мақала «Қыс»


Міне қылышын сүйретіп қыста келді, айнала ақ мамыққа оранған . Ауа-райы құбылып, бірде күн шығып, бірде қар жаусада, қыс

мезгілі мен үшін ерекше!

Табиғаттың тылсым күшіне шек жоқ ау шіркін!

Қысқы баққа бара қалсаң бейне бір ертегі әлеміне еніп кеткендей күй кешесің! Бір жерде аппақ көйлек кигендей ағаш тұрса, жасыл тонымен жайқалған шырша ағаштар. Әсемдік пен әдеміліктің символы іспеттес. Қыста табиғатпен бірге таласа еңбек етіп, қимылдап жүрген адамдарды да байқамау мүмкін емес. Әрине оларды да түсінемін, отын жару, ауланы қардан тазарту малшылар қыстық жемін, қорасын дайындап, бәрі өз ісімен әуре. Тек алаңсыз ойнап жүрген балақайлар ғана. Олар қар атысып, мұзға сырғанап, аққала жасап ойнағандарына риза! Бірі сөмкесін сүйретіп мектептен келеді, бірі ойыншығын сүйретіп бақшадан келеді. Алда қандай мезгіл күтіп тұр, қандай ауа-райы болмақ, оларды ештеңе алаңдатпайтыны анық. Қандай болсада қыс мезгіліне жетері жоқ! Ойланып отырып, ойыма еріксіз жыр шумақтары келіп қалды:

Күн суытты, қыста келді далаға,

Аппақ түске боялады айнала.

Үлкендер жүр қар тазалап аулада

Таң атқаннан кетеді бәрі жан-жаққа.

Қыстың осы қасиеті ерекше,

Қыста болар түрлі мейрам-мереке.

Қыс мезгілі жаңа жылдың бастауы

Қыс мезгілі тұнып тұрған береке!

---- Міне осы үшінде қыс мезгілін, табиғаттың сыйы ретінде күлімдеп қарсы алайық. Қыстың салқыны жанымызды жауратпасын дегім келеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу