Мақала: Ақселеу Сейдімбек шығармаларындағы теңеу сөздердің қолданылу шеберлігі


Турсумбеков Болатқазы Кажиевич, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«№75мектеп - гимназия» ШЖҚМКК,Астана қ.

Ақселеу Сейдімбек шығармаларындағы теңеу сөздердің қолданылу шеберлігі

«Балыққа – су, құсқа – ауа, аңға – орман-тоғай, тау-дала қандай қажет болса, адам баласы үшін – Отан деген ұлы ұғым сондай қажет.Ал табиғатты сүю – Отаныңа қамқор болу деген сөз».Осы жолдар Ақселеу Сейдімбектің «Тауға біткен жалбыз» кітабының алғысөзінде айтылады.

Енді көлемі шағын болса да, ішіндегі әңгімелері мен повестері ерекше әсер беретін, көп нәрсені білуге болатын «Тауға біткен жалбыз» кітабына тоқталмақпыз. Осы кітаптағы әрбір әңгімесінің өз орны бар, қызықтыра елітіп баурап әкететін ерекшелігі де айрықша .Кітапты оқып отырғанда жазылған шығарманы оқып отырмын деп емес, көпті көрген қариямен әңгімелесіп, сұхбаттасып, соның бастан кешкен оқиғасын тыңдап отырғандай әсерде боласың.Ол да бір жазушының өзіндік шеберлігі, өзіне тән ерекшелігі екені даусыз.

Қаламгер өз шығармаларында оқиғаның, көріністің дәл сипатын беру үшін әртүрлі сөз өрнектерін қолданған.Солардың қатарына теңеу мен эпитет, метафора мен синекдоха жатады.Біз де жазушының еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысымызда қаламгердің теңеуді өте орынды да дәл қолданғанын көреміз. Енді осыған тоқталайық.

«Рамазан мерген» әңгімесінде кездесетін теңеулерді шолып шығайық: Осыдан екі-үш күн бұрын саяқ жылқыны қарап жүріп Айнабұлаққа соққанда, мөрдей боп түскен қалың киіктің ізін көреді.Жуан сіңір қос көкжал қойсын ба, айтқанша бұлақ табанының қара топырағын жер ошақтай етіп қазып тастайды.Мүсіндей боп қалшиған теке бұлақ төңірегін қапысыз бақылап алады да, етекке түседі.Жаңағы көсем теке бұлақ іргесіндегі иек артпа ақ жалға шыққанда мүйізін қарағайдай етіп тағы да төңірегін барлауға кіріседі.Түздің сынаптай жылжыған жел аяғы емес пе, киіктер айтқанша бел асып көрінбей кетеді. Бір сәт басын көтеріп, киік кеткен жаққа меңірейе көз тігіп, жетім қалғандай құлазып, жүні жығылып, қырылдаған үн шығарады.Әр сөзі өз орнында тұр емес пе, және де әрқайсысын ретіне қарай орынды теңеген.

Ал, мына теңеулер «Зерде» деген шығармасынан алынған.Сол нағашымның жел қуық байталша сыландаған қағілез қаншығы бар деп естіп, осал ит еместігіне іштей күмәнсіз құмарлықпен түйініп жүретінмін.Сол соқыр өзектің бауыздау алқымына келгенде қамшылар жақтан әлдене қараң еткендей болып еді, іле құйрығы жеңді білектей қара пұшпақ түлкіге көзім түсті.Әлі де жүні жетілмеген дәлекі түлкі болса да ұшында қара дағы бар үлпілдек жұмыр құйрығын қыз білегінше бұлғап, көрер көздің жауын алады.

Қарап отырсаңыз жазушының шеберлігі сол, түлкінің құйрығын біресе жеңді білекке теңесе, бірде қыз білегіндей бұлғап көрсетеді.

Енді тазы итті қалай суреттегенін көрейік:Үй сыртындағы ат байларға түсе бергенде іштен желіні жер сызған сұқсырдай сұр қаншық шықты.Маған ақтықтай мөлдір отты көзін төңкере бір қарап алды да да керенау керіліп қойды.Сарысағыз боп кепкен қайыңның безіндей қатты, етсіз тақыр басы сүйірлене, әдеттен тыс ұзын көрінеді.Бұл жерде көзін де, басын да, бойын да орынды теңегенін көруге болады.

-Жарықтық, ана жүрегіндей үлкен жүректі, есті түлкі екен-ау!Шошытпағанын мұндай жақсы болар ма,-деп бір қойды.Бұл енді жазушының кейіпкердің аузына салатын, түлкінің де өз баласы үшін былайша алғанда «отқа да, суға да» түсетіндігін айтқаны.

Жайлау төрінен әп-сәтте үй орны таңдалып, жосалы қызыл керегелер жайылып, аппақ жұмыртқадай кигіз үйлер нобай таныта бастады.Мән-жайды түсініп үлгергеміз жоқ, сол екі арада аспан төрі сарылдап сөгіліп бара жатқандай, ысылдаған дыбыс естілді.Енді байқадық, көктен құлаған келте сапты, қол тоқпақтай болып зырқыраған бір құс әлгі үйректің үстіне құдия құйылып келеді екен.Тап бір қапысыз мерген атқандай айнымай келіп соққан сәтінде тасқа тиген оқша кері серпіліп, көкке қайта көтеріліп кетті.Алақандағыдай көріп тұрмыз – үйректің уыз төсіне құныға қадалған лашын тұғжын қағып, қарық болып жатыр.Алқаптың қау қияғына сынадай сіңіп, сығалай жылжыған әкей мен лашын арасы да қысқарып – ақ қалды.Содан асық атымдай жерге келгенде ұмсына созылған құрық басындағы қыл тұзақ жел үрген құрықтай майысып түз құсының үстіне төне берді.Мұндайда төзімде тағат қала ма, жүрек шіркін тайдай тулап, көзім бұлдырап, тамағыма жас тығылғандай тынысым жиілеп кетті.Сол екі арада шалғын арасынан ербең етіп, әкей де көтеріле берді, тұзақ басы да шоршыған балықтай дабыр – дұбыр болып қалды.

Дүниенің бәрін ұмытып, өзімен - өзі жас баладай мәз.Әкей ботадай елпілдеп, қауқылдай сөйлеген күйі «біссімілла!» деп ала көлеңке үйге кірді.

Лашынның қанатын қомдатып, теке сақалындай ғана сынық сүйем құйрығына келтелеу сирағын қосып, маған уыстата ұстатып қойды.Енді байқап отырмын лашын дегені – көзі тана моншақтай мөлдіреген, өзі түз кептерінен сәл – ақ үлкен қара – көк құс.Бірақ қайқы бас қандауырдай өткір тұмсығынан бастап, шығыңқы шекесі мен басыңқы төбесі, шұбарта көрінген шалқақ төсі мен қыз иығындай жұмыр топшысы, айқасқан қылыштай үп – үшкір қос қияғы мен жойдасыз салалы саусақтары, тіптен қарпуды көп көрген жуалдыздай көк сүңгі тұяғына дейін өзгеше бір сұлулығымен көзге оттай басылады екен.Шар болаттан құйғандай шып – шымыр тұла бойында «мынау қалай» дегізетін бірде – бір селкеу мүше байқалсайшы!Бір ғажабы – көзіне қарасаң бейкүнә бойжеткендей мөлдіреп, монтаны кейпімен мейірім үйіргендей.

-Мұның өнері қияғы мен тұяғында! – дейді әкем менің ойымды оқып отырғандай желпіне сөйлеп, - көл үстінен найзағайдай жарқылдап лашын ұшса көк ала үйрек артымен сүңгиді.Сан еті шор боп біткен қайыңның безіндей қатты екен.

-Қолыңды батырмай, аялап ұста, шырағым, - деді әкей, - лашын құстың баласы жетімдей кінәмшіл, ақындай арқалы болады.Сол сәтінде түңіліктің болар – болмас саңылауынан садақтың оғындай сып ете жөнелді.Лашын құсты салыстырған осы теңеулері бір ғана «Табысу» атты шағын әңгімесінде айтылады.

«Ақиық» повесінен алынған теңеулерге назар аударайық:Су сылдыры естілсе-ақболды, аузын ашып, үшкір тілін көрсетіп отырған күйін өзгертеді де, нәрестедей талпынып өзі тіленеді.Осыдан кейін-ақ ұяң ұлпалары желмен бірге ұшып кетті де, бір жұмадан кейін өн бойына өртеңге өскен шөптей біркелкі болып құлпырып шыққан жүні жетіле берді.Ақиықтың казіргі тұлғасы мүсіндей көз тартып, қайратты денеге біткен қауырсыны тұла бойын көк болат сауыттай құрсап келеді.Сонда Ақиық қыран Сыздықтың соңынан иттің күшігінше еріп жүруді әдет етіп еді.Іле шапыр-шұпыр қимылдап, көзден шыққан қызылға тұмсығын инеше қадады.Қолдан тамақтанған немелер, туғалы құрсағы ортайып көрмегендікі ме, бесеуі де өрттей қызарған дәлекі түлкі болып шыға келіпті.Кешікпей-ақ ескінің көзіндей болып Күләннің ескі самаурынына от салынды.Ал қолында отырғанда «кеу-кеулеп» дауыс көтерсе арқасы қозып, көзі алмастай жарқырап, төңіректегі қызарған аңға құныға ұмтылады.Екінші аяғының болат тұяқтарын шонданайына шегедей сіңіріп жіберген.Сыздық атынан домалай түскенде байқады, Ақиық түлкінің шыныдай жылтыраған қос жанарын шоқып та үлгеріпті.Бұл көрініске көбелектей ұшып екі-үш баламен бірге Қасым да жетті.

-Ту-у атама деймін, суреттей болып түсті-ау пай-пай мін болсайшы, - деп дабдырап келеді.

Осы теңеулерді оқып отырғанда қалай дәл, тура, қапысыз шебер қолданған деп таңдай қақпасқа шараң қалмайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  • "Ақиық" 1972 жыл
  • «Қыр хикаялары» (1977)
  • «Тауға біткен жалбыз» (1979)
  • «Кеніш» (1979)
  • «Алпамыс батыр» (1979)
  • «Серпер» (1982)
  • «Ақ қыз» (1991) әнгіме, повесть, очерктер
  • «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981)
  • «Мың бір маржан» (1989)
  • «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992)
  • «Балталы Бағаналы ел аман бол» (1993)
  • «Күй шежіре» (1993)
  • «Көшпелілер тарихы» (1995)
  • «Ойтолғақ» (1997)
  • «Күй шежіре» (2-т.; 1997)
  • «Қазақ әлемі» (1997)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу