» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бабалар мұрасы Ұршық (5 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бабалар мұрасы Ұршық (5 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бабалар мұрасы Ұршық (5 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бабалар мұрасы Ұршық (5 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғасырлар қойнауынан
Сабақ тақырыбы: Бабалар мұрасы. Ұршық
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.4.1 тақырып бойынша дәлелдер келтіре отырып, өз ойын түйіндеп айту
5.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша себеп-салдарын анықтауға және шешім табуға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ мақсаттары:
• тақырып бойынша дәлелдер келтіре отырып, өз ойын түйіндеп айту.
• мәтін мазмұны бойынша себеп-салдарын анықтауға және шешім табуға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ барысы:
Бұл суреттен не көріп отырсыңдар?
Олар туралы не айта аласыңдар?
Жұмбақ (жұмбақтағы қай сөздер көмектесті)
Зыр қағады дөңгелеп,
Бас жағында қалпағы.
Белiнде өспей әңгелек,
Басылмайды тарпаңы.
Ұ Р Ш Ы Қ
(Ж.ж.) Осы сөздің әр әріпіне әжеге тән қасиеттерді жазыңдар.
Ұ- Ұқыпты, ұйымшыл
Р- Рақымды
Ш- Шыншыл, шыдамды
Ы- Ырымшыл
Қ- Қамқор, қайырымды
Мәтінмен таныстыру.
Ұршық
Әжеміз қартайды. Бірақ соның өзінде қусырып қарап отыра алмайды. Ауылдағы ағайындарға келім-кетім адамдардан сәлем жолдап, түйенің шудасын, ешкінің түбітін алдырып тұрады. Күн көзі ашы, жайма шуақ күндері немерелерін жанына жинап алып, түбітті қылшығынан тазартады, жүн түтеді.
Қойдың майы, шүйкенің шуашы сіңіп, әбден күстенген көне ұршықты суретші келіні қырнап-қырнап, сырлап-сырлап, содан кейін үстінен лак жүргізген. Енді көрсең, көздің жауын алады. Қысқа көйлекті, ұзын сирақты немер қызы сияқты өзінің. Немере демекші...
- Қара! Қара! – деді үш-төрт жасар немере қызы. – Аумаған балерина! Башпайының ұшында тұрып шыр айналады. Билеп жүр!
- Екеуіңдікі де дұрыс,- деді әжесі. – Дәлірек айтар болсақ, билеп жүріп шаруасын тындыруда. Шын көңілмен, шын ықыласпен істеген жұмыс қана сапалы болады. Еңбекті қуаныш деп түсінетін адам ешқашанда қартаймайды. Біреуден бірдеңе үйрену керек болса, алдымен мен осы Ұршықтан үйренер едім!
Мазмұнын түсінгенін тексеру мақсатында «Иә, жоқ» ойыны.
* Әже қартайып еш нәрсе жасамайтын болды. (Жоқ)
* Келім-кетім адамдардан түйенің сүтін, ешкінің етін алдырып тұрады. (Жоқ)
* Немерелерімен бірге жүн түтеді. (Иә)
* Биші келіні ұршықты сәндеді. (Жоқ)
* Ұршық балеринаға ұқсайды. (Иә)
* Шын көңілмен істелген жұмыс қана сапалы болады. (Иә)
* Ұршықтан көп нәрсе үйренуге болады. (Иә)
Сергіту сәті.
(Т.ж.) Сендер өздеріңнен кейінгі ұрпаққа нені мұра етіп қалдырар едіңдер? (постер жасап жұмыстарын қорғау)
Үй тапсырмасы: «Шын көңілмен істеген жұмыс қана сапалы болады» - деген әженің сөзімен келісесіңдер ме? Өз пікіріңді жаз......



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 160 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бабалар мұрасы Қара құлып (5 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бабалар мұрасы Қара құлып (5 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдеби емес кітаптарды теледидар бағдарламаларымен вебсайттармен және әңгімелермен салыстыру (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жас өнертапқыштар №14 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жас өнертапқыштар №14 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Төрт мезгіл туралы оқу (2-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі түрлі жағдайлар туралы оқу №2 (2 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектептегі түрлі жағдайлар туралы оқу №2 (2 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (3-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (3-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер елінде «Бауырсақ» ертегісі (6-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер елінде «Бауырсақ» ертегісі (6-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Бабалар мұрасы Ұршық 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Бабалар мұрасы Ұршық, сабақ жоспары Бабалар мұрасы Ұршық 5 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Бабалар мұрасы Ұршық, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бабалар мұрасы Ұршық (5 сынып, IV тоқсан )