Азаттық аспанына 30 жыл


Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сабурова Асылжан Жалеловна

Іс - шараның тақырыбы: «Азаттық аспанына 30 жыл! » (Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған патриоттық кеш)

Мақсаты: Студенттердің бойында патриоттық сезімдерін оятып, Отанын, жерін, елін шынайы сүюге тәрбилеу.Елінің болашағы өз қолдарында екенін ұғындыру. Ата – бабамыздың қанымен, аналардың көз жасымен келген тәуелсіздіктің тәтті дәмін сезінудің маңыздылығын жете түсіндіру.

Іс-шараның барысы:

Қазақстан Республикасының Гимні

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейне материал

Фон: Бекболат Тілеухан «Алаш ұраны»

1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды. Осы жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді.

1997 жылы 20 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады

1998 жылы Елордаға Астана аты берілді.

2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті.

2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны қабылданды.

2008 жылы – Қазақстан құрама командасы Бейжің олимпиадасына қатысты.

2017 жылы - Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды.

2019 жыл - 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды .

2020 жыл - Еріктілер жылы

2021 - Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толды.

1 - жүргізуші: - Армысыздар, қадірменді ұстаздар мен студенттер! Көпұлтты және ортақ салты мен тарихы бар біздің арамыздағы өзара келісім - біздің жеріміздегі бейбітшілік пен берекенің дәлелі болып табылады. 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл толды! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Азаттық аспанына 30 жыл!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!Мерекелік құттықтау сөз кезегі колледж директорына беріледі.

2 - жүргізуші: - Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ.

(Барлығы орнынан тұрады, 1 минут үнсіздік)

1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік орнағалы еліме кеп,

Отыз жылда болыпты,жөні бөлек.

Асқақтасын абырой,атақ-даңқың,

Көгімдегі туым тұрсын тек желбіреп.

Ән: «Батырлар ұраны»

2 – жүргізуші: - Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

1 – жүргізуші:

Отыз жылда өзгеріс болды талай,

Мен жырыма қоспаймын оны қалай?

Кешегі желтоқсанның құрбандары,

Бүгінгі бостандық деп шырылдады-ай!

Көрініс «Тәуелсіздік боздақтары»

2 – жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Ендеше, тәуелсіз елдің ұрпақтары, Отанымыз туралы бірнеше сұрақтарға жауап берейік.

Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)

Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)

Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)

Қазақ жүздерін ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)

Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)

Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)

Жақында өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол – болашаққа бастар жол)

«EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)

Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)

ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)

«Қазақстан — 2050» бағдарламасы қабылданған жыл? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)

Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар — 7 ақпан, қар барысы)

1 – жүргізуші:

Тарихта болған батыр бабаларым,

Қан төккен жері үшін дараларым.

Тәуелсіздік таңы да атты міне,

Сол батырлар ұмытылмас қара нарым!

2 – жүргізуші:

Бас иіп,тағзым еттім мен тағы да,

Қан майданда қан төккен батырларға.

Елім,жерім деп қиылған жаны талай,

Жарық күн сыйлау үшін ұрпағына.

Күй «Жұмыр қылыш»

1 – жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік таңы атқалы,

Отыз жыл міне осылай болып қалды.

Ұрпағы батыр туған бабалардың,

Сөнбесін жарық күнім қазақтағы!

"Әр қазағым-жалғызым" деп ұрандаған,

Елімнің азаматтары болсын аман!

Көк туым желбіресін көгімде әркез,

Жырым осы еліме мен арнаған.

2 – жүргізуші:

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Флэшмоб «Алға,Қазақстан!»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу