Күзгі көрініс


Тақырыбы: «Күзгі көрініс»
Мақсаты: Күзгі орман көріністері туралы түсінік беру, табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Оқу нәтижелері: Балалар күзгі орман туралы, күз айларын біледі, ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды.
Түйінді идея: Балалар күзгі орман туралы әңгімелеу арқылы аңдарға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін көрсету.
Тапсырмалар мен жаттығулар:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасап алайық!
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге
ІІ. Тыныштық сәті! Психологиялық дайындық
- Балалар, мен сендерге түрлі жапырақтар әкелдім. Кәне, кім қандай түсін таңдайды екен? Қазір мен қандай түсін көрсетсем сол түсті ұнатқандарың алдарыңдағы жапырақтарды көрсетіңдер.
- Сендердің жапырақтардың түсін таңдауларыңа қарап сабаққа деген көңіл күйлеріңді байқадым. Сабақ барысында әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз.
ІІІ. Релаксация.
Балалардың көзін жұмғызып, музыка қою.
- Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап өздеріңді орманда жүргендей сезініңдер.
- Өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?
- Күзде орманда қандай өзгерістер болатындарын білгілерің келе ме?
«Күзгі орманның көріністері» деп аталатын әңгімесін өтеміз
- Балалар, күзгі орманнан тағы не көрдіңдер?
1. Тиін туралы мәлімет.
2. Қоян туралы мәлімет.
3. Кірпі туралы мәлімет.
IV. Дидактикалық ойын. «Жануарлар немен қоректенеді.»
«Күзгі орман» осындай болады.
- Күзде ағаштардың жапырақтары сарғаяды.
- Балалар тақтаға назар аударыңдаршы - Күзгі орман қандай болады екен кім айтады? Сап - сары болады Неліктен орманның іші сары болады? Ағаштың жапырақтары сарғаяды, жерге түседі. Балалар, күзгі орманда сендер тағы не көріп отырсыңдар? – Тиін, кірпі, қоянды көріп отырмыз. – Олар не істеп жүр екен?- Тиін әрі епті, әрі жеңіл өзіне қорек жинайды.- Қоян қорқақ, әрі шапшаң сезгіш. – Кірпі баяу қимылдайды, өзіне қорек жинайды.
Мақал.
Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарным тіленбей.
V. Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
VI. Топтық жұмыс.
1 - қоян/Күзгі орманда қоян жүр/
2 - тиін/күзгі орманда тиін
3 - кірпі/күзгі орманда кірпі/
6. Қорғау, сурет бойынша әңгімелеу
VII. Қорытынды
- Балалар, біз тиынның, қоянның, кірпінің
нені жақсы көретіндерін білдік.
- Сабақта не істедік?
- Сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?
Жапырақты көтеру.
Жүректен жүрекке жылы тілек айту.

Пән: Тіл дамыту
Сынып: МАД сынып
Мерзімі: 21 қараша
Мұғалімі: Жиенбаева Л.Ш

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу