Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер


«Қ. Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп» МКМ

 

Баяндама

«Сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер»

Орындаған математика пәнінің мұғалімі: Тастыбай М

 

2022-2023 оқу жылы

Аңдатпа

Берілген баяндамада оқушының өзіндік ойлау дамуындағы, жалпы оқу және пәндік ойлау дағдыларын дамыту мен қалыптастырудағы сұхбаттық оқытудың маңызы, ішкі әлеуеттің танылуы мен академиялық негіздеменің жоғарлауы сипатталады. Сонымен бірге оқушының жеке ұстанымын қалыптастыруға, жоғары деңгейдегі мотивациясын дамытуға бағытталған.

Аннотация

В данной докладе описана роль диалогового обучения в развитии самостоятельности мышления, формирования и развития общеучебных и предмето-мыслительных навыков, раскрытия внутренного потенциала и повышение академической мотиваций.

Сапалы білім беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты. Үздіксіз іздену-бүгінгі таңда ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Барлық ізденімпаз мұғалім өз сабағында жаңаны көрсетуге, танытуға қажет. Әрбір мұғалім Л.Толстойдың: «...мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақты ойластырса және оны оқушының шама-шарқымен салыстыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады» деген сөзінің мәні жойылмағанын түсіну керек.

Оқушыны оқыта отырып, қабілетсіз оқушы болмайтынын, оқушылардың дара қасиеттерін танып – білуге мүмкіндігі шектеулі әдістеме барын ұстаз түсінеді және өзінің жас ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді. Сондықтан, ұрпақ болашағы – ұстазға байланыстылығын түсінеді.Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады. Негізгі орта білім беру деңгейінде «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерін оқытудың мақсаты - пән мазмұнын сапалы игеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, ғылыми-жаратылыстану пәндерін игеруге қажетті математикалық білім мен дағдылардың негіздерін игеру, оқу пәні материалдары негізінде оқушылардың интеллектуалдық деңгейін дамыту көзделген. Сондықтан әдістемелік бірлестіктің отырысында жаңартылған білім беру мазмұныны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған дөңгелек үстел, семинар- тренингтер жоспарланған. Оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарды шешуге арналған тапсырмаларды күнделікті сабақ жоспарына еңгізіп, олардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруды жолға қойып отырмыз .

Ал осы жолда мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалімге артылар жүк те салмақты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері »Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген “Тәжрибедегі рефлексия” жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасының сертификатын иелене отырып, өзге әріптестерім секілді менің де алдымда «Мұғалім оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген маңызды мәселе тұрды.

Осы мәселені шешуде мен алған білімді өз әріптестеріммен бөліскенде педагогикалық идеяларым түрлене түсті десем де болады.Математика және геометрия пәні мұғалімі ретінде менің алдыма қойған ең басты мақсатым- алдымдағы оқушыларымның Жай ғана сандардың өзінен үлкен дүниелер құралатыны және әр бір фигурадан көркем туындылар жасалатыны күнделікті өмірде кездесетінін ұғындыру , құштарлығын оятып, пәнге деген қызығушылығын қайтсем дамытамын деп ойландым. Өткені қазіргі жастардың көзқарасы мен дүниетанымы мүлдем ерекше,заманына қарай адамы дегендей..Бұл сауалыма жауапты оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ішінен таптым. С.Пейперттің пікірінше: «... оқытудың көп бөлігі қазіргі оқыту технологиясы немесе білім саласына компьютерді пайдалану арқылы берілгенмен мұның барлығы дәстүрлі оқыту әдістері мен жаңаша жаңғырту әдістерінің бірігуін көрсетеді». Қандай да болмасын әдіс - тәсіл қолданған мұғалім үздіксіз іздену үстінде болса, сол мұғалімнің жаңашылдыққа деген талпынысы. Мен 10 – сыныпқа бере бастаған кезде мектеп бағдарламасының күрделілігі және математикалық сауаттылыққа оқушыларды дайындауға уақыт жеткіліксіздік проблемасы туындай бастады. Соған байланысты сыныппен топ ашып онлайн сабақтарын жүргізе бастадым. Бұл әдісімнің тиімді жағы жаңа сабақтар өткенде түсіндіру жолдарын онлайн сабақ ретінде видиоға түсіріп топқа салып отырдым, тақырыпқа түсінбеген оқушы сол онлайн сабақты қайта қайта тыңдау арқылы басқа оқушыларға жетіп алады. Үй тапсырмаларын, оқушыларға керекті материялдардыда, тест тапсырмаларды саламын. Уақыт тиімді, берілген тапсырма бәріне қол жетімді болды. Ата –аналармен байланыс орнату да ыңғайлы болды. Әрине онлайн топты ашуға ата- аналар келісімі және оқушыларға жағдай жасап бергені мені өте қатты қуантты. Білім берудегі үштіктің яғни мұғалім, оқушы және ата- ана бірлесе жұмыс жасағандағы нәтижелі болады. Менің идеям бойынша «Ашық микрофон», «Кезбе тілші» әдісін сабақта қолдану тиімді деп санап,оқушылар ролге түсе отырып, ғалымдарды қонаққа шақыру арқылы диалогтік оқыту әдісін тиімді екенін түсіндім. Жаңа сабақты пысықтау кезінде «Графикалық әдіс»,«Перфокартамен жұмыс, яғни семантикалық карта»,«Сұрақты таңда» ,.«Stop-кадр», «Сый табақ»« әдісі, «Ой қозғау» ,«Жауапқа сұрақ», «Социограмма» , «Баспалдақ» ,«Мен кіммін?», «Тұлғаны таны» әдістерін өз пәніме шебер қолдана отырып, оқушының өзін-өзі бағалауына тиімді таптырмас әдіс екен деп білдім. Оқыту мен оқуға негізделген ең басты өзгерісім- сабақ жоспарларымның Блум таксономиясының ойлау деңгейлеріне сай құрылуы. Сабақтарымды 7 модульдің тиімді жақтарын ықпалдастыра отырып жоспарлаймын. Бұрын оқушыларымыз дайын білімді алушы болса, енді өзгеріс енгізілген сабақтарда өз бетінше білім алып, ізденіс жұмыстарын жүргізіп, сыни тұрғыдан ойланып, «өзіндік мені» қалыптаса бастады. Оқушыларым менің сабағымды көбірек ұнататындықтарын айтады. Бұған қарап өзімнің осы сабақта шығармашылық жұмыстарды түрлендіріп, сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын оқушылардың қажеттіліктерін өтеуде тиімді қолдануымның себебі де бар шығар деп зерделеймін. Геометрия сабақтарында тақырыптың сан түрлі қырларын ашуда «Архитектур» әдісін пайдалана бастадым. Ол оқушыларды жеке және топтық жұмыс жасауға ынғайлы әдіс болды. Оқушылардың фантазиясы дами бастады, тұйық бірақ тыңдалымы өте жақсы оқушы іс әрекетімен, фантазиясымен жасаған фигуралармен топпен бірлесе жұмыс жасады.

«Архитектур» әдісі- екі тәсілден тұрады.

  • І тәсіл: Геометрия пәнінен өтілген жаңа тақырыпқа сергіту сәті ретінде оқушыларға фигуралар жасатамын. Мысалы 10 – сыныптарға тетрэдр, пирамида, параллелепипедті өткенде сол фигураларды А4 қағазына оқушыларға жеке жасатамын. Уақыт шектеулі 2-3 минут беріледі.
  • ІІ тәсіл: жеке жасаған фигураларды біріктіру арқылы топ болып оқушылар өз фантазиясын іске қосып архитектуралық бір дүние жасап шығады.(2-3 мин)

Бұлтәсілоқушылардыңгеометриясабағынадегенқызығушылығынарттыратүсті. Еліміздікөркейтетін «Жасархитекторлар» сыныбымызда пайдаболабастады. Робототехникаға қызығушылығы бар оқушыларды анықтауға тамаша әдіс ретінде пайдалануға болады. Үлгерімі төмен оқушылардың өзі өзара бағалау мен кері байланыс жасау үрдісіне қатысып, өз пікірлерін ортаға салып отырды.

«Lesson Study зерттеу үдерісін ықшам сабақ арқылы меңгерту» тақырыптарында ықшам сабақтар мен коучинг сабақтар және өтіп, педагогикалық тәжірибеммен бөлістім. 9-сыныбында жүргізілген Lesson study іс-әрекетті зерттеу сабағы А.және Г. есімді оқушыларым онлайн сабақ және «Архитектур» әдісін алгебра және геометрия сабағынан төрттік бағаға көтерілді. Оқушыларымды топтық жұмысқа белсендіруді кеңес, ұсыныс, сұраныс арқылы жасайтын болдым. Мұндай бірлескен жұмыстар арқылы сенімсіздіктен арылып, бір-біріне деген құрметі, өзара еркіндік қалыптаса бастады. Шәкірттерімнің топтағы белсенділіктеріне, өзара пікір таластыруда, идеялар алмасудағы тамаша ойларын тыңдап, риза боламын. Менің тарапымнан жиі айтылатын алғыс, қолпаштау сөздер де оларды қанаттандырады. Өйткені мен шәкірттеріне  оқу еркіндігін беретін мұғалім-көшбасшымын. Әріптестеріммен бұл әдістерді бөлісе бастадым, тиімді тұстары берер жемісі мол екенін түсіндім.

Деңгейлік бағдарламамен байланысты көп тарай бастаған Lesson study тәсілінің де мектебім үшін берері мол болды. Осы зерттеу сабақтарында фокус топ мүшелерінің бірі бола жүріп түйгенім: біз бәріміз бірге сабақ жоспарлап, оны бақылап, ары қарай өз тәжірибемізді жақсарту мүддесін көздейтініміз. «Әрбір келесі сабақ алдыңғы сабақтан жақсы болуы керек» деген ұран ұстандым. Бұл орайда оқушылармен сұхбаттасып, пікірін ескеріп «Автобус билеттері» әдісімен оқушыларды бағалап отырдым.

Сабақ соңында «Оқушы үні» жобасын тыңдауды әдетке айналдырып отырдым, сол арқылы оқушының ойын, пікірін білу, менің келесі сабағымды жоспарлауыма мүмкіндік берді. Бұл тәсіл оқушы мен мұғалім арасындағы өзара сенімділік қатынастардың орнығуына септігін тигізері сөзсіз.

Мұғалімнің кәсіби шеберлілігі алған білімнің көптігінен емес, сол білімді практикада қолдана алуымен маңызды. Мұғалімнің басты мақсаты тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан –жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басын бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің өркениеті негізделген білім саясатының стратеиялық мақсаттарын жүзеге асыру.

«Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі- адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты» - деп тұжырымдадым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу