совхозына қарайды. Әлиханның әкесі - Нұрмұхамед, анасы Бегімханым оқу-білімге жақын, парасатты адамдар болған. Әлиханның үлкен атасы – бөкей, ол атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы.
Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын-жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз. Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың творчествосымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жлы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы-Көрпеш – Баян сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиын.


2. «Алаш» партиясының құрылуы.
М. Дулатұлы 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушісіне өз қолымен жазып берген жауабында «Алаш» партиясы бағдарламасының өмірге келуі жөнінде мынадай деп көрсетті: «Сол жылы күзгі айлардың бірінде Орынборда тұрған қазақ зиялыларының бастығы Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов «Алаш» партиясын жасауға ұйғарып, программа жобасын жасадық. Сол жоба бекітілместен жоба бойнша қалды, еш уақытта Алаш партиясының съезі болып, жобаны қабылдаған жоқ. оны істеуге ол кездегі жағдай да мүмкіншілік бермеді.(2)
Қазақ газетінің 1917 жылы қараша айының 21 жұлдызындағы санында «Алаш» партиясының бағдарламасы халық назарына ұсынылды. Бұл құжатқа Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Омаров, Тұрмұхамедов, Жүндіюаев, Бірімжановтар қол қойған. Бағдарламаның «мемлекет қалып» атты бірінші тарауы қазіргі заң ғылымы тілімен айтқанда «Мемлекетті құрылым» мағынасын білдіреді. Онда «Россия демократическая федеративная республика болады. Демократия мағынасы - мемлекетті жұрт билеуі, оредерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративная республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, әр қайсысы өз тізгінін өзі ашып жүреді» деп болашақ қазақ мемлекетінің (3) Ресей құрамында болып, федеративті құрылыс сатысында тек құқықтық дәрежедегі қатынастарға ие болды, мүддесі көрсетіледі. Байқап қарасақ, «Алаш» партиясының бағдарламасында дәл қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты, экономикалық мүддеде «ынтымағы бір», ал ішкі сыртқы саясатты тең құқық дәрежелі дербес мемлекеттер болу талабы айқын көзделген.
Үкімет басын Учередительное собрание мен Г. дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапдар болу . депутаттар тегіс, тез, төте әлі ғуфия сайлаумен болады. Сайлау жақында қан, дін, еркек, әйел толғаусыз болуы.
ІІ. Жергілікті бостандық.
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.
«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуы жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында (4) таза қызметші барлық адамдардың атын халық қалауына салады.
«Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт табиғи ету жағына бастайды.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ. Жүндібаев, Ғ. Бірімжанов.
Бір- екі мысал келтірейік. «Мемлекет қалпы» атты тараудағы «федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі» деген сөйлем «федерация - союз мелких государств» есебінде аударылып, мүлдем басқа реңк алды. «жер мәселесі атты тарауында – «сыбаға өлшеу – норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу» деген сөйлем» . «Киргизы должны получит земли с более плодородной почвой» деп аударылды.
«Алаш» бағдарламасында төмендегідей либералдық құқықтарға қорғау көрсетілген:
Тең құқылық ( «діни нанымына, шығу тегіне, жынысына қатыссыз адамдар тең құқылы»).
Тұлғаның еркіндігің сақталуы. (« мемлекеттік қызметшілер қожайынының рұқсатынсыз ешкімнің тұрғын үйіне кіре алмайды.»)
Кінәлі екендігін дәлелдеу керектігі (« соттың қаралуынсыз және шешімінсіз бас бостандығынан айырмау»)
Жиналыстың бірлестік құрудың, газет, кітап шығарудың еркіндігі»)
Сонымен қатар либералдар «монефисі» жекеменшікті иелену құқығы мен жеке бастамамен сөйлеу құқығы тұтынудың еркін таңдау құқығы мен жердің құнарлылығы мен адамдардың еңбекқорлығынан пайда көру мүмкіндігі» сияқты азаматтардың негізгі құқықтарына назар аударады.
Алаш бағдарламасының жобасы бойынша дін мемлекеттен бөлек тұруы керек, барлық діндер тең құүқылы, дінге сенудің және діни нанымдардың еркіндігі жария (5)етіледі.
Бағдарламаның кейбір ережелері Ресей отарлау саясатының зардаптарын жоюға бағытталған еді.
Енді бір екі ауыз сөз «Алаш» партиясының қарсыластары жөнінде. Құрылтай жиналысындағы депутаттық орын үшін талас қазақ облыстарында социал революционерлер, социал демократтар және Алаш партиясы арасында жүрді.
Партиялық әдебиетте соңғы уақытқа дейін большевиктер партиясын Қазан революциясы қарсаңында бүкіл қазақ даласындағы ең ықпалды саяси күш есебінде көрсету етек алып келді.
Жергілікті жағдай күрделі болды. Біріншіден, 1917 жылдың ІІ жартысында бүкіл қ облыстары көлемінде қолайсыз ауа райына байланысты ауыл шаруашылығында дағдарыс көріністері белгі бере бастайды. Сырдария, Жетісу облыстарында аштық етек алды. Кей аудандарда жұрттың саясатқа көңіл аударарлықтай шамасы болмады. Екіншіден, большевиктер халыққа түсінікті тілде үгіт насихат жүргізді. Ұлттық саясатын түсіндірді деген сияқты пікірлер соншалықты дәлелді еместін. Құрылтай жиналысына депутаттар ы сайлау науқаны ашықтан ашық көрсетіп берді. Сайлау нәтижесінде «Алаш» партиясы блогы сайлаушылардың Жетісу облысында 57,5 Торғай, Орал облысында 75,0 % дауыс алды. Кей уездерде Алаш партиясының жеңісі үлкен көрсеткіштер мен сипатталды. Семей уезінде оған сайлаушылардың 85,6 % қолдау көрсетті.
«Алаш» партиясының кей аудандарында социал демократиялық ағымдардан басым түскенін тағы да мына көрсеткіштерден аңғаруға болады. Торғай облысы Ырғыз уезінде 1-ші нөмерлі тізім бойынша түскен Алаш партиясы кандидаттан дауыс беру нәтижесінде 51351 дауыс, екінші нөмерлі тізім бойынша социал революционерлер 181, 3-ші нөмерлі тізім бойынша социал демократтар партиясы 193 дауыс алған.
Сонымен бірге бұл қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара күресі мұнымен шектелмейтін. «Алаш» партиясы мен «үш жүз» аталған саяси ұйымның арақатынасы соның (6) айғағы болса керек.
«Үш жүз» белгілі бір әлеуметтік топтардың азапты ізденіс нәтижесінде қалыптасқан ұйым емес, ол 1917 жылдың соңында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ қоғамынан депутаттар ұсыну сәтінде өмірге келді. Бұл кезеңде өзінің негізгі қарсыласы Алашты саяси аренадан ығыстыру үшін «түрік-татар қауымдастығына» мұсылман қозғалысына сүйенді.
Егер «Алаш» партиясы атынан түскен депутаттыққа кандидат кісілер облыстық қазақ және жалпықазақ съездерінің талқысынан өткен адамадар болса, «Үш жүз» кандидаттары осы ұйымды құрушылардың ұйғарымы бойынша тізімі түскен халық білмейтін, бұрын жағымсыз істерімен көзге түскендер. Ал енді «Үш жүз» партиясы үшін сайлау немен аяқталды. «Үш жүздіктер» ұсынғңан бағдарламаны түсінікті қабылдай алмағандықтарын ең алдымен азын аулақ қазақ жұмысшылары мен қол өнершілер көрсетті. Екібастұздағы ағылшындық капиталист иелігіндегі заводта жұмыс жасайтын жеті жүздің үстіндегі қазақ жұмысшылары 11 нөмерлі тізімнен түскен «Үш жүз» партиясының кандидаттарына бірде бір дауысын бермеді.

3. Ә. Бөкейхановтың қазақ жұршылығына сіңірген еңбегі.
ХХ ғасырдың басында озық ойлы Европа мәдениеті мен дәстүрінің ықпалынсыз Ә. Бөкейханов сияқты ірі қайраткерлердің қалыптасуы, әрине, мүмкін еместін. (7) Оның өмір жолын айқындауда, әсіресе, Ұлы Француз революциясының және орыс азаттық қозғалысы мен гуманистік әдебиетінің орны ерекше болды. 1917 жылдың жазында Уақытша өкіметтің комиссары қызметінде жүріп жазған мақаласында ол: «бостандық, теңдік, туысқандық ХҮІІІ ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған Франция жұртының саяси ерлері. Осы үш түрдің бәрі біздің тарихтан, інжілден, будда оқуынан, Лев Николаевич Толстой философиясынан табылады, көзі ашық талапты ер іздесе. Бұл үш ұраннан бөлек адам баласының бақыт, махаббатына жол жоқ. Бұл жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады» - деп жазды.
ХІХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс қалған түпкірді табу қиын болар еді. Ә. Бөкейханов сол өткен ғасырдың 80 жылдары империяның шығыстағы ірі саяси орталықтарының бірі Омбы қаласында техникалық училищеде оқыды. Бірақ оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине, С. – Петербургте орман-техникалық институтнда оқып жүрген жылдарына түс келеді. Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға қатынасып, ХХ ғасырдың босағасынан аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
1896 жыл үкімет орындарының шешімімен Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылды. Ә. Бөкейханов экспедиция жұмысына қатысуға мүдделілік танытқандардың бірі болды. Оның ойы бойынша бұл жұмыс сол тарихи кезеңде қазақ жұрты үшін ең зәру мәселеге айналған - жер қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Экспедиция алдына мынадай міндеттер қойылды:
1. Көшпелі шаруашылықтың жер пайдалану әдіс-тәсілдерінің заңдылықтарына көз жеткізу;
2. Қазақтарды ауылдық қауымға бөліп, оларды шаруашылық жүйе бойынша жіктеу;
3. Сол жерде шаруашылықтарға қажет төрт түлік малдың көлемін есептеп шығару;
4. Әр түліктің керекті жайылым мөлшерін яки жер нормасын анықтау;
5. Этикалық жағынан, жағрапиялық ерекшелігі мен тарихи даму тұрғысынан зерттеу;
Жұмыс мерзімі 1896 және 1903 жылдар аралығын қамтыған Щербина экспедициясы шын мәнінде қыруар шаруа бітіріп, аталған облыстарда 12 уездерден жиналған материалдардың негізінде 13 томнан тұрған ғылыми зерттеу еңбегін бастырып шығарды.
Ә.Бөкейханов І Мемлекеттік Думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. Осы оқиғаға орай «Семипалатинский листок» газеті : «редакция қазақ халқын нәтижелі сайлау (8) қорытындысы мен құттықтайды. Ә.Бөкейхан Мемлекеттік думада ұлт мүддесін қорғай алатын, қазақтың жоғын жоқтап, тілегін жеткізетін бірден-бір адам екеніне халқа сенсе керек», - деп жазды.
Ә. Бөкейханов І Мемлекеттік Дума жұмысына қатынаса алмайды. Өйткені ол Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар абақтысында отырады. Ал абақтыдан шығып Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Бөкейхановта солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қояды.
Сонымен бірінші орыс революциясынан кейінгі кезеңде қазақ оқығандарының алғашқы ізденіс нәтижесінде жасаған тұжырымы - қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен алып шығатын жол Россия арқылы жеткен дамудың батыстық нұсқасы, басқаша айтқанда, буржуазиялық қатынастарға жол ашу еді. 1910 жылы жарық көрген мақаласында Ә. Бөкейханов ол туралы былай деп жазды : «Таяу болашақта далада қырғыз арасында қалыптасып келе жатқан саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы ықтимал. Олардың бірі ұлттық діни атанып, мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі – батыстық бағытта.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?