Баяндама: Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы

Баяндама: Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы казакша Баяндама: Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы на казахском языке


Мұғалжар ауданы,
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің
Химия пәні мұғалімі
Жиеналиева Айнұр Ералықызы

«Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымды да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген апаларды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», деп Бауыржан Момышұлы атамыз даналық сөздерін көңіліме түйіп жүремін. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал, ұстаз, сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Ұстаздан білім мен тәрбие алған шәкірттің алғыр, озық ойлы, жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзінде емес, оның көрсеткен үлгісінде. Ұстаз-ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет керек. ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»деген екен. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. «Қазақстанның болашағы мектептен басталады»-дейді елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.
Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім.
Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде мектеп оқушыларына білім беру бұрын қалыптасқан жүйеден әлдеқайда жоғары талаптар қояды. Бұл талапты жүзеге асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі. Білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген, үнемі ізденуден жалықпайтын жаңа әдісті тиімді қолдана білуді меңгерген ұстаз ғана нәтижелі табысқа жете алады.Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпауы керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал, мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын ұйымдастырушы, балаға бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс. Сонда ғана білім сапасын жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі мектептің басты мақсаты-болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу. Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Инновациялық технология бұл әдістердің бастамасы, яғни интербелсенді тақтаны қолданып сабақ жоспарын ұйымдастыру. Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары басшылыққа алынып келеді.Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасы».
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы- ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу. Сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдермен қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы деген болар едім.
Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық сөзінің төркіні- «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекеті деп тұжырымдалады.Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. (Л.С.Выготский).
Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор.
«Сыни ойлауды дамыту»жобасы авторының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады.
- Күтілетін нәтижелерді нақты айқындау;
- Жазба жұмыстарын жиі орындау;
- Оқушының ой-өрісін белсенділендіретін сұрақтар қою;
- Бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;
- Оқыту пәндерін әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру;
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейде ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бағдарламаны басшылыққа алып сабаққа пайдаланғаннан бері оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, болжау қабілеттері мен жаңалықты тез қабылдауы, өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделгенін байқадым.
Адам топ ішінде ғана толығады десек, оқушылардың топтасып жұмыс істеуі өз әсерін береді. Ойды ой жетелейді. Сабақтың байланысып, бір-бірімен сабақтасып жатуына бағдарлама әдістерін пайдалану септігін тигізеді.Сонымен бірге оқушыларды сабаққа ынталандыру сабақ жоспарының түрлеріне де байланысты. Мәселен, жарыс сабақ, сахналау сабақ және ойын сабақтарын қолдану баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады.
Қазіргі қолданылып жүрген сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу, оқыту мақсатына жеткізудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады.
Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін, шығармашылығын көрсете білуін және оны жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Ол үшін мектеп, мұғалім оқушының табиғи нышандарының оянуына, оның ақиқатқа айналуына көмектесуі қажет. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасын өз уақытында қолға алынған дидактиканың бүгінгі күнгі көкейтесті мәселесін шешуге бағытталған бағдарлама деуге әбден болады.
Оқыту мен үйрену кезінде оқушының тек белсенді түрде ғана меңгерген білімі маңызды әрі тиімді.
Бүгінгі таңда мұғалім қандай болу керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді дегенде, мұғалім ең алдымен бала жанының тамыршысы болуы тиіс. Бала жүрегінің пердерерін дәл тауып, оны ойната білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігі, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртіне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Ал лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын. Атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген сөздерді әр мұғалім үнемі жадында ұстау керек.
Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту баланы оқуға, жаттауға, есте сақтауға үйретсе «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы баланың дербес немесе топтаса, ұжымда бірлесіп шығармашылықпен жұмыс жасауына, алған білімін өмірде пайдалана алуға үйретеді. Заман талабына сай технологиялық ақпараттарды қолданып, олар арқылы сауатты да білімді ұрпақ тәрбиелеу әрбір ұстаздың борышы.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы, қазақша баяндама Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы, Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы, Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы, қазақша баяндама Оқу, Баяндама: Оқу мен жазу арқылы сыни ойлаудыдамыту технологиясы