» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Егіннің бастары» өлеңі (5 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Егіннің бастары» өлеңі (5 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Егіннің бастары» өлеңі (5 сынып, III тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Егіннің бастары» өлеңі (5 сынып, III тоқсан ) на казахском языке
Сабақ : Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: «Егіннің бастары» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу;
Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау; шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу;
Сабақ барысы:
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі айтылады.
Оқушылар Ахмет Байтұрсынов жайында мұғалімнің оқыған мәліметтері бойынша кластер құрады.
1-тапсырма. Ж.Ж. Т.Ж.
1. Ол халықты оқуға шақырған, ағартушылық жұмыстар жүргізген, қазақ ауылдарында орысша - қазақша мектеп ашып, балаларға сабақ берді? (ағартушы, қоғам қайраткері, ұстаз)
2. Байтұрсынұлы қазақ балалары үшін «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар жазды (Жазушы )
3. Араб әріптерінің негізінде қазақ алфавитін жасады. (ғалым - лингвист)
4. «Маса» өлеңдер жинағының авторы (1911 жыл). Өлеңдері: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған - терген», «Досыма хат» т. б. (ақын)
5. А. Байтұрсынов – Абай дәстүрін жалғастырып, мысалдар (басни) жазған. (мысалшы)
6. А. Байтұрсынов И. А. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» (1909 ж.) деген атпен жинақ шығарды. (аудармашы).
Кластер: А. Байтұрсынов - ағартушы, қазақтың ірі қоғам қайраткері, талантты ғалым - лингвист, дарынды ақын, педагог, жазушы, аудармашы, мысалшы.
Ал, мысал дегеніміз деген не? Мысал – адамға сабақ болар өсиеті бар шағын аллегориялық шығарма. (Краткий, чаще всего стихотворный, нравоучительный рассказ) Аллегория деген не? Астарлы, тұспалдау, меңзеу арқылы суреттеуді аллегория дейді.
Астарлы - иной смысл слова, чем говорится вслух (двусмысленно, иносказательно) Тұспалдау – со скрытым смыслом.
Меңзеу - намекать (с намеком)
Әр мысалдың соңында түйінді ойы болады. (В конце басни содержится краткое нравоучительное заключение — мораль)
Бүгін сабақта біз А. Байтұрсыновтың Иван Иванович Хемницерден аударған «Егіннің бастары» мысалын оқып, идеясын ашуға тырысайық. (И. И. Хемницер - орыс ақыны, мысалшы)
2-тапсырма. «Болжау» стратегиясы
Әдістің мақсаты: оқушыларды креативті ойлауға, жаңа идеяларды тудыруға бағытталған.
Әдістің орындалуы: мысалдың 1-шумағын мұғалім оқиды, әрі қарай не болатынын оқушылар болжайды. Дұрыс нұсқасын мұғалім оқиды, әрі қарай оқушылар тағы болжайды. Осы ретте мәтін жалғасын болжату арқылы оқушылар әңгімені аяғына дейін болжам жасаумен болады. Мұғалім оқитын үзінді мен оқушылардың болжайтын тұсы төменде көрсетілген. Оқушылар деңгейлеріне сай болжам жасайды.
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Әрі қарай жалғастырыңыз!

Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
Әрі қарай жалғастырыңыз!
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
Әрі қарай жалғастырыңыз!
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
Әкесінің баласына қандай ақыл берді?
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді
Шығарманы бір оқушыға мәнерлеп оқытып, тақырыбы мен идеясын анықтату.
Анықтама бұрышы. Тақырып- көтерілген мәселе, идея-сол көтерілген мәселеге қатысты автордың көзқарасы.
Жаңа сөздермен танысу.
Тағзым ету-қызмет көрсету.
Қайран калу-таңғалу.
Шекірейіп қарау-менсінбеу.
Төмен бүгілу-еңкею.
Сорайған қарасына-бойына.
Тәкаппар-өркөкірек.
Тұтынба-еліктеме.
Балау-тең көру,бірдей санау.
Сайран етіп-қыдырып.
Көкке қарап-жоғары,төбеге қарап.
Теңгермейді-менсінбеу.
3-тапсырма. Ж. Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.). Деңгейі төмен оқушының пікіруде білдіруде ойының шашыраңқы екені байқалады; орта деңгейлі баланың ойы түсінікті, дегенменойын көркем тілде жеткізуге талаптанбаған; жоғары деңгейлі оқушының ойы жүйелі, әсерлі, көркем сөздермен жазылған.
Қалыптастырушы бағалау
Ж. «Шағын әңгімелерден алған әсерім»
Өз ойын өлеңмен не хат түрінде жеткізе алады.
Деңгейіне қарай оқушы жазба жұмысын сапалы орындайды.
Қалыптастырушы бағала.....



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 22 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С  Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі Ұлылар үндестігі   (7 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі Ұлылар үндестігі (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық» / 1-сабақ   (7 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық» / 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ (7 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры 2-сабақ (7 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Б Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Түбі адам болатын бала (5 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Б Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Түбі адам болатын бала (5 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі (5 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: А Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі (5 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 4-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 4-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары:  «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 2-сабақ (5 сынып, I тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары «Егіннің бастары» өлеңі 5 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, «Егіннің бастары» өлеңі, сабақ жоспары «Егіннің бастары» өлеңі 5 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары «Егіннің бастары» өлеңі, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Егіннің бастары» өлеңі (5 сынып, III тоқсан )