Ғылым қызметтері (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

 Ғылым қызметтері (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақтың тақырыбы: Ғылым қызметтері
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.1.1.1 ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау
Сабақтың мақсаты: ғылымның қызметтерін адам іс-әрекетінің түрі ретінде анықтау

(К) Оқушылар «Ассоциация ағашы» жаттығусын орындайды. Бұл үшін әр оқушы стикерге «ғылым» сөзін естігендегі естерінде туындайтын сөздерді немесе сөз тіркестерін жазады. Стикерлер тақтаға немесе ағаш сабағы мен бұтақтары бейнеленген плакатқа жабыстырады. Нәтижені оқушылармен талқылаңыз, «ғылым» сөзінің ғылыми аныөтамасымен салыстырыңыз.
Ағаштың суретін үйдің суретімен алмастыруға болады. Онда оқушыларға үйді кірпіш-кірпішпен қалауға ұсыныс беріңіз.
(Т,Э) Оқушылар доптың бірнеше түрін зерттейді: Футбол, Волейбол, Теннис, пинг-понг ойындарына арналған.

Зерттеу барысында келесі сұрақтарға жауап береді:
– Неліктен берілген доптарды тек белгілі спорт түрлерінде қолданылады?
– Берілген доптар бір бірінен қалай ерекшелінеді?
Зерттеу аяқталғаннан соң оқушыларға кішкентай зерттеу жүргізгендері туралы түсіндіріңіз.
(Т) Оқушылар ғылымның негізгі қызметтерімен танысады:
• Ғылым жаңа білімдерді тудырады
• Ғылым мәселелерді шешеді
• Ғылым жаңа заттарды шығарады

Талқылаудан кейін оқушылар топтарда мысалдарды ғылым қызметтерімен сәйкестіндіреді.
(Т, О) Оқушылар ғылыми білім мысалдарын, оларды мәселелерді шешудегі қолданыстары мен жаңа тауарларды шығару мысалдарымен сәйкестіреді. Оқушыларға келесі мысалдарды ұсыныңыз.
Ғылыми білім мысалдары:
• Балапан жұмыртқаны жарып шығады
• Мұз жылығанда ериді
• Қант суда ериді

Мәселерді шешу мысалдары:
• Инкубаторда ауа температурасы құстың дене температурасына сәйкес
• Мұз ерімес үшін оны термосқа салды
• Қант суда тізер еру үшін, суды оттың үстінде қыздырады

Жаңа тауарларды шығару мысалдары:
• Еуропада электрондық сандық ИБМ-30 Э инкубаторы шықты. Ол жұмыртқаларды автоматты түрде айналдыра алады
• 1892 жылы Д.Дьар мұзға арналған ең алғаш термосты ойлап тапты
• Профессор Лесли Хьюидің басшылығымен Лондон корольдік колледжінде алғаш қант алмастырғыш ойлап табылды.....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий