Баяндама: Мемлекеттік тілді оқытудың кейбір мәселелері: модульдік технология, оның пайдаланудың тиімділігі

Баяндама: Мемлекеттік  тілді оқытудың  кейбір мәселелері: модульдік технология, оның  пайдаланудың  тиімділігі казакша Баяндама: Мемлекеттік  тілді оқытудың  кейбір мәселелері: модульдік технология, оның  пайдаланудың  тиімділігі на казахском языке


Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
Н. Ілиясов атындағы № 9 мектеп – гимназиясы
орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі
Сулейменова Айжамал

Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы. Қазіргі кезде педагогикалық қызмет табиғатында шығармашылықты талап ететіні барлығымызға түсінікті. Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы тұлғаның интеллектуалды, эмоциялық, рухани потенциалының баюына, өзін-өзі жетілдіруге, танытуға ұмтылуға нақты жағдай туады. Осыған байланысты ұстаздардың кәсіби дайындығының мақсаты да өзгереді. Кәсіби құзіреттіліктің қалыптасу процесі кәсіби білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпы мәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Әрине, мұғалімдікке кездейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын, ар-намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйыдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ емес.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:
–оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,
–топтық жұмыс дағдыларын дамыту,
–әрекеттерге үйрету,
–нақты ситуацияларды талдау.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.[2]
Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни, өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды.
Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын басты талап.
Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы» немесе мұғалім дайын піскен мәліметті беруші, ал оқушы оны дайын күйінде қабылдап алушы схемасы дәл қазіргі нарықтық бәсеке заманында мүлде тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке, мұғалімге қатысы жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі–ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстауына әсер етеді.[4]
Қазіргі кезде орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқыту – оқытудың жаңаша,
тиімді практикалық игеруге бағытталған аса құнды әдіс – тәсілдерін қажет етеді.[5]
Әр ұстаз өз шәкірттерінің білімінің неғұрлым жоғары болуын, салыстыру, талдау,
қорытынды жасау және ойлау қабілетінің шығармашылық тұрғыда кең болғанын
армандайды. Осы тұрғыда мектеп ғылыми зертханаға айналып отыр, өйткені оқушы мен
оқытушы шексіз шығармашылық ізденісте. Бұл қазіргі заманның талабы. ХХІ ғасыр
қазақстандықтар алдында жаңа талап қойып отыр. Ең бастысы – әр адам (маман) өз ісінің
шебері болуы керек. Қазіргі қоғам жастардың білікті маман болуды талап етеді. Сондай – ақ
қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт – дәстүрін, әсіресе мемлекеттік тілді жақсы
білуі керек.
Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев қазіргі мектептер
оқушылардың тек жалпы білім алу дайындық деңгейін қамтамасыз етіп қоймай, орыс,
қазақ, ағылшын тілдерін меңгеру жастар үшін қалыпты үйреніс болу жағдайына айналу
керектігіне назар аударады. Қазіргі таңда қойылған міндеттердің орындалуы мемлекеттік
тілді үйретудің әрі қарай жетілдіруін талап етеді.[1]
Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, тілін дамыту,
яғни олардың тіл туралы білімін ғана меңгеру емес, қазақ тілінде сөйлеуге, пікір алысуға
үйрету – қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті.
Осыған байланысты әр мұғалім белгілі бір педагогикалық технологияны пайдаланып,
жұмыс істейді. Мен М.Жанпейісованың модульдік технологиясын қолданамын.
Технологияның басты принциптерінің бірі - әр оқушыны жеке тұлға ретінде
қабылдап, оның барлық танымдық қасиеттерін дамыта отырып білім беру. Ал осы
мәселені тереңірек қарастырсақ.
Технология дегеніміз не ?
«Технология» - грек сөзі. Ол «techne» - өнер, шеберлік және «logos» - ғылым деген екі
ұғымнан тұратын сөз. Технология шеберлікпен өнім алу, соңы нәтижеге жету, белгілі бір
жоба, модульмен оқыту деген ұғымға сай.
Модуль латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Модуль жүйесін оқу
процесіне кіргізудің өз мақсаттары бар. Олар:
• Оқытудың тиімділігін арттыру;
• Берілген материалды терең меңгерту;
• Оқушыны ойлату, ойланту, ой салу;
• Өзін-өзі оқытуға мүмкіндік туғызу;
• Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау;
• Ұстаз бен оқушы арасында тепе-теңдікті қалыптастыру;
• Оқушының алдында мақсат қойғызып, оны міндетті түрде орындату.
Технология белгілі бір жоба, үлгі ретінде қолданғанда ғана өз нәтижесін береді.
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – алдын ала құрылған жоба бойынша жақсы
нәтижеге жету. Білім беру процесінде орын алып келе жатқан модульдік технология - осы
мақсатқа жеткізер соңғы әдіс. Модульдік технология қазақ тілін үйретуде оқушының өз
бетімен білім алуына тікелей басшылық жасайтынын ұғындыру, жадына сақтау, ой-пікір
дамыту, қисынды ойлау қабілетін күшейту, шығармашылық тапсырмалар орындату үшін
мүмкіндігі мол, әдіс -тәсілдерді пайдалану – бүгінгі күннің тиімді жолы. Қазақ тілін оқытуда
жаңа модульдік технология әдісін баланы ізденімпаздыққа, өз бетімен білім жетілдіруге,
өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін, шығармашылық
қабілетін дамытатын, әр жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға негізделген жаңа, тың
әдістер мен тәсілдер жүйесі деп тануға болады.
Сондықтан модульді оқытудың құрылымымен, әрекеттер ретімен жете танысып,
осы жүйенің бағытын меңгерген мұғалім ғана тіл үйретуде нәтижелі жұмыс істейді.
Модульдік оқытудың технологиясының нұсқасын құруда М.Жанпейісова
әдістемесінің негізгі шарттары, құрылып жатқан педтехнологиялардың негізгі
қағидалары ұстанылды.
Сонымен қатар дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бірқатар өзгерістер
енгізілді: балаларды оқытуға емес, тұлғалық – бағытталған, танымдық қызметін
ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға бағыттылған.
Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды.
Қайта жаңғыртылған оқу циклі ретінде модуль үш құрылымдық бөлімнен: кіріспеден,
сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Сызба түрінде көрсетсек, оқу модулі былайша болады:
Кіріспе бөлімі
(модульге, тақырыпқа енгізу)
Сөйлесу бөлімі
(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлім
(бақылау)
Оқу модулінің құрамымен, мазмұнымен таныстыру, оқушылардың танымдық
қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтау, тірек сызбаға сүйеніп модульдің тұтас
тақырыбы бойынша қысқаша түсіндіру.
Деңгейлік тапсырма, сұқбат құру, өзара оқыту сабақтары, оқыта үйрету ойындары,
жаттығулар, мәтінмен жұмыс.
Бекіту сабағы, тексеру сабағы (бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шағын
шығарма, тест).
Әрбір оқу модулінің сағат саны әр түрлі. Бұл оқу бағдарламасы бойынша
тақырыпқа, тақырыптар тобына, тарауға бөлінген сағат санына байланысты құрылған.
Бір модульге бір-бірімен байланысты тақырыптар енеді. Модуль құрастыруда оның
мазмұндылығы, қисынды байланысы, оқыту элеметтерінің бір-бірімен тығыз
байланыстылығы, ерекшіліктері негізге алынады.
Мысалы: 3 сыныпта оқу материалдарын өту үшін 136 сағат бөлінген. Осы сағат саны
9 модульге қамтылады [6]:

1. Мектеп білім ордасы – 11 сағат
2. Кітап – білім бұлағы – 8 сағат
3. Санай біл – 7 сағат
4. Пәндер – 22 сағат
5. Менің елім – Қазақстан – 14 сағат
6. Әдептілік – әдемілік – 7 сағат
7. Мәдени және қоғамдық орындар – 11 сағат
8. Табиғат – алтын бесік – 17 сағат
9. Достығымыз жарасқан – 12 сағат
Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуда, біріншіден, практикалық мақсат қойылады, яғни оқушылардың сөздік қорын байыту, қазақша ауызекі дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, бір – бірімен сөйлесуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп беруге жаттықтырылады.[3]
Екіншіден, білімділік мақсат көзделеді, яғни, қазақ тілін пән ретінде оқыту арқылы оқушыларға қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, тілі туралы мағлұматтар беріледі.
Үшіншіден, тәрбиелік мақсат көзделеді, яғни қазақ тілімен, әдебиетімен танысу арқылы оқушыларды азаматтық, адамгершілік рухта тәрбиелеуге мүмкіндік туады.
Оқу үрдісін басқару сабақ үстінде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында өзара белсенді қарым-қатынастың жоғары деңгейде қалыптасуын талап етеді. Сондықтан оқу үрдісін басқаруына М.М. Жанпейісованың модулдік оқыту әдістемесі көп нәтиже беретінін айқындадым. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді:
Біріншіден,оқушыларға мұғалім алдын ала дайындалған сабақтыңжүру жоспарын таратын береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлумат алады.
Екіншіден,ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателегін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады.
Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды.
Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.Сонымен бірге модулдік технология оқушының білімін тексеріп бағалауға зор мүмкіндік береді..
Бүгінгі өмір талабы – жас ұрпақтың білімді, талапты, талантты болуы. Қай мамандық игеру болмасын мемлекеттік тілді білуі қажет.
Мемлекеттік тіл жастарға ертеңгі күні өмірге араласқанда, қызметіне көмегін тигізетін болуы қажет.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – қажыр–қайратты, ерекше төзімділікті қажет ететін іс. Ана тілімізді биіктен көрсету, басқа ұлт балаларына қазақ тілін үйрету басты мәселе.
Қазақ халқының сұлу, әдемі тілін басқа ұлт өкілдері оқып – үйреніп, таза сөйлеуі – мемлекеттік тілге деген құрмет.
Тіл мәртебесі – еліміздің мәртебесі. Сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу – мемлекеттік тілден сабақ беретін мұғалімдердің негізгі міндеті. Қазақ тілі пәні мұғалімнің әлеуметтік дәрежесін қалыптастыруға негізгі мақсат – шығармашылықпен жұмыс істеу, өз білімі мен біліктілігінің нәтижесін көрсете білу.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан
2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3. М.М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы. 2002 ж.
4. Білімдегі жаңалықтар. №2(26)2009ж. 11 бет.
5. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. №11.2007ж.
6. Қазақ тілі. 3 класс. Алматы кітап баспасы.2010ж. Авторлары: Т.Н.Ермекова, А.А.Сатбекова, А.У.Сисембина, Т.Б.Тажибаева.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, баяндама МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ: МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ: МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ, баяндама МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ: МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ, баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ: МОДУЛЬДІ, Баяндама: Мемлекеттік тілді оқытудың кейбір мәселелері: модульдік технология, оның пайдаланудың тиімділігі