» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған на казахском языке
«Жолың болсын, балдырған!» атты мектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Ханша: Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды) Біз қандай елге келдік, ақылшы періштем?
Періште: Бұл «№5 орта мектептің мектепалды даярлық тобының» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады.
Ханша: Ой, қандай керемет әлем.

Періште: Көрдің бе сүйікті ханша менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай. Мен сізге уәде беріп едім ғой, егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп. Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Шайтан келеді)

Түлкі: О - О мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар? Неге айтшы Ханша, мен де сенің досың едім ғой.

Періште: Сен Ханшаны азғырма. Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді. Сенімен дос болғысы келмейді, сен тек жаманшылыққа бастайсың.

Түлкі: Иә, саған мен де Ханшаның досымын. Өткенде өзеннен алтын балық ұстап алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал, мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.

1 - ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі орындалды.
2 - тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3 - ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште: Иә, мен кешігіп қалдым. Әйтпесе 3 тілегін де әділдікпен адалдық тек ғана жақсылыққа арнатар едім. Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал, мейрімді, өнерлі, білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді» деген тілек еді. Міне, сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз «№5 орта мектептің мектепалды даярлық тобының» балдырғандар еліне келіп тұрмыз.

Ханша: Сендерге не болған, қойыңдар енді. Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой. Маған Періштенің ақылы ұнады. Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін. Сондықтан Түлкі сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Түлкі: Құп! Мәртебелі Ханшам Құзырыңа құлдық.

Жүргізуші: Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті, хош келдіңіздер! Төрден орын алыңыздар. Құрметті Ханша менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?

Ханша: Жарайды, келісемін мен де соны қалап тұр едім
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке, қуанышта балалар, хош келдіңдер, хош келдіңдер ата - ана, қонақтар! Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді мектепалды даярлық тобынан, 1 - сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп - тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Ханша: Мақтанышы тобымыздың Жансая – Рамазан
Ақырын басып сөйлейді олар жәй
Жүргізуші: Семсер қылыш білегі, қиналса да айтпайтын өтірікті Данияр М - Толғанай
Ханша: Ардақ тұтып үлкендерге, жібектей мінезі бар Мерей
Ата жолын жалғамақ жаңа белеске бет бұрған Нұрбол
Жүргізуші: Жаман іске жоламайтын, досын бірге жүрген басып өтпейтін Диас - Гүлдана

Ханша: Тобымызда өнерімен танылды Мансұр - Дильназ
Жүргізуші: Өте нәзік салмақты Ақбота
Ақылмен іс тындырған, нағыз нар жігіт Азамат
Ханша: Өте зерек, өте жылдам Данияр Е - Шұғыла
Жүргізуші: Әрбір сөзі салмақты Айбар, ақыл толы сөзіне, арманына жетеді Сағыныш
Ханша: Үлгі етеміз әлі біз, жақсы оқушы болады Ернұр - Гүлсезім
Жүргізуші: Биязы, мейрімді біздің Аяна, белсенді ақылды ұл Ерасыл
Ханша: Өзі мерген, ақылды Иман, анасының өкпе, бауыр, жүрегі Аружан
Жүргізуші: Ақтай білер ата - ананың үмітін, әділ сөзді сүйетін Айдана
Ақылы тегін дария, анасының көз жанары Алтынбек
Ханша: Өнерге қаққан қанатын, таңдайыңды қағарсың ешкімнен кем болмас Бекарыс

Жүргізуші: Құрметті «№5 орта мектептің мектепалды даярлық тобының» көркі де, сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар,
Алда Мектеп - Ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар - дегендей мектепалды даярлық тобының «Жолың болсын балдырған» атты ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді №5 мектеп директорының бастауыш оқу - ісінің меңгерушісі Қали Раушан Досымқызына бермекпін.
Ханша: Алуға терең білімді
Мектепке бағыт алыңдар
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
Хор: Балалық шақ
Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Біздің «МАД» тобының балалары өте ерекше балалар. Өздері шеттерінен өнерпаз, алғыр, талғампаз. Бүгін шаттыққа толы өмірімен қоштасып, енді бүгін жаңа қадам басасыңдар мектепке, кешегі балғын бүлдіршін кішкентай ғана оқушы аталуға дайын тұр.
Ханша: Ендеше, балаларға сөз кезегін берейік.
Толғанай: Қадірменді апайлар,
Қымбатты апайлар
Аяулы ата - ана
Хормен: «Жолың болсын балдырған» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ақбота: Құтты болсын қадамдарың қонақтар
Біздің тойдың көрермені болыңдар
Тамашалап балалардың өнерін
Марқайып, алақанды соғыңдар
Азамат: Қуан шаттан алақай, қуанатын күн бүгін
Даярлықты қимай біз, қоштасатын күн бүгін
Рамазан:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Алтынбек: Биыл күзде мектепке
Біріншіге бармын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын кітап дәптерім
Мансұр: Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік
Сурет салып, ән жаттап
Оқып жазып үйрендік

Жүргізуші:
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Балдырғандар» биімен
«Мектеп алды даярлық» тобының бишілері « Балдырғандар» биі.
Данияр М:
Үйретіп сөйлесуге
Сізден ойым өседі
Мен мектепке барамын
Балалық шақ қош енді

Ернұр:
Оқу білім үйреткен,
Өзіңізді қимаймыз.
Жеті жасқа толамыз,
Қуантып ата - ананы,
Мектепке кетіп барамыз!
Диас: Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Апайға келіп тұрамыз.

Шұғыла:
Мектеп біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Ханшайым: Әсем әнмен арайлап таң атады,
Бар жүрекке нұрын құйып жатады.
Мерекеге арналған әсем әнмен,
Даниярды шапалақтап қарсы алайық.
Даниярдың орындауында ән: «Шалқарым»

Гүлдана:
Біз бақытты баламыз,
Жетіліп ой санамыз.
Тобымызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Бал күндерді қиялдап,
Сағынамыз әлі - ақ біз. .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 98 | 19.03.2019


Загрузка...
Читайте также
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күлте қыздың сауық кешіне баруы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күлте қыздың сауық кешіне баруы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күлте қыздың сауық кешіне баруы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күлте қыздың сауық кешіне баруы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз мектепке барамыз
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Біз мектепке барамыз
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Желілі - рөлді ойын Шаштараз
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Желілі - рөлді ойын Шаштараз
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің сүйікті ойыншықтарым
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Менің сүйікті ойыншықтарым
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Артық кем тең
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Артық кем тең
Қазақша сценарий: 1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Балабақша | Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің)
Қазақша Сценарийлер жинағы
Қазақша сценарий: 1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Балабақша | Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Жолың болсын балдырған дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Жолың болсын балдырған, мектепалды Жолың болсын балдырған дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған