Қазақстанның пайдалы қазбалары-елдің минералды ресурстары


Қазақстанның пайдалы қазбалары-елдің минералды ресурстары. 9 сынып қмж

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Физикалық география бөлімі

Литосфера тарауы

Мектеп: №14 жалпы білім беретін орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Амантұрлы Жазира Орахбайқызы

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның пайдалы қазбалары-елдің минералды ресурстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

9.3.1.6-Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді;

Сабақтың мақсаты

1. Оқушылардың барлығы Қазақстанның минералды ресурстарын жіктейді;

2. Басым бөлігі Қазақстанның минералды ресурстарын топтастырады және баға береді;

3. Кейбір оқушылар Қазақстанның минералды ресурстарының экспортқа шығару аймақтарын талдайды және тиімді пайдаланудың жолдарын ұсынады.

Бағалау критерийі

  • Қазақстан аумағында таралған минералды ресурстарды топтастырады
  • Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді
  • Минералды ресурстарды игерумен байланысты мәселелерді топтастырып, шешу жолдарын ұсынады.

Тілдік мақсаттар

 

·         Мәтінді саналы түрде оқып, өз ойларын білдіреді, талқылайды;

·         Тау жыныстары (магмалық, шөгінді, метаморфогенді), эндогенді, экзогенді, метаморфты тау жыныстары, пайдалы қазбалар топтары;

·         Топпен кестені толтырады, кескін картамен жұмыс істейді.

Құндылықтарға баулу

 

 

  • «Мәңгілік ел» принциптерін жүзеге асыру арқылы ынтымақтастық құрып жұмыс жасауға, бір-бірін сыйлауға дағдыланады;
  • Қазақстандағы пайдалы қазба кен орындарын біле отырып, пайдалы қазбаларды үнемдеуге, өз еліне деген сүйіспеншілігі артады;

Пәнаралық байланыс

Тарих - Қазақстанның пайдалы қазбаларының әлемдегі алатын орнын сипаттайды;

Экономика – экспорттау арқылы ел экономикасын жақсарту.

 

Алдыңғы білім

 

Оқушылар тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуын біледі.

  Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

 

10 минут

 

Ұйымдастыру, оқушылармен сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын құру.

«Стоп кадр» әдісі арқылы топқа бөлінеді.

Сыныпта тақтада берілген (1 суретте тас көмірдің, 2 суретте фосфордың, 3 суретте темірдің) бейнеленген.Тас көмір-1 топ Фосфор-2 топ Темір-3 топ

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар беріледі:

-Неліктен біз минералды-шикізат ресурстарын тиімді және ұқыпты пайдалануымыз керек?

ҚБ-мұғалім-оқушы «Мадақтау» әдісі Оқушылар жеке ойланады, бірнеше оқушы жауап береді. Сабақтың тақырыбы анықталады.

Презентация

Суреттер

Сабақтың ортасы

 

 

 

10 минут

Оқушылар мәтінмен танысып шығады.

Тапсырма-1.Топтық жұмыс. «АВС» әдісі арқылы оқушылар оқулықтан түзілу жағдайына қарай пайдалы қазбалардың кен орындарын жіктеп, экзогенді, эндогенді, метаморфогенді кен орындарының шығу тегін атау.

Пайдалы қазбалар

Экзогенді

Эндогенді

Метаморфогенді

 

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

+-

Түзілу жағдайына қарай пайдалы қазбалардың кен орындарының шығу тегін атайды;

Түзілу жағдайына қарай пайдалы қазбалардың кен орындарын жіктейді;

 

Пайдалы қазбалардың шығу тегі бойынша түрлерін атайды.

 

 

Тапсырма-2. «Ашық микрофон» әдісі

Оқулықта берілген Қазақстан аумағында пайдалы қазба кен орындарының барлық генетикалық типтерін топтарға біріктіреді:

1 топ: Қара металл кен орындары, сирек металл кен орындары, түсті металл кен орындарын талдайды;

2 топ: Асыл металл кен орындары, радиоактивті металл кен орындары, сирек жерлік элементтер кен орындарын атап, талдайды;

3 топ: Кенді шикізат кен орындары (металл емес), көмірсутекті шикізат кен орындары, көмір кен орындарына жататын металлдарды атайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор:

+-

Қазақстанда пайдалы қазба кен орындарының барлық генетикалық типтерін топтарға біріктіреді

Қара металл кен орындары, сирек металл кен орындары, түсті металл кен орындарын талдайды;

 

Асыл металл кен орындары, радиоактивті металл кен орындары, сирек жерлік элементтер кен орындарын атайды;

 

Кенді шикізат кен орындары, көмірсутекті шикізат кен орындары, көмір кен орындарын атайды.

 

 

Тапсырма-3. «Карталар сөйлейді» әдісі арқылы оқулықтағы Қазақстанның пайдалы қазбалары картасын пайдаланып (80-беттегі,29-сурет)шартты белгілердің көмегімен ірі пайдалы қазба кен орындарын белгілейді.

Бағалау критерийі

Дескриптор:

+-

Қазақстанның пайдалы қазбалары картасын пайдаланып, шартты белгілердің көмегімен ірі пайдалы қазба кен орындарын белгілейді.

Пайдалы қазба кен орындарын анықтайды;

 

Оған талдау жасайды;

 

Минералды ресурстарды пайдалану жолдарын ұсынады

 

География оқулығы 9-сынып, Мектеп,2019

(74-75 бет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

География оқулығы 9- сынып, Мектеп,2019

(75-бет)

Үлестірме материалдар

Сабақтың соңы

6-7 минут

Кері байланыс: «Жетістік сатысы» әдісі. Оқушылардың үлестірме қағаздарға сабақта білген, түсінген және қолдарынан келетінін жазады.

  • Білемін.....
  • Түсінемін.....
  • Қолымнан келеді.....

Үйге тапсырма: Оқушыларға берілген сілтемеге кіріп, мақаланы оқып, «Қазақстанның минералды ресурстарына» SWOT талдау: күшті жағы, әлсіз жағы, мүмкіндері және қауіптерін бағалап жазу.

      

Үлестірме қағаздар

 

Сілтеме:https://sputniknews.kz/economy 20200218/12866060/Kazakhstan-paydaly-kazba.html

Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?  

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Саралаудың «Қарқын» тәсілі бойынша қосымша тапсырмалар беруді жоспарладым.

Мұғалімнің қолдауын қажет етпейтін оқушыларға «Карталар сөйлейді» әдісі арқылы күрделі тапсырмаларды беремін.

Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушыларға «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқулықта берілген мәліметтер негізінде топтастырып, талдап  жұппен жұмыс атқарады.

Мұғалімнің қолдауынсыз жұмыс істей алмайтын оқушыларға қолдау жасау мақсатында «АВС» әдісі арқылы топтық тапсырмаларды орындатамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күрделі тапсырмалар орындау кезінде оқушылар «Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жұптық жұмыста: оқушылар бірін-бірі өзара жауаптарын тексеріп, «+», «-» таңбасын қою арқылы бағалайды.

Топтық жұмыста оқушылар ауызша түрде керемет, жақсы, кішкене ойланып толықтыр арқылы бағаланады.

География пәні кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері.

Ғаламтормен жұмыс жасаған кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін қолдану (мысалы, тоқ көзін қолдануда абай болу)

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағалау

 

 

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

 

2:

 

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 

 

 

 

 

 

 

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий