Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуы (9 сынып, III тоқсан)

 Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуы (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуы
Оқыту мақсаттары: 9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің айырмашылығын талдау.
1. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
3. Бейне көрсетілім (Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердың қалыптасу заңдылықтары)
4. Түрткі сұрақ: Жер шарындағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасу заңдылықтары туралы не білеміз? (оқушылардың ойы тыңдалады).
5. Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.
Мәтінмен жұмыс «Ойлан,жұптас,пікірлес» әдісі.
(Оқушылар тақырыпты өздігінен оқып, түсінеді, керегін өзіне жазып алады, есінде сақтайды,жұппен талқылап пікірлеседі.)
«Қазақстанның табиғат зоналары» атты мәтінді оқып, мәтінге арналған тапсырмаларды орындаңыз.
1. Табиғат зонасы анықтамасымен танысып, «кілт сөздер» стратегиясы арқылы мағынасын түсіндіріңіз.
2. Берілген терминдердің анықтамасымен танысып, ендік зоналылық пен биіктік белдеулік арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.
3. Қазақстанда қандай табиғат зоналары бар?
4. Қазақстанның табиғат зоналарының орналасу ерекшеліктері қандай?
Дескриптор, оқушы
 мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
Тапсырма №2.
Табиғат зоналары картасымен жұмыс.
Оқушылар Қазақстан атласын қолданып анықтайды.
1)табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан территориясына қандай табиғат зоналары тән екенін анықтайды.
2) Берілген кесте бойынша табиғат зоналарының ерекшеліктерін толтырады.
3) Қазақстанның табиғат зоналары картасын климаттық картасымен салыстырып, қорытынды жасайды.
4) Қазақстанның табиғат зоналарына ықпал жасайтын факторларды анықтайды.
5) Оқушылар физикалық картаны пайдаланып табиғат зонасын кескін картаға түсіреді.
Дескриптор, оқушы
 Табиғат зоналарының ерекшеліктерін атайды;
 Атлас , тақырыптық карталарды қолданып таралған табиғат зоналарды анықтап, мысалдар келтіреді.
Тапсырма №3.
Берілген суретті қолданып, Тянь-Шань тауының табиғат зоналарын
(биіктік белдеулік бойынша) анықтаңыз.
Дескриптор, оқушы
 Тянь-Шань тауының табиғат зоналарын анықтайды;
Қорытынды: Ендік зоналылық пен биіктік белдеулік арасындағы табиғат зоналарының қалыптасуын айырмашылықтарын түсіндіріңіз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 5 345



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?