Мұхтар Шерім сатиралары әзілдері


ӘУЕЖАЙҒА АТЛАС КӨРПЕ ТӨСЕП ТАСТАПТЫ...

Стюардесса жолаушылар ет жеп болысымен:

--«Ет етке, сорпа қалың беттерге» деген бар, кім сорпа ішеді? –деп сұрады.

Жолаушылар арасынан сорпа ішетіндер табылмады. Жілік мүжіп отырған бір жолаушы:

--Қарындас, Алматы әуежайына жақындаған шығармыз?—деп сұрады.

--Біз Алматыға жарты сағыт бұрын келгенбіз,--деп күлімсіреді стюардесса қыз.

--Сонда қалай?

--Әуежайды алпыс жетінші рет айналып жүрміз... Стюардесса әндетті:

Ұшақты адастырған қалың тұман,

Біздерге қастық қылған қай антұрған?

Бұл кезде ұшақ командирі әуежайдағы диспетчермен ұрысып жатты.

--Қонайық па?—деп сұрады командир.

--Болмайды, айнала қалың тұман...

--Енді не істейін?

--Шымкенттің әуежайына қонсайшы.

--Ол жақ рұқсат бермей жатыр.

--Неге?

--Әуежайда той өтіп жатыр екен...

--Қалай- қалай? “Тойы» несі?

--Той өткізетін бір миллионер әуежайды жалға алыпты дейді...

--Онда... онда ертеңге дейін айнала тұрсаң қайтеді?

--Жолаушылардың бастары айналып, бәрі құсып жатыр...

--Бензинің жете ме?

--Прибор көрсетпей қалды...

--Көрсетпегені қалай?

--Ұшақ ескі ғой... Ресейдікі.

--Мұнай ішіп жүрміз, ұшаққа жарымаймыз! Қалған- құтқанды сатып аламыз...--деп тістенді диспетчер...

--Қонуға рұхсат па?

--Ұшақтың доңғалақтары жұмыс істеп тұр ма?

--Ұшақтың о бастан доңғалақтары жоқ...

--Жоғы қалай?

--Қазақстанның ақшасы толық жетпеген соң, Ресей доңғалақтарын ағытып алып қалған ... Содан бері бауырмен жорғалап, бауырмен ұшып жүрміз...

--Ақша... ақша... Желге ұшқан ақшалар-ай, қайдасың? Қу құлқынның жемі болған ақшалар-ай... Рәсуа болған есіл ақшалар-ай! Қайран ақшалар... «Жоғалған» ақшалар, қайда жүрсіңдер?

--Немене, әндетіп отырмысыз?

-Жоқ, жыным келіп отыр...—деді диспетчер.

Аздан кейін экипаж командирі диспетчерге хабарласты.

--Қалайсыз? Қонуға рұхсат па?

--Әуежай әкімшілігі көрпелер тасытып жатыр.

--Оны қайтпекші?

--Ұшағыңыз бауырымен қонуы үшін... Бес шақырымға дейін төсеп тастады.

--Көрінбейді...

--Қызыл көрпелер. Қып-қызыл!

--Ия, көрініп қалды... Үстінде әйелдер шәй ішіп отыр ма не?

--Жоға, көрпелер мен көрпелерді көктеп, тігіп жатыр.

--Жиырылып кетпейді ме екен?

--Көрпелерді жерге желімдеп тастаған...

--Қонуға рұхсат па?

--Алла, жар бола гөр, рұхсат етемін!

 Ұшақ ұзыннан төселген көрпелерге жақындай бастады... Жақын қалды... Енді қона бергенде, жо-жоқ, енді бауырымен сырғанай бергенде, ұшақ ұзыннан- ұзын төселген көрпеден сырғып шығып кетіп, үлкен жылдамдықпен зулап келіп, әуежайдың темір шарбағын бұзып өтіп, жезөкшелер «клиентерімен» шомылып жатқан саунаны «сүйіп» барып тоқтады. Жалаңаштарға да жан керек, абыройларын алақандарымен уақытша жауып, тым-тырақай қашты... Адам шығыны бар... Қазір арнайы комиссия апаттың себептерін тексеріп жатыр. Комиссия төрағасының айтуынша, әуежай билігі сұмдық қателік жіберген! Көрпелерді кенептен тіктіру керек еді! «Әдемі көрінсін» деп, өңкей атлас көрпе төсеген! Атлас көрпе тайғақ болады ғой! Ұшақтың көрпеден сырғып шығып кетуі де осыдан екен...

ПИСТОЛЕТ «ҚҰШАҚТАП» ЖАТАМЫЗ...

 Жан деген тәтті. Жаны қышқыл, ештеңеден қорықпайтындар аз шығар? Теледидарды қосып қалсаң, қорқынышты хабарлардан мұрның бітеліп, кеңірдегің кеуіп, тынысың тарылып, жүрегің бір жаққа жүгіріп кеткендей, көздерің домалап барып, есікке қыстырылып қалғандай күй кешесің... «Пәленшені атып кетіпті, түгенше суға батып кетіпті, пәленшелерді қарақшылар қырып салыпты, бір кемпірді он шал зорлап кетіпті...» сияқты жаңалықтар жағаңды жыртып, тікенектердің арасында тыржалаңаш жатқандай, денең түршігеді... Бір түні әйелім екеуміз шошып ояндық. Дарбазамыздың есігін біреу тоқпақтап жатыр. Дереу киініп, ойымда ештеңе жоқ: «Бұл кім?» деп сұрадым. «Қарным аш. Бір кусок нан беріңізші» деген жылаңқы дауыс естілген соң, есікті аша қойып едім, бет перде киген екі жігіт кіре сала қолымды қайырып, жерге атып жыққаны!

--Ирелең көшесіндегі он үшінші үй осы ма?—деп сұрады бірі.

--И-ирелең көшесі, бірақ он бесінші үй...

--Үйде не бар?

--Тас жоқ...

--Кешіріңіз, біз шатасып кетіппіз...—деген екіншісі пистолетін ышқырына қыстырып алып, қасындағысын сүйреп әкетті... Ал сол күні ұйықтай алсақшы! Полиция шақырып едік, «Атқан жоқ па? Тірісіңдер ғой? Онда неменеге барамыз?» деп келмей қойды... Бұрын әйеліміз екеуміз не болса соған өкпелеп, теріс қарап жатушы едік, қазір сондай керемет татумыз, құшақтасып қатып қаламыз... Қорқыныш та махаббаттың «маздауына» әсер етеді екен. Бірдеңе қыбыр етсе, жыбыр-жыбыр ете қаламыз. Ауылдағы әке-шешемнің қолында жүрген екі баламызды ойлап уайымдадық. Екеуміз өліп кетсек, байғұс балаларымыз жетім қалады-ау деп... Арада екі күн өткенде, шаңқай түсте әйелім шыңғырып жіберді. Дарбазаның есігі ашық еді, бет перде киген екі жігіт әйелімнің қолын қайырып, аузына баклашкадан айран құйып жатыр! Жүгіріп келіп едім, бірі пистолетін шошаңдатып:

--Ирелең көшесіндегі 25-ші үй осы ма?—деп сұрады. Жыным келді.

--Немене пәлесіңдер? Неменеге шатасып келе бересіңдер? Өз күнімізді әрең көріп жүргенімізде, сендерге немізді береміз? Байлардың үйіне бата беріп шығарып салады деп пе едіңдер? Қандай қарақшыларсыңдар өзі?—деп айқайлап кеп беріп едім, «кешіріңіздер, шатасып кетіппіз..» деді де, қашып кетті. Полицияға хабарлап едік: «Сіздерді әлі атқан жоқ па не? Тірі болсаңыздар бопты...» деп келмей қойды. Сол күні балшы әйелге барып бал аштырдық. «Нашақор қарақшылар болса, кедейсің бе, байсың ба, оған қарамайды, мың теңге үшін де өлтіре салады. Сондықтан, дарбазаларыңыздың сыртына ақ кірәскімен:

«Битімізді сығып, қанын жалап отырмыз!» деп хабарландыру жазып қойыңыздар...»—деп шығарып салды. Көршіміз айтты, «Ең дауасы-- газды пистолет сатып алыңыздар, кім болса да атып саласыздар, көздері ашып, бес минутқа талып қалады...»-- деді. Әйеліме де, өзіме де екі пистолет сатып алдым. Ит үрсе болды, жастықтың астында жатқан пистолетімізді суырып алып, есік жаққа кезенеміз. Жақыннан ғана ату керек екенінде, газы алысқа жетпейтінінде жұмысымыз жоқ. Бір күні кешке дарбазаның есігі қағылды. Әйелім екеуміз шпиондарша бұғып, бірде жер бауырлай жылжып, бірде арқамызды түйістіріп, екеуміз екі жаққа қарап қойып, есікті аштық та, атып салдық... Сөйтсек, көршіміздің әйелі екен, тұз сұрап келген... Шыңғырып, шалқасынан түсті. Көздерінен жас парлап, жер бауырлап жылағанда, өзіміз қосыла жыладық. Кешірім сұрап, айлық алған күні бір қапшық тұз апарып беретін болып, әрең құтылдық. Бірақ пистолетімізді тастамадық... Қалай тастайық, теледидарды қосып қалсаң, «пәлен деген кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасап, бауыздап кетіпті, түген дегеннің үйін өртеп жіберіпті...» деген сұмдық оқиғалар ойыңның ойранын шығарады. Әнеу күнгі оқиғалардан кейін

«шок» дейді ме, шоқ дейді ме, жаман қорқып қалдық... Есігіміздің алдында есек жоқ болса да, өзімізді миллионер кәсіпкердей сезініп, немесе арам ақшамен әбден байып алған алаяқ адам секілді, үрейдің шарын үрлеумен күй кештік... Тағы бір күні дарбазаны біреу ұрғылады. Ай –шай жоқ, есікті аштым да, атып жібердім. Сөйтсем, өзіміздің құда екен... Інімнің қайын атасы... Ұят болды... Одан кейін газ тексерушіні де атып салыппын... Атпаған адамым жоқ... Қайтейік енді, мына қорқынышты қоғамда дірілдеп өмір сүріп жатсақ... Түнде жатсақ, қойнымызда пистолет. Соны құшақтап, сипалап, шүріппесінен сүйіп жатамыз... Құдай тыныштық берсін, жұмыр басты пақырларына... Ойбай... Біреу есікті ұрып жатыр... Тс-с-с...

ЕСАЛАҢНЫҢ БИЗНЕСІ...

 Жындыханадан ақша беріп, «жазылып шыққан» бір есалаң халыққа қызмет көрсету орталығына келді.

--Бүгінге сәлеметсіз бе? Ертеңге де сәлеметсіз бе? Оның арғы күніне сәлеметсіз бе?

--Кешіріңіз, не деп кеттіңіз?

--Ертең де, оның арғы күні де келетін шығармын, соған күні бұрын сәлемдесіп жатқаным ғой...

--Ия, не шаруамен келдіңіз?—деп сұрады беті қуырылған бидайдай қызыл шырайлы қыз.

--Бизнес ашайын деп едім.

--Қандай бизнес?

--Аштан өлтірмейтін...

--Құрылыс па? Әлде газет ашасыз ба?

--Аштан өлтірмейтін...

--Барлық бизнес аштан өлтірмейді, ағай...

--Аштан қатып қалмайтын бизенс ашқым келеді...

--Айтсаңызшы енді...

--Аштан қатырмайтын...

--Туу, ағай, ойнамаңызшы!

--Бизнесімнің аты-- «Аштан қатырмайтын»...

--Бизнес жоспарыңыз?

--Аштан қатырмайтын...

--Ағай, менімен ойнап отырсыз ба, не?

--Бұл ерекше жоба. Аштан қатырмайды. Әлем бойынша мен ғана ашайын деп отырмын! Мен ғана! РНН, сик, өлгенім туралы куәлігім міне. Бизнесімді тіркеу құжаттарын дайындап беріңіздерші..

--Өлгеніңіз туралы куәлігі несі?

--Ә-ә, былтыр мені «өлтіріп» қойғансыздар. Жаңа куәлік аларда солай жазып жіберіпсіздер...

--Жарайды, айтыңызшы, елде жоқ ол қандай бизнес? Көктемде жыны қозатын есуас ыржалақтап, төмен қарады.

--Кешіріңіз, айтуға болмайды. Құпия.

--Құпия бизнес деген болмайды.

--Қаматып жібересіздер...

--Немене?

--Негізі қаматып жіберсеңіздер, өкінесіздер, мұндай бизнес әлемде жоқ! Ия, ия, тіркелген, ашық түрі. Бәрі жасырын бизнеспен айналысады! Шенеуніктер де! Көлеңкелі бизнес!

--Ешқайда хабарламаймын, айтып өлтіріңізші...

--Негізі мен бұл бизнесті жасап, рахатын көріп жатырмын. Аштан өлтірмейді екен. Соны тіркетіп алайын деп...

--Айтасыз ба, жоқ па?

Есуас желкесін қасып, мұрнын шұқылады.

--«Жалған ақша жасау» ЖШС-ны ашайын деп едім... Үйде принтерім бар. Бір миллион теңге басып шығардым. Нағыз ақшадан айыра алмайсыз. Кедей-кепшіктерге жүз мыңнан үлестіріп жатырмын. Олар маған айран, сүт, тіпті ет асып беріп жатыр... Сізге қанша берейін? Миллион? Миллиард?

Ақшадан аумайтын бір бума ақшаны көргенде, қызметші қыз талып қалды...

IШIМ ПЫСЫП ДЕГЕНДЕЙ...

 Құдайға шүкiр,менде бәрi жетедi,жетпегеннiң “желкесiн қисам”,әрмен,не берi кетедi. Менде бәрi қос-қостан.

  • Екi “Джип”
  • Екi коттедж
  • Екi тiкұшақ
  • Екi қайыршы, құл,
  • Екi қатын,
  • Екi ұл, екi қыз,
  • Екi көңiлдес,
  • Екi өмiр.

 Әзiрге бiрiншi - жарық дүние дейiн, жалған дүниеге барғым жоқ, бәрi, кәрi жетедi, көңiлiм тоқ! Екi зауыт, екi фабрикам бар. Оларды басқарып, тексерiп отыратын адамдарым да жетедi. Күн сайын жүз, жүз елу мың доллар табыс түсiп отырады. Ендi менiң iшiм пыса бастады. Қыздар, сауна дегендерiң де жалықтырды. Не iстесем екен? Ысқырсам - iшiм ауырады, жүгiрсем, жүрегiм шым-шым етедi. Өткен аптада бiр үй тұрғыздым. Есiк - терезесi жоқ. Құрылысшылар әлi iшiнде. “Қалай шығамыз” дейдi. Қабырғаны бұзыңдар, деймiн мен. Жер астын қазып, шығарып алдым. Бұл да бiр жұмыс болды. Көшеге шықсам, екi қолым қалтама сыймайды. Жаяу жүрiп көрейiншi, деп, былай шыға бере, бiр кiсiнi тоқтатып алдым да:

  • Сiз қайда барасыз?- деп сұрадым.
  • Үйге.
  • Үйде не бар?
  • Как не бар? Қатын бар, бала-шаға бар.
  • Сiз кешiрiңiз менi, еңкейiңiзшi, мен бiр тебейiн.
  • Е?
  • Iшiм пысып тұр. Тепкенiм үшiн елу доллар берейiн.

Көздерi алайып, қоңдары қарайып келе жатқан бейтаныс кiсiнiң бетiне қан жүгiрдi.

  • Елу доллар дейсiң бе? Үйде нан жоқ едi...
  • Еңкейiңiз!
  • Ұят емес пе екен?
  • Кешiрiңiз, сiздiң есiмiңiз?
  • Тыжбан.
  • Менiң атым - Мыжбан. Қатты тебейiн бе?
  • Ойбой, шиқаным бар едi.
  • Иiлiңiз.
  • Жәй, бiр тебейiн
  • Бұл не үшiн?
  • Жәй, әшейiн. Ермекке.

 Мен әлгi кiсiнiң құйрығына бiр тептiм.Ол байғұс тротуар шетiне жалп еттi. Сол екен, участкелiк полицейлер жетiп келдi.

  • Азамат, құжатыңыз?
  • Құжатым үйде.
  • Мына кiсiнi неге тепкiлеп жатырсыз?
  • Жәй, әшейiн.
  • Бұл - бұзақылық!

Сөзге Тыжбан араласты.

  • Кешiрiңiздер, мен өзiм келiскен едiм, құйрығыма массаж жасап жатыр едiм.
  • Сiз алдап тұрсыз!
  • Жоға, сенбесеңiз өзiнен сұраңыз!
  • Мекен-жайларыңыз?
  • Бiз осында тұрамыз...

 Бұдан әрi шыдамадым. Участкелiк инспекторды ымдап шақырып, iшiмнiң пысып, қолымның қышып, қолтығымның ысып жүргенiн, жәй ермекке тепкенiмдi, әр тепкенiм үшiн 50 доллардан беретiнiмдi естiгенде, екеуiнiң де әйелдерi ұл тапқандай, қуанып кеттi. Бiр қарасам, екеуi де тоңқайып тұр. Бiр-бiрден тептiм де қолдарына 100 доллардан ұстата

салдым. Бұрылып кете бергенiм сол едi, бiреу иығымнан түртедi. Қарасам, әлгi полицейлер. Жалаңдап тұр, “тағы бiр-бiрден тепкiзсем қалай болар екен?” деп алаңдап тұр.

  • Немене? - дедiм мен.
  • Тағы тепсеңiз...

Бұл жолы аяп кеттiм. “Козелдар” деп тұрып тептiм.

 Бiр қарасам, құдай-ау, құйрықтарынан тепкiзуге тұрғандар кезекке тұрып қалыпты. Араларында кемпiр-шалдар да бар. Оларды қалай теппексiң? Тiптi, бiр кемпiр “Маған жеңiлдiк болмайды ма? Тепкен болып, қорқытсаң да, жетедi балам!” - дейдi. Не керек, шеттерiнен тепкiлеп, қалтама салып шыққан 1 миллион теңгенi ермекке шаштым. Бұл екеуi тепкiзiп алып қайтадан кезекке тұр. “Добавка болмайды!”деп айқай салдым. Бойжеткендер еңкейгенде, ұялып кетемiн. Мини юбка киiп алған байғұстар еңкейгенде, есiмнен ауып қала жаздаймын. Сонда да болса, бiр теуiп, қолдарына он мың теңге ұстата қоямын. Бiр бәлеқор “үш рет тепкiзiп, бес-ақ мың бердi, квитанция берген жоқ” деп әкiмшiлiкке арыз, жазып үлгерiптi. Қайдағы квитанция? Әкiмнiң өзi келiптi. Тексеруге келдi екен десем, еңкейiп тұр. Аямай теуiп, алақанына 1000 доллар ұстатып едiм, қуана- қуана ол кеттi. Бiр уақытта пожарныйдан тексерушiлер келдi. “Бұл жерден өрт шығып кетуi мүмкiн, штраф төлейсiң” дейдi. Жағдайды айтып едiм, бастығы еңкейiп тұра қалды. Бiр кезде облыс прокуроры келдi. “Сiздi қамауға” санкция беремiн, бұл жерден кетiңiз, тексеруге кешке келемiн!” дедi. Кешке келдi, келдi де, ләм-мим деместен еңкейiп тұра қалды. Бiр теуiп едiм, аяғым ауырып қалды. Құйрығы кеуiп қалған ба? Қолына мың доллар ұстатып едiм, прокурор байғұс “қамажайға” билеп ала жөнелдi.

 Iшiм пысып жүр едi, жүдә жақсы демалып қалдым. Сол күнi облыстық соттың төрағасы да құйрығына тепкiзiп кеттi.

 Бәрi ақшаны жақсы көредi екен, ақша десе, сол минөтте өледi екен, керек десеңiз, бiрiн- бiрi тiрiдей көмедi екен...

Жоқ, бұл да менi жалықтыра бастады. Не iстеуiм керек? Қалай атымды шығарайын? О!

Көшеде бiр кiсi келе жатыр екен.

  • Кешiрiңiз,атыңыз кiм? - деп сұрадым.
  • Тәпек.
  • Тәпеке, “Мен итпiн, шошқамын!

Жөитпiн, халықтың қанын сорғышпын!” деп айқайлаңызшы, - деп өтiндiм.

  • Ты что, дурак? - дедi ол.
  • Жоқ, мен ақылдымын.
  • Ну,и что?
  • Жаңағы айтқандарымды қайталасаңыз, қолыңызға 40мың теңге ұстатамын.
  • Не үшiн?
  • Жәй, iшiм пысты...

Әлгi кiсiнiң жүзi жылып сала бердi.

  • Светке қарызым бар едi.. Жарайды, Жәй бастайын ба?
  • Жоқ, бар даусыңызбен!
  • Ал, “Мен итпiн! Шошқамын! Жөитпiн! Халықтың қанын сорғышпын!”

 Ол ұзақ айқайлады. Тамағы қырылдап, өкпесi сырылдап, бiр кезде үнi өштi. Қолына үш мың теңге ұстатып едiм, мына тұстан: “Мен итпiн! деген дауыс шықты. Қарасам кешегi кезекке тұрғандар екен. Жүдә, дәнiгiп алыпты! “Иттерге он мың теңгеден үлестiрiп шықтым. Бiр кезде: “Мен итпiн, халықтың қанын сорғышпын!” деген дауыс жәй ғана

шықты. Қарасам қала әкiмi екен, ұялып тұр. Аяғымен жер сызғылайды. “Мен итпiн” дейдi.

 Ит екенi рас. Итке сүйек тастағандай 500 доллар ұстатып едiм, дауыстай жөнелдi: “Мен итпiн! Мен итпiн! Мен итпiн!

 Қызық екен, сол күнi қала бойынша “иттер мен шошқаларға, халықтың қанын сорғыштарға” бiр миллион теңге тараттым. Бет жоқ оларда. “Ала берсем, ала берсем” дейдi. Бұл да жалықтырды менi. Не iстесем екен? Iшiм пысты.

ҚИЯЛМЕН ҚАРЫН ТОЙДЫРАМЫЗ!

 Несiн жасырайын, молшылық заманда төсегiме тәртiппен қарамай, бала-шағаның санын он екiге жеткiзген екенмiн, бүгiнде бәрi ауыздарын арандай ашқанда, жан-жағымда ауыз емес, жауыз жыбырлағандай, құлағыма: “аштан өлетiн шығарсыңдар?”-деп жын-шайтан сыбырлағандай күй кешетiнiм бар. Еңсемдi есiк қыспасын деген оймен, бала-шағымды түгi жоқ дастарханға жағалай отырғыздым да:

  •  Арықбай, қойдың басын әкең жейдi, тарт қолыңды! Скелетбай, тәттi торттан Тырықгүлге қалдырсаңдаршы! Шигүл, қолыңды жуып кел, “анкелбенстi” сосын жейсiң. әй, Ашгүл түйлiп қаласың, “Сникерс” шоколадын қағазымен жегенiң қалай? Өй, түк көрмеген байғұсым-ай!--дедiм. Әйелiм маған қарады, балаларым ерiндерiн жалады.
  • Иә, шаған, дашталханда таш тас жоқ қой,-деп бұртиды кiшкентайым.
  •  Өй, балапаным менiң, қарның ашқан екен ғой, ә! Өкiмет берген екi мың айлық бәрiмiзге жетедi. Мә, май жағып берейiн бе? Жүрегiңе тимедй ғой? Ақырын тауық сорпасын төгесiң!-деп қоямын.
  •  Саған сайтанның салқыны тиген бе?-деп сұрады әйелiм. Жанарындағы жасты көрiп, еңсемдi тiктеп алдым.
  •  Жылама! Неменеге жылайсың? Одан да мына “Бренди” коньягiн iшейiк!-дедiм қолыма бос рюмкенi адып әйелiме бердiм. ол маған қарады. Мен екiншi бос рюмкенi алып, “сыңғыр” еткiздiм де, жұтқыншағымды жалған жыбырлаттым. Әйелiм әлi бедiрейiп отыр екен. Жыным келдi.
  •  Әй, неге iшпейсiң? Бүгiннен бастап, “анау жетпейдi, мынау жетпейдiнi” жерлеймiз, қиямен қарын тойдырып, кәдiмгiдей терлеймiз! Давай iшiп қой, өлмейсiң!

Мәселенiң мәнiсiн түсiнген әйелiм:

  • Асқазанымда жара бар, iшпеймiн,-дедi.
  •  Iшесiң, iш! Мен де адаммын ғой, адам сияқты туған күнiмдi бойлауыма болатын шығар?
  •  Ойбуу, бүгiн сенiң туған күнiң екен ғой!-деп қуанды әйелiм. Мыжбаным-ау, туған күнiң құтты болсын! Саған Брежневтiң тарағын, Андроповтың арағын сыйлаймын. Өткен күндерiмiздiң белгiлерi емес пе?

 Мен қурап тұрған дастарханға қолымды созып, “қара уылдырықты” қара нанға жаққан болдым, аузымды толтырып жеген болдым.

  • Көке, мен де жейiншi,-деп қалды кiшкентайым тамсанып.
  • Иә, жей ғой,-дер бiрдеңе жаққан болып, қара нанды кiшкентайыма ұсындым.
  • Иә, шаған, ештеңе жағылмған ғой! Шен не жедiң жаңа? А-а-а деш, а-а деш?
  • Туу, балам-ай, қақсай бердiң-ау, анау тұрған “Құс сүтi” кәмпитiн жеп қойшы! Кiшкентайым алданғанын бiлдi ме, өкпелеп, жылап қалды.
  •  Балам, анау шұжықтан жесеңшi,- дедiм үлкенiм Арықбайға қарап. Ол да түсiнсе керек:
  •  Әке, тойып кеттiм, қызымыз iшейiншi,-дедi. Сөйттi де, қымыз iшкен болып, кесенi басына төңкердi. Жалған болса да, жаным кiрiп қалды. Осылар iшсiншi, осылар жесiншi!
  •  Жеңдер, балапандарым! Қарындарың қампиғанша жей берiңдер! Тырс етiп жарылып кетпесiн!
  • Әке, банан жегiм келедi,-дедi ортаншым Скелетбай.
  •  Бананда басың қалсын!-деп баяғыда шешең айтушы едi, бүгiнде айта алмайды, балапаным! Анау тостақта тұр ғой, аршып жей ғой!
  •  Скелетбай орнынан тұрып, тостақна бiрдеңе алған болды да, сол бiрдеңенiң қабығын аршыған болып, содан соң сiлекейiн шұбырта жеген болды. Шешесiнiң шыж-быжы шықты:
  • Ой, жүгермек! Қабығын жерге тастағаның қалай?

Ол сыпырғысын алып, болмаған банның қабығын сыпырған сыңай көрсеттi.

  • Кейiн сыпырасың,-дедiм мен, қуырдақтан жесеңшi!
  • Тойып кеттiм тегi.
  • Сүт iш!
  • Қойшы, iшiм өтедi. Өзiң неге жемейсiң?
  • Ненi?
  • Сингапурсикий салаттан ше?
  • Дастархан үстi жыбырлап тұр ғой, қане, қай жерге қойдың?
  • мынау тұр ғой, тәттi iрiмшiктiң қасында! Тәттi iрiмшiгiң қайда тұр?
  • Сингапурский салаттың қасында.
  • Е-е, ендi көрдiм... Шүкiр, бәрi жеткiлiктi болған соң, жегiң келмей қалады екен...
  • Әй, Скелетбай!-дедi әйелiм, қаймақоты бетiңе жаққаның қалай?
  • Бетiм жарылып кеттi, апа...
  • Өрiк, мейiз жедiң бе?
  • Жедiм.
  • Жаңғақ ше?
  • Тойдым.
  • Қауын ше?
  • Оның да көзiн жойдым...
  •  Скелетбай,жалмауыз болып кеткенсiң бе? Әкең мешкейленiп барады... Түк көрмегендей ұят-ты...

Осы кезде көршi әйел Қойбикенiң кiрiп келгенi.

  • Бiр уыс шай бере тұрыңызшы,-дедi әйелiме.
  • Ет жеп кетсеңшi. Отыр!-дедi әйелiм.
  • Қуырдақтан ауыз ти,-дедiм мен.
  • Жал-жаяны жалмап қойыңыз дедi Арықбайым.
  •  Бiздiң дастарханда бәрi бар,қалтаңызға қоңыз салып берейiк пе? Немерелерiңiз сорып жейдi,-дедi Скелетбайым.

Көршiмiздiң көзi ”өзбек биiне билегендей” ойнақшып кеттi.

  •  Үйбай,масқара,дастархандарыңда түк те жоқ қой,қайдағы қуырдақ,қайдағы қоңыз?
  •  Көршi,бiз қиялмен қарын тойдырып отыр едiк,дәм ауыз тиiңiз!-дедiм мен. Әй, Ойбике, көршiнiң қолына тәттi-тәттi, банан-манан ұстат, пәкетке еттен салып бере қой.

Ана қазының бiр бумасын сала сал!

 Әйелiм әлгi айтқандарымды қурап тұрған дастархан үстiнен алған болып, көршiнiң етегiн көтерiп салған болып едi: “Ойбай, көтек! Көйлегiмдi көтергенi несi? Алмаймын дедiм ғой. Рахмет! Бiздiң үйдегiлер де қиялмен қарын тойдрып, күптi болып отыр!”-деп қаша жөнелдi. Бiз қылық атқан болып, бала-шағамызбен соңынан жүгiрдiк. Қызық-ей, көңiлiмiзге қарап, қиялмен қияр салатынан ауыз тисе қайтер едi-ей?

ТЫРАЙЫП ҚАЛДЫ...

 Бiр күнi “Шылым шегiңiз, жаныңыз кiредi, бiрақ денсаулық сақтау Министрлiгi ескертедi: жаныңыз қайтадан шығып кетедi”- деген жарнамаға жымиып қарай берген едiм, көшенi қиып өтiп бара жатқан еркектi зу ете қалған “Мерседес” қағып кеттi.

 Жаным ашып кеттi, бейшара көз алдымда домалап барып, күл-қоқыс салғышты құшақтап алды. Кенет көздерi алайып барып, жантая кеттi. Жаным ашып қарап тұрдым: Үстiндегi киiмi де жұпыны екен, мына қоңыр плащты он жыл киген шығар? Шалбарының тiзесiн жамап қойған, туфлиiнiң бiр өкшесi жоқ, қалпағынан ұн елеуге болады.

  • Қайырлы таң!-дедiм.

 Қанша дегенмен, адам ажал құшағында ғой, оған құрметпен қарау керек. Бұл менiң парасаттылығым емес пе?

  •  Мырза... Өмiр...-дедi ол қиналып. Жаным ашып кеттi. “Бейшара,-дедiм iшiмнен ойланып,-бала-шағаңды асыраймын деп басыңды тауға да тасқа да ұрдың. Ендi мiне, жан тапсырғалы жатырсың”.
  • Жағдайыңыз қалай?-деп сұрадым мен.
  • Шүкiр, мыжылып қалдық,- деп жауап қатты ол.
  • Ештеңе етпейдi, қазiр тұрып кетесiз.
  • Мәссаған!-деп таңданды ол.
  • Не болды?

—Менiң жүрегiм тоқтап қалды!

—Қойыңыз, жығылып өлейiн деп жатып, өтiрiк айтпаңыз, ұят болады!

  • Менi қағып кеткен “Мерседес” қайда?
  • Қашып кеттi.
  • Құдай бар болса, аварияға ұшырағыр,- дедi ол тiстенiп.
  •  Қойыңыз, ұят болады. Ол да адамның баласы. Кiсiнi сонша балағаттауға бола ма?- дедiм мен. Дегенмен, мына бейшараға жаным ашып тұр, бiр аяғы сүйретiлiп, жылжыған болады. Шамасы бауырын езiп жiберген бе деймiн, қолымен iшiн ұстай бередi. Жазым да.
  • Бүгiн ауа-райы тамаша екен,-дедiм мен, тым болмаса көңiлiн көтерейiн деген оймен.

Ол көзiн ашып сандырақтай бастады.

  • Терезенi ашып қойыңызшы, әлемдi көргiм келедi,-дедi ол.
  • Кешiрiңiз, сiз далада жан тапсырғалы жатырсыз...

 Iшiмнен:”Әлемде не жұмысы бар екен, алдыменен өзiнiң әлемiн ойламай ма?”-деп ойладым.

Сонан соң:

  • Атыңыз кiм?-деп сұрадым.
  • Немене, езiп iшейiн деп пе едiңiз?-дедi ол.

“Мынау өзi қырсық екен,-деп ойладым,-қырсыққа қырық пәле жолығады деген осы!”.

  • Жоға, танысып қоялық дегенiм ғой.
  • Танысқанда, тайқар мiнейiн деп пе едiң?-дедi ол есiн жиып.
  •  Сiзге көп сөйлеуге болмайды. Сiз ажал алдында жатырсыз. Қиналып қаласыз ғой,- дедiм мен елжiреп.
  •  Ойпырмай,ә, сiз сияқты шенеунiктер қашан қарапайым адамға жанашыр бола қалыпты?

 “Қақаңдап қалған бiреу екен,- дедiм iшiмнен ойланып,- байғұс өмiрден iшпей-жемей өтетiн болды-ау!”.

Кенет алтын сырғалы келiншек жүгiрiп келдi:

  • Әке! Әкетайым!-деп құшақтай алды.
  •  Ойбай шырағым, духиiңнен тұншығып барамын,-дедi анау қырылдап. Келiншек сөмкеден фотосурет шығарып:
  •  Кешiрiңiз, менiң әкеме ұқсайды екенсiз. Менi бiр жасымда, шешемдi он жетi жасында тастап кеткен екен. Қателесiппiн,-дедi. Сөйттi де, онсыз да қиналып жатқан бейшараның басын сылқ еткiзiп жерге тастай салып, жөнiне кеттi. Менiң жаным әлi ашып тұр.
  • Менiң атым Мыжбан,- дедiм мен, шын ықыласыммен.
  • Әйелiмнiң аты Айпарша.
  • Маған әйелiңiздiң аты-жөнiнiң керегi жоқ.
  •  Кофе... Бiр жұтым кофе,-дедi ол қиналып. “Кофеде басың қалсын,- дедiм мен iшiмнен ойланып. Бiр жұтым су десеңшi!”. Жаным ашып тұр. Жанарым жасқа шыланды. Ол үнсiз қалды. Байғұстың шыбын жаны кеудесiнен тесiп шығып кеткен тәрiздi. Кеудесiнде жан бар ма деген оймен:
  •  Парламент мәжiлiсiнде кейбiр депутаттар ұйықтап отырады,-дедiм. Ол көздерiн әрең ашып:
  • Жиырма бiрiншi ғасырға майшаммен баратын қазақпыз ғой,- деп қамыға күрсiндi.

Iшiмнен тағы да ойландым:

 “Байғұс-ау, жиырма бiрiншi ғасырда не жұмысың бар? Ол ғасыр саған бұйырмаған екен”.

  • Қазiр жедел-жәрдем кеетiн шығар, шыдаңыз,- дедiм мен,- айтпақшы, қайда тұрасыз?
  • Үйде,
  •  Үңгiрде тұрмайтыныңыз маған мәлiм,- дедiм мен,- айтқан жерден аулақ, олай-бұлай болып кетсеңiз, хабарлауым керек.
  • Немене, сүйiншi сұрап барасыз ба?
  • Жоға, мен зиялы қауымнан боламын. Қаланың қай шетiнде тұрасыз?
  • Әдiресiмдi бiлiп алып, тонап кететiн қарақшы шығарсыз?
  • Қойыңыз, менi ренжiтiп қойдыңыз ғой. Кешiрiм сұрауыңызды өтiнемiн.
  •  Немене, әйелiңiздiң қойнынан шығып па едiм? Ойбай...-дедi ол қиналып. Жаным ашып кеттi. Бiрақ, мына сөз сүйегiмнен өтiп кеттi.
  •  Тым дөрекi екенсiз, қымбаттым,- дедiм мен,- Әдiлiн айтқанда, жарқыным-ау, менiң әйелiмнiң жып-жылы қойнында сiздiң қандай ақыңыз бар? Ұялмайсыз ба?

 Тағы бiр сөздер көмейiме келiп қалған едi, жерде жатқан бейшара бауырын жазып, созыла түстi, сосын: ”Рахатын-ай”,- дедi де, тырайып қалды. Жаным ашып кеттi...

“СӨЙЛЕУГЕ ЕРIНЕМIН“

  • Хош келдiңiз, Мыжбан Мәндiрбай! Ұлы мырза, бiздiң телестудия қонағы

болғаныңызға қуаныштымын. Сiз кезiнде жыртық мәйкi киiп жүрген жүгермек болыпсыз. Жүгерi жеп, жүнжiп кеткен кезiңiз де болыпты. Ендi мiне, құдай бақ берiп, шалбарыңызды өзiңiзге шақ берiп, алпауыттардың бiрi болып отырсыз. Өзiңiз туралы айтыңызшы?

 Мыжбанбыртиғансаусақтарынжыбырлатып,креслонысықырлатып,тершiген маңдайын беторамалымен сүрттi де, сырғыма сұхбатқа сұқтана жауап бердi.

  • Иә, — дедi ол ыңыранып, — Иә... Iмм... Iм-м... Иә! О-о-о, иә, солай. Iм-м... Е-е-е...

Iм-м...

  • Мыжбан ағай, өмiрде таңданған кезiңiз болды ма?
  • О-о! Ох-ох! Iм... Иә. Дегенмен... Иә... Сұрағың... Иә... О-о-о!
  • Сiздi жұрт өте маңғаз, өте кiрпияз, өте кiсi, сөйлеуге ерiнетiн крутой дейдi. Неге? Мыжбанның маңдайы жиырылды.
  • Иә-ә, пах-пах-пах! К черту! Iм... Иә, иә... Қыз-ы-ық екен, iм-м... Иә-ә-ә...
  • Сiздi секстiң суперi дейдi? Ол жымиды.
  • Ах... Ох... Иә, iм... Солай деңiз, қарындас. Ой-ой-ой! И-и-и, ах!
  •  Төрт жыл сайын келетiн депутаттық сайлауға түскелi отыр екенсiз. Сiздi қандай шайтан түрттi?
  • О-о! Шайтан... Қазiр айтам. Е-е, iм-м... Иә, иә, солай қарындас.
  •  Әңгiмеңiз өте қызық болып барады. Егер сiз президент болып сайлансаңыз, жұмысты неден бастар едiңiз?
  •  А-а? Ну что ж? Иә, иә, ух жаным! Бұл өзi... Иә... Дегенмен, iм-м... Солай деңiз... Иә, президент деймiсiң? Иә, иә... Iм... Ел басқару дегенiң... Иә... Уф... Қол тие қояр ма екен? Iм-м...

 Тiлшiнiң қойған сұрақтарына сылқия тойып, ыңыранып отырған шенеунiк, байлығына басы айналған Мыжекеңе тағы бiр оқыс сұрақ қойылды.

  •  Сiз таныстарыңызға қолыңыздың ұшын ғана беретiн көрiнесiз. Сiздi осы дәрежеңiзге көтерген досыңызға мойныңызды бұрып та қарамайды екенсiз. Неге? Мойныңыздың тым жуандап кеткенiнен бе?

 Мыжбан ыңыранды. Сөйлеуге ерiнiп отыр. Бұған салса, бiр қулы астыңғы ернi мен үстiңгi ернiн саусағымен шымши ұстап, жоғары-төмен қозғалтып отырса, бұл сосын барып сөйлесе...

  • Iм-м... Так-так... Мойын. А-а-а... Солай. Ым... Оха... (жөтелдi). Шырт... (Оң жаққа

қарай түкiргенi). Iм-м... А-е-у! (есiнегенi). Иә, иә, саусақ... Бес штук. Ым-м... Фу-у-у... (жақтырмағаны). А?

  • Сiз оппозиционер емессiз бе?
  • А?
  • Оппозиционермiсiз?

— А-а... Е-е-е... О-о-о! Ө-ө-ө!

  • Сiз қазақ алфавитiн түгендеп, қазақ тiлiн жүгендеп, жүн жеп отырғандайсыз ғой?

Сiздi ана тiлiмiзге қарсы шыққан дейдi ме?

  • Ым-м... Не-ме-не? Сволочи! Иә, иә. Поддонок! Ым-м...
  • Сiз немене кинода ойнап отырсыз ба?

— Ым-м... Ым-м...

  • Әңгiмеңiз қандай “керемет!“. Сiз неден қорқасыз? Құдайдан? Өлiмнен?
  • Жо-о-о-о-оқ. Ох... Е-е, iм-м...
  • Сiз неге осылай ыңыранасыз? Iшегiңiз айналып кетпейдi ме?
  • Ым-м... Сөйлеуге ерiнемiн.
  •  Онда не үшiн бiздiң студияға келiп отырсыз? Өзiңiзше ыңыранып, интервью берiп отырсыз?

— А-а... Иә, иә. Ым-м...

  •  Ендеше, менiң аузым жым. Құрметтi көрермендер, сiздер сөйлеуге де ерiнетiн Мыжбан Мәндiрбайұлымен болған сұхбатты тамашаладыңыздар. Ым... Иә, иә, көрiскенше сау болыңыздар! А-а, о-о!..

ЕСЕГІМЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТА АЛМАДЫМ...

 Үзіліп кете жаздап, үнемдеп жүріп, нанның жартысын жеп, бала-шағаммен ләмпечкенің жартысын ғана жағып, жарты су ішіп, жарытып тамақ ішпей жинап- терген теңгеме әрең дегенде, онда да несиенің қамытын асынып барып, қала шетінен жер алып, екі бөлмелі шап-шағын үй салып алған едім... Күндердің күнінде айналама біреу егіп қойғандай, зәулім үйлер өсіп шыға келді де, менің шайналған мейіздей үйім көрінбей де қалды. Миллионерлер мен миллиардерлердің ықшам ауданы екенін қайдан білейін, бір күні көршім көздерін сығырайтып тұрып:

--Мыжбан кө-кө-кее,--деді кекете сөйлеп,--үйіңіз байдан қайтып келген баяғының қызы сияқты сүмірейіп тұр екен, көшіңіз бұл жерден!

--Сенің үйің ше? Үйінде отырып қалған екі қабат қыз сияқты...

Сол екен, ол менің жағамнан алды:

--Кім екі қабат? Осы тұрған жеріңде ата салайын ба?

--Үйіңіз екі қабатты деймін... Жібер деймін... Мен де ата аламын.

--Немен атасың, бейшара?

--Көзбен атамын! Міне, былай...—дедім көздерімді алартып. Сөйттім де үйге кіріп кеттім. Осы көршіден көрдім көресіні. Ата салады. Бір ай бұрын қымбат көлігімен жол шетіндегі қызды қағып өлтірді де, құтылды, есірткі сатумен айналысты та ұсталды, құтылды... Өзі салық комитетінің бастығы болып кетті қайта...

Ертеңіне әйелім ерте тұрып, есік алдына шықты да, шыңғыра айқайлап, қайтып келді.

--Не болды, үрейің шымшық сияқты ұшып кетіпті?—деп сұрадым мен.

--Дарбазаның алдында жатыр...

--Кім? Ит пе?

--Жоқ, адам...Өліп жатыр...

Дамбалшаң жүгіріп шықтым. Біреу біздің дарбазаның есігін ұстай өліп жатыр екен!

Артынша полицейлер жетіп келді. Көршім шықты мысқылдай күліп.

--Танисыз ба?—деп сұрады полицей.

--Жоқ.

--Онда неге сіздің дарбазаның алдына келіп өлген?

--Жеткен жері осы шығар?

 Полицей мені төрт күн тергеп, ақырында босатып жіберді. Сөйтсе, өлген адам атақты кәсіпкер екен. Біреудің алдын кесіп өткен бе, қуалап жүріп атып кетіпті. Ертеңіне туыстары жылап-еңіреп, менімен көрісті де, қызық, мен де түсінбей жылай беріппін... Ия, менімен жылап еңіреп көрісті де, дарбазамның алдына граниттен ескерткіш құлпытас орнатып кетті. «Бұл жерде қоғам қайраткері болайын деп жүрген кезінде, облыстық мәслихат депутаты болайын деп қалған жасында, атақты кәсіпкер Итбай

ЖЕКСҰРЫНҰЛЫ қайтыс болған. 1968-2012жж.» деп жазып та қойды. Айқайладым, шыңғырдым, жалындым, көздеріне де қыстырмады. Амал жоқ, әйелім екеуміз таңертең ескерткішке құран бағыштап шығатын болдық. Көршім «Джипінен» аударылып түсіп жатып:

--Мына үйің нәстірениемді түсіріп жүр, үйіңді сат та, көш!—дейді.

--Көшпеймін! Осы жерде өлемін!---деймін мен.

 Ертеңіне әйелім жұмысына кетіп бара жатып, үйге артынан алты жүз албасты қуып келе жатқандай ентігіп кірді.

--Есік алдында, есік алдында...—дей береді.

--Немене, есік алдында тағы біреу өліп қалыпты ма? Бәрі біздің үйдің алдына келіп жан тапсырады екен де!

 Әйеліммен бірге дарбазаның есігін ашсам, аяғымның астында екі аяғы аспаннан келіп өліп жатыр екен! Артынша, қарсы беттегі қаржы полициясы бастығының әйелі жүгіріп келіп, алып кетті. Сол күні күйеуі дарбазамның алдына ескерткіш құлпытас орнатып үлгерді. Әйелім екеумізді адам құрлы көрген жоқ. Биіктігі бір метр құлпытаста: «Дәл осы жерде баламның төбелескіш қоразы қайтыс болды. 2011-2012 жж.» деп жазылған еді... Дарбазамнан шыға алмай қалдым. Біз ғой нанға ақша таба алмай жүрміз, ал халықтың қалтасынан байып алғандар, төбелескіш қоразы қай жерде өлсе, сол жерге ескерткіш орната салады... Әділдік қайда, ағайын? Жылап-сықтап жүріп, қорғанымыздың артқы жағынан есік ашып алдық. Дарбазамыздың есігін қорқа-қорқа ашатын болдық. Бір күні таңертең әйелім жылап келе жатыр.

--Ойбай, тағы не болды?—деп сұрадым мен.

--Өліп қалыпты!

 Жүгіріп барсам, шынымен өліп қалыпты... Сол күні қарсы беттегі прокурор болып істейтін көршім сол өлген жерге көмді. Жылап-сықтап, күмбез орнатты. Айналасын қара темірмен қоршады. Сыртқа шыға алмай қалдық. Біздің дарбаза алдына келіп өлген сүмелектің моласына былай деп жазылған еді: « Бұл жерде Австралияда туылған алтын тісті, асыл тұқымды итіміз Док өмірден озды. 2010-2012 ж.ж» Құдайым –ау, айналасы бір жылдың ішінде айналамыз ит пен құстың, мысық пен тышқандардың моласына айналды. Арыз айтып, қала әкімшілігіне де бардық. Әкімшіліктегілер: «Өмір бар жерде қаза бар...» деп күрсініп шығарып салады. Оларға: «Сыбайлас жемқорлық—ауызбіршілік!»деп айта алмадым. Бірде, жаз айы болатын, көк есегіммен бір арба шөп әкеле жатқанмын... Салық бастығы болып істейтін көршімнің дарбазасы алдына жете бергенде... Ия,ия, жете бергенде көк есегім бір екі рет ақырып ақырып алды да, зорығып өле қалды. «Есегім-ау, есегім, неден болды кеселің?» деп еңіреп жылап, көршінің алтын жалатылған дарбазасына бормен: «Бұл жерде артында аңыратып, қодығын жетім қалдырған ардақты көк есегім қайтыс болды... 2008-2012 ж.ж» деп жазып қойдым. Есегіме ескерткіш орнататын жағдайым жоқ менде... Есесіне, ертең көшейін деп жатырмын... Ашығын айтсам, көшірейін деп жатыр!

АЯҚҚА МІНІП ҰЙЫҚТАДЫҚ...

 Әйелім кешелі бері ызыңдай берген соң, аузын алақаныммен алты минут жаптым да, түс қайта қаладағы бажамның үйіне қыдырып баратын болдық. Қыдырып дейміз-ау, құтты болсын айтуға барамыз. Бірақ не үшін құтты болсын айтып баратынымыз есімізге түспей,

есеңгіреп, есіней бердік. Не үшін келе жатқанымызды өздерінен сұрап алатын болып шештік.

 Базар аралап, күн бата қаладағы көп қабатты үйдің алтыншы қабатында өмір сүріп жатқан бажамның да пәтеріне жеттік ау! Мен бажаммен құшақтасып, әйелім әпкесімен шөпілдесіп сүйісіп болған соң:

--Құтты болсын, бажа!-дедім.

--Не құтты болсын?—деп сұрады ол.

--Білмеймін, әйтеуір құтты болсын айтуға келдік.

--Не үшін құтты болсын айтып келдіңдер?—деп сұрады әйелімнен аумаған әпкесі.

--Ұмытып қалдық,--деді әйелім,--әй, Мыжбан, не үшін келіп едік өзі?

--Құтты болсын айтуға...

--Не үшін деймін?

--Алдағы жылдары болатын қуаныштары үшін...

--Жарайды, келгендеріңе қуаныштымыз!—деген бажам бізді қонақ бөлмесіне бастап кірді. Қайынбикем бізге иіліп сәлем берген келініне: «қазанға былтырдан қалған етті сала ғой!» деп тапсырма беріп жатты. Жастыққа жантайып, қабырғаға арқамды сүйей жата беріп едім, бажам құйрығын ыстық суға батырып алғандай айқайлап жіберді:

--Ойбай, бажа, қабырғаға сүйенбеші!

--Неге?—деппін.

--Қабырға құлап қалады...

--Құлап қалар болса, арғы жағынан сіріңкенің шиімен тіреп қоймайсың ба?—деп күлдім.

--Естімедің бе не? Қарағандыда көп қабатты үйлердің бірі шалақасынан түсіп, «ұйықтап» қалды емес пе?

--Теледидардан көрдік қой,--деген мен орнымнан тұрып, балконға шыға бергенмін , темекі тартқым келген.

--Ойбай, бажеке, балконға шықпа!—деп безілдей жетіп келген бажам мені құшақтай алды.

--Неге, бажеке?

--Көрмейсің бе, балконның асты жоқ. Төмен қарасаңшы!

 Көздерімді төменге сырғанатып жіберіп едім, жүрегім аузымнан шығып, бірінші қабатқа түсіп кеткендей болды. Сол түсіп кеткен жүрегімді қаңғыбас иттердің бірі жеп жатқандай, жаман әсерде болдым. Балконның асты ойылып, түсіп қалыпты!

--Тыжбан бажа, бұл үйдің салынғанына үш жыл өткен жоқ емес пе?—деп сұрадым.

--Е-е, бүгінде алаяқ мердігерлер халықтың тағдырымен ойнайтын болды емес пе? Ақшаны қалтаға басады да, шетелге қашып кетеді.

--Қала әкімі, құрылыс бөлімінің бастығы, архитектура бастықтары «қабылдадық!» деп қол қояды емес пе?—деп есеңгіреген мені бажам келесі бөлмеге ертіп келді. Кілемді түріп жіберіп еді, қабырғасы ырсиып, арғы жақтағы көрші үйдің бөлмесіне көзім түсті. Бір әдемі келіншек айна алдында тұр. Бір кезде шешіне бастады... Үстіндегі халатын төсекке қарай лақтырып жібергенде, менің басыма түскендей, селк ете қалдым. Бажам мені ығыстырып, жырыққа көз салды.

--Біз де көріп қалайықшы. Көрші келіншек қой. Жесір.

--Сен күнде көріп жүрген шығарсың, былай тұршы!—деп бажамды итеріп жібердім.

--О, о, мүсіні қандай, мүсіні! Мәссаған, пенцептпен бе, әйтеуір, айна алдында қолтығынын жүнін жұлып жатыр! Шашын сілкіді.. Төс...

--Немене төс?

--Төс тартарын шешіп, лақтырып жіберіп еді, төбедегі люстрасына ілініп қалды!

--Былай тұршы, мен де көріп қалайын!

 Бажам мені ығыстыра бергенде,еңкейіп жатқан екеумізді көріп, келіншектеріміз қосарлана айқайлады:

--Қабырғаны жалап жатырсыңдар ма, не? Былай тұрыңдар!

 Ұшып тұрдық. Бажекем қайырылып қалған кілемдіорнына жіберіп, сосын қайын бикеме жәй ғана:

--Айқайламасаңшы, үй құлап қалады ғой. Түсте қала әкімі келіп кеткен,--деп міңгірледі.

--Неменеге келіпті?—деп сұрады әйелімнен аумайтын әйелі.

--Үйлеріңде сыбырласып сөйлесіңіздер, өйтпесеңіздер, үйлеріңіздің құлап қалуы ғажап емес деп кеткен...

--Ұятсыздар!—дедім мен қалшылдап,--бәрі бірігіп жейді! Содан барып, сапасыз құрылыс басталады!

Әйелім кілемді түріп жіберіп, жырыққа көз салғаны! Зымиян ғой! Әпкесінен аумайды!

Әне, ол маған ызалана жақындап келеді... Ойба-ай, жақындап қалды...

--Мыжбан! Бері кел!

--Не болып қалды?

--Құтты болсын!

--Немене құт-құтты болсын?

--Мына қабырғадан секс көріп отыр екенсіңдер ғой?

--Жоға, былай ғой... мына үй ертең құлайды! Ке- кетейікші...—дедім мен.

--Кетпейміз, осында қонамыз!—деп ашуланған әйелім секіріп қалып еді, аяқтарының асты ойылып кетті де, екі аяғы төменгі қабатқа салбырап, өзі отырып қалды. Қайын бикем де, бажам да « ыспокойно».

--Мен неғып отырмын?—деп сұрады әйелім.

--А-яғыңның асты тесіліп қалды... Тұра ғой, махаббатым менің,--деп әйелімнің қолынан ұстағаным сол, ол тырқылдай күлгені.

--Не болды жаным?—деп сұрадым мен.

--Астыңғы қабаттан біреулер табанымды қытықтап жатыр!—деді әйелім.

--Біз мұндай тесіктерге үйреніп қалғанбыз,--деді қайын бикем,--мына бөлменің еденін қараңдаршы, шұрық тесік...

--Не деген жауапсыздық! Ертең бұл үй құлайды! Тезірек біздің ауылға көшіп келіңдер!— деп қоямын. Көз алдыма құрылыстан қырнап емес, қылғытып жейтіндер елестеп кетті. Ет жеп, сорпа ішіп болған соң, дәретханасына кірейін десем, бажам жеңімнен тартады.

-Не?

--Туалет жоқ. Астына қарай құлап кеткен... Шыда...

 Зәрем қалмады. Қайтып кетейік десек, түн ішінде ауылға қарай автобус түгіл арба да жүрмейді... Төсек салына ма десек, бажам маған:

--Ұйықтайық...—деді.

--Қалай?—деппін.

--Тік тұрып ұйықтаймыз,--деді қайын бикем. Зәрем ұшты.

--«Тігімнен» ұйықтап көрмеппін,--деп қалды әйелім.

--Жатуға қорқамыз. Үй құласа басып қалады ғой,--деген бажамның бетіне үңіле қарадым.

--Шенеуніктерге халық тағдыры ойыншық екен!—дедім мен.

--Қайырлы түн!—деген дауысқа қарасам, әйелім әпкесіне сүйеніп алып, маужыра-ап бара жатыр. Амал жоқ, кірпіктерім құшақтаса берген соң, бажамды құшақтадым. Ол жүдә қатты қорылдайды екен, таң атқанша кірпік ілмедім. Құдайым-ай, тезірек таң атса екен!!!

ТІРІДЕЙ ҰСТАҢДАР!

 Қайдан қаңғып келгенін қайдам, рұхсатсыз кіріп кеткен егеуқұйрық қала әкімінің орындығы астында қақиып тұра қалды. Әкім бөлім бастықтарымен мәжіліс өткізіп жатқан, бір кезде жынды ғой деймін, ай-шай жоқ, тобығының үстінен қыршып тістеп алғаны! «Өлә-ә, бірдеңе тістеп алды!» дейтіндей, он бес жасар қыз емес, «О, шешеңнің! Бұл не пәле?» деп бұтының астына үңіле кететіндей ауылдың оспадар қазағы да емес, әкім ғой, әкім! Ауызы сәл ашылыңқырап, айқайлап отырғандағы аптығы басылыңқырап, бетіне кислота тамып кеткендей бозарып, орындығының астына үңілді. Үңілді де, астында албасты айран ішіп отырғандай, атып тұрды... Мәжіліске қатысып отырғандар да ұшып тұрысты. Әкім қайта отырды. Өзгелер де отырды. Әкім тағы ұшып тұрды. Өзгелер жағымпаздана орындарынан тұрысты.

--Сізге бірдеңе болды ма?—деп сұрады орынбасары.

--Не деген сұмдық!—деп айқай салды әкім,--бүгін менің қабылдауымда егеуқұйрық неге жүр?

--Егеуқұйрық дейді?

--Ол мұнда қандай мәселемен келіпті!

--Қаланы атжалмандар басып алды!

--Адамдарға шабуыл жасапты!

--Біздің қаланың санитарлық жағдайы осы енді...

 Қала әкімі егеуқұйрықты бір тепті. Сол екен, мәжіліске қатысып отырғандар «бөтен қонақты» қуалай жөнелді. Әйелдер шыңғырып, столдың үстіне шығып кетті. Мәдениет бөлімінің бастығы Қатипаш ханымның қорыққаны соншалық, әкімді құшақтап алыпты.

--Сіз неғып тұрсыз?—деп сұрады әкім.

--Егеуқұйрықтан қашып...

--Егеуқұйрықты улап өлтіретін дәрі деп тұрсыз ба мені?

--Ой, кешіріңіз...

--Көмекші!—деп дауыстады әкім. Апыр-топырдың үстіне көмекші жігіт кірді.

--Шақырған екенсіз...

--Неге рұхсатсыз жібересіз?

--Кімді?

--Егеуқұйрықты!

--Кешіріңіз, олар сондай «наглый», менің кабинетімде ерлі-зайыптылары жүр...

--Қызметтен босатамын!

 Ашуланған әкімнің өзі егеуқұйрықтың соңынан жүгірді. «Арыз-шағымдар» папкісімен ұрып өлтіргісі келеді, егеуқұйрық зымырап отырып, дәлізге шықты. Құрылыс бөлімінде қызмет істейтін әйел кетіп бара жатқан, соның бұтының арасынан зу ете қалды. Әкім әйелді қағып кете жаздап, алға ұмтылды. Орынбасары қуып жетіп, құлағына сыбырлады:

--Мыжбан Мәндірбаевич, сізге егеуқұйрық қуалауға болмайды... Ұят болады...

--Аяғыңды қыршып тістеп алса, көрер едім! Тірідей ұстау керек!

--Сізді танымай қалған ғой... Жаңадан келдіңіз...

--Былтыр қала егеуқұйрықтарын улап өлтіруге қанша қаржы бөлінді?

--Егеуқұйрықтарға жиналыс өткізіп, қаладан кетулерін өтінген болғанбыз...

--Сендер егеуқұйрықтан да жамансыңдар! Сендер атжалмансыңдар! Ішіп-жегендеріңе мәз боласыңдар! Мен сендерді құртамын! –деген әкімді «жедел жәрдем» дәрігерлері арқалап

әкетті. Көмекшісі де, орынбасары да егеуқұйрықты қуалап барады. Олар егеуқұйрықты емес, қызметтің құйрығын қуалап бара жатқан қулар ғой...

ҚАЗІР «ДВИЖЕНИЕ» ЖАСАЙДЫ...

 Былайша әжептеуір қыз сиқтымын, мұрнымның «кәртөшкелігі» болмаса... Шашым да ұзын, мойныма түседі. Беліме белдік, құлағыма сырға жарасады... Білмеймін, жігіт атаулы маған қарамайды... Әлде, өзіміздің жігіттер қырындай білмейді ме?

 Орыс жігіттері қандай инабатты... «Девушка, можно познокомиться?» деп сызыла қалады. Біздің жігіттер «Ә, атың кім ә? Ә, танысайық та?» деп «қуып» тұрады. Ойлары жама-ан арам. «Қайтсем сындырамын, қайтсем тындырамын?» деп ырбаңдап тұрады. Орыс жігіттері «Пойдем, погуляем...» деп қолын ұсынады. Қазақтың кейбір жігіті: « Тұрсай орныңнан! Не, орындыққа жабысып қалдың ба? Тәлпіштене бермеші... Жүр, кафеге барамыз!» дейді алғаш танысып алғаннан кейінгі кездесулерде. Өзбек жігіттері де сып-сыпайы...

 Қой, өзіміздің жігіттерді жамандай бермейік... Өйтсек, байсыз, байсыз болған соң, нанға жағатын майсыз қалармыз... Құрбым екеуміз саябақтағы шеткі орындықта сағыз шайнап отырғанбыз.

--Соня, ана бір «жынды» киінген жігіттерді көрдің бе?—деп сұрадым мен құрбымнан. Оның шын аты Сәуле, Соня деп кеткенбіз.

--Бас бармағымен ышқырын қасып тұрған ба?—деп сұрады құрбым.

--Ия.

--Бізге «движение» жасайын деп тұрған сияқты...

--Тамсанып қарап тұр...

--Бізге де сұраныс бар екен-ау...

--Өлә-ә, мұрнын шұқылай бергені несі?

--Біз сияқты ауылдан келгендер шығар?

--Түкірісе береді екен.

--Сары түстісі былайша жаман жігіт емес сияқты. Талтайып тұрғаны болмаса...

--Қасындағысы қоңыз сияқты ма? Бойы кішкентай...

--Бойын қайтесің? Ойын айтсаңшы!

--Бізге қарап қойысты...

--Күлімсірейікші...

--Жок, сықылықтап күлісейік те?

--Жындысың ба, «не доношнаялар» деп ойлап қалады ғой...

--Сен не істеп отырсың?

--Көйлегімнің етегін түріп... Санымды жарқыратып... Сен аяғыңды айқастырып отырсай...

--Не деген әдемі жігіттер!

--Тәлпіштенбей, бірден таныса кетейік, сен ауыл әкімінің, мен мектеп директорының қызы бола салайық...

--Қойшы, ауыл әкімінің қызы мен болайын...

--Неге, өткенде ғана жігіттермен танысқанда, ауыл әкімінің қызы болдың емес пе?

--Жарайды, тыныш, жігіттер бізге қарай келе жатыр!

--О, құдайым, өзің жар бола гөр, мамам айтқандай!

 Осылай салғыласып отырғанымызда әдемі-і-і жігіттер бізге жақын келді де... жақын келді де... Арғы жағын айта салайын ба, қыздар? Екеуміздің де сөмкемізді ала қашты! Бізді алып қашудың орнына, сөмкемізді алып қашты! Сөмкем менің! Сөмкетайым...

ҚАЗАҚ БАЙЫСА…

ҰЗЫНБАЙ:—Бiлесiң бе, қазақ байыса… Қазақ байыса қайтедi? ҚЫСҚАБАЙ:—Қатын алады!

ҰЗЫНБАЙ:—Одан бетер байып кетсе ше? ҚЫСҚАБАЙ:—Одан бетер қатын алады… ҰЗЫНБАЙ:(аңтарылып)—Түсiнбедiм?

ҚЫСҚАБАЙ:—Тағы қатын алады… ҰЗЫНБАЙ:-Шiрiге-е-ен бай болса… ҚЫСҚАБАЙ:—Шiрi-ге-е-еен қатын алады… ҰЗЫНБАЙ:—Түсiнбедiм.

ҚЫСҚАБАЙ:—Осы сен –ақ түсiнбей қалады екенсiң. Тағы да қатын алады. ҰЗЫНБАЙ:—Немене пәле, қатынға тоймайтын, тоқал алуын қоймайтын кiм өзi?

 ҚЫСҚАБАЙ:—Менқайданбiлейiн…Өзiңғой,қазақбайыса,қазақбайыса деп…миымды жеп…

ҰЗЫНБАЙ:—(даусын созып) Қазақ байы-ы-ы-ы-ы-ы-ып кетсе ше? ҚЫСҚАБАЙ:—Тағы да қатын алады…

 ҰЗЫНБАЙ:(ренжiп)—Қойшы ендi. Байғұс қазаққа қатын әпере бермешi… Басқа бiрдеңе айтшы. Қазақ байыса…

ҚЫСҚАБАЙ:—Қазақ қатын алмайды. ҰЗЫНБАЙ:—Одан бетер байып кетсе…

ҚЫСҚАБАЙ:(бетi бүлк етпестен) Одан бетер қатын алмайды… ҰЗЫНБАЙ: —“Мандраж” болып тұрғаным?

ҚЫСҚАБАЙ:-Қазақ байыса… қақиып қалады… ҰЗЫНБАЙ:—Қалай?

 ҚЫСҚАБАЙ:—Солай. “Капщеный” балық сияқты… Мойыны бұрылмайды, иығы қозғалмайды, қақияды да қалады…

ҰЗЫНБАЙ:—Бейшара-ай, ауру болды ғой…

 ҚЫСҚАБАЙ:—Кiсiлiк ауруына ұшырайды. Сәлемдесе қалсаң, қолының ұшын ғана бередi.

ҰЗЫНБАЙ:—Немене, тырнақтары өсiп, көкпеңбек болып кеткен бе?

 ҚЫСҚАБАЙ:—Ол сенi менсiнбегенiнiң белгiсi. Әне,”шiрiп кеткен жаңа қазақ” келе жатыр. Кластасымыз Табақбет Қақиғанов… “Джипiнен” түскен бетi. Екi әйелiнiң ортасында, қолтықтап алыпты…

 Табақбет Қақиғановтың екi көзi аспанда, шiренiп келе жатыр. Кластастарын көрiп, тоқтай қалып:

ТАБАҚБЕТ:—Осы мен сендердi бiр жерден көрген сияқтымын… ҰЗЫНБАЙ:—(құшағын жайып) О-о, Табақбет, кластасым менiң! Қанша зима, қанша

лето, қанша осень, қанша весна көрмедiк! Танымадың ба не, бiз кластастарың Ұзынбай мен Қысқабайлармыз ғой…(құшақтағысы келдi)

ТАБАҚБЕТ:(оның қолын қағып жiберiп) Құшақтаспай-ақ қоялық. Зиялы адамдардай …

мiне былай…(маңғаздана басын изейдi) бас изесiп қоямыз… ҚЫСҚАБАЙ:—Жылқылар сияқты ма…

 ҰЗЫНБАЙ:—Ой, қойшы, Табақбет, тым болмаса, қол алысайық! (қолын ұсынғанда, анау бүгiлген саусақтарының iшiнен сұқ саусағымен ғана түртiп қояды)

 ТАБАҚБЕТ:—(әйелдерiне кезек-кезек қарап) Жабайылар ғой… Түрлерiнен қорқып тұрсыңдар ма? Мектепте бiрге оқығанбыз…

 БӘЙБIШЕСI:(кербезденiп)—Тамақ iшпегендерi көрiнiп тұр…Беттерi солып қалған…Киiмдерi жұпыны… Осындай киiммен театрға келе ме екен…

 ТОҚАЛЫ:—(көздерiн төңкере қарап) Соны айтсаңшы… Әйелдерi неткен бақытсыз жандар едi…

 ТАБАҚБЕТ:—(қымбат бағалы темекiсiн алып, тұтата бастайды)—Әйелдерiм ғой. Бәйбiше тоқал дегендей… Алматыға келген соң, театрға кiрейiк деп қоймады… Әртiстер қалай киiнедi екен, соны байқайық деп келдiк. Сосын зиялы адамдармыз ғой, театр фойесiнде ары-берi жүргендi ұнатамыз… Спектакльдi көрмесек те болады… Iшiнде ары- берi жүрiп шығамыз…

 ҰЗЫНБАЙ:—(таңданып) Сен шынымен Табақбетсiң бе? Cен не, (жағасынан ала түседi) бiздi менсiебей тұрсың ба? Шымкентшелеп боқтайын ба өзiңдi? Ойып алайын ба, мына көзiңдi? Бiз де театрға кiргелi тұрмыз, бiз де адамбыз! Кiм жабайы а?

ҚЫСҚАБАЙ:(ажыратып) Ұзынбай, бұл жер бiздiң ауыл емес, Алматыда тұрмыз!

Алматыда!

 ҰЗЫНБАЙ: (оны шынтағымен итерiп) Астанада тұрсақ та, қолында өлемiн! Қара, мұны…

 БӘЙБIШЕСI:(оныңшашынажармасып)—Жiбердеймiн,жабайы!Күйеуiмнiң жағасынан садаға кет! Қолың сынып, салбырап қалғыр! Жiбер деймiн!

 ТОҚАЛЫ:(сөмкесiмен оның арқасына ұрғылап)—Бiздiң ортақ меншiгiмiзден тарт қолыңды, оңбаған!

 Осы кезде Табақбеттiң оққағарлары жетiп келiп, Ұзынбайдың iшiне ұрып, бiрi оның басын екi бұтының арасына қысып тұра қалады. Екiншiсi басынан “тоқ етер” алып, Табақбетке қарайды:

ТАБАҚБЕТ: —Жарайды, қанша дегенмен кластастар ғой, бiр жолға кешiрейiн…

 Табақбет әйелдерiмен театрға қарай беттейдi… Ұзынбай үстi-басын қаққыштап, терiсiне сыймай әрең тұр…

 ҚЫСҚАБАЙ: —Қазақ байыса, қазақ байыса деп қоймап едiң… Қазақ байыса сабап кетедi, сабағаны несi, табалдырығыңның алдында атып кетедi…

 ҰЗЫНБАЙ:—(кiжiнiп) Иттiң баласы! Мойнынан қылғындырайын десем, мойыны жуа- ан, бөренедей…

ҚЫСҚАБАЙ:—Ал, досым, қазақ байыса қайтедi екен?

 ҰЗЫНБАЙ:—Спектакльбасталғаншаәңгiмеболсындепедiм,өзiмше…Өй, құрысыншы! Қысқабай, осы өзбек байыса қайтедi?

ҚЫСҚАБАЙ:—Там салады. ҰЗЫНБАЙ:—Одан бетер байып кетсе ше? ҚЫСҚАБАЙ:—Одан бетер там салады.

ҰЗЫНБАЙ:—Байы-ы-ы-ы-ы-ып кетсе ше? ҚЫСҚАБАЙ:—Үйлерiн ұзы-ы-ы-ы-ын ғып қоршап алады. ҰЗЫНБАЙ:—Шiрiген бай болса…

ҚЫСҚАБАЙ:—Тағы да там салады…

ҰЗЫНБАЙ:—Немене, олар көп қатын алмайды ма?

 ҚЫСҚАБАЙ:—Олар көп қатын алса, шатасып қалады… Өзбек байыса… Өзбек байыса, егiн салады. Балалар бақшасын тегiн салады… Автомобиль зауытын салады… Әне, Сайд пен Тахир келе жатыр.Ташкенттегi достарымыз ше?

 Ала шапан киген Сайд пен Тахир қазақ достарын қапсыра құшақтап, мауықтарын басқанша жiбермейдi… Сайд қалтасынан алма, Тахир портфелiнен жүзiм шығарып, достарына ұсынады.

 САЙД:—Ташкеннiң алмасынан ауыз тиiңдер. Алматының алмасы құрттап кеткен, жесең жағыңда жетеуi жыбырлап жүредi…

ТАХИР:—(күлiмдеп) Мұны бiзде юзим дейдi, бас салмай, бiртiндеп үзiп жейдi… ҰЗЫНБАЙ:—Қалайсыңдар- е, сендердi сұмдық байып кеттi дейдi… САЙД:—Iшкенiмiз шай, нанға жағып жейтiнiмiз—май… Тек көңiлiмiз бай… ҚЫСҚАБАЙ:—Миллионер болсаңдар да, қалай жер басып жүрсiңдер?

САЙД:—Сонда қалай?

 ҚЫСҚАБАЙ:—Бiздiң қазақ байыса аспанда ұшып жүредi, одан қалса, тендерден жеп, ақырында құсып жүредi…

 ТАХИР:—(Қысқабайдың арқасынан қағып) Жо-жоқ, адал бейнет, түбi зейнет… Бiз Алматыдан жер алғанбыз. Зауыт саламыз.

ҰЗЫНБАЙ: (күлiп)— Осы сендер жерге “жерiк” екенсiңдер. Еш тоймайсыңдар… САЙД:—Жер емшектi емсең, еңсең көтерiледi… Айтпақшы, осы сендерде тiкұшақтар

неге құлай бередi?

 ҚЫСҚАБАЙ:— Ұшқыштарымыз түнiмен түнгi клубтарда болады да, күндiз ұшып бара жатып, ұйықтап қала бередi…

ТАХИР:—Таң қаламын… Өздерiңде мұнай, сөйте тұрып, бензиндерiң қымбат… ҰЗЫНБАЙ:—Таңданып жүре бер. Бiз таң қалдыруға сұмдық шебермiз.Қымбат

машинемiзге Арзан бензин құйсақ “о, бейшара, ақшасын да қимайды”деп күледi… Сосын амал жоқ парламентте бензиндi қымбаттату жөнiнде қаулы қабылдады…

САЙД:—Осы қазақ қыздары неге кiндiктерiн көрсетiп жүредi? Таң қаламын да… ҰЗЫНБАЙ:—Сен де таңданып жүре бер. Кiм бiледi, бұзақылар аузы-мұрнын басып,

тұншықтыра бастаса, кiндiк арқылы демалады…

САЙД:—(таңданып) Ойебай, кiндiк арқылы да ауа жұтуға бола ма екен? ҚЫСҚАБАЙ:—Қалауын тапса, құлақ арқылы да ауа жұтуға болады.

ТАХИР: —Сендер театр алдында неғып тұрсыңдар? ҚЫСҚАБАЙ:—Жәй, ерiгiп тұрмыз…

ТАХИР:(құшақтап)—Хош, бауырлар, бiз ерiгiп тұра алмаймыз. Секунд— ақша

,минут—доллар!

 Екеуi өзбек биiне билеп кете барады. Достар сыртынан тамсанып тұр. ҰЗЫНБАЙ:—Шiркiн, мен де шiрiген бай болсам…

ҚЫСҚАБАЙ:—Не iстер едiң? ҰЗЫНБАЙ:—Қатын алар едiм… ҚЫСҚАБАЙ:—Одан бетер шiрiп кетсең ше?

ҰЗЫНБАЙ: —Бiр жерден арзандау, оптом қатын алар едiм… ҚЫСҚАБАЙ:—Банкрот болып қалсаң ше?

 ҰЗЫНБАЙ:—Жағыңа жетпiс жылан жұмыртқаласын! Банкрот болсам, қатындарымды құшақтап, жылар едiм…

ҚЫСҚАБАЙ:—Спектакльден кешiктiк… Әне, Табақбет шығып келедi, кетейiк бұл

жерден…

ҰЗЫНБАЙ:—Қазақ байыса, шетелге қашады, бiз үйiмiзге қашайық! Кеттiк! Екеуi екi жаққа қаша жөнеледi.

БАЛАМ ОТЫЗЫНШЫ СЫНЫПТА ОҚИДЫ!

 Уақытты қуалап жүріп ұстап алып, биеңізбен бірге арқандап қоя алмайсыз... Немесе, ұстап алып, «соя» аламайсыз. Уақыт уыста тұрмайды... Қойшы, сонымен, 2030 жыл. Баяғыда-а-а, 2013 жылы, білім министрі 12 жылдық білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын енгізіп еді ғой? Он жыл базалық білім алып, екі жыл бойы мамандық таңдайтын ше? 2015 жылы тағы бір білім министрі келді де, балаларымыз 15 жыл оқитын болды. 2020 жылы тағы бір білімсіз білім министрі келді де, отызында «орда бұза алмағандар» үшін отыз жыл, қырқында «қамал ала алмағандар» үшін қырық жыл оқу туралы бастама көтеріп, қарсы келгендер көксау болып жөтеліп, «оқу-- эксковатормен құдық қазғандай...» деген мақал шықты. Отызыншы, қырқыншы сыныпта оқитын балаларымыздың иегіне қап-қара сақал шықты...

 Құдайға шүкір, менің балам биыл отызыншы «а» сыныбында оқиды. Өйткені, отызға жетіп, желкесін май басса да, «орда» бұза алмай жүр. Біреудің тұмсығын бұзып, не біреудің баласын атып кеткен емес. Ынжық. Бір күні балам сөмкесін арқалап келді де, лақтырып тастады.

--Әке, енді оқымаймын!—деді ол.

--Неге балам?—деп сұрадым мен.

--Миым құрттап кетті. Маңдайымнан ақ құрттар шығып жатыр...

--Көзіңе солай елестеген ғой балам. Отызыңда орда бұзбай жүрсің, оқи бер.

--Бұзып келдім...

--Қалай?

--Сынып жетекшісі Түнжарық апайды...

--Немене апайды? Зорлап кеттің бе не?

--Түнжарық апайдың махаббат ордасын бұзып кіріп, көңілімді білдірдім.

--Ия?

--«Апай, сізге үйленемін! Мен сізге он сегізінші сыныптан бері ғашықпын!» деп

«Фейсбук» арқылы хат жібердім.

--Апайың не деді?

--«Қырқында қамал ала алмай жүрген қырқыншы сыныптағы жігітімді былтыр тастап кеткенмін. Ағай, айып болмаса, әке-шешеме барып, құда түсіп, маған алтын сырға тағып кетіңіздерші. Темір сырға тағып жүргеніме ұяламын...» деп жауап жазып жіберді...

--Жүгермек-ау, одан да еркекке басын имеген, әлі байға тимеген мектеп директорына үйленсеңші! Мектеп директоры деген аты бар ғой! Оқушылардан ақша жинап жүресіңдер...

--Ой, әке, қазір бізде мектеп директоры жоқ.

--Неге?

--Кеше кешке қырқыншы «г» сыныбындағы Көктемес көкем алып қашып кетіпті!

--Немене, Көктемесің әлі үйленбеген бе?

--Жұрт мамандық таңдап, сол мамандық бойынша тереңдетіліп оқып жүрсе, ол махаббат мамандығын тереңдеп таңдапты...

--Көйлегіңнің жағасын кім жыртқан?

--Сыныптастарыммен бірге сыра ішіп отырғанбыз. Даяшымен ерегісіп...

--Отызға келдің ғой отызға! Мен сенің жасыңда есік алдындағы сарайды бұзып тастағанмын! Сенің жасыңда сотталып келгенмін! Ал, сен төбелесуді де білмейсің!

--Өзі ғой...

--Немене өзі?

--Даяшы қызды айтамын да... «Мектеп оқушыларына сыра ішуге болмайды! Шығыңдар!» деп...

--Сосын?

--«Мектеп оқушылары сүйісе де біледі»» деп бас салып ернінен сүйіп алдым! Айтпақшы, ертең ата-аналар жиналысына шақырып жатыр.

--Шешең барады.

--«Әкең келсін» деді.

--Неге мен?

--Апай айтады: «Болашақ қайын атамды көргім келеді, иіліп сәлем беруді үйрене берейін» деп қояды.

--Жарайды, бірінші тоқсан біткен соң, апайыңа үйлендіремін. Тек сабақты жақсы оқы! Көшеге шығып, ойнап кетпе!

--Өрә--ә-әә! Отызымда орда бұзатын болдым!--деген балам мені құшақтай алды. Құшақтап тұрып, қалтамнан қырық мың теңгемді жымқырып кетіпті. «Сыныптастарына

«жумақшы» ғой... Ой, жүгермек! Өй, әкесінің алтын баласы! І-і-і-і... кешке келсінші, быттиған бетінен бір сүйейінші!»

МАХАББАТЫ ҚҰРЫСЫН!

 Құдай-ай, махаббаты құрысын! Осы уақытқа дейін махаббатты, орысша «лүбөпті», ағылшынша «әй ләбіюді» қастерлеп, қадірлеп, басымды иіп, жүрегімнің дүрсілімен, бүйрегімнің бүлкілімен жақсы көріп келдім ғой! Сөйтсе-е-ем... Махаббаттың да машақаты, масқарасы, миғұласы, мисызы, міңгірлегі болады екен...

 Менің екі қызымның шашын тарап, айнаға қарап, бояу жаққан ернін тілімен жалап жүргені... бойжеткені екен. Жалғыз ұлымның беті қызарып, тебіндеген мұрты ұзарып, жүрегін сипалап, ашуы келсе, қайшымен қағаз қиқалап, көңілі келсе кеңкілдей күліп, кеудесі алқам-салқам, жүрісі талтаң-талтаң болғаны—ержетіп қалғаны екен ғой! Құдай- ай, бүйткен махаббаты құрысын, бір күні әйелім жылап келді, «Қызымыз қайда?» деп сұрап келді. Жүрегім тоқтап қала жаздады, кіші қызым балконға шығып алып, секіргелі жатыр екен. «Тоқта қызым, папаң келеді, артыңда!» деп шыңғыра әндеткенімше, қызым секіріп кетті. Оныншы қабатта тұратынбыз, зәрем ұшып, балконнан еңкейсем, тоғызыншы қабаттағы кір жаятын жіпке ілініп қалыпты. Бәріміз тоғызыншы қабатқа жүгіріп жеткенімізше, қызымызды жібі құрғыр көтере алмай, үзіліп кетті де, жетінші қабатта мойнын созып тұрған еңгезердей еркектің екі иығына аяғы салбырап, отыра қалғаны!

«Қимылдамаңыз!» деп айқайлап, жетінші қабатқа жетіп барсақ, үй иесі, «Бұл қандай мақұлық?» деп қорқып кетсе керек, басын сілкіп қалыпты. Қызым бесінші қабаттағы балконның жақтауына ілініп қалған. Ондағы әйел: «Ұры түсті, ұры, одан әрі құры!» деп қызымды итеріп жіберген... Қызым байғұс сол құлдилаған күйі ағаш бұтағына ілініп қалды. Бір қарғаның басына қонып, маңдайын шоқып кеткені болмаса, аман- есен!

«Ойбай, не болды қызым?» деп сұрасақ: «Мәхаббат... Жігітім тастап кетті...» деп жылайды.Осы күнгі жастарға қайран қаламын! Жігітін тауып алып желкесіне сары май

жағып, тістеп-тістеп алғым келді. Содан не керек, қорқып қалған байғұс басымыз пәтерімізді бірінші қабатқа ауыстырдық. Бір күні жалғыз ұлым терезені ашып, секіргелі тұр! Жүгіріп барып, ұстай алдым.

--Секіріп өлемін!—дейді балам.

--Ойбай, бірінші қабаттан ешкім өлмейді!—деймін мен.

--Ой, әке, есімнен шығып кетіпті ғой...

 Сөйтсем, баламды сүйген қызы кенеттен сүймей қалып, басқа жігітке тұрмысқа шығып кетіпті. Балама: «Кедейдің баласы екенсің, одан да бай баласына күйеуге шығып, алтын цепочка тағып жүргенім артық!» депті... Сөйтіп жүргенде, үлкен қызым өз бөлмесін ашпай қойды. Есікті бұзып кірсек, қолының көк тамырын қол арамен аралайын деп жатыр!

--Әй не болды?—деп сұрады әйелім.

--Жігітім фейсбуктегі чатта басқа қызбен «күйіп-жанып» отыр!

--Шат-патыңды білмеймін, дереу өле қалады екенсіңдер де!—деп қатты ашуландым.

--Жігітім тастап кетті-і-і-і...—деп ботадай боздасын қызым. Әне, қазіргі жастар боркемік! Махаббат «вирустарымен» күресе білмейді! «Анти вирус Касперский» бола алмайды! Сөйтіп жүргенде, ұлым бір шелек суға басын батырып алыпты. Ой, тоба... «Махаббат күйігі» екен. Лапылдап, жанып барады екен. Басқа қыз құрып қалғандай! Интернеттегі

«фейсбугін», «в контактесін» «фото странасын» ашып қалсаң, небір сұлу қыздар отыр ғой, көздері мөлдіреп... Содан бір күні әйелім... Ойе-бай, әйеліме не жоқ десеңші! Шашын қайшымен қиқалап, қырқып отыр! «Әй не боп қалды?» деймін ғой... «Махаббат...» дейді ол. «Ойбай, кімге ғашық болып қалдың?» «Саған... Әйел қырыққа келгенде қылық шығарады дейді. Кеше бір түрлі сезіммен, жәудірей қарасам да, төсекте теріс қарап жатып алдың...» деп солқылдап жылайды. Мыналарға не көрінген өзі? Өзіміз стол үстінен секіріп кетпей-ақ жүрміз ғой, көз түсіп жүрген көршінің әйелі кірпігіне ілмесе де... О несі ей...

ҒО...ҒО...

Бәріміз де жас болдық, жастық шақта «тіліп жүріп, мас болдық». Қазіргі жастар қазақ тіліне

«тас» болды! Олар кездесе қалса... Ия құрбылар:

--Салют!

--Салем!

--Халің кал?

--Жақсы ғо...

--Жәйш жүрң?

--Әшін жүрм.

--Уйде не истеп?

--Откан сол.Өзн?

--Универ барам, универ қайтам.

--Не жанк?

--Тнш.

--Анау жігіт ше?

--Қайс?

--Ұмытып қалдың ба? Не ғо...

--Қайш ғо?

--Ғо... ғо... Ғо ше?

--Е, оғ «демал» дидм.

--Пок...

--Не пок?

--Пока дим.

--Пока болса, пок...

Екі қыз бір-бірінің бетінен, еріндерінен шөп-шөп сүйісіп алып, екі жаққа кете барды. Менің көңілімде «цунами»... Айтайын дегенім... Не ғо... не ше?... Не ғо-ғо...

ДҰШПАН IЗДЕП ЖҮРМIН...

 Бiреулер дос iздейдi. “Дос iздеп жүрмiн” деп кiтап жазады. Сөйтiп жүрiп, өзгелерге ор қазады. Ал, менiң дұшпан iздегiм келедi. Мен кiммiн? Мыжбанмын. Қаралған адаммын. Бiрақ, дей алмаймын наданмын. Адам болған соң, iрi дұшпаның болғанға, сол дұшпаның көктей солғанға не жетсiн! Министрлерден дұшпаным болса ғой! “Тапсырыспен” өлтiре салатын. Сөйтiп, айызым қанатын. бiрақ, олар менi қайтсiн?

Бiр идея келдi. Бiр күнi облыс прокурорына келдiм. Хатшы қыз кiргiзбейдi.

  • Не үшiн келдiңiз?-деп сұрады.
  • Дұшпан iздеп жүрмiн,-дедiм мен.
  • Аулақ жүрiңiз.
  •  Ұзақ өмiр сүрiңiз!-дедiм де, ай-шайға қарамастан, прокурордың кабинетiне кiрдiм. Ол кiсi креслосында шайқатылып отыр екен.
  •  Кешiрiңiз, Сiз менiң дұшпаным боласыз ба?-деп сұрадым салған жерден. Прокурор бетiнде бегомот жүргендей, бiр түрлi қарады.
  • Не үшiн?
  • Мен де адаммын. Менiң де дұшпанымның болғанын қалаймын.
  • Менiң өз дұшпаным бар.
  • Ол кiм едi?
  • Әдiлет министрi.
  •  Мен оның да дұшпаны бола аламын. Сiздiң бойыңыздан арамдықтың мың тоннасын табамын. Қайда қарап отырсыз? Облыс әкiмi жер бiткендi өзiне, туыстарына сатып алып жатыр.

 Ол менi қуып шықты. Ендi кiмге барсам екен? Құдай-ау, менiң де дұшпанымның болатын күнi бар ма?

Әлде, облыс әкiмi Тыжбан Тәпековке барсам ба?

 “Жеке мәселем бар едi” деп, кезекке жазылып, жетi ай дегенде, облыс әкiмiнiң де кабинетiне кiрдiм-ау!

  •  Сiз, келiңiз,-дедi ол өтiрiк жымиып. Ой, әккi екен, жер-дүниенi жалмап жеп отырысын қарашы. Естуiмше, бiр бизнесмен құрылысқа тендер алып бершi”-деген екен, “Ұлыма “Джип сыйла, миллиондаған тендерге қолыңды жеткiземiн”деп, оның уәдесiн орындаса да, бұл бұлталақтап жүрген көрiнедi.
  • Өтiнемiн,-дедiм мен, - кешiрiңiз, Сiз менiң нөмiрi бiрiншi дұшпаным болыңыз...
  • Немене?
  • Дұшпан iздеп жүр едiм...
  •  Менiң дұшпандарым көп! Бiрiншi орынбасарым президент аппаратындағы туысына жамандайды екен. Ол президентке жамандайды.
  • Сауап болыпты!-дедiм мен.

 Ол да менi қуып шықты. Құдай-ау, денi дұрыс дұшпанымды қайдан табамын? Қайдан? Мен де адам баласымын ғой. Әлде, әлде, студенттерден ақша жинайтын деканға барсам ба? Сонымен, “Әкел, әкел!” оқу орнының деканына келдiм. келген мәтте:

  • Дұшпан iздеп жүр едiм,-дедiм.
  • Есiңiз дұрыс па? Мен сiздi танымаймын,-дедi ол.
  • Танымасаңыз, танысайық, парақор қолыңызбен қол алысайық. Менiң атым Мыжбан.
  • Сендей қотыршымен дұшпан болмаймын.
  • Өй, әкеңнiң!-дедiм мен.
  • Боқтамаңыз!
  • Әне, сiз менiң дұшпаныма айналдыңыз!

 Ол да менi қуып шықты. Ендi қайда барсам екен? Терроршы Бен Ладенге ме? Әлде, өзбек президентi Ислам Каримовке ме? Жылағым келдi. Менi адам құрлы көрмейдi. Бәрiнiң дұшпандары бар. Қандай анықтама болса да, ақша сұрайтын, сөйтiп қыруар дүние құрайтын облсобездегiлерге барсам ба? о, таптым! Базар бастығына барамын!

  •  Сәлеметсiз бе, менiң қадiрлi дұшпаным!-дедiм масаттанып, - Сiз салықты өте аз төлейсiз! Қаланың бүкiл базары салықты аз төлейдi. Базарыңызда тазалық жоқ! Бұрыш- бұрыш, лай, боқ...
  • За то, көңiлiм тоқ!-дедi ол. - Сiз не үшiн келдiңiз?
  • Құдай үшiн дұшпаным болыңызшы!
  •  Сенесiң бе, дұшпандарым жетедi. Налог, пожарный, прокурор, әкiм дей ме, бiрi келiп, бiрi кетедi.
  • Сiз менiң де дұшпанымсыз.
  • Құры!
  • Ұры!
  • Кет!
  • Быттиған бет!
  • Жоғал!
  • Халыққа обал...
  • Ит!
  • Ал, Сiз - халыққа жабысқан бит!

 Ол менiң желкемнен бүрiп ұстап, кабинетiнен қуып шықты. Қайда барсам екен? Кiмнен, кiмдерден “өшiмдi” алсам екен Әлде, әлде, премьер-министрдiң дұшпаны болсам ба? Осы ойымды әйелiм Қатипашқа айтып едiм:

- О, сорлы, премьер-министр сенiң не теңiң? Балалар аш-жалаңаш, одан да ақша тап!-дедi. Әне, дұшпан iздеп жүрсем, жанымда жүр екен ғой, Қуанғанымнан әйелiмдi құшақтай алдым. Әй, бiрақ, дұшпан iздеп не керек? Дос арттырайық. Солай, мырзалар! Халықпен

дос болыңыздар!

КӨЛЕҢКЕМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ...

 Баяғы өткен заманда, билiктегiлер аманда, көлеңке мен адам дос болыпты. Бiрақ, адам қайда барса, көлеңкесi қыр соңынан қалмайды екен. “Мен сенiң адал досыңмын!“ деп, өзiнше арбайды екен.

Адамның азан шақырып қойғанаты— Мыжбан екен.

Бiр күнi Мыжбан асығыс келе жатып, көлеңкесiн басып кетедi.

  • Кешiр, көлеңке,-дейдi.
  • Баса бер, бәрiбiр мен сенiң көлеңкеңмiн,-дейдi ол.
  • Мен қазiр бiр жерге кiрiп шығатын едiм...
  • Қайда?
  • Президенттiң қабылдауында боламын.
  • Жақсы болды ғой, елбасының көлеңкесiмен танысып қалар едiм.
  •  Жоқ, мен сенi қалдырып кетуге тиiстiмiн. Мен ол кiсiнiң алдында өтiрiк ақпар беремiн. Ал, сен бiрдеңенi бүлдiресiң.

 —Мен сенiң кiшкентай кезiңнен келе жатқан көлеңкең емес пе едiм? Немене, сенбейсiң бе?Қайдағы бiр қайыршының көлеңкесi емес, облыс әкiмi Мыжбан Мәндiрбаевтың көлеңкесiмiн ғой.

  •  Бауырым, көлеңкем менiң, сен осы жерде қала ғой,-деген Мыжбан сәл жүрiп едi, көлеңкесi қыр соңынан қалмай қойды.
  • Қал, қалсайшы!
  • Қайтiп қаларымды да бiлмеймiн.
  • Iшiңе бiр тебемiн!
  • Мейлi!
  • Үстiңе тұз себемiн!
  • Мейлi!
  • Басыңды жұлып аламын!
  • Мейлi!
  • Үстiңде билеп, тұрып аламын!
  • Мейлi.

Мыжбан бiр қадам аттап едi, көлеңкесi iлесiп келедi екен.

  • Әй, көлеңке!
  • Не?
  • Оңбаған көлеңке екенсiң!
  • Өзiң де оңбағансың. Оңбағанның көлеңкесi оңбаған болады ғой.
  • Қолыңды кесiп тастаймын.
  • Өз қолыңды қалай кесесiң?
  • Шалбарыңды шешiп тастаймын!
  • Көшеде тұрып шалбар шешкен шенеунiк көрсем, көзiм шықсын!
  • Мен сенiң аяқ-қолыңды байлап тастаймын!
  • Қолыңнан келмейдi!
  • Бетiңдi лайлап тастаймын.
  • Өзiң бiл.
  •  Сен бар ғой, сен өте жағымпаз көлеңкесiң. Мен жүрсем жүресiң, күлсем күлесiң, билесем билейсiң, басымды имесем имейсiң.
  •  Көлеңкелеп көп қой көкетай! Өзiң сияқты жемқорлардың көлеңкелерi құрметтi көп көредi екен. Сен өзiңнiң көлеңкеңнен көп нәрсенi қызғанасың. Не iсдедiм мен? Бұрын тыриған арық едiң, мен де iлмиiп жүрдiм. Қазiр бетiң табақтай, қарның қабақтай, мойының бөренедей, қолдарың бөденедей болды. Мен де сондаймын. Бәрi сiздiң арқаңыз.
  • Кет деймiн!
  • Кетпеймiн!
  • Жоғал!
  • Қалай?
  • Көзiме көрiнбе! Сенсiз де өмiр сүремiн!
  • Менiң кiндiгiм...
  • Немене, кiндiгiң?
  • Кiндiгiм сiзге байланып қалған.
  •  Сен өзi... менi тыңдаудан қалып барамысың. Былай тұр министр ханымның көлеңкесi келе жатыр.

Мыжбан министр ханыммен қол берiп амандасып, сәл-пәл бөгелдi. Ханым кеткен соң:

  • Иттiң көлеңкесi!-дедi.
  • Сонда сiз итсiз ғой?
  • Әй, неге министр ханымның көлеңкесiнiң үстiне жатып аласың? Ұят қайда?
  • Ендi... Күн ту сыртымыздан шығып тұрған соң құшақтасып қалдық.
  •  Ендi министр ханым не ойлайды? Көлеңкем үшiн кешiрiм сұрауға мәжбүр боламын ғой. Бiр жақсы кiсiнiң, менi өсiрген кiсiнiң құдашасы едi. Неғып тұрсың?
  • Не iстеуiм керек?
  • Кетпейсiң бе?
  • Қайда?
  • Байға?
  •  Мен... Мыжеке, мен ұрғашы көлеңке емеспiн ғой. Көлеңкенiң ар-намысын аяққа таптамаңыз.
  •  Президенттiң алдында не деп сайрайтынымды ұмытып тұғанымды қарашы! Бәрi сенiң кесiрiңнен! Мемлекеттiк бюджеттiң бүйiрiн тесiп жегенiмдi, мемлекеттiк нысандар орындалмаса да, қаржысынан кесiп жегенiмдi. Қалай жасырамын? Өткенде президент келгенде мен көрiктi жерлердi ғана аралатып едiм.

Ол көлеңкесiмен керiлдесiп тұрғанда, өзге бiр облыстың әкiмi Әпек жолығып қалды.

  • Неғып тұрсың состиып?-деп сұрады ол.
  • Е, мына көлеңкем қайтыс болып, соған қайғырып тұрмын,-дей салды ол.
  •  Жағың қарыссын, сiз тiрi тұрғанда мен де тiрiмiн, сiз iрi тұрғанда, мен де iрiмiн,-деп салды көлеңке.
  •  Мыжеке, естiмедiң бе? Осы жолы президент сенi қызметiнен босататын көрiнедi,- дедi Әпек.

 Бұл сөздi естiгенде Мыжбанның миы iстемей қалды. Бетi сазарып, көздерi аларып, құлап бара жатты... Жүрегi тоқтап қалды... Құлап бара жатты...

  • Хош бол, менiң көлеңкем!-деп айтып үлгерген едi, көлеңкесi де қарап тұрмай:
  • МЕн сiзбен бiрге өлемiн!-дедi.

Шынында да көлеңкесi iртiк-iртiк болып өлiп қалды. Ал Әпектiң көлеңкесi қайтыс болған көлеңкеге көңiл айтып бара жатты...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу