» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;
Оқушылардың көбі:
- тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- зат есімдерді жекеше, көпше түрде тәуелдейді;
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей
алады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Ыстық ықылас» шеңбері
Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне лебіз, тілек айтып, ыстық ықыласын білдіреді.
Ой шақыру
Өнер – біздің сәніміз,
Өнер – біздің әніміз.
Өнер – біздің жырымыз,
Көңілді би мен күйіміз.
Каирова К У
• Өлеңді оқып, тәуелдеулі сөздерді тап.
«Джигсо» әдісі бойынша сынып оқушылары төрт-төртеуден топтарға бөлініп, топтағы өз нөмірін анықтайды. Сонан соң сол нөмірлері бойынша үлкен топтарға жиналып, тапсырманы сарапқа салады. Топтар өлеңді оқиды. Тәуелденген сөздерді тауып, олардың қай жақта, қандай түрде тұрғанын айтады. Талқылап болған соң, өз топтарына қайтып келіп, өзгелерге өз білгенін баяндайды. Соңында әр топтан бір адам сынып алдында мәліметтердің барлығын жинақтап айтады. Өз тұжырымдарын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырып, талдайды.
Тәуелденген сөздер: сәніміз, әніміз, жырымыз, күйіміз.
сәніміз, әніміз, жырымыз, күйіміз ІІІ жақ, тәуелдік жалғау көпше түрде
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылып, бағалау критерийлері айтылады.
ІІ. Негізгі бөлім
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
(МК, Ө) Көркем жазу.
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.
Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады.
Дәптерге алфавиттік сөйлемді қатесіз жазу.
Мысалы: Өө Өө Өө ӨӨӨ өөө Өө Өө Өө ӨӨӨ
Өнер қиялға қанат бітіреді.
Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Бағалау дескрипторы:
- Сөйлемді каллиграфиялық талапқа сай жазады;
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
(МК; Ө) Мәтінмен жұмыс.
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырып қой.
• Тәуелденген сөздерді тап.
...................................
Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Неғұрлым жоба жасайтын сәулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сәулетті болып шығады.
Сөзден құрастырылып әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Үйдің түрлі болып шығуы балшығы, кірпіші, әсіресе, қалауына байланысты. Әңгіменің түрлі болып шығатыны сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөзі де соғұрлым әсерлі, әдемі шықпақ.
А.Байтұрсынов
Оқушылар топтаса отырып, мәтінге талдау жүргізеді. Мәтін мазмұнымен танысады. Топта ақылдасып мәтіннің тақырыбын анықтайды. Мәтіндегі тәуелденген зат есімдерді табады. Әр топ сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазады. Ортада ой бөліседі. «Ашық микрофон» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының кемшілігіне, ұтымды жақтарына ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.
Ескерту. Сөздердің тәуелденген кездегі жазылу емлесіне көңіл бөлу керек. Тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы қатаң дыбыстардың ұяңға айналатынын да тапсырмалар орындату барысында аңғарту мақсаты көзделеді.
Мысалы: балшық - балшығы
Ықтимал тақырыптар: Тіл қисыны, Тіл – қазына, Сөз өнері т.б
Тәуелденген сөздер: өнері, өнерпазы, балшығы, кірпіші, сөзі
(өнері: өнер- түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі,
өнерпазы: өнер - түбір, паз - жұрнақ, - ы - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі,
балшығы: балшық- түбір, - ы - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі, балшық – балшығы, кірпіші: кірпіш - түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі, сөзі: сөз - түбір, - і - ІІІ жақ, тәуелдік ж. жекеше түрі )
Бағалау дескрипторы:
1. Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;
2. Берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және тақырыбын анықтайды.
3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету
(ӨЖ, ЖЖ) Терме диктант.
• Сөздер ішінен тәуелденген зат есімдерді теріп жаз.
• Тәуелденген зат есімдерді жекеше, көпше түрде айт.






Оқушылар алдымен өз бетінше орындап, содан соң жұппен жұмыс жасайды. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, тәуелденген зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтады. Орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Тәуелденген зат есімдер
Зат есімдердің жекеше, көпше түрде айтылуы
жақ жекеше көпше
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
Жасым, денем, бойым, қол-аяғым, әжем, шешем

Жасың, денең, бойың, қол-аяғың, әжең, шешең

Жасыңыз, денеңіз, бойыңыз, қол-аяғыңыз, әжеңіз, шешеңіз

Жасы, денесі, бойы, қол-аяғы, әжесі, шешесі

Жастарымыз, денелеріміз, бойларымыз,қол-аяқтарымыз, әжелеріміз, шешелеріміз

Жастарың, денелерің, бойларың, қол-аяқтарың, әжелерің, шешелерің
Жастарыңыз, денелеріңіз, бойларыңыз, қол-аяқтарыңыз, әжелеріңіз, шешелеріңіз

Жастары, денелері, бойлары, қол-аяқтары, әжелері, шешелері
Бағалау дескрипторы:
1. Тәуелдік жалғауларды қолдана біледі;
2. Сөздерді каллиграфиялық талапқа сай жазады;
Сергіту сәті: Оқушыларға дене қимыл жаттығуларын жасату.
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
(Т. Ж) Суретпен жұмыс
Сұрақтар:
1. Суреттегі сюжет туралы не айтасың? Бұл туралы өз көзқарасыңды білдір.
2. Олар не туралы сөйлесуі мүмкін? Ойланшы
Сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаны болжату мақсатында «Суретті әңгімеле» стратегиясы қолданылады.
Алдымен топтағы оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Сурет бойынша мәтін құрайды. Әңгіме құрастыруда тәуелдеулі зат есімдерді пайдалануына бағыт беріледі. «Суретті әңгімеле» стратегиясы бойынша әр топ құраған мәтіндерін сынып алдында әңгімелеп береді.
Ықтимал сөздер: (анасы, әкесі, апасы, інісі, анамыз, әкеміз, ініміз, апамыз, отбасымыз т.б.)
Бағалау дескрипторы:
1. Сурет бойынша мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын болжайды;
2. Тәуелдік жалғауларды қолдана біледі;
(ӨЖ) Саралау тапсырмасы.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 162 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 117-сабақ Бақылау диктанты (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 117-сабақ Бақылау диктанты (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 116-сабақ Шығарма (3 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 116-сабақ Шығарма (3 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 13 сабақ Есептік және реттік сан есім (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 13 сабақ Есептік және реттік сан есім (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №16 сабақ Өнерлінің қолы алтын Презентация құрастыру (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №16 сабақ Өнерлінің қолы алтын Презентация құрастыру (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 9-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7-сабақ Зат есімнің тәуелденуі (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7-сабақ Зат есімнің тәуелденуі (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Зат есімнің тәуелденуі (3 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Зат есімнің тәуелденуі (3 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 61-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Сөздердің айтылуы мен жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Сөздердің айтылуы мен жазылуы (3 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мазмұндама жазайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгімелеу мәтінін құрастырайық (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: №5 -сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Мәтін (3 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері, сабақ жоспары № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының, Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 10-сабақ Тәуелдік жалғауының көпше және жекеше түрлері (3 сынып, III тоқсан )