» » » » Сценарий: Берекелі алтын – Күз

Сценарий: Берекелі алтын – Күз

Сценарий: Берекелі алтын – Күз казакша Сценарий: Берекелі алтын – Күз на казахском языке
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№2 "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі
Молдахан Мира Жақсылыққызы

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі «Ақкөгершін» тобының балалары дайындаған «Берекелі алтын - күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.

Айсерік: Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

О. Аяулым: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

Мадияр: Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.

Құндызай: Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.

Хор: Күз жомарты.

Айсауле: Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Жұлдызай: Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Мансур: Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

Ақерке: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап

Ұлжан: Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Би: Жапырақтар биі: Гулсезім, Назерке, М. Аяулым, Нұрсая.

Тәрбиеші: Біздің балалардың жемістер туралы тақпақтар бар екен.

Ерлан: Апорт деген алма бар
Жер жаратын атағы,
Ондай алма қайда бар.
Алматы оның Отаны

М. Аяулым: Мен өріктен ірімін,
Алма, алмұртқа інімін
Тәттілердің бірімін,
Дастарханның гүлімін,
Сусыныңды қандырар
Салқын саумал шырынмын.

Нұрсаят: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

Гүлсезім: Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін,
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.

Абылайхан: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды.
Қараса егер салғырт кім

Музыка әуенімен залға Күз кіреді.
Алтын түске боялды,
Тау мен қырқа дала, түз.
Келдім міне ортаңа,
Менің атым Алтын күз.
Тәрбиеші: Қош келдің Алтын күз! Төрлет

Күз: Сәлеметсіздер ме балалар, иә, мен Алтын күзбін. Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп та қойдым.
Менің жемістерім, көкөністерім, дән - дақылдарым мұнда жүр ғой

Хор: Сары алтындай - алтын күз.

Тәрбиеші: Күз сізді неге жомарт күз деп атайды.

Күз: Иә мен жомартпын.
Мереке басы ән болар,
Береке басы дән болар
Көктемде еккен мол астықты жинап
қамбаға толтырдым.

Тәрбиеші: Ендігі кезекте балалар дақылдар туралы тақпақтарын айтады.

Айзат: Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.

Нұрсая: Нан анасы - бидаймын,
Нанды елге сыйлаймыз.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.

Бексұлтан: Қызыл мұратты арпамын
Ырыс құтты арпамын
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.

Әсет: Күнге ғашық күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Аңқам кеуіп тұрған соң
Ала жаздай су іштім.
Нұрдәулет: Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз,
Елге бәрін сыйлайды.
Бибінұр: Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз - мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды.

Би: Қолшатыр биі: Айзат, Дана, Ұлжан, Жұлдызай.

Тәрбиеші: Күз мезгілінде құстар туған жерін қимай, жылы жаққа қайта бастайды.

Балалар құстар туралы тақпақтарын айтады.

Мирас: Қош бол өскен жеріміз
Айдын шалқар көліміз.
Аман болып тұрыңдар
Қамқор болған еліміз.

Жансұлтан: Қатерлі қыс өткенде,
Қайтып келіп көктемде.
Күнде думан құрармыз.
Күн шуағын төккенде.

Бауыржан: Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.

Еркебұлан: Мен торғаймын, торғаймын
Суықтан да тоңбаймын,
Құрт - құмырсқа жәндіктен.
Бау - бақшаны қорғаймын.

Бекзат: Туған жерден кетерде,
Қоңыр әнге салармыз.
Қош болыңдар бәріңде,
Қимай кетіп барамыз.

Әбдірахман: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

Хор: Біз дәуірдің түлегіміз.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүгінгі Ақкөгершін тобының балаларының күз мерекесіне арналған ертеңгілігі аяқталды.
Хош сау болыңыздар!



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: ZHARAR | 159 |



Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қазақша Сценарийлер жинағы, Алтын күз туралы ертеңгілік сценарий ертенгилик, балабақша жоспары алтын куз күз сценарий, күз туралы тақпақ сценарий, жемістер туралы тақпақ такпак, құстар туралы тақпақтар, Алтын күз туралы ертеңгілік сценарий ертенгилик балабақша жоспары алтын куз күз сценарий күз туралы тақпақ сценарий жемістер туралы тақпақ такпак құстар туралы тақпақтар, Сценарий: Берекелі алтын – Күз сценарий казакша сценарий на казахском языке скачать бесплатно сценарии детских праздников на казахском языке сценарий балабакша қазақша Қазақша Сценарийлер жинағы