Мұхтар Шерім әзілдері


ЫҢҚ ЕТЕ ҚАЛДЫМ...

 Осы менi ұрып өлтiретiн адам жоқ! Нем бар едi, антеннаны жөндей қояйын деп?.. Құдая тоба! Аман-сау қалғаныма қуанып жүрмiн. “Ойбой, Мыжбын көп қабатты үйдiң төбесiнен құлап өлiптi!“ деге аты қандай жаман едi!

 Былай ғой, он қабатты үйдiң төбесiнде тайрандап жүр едiм, аяғым тайып кеттi де төмен қарай зулай жөнелдiм! “Өлген жерiм осы шығар!“— деп ойладым iшiмнен. Қой, бекерге өлгенше, әндетiп өлейiн! Осы бiреулер құла бара жатып шыңғыра бередi. Ақыры өлетiн болған соң несiне шыңғырады екен? Бiр сәт болса да жарық дүниеде ойнап-күлгенге не жетсiн? Осыны ойладым да құлап бара жатып:

--Тасыңнан-- тасыңа секiрiп,

Сайраса, бұлбұл мен кекiлiк!— деп әндете жөнелдiм. Тоғызыншы қабатта тұратын Титықбай:

  • Ассалаумағалейкум, Мыжеке! Қайда барасың?-деп сұрады.
  • О, дүниеге,-деп мiңгiрледiм мен. Дереу балконнан ұстай алдым.
  • Құлап бара жатқан адам шыңғырмай ма?-дедi ол.
  • Шыңғырсам, кiндiгiм айырылады.
  •  Иә, өмiр өте ауыр, Мыжеке! Хош бол, бауырым!-деп жыламсырады ол. —Сен сияқты өмiрден түңiлгендер көп екен. Кеше бiреу пойызға басылып, шейiт болыпты! Қалай ғана өзiн-өзi өлiмне қияды-ей! Рельске алдымен сұқ саусағын төсеп көрмей ме?.. Неғып тұрсың? Тезiрек құласаңшы, бiр пәлеге қалармын...

 Мен одан әрi зуладым. Кенет сегiзiншi қабаттағы кiр жаятын керулi жiпке iлiнiп қалдым. Сол қабатта тұратын кербез келiншек балконға шығып:

  • Ой, ма-ма!.. Сiздi кiм жайып қойған?-деп сұрады.
  • Өзiм.
  •  Өзiңiздi өлiмге қиғаныңыз қалай? Кiр жаятын жiбiмiздi үзетiн болдыңыз ғой! Сiз өлгенде кiмнiң несi кетедi?
  • Бiр минөт болса да қызық өмiр сүргiм келедi!.. Бетiңiзден бiр сүйейiншi?..
  •  Құрып кет, әрi! Өлетiн адамның өңмеңдегенi ұят қой!-деген кербез келiншек кетiп қалды.

 Жiбi құрғыр үзiлiп кеттi де, төмен қарай зулай жөнелдiм. Келiншек қайтадан көрiнiп: “Оңбаған! Ұры! Менiң жаюлы тұрған iш көйлегiмдi алып кеттi!“- деп айқай салды. Ұялып кеттiм. Кенет алтыншы қабатқа жеткенде, тағы iлiнiп қалдым. Әдемi келiншек шарайна алдында әндете ыңылдап, жартылай жалаңаш тұр екен. Сұлу мүсiнi қандай әсем, көзiм жыпылықтады. Ол жай қарады да, бетiн басып, басқа бөлмесiне қашып кеттi. Дереу халатын киiп келiп, шыбын ұрғышпен басыма перiп-перiп қалды. Одан әрi зулай жөнелдiм! Төртiншi қабаттағы ерлi-зайыптылар шаң-шұң ұрыс-керiстiң үстiнде екен. Балконға iлiнiп, амал жоқ, аялдадым.

  •  Сенi бағатын болдым ғой! Ел-жұртқа “Күйеуiм қуыршақ ойнайды“-деймiн бе? Еркек емессiң бе?- дейдi әйел.
  • Зауыт тоқтап тұр! Ендi не iстеймiн?-дейдi күйеуi мiңгiрлеп.
  •  Мойныңа, аяғыңа, белiңе сағаттарды тағып алып көшеде жүр! Сағаты жоқтар: “Уақыт қанша болды?“- деп сұраса: “бiр минөт бiр теңге“ дейсiң.
  • Ойдой, осы сен-ақ миымды жеп болдың...

Аяп кеттiм. “Ох“— дегенiмде, көкiрегiм қарс айырылғандай болды.

  • Әй, неменеге күрсiнесiң?-деп сұрады әйел.
  • Мен емес, анау салбырап тұрған кiсi күрсiнедi... Әйелi менi ендi байқаса керек, жымиған болды.
  •  Кешiрiңiз, Құдай үшiн әдiлетiн айтыңызшы! Мына күйеуiм үй күшiк болып бiттi! Базарға баратын да, оны-мұны алатын да мен. Кейде еркек екенiн ұмытып, көршi әйелдерге қыдырып, өсек айтып келетiнiн қайтерсiң?
  • Ендi... Мен ештеңе айта алмаймын,- деп мiңгiрледiм.
  •  Айта алмасаң, аузың аңқиып, неге салбырап тұрсың?-деп, әйел сыпырғысымен салып қалған едi, ары қарай құлдырай жөнелдiм. О, Жаратқан ием, ендi санаулы секундтардан кейiн о дүниеге аттанып жаным жай табатын шығар? Жоға, ыңқ ете қалдым! Сөйтсем, бiреу көшкелi жатыр екен. Машинаның үстiнде диван тұр, соған түсiппiн. Кiшкене баласы:
  • Алақай, аспаннан адам жауды!-деп мәз болып жатыр. Көшкелi жатқан үйдiң иесi:
  •  Кешiрiңiз, бiздiң диванда шәниiп жатқаныңыз қалай?-деп, өлмешi жанды өлтiруге таянып қалды.

 Мен кемсеңдеп жылап, оны құшақтай алдым. Өзiн де, аңырайып тұрған әйелiн де, бала- шағасын да шөп-шөп сүйiп шықтым! Жиналып қалған жұрттың бәрiн қуанып сүйiп жүрмiн. Содан жүгiрiп отырып, өзiмiздiң дәрiгерге келдiм.

  • Жүрегiмдi тыңдаңыз?-дедiм.
  • Неге? Жайшылық па?
  • Мен тiрiмiн бе?

Тiрi екенiме көзiм жеткен соң, дәрiгердi де құшақтап, шөпiлдетiп сүйiп тастадым.

Өзiмдi-өзiм ұстап көрдiм, еш жерiм “өлмептi!“ Мен тiрiмiн!

МЕНІҢ АТЫМ БӘТІҢКЕ…

  Шын айтамын, менің атым бәтіңке. Түсім қоңыр. Мейлі ғой, жаңа тігілген су жаңа бәтіңке деген атымыз бар еді… Қожайынымның өкшесін ит жеп кеткен бе, білмеймін, аяғын тарп-тарп басып, жер сыза, қисаңдай жүреді екен… Жаңа киілген бәтіңке деген беделіміз бар емес пе, қайтер екен деп, оң аяғын қысып кеп жібердім.

Досы ит екен, «аяғыңа сыймаса, тоңазытқыштың «морозильнигіне» бір күн қой, қатып қалады да, ертеңіне алған соң жылып, жібиді…» дегенін естіп, ой жынымның келгені! Адамгершілігі жоқ екен, екі күн бойы алмады, ұмытып кетсе керек, алпыстағы әжесі ет асқысы келді ме, мені ет екен деп, кәстірөлдегі салқын суға салып жібергені… Тұншығып өліп қала жаздадым. Сыңарым сыңсып, есік алдында жатқан, алқынып айқайлағым келді… Бір кезде, бойым жылып, жаным кіріп бара жатқандай… Су ысып барады… Қайнай бастадым… Аузым ашыла бастады… Бір кезде немересі «Әже, не пісіріп жатырсыз? І-і-і, мынау менің бәтіңкем ғой!» дегенде әжесі: «Көтек! Ет екен деп қалдым ғой, көзім жөнді көрмейді менің! Шешеңе айтпай-ақ қой!» деді бетін шымшып. Суым сорғалап мен тұрмын… Тұмсығым мыжырайып, аузым ашылып кеткен… Күнге кептіріп алған соң, соқталдай жігіт мені лақтырып тастамады. Етікшіге апарып… Ойба-ай, біреу ашылған аузыңды шегелеп тастаса жақсы көресіз бе? Жүрегім сыздап, инфаркт алдым… Осындайда еске түседі де, менің бір танысым бар. Шет елден келген «иностранец» төпли. Екеуі де қап-қара… Бет майлары жылтырап тұр ғой енді… Олар базар сөресіне барған

жоқ.. Қымбат төплилер сатылатын супермаркеттен бір депутат сексен мың теңгеге сатып алды… Охо-ой, қара төплидің жүрісін көрсең! Билік дәліздерінде маң-маң басып жүргені… Өкшесіне шаң жуымайды ғой! Егесі мәжілісте ұйықтап отырады, аяғын-аяғына асып қойып… Рахат! Тағы бір досым бар. Қырғызстанда туылған төпли. Оны бір журналист сатып алып еді, кеше СМС-пен хат жазып жіберіпті: «Бәтіңке дос, жағдайың қалай? Менің жағдайым өте нашар, мына тілшіге қай құдай кезіктірді, анаған да шауып барады, мынаған да шауып барады, өкпем өшті…»–депті… Ал біздің үсті-басымыз балшық, өкшеміз желініп кеткен, бір кезде түсіп қалатын шығар… Құдайдың арзан қара майымен майламайды ғой… Түкіріктеп сүрте салады… Бізді шешкенде дақа-дақа қойса ғой, лақтырып тастай салады. Сосын жатамыз, екі жақта… Кеше сыңарымды сағынып өлдім, иеміз әрең тапты… «Не болды?» деп сұрасам, бір иті бар еді, сол тістеп алып, қораның ішіне апарып тастапты. Қорада тұрған сиыр шайнапты біраз… Бір тауық тұмсығын шоқыпты. Бір ешкі рахаттанып жалапты. Көр-меген қорлығы жоқ сыңарымның… О-ой, бір әкімнің аяғында жүрген танысымның өмірі керемет қой! Тұмсық жағында доллар жатады… Иесі пара алған кезде сонда тығады екен… Ал, біздің сүмелек тұмсығымызға ескі шүберек тығып қойған. Бос жерімізге… Бес жыл болды ғой, киіліп жүргенімізге. Қартайып кеттік тегі… Тастамайды бізді… Қаржы полициясы бастығының аяғындағы төплиді көрші, апта сайын демалысқа шығады. Басқа төпли ауыстырып киеді. Ал бізді иеміздің інісі екі жыл киді тепкілеп. Одан кейін арт жағымызды қырқып тастап, шешесі есік алдына киетін сүйретпе етіп алды, сау-тамтығымыз қалмаса да… Көшеге шықпаймыз. Қашып кетейік десек, қаша алмаймыз, қайтейік, қара жерді дақа-дақа баса алмаймыз… Сорлымыз… Бейшарамыз…

КІТАП ТІЛІМЕН СӨЙЛЕСЕМ…

 Терлеп-тепшiп Мұхтар Әуезовтiң «Абай жолымен» жаяулатып келе жатқанмын. Алдымнан Сәбит Мұқановтың «Ботагөзi» кездесiп қалды. Бұтында джинси, аузында темекi. Кiндiгi көрiнiп тұр. Бiртүрлi жақтырмадым, жанынан жым-жырт өте бердiм де, Әзiлхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарын» бастағым келiп кеттi. Әлде Сәкен Жүнiсовтiң «Ақан серiсi» болайын ба? Темекiсiн тастаса, жақсы қыз болар деген оймен:

–Сайын Мұратбековтiң «Менiң қарындасымы», қайдан келесiз? – деп сұрадым.

  • Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетiнен», – дедi қыз темекiсiн лақтырып жiберiп.
  • Қазақтың қарагөзi темекi шексе, қазаққа Тахауи Ахтановтың «ҚаҺарлы күндерi» келген екенде…
  • Жақтырмасаңыз, Әбдiжәмiл Нүрпейiсовтiң «Қан мен терiндей» болып неғып тұрсыз, кетеберiңiз.

Қыз бұрылып кете берiп едi, Мұқағали Мақатаевша: «Отыздан асып барамын…» – дедiм. Ол маған Бейiмбет Майлиннiң «Сексен сомын» беретiндей жымың етiп, Чеховтың «Шие бағында» жүргендей жайраң қақты. Маған да Зейнолла Қабдоловтың «Ұшқыны» тиiп, ол

«Жалынға» айналып, жүрегiм алып-ұшып, Тұтқабай Иманбековтiң «Тұт ағашының көлеңкесiнде» қалғандай күй кештiм. Өзi Жаяу Мұсаның «Сұрша қызындай» сұлу екен. Iлияс Жансүгiровтiң «Құлагерiндей» осқырынып алып, қыздың қолынан ұстадым. Ол кет әрi емес екен. Содан Мархабат Байғұттың « Машаттағы махаббаты» басталды да кеттi… Е, ТОЙ ҒОЙ ...

 «Той дегенде, қу бастар домалайды» деген сөзді кішкентай кезімде түсінбей, тілімді тістеп, өңкей әр түрлі пошымдағы бастардың сай- саламен тойға қарай домалап бара жатқанын елестетуші едім. Сөйтсем, қазекемдер бүгінде өлімді де тойға айналдырып алыпты. Әкеңіз жетпіске жетіп жығылып, немесе шешеңіз сексенге секіріп шығып алып, шыбын жандарын қиып кетсе, дос-жарандарыңыз құшақтап, арқаңыздан қағатын болды:

«Қаншаға келіп кетті? Жетпіс. Е, той екен ғой, Той ғой. Тойың құтты болсын!» Жетпіс түгілі жүзге келіп өлсе де, әкенің аты-- әке, шешенің аты-- шеше... Қайғының аты-- қайғы...

 Бір күні мектептес досым, облыстық қаржы полициясы бастығы Қаржыбектің әкесі қолы бос уақытында, жасы сексен сегізге келіп қайтыс болды. Қаланың қақ ортасындағы тойханада ас берілді. Шіренгендер шырттай киініп отыр. Жан-жағыма қарасам, бәрі көңілді.Тойға келген сияқтымын ба? Қабағым түсіп, «Біз де сіздердей болғанбыз, сіздер де біздей боласыздар...» деген астары алты қабат сөзді салмақтап отырғанмын, бір танысым басыма салып қалды.

--Неменеге тұнжырап отырсың? Ыржисай. Той ғой бүгін. Сексен сегізге жеткен де бар, жете алмай қиналы-ы-ып кеткен де бар. Сол кісінің жасына жете берейік...

 Мен тісімді ақситтым. Ыржиған түрім осы. Бір кезде бар ғой, сөз жарыс басталды да кетті!

--Тасжалаған атамыз екі жыл шыдап барып өлгенде ғой, тоқсанға келер еді... Қаржыбек бауырым, нешауа. Әкеңіздің өлгені—той. Анаңыз тірі ме? А? Тірі екен ғой. Егер екеуі бірге өлгенде, «во-овще» қатып кетер еді! Тойдың тойы болар еді... Нешауа ол кісі де жетпіс жетіде желігіп отыр екен. Құдай қаласа, ол «тойға» да жетіп қалармыз... Сол кісілердің жасын берсін...—деді бір шіренген шенеунік.

--Әкеңіздің өлген «тойы» құтты болсын! Ешкім әке-шешесін арқандап, жоңышқаға жайып бақпайды, ешкім мәңгі өлмейтін шайтан емес. Қаржыбай інім, әкеңіз сексен сегіз жыл өмір сүріпті, өзің де сол «тойға» жетіп жығыл. Әдемі қартайып, әдемі өлу деген, міне осындай болса керек... Міне өзің бір Облыстың финполының бастығысың. Қаншама жемқорларды түрмеде шірітіп жатырсың. Өзің де білдірмей алып жатырсың. Бұл сенің көрегенділігің, іскерлігің... Сенен бәрі қорқады. Өзіңнен өзің де қорқасың... Сол үшін молда жігіт бір ән шырқап жіберсе...—деп барып тоқтады тағы бір шіренген шенеунік...

Молда орнынан тұрып, жөткірінді, тісін шимен шұқыды.

--Мен негізі құран оқушы едім, Қаржекеңнің құрметіне, әкесінің бақилық болуы той ғой, қазір жастар айтып жүрген қырғыздың әні «Қызыл өрікті» айтып берейін...

 Молда микрофонға бір түкіріп қойып, ән шырқай бастағанда, шыдай алмадым, жүгіріп барып, қолынан микрофонды жұлып алдым.

--Ой, кешіріңіз, молдеке, тойда отырған жоқсыз ғой... Қаржекеңнің қайғысына ортақтасуға келдік емеспіз бе?

Молда жым болды. Жұрттан кешірім сұрап, орныма отыра бергенім сол, асаба:

--Құрметті мырзалар мен ханымдар! Тасжалаған атамыздың рухына арналған «Балалық шаққа саяхат немесе ләңгі тебу» атты театрландырылған көріністі тамашалаңыздар!— деді. Ортаға Тасжалаған ақсақалдың жеті-сегіз жасындағы кейпін сомдамақ болған бала жүгіріп шықты да, ләңгі тебе бастады.

--Бір люр, екі люр, үш люр...—деп ешкі жүнінен ойылып, ортасына қорғасын байланған ләңгіні әуелетіп тепкені сол, аузын ашып, аңқиып отырған қала әкімінің аузына кіріп кеткені... Адамның аузынан жүн шығып тұрғаны бір түрлі екен. Ауызы—қолтығы

сияқты... Байғұс қақалып қала жаздады. Шыдамым шырт айырылып, ортаға жүгіріп бардым да, баланы жетелеп, есіктен шығарып жібердім.

--Кешіріңіздер, театрда отырған жоқпыз ғой...—дедім жиналғандарға қарап. Шіренгендер мән бермеді. Арақ ішіп отырғандары да белгілі болды. «Той ғой...» деп... Содан бір қарасам, төрт- бес әйел мен төрт- бес еркек ортаға шығып алып, билеп жатыр. Асаба

«Қайғылы би» деп хабарлады. Бейшаралар билеп жүріп: «О-ох...»- деп күрсінісіп қояды. Жұлқынып билеп келеді де, бір-бірін құшақтап көріседі... Мұндай масқараны көрмеген байғұс басым, бір қарасам, өзім де солардың арасында билеп жүр екенмін. Мен де қайғырып: «У-ух...»- деп айқайлап қоямын... Есімді тез жиып алдым да, билеп жүргендерді қуалап жүріп, орындарына отырғызып болып, микрофонды қолыма алдым:

--Құрметті мырзалар мен ханымдар! Біз бүгін Қаржекеңнің әкесі Тасжалаған ақсақалдың

«ас-тойына» жиналып отырмыз. Не дейміз, Тасекең о дүниеде бақытты болсын... Ой, кешіріңіздер, тойда отырғандай сөйлеп кетіппін ау... Айтайын дегенім--өлімді де тойға айналдыра бастадық. Өлімді де байлар жарысына, бәсекесіне жеткізе бастадық. Мұны тез тоқтатуымыз керек! Бақилық адамға керегі—құран бағыштау ғана сауап!

Бір кезде мектептес досым, Қаржекең түнеріп келді де, құлағыма сыбырлады:

--Сен не, «тойдың» шырқын бұзуға келдің бе? Әкем сексен сегізге келіп қайтыс болды, той ғой, той! Шашылмаймыз ба? Көрсетпейміз бе өзімізді? Кім екенімізді!

 Көмекейіме құм төгілгендей, қабырғаларым біртіндеп сөгілгендей, күрсініп салдым да, тойханадан шыға жөнелдім. Досым жүгіріп шығып, «Әкемнен теберік болсын!»-деп иығыма шапан жапты. Жыным келіп, шапанды көшеде қайыр сұрап отырған мүгедек шалдың иығына жаба салдым, басына қалпақ кигіздім. Сосын:

--Ой, кешіріңіз... Осылай отырған сізге жарасады...—деппін. Ол да қарап тұрмай, су жаңа қалпақты төңкерді де:

--Ақыры берген екенсің, ішіне бірдеңе тастамайсың ба?—деп қалды. Мен тойхана ішіндегі шенеуніктерге, сосын қайыршыға қарадым... Ол да маған бір түрлі қарады...

«О, ШЕШЕҢ...»

--Бізде идеология бар ма?—деп айқайлады бір қазақ тау ішіндегі жартасқа келіп.

--Идео да бар, логия да бар!—деді жартас жаңғырып.

Қазақ қатыр-құтыр бірдеңе жеп тұрғандай, аузы-басын қисаңдатып барып, қалшиды да қалды. Негізі, жартас жаңғырығы сөзіңді сөзбе-сөз қайталайтын емес пе еді?

--Бізде идеология бар ма?—деп сұрады ол қорқа сөйлеп.

--Базарда бар, арба айдаған қазақтар!—деген жаңғырық шықты.

 Ол жұтынып, таң қалды. Талып қалайын десе, бетіне су бүркетін ешкім жоқ болған соң, шыдап тұра берді.

--Бізде идеология бар ма?—деп сұрады ол сосын.

--Мафия идеологиясы өркендеп келеді!

--Бізде идеология бар ма?

--Жемқорстан идеологиясы лапылдап жанып, халықты бытыр-бытыр жандырып келеді!

--Бізде идео...

--Бізде «идиоттар» да бар!

--Бізде иди...

--Бізде «иди» де, «сиди» де бар!

--Бізде...

--Бізде бәрі бар!

--Біз...

--Бізде етік тігетін біз де бар, сызылатын сіз де бар...

--Айқайлап айтайын: бізде идеология бар ма?

--Намыссыз қазақтар идеологиясы бар! Қыздары Қытайға, негрге тиіп жатса «Қызыл өрікке» билей кететін...

--Бар дауысыммен айқайлап айтамын: бізде иреңология, ой, идеология бар ма деймін?

--Ойбай, бар, бар! Қазақтары ішіп-жеп, шетелге қашатын идеология бар!

--Бізде патриоттық идеология бар ма?

--Бар, бар! Ән ұранды шатастырып алатын, көк байрағымыздан қапшық жасап алатын идеологиямыз бар!

--Е-е-ей, жаңғырық мырза, бізде идеология бар ма?

--Айқайлама! Керең жаңғырық емеспін! Біліп қой, дини миссионерлердің идеологиясы бар!

--Кешіріңіз...

--Сіз де кешіріңіз...

--Ойбай...

--Өзің ойбай...

--Е-е-ей!

--Бәле-ей...

--Қойсай...

--Өзің қойсай!

--Жаңғырық! Сенің үстіңнен үкіметке « О-о—о! Е-е-е-е! Ө-ө-ө-ө!» деп жаңғырмайды» деген арыз жазамын!

--Бәрібір даусың үкіметке жетпейді!

--Сыбырлап айтайын: Бізде идеология жоқ қой ия?—деді қазақ аузын қолымен көлегейлеп.

--Сыбырламай-ақ қой, бізде тәуелсіздік алғалы дүние бөліс, ақша бөліс, байлық бөліс идеологиясы жүріп жатыр!

--Жаңғырық мырза...

--Мен мырза емеспін.

--Енді кімсіз?

--Халық жаңғырығымын. Ясно?

--Ойбай, «ясно?» деп орысша сөйлеп кеткеніңіз қалай?

--Мен емес оны айтқан.

--Енді кім?

--Қасымдағы «Эхо» деген досым ғой. Орыс жаңғырығы.

--Оның жаңғырығы күшті шығады екен!

--Сосын ғой, биліктегі қазақтар «орыс тілділер идеологиясын» құшақтап, аймалап, сүйіп, бірге «жатып» жүргені...

--Жаңғырық ағай, о заман да бұ заман жаңғырық жауап қайтармаушы еді...

--«Баяғы –жартас—сол жартас» деген сөзден намыстанып кеттік! Жүдә, тоты құс сияқты сөздеріңді қайталай бергенге мәз болып кеттіңдер!

Біздің өз идеологиямыз бар!

--Ойбай, ол қандай идеология?

--Жартасқа соғылған жал толқындарға езілмеу, шымшықтар ұя салып, шұрық тесік етіп тастады деп егілмеу, бір күні бұрқ етіп құламау, кім көрінгенге құшақ жайып, арзан атақ, мансап сұрамау...

--Сау бол, жаңғырық бауырым!—деген қазақ бұрылып кете беріп еді, жартас үңгірінен сопаң етіп шыға келген бір дипломды маскүнем қазақ қисалаңдап тұрып алды:

--Әй, тоқташы! Тоқта деймін! Жаңағы сөздердің бәрін «жаңғырық» болып айтып тұрған мен едім, аузым кеуіп кетті, жүз грамың бар ма?

--Бұл да біздің «Арақ-2030 идеологиясы» Жартастарға дейін арақ ішеді...--деген қазақ артына бұрылып қарамастан, «о, шешең...» деп балағаттап, өзінің боқтампаз идеологиясымен «рухтанып» бара жатты.

АДАМШАРБАҚ

 Шынымның шаңын қағып айтсам, кейбір зиялы жазушыларлардың жыбыр-жыбыр, сыбыр-сыбырларын ұанатпаймын да... «Еліміздегі бай миллиардерлер ұлтына қызмет етпейді, ұлттық намыстары «қайтыс» болып кеткен...» деп күйіп кеткен жүгері жейді ғой.

 Мысалы мына мен... Не мені танымайсыңдар ма? Мен ақшаның астында да, үстінде де қалған адаммын. Бір күні оқ қағарларым мен, кеңесшілерімді шақырып алып:

--Тағы бір жерге үш қабатты вилла салдым. Он бес сотық жерді немен қоршасақ екен?— деп сұрақпен сабаладым.

--Әдемі оюлары бар темір шарбақпен қоршайық...—деді оқ қағарым.

--Сен өлгенде сонымен қоршаймыз. Болмайды!

 Оқ қағарым жуан желкесін сипалап, көзімен еденді «қиқалап», жөткірініп қойды. Кеңесшілеріме қарадым.

--Шлакоблок...

--Болмайды!

--Күйген кірпіш...

--Кірпішпен басыңа ұрайын ба?

--Мрамормен...

--Мрамормен жалпита салайын ба?

--Енді немен қоршағыңыз келеді?—деп өзімнен сұрады кеңесшімнің бірі.

--Адамшарбақ жасаймыз!

--Қ-қалай?

--Солай! Елде жоқ, елең етерлік жоба! Вилламның он бес сотық жеріне адамдар қаз қатар тұрып, «шарбақ» болады.

Кеңесшілерім кеңкелес пе, күңкілдесіп, күлге ойнаған балалардай пәтуәсіз күлісіп алды.

--Олар күндіз-түні тұра алмайды ғой?—деп сұрады оқ қағарым.

--Елімізде жұмыссыздар көп. Екі-үш ауысыммен қаз-қатар тұрып, шарбақ болады! Көз алдарыңа елестетіңдер. Мынау менің виллам, Айнала төрт бұрышты болып, жүздеген адамдар қаз-қатар тұр. Бәрі жігіттер. Араларынан албасты да өте алмайды.

--Есігі темір қақпа бола ма?—деп қалды маналы бері үнсіз тыңдап тұрған досым Ұйқыбас таңдайын тақылдатып.

--Жоқ, «есік» тұсына мини юбка киінген әдемі қыздар тұрады. Менің «Джипім» көрінгеннен, екіге жарылып, «қақпа болып» ашылады да, жабыла қалады. Бәріне мың доллардан айлық төлеймін! Міне, ұлтқа қызмет ету деген!

--Мынауыңыз Гиннестер кітабына жазылатындай екен!

--Керемет идея!

--«Башкатый» адамсыз ғой!—деген қолпаштаулардан кейін оларға жедел тапсырма бердім. Бір айдан кейін достарымды ертіп, виллама келе жаттым. Әне «пультті» басып қалып едім, қаз- қатар тұрған сұлу қыздар иіліп, екіге жарылды да, «қақпа» ашылды. Қайта жабылды. «Жабылғандары» қандай тамаша, бәрі теріс қарап тұрғандықтан, арт жақтарынан қарап тұрып, әуесің келіп кетеді екен. Достарымның бірі олардың белінен сипалап:

--Жақсы «забор» екен...-- деп қояды.

--Нөмірі бірінші миллиардерсіз, Мыжбан мырза!—деп қолымды қысқандар да болды.

--«Қорғаныңыз» класс! Адамшарбағыңыз керемет! Жігіттердің бәрін бір келкі киіндіріпсіз!—деп таңдайлары кеуіп қалғандар да болды.

--Аяқтары талып, іштері пыспайды ма?—деп сұрағандар да болды. Ақша аяқты талдырмайды! Менікі «жиналмалы» қорған. Әр екі сағат сайын орындықтарға отырыса кетеді! Кеше артқы жақтағы «қорғаным» құлап қалыпты! Шеттерінен мас... Айлық берген едім... Бәрін «бұзып» тастайын десем, қазақпыз ғой, аяймын, жұмыссыздар азайсыншы, ұлтыма қызмет етейінші деймін де... «Қақпа» болып тұрған қыздарға рахмет, «әуенді» қақпа ғой! Әндетіп тұрады. Жарайды, сізге жұмыс керек емес пе? Келіңіз, қақпаның

«қоңырауы» болып тұрасыз... Келесіз бе?

ТӨБЕЛЕС БОЛҒАН ЖОҚ...

 Осы жақында ғана біздің ауданда ауыл әкімдерін сайлау дегеніңіз керемет өтті ғой! Бұрынғы ауыл әкімдері өз еріктерімен орындарынан босап, басқа ауылдың әкімдігіне сайлауға түсіп жатты. Ел көрген, жер көрген, жесір көрген деген жақсы ғой.

 Бізде таныс-тамырлық деген болған жоқ. Аудан басшылары оларды бұрыннан таниды емес пе? Парақорлық деген атымен өшкен. Олар пара дегенді былтыр алып қойған. Демек, бұл сайлауға еш қатысы жоқ. Не деген ғажап дүние! Ауыл әкімдері ауысып, қайта сайланғалы, ауыл ауа райы өзгеріп, нөсерлете жаңбыр жауды. Есектер ақырып, иттер көңілдене үріп, өзендегі балықтар «билеп» жатты. «Бұрын да ауылды көгерте қоймап еді, енді одан бетер қурататын болды!» деп жүрген жыбырлақ ауыздардың да үндері өшіп қалды. Айтпақшы, біздің аудан бойынша 35 ауыл әкімі сайлануы керек болса, оған 305 үміткер таласты. Астанада, Алматыда жүрген студент балаларының достары, бұрын жүріп, тастап кеткен қыздарына дейін сайлауға келіп, үміткер болды. Бір жынды кемпір бар еді. Ол да әкім боламын деп ойбайлап жатты... Қысқасы, бұл жолғы сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгешерек болды. Төбелес, атыс, бірінің көзін бірі шығару, боқтау, машинамен, трактормен қағып кету дегендер болған жоқ. Мұнысына де шүкір!

«АУЫЛДА АТАМЫЗДЫҢ БАСЫ БАР!»

 Халықтың қамын, елдің ертеңін ойлайтын да мәслихат депутаттары. Осы кеше ғана облыстық мәслихат депутаттары «Дәрігерлер ауылға барсын! Сондай акция ұйымдастырылсын! Заманауи технологиямен жабдықталған көшпелі медицина ауылдарды араласын!»-- деп бір депутат қызып сөйледі, «Ауылда атамыздың басы бар ма? Шығынданып қайтеміз?»-- деп екінші депутат сөзінің астын сызып сөйледі.

 Қойшы, не керек, «Ауылда атамыздың басы бар...» атты акция ұйымдастырылып, дәрігерлер жолға шықты. Олар Бетпақдалада жүрген бір жындыны ұстап алып:

--Қай жерің ауырады?—деп сұрады. Жынды ыржалақтап:

--Бір жерім...--деді.

--Қай жерің?

--Айтпаймын.

--Айтсаңшы...

--Қараңызшы...—деген ол отыра кетті,--табаныма тікен кіріп кеткен...

--Қашан?

--Осыдан он жыл бұрын...

 Онколог жындының табанында «атың өшкір» жаман аурудың жоқ екенін анықтап, тіс дәрігері тікеннің тіске залалы жоқтығын айтып, гинеколог тікен кіргеннен толғақтың келмейтінін, өйткені, бұл кісінің еркек екенін анықтап, хирург табанын тіліп жіберіп,

«тентек» тікенді суырып алды!

 Келесі ауылға тоқтаған дәрігерлер қымыз ішіп отырып, ауылдағы аурухананы мал дәрігері басқарып отырғанын көріп, таң қалды. Маман жетіспейді екен, акушер әйел тіс дәрігері, әрі невролог, әрі... Содан не керек, тамағына балықтың қылтанағы тұрып қалған ақсақалға тегін көмек көрсетілді. Ауданнан комиссия келгенде тілін тістеп алған ауыл әкімінің тілінен қан алынып, облысқа такси арқылы, зертханаға жіберілді. Хирург жас қыздардың құлақтарына сырға тағу үшін инемен тесіп, иод жаққаны үшін алты мың теңгеден алып жатты... Түс қайта бір әйел келді.

--Кешіріңіздер, көзім...—деді.

--Көзіңізге не болды?—деп сұрады көз дәрігері.

--Көзіме қараң қалғыр, жарық дүниеде сорлап өткір, бақытсыз болып, уланып өлгір, өмір бақи ызыңдап, жылап өткір...

--Біреу ұрды ма? Көзіңізге?

--Кім ұрушы еді мені? Ұрып тұратын күйеуім де жоқ... Көзіме шыбын тышып кетті... Ұятсыз десе...

 Дереу көзге дезинфекция жасалынып, «бүлдіріп кеткен» шыбын тұтқындалынып, таксимен облыстағы зертханаға жіберілді... Облыстық мәслихат депутаттары осы акция үшін бюджеттен жеті миллион теңге қаржы бөлген еді, балалардың табандарынан төрт мыңдай тікен алынды... Өй жүгермектер десе, жазда жалаң аяқ жүргендері несі?

ТЕРЕЗЕДЕН ЛАҚТЫРЫП ЖІБЕРДІ...

-Мыжбан, бері кел, – деді әйелім.

  • Не болды? Не? Не? Не?
  • Бәле, бәле, бәле! Костюміңді теріс киіп алыпсың ғой. Түнде қайда қондың?
  • Бір досымның үйінде.
  • Досыңның қасына жаттың ба?
  • Жоқ, әйелі екеуінің ортасына...
  • Ол қандай дос өзі? Әйелі екеуі сені ортасына алып жататындай?
  • Бір бөлмелі үй ғой. Іштік, жедік. Қайтайын десем, за рулем. «Козелдар» көшені кезіп

жүр. Әйелі өзіне төсекті бір бұрышқа, күйеуі екеумізге бір бұрышқа төсек салған сияқты еді. Көзімді ашсам, екеуі де мені құшақтап жатыр.

  • Кеше, жоқ, оның арғы күні қайда қондың? Костюміңді шеш!
  • Қойшы-ей! Не болды саған? Сенің көзіңе шөп салсам, Мыжбан атым өшсін!
  • Көйлегіңді де теріс киіп алыпсың?
  • А! Е-е, көйлекті теріс кисе, қалай болады екен ей? – деп ойлап едім.
  • Шеш көйлегіңді!
  • Не, шомылдырайын деп тұрсың ба? Ал шештім!
  • Мәйкіңді де теріс киіп алыпсың ғой! Оңбаған, жексұрын! Дон Жуан!
  • Бұл мәйкіні үстімнен тастамай киіп жүргеніме жеті жыл болды ғой. Мына жағы оңып кеткен соң, мына жағын ауыстырып кигім келеді. Қатипаш, қойшы енді! Мен сенен басқа әйелге бармаймын! Барсам, жүрегім дірілдеп, ыстықтап, температурам көтеріліп, мазам кетеді!
  • Аһ, жексұрын! Шалбарыңды да теріс киіп алыпсың! Қайда бардың деймін, ойбай, қайда?
  • Ойбайлай бермеші-ей! Кір болып кеткен соң, теріс қаратып кигенім рас!
  • Өтірік айтып тұрсың! Шеш шалбарыңды!
  • Қойшы деймін! Денемді бүгін көріп тұрсың ба? Ал шешейін!
  • Ойбай-ай, ойбай, мынау трусиін де теріс киіп алыпты ғой!
  • Модасы сондай-ей! Теріс киілетін труси…
  • Сен мені сүймейсің!
  • Неге? Кеше тізеңнен сүйдім…
  • Кеше үйге қонған жоқсың!
  • А, солай екен-ау!
  • Кімнің тізесін сүйіп жүрсің?
  • Құдай сақтасын!
  • Трусиіңді шеш!
  • Жындымысың?
  • Шешсеңші енді!
  • Теріс киілетін ештеңе қалмады, Қатипаш, қойшы енді! Ұялмайсың ба?
  • Кімнен?
  • Менен…
  • Сенде ұят бар ма еді?
  • Бес килодай бар әлі…
  • Мәйкіңді көтер, ішіңді көрсет!
  • Немене, осмотр жасап жатырмысың? Ал, ал міне!
  • Кіндігіңнің тұсын кім тырнап алған?
  • Қане? – деп еңкейдім мен. – Е-е, қышып кеткен соң, шанышқымен қасып едім сызып кеткені… Жүр, жатайықшы.
  • Мен сенің қасыңа жатпаймын! – деген әйелім үстімді иіскей бастады.
  • Немене, үстімнен табиғи газдың иісі шығып тұр ма?
  • Бұл кімнің иісі?
  • Қойшы деймін, менде бөтен иіс жоқ!
  • Әйелдің иісі шығып тұр! Духи иісі?!
  • Бүгін жұмыстағы бір апайдың алпыс жылдығы болған. Құттықтап, құшақтаған едім. Содан жұққан ғой, жүр, жатайықшы деймін!
  • Мен сенің қасыңа жатпаймын! Шұлықтарыңды да теріс киіп алыпсың ғой. Ақымақсың сен!
  • Алдымен түсініп алшы, жаным! Туфлиім тар, аяғымды қыса берген соң, теріс киіп алдым.
  • Теріс киіп едің, «кеңіп» сала берді, ә?
  • Иә. Тоқта, тоқта, колготкиіңді теріс киіп алыпсың ғой?!
  • Бұл сондай колготки. Теріс киілмесе, балтырымды терлетіп жібереді.
  • Сен мені өйтіп алдама! – деп қораздай қоқилана бастадым. – Юбкаңды да теріс киіп алыпсың ғой. Өй әкеңнің!

Мен жұдырығымды сілтей бергенімде, шифонерден еңгезердей еркек шыға келді. Қара көзілдірік киіп алған.

  • Братан, әйелге қол көтеруге болмайды, заң алдында жауап бересің! – дейді.
  • Мынауың кім? – деп сұрадым мен.
  • Охранам ғой.
  • Сойып жейтін сиырдай семіз екен өзі…

Сол екен, әйелімнің «охранасы» мені қапсыра құшақтап, қоштасып жатыр екен десем, терезеден лақтырып жіберді. Өліп қалдым ба, өлейін деп жатырмын ба, білмеймін…

МИ АУЫСТЫРАТЫН БОЛСАҚ...

 Бiздiң елде ақымақтар көп, құдайға шүкiр. Өзге елдерге ақымақтарымызды бермеймiз. Ақымақ болып тұрсақ та, ақылдыларды мойындамаймыз.

 Кейде шалқамнан жатып алып, аяғымның ү((стiне аяғымды қойып, башпайларымды жыбырлатып, екi қолымды желкеме тастап, ойдым-ойдым ойға шомыламын. Өй-сауна. Қиялым - бухана, яғни пар. Шiркiн-ай, адамдарды Алла тағала мен ойлағандай етiп жаратса ғой. Адамдардың дене мүшелерi алынбалы-салынбалы болса... Мәселен, сiздiң шекеңiзде қасық сиятындай қақпағы бар. Миыңыз ескiрсе, ақымақ болсаңыз, ақылды миға “заправить“ етiп ала қоясыз. Мен мұндай кезде “Казтрансми“ корпорациясының президентi болып отырар ма едiм? Сонда бiр депутат былай дер едi:

  •  Бәсе, неге өз ана тiлiме қасқайып, қарсы шыға берейiн десем, кеше кешке еңкейе бергенiмде, маңдайымның қақпағы ашылып кетiп, миымды төгiп алған екенмiн ғой. Бiр ит сылп-сылп жалап жатыр едi.
  •  Е, Тыжеке, ақымақ басым-ай, нем бар едi-ей, “Iшемiз, жеймiз“ корпорациясының президентiмен уақытша май ауыстырып едiк. Бiр ай болды, бермей жүр, қашқақтап алдыма келмей жүр.
  • Неге?
  • Оның миы құрттап кеткен екен, басымның iшi қыши бередi.

 Мiне, бiз осындай “ойпырмайлаған“ әңгiмелердiң куәсi болар ма едiк. Адам неге бүтiндей жаратылды екен? Екi қолың да алынбалы-салынбалы болса ғой, сонда мен қалалық жерком, қалалық архитектура бастықтары мен қала әкiмiнiң қолдарын ұрлап әкетер едiм. Кафе-дүкен алу үшiн, оның жерiн сатып алу үшiн 35-40 адам қол қояды екен. “Шляпа“, яғни 3-4 мың доллар сыйламасаң, жылдар бойы жылап жүргенiң сол.

 Жә, жарайды, әңгiме қол-аяқта емес, баста! Шалқамнан жатып алып, таң атқанша ойланамын ғой. Ми... Бiреудiң миы - қи. Ендi бiрiнiкi қою, үшiншiсiнiкi - iрiп кеткен. Ақылды, салмақты милар аз...

 Етпетiмнен жатып та ойланамын. Адамдардың дене мүшелерi алынбалы-салынбалы болса екен деп. Мұрын, көз, құлақтардың қалағанын сатып алып, ауыстыра қоясыз. Ми... Осы миға келгенде көңiлiм құлазып кете бередi-ей! Ми ауыстырылатын болса, екi құрбымның әңгiмесi былай болар ма едi?

  • Әжi-бiжi-бiжi...
  • Не болды саған, Қатираш?!
  • Әжi-бiжi-бiжi...
  • Денiң сау ма өзi?
  • Миымды ұрлатып алдым. Қазiр менде түк ми жоқ.
  • Қойшы-ей!
  • Әжi-бiжi-бiжi... Кеше кешке бiр жiгiтпен саунаға барғанмын.
  • Иә?
  • Рахаттанып шомылып, рахаттанып секстiң дәмiн татып жатқанмын. Оңбаған...
  • Е?
  •  Ол менi аймалап жатып, сумаңдаған қолымен миымды ұрлап алыпты. Әжi-бiжi- бiжi... Содан берi сөзiмде береке жоқ. Әжi-бiжi-бiжi...

Тағы бiр жiгiттiң әңгiмесiне құлақ салыңыз.

  • Мен ше, мен?..
  • Немене мен?
  • Бiр қыздың миын салып едiм.
  • Не болды?
  • Мiнезiм өзгерiп кеттi. Жiгiттерге қарай бергiм келедi.
  • Көгiлдiр шығарсың?
  • Қойшы. Одан да екеумiз жiгiттерге “движение“ жасап, сындырып қайтайық? Мiне, мидың хикаясы осындай! сiз ше? Сiз миыңызды ауыстырмайсыз ба?

ШЫҢҒЫРҒАН ШАҚЫРУЛАР

 Қазақта той көп, ой жоқ... Шақырса, шапқылап, небiр тiлектермен атқылап, бара бересiң. Шақырмаса, шайтаныңмен дос болып, үйiңде қала бересiң.

Шақыру қағаздарының мәтiндерi де өзгеше.

А) ШАҚЫРУ

 Аса құрметтi Мыжбан аға! Сiз(дер)-дi әйелдерiңiзбен (бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi) 2004 жылы 10 тамызда таңертеңнен түнге дейiн, және ертеңге дейiн созылатын әкем Мәндiрбай ата және әйелдерi Қатипаш, Атипаш, Типаш, Ипаш, Паш, Аш апаларым мешiтiнiң ашылу салтанатына шақырамыз. Келмесеңiз өзiңiз бiлiңiз. Менiң мұрным қисайып қалмайды.

Мәндiрбай әулетi.

 Мекен-жайымыз: Осындай қазақтар облысы, Мақтаншақтар ауданы, Өзiн көрсету ауылы.

БАҒДАРЛАМА

9.00. Қонақтарды тау етегiне “жайып“ алу, жуа жегiзу, гүл тергiзу.

9.30. Қонақтарды қуып әкелiп, киiз үйлерге қамап тастау.

9.35. Таңертеңгiлiк мәзiр. Атауың iшкiрлерге бiр-бiр тарелка манная каша беру.

9.50. Қонақтарға асарлатып тезек илету, қыш құйдыру жұмыстары.

 11.00. Мешiттiң ашылу салтанаты. Қазақстан Мұсылмандар Дiни Басқармасының Бас муфтиi Әбсаттар қажы Дербiсәлiнiң сөзiн облыс имамы оқып бередi. Облыс әкiмi намаз оқиды. Аудан әкiмi намазды жағымпаздана қайталайды.

13.00. Асқабақтай асқазандарға ел қондыру. Түскi қонақасы.

15.00. Қонақтарды құшақтап, шығарып салу рәсiмi.

Өткен аптада тағы бiр шақыру қағазын алдым. Мiне:

Б) ХОШ КЕЛІІІСІЗДЕР!

Құрметтi, Мыжбан аға! 2004 жылдың 19 қазанында түнде өтетiн “Мен қалай

Парламентке келдiм?“ атты шоу-концертке шақырамын. Құдай үшiн келiңiзшi!

Мен ғой.

БАҒДАРЛАМАДА:

18.00. Қонақтарды санап шығу.

18.30. Әкелген сыйлықтарын реттеу.

19.00. “Мен, мен, мен едiм!“ кафесiнiң үлкен залына жиналу.

19.05. Облыс әкiмiнiң аузын қимылдату. Жаттанды сөзi.

19.30. Салют ату.

19.40. Шампандар ату. Концертке қатысатындар:

 Роза Рымбаева, Рымбаева Роза, Майкл Джексон (келмесе де), Мақпал Жүнiсова (күйеуi жiберсе), “Ялла“ ансамблi, Роза Бағланова, “Бони М“ тобы, “Айба“ тобы, “Пахтахор“ футбол командасы, Нұрлан Өнербаев гитарасымен, Киркоров синарасымен және басқалар.

Концертке қатыспайтындар:

 Әмiре Қашаубаев, Кене Әзiрбаев, Естай, Ықылас, Құманғазы, Дина Нүрпейiсова және басқалар.

Мына бiр шақыру қағазы тiптi қызық.

Ә) ШАҚЫРАМЫЗ!

 Құрметтi, Мыжбан аға! Әкелi-балалы Тыжбан, Тәпектердiң сүндеттелу тойына, 2004 жылдың 15 қазанында келiңiз!

 Әкесi бұрын сүндеттелген, бiрақ кедейлiктiң кесiрiнен той өткiзбеген. Ендi жетiлгенде, баласымен бiрге өткiзбекшiмiз.

Әндiрбай әулетi.

Тағы бiр шақыру қағазын қараңыз!

Г) Ажырасу тойы

 Құрметтi, Мыжбан мырза! 2004 жылдың қай күнi екенi белгiсiз, бiр күнiнде өтетiн ажырасу тойымызға шақырамыз. Бiр-бiрiмiзден құтылатынымызға қуанып, қаладағы қаптаған кафелердiң бiрiнде күтемiз. Кафеге ақшасын өзiңiз төлейтiнiңiздi ескертемiз.

Экс ерлi-зайыптылар: Айбақ-Сайбақ.

Д) Разборка

 Құрметтi, Мыжбан! Сiздi 2004 жылдың 3 қыркүйегiнде өтетiн “разборкаға“ шақырамыз. Нағашыңыз Тәпектiң жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк нысандарды жекешелендiргенi жөнiнде мәселеге ОБСЕ өкiлдерi және сот, прокуратура өкiлдерi қатысады.

Ж) ШАҚЫРМАЙМЫЗ

 Құрметтi, Мыжбан! Сiздi 2004 жылдың 18 қарашасында өтетiн Бесiк тойымызға, 19 қарашада өтетiн сүндет тойымызға, 20 қарашада өтетiн 50 жылдық мерей тойымызға, 21 қарашада өтетiн аты жоқ тойымызға шақырамыз. Өйткенi, Сiз де кезiнде тойыңызға шақырмай қойғансыз! “Бiздiң ауылда да той болар“ деген осы.

Өкпелегiшовтер әулетi.

 Осындай шыңғырған шақыру қағаздарын көргенде, менiң де дүркiретiп той жасағым келiп кетедi. Бiрақ қандай той? Идея айтыңыздаршы. Идея бергендердiң өзiне той жасап беремiн!

ХОШ БОЛ, ИТТIҢ БАЛАСЫ...

 Қазақстан Парламентi ауыр қазаға ұшырады. Ұзаққа созылған алты минөттiк ауыр науқастан Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты, “Жаңа қазақ“ қоғамының белсендi мүшесi, үйiндегi алты, сырттағы сегiз баланың әкесi, үйiндегi әйелiнiң үшiншi күйеуi, сырттағы көңiлдесiнiң он сегiзiншi көрпелесi,

Мыжбан МӘНДIРБАЕВ

бiр көзiн жұмып, өлiп қалды. Бiр көзiн ғана жұмғаны, екiншi көзi жасанды болатын.

Иттiң баласы Мыжбан Мәндiрбаев көзi тiрiсiнде не iстемедi десеңiзшi!

 Ол ылғи етiгiнiң, туфлиiнiң қонышынан басып жүрдi. Өйткенi, қолынан келдi: қудалады, қуалады, құлатты, жылатты, сұлатты, жатқызып қойды, насыбайын атқызып қойды, бiрақ бiрде-бiреуiн қайтып тұрғызған жоқ. Марқұм ана тiлiне қарсы болып кеттi. Ол өмiрiнде титтей жақсылық жасамаған адам, осындайы үшiн құрметтейтiн едiк, қорыққанымыздан.

Марқұмның туған-туысқандарына да көмегi болмады.

Хош, хош иттiң баласы, топырағың балшық, жатқан жерiң шалшық болсын!

Бiр топ дұшпандары.

Мұндай қазанамаларды оқығанда, екi көзiңе мөлтiлдеп жас келедi екен. Келесi қазанама мәтiнi мынадай, өте қысқа, өте нұсқа:

 “Ол тырайып қалды. Өлгiсi жоқ едi, қайтемiз, ажал арамыздан алып кеттi. Артында аңырап әйелi, бала-шағасы қалып кеттi. Бiздi өлтiре жаздаған, жүйкемiздi жұқартқан жұқсызға қатты қайғырмай, сәл-пәл көңiл айтамыз“.

Бiр топ курстастары.

Ендiгi бiр қазанама былай болып келедi.

 Атаңа нәлет, свинья! Көзiн көкшитiп алып, қазақты жүдә жек көрушi едi! Ұлттық бiрлiгiмiзге тұз, топырақ, қызыл бұрыш сепкеннен басқа не бiтiрдi? Атаңа нәлет, свинья! Бiздiң Қазақстанда туылып, Ресейде жүрген Жырындовский кiшi дәретiн сындыра алмай қайтыс болды дегенге сенгiмiз келмейдi, рас па, өтiрiк пе? Қазақстанның бiраз жерiн Ресейдiкi деп сандырақтаған Ресей азаматына не деймiз?

 Барған жерiң тозақ болсын, көмiлетiн жерiң Созақ болсын... Өй, кешiрiңiздер, құрметтi оқырман! Дәл қазiр хабар келдi, ол тiрi екен! Ұзақ жасайды екен, свинья!

Бiр топ қазақстандықтар.

Атақты химик қайтыс болғандағы қазанаманы оқып көрiңiз...

 Ух... H2O ауыр қазаға ұшырады. Жетпiске қараған шағында, ойнап-күлiп отырып, тiзесiн қаси бергенде, химия ғылымының жалған докторы, өтiрiк профессор, ақылды емес академик

Тыжбан ТӘПЕКОВТI

 екi аяғы аспаннан келiп, мәңгiлiкке көз жұмды. Хош, хош молекула, хош формула, хош химия!

Бiр топ жалған достары.

Қарақшы бауырымыз Кiсiнебай ЖЫЛҚЫБАЕВ кенеттен көз жұмды. Бiз сенбей, көзiн ашып көрдiк. Жанары суық, бiз сенбестен жүрегiн тыңдадық. Өлерiнен бiр ай бұрын тоқтап қалған екен, ет қызуымен өмiр сүрiп келiптi, жаны ауырса да, өтiрiк күлiп келiптi. Ауыл бiткендi қан жылатқан қарақшы бауырымызға қабырғамыз қайысып, мұрынымыз майысып қатты қайғырамыз,,,

Хош, хош, бақұл бол, өзiңмен бiрге жылқының қиына көмiп, қимай отырмыз.

Бiр топ қарақшы достарың.

 Осылай кете бередi. Қазанамаларды оқып, көңiлiң құлазиды. Өмiр бар да, өлiм бар, бiр күнi өзiм де өлiп қалыппын... Мен туралы жазылған қазанаманы оқып берейiн ба? Қойшы, оқымайыншы, жылап бәле боласыздар...

КӨРЕЙІН ДЕГЕНІМ ОСЫ МА ЕДІ?

(Қорқынышты әңгiме)

 Ескерту: бұл жазғанымды жүректерi жамау-жамау дiмкәс адамдар, бүгiн не ертең о дүниеге кеткелi жатқандар оқымай-ақ қойсын. Он сегiз жасқа толмағандардың да оқуларына рұқсат жоқ.

Мәселе былай ғой... Осыдан жиырма жыл бұрын елiмiз тәуелсiздiк алған жылы ұйықтап қалыппын. Жиырма жасымда. Дәрiгерлер мұны “летаргиялық ұйқы” (ұзақ жылдар ұйықтау) дейдi екен. Ұзақ жылдар ұйықтайтын шетелдiк маубастар туралы көп оқитын едiм. Дәрiгерлердiң бақылауында ұйықтап жатып, күнi кеше, тәуелсiздiктiң жиырма жылдығы қарсаңында оянып кеттiм. Қырық жасымда. Жан-жағыма қарасам, ойба-ай, қорқынышты фильмдер болушы едi ғой, тура сондай. Көшеге шықсам, көздерi тура маңдайларына шығып кеткен жалғыз көздi адамдар жүр. Зәрем қалмады. Тұра қашып едiм, бiреуi қуалап жүрiп ұстап алды.

  • Әй, сен кiмсiң? — деп сұрады семiз әйел.
  • Әке-е-емнiң баласымын.
  • Көршiсiнiң баласы деп тұрған жоқпын. Сенiң көзiң неге екеу?
  • Ендi...
  • Немене, сен қоғамда болып жатқан құбылыстардан қорықпағансың ба?
  • Кешiрiңiз, бiр көздi апай, адамдардың бәрiнде жалғыз көз, неге олай?
  • О, жүгермек, сен өзi қайдан шықтың? Атырауда, күнi кеше Таразда терроршылар жасаған жарылыстардан қорқа-қорқа көздерiмiз осылай маңдайымызға шығып кеттi.
  • Көзiңiз неге бiреу ғана?
  • Екiншi көзiмiздiң қорыққанымыздан қайда түсiп қалғанын бiлмеймiз.
  • Бәрi жалғыз көздiлер...
  • Иә, ендi Қазақстанды жалғыз көздiлер мекендейдi, – деген ол сөмкесiнен шашына қыстыратын шпилкасын алды да, бiр көзiмдi шұқып алғаны. Ойбайладым да қалдым.
  • Апай, мұныңыз не?
  • Екi көздi болып сен ғана жүрмекпiсiң? Ұят емес пе? — деген апай кербезденiп кетiп қалды.

Жан-жағыма қарадым. Үрейленiп жүрген адамдар. Анау бiр жерде екi полиция инспекторы өлiп жатыр. Атып кетiптi. Мына бiр жерде бiр дiни экстремист өзiн-өзi жарайын деп жатыр. Тұра қаштым...

Ырсылдап, ышқырымды көтерiп, күркiлдей жөтелiп, аялдамада тұрғанмын. Бiр егделеу жасқа келген кiсi бұтына жiберi-iп тұр. Шалбарының балағынан Арыс өзенi аққандай...

  • Көке, мұныңыз қалай? Ұялмайсыз ба? Көпшiлiк орнында... — дедiм мен. Маңдайындағы жалғыз көзi жасаураған көкем сыбырлап қана:
  • Мына дүние не болып кеттi өзi? Соны ойлап-ойлап, қорқып кеттiм... —дедi.

Бiр қарасам... Бiр қарасам ше? Ойба-а-а-ай! Бiр қарасам бар ғой... Өй-й... Айтуға қорқып тұрмын... Бiр қарасам, үкiмет үйiнiң алдына тоқтаған қызметтiк машиналардан ылғи

бассыз адамдар түсiп жатыр! Мойындарында галстук, бiрақ бастары жоқ... Жаным қалмады... Бiр кезде қатты қорықсам керек, жалғыз көзiм жылжи-жылжи тура маңдайыма келдi. Бүрiсiп тұрғанымда, арт жағымнан бiреу “Ба-а-а!” деп бар даусымен айқайлағанда бар ғой, “А-а-а!” деп тұра қаштым! Бассыз ағаларымның жандарынан безiп бара жатып: “Сәлеметсiздер ме?” деп амандасып өттiм. Былай шыға бере, бiр кiсi қолымнан шап берiп ұстай алды.

  • Аға, а-ана ба-ба-ба-бассыз кiсiлер кiмдер? — деп сұрадым мен.
  • Жоғары лауазымды шенеунiктер, — дедi ол түсiндiрiп, – басында екi шайнам миы жоқ болған соң, ондай кеуек басты не қылады, көрiнген жерге тастап кетедi.
  • Ойбай аға...
  • Немене?
  • Сiздiң мұрныңыз қайда?
  • Арқама түсiп кеткен.
  • Ау-аузыңыз апандай болып, бүкiл бетiңiздi алып жатыр... Қорқып тұрмын...
  • Бiз де ана жақтан, мына жақтан шыққан жарылыстардан қорқа-қорқа, осылай, аузымыз апандай ашылған күйi қалып қойды...
  • Ана кiсiнiң басына не шыққан?
  • Қайсы?
  • Анау кетiп бара жатқан...
  • Қатты қорыққандықтан шаштары қурап түсiп, артынан қураған бұтақтар өсiп шығып жатыр көп адамдарда...
  • Неден қорқа бересiздер сонда?
  • Өзiң қайдан келдiң? Аспаннан салбырап түстiң бе?
  • Жиырма жыл ұйықтап қалыппын. Сондай ауру бар, аға...
  • Айналайын, – деп арқамнан қаққан ол құлағыма сыбырлады, – тағы жиырма жыл ұйықтай тұрмадың ба?
  • Неге?
  • Сондажұмыссызқаламын,немесетерроршыларқолынанөлiпқаламындеп қорықпайтын едiң ғой.

Бiр қарасам, бiр қарасам ше, қолдарына буы бұрқыраған жүректерiн ұстап алған адамдар келе жатыр. Төбе шашым “честь” берiп кеттi.

  • Мы-мыналар кiмдер? — деппiн.
  • Өмiр сүруден қорыққандар ғой. Жүректерi ұшып кете берген соң, қолдарына ұстап жүретiн болған.

Арада екi сағат уақыт өткеннен кейiн, о тоба, үш тiлдi адамдарды көрдiм. Аузын ашқан кезде ар жағынан сала құлаш тiлi салп етiп шығады. Тiлiнiң ұшында үш айыры бар. Жыланның тiлi сияқты. Бiрақ жыланның тiлiнде екi айыр болса, бұларда үш айыр.

Әлгiлер маған қарап сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Бiр сөзiн түсiнбедiм.

  • Мыналар кiмдер? – деп сұрадым қасымнан өтiп бара жатқан қариядан.
  • Бұларды бiлмеушi ме ең?! Екi жасынан бастап он сегiзге дейiн үш тiлдi, яки орыс, қазақ, ағылшын тiлiн арнайы мектепте оқыған қулар ғой. Құдай қарғап, осылай боп қалды. Үш тiл тұрмақ, бiр тiлдi де бiлмейдi. Тек шүмектен аққан су сияқты шүлдiрлей бередi...

Бағанағы қорыққаным қорыққан ба, ендi түршiге қорықтым. Түршiккенiм соншалық, денем ұйып, ұйқым келе бастады. “Байғұс қазақтың көрейiн дегенi осы ма едi?! Бейшара қазаққа көрсетейiн дегенiң осы ма едi, а, Құдай?! – деп қатты налыдым. Содан соң iле “Қайта ұйықтап кетсем екен... Ұзаққа...” деп тiледiм Құдайдан.

БІР ШЕЛЕК СУ...

 Әкемнің кебісін киіп жүріп, қыздармен танысатынымды қайтерсіз? Бұтымдағы джинси інімдікі. Ол досынан сұрап алған екен. Досы көршісінен алыпты. Статистика агенттігі Қазақстандағы жұмысшылардың орташа айлығы тоқсан мыңның төңірегінде деп далбасалай береді екен. Менің айлығым он сегіз мың, өз жасым жиырма беске де жетпейді...

 «Жетпейді» деп желкемді қасып жүре беремін бе, бір қызбен танысып, аш кенедей жабысып, екеуміз «Ішіңдер, жеңдер, кетіңдер!» деп аталатын кафенің алдында кездесетін болдық. Қыздың таңдауы сол жер болды әйтеуір. Маған салса, моланың қасында кездессек те ризамын, өйткені қалтамда тентек тиын да жоқ... Кеше танысқан қызым керемет сұлу енді, жалт қарағанда, жамбасыма оқ тигендей, ақсаңдап қалдым. Мен өзі қыздарға ғашық болсам, аяқтан қаламын. Жүрегім от болып жанып кетті, күлі ғана қалған сияқты. Автобустан түсіп, жаяулатып келсем, қызым қып-қызыл көйлек киіп , мені күтіп тұр екен. Кешіккеніме ұялып, кешірім сұрап, екеуімз кафеге кірдік. Отырмыз. Даяшы келді. Қалтамда қатып қалған құрттан басқа ештеңе жоқ.

--Не ішесіздер?--деп сұрады даяшы.

--Ештеңе ішпейміз...—дедім мен.

--Қалай?

--Ораза ұстағанбыз...

--Кафеде ештеңе ішпей отыруға болмайды, тапсырыс беріңіздер,--деді даяшы.

--Бір шелек су...—дедім мен.

--Не деп тұрсыз?

--Біз жәй, су ішуге келдік...

--Ойнамаңызшы, аға...

--Ойнап тұрғаным жоқ, ойлап тұрмын...

 Қызыма қарасам, қып-қызыл болып кетпепті, қайта күлкіден жарылайын деп отыр. Бір кезде:

--Әзілдеп отыр әшейін... Жарайды, маған да бір шелек су әкеліңіз...—деді. Аузым ашылып қалыпты. «Шіркін-ай,-- деп қиялданып кеттім,--бай шенеуніктің баласы болғанымда ғой... Шіреніп отыратын... Ананы әкел, мынаны әкел деп отыратын...»

--Сіздер немене, мені мазақтап отырсыздар ма? –деген даяшы қыз қолын бұлғап, зал бастығын шақырды. «Біткен жерім осы шығар... Қыз алдында масқара болдым! Қазір қуып шығатын шығар! А, сорлы қазақ, айлығың он сегіз мың теңге, неменеңе жетісіп, кафеде отырсың?» --деймін ішімнен іріп кеткен сүт ішкендей болып.

--Сая әпше, мына кісілер екі шелек суға заказ беріп отыр... Мені мазақтап...—деді даяшы жарылатын бомбадай тырысып.

--Кешіріңіздер,--деді зал бастығы сыпайылық танытып,--ас мәзірінде шелекпен су беру деген жоқ еді...

--Бір шелек су жетеді бізге. Ожауымен,--деді қызым. Мәссаған! Менің сөзімді сөйлеп отыр! Менің жағдайымды, мен арқылы халықтың жағдай ын ойлап отыр! Аты кім еді өзінің? Кеше танысқанмын ғой, ұмытып кетіппін... «Шіркін-ай,-- деп қиялданып кеттім,-- шіркін-ай, премьер министр Кәрім Мәсімовтің баласы, жо-жоқ, әйелінің інісі, жо-жоқ, бөлесі болсам да жетеді! Шалқып жүрер едім-ау! Байлардың балалары шалқып жүреді, біз сияқтылар лайқа суда қалқып жүреді...»

--Сізге ше?—деп сұраған зал бастығының даусы ойымды осып жіберді.

--Маған да бір шелек су...—деппін.

--Екі шелек суды мына ас мәзіріңіздегі бірінші, екінші тағамдардың барлығының бағасына бағалай беріңіз, мен төлеймін,--деді қызым қутыңдап.

--Бір түрлі екен,--деді даяшы.

--Халық қара су ішіп отыр. Бүгін соны еске аламыз!—дедім мен.

--Ал мен ерігіп отырмын,--деді қызым.

 «Шіркін-ай,-- деп қиялданып кеттім тағы да,--әкем халықтан ұрлап ішіп-жейтін көп шенеуніктердің бірі болғанда ғой, кафеде шелектеп су ішіп отырмас едім! Кеше сыныптасым еңіреп жылап отыр. Сөйтсем, әкесі депутат еді, мәжіліс тарап кетіпті. Мәжіліс тарап кетсе де, әкесі кабинетінен кетпей, креслосын құшақтап жылапты...»

Даяшы екі шелек су әкелді.

--Таныстығымыз үшін!—дедім судан сіміріп жатып,-- кешіріңіз, атыңыз кім еді?

--Негізінде Әйгерім, подругаларым Айкона дейді.

--Айкона, ашығын айтайын...

--Айта беріңіз.

--Екі шелек суға да төлейтін ақшам жоқ...

--Отыз мың теңге төлей саламын,--деген Айкона сөмкесінен көк қағаздарды шығарып, даяшыға ұсынды да:

--Тағы бір шелек су алдырайын ба?—деп менен сұрады. Бекерге төлеп жатқанына қарағанда, байдың қызы болды, сасқанымнан:

--Сегіз шелек...—деппін. Бір қарасам, айналамыздың бәрі су толы шелек. Әрқайысыан ауыз тидік те, сыртқа шықтық. «Таксимен қалай шығарып саламын?»--деп қиналып тұрғанымда, әуеден гүріл естілді. Мәссаған, тік ұшақ келіп тұр!

--Бәрі әкемнің арқасы... Бүгін қарапайым болғым келіп еді... –деді ол.

--С-сау болыңыз!-дедім сасқанымнан.

--О кэй!—деді миллиардердің қызы.

--Кездеспегенше...—дедім қорыққанымнан.

--Біз ағалы-інілі дос боламыз әлі,--деді ол,--жақында Германияда операция жасатып, еркекке айналмақпын...

--Неге?—дедім мен.

--Әкемнің жалғыз қызымын, мұрагер ұлы жоқ. Бұл әкемнің өтініші,--деген ол тік ұшаққа қарай жүгіре жөнелді. Ғашық отым жанбай жатып, бықсып, түтіндетіп, өшті де қалды! Көз алдымда жас жігіт «братан, сау болыңыз!» деп жүгіріп бара жатқандай...

ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАЙМЫЗ!

 Біреу ат басындай болмаса да, албастының көзіндей алтын тауып алады, біреу жолда келе жатып, ақша сауып алады, енді біреу насыбай толы шақша тауып алады. Солай ғой енді... Ал, облыстық ішкі істер департаментіне жаңадан келген тергеуші Беткеайтарұлы, мына мен бір күні аяғымың астынан ӘДІЛЕТ тауып алдым. Шалажансар екен... Өлейін деп жатыр екен. Қасында Әділетсіз шалқасынан түсіп, шұжық шайнап жатыр... Дереу Әділетті қалтама сала қойдым.

 Кабинетіме кіргенім сол, «Бастық шақырып жатыр, шақырғаны былай тұрсын, аузын апандай ашып, бақырып жатыр!» деген дені дұрыс емес хабар алдым.

--Шындықбай Беткеайтарұлы, қалтаңызда не бар?—деп сұрады генарал-майор.

--Қалтамда? Тас та жоқ...

--Не бар деймін?

--Қыл-қыбыр, шаш та жоқ...

--Тергеу бөлімінің бастығы сенің жерден еңкейіп бірдеңе тауып алғаныңды көріпті. Сенен сұраған екен, «Әділдет тауып алдым» депсің.

--Ойнап айттым.

--Жоқ, ойлап айттың!

--Кешіріңіз, біздің елде Әділет бар ма өзі?...

--Көрсетіңіз, Әділеттің қандай болатынын көрейік!

--Жоқ, сіздер оны қамап қоясыздар, немесе, көзін жоясыздар...

--Бастығыңыза бағынбағаныңыз үшін қызметтен босатамын! Сіз боссыз!

 Онсыз да, осы қызметке келгелі әділет жолында жүргенім үшін бөлім бастығына, ол аздай, басқарма бастығына «бір түрлі адам, пара алмайтын надан» болып жүр едім, енді міне, қолымда пәпкі, не басымда полицейлік шәпкі де жоқ! Әділдікті қойныма жылытып, көшеде келе жатыр едім, екі полицай жаныма жетіп келді.

--Ақ костюм-шалбар, ақ туфли киіп алыпсыз,--деді бірі қолындағы шелекті артына жасырып.

--Аққа Құдай жақ...

--Қараға да Құдай жақ... –деді екіншісі ентелеп.

--Айтыңызшы, Аққа Қара жұғады ма?

--Жұқпайды...—дедім мен.

--Өй, мынау ештеңе ұқпайды!—деген біріншісі шелегіндегі қара бояуды шөткесімен үстіме жаға бастады... Сөйтті де екеуі тырқылдап күлді. Жүрегім ақ, үстім қара дақ болып үйге келдім. Жер бетіндегі әділетсіздіктерге, еліміздегі қара дақтарға, әсіресе, ішкі істер органдарындағы былықтар мен соттардағы солақай тірліктерге жыным келіп, ой бір жыладым! Ия, іштей жыладым... Сөйтіп ішкі істер министрлігіне барып, жүрегімдегі Әділетті көрсетіп едім: «Кешіріңіз, кейде танып, кейде танымаймыз...» десті. Парламенттегілер: «Әділет деген осы екен-ау! Кешіріңіз, әділет!»-- деп тамсанып қана қойды... Шенеуніктердің біразы Әділетті танымайды екен... Есесіне Жағымпаздарды, Жалақорларды, әділетсіз Екі Жүзділерді жақсы танитын болып шықты... «Қызметіме қайта келермін!» деп ойланып, ұйықтап кетіппін. Түн ортасында шошып оянсам, қойнымда біреу жатыр!

--Кешіріңіз, сіз кімсіз?—деп сұрадым атып тұрып.

--Жалагүлмін,-- деді ол.

 Кешікпей, «Әділетсіздікті жүрегіне жасырғаны үшін, Ақты өлтіріп, Қарамен сыбайлас болғаны үшін» деген жаламен түрмеге түстім. Құдайым-ау, мұнда шатаққа шатысы, қылмысқа қатысы жоқтар, Жаланың көрпесін жамылып жатқандар көп екен! Көңілім көң астында қалғандай, біреу жүрегімді турап, мұздатқышқа салғандай, сағым сынып, іштен тынып жүргенмін. Қазір түрмелерден қашып кету сәнге, тіпті әнге айналды емес пе, бір күні күзетшіге:

--Ананы қара, ананы қара!—дедім.

--Ештеңе көріп тұрғаным жоқ,--деді ол.

--Ананы қара, қылмыскер күннің сәулесіне өрмелеп, қашып барады!

 Күзетші көзін көлегейлеп тұрғанда, зып беріп, қаша жөнелдім. Қашып бара жатып, көшедегі хабарландыруға көзім түсті. Онда: «Әділетке, Аққа, Иманға халықаралық іздеу жариялаймыз!» деп жазып қойған екен. Көзім қарауытып, құлап түстім. Бір кезде көзімді

ашсам, Әділетім шала-жансар, өлейін деп жатыр, Ал, ӘДІЛЕТСІЗДІКТІҢ қолында қара күрек, оны көмейін деп жатыр... О, дүние-ай...

КІМНІҢ ҚҰЛАҒЫ?

 Жағдайым жағадан, көңілім көлеңкемнен тартып, кеңкелес адамдай кеңкілдеп күліп келе жатқанмын. Қашанғы «Жұмыс жоқ, бала-шағамды қалай асыраймын?» деп қайғыра бермекпін?» Осылай ойлап, өзімнен-өзім күліп келе жатқан бетім ғой. Бір кезде бір бай келіншек көше жиегінде тұрған «Джипіне» отыра бергенде, оң құлағы түбінен сыпырылып түсіп қалды! Сенбейін десем, жерде құлақ жатыр, сенейін десем, құлақ деген қырық градус аязда да қырқылып түспейтін еді... «Джип» кетісімен аш иттей жан-жағыма жалтақтай қарадым, құдайым-ау, мынау жатқан жәй құлақ емес, қымба-а-ат алтын сырғасы жылтырап жатқан «женский» құлақ қой!

 Бір кемпір құлаққа қарай құлдыраңдап келе жатты. Алып қоятын болды-ау, жалма-жан жүгіріп, құлақтың қасына келгенде, көк мұздан тайып жығылғандай болдым да, құлақтың үстіне құлап түстім. Кемпір келіп, қолымнан тартты.

 --Осы ғой енді! Көшеге құм сеуіп қойса болады ғой! Кәрі де, жас та жығылып жатыр! Қала әкімі қалтасын ойлағанша, осыны да ойласа еді! Әй жүгермек, неғып жатырсың?— деген кемпірге рахметімді айтып, екі ортада құлақты қалтаға сүңгітім жібердім де, былай шығып, құлақты қолыма алдым. Жасанды құлақ екен. Миллионер әйелдің құлағын о баста ит жеп қойған ба, немесе қарақшылар қырқып әкеткен бе? Пластикалық құлақты бірінші көруім... Құлақ қуанышымды көтеріп, үйге келсем, әйелім алдымнан айқайлап шықты:

«Қайыршы болсаң да ақша тап, үйде жылан жалайтындай май жоқ, шайтан ішетіндей шай жоқ!»--деді. «Қатын, менде құлақ бар!» дедім жымыңдап. «Құлағы несі? Кімнің құлағы?» деп сұраған әйеліме қалтамнан жасанды құлақты алып, алдына тастай салып едім, қорыққанынан ыршып түсті... «Ойбай, біреудің құлағын ұрлап алғансың ба?» деп жаны қалмады. Дегенмен, әйел заты емес пе, алтын сырғаны көріп, жымың-жымың етті.

«Ақыры ұрлаған екенсің, екінші құлағын да түбімен жұлып алмадың ба?» деп қояды.

«Жолдан тауып алдым» десем, сенбейді ғой. «Алтын сырғаны сатып, бір байып қалатын болдық!» деп тұрғанымда, облыстық теледидардан мана мен көрген миллионер әйел сөйлеп отыр! Өзімнің құлағым түбінен қырқылып, түсіп қалғандай, құлағымды тостым.

«Құрметті құлақтары қалқайып, көңілдері марқайып, аман есен жүрген қала тұрғындары! Кезінде қарақшылар құны бір миллион теңге тұратын алтын сырғам үшін құлағымды түбінен қырқып әкетіп еді. Бүгін түсте Германияда жасатқан алтын сырғалы жасанды құлағым түсіп қалыпты, соны тауып алғандар болса, құлағымды қайтарса екен, сүйіншісіне еркек болса, өзіне тиіп аламын, әйел болса, үйіме қызметші етіп, жұмысқа орналастырамын!» дегенде, алақанымды ысқылап, қуанып кеттім. Әйелім басыма сыпыр- ғысымен қойып қалды, «Неменеге мәз болып отырсың? Немене, мені тастап, миллионер әйелдің үйіне кіріп алғың келеді ме?»--деп көздерінің қарасын бір-біріне өткізіп жібергенде, жүн жұтқандай жым болдым. Не керек, әйелім жұмысқа орналасып еді, екі күннен кейін жұмыстан шығарып жіберді. Әйелімнен сұрасам, тоңазытқышын ашып, ішін қалай жалап-жұқтап қойғанын өзі де сезбей қалған...

 Әйелім айтты: «Қалай күн көреміз?» Мен далаға шығып, күнді көріп келдім. Өз орнында екен. Бізде халық қалтасынан байып, күнді де сатып алатындай миллиардерлер бар емес пе? Құдайға шүкір, күнімізді күнде көріп жүрміз, бірақ аштан бұратылып, өліп жүрміз... Мекемелерге жұмыс сұрап барсаң, «шляпа» сұрайды, ал менде тесік тақия да

жоқ...

 Бір күні көшеде кемсеңдеп келе жатқанмын... Бір миллионер шал қымбат көлігінің қасында есінеп тұрған еді, аузындағы алынбалы салынбалы тістері «оптом» түсіп қалды. Шал оны байқаған жоқ, есінеп-есінеп алды да, машинасына отырып, кетіп қалды. Көздерім тістерді тіміскілеп еді, құдай беремін десе аспаннан да алтын жаудырады, алтын тістер жарқырап жатыр! Бір кемпір келе жатыр еді, жүгіре беріп, алтын тістердің үстіне шалқамнан түскен болдым. Кемпір кеңкілдеп күлді: «Сен жүгермек, маған қырындап жүрген жоқпысың өзі? Өткенде де осы жерде құлап едің?» --деді де, кетік тістерін көрсетіп, кетіп қалды. Алтын тісерді қалтама сүңгітіп, үйге зыттым. Әйелім алдымнан айқайлап шықты.

 «Үйде ет жоқ, сенде бет жоқ, пісте майдан да бір қасық қалды, құмшекер де, сабын, порошок та таусылды!» «Қатын, қапа болма, алтын тістер тауып алдым!» дедім. «Осы сен- ақ, адамның дене мүшелерін тауып жүреді екенсің...» деген әйелімнің алдына алтын тістерді лақтырып жібергенімде, ол ыршып кетті. Әйел заты емес пе, алтын тістерді көріп, ыржиды. Мен де ыржидым, осы кезде теледидардан миллионер шал сөйлеп кеп бергені!

«Тістері түгел қала тұрғындары! Жасанды алтын тістерім жоғалды, салмағы сегіз килограмм... Сүйіншісіне кедей әйел болса, әйелдікке аламын, кедей еркек болса да аламын...» деп бөсіп отыр. Әйелім қуанып кетті. Басына сыпырғымен салып қалдым:

«Немене, тиіп алғың келіп отыр ма?» Содан өзім бардым. Алтын тісті иті бар екен. Ағылшын тұқымдысы «жалғызсырайды» екен. Сол итінің қасында еңбектеп жүріп, үретін жұмысқа қабылдандым. Айына екі жүз доллар! Күнде үруге барамын, үріп қайтамын. Табан астында «ит» болып кеттім. Миллионердің үйіндегі иттен айырмашылығым, менде алтын тістер жоқ, есесіне құрттаған тістерім көп. Кейде, ауырып қалсам, менің орныма әйелім ұрғашы ит болып, үріп қайтады, «мынауың блатной жұмыс екен» деп күліп қайтады... Е-е, ит өмір-ай десеңізші...

ЕҢКІЛДЕЙСІЗ БЕ, СЕЛКІЛДЕЙСІЗ БЕ?

 Дүниеде құтты қонақ, сосын жұтты қонақ бар... Жұтты қонақ жұтынып, жалмауызданып, үйіңізде жеті күн жатып алады. «Қашан қайтасыз?» деп айтуға ұят енді. Қонақжай қазақпыз ғой. Бір күні алыстан танитын, ауызы апандай, өзі қабандай, шаштары сабандай, қолдары быртиғын, өзі ыржиған ауылдағы ағайын келе қалды. Еңбек демалысына шыққан екен, біздің үйге демалуға келіпті.

Бір ай өткенде әйелім:

 --Бала–шағаңызды сағындыңыз-ау, түнімен жылап шықтыңыз...—деп алыстан орағытты.

 --Түнде түсімде өліп қалыппын. Соған өзімді жоқтап жылап жатыр екенмін,--деді ағайыным.

 --Демалысыңыз бітіп, бастығыңыз іздеп жатқан шығар?—деді біздің әйел. Ұят болды- ау... Қуып жатқандай болдық-ау... Бір баламыздай болып жүре берсін... Итке де тамақ береміз ғой...

 --Жұмыстан шығып кеткенмін,--деді ол. Жұмыссыз жүрген адамның көңіліне қаяу салдық-ау... Мәселен, мен де жұмыссызбын. Әйелім асырап жүр, бұған да шүкір... Бәріміз шәй ішіп отырғанбыз. Бір кезде әйелім екі жасар баламның құйрығынан әдейі шымшып жылатты да, дастарханға соза берген қолын қағып жіберіп, ұрыса жөнелді:

--О, жүгермек! Осы дастархандағының бәрін «көп сериялы» қонақ жеп кетеді деп пе

едің? Қалады! Мыжбан ағайды жалмауыз деп ойлап отырсың ба? Әне, кеше мүжіген жілігін аузына апара беріп, дастархан шетіне қоя салды. Қазір саған береді. Ала ғой енді, көкеңнің қолын қайтарма... Көкең саусағын сора тұрады. Ештеңе аяп жатқанымыз жоқ қонақтан. Жатып алып, жапырып жатыр. Сен де әрдеңені сұрап... Ии-и балам, ұят дегенді білмейсің ғой! Қайтпайтын қонақ та ұялмайды. Әне, сары майды нанның бетіне жағудың орнына, бетіне жағып жатыр... Тура сен сияқты екен. Былтырдан қалған колбасаны бір тістеді де қойды. Айраннан ұрттамайды. Тек қылғытады... Сен сияқты талғамай іше береді дейсің бе?

 Өй, жылама деймін! Жей береді дейсің бе, қалады қазір. Көкенің кешеден бері іші өтіп жүр. Қой деймін, ұят болады... Көкеңнің қолағаштай мұрнын кесіп, майға қуырып берейін бе? Қымбатшылық өкпемізді қысып, екі жыл болды ет жемегелі, тісіміз қышып... Көкең соны түсінбейді дейсің бе? Әне қарашы, «кә-кәй» етіп қойған жас баладай, түсі бұзылып барады. Аузындағы нанды да шайнаған жоқ. Жұта алмай отыр. Кейде нанға зар болып қалатынымызды білгендіктен жұта алмай отыр. Не дейсің? Бөжи... Көке бөжи емес, көкең

«Кокола!» Кетпейтін қонақ саған құбыжықтай көрінген ғой. Аузыңды аш, таңдайыңды көтеріп қояйын. Шошып қалыпсың... Қылқ-қылқ жұтып, сылп-сылп, жырп-жырп жеп жатқан көкеңді көріп, көздерің атыздай болған екен-ау! Бір күні бізді де жеп қояр-ау... Қой, жылама, қашанғы жей береді дейсің? Кетеді үйіне, сен де көкең сияқты жалмауыз болсаң, үлке-ен жалмауыз болып өсесің. Әшейінде тамақты зорлап ішкізуші едім, «ананы жеймін, мынаны жеймін!» деп мазаны аласың. Әне, көкеге қарашы, қалтасына тыққан кәмпиттерді дастархан шетіне қойып жатыр! Жылама балам, қонақтан ұят болады, оның орнына біз ұялайық! Әне, өріктен қайнатылған тосаптан бір қас-ық аузына салды да, түйіліп қалды... Жөтеліп жатыр. Жөтелген сайын, аузынан бір өрік сүйегі ытқып шығады! Әне, аңқиып отырған әкеңнің аузына бір өрік кіріп кетті. Бар болып тұрса, несін аяймыз? Жалақым жыланның жалағанына жетпейді. Әкең болса мүгедек. Айлығымыз коммуналдық төлемдерден артылмайды. Әне қарашы, көкең кешеден қалған кеспе көжені тауысып, табақтың ернеуін жалап жатыр. Жуғанға жақсы. Байқамай, ағаш қасықтың жартысын жеп қойыпты. Ал сен жылайсың, «түк қалмайды» деп. Қасықтың жартысы қалды ғой, сен жейсің...

 Әне қаршы, көкең аузын сүртіп жатыр... Қазір орнынан тұрады да, аулына қайтады. Сен сияқты баласы бар шығар? Сағынған болар? Әкесі-ау, мынаған бірдеңе десеңші. Қонақтан ұят болды ғой! Қолыңды дастарханға созба, әдепсіз! Қалады саған да! Сосын, отыра қалып, опырып, жата кетіп, жапырып жесең де еркің. Бірақ неңді жер екенсің? Біздің дастарханда не бар өзі?

 Ойбуу, ұяттағы-ай! Қонағымыз орнынан тұрып барады... Құдайдың мұнысына да шүкір...

 Әйелімнің мына сөздеріне жаман ұялдым ғой. Жоқшылық қой, қайтейін, дегенмен, әйелім әдемі айтты, ә? Сіз қалай ойлайсыз? Мына сөздерден кейін етпетіңізден жатып еңкілдейсіз бе, әлде «сауап болыпты!» деп мырс-мырс етіп, селкілдейсіз бе?

ӘЙЕЛІҢІЗДІ ШАҚЫРЫП ЖІБЕРІҢІЗШІ...

 Әйелдер мерекесі күні кешке қарай есікті біреу сыртынан сипалады. Қаққан жоқ, сипалады... Естіп тұрмын, құлағыма құмырысқа кіріп кеткен жоқ.

Еңіретіп есікті ашсам, көршім Мыжбан екен. Қипақтап, қиылып тұр.

--Не болды?—деп сұрадым мен.

--Әйеліңізді шақырып жіберіңізші.

Мен есікті жауып, оны бұрышқа тықтым.

--Әйелімді қайтейін деп едің?

--Жұмысым бар...

--Ол қандай жұмыс?

--Құпия енді...

--Айт деймін, осы сен неге күн ара әйелімді іздейсің де жүресің?

--Қашан?

--Кеше?

--Кеше тұз сұрадым.

--Әйелің келіп сұраса, сырғасы түсіп қалады ма, не?

--Әйеліңіз әйеліме бермейді...

--Неге бермейді?

--Ұрысып қалған...

--Жоғалып қалшы! Жоқ болып кетші, а?

--Әйеліңіз керек еді...

--Сен жындымысың? Менің әйелімде не жұмысың бар деймін?

--Кешіріңіз, сіздің әйеліңізді аса құрметтеуші едім...

--Құрметтесең қайтейін?

--Жақсы әйел.

--Оны өзім де білемін.

--Біздің әйел сияқты емес.

--Құдая сенің әйеліңнің беті құрысын! Көкбет.

--Сосын ғой, сіздің әйеліңізге келіп тұрғаным...—деді ол. Жыным келіп жағасынан ала түстім. Қызғаныштан өртеніп бара жатырмын. «Неге менің әйелімді шақырып алмақ? Бірдеңелері бар ғой! Ұятсыз, мені жұмсап тұр тағы да!»

--Мыжбан, айт шыныңды, менің әйеліммен кездесіп жүрсің бе?

--Ия. Көңілі қаласа бере салады...

Мен оның бетіне шапалақпен салып жібердім.

--Немене бере салады?—дедім мен қалшылдап.

--Неге ұрасыз?—деген ол артына жасырған қолын көрсеткісі келмей, кері шегінді.

--Өлтіремін сені!

--Сіз бермейсіз ғой, апай кейде: «басым сынып тұр, бір «чекучкаға» жетпей тұр, елу тиын...» десем, бере салады...

--Қазір неге келіп тұрсың, құрметті маскүнем?

--Біздің әйелді білесіз ғой, көк бет. Гүл сыйлап едім, бетіме лақтырып жіберді. Сосын...

--Немене сосын?

--Апайды сегізінші наурыз мерекесімен құттықтай салайын деп...—деген ол артына жасырған бір шоқ гүлін көрсетті... Қуанып кеттім. Жаңа ғана әйеліме «Мерекеңмен!» деп гүл салатын ваза сыйлап едім, жақсы болды ғой. Оның қолындағы гүлін жұлып алдым да, ашылып қалған аузына жүз теңгелікті тастай салдым.

--Бар, басың сынып тұр ғой, жоғал!—дедім. Ол жүз теңгені көріп, қуанып кетті. Құлағына сыбырлап: «Мына гүлге мен тапсырыс берген болайын, сен айтып қойма!» дедім. «Аха» деп ол кетті. Әйелімді гүлмен құттықтап, бөлме ішінде ыңылдап жүр едім, біздің есікті біреу жәймен тоқылдатып, артынша сипалады.. Қоңырауы бұзылып қалған еді... Есікті жұлқып ашсам, көршім қисалаңдап тұр.

--Не болды тағы?—деп сұрадым.

--Әйеліңізді шақырып жіберіңізші...

--Әй, саған не керек, а?

--Гүлімді қайтып алайын деп едім, біздің әйелді білесіз ғой, бетон бет. Жаңа ғана:

«Алмаймын, дені дұрыс адам әйеліне иіс су, алтын сырға сыйлайды, сенде ондай ақша да жоқ!» деп қуып шыққан еді ғой.

--Енді?

--«Гүліңді қайда құрттың? Әкел деймін ойбай, мамама барып, құттықтап келеміз!» дейді... Құдай үшін, әйеліңізді шақырып жіберіңізші, ол мені түсінеді...

 Мен оның бетіне быттиған қолымды жауып, итеріп жібердім. Мұндай көршіні көрсем, көзім шықсын! Айқай- шуды естіп, әйелім есіктен басын қылтитты. Қолында «мен сыйлаған» гүл шоғы. «Бәрін естідім. Мыжбан көрші, гүліңді ала ғой...» деді де, маған ала көзімен зеңбірек атып, есікті тарс жапты. Мыжбан болса, гүлін алып, айран асыр үйіне кіріп кетті. Мен тұрмын подьезде пияз жегендей тыжырынып... Қазір «Ұлы Отан соғысы» басталатын болды... Нем бар еді, көрші алқаштың гүліне құмартып? Өмірімде әйеліме гүл сыйлап көрмеппін... Вазаны кабинетімнен ала шығып едім... Есіктің сыртынан сипаладым... Үнім де әрең шықты: «Қатипаш, хал... халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын!» «Әй, Ахмет, ілтипатыңа рахмет!» деген әйелімнің даусы шықты іштен. Бірақ есікті ашпады. Ойбай, неғып тұрмын? Қырғыз министрінің өзі, митингіге шыққан әйелдерге гүл сыйлады емес пе? Гүл іздеуге кеттім! Айтпақшы, мен танитын, танымайтын қыз-келіншектер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

ДАНЫШПАНМЫН ҒОЙ!

 Мен сұмдық данышпанмын ғой! Ұлы данышпандар қандай сөздер жазып кетті, бәрін жинап жүремін. Сол жинап-тергендерімді рұхсат болса, оқып берейін:

  • Махаббат дегеніміз--әйелдер территориясына шабуылдау.

Адольф ГИТЛЕР.

  • Еркек үйдің есігі, әйел сол есіктің «глазнойы».

Аристотель.

  • Өмірге келдің бе? Кірпіш тауып алсаң, қалайтын жерді іздеп кет.

Абай ҚҰАНБАЕВ,

Негрдей қара сөздерінің жарияланбағаны.

  • Барлық елдің есалаңдары, бірікпей қалыңдар!

В.И. ЛЕНИН.

  • Адам өлгеннен кейін тамақ жемейді...

Мыжбан КЕУЕКБАСҰЛЫ.

Өзім ғой.

  • Әйелің—тонаушың. Ол өмір бойы тонайды.

Шыңғысхан.

  • Ет-етке, сорпа-бетке, кәртөшке қай жерге?

Қабанбай БАТЫР.

  • Сұлу қыз өсе келе сұлу қыз болады, одан әрі сұмырай кемпір болуы мүмкін..

Мыстан КЕМПІР.

  • Спорт адам денсаулығына өте пайдалы. Үнемі жүгіру керек. Ол үшін біреуге қарыз ақша берсең болды...
  • Алғашқы адамдарда памперс болмаған.

Әл-ФАРАБИ.

ДАРВИН.

 Көрдіңіздер ме? Керемет данышпанмын ғой! Егер осы сөздерді той –томалақта, моншада отырғанда, өлейін деп жатқанда қолданар болсаңыздар, маған сілтеме жасаңыздар! Авторлық құқым бар!

ШАЛҚАМНАН ТҮСТІМ!

 Өмірімде бір рет өтірік айтып көрейінші а? Бірақ рет... Былай ғой, бір күні шалқамнан жатып теледидерға телміріп, тесірейіп қарап отыр едім, шалқамнан жатып, «шалқамнан» түстім ғой! Жарнамалық жүгіртпе жолдарға көзім ж»жүгіріп» барып еді, мынадай жарнамаға жаным кіріп қалды:

«Ауылдық әкімдердің орнына білімі бидай, тәжірибесі тарыдай, көңілі кебектей адам немесе адам емес болса да, кез-келгенді қызметке қабылдаймыз... Ақша алмаймыз. Тегін. Тек аудан әкімінің ұялы телефонына алты мың долларға «еңіреген единица» салып жіберсе болды...

 Тағы да теледидарға телміріп, түріктің «Фатмагүлін» көріп, тірідей өліп отырғанмын, астындағы қашып бара жатқан жарнамаларға көзімді қуып келуге жұмсап жібергенім. Мынадай жарнамаға шалқамнан жатып, шалқамнан түстім:

«Облыстық қаржы полициясының бастығы орнына байқау жариялаймыз. Тамақ ішпейтін, жемейтін, жемеген соң дәретханаға да бармайтын, аузы-мұрны бітеулер қызметке қабылданады.»

Келесі жынды жарнаманы да оқып үлгердім: «Елу жылдан кейін қала әкімінің орны босайды. Соған шыдамы шытынамайтын, елу жылға дейін тірі жүретіндігі туралы анықтамасы бар Қазақстан азаматтары үміткер бола алдады.» Шалқамнан жатып, шалқамнан түстім! Қазір жасым қырықта. Құдай қаласа, тоқсанжасымда, қалтыраған қақпас шағымда, қала әкімі болып кетуім мүмкін ғой!

 Тағы бір тентек жарнаманы кірпігіме іліп алдым: «Министрдің орны бос. Бағана далаға шығып кеткен, қайтып келгенше орнына адам сияқтыларды қабылдаймыз.» Шалқамнан жатып, шәй іше жаздадым. Маған министр болу қайда-а?!

 Келесі кеңкелес жүгіртпе жолды оқыдым: «Бір жерде бір бастықтың орны босап қалады- ау... Құйрығы креслосына жабысып қалыпты. Алынар емес... Соны жібіткенше, сол орынға байқау жариялаймыз.

Шалқамнан жатыр едім, етпетімнен түстім!

ҚАРАСАМ, ҚАТЫНЫМ ЖОҚ...

Сіздерді қайдам, өз басым қатынымды «қатын» деп атаймын. Еркелеткенде:

«Қатынушка», «Қатынжан...», «Сүйікті қатыным менің!» деп кете беремін. Мейлі, сіз мені дөрекі, анайы, жабайы дегендей, жерден алып жерге салып, үстімнен бүлдізермен тегістеп өтсеңіз де, жалпиған күйі орнымнан тұрып айтатыным:» Қа-а-ты-ы-ын...»

 Бір күні ерте тұрсам, көшеде кетіп бара жатқан бір кеңкелес орыс көзін қысып: «Как дела?» деп қояды. Көзімді жұмып, қайта қарадым. Құдайым-ау, біздің үйдің терезесі үлкейіп, холға айналып кеткен бе өзі? Жан-жағыма қарадым, жеті балам пырылдап

ұйықтап жатыр. Қарасам, қара қатыным жоқ! Құйрығыма қара қазық қағылғандай, орнымнан атып тұрып, апыл-ғұпыл киініп жатсам, көшеде өтіп бара жатқан бір топ қыз сықылықтап күлгені... Сөйтсе-ем, үйіміздің көше жақ қабырғасы құлап қалыпты! Әдемі құлаған! Біреу екі метр пышақпен төрт бұрышты етіп кесіп ала қойғандай... Сасып қалған байғұс басым есіктен де емес, тесіктен де емес, құлаған қабырға тұстан көшеге атып шықтым... Бәсе, жәпірейген үйімнің қабырғалары ырсиып, фундамент деген «гәлөші» қисайып кеткен еді...

 Құлаған қам кірпіштердің арасынан бір аяқты көрдім! Әйелімнің аяғы! Аспанға қарап қалыпты! Жүрегімді жын-шайтан жұлып алып, шашлық пісіріп жатқандай, жама-ан әсерде болдым. Жүгіріп барып, аяқты құшақтай жыладым... Сөйтсем, ол аяқ емес, аяққа ұқсайтын таяқ болып шықты. Қорыққанға қатыны да қос көрінеді деген осы да. Ескі үй есімізді шығарды, үй аламыз ба деп жүргенімізде, үйіндінің астында қала жаздаппыз-ау! Уайым саунасына шомылып отыр едім, көршім көрінді.

--Біздің қатынды көрдің бе?—деп сұрадым салған жерден.

--Астананың туған күнін тойлауға кетті...

--Тойға? Үйдіңі құлағанын көрді ме?

--Жоқ, автобусқа отыра бергенде, қабырға гүрс етіп құлап түсті...

--Бұрылып та қарамады ма?

--Қарады. Қарады да ернін жалады.

--Сосын?

--«Есікті айқара ашық қалдырыппын-ау»...—деп ернін тістеді де қойды...

 Әне, жұрттың бәрі Астана тойын тойлағалы бара жатыр. Кеше қатыным: «біз де барайықшы!» деп қыңқылдаған. «Тойға аш құрсақ барғаннан не пайда? Бәріміздің атымыздан өзің бара сал!» деген едім. Дереу ұялы телефоныммен хабарластым. Жаны жай таппай, жетіп келді. Келді де, кеңірдегін қасып:

--Өлә, авто мойка сияқты болып қалыпты ғой...—деді.

--Машина жуатынның айқара ашылатын есігі бар, біздікінің есігі де жоқ!—дедім мен.

--Үйіміздің бір бөлме болғаны қандай жақсы болған!

--Неге?

--Келесі бөлмеге кетіп қалсақ, мына бөлмедегі заттарды ұрлап кетпейді ме?

--Бас қалада басың, Шымкентте шашың, Қарағандыда қасың қалсын!--деп қарғадым өзімше,--Астана күні сенсіз тойланбай қалар деп пе едің?

 Ашуым –айғыр... Ақылым албасты болып тұр. «Қаз ашуын тырнадан алады» дегендей, шенеуніктерді, өзіміздің үкіметті үтіктеп тастадым. «Жыл сайын Астана тойы! Не деген таусылмайтын той! Жер бетінде қала күнін тойлайтын тентек бастар біз ғана шығармыз? Мәскеудің туған күні өткенін естідіңіз бе? Париждің туған күні? Нью-Иорктің тарихи күні? Берлин? Токио? Ал, қазекеңдер тойға жерік... Тойға кеткен миллиардтар мен сияқты баспанасыздарға бұйырса ғой шіркін! Жыл сайынғы тойдан жалығып кеттім!»

 Амал «который» деп, көше жақ бетке мата тұтып қойдық. Бір күні кешке бір «Джиппен» мойнын май басқан, жүрегінен иман қашқан бір миллиардер келді.

«Машинамды бөлмелеріңізге кіргізіп қоя тұрайыншы. Мына жерге кіремін де шығамын...» дейді. Ақысына мың теңге беріп кетті. Сол кеткеннен мол кетіп, таңертең келді. Машинасының астында жатып, өлейін деп қалдым. Балаларым капотының үстіне, бірі төбесіне жайғасқаны құрысын, бір қарасам, қара сирақ қатыным жоқ! Сөйтсем, машинаның астында менімен бірге жатқан еді, глушитіліне жабысып қалыпты... Мойнын май басқан миллиардер дереу тоқтап, қорыққан қатынымды қорықпастан түсіріп кетті...

Бір күні түнде шошып ояндым. Қарасам, қара сирақ қатыным жоқ! Есесіне айналамда жеті-сегіз әйел жатыр... Біреуі бөксесімен итеріп: «Агай, ари жатинизши...» деп қояды. Қаптаған қатындар! Менікі біреу-ақ еді... Кім көбейтіп жіберген? Жаным мұрнымның ұшына келіп, секріп түскелі тұр. Сөйтсем, мына жатқандар Ауғанстаннан, Сириядан, Ирактан келген босқын әйелдер екен! Полиция машинасына артып әкетті. Бір кезде қағынып, қатыным келді. Қалалық әкімшілікке жағдайымызды айтып барған екен. Үй беретін болыпты! Неткен қуаныш! Бірақ жүз жылдан кейін... Жүз жылдан кейін қоныс тойына келіңіздер, ағайын!

СИЫР ТОЙ...

 Мен қызғаншақ емеспін… Құдай ақы, сіздің әйеліңізді, оның әйелін мүлде қызғанбаймын… Ал, өз әйелімді… Қазір не көп, адамнан той көп қой… Бір досымның сиыры егіз туып, соған «Мө-мө-ө-ө» атты тойханада той өткізіп жатқан. Досы болған соң, әйелім көрші қыздың көйлегін киіп, көрші келіншектің алтын «цепочкасын» уақытша тағынып, көршінің духиін сеуіп, көршінің туфлиін киіп, көршінің үйінен көңілді шыққанбыз. Америка зейнеткерлері бір пенсиясына курорттарға барып жүрсе, біз сияқты жастардың айлығы шайлығымызға жетпейді…

 Қойшы, не керек, тойға сүтке тоймаған қозыдай, томпимай бардық… Ішіп отырмыз, жеп отырмыз. Досымның «крутой» кәсіпкер болғанымен, маған пайдасы жоқ… Сыныптас болып жүргеннен білемін, шандырдай қатты…

–Сыйырларыңызға бақыт тілейміз! Бұзауларының, өгіздерінің қызығын көрсін! –деген тілек айтып жатқандарда есеп жоқ… Байқаймын, менің қарсымда отырған бір мұртты жігіт әйеліме тесіліп қарай береді… Маған қарамайды, әйеліме қарайды. Көзі тиіп, ауырып қалмаса еді… Орнымнан тұрып, жанына келдім.

–Кешіріңіз, әйеліме қарай бересіз, түкіріп қойыңыз…—дедім. Ол орнынан тұрып, әйелімнің емес, менің бетіме түкіріп жіберді… Сөйтсем, оңбаған қызып қалған екен, төбелесе жаздадық… Осы біреудің бақшасына түсетін еркектерді түсінбеймін? Несі бар десеңші, менің әйелімде? Бір кезде әлгі еркек орнынан қисалаңдап келді де, әйелімнің білегінен иіскей бастады… Жыным келді…

–Әй!—дедім мен.

–Не?

–Неге иіскейсің?

–Иіскегенде тұрған не бар?

–Не, әйелімнің үсті сасып тұр ма?

–Жоға… Сіз бақытты адамсыз!

–Ия, бақыттан басым айналады! Біз бай, қайыры жоқ мұнайлы елдің ұрпағымыз!—деп салдым мен.

–Не?—деді ол.

–Же…

–Нені?

–Алдыңдағы қазы-қартаны!

–Сенің түрің тура Муаммар Каддафи сияқты екен!—деді ол.

–Ол кім еді?

–Ливияныңөліп кеткен президентін айтамын да! Қазір бір «удар» берсем, сен де қатыныңды тастап, қаша жөнелесің…

 Мына сөз өңменімнен өтіп кетті… Жыным келіп, қалшылдап, жұдырығымды түйдім де, дәретханаға барып келдім. Қайтып келсем, жаңағы оңбаған әйелімнің иығынан иіскелеп

тұр! Қызғаныштан жарылып кете жаздадым… Өзіңіз ойлаңызшы, бөтен еркек көшеде әйеліңізді тоқтатып алып, иіскей бастаса, қол соғасыз ба? Жетіп келдім. Әйеліме:

–Неменеге мәз болып отырсың?—дедім.

–Өзі ғой…

–Немене, өзі ғой?

–Иіскеуге рұхсат па деген…

–Не, ол өгіз бе еді?

–Онда тұрған не бар Мыжбан, қойшы, жұрттан ұят болады…

Бір кезде қарасам, жаңағы иіскегіш жігіт ағасына сөз беріліпті.

–Сиыр тойың құтты болсын, досым!—деді ол,–сиырың сүтті болсын! Сиыр сойса—ет, пісірсе– шашлық, піспесе– котлет, саусаң– сүт, айран, ашыған айран, іріген сүт, қаймақ… Сөзі де, өзі де біртүрлі жігіт досымызға «мерседестің» кілтін сыйға тартты… Әне, байлар сөйтеді… Сиыры туса да той, сиыры өліп қалса да той… Мен бейшара балама сүндет тойын да жасай алмай жүрмін… Негізі бұл тойға келмей –ақ қойғанымыз дұрыс болар еді… Қарызданып бес мың теңге тойана әкеліп тұрмын… Ұят… Жұрт мың доллардан беріп жатыр… Қой, қашайық… Әйелімді жетелеп, сыртқа шыққанмын. Такси күтіп тұрмыз… Бірдеңе пыш-пыш етеді… Қарасам, жаңағы кәсіпкер жігіт! Әйелімді иіскеп тұр!

ҚУАНҒАНЫМЫЗДАН ҚҰЛАП ҚАЛДЫҚ...

 «Жер беріп жатыр екен!» деген сөз Астана қаласында желдей есіп өткелі бүгін екінші күн! Әкімшілікке барсаң болды, жер үлестіріп бере салады екен! Құжатың жоқ болса да! Фәміләңді айтасың , болды! Рахат қой! Жерге жеті рет жығылып, нөпір халықтың арасында сығылып, менің кезегім әкімшілік ғимаратындағы комиссия алдына ертеңіне кешке жетті!

–Аты-жөніңіз?—деп сұрады жер бөлу комиссиясының төрағасы.

–Сорлыбай Қазақов…

–Жынысыңыз?

–Еркек.

–Қашаннан бері?

–Туғалы…

–Бала-шағаңыздың саны?

–Санамаппын…

–Как санамаппын?

–Кешіріңіз, қазір… Айнұр, Балнұр, Әсия, Әтия, Хадиша, Ұлбала, Ұлболар, Ұл болады, Ұлмекен, Ұлшығар, Ұлтуады, Ұлкерек, Ұлұл, Қашанұл… Он төрт қызым бар екен…

–Сізге он төрт сотық жер беріледі…

 Осы сөзді естігенде қуаныштан көзім қарауытып, құлап қалдым… Құлап бара жатып, түс көрдім. Түсімде, сол он төрт сотық жерге үй салып жатыр екенмін. «Алты сотық, ойбай-ау, үш сотық берсе де ырзамын, ырзамын!» деп сандырақтап жатып, есімді жидым.

–Он төрт сотық жеріңіз құтты болсын!—деді әкім қолымды қысып.

–Құдай қаласа, 2098 жылы Астана қаласы маңайынан ойып тұрып жер аласыз!—деп комиссия төрағасы қолымды қысқанда, ыржаң ете қалып, тағы да құлап түсіппін. Есімді жиып:

–Биыл қай жыл өзі? –деппін.

–2011 жыл,–деді әкім.

–Ойбай-ау, қазір жасым елуде… 2098 жылы 137 –ге келгенде аламын ба, не? Осынша жыл жасаймын ба сонда?

–Жасаңыз, сізге рұхсат…

–Тұңғыш қызымның өзі қайтыс болып кетеді екен…

–Жер алып жатқаныңызға қуанбайсыз ба? Бара беріңіз…

 Шынында неге қуанбаймын? Жер алдым ғой, жер! Өз жерімде өгей болып жүр едім, жер алдым! Қанша жыл болды, пәтер жалдап келе жатқаныма… Бір өзбектің, бір орыстың пәтер жалдап тұрып жатқанын көрсем, көзім шықсын, жерге, пәтерге қол жеткізе алмай жылап жүрген өзіміз… «Пәтер де береді екенді» естіп, есікке қайта ұмтылдым. Бір әйелге пәтер беріп жатыр екен…

–Аты жөніңіз?

–Бейшарагүл Кедейбаева..

–Бала-шағаңыз?

–Көп балалы анамын. Алты балам бар.

–Күйеуіңіз қайда?

–Жер астына кеткен.

–Шахтер ма?

–Жоқ, пәтер кезегіне жете алмай, жер жастанды…

–Марқұм күйеуіңізге де, өзіңізге де екі пәтер береміз.

–Рахмет сіздерге! Ой, неткен қуаныш! Бүгін кешке үйге келіңіздер, тумай жүрген тауығым бар еді, соны сойып, мәнті істеп берейін! Бәріңізді қонаққа шақырамын! Құдайым-ау! Жең ұшынан жалғасып, заңды белден басып, шенеуніктер қос пәтерден алып жатыр еді, енді мен де… Ө-ө… А-а-а…—деген ана қуаныштан аңырап жылай берді.

–Жыламаңыз,–деді әкім,–сізге Астананың екі жерінен үш бөлмелі пәтер беріледі… 3011 жылы…

–3011?

–Сіз өлсеңіз балаларыңыздың балалары, оның балаларының балаларының балаларының балаларының… Не деп кеттім өзі? Сау болыңыз!—деді комиссия төрағасы. Кезек маған келді.

–Аты жөніңіз?

–Қазақов Сорлыбай…

–Бағана Сорлыбай Қазақов деген біреу келіп кеткен. Соның туысы емессіз бе?

–Жоқ… Ол Сорлыбай Қазақов. Мен Қазақов Сорлыбаймын…

–Сізге вилла береміз…

–Қуаныштымын…

–3012 жылы аласыз.

 Қуанғанымнан әкімнің бетін жалап, төрағаның шашын тарап, кабинеттен билей шықтым. Нөпір халықтың арасында виллаға қолым жеттті! Миллиардерлер шетелден

халықтың арқасында виллалар сатып алып жатса, мен 3012 жылы үкіметтен аламын! Әйелім «вилланың керегі жоқ, өздеріне өткіз» деп қоймайды. Көз тиіп кетеді екен… Бүгін менің жер алған күнім! Адам едім, енді ұзақ жасайтын шайтан болғым келеді! Шайтан!!!

ҚАЗІР «СЫНДЫРАМЫН!»

 Менің тілім төрт метр белдік сияқты... Сала құлаш.... Кез-келген қызды, мейлі ол миллионердің шіренген бикеші болсын, мейлі, ол бананның қабығын жалап, шашын шанышқымен тарап жүрген кедейдің қызы болсын, «шесть секөндтте» сындырамын!

«Сындыру» деген, біздіңше, жастар тілімен айтқанда көндіру, өзіңе қарату, өзіңнің артыңнан сүмеңдетіп қою деген сөз.

 Досым екеуміз аялдамада айға қарап тұрғанбыз. Аузыңа сала қойып, шайнамай жұта салатындай сұлу-у-у қыздар келді. Бір шелек су ішсең, асқазаныңда шомылып жүретін аққулардай екен...

--Мен қазір қыздарды «сындырамын...» --дедім мен.

--Аспанға қарап қалыпты, «сынбайды»,--деді досым.

--Сындырсам ше?

Бір кемпір бізге бұрылды.

--Әй, нені сындырасыңдар? –деп сұрады.

--Апа, ештеңені...

Ол қалтасынан қатып қалған қара құртты шығарды.

--Мына құртты сорып жүргеніме жеті жыл болды, жабылып сындырып беріңдерші... Кеңкілдеп күліп тұрған кемпірден әрі кеттік.

--Әдемі қыздар екен,--деді досым ет жейтіндей тамсанып.

--Туфлиінің өзі отыз мың теңге тұрады!

--Алпыс мың теңгелік алтын сырғасын айтсаңшы!

--Кіндіктеріне де алтын сырға тағып қойыпты...

--Мына қыздармен қатар отырып, алты күн аш қалғанның өзі неткен бақыт!

--Көздері « мерстің» фарларындай...

--Құлақтары «Джип» есіктеріндегі айна сияқты...

Мен жалмауыз сияқты жұтынып қойып, қыздарға қарай жақындадым. Қазір

«сындырамын...» Қолымдағы ұялы телефонымды жерге түсіріп алған болып, оны алып жатып еңкейіп, бұтымның арасынан қарадым. Қыздар төңкеріліп қалыпты. Қөзімді қыстым. Олар «мынау ноқалай ма?» дегендей, бір- біріне қарады. Сол арада досым қолымнан ұстай алды.

--Олар сынбайды,--деді ол.

--Неге?-- деппін.

--Сынып-сынып, майда, майдө-ө шиша болып кеткен қыздар сияқты...

--Қазір сындырамын...

Досымнан сытылып, қыздарға жақындадым.

--Қыздар, мен 89-бын, сендер ше?

Қыздар тұра қашты... Соңынан сүт іздеген бұзаудай болып, қуып келемін. Бар ойым,

«сындырмай» қоймаймын. Ұялы телефон нөмірлеріне дейін жазып аламын! Аттарын да сұрап, қай универде оқитындарын да біліп аламын! Осыларды тындырмасам, куәлігімде жазылған атым өшсін! Жүрген жеріме шөп өспесін, банан өссін... Жыным жыртылып

жерде қалғандай, далақтап келемін. Мен тиіскен қыздар бір екі «движениеден» кейін оқ тиген қояндардай құлай кететін... Ұялы телефонымда тоқсан тоғыз қыздың аты-жөндері жазылған! Оның тоқсан сегізі шекілдеуік шағып жүріп, шет елдіктерге тұрмысқа шығып кетті... Тоқсан екісі күйеулерінен ажырасып келді... Жетеуі күйеулерінің қолынан қаза тауып, төртеуі тіріліп кетті...

 Екі кештің арасында жүгіріп келе жатып, артыма аңырайып қарасам, досым «Қара жорғаға» билегендей жүгіріп келеді екен. Тобық жұтқандай, тоқтай қалдым. Ол мені басып озып кетті... Қайтадан кері жүгіріп, қасыма тоқтай қалды да:

--Ойбай, бұлар хрустальдар екен! Сынбайды!—деді көздері жерге түсіп кете жаздап.

--Қымбат «люстралар» болса да сындырып берейін бе?—деймін намысқа тырысып.

-- Шіренбай Қақиғанов деген мәжіліс депутатының тоқалдары екен! Құримыз!

--Оны кім айтты?

--Әне, оқ қағарлары келеді...

 Шынында шыңғырып, төрт жігіт жүгіріп келеді екен. Екеумізде үн жоқ. Қыздарды көрсем, құтырып шыға келетін көңіл-күйім нәскиіме түсіп кетті. Бір қарасам, екі қолым салбырап, терісіне ілініп қалыпты... Мұрынымның сүйегі сынса керек, дем алған сайын жоғары төмен желбірейді... Сынған тістерім жерде шашылып жатыр... Досымның аяғы сынса керек, ақсаңдай келіп:

--Құтты болсын...--деді. Өтірік қашқан болып, қулық жасаған қыздар да бізге тілдерін шығара мазақтап, ақ шағаладай «Джипке» отырып жатты. Өзімді жек көріп кеттім. Сұлу- у-у қыз болып туылғанымда ғой... Ресей президенті Путинді «сындырар» едім! Обаманы

«сындырар» едім! Ислам Каримовты «тындырар» едім... Ойе-бай, осы жерден тоқтайын, жұрт не деп ойлайды...

ҚАЙТА-ҚАЙТА ҚҰЛАЙ БЕРГЕНI НЕСI?

(Интермедия)

 Жастар саябағы. Ары-берi өткен жүргiншiлер. Көңiлдi музыка естiледi. Жігіт әлдекiмдi тағатсыздана күтiп тұр.

 ЖІГІТ (жымиып): - Мен бүгiн өте қайырымды, өте кеңпейiлдi болуым керек. Жолым болсын десем, кiсi баласына жақсылық жасап үлгерейiн. (Ары-берi жүредi). Е, құдай, жолым болсын! Егер махаббатта жолым болсын десем, жақсылық жасап бағайын. (Жан- жағына қарайды). Не iстесем екен? О, кемпір келе жатыр! Шiркiн-ай, аяғы тайып, құлап қалса екен. Неге құламайды? (Жүгiрiп жанына келедi). Сәлеметсiз бе, әже?!

Әжей (таңырқап): - Танымадым, шырағым...

 ЖІГІТ (қолтықтап): - Әже, күшiк жетектеп келедi екенсiз. Сiз қазiр сүрiнiп құлаңызшы, жақсылық жасап, орныңыздан тұрғызайын.

 Әжей (ренжiп): - Кәрiге күлiп тұрсың ба? Аузында тiсi жоқ, томпиған iшi жоқ, қарны аш, желкесi тас кейуанаға күлiп тұрғаның не?

ЖІГІТ (күлiп): - Әже, жасыңыз қаншада?

Әжей (көзiлдiрiгiн сүртiп): - Қыздың жасын сұрамайды, шырағым.

 ЖІГІТ: - Әжей, маған көмектесiңiзшi... Менiң сiзге жақсылық жасағым келедi. Сол жақсылықты мен сүйген қыз көрсе екен, “неткен мейiрiмдi жiгiт едi!“ деп iшiнен түйсе екен. Қазiр бiрер минөттен кейiн сол қызбен сөйлесiп тұрғанымда мына тұстан өте берiп, (жүгiре түсiп, сол тұсты көрсетедi) сүрiнiп құлаңызшы. Мен сiздi қолтығыңыздан демеп жiберейiн. Сiз болсаңыз көтерiңкi дауыспен “Рахмет, шырағым, сүйгенiңе қосыл!»

деңiзшi. (Жыламсырайды).

ӘЖЕЙ:--қой, жылама, балам...

 ЖІГІТ: --Өтiнемiн, тәңiр жарылқасын сiздi, ақысын алдын-ала төлеймiн. Мiне, мың теңге. (Қолына ұстатады). Сосын бiзге бал ашып берiңiз. Сол кезде тағы мың теңге беремiн. Құдайға шүкiр, ақшам жетедi. Жекеменшiк фирмам дүрiлдеп, астымда иномаркам гүрiлдеп тұр.

 Әжей (теңгенi жоғары көтерiп): - Шырағым, мынауың жалған теңге емес пе? Қазiр жалған теңгелер көбейiп кеттi ғой.

ЖІГІТ: - Мың теңге! Әже, мың теңге!

 Әжей (теңгенi шүберекке түйiп, қалтасына салады): - Рахмет балам, көк жөтел болсаң жазылып кет, туберкүлез болсаң сауығып кет, шиқан шықса құтыл, картожник болсаң ұтыл, жаман әдеттен аулақ бол дегенiм ғой. Шырағым, алақаныңды жайсаңшы, мен бата берiп тұрмын ғой.

ЖІГІТ: - Әже, батаңызды қоя тұрыңыз, келiстiк қой? Әжей: - Келiстiк шырағым...

 ЖІГІТ (қуанып): - Әже, бұл жерден көрiнбей тұрыңызшы, мен сүйiктiммен хабарласайын. (Ұялы телефонын алады). Әлеу, Ойбике, жаным! Құдай үшiн келшi! Саябақтың алдына, әңгiме бар. А, келе жатырсың ба? (ұялы телефонын өшіріп жатып) Әже, сiз анау тұстан көрініңіз! Неғып тұрсыз қақиып? Барыңыз!

(Кемпір кеткен соң жігіт әрi-берi жүре бастайды. Шыдамсыз. Сағатына қарайды.

Бiр кезде әдемi қыз қол шатыр көтерiп келе жатты). Жігіт (алдынан жүгiре шығып): - Сәлем, Cандуғаш! Қыз (кербезденiп): Неге шақырдың?

 Жігіт (қолынан сүйiп): Сенi көргiм келдi. Егер келмесең “мерседеске“ қағылып, өлгiм келдi.

Қыз (сәкiге отырды): - Айттым ғой, мен сенi жақсы көрмеймiн. Жігіт: - Немене, соншама «уродпын» ба?

Қыз (салқын ғана): Жiгiтiм бар.

Жігіт: - Немене, ол менен артық па едi? (Қолынан ұстады). Жаным менiң! Қыз (қолын тартып алып): Қойшы...

Жігіт: - Менде ақша көп. Миллионермiн!

Қыз: - Миллиардер болсаң да жүрегiмдi жаулай алмайсың..

 (Осы кезде кемпiр келе жатады. Мыжбан оған көз қиығымен қарап, “сүрiнiңiз“ деген белгiмен қолын сiлтейдi. Кемпiр сүрiне алмай өтiп кетедi).

 Жігіт: - Саған үйленбей қоймаймын. Ант етемiн. Әлi өзiң-ақ жалынасың. Қыз көп, бiрақ “на зло“ саған үйленемiн. Үйленемiн де ажырасып кетемiн.

Қыз: - Немене?!

Жігіт (сөзiнен айнып): - Дейтiндердiң сортынан емеспiн.

(Кемпiр екiншi қайтара келе жатады. Бiр кезде сүрiнген болып құлай кетедi).

 Жігіт (жүгiрiп жанына келiп, қолтықтай тұрғызады): - Апа, қай жерiңiз ауырады? Құлап қалдыңыз-ау, қатты қорықтыңыз ғой? А-а-а деңiзшi! Мiне, мiне! (Таңдайын көтередi). Ештеңе етпейдi.

Қыз (әжейдiң екiншi қолтығынан ұстап): - Әже, мұнда отырыңыз. Демалыңыз. Әжей (алқынып): - Ақша берсе қайта-қайта құлай бергiм келедi, шырағым!

Жігіт: - Әже, жасыңыз қаншада?

Әжей (аңқауланып): - “Қыздың жасын сұрамайды“ дедiм ғой. Менi алатындай қайта-

қайта сұрай бередi екенсiң.

Жігіт: - Әңгiмеге тартып жатқаным ғой, әже...

 Әжей (көйлегiнiң етегiмен көзiлдiрiгiн сүртiп): - Шырақтарым, менiң көрiпкелдiгiм бар. Қызым, алақаныңды жайшы! (Бiлегiнен ұстайды). Кейiн сөз жоқ кемпiр болады екенсiң, шырағым.

Қыз (күлiп): - Қартайғанда шалға айналып кетпейтiн шығармын, апа!

 Әжей: - Мына жiгiттi көңiлiң қаламайды екен. Бiрақ, бұл жiгiт жақсы адам, шырағым. Болашақта министр болатын түрi бар. Егер бұған тимесең, бағың ашылмайды, шырағым.

Қыз (қолын тартып алып): - Апа, жаман сөзiңiз өтiп кеттi. Менiң өз сүйгенiм бар.

 Жігіт: - Әжей дұрыс айтып отыр. Маған бәрiбiр. Бағың ашылмай қалады ма деп жаным ашиды да.

 Әжей (орнынан тұрады): - Қой, мен кейiн келейiн. (Жүре берiп). Шырағым, беретiнiңдi...

Жігіт (қолтықтап): Ақырын сөйлеңiз, әже! (Қолына бiлдiрмей 500 теңге ұстатады). Әжей: - Тағы қоссаңшы, шырағым...

 Жігіт (дауысын көтере): - Ал жақсы, әже, ендi құламаңыз. (Дауысын бәсеңдетiп). Бұдан былай ештеңе сұрамаңыз.

(Кемпiр кетедi де, қайта келе жатып, сүрініп кетеді.)

Жігіт (ұшып тұрып): - Не болды, әже, тағы құладыңыз-ау?..

 Әжей (оның құлағына сыбырлап): - Жаңағы берген ақшаңды қай қалтама салдың? Таба алмай тұрмын.

Жігіт: - Әже, табаныңызды жалтыратыңыз!

Әжей: - Шырағым, тағы құладым ғой. Бiрдеңе бересiң бе? Жігіт (500 теңге ұсынып): - Мынаны алыңыз да құрыңыз!

Әжей (кетiп бара жатып): - Рахмет, балам! Көсегең көкпеңбек болсын! Қыз (күлiп): - Қызық кемпiр екен.

Жігіт: - Бұзық кемпiр.

Қыз: - Жақсы, мен кеттiм. Жігіт: - Бiз әлi кездесемiз.

Қыз: - Құдай төбеңдi көрсетпесiн. Жігіт: - Хабарласамын, жаным!

Қыз: - Мен сені сүймеймін!.

(Бойжеткен кетедi. Жігіт күрсiнiп, күңiренiп тұрғанда әлгi кемпiр тағы келе жатты).

Жігіт (қатты айқайлап): - Тағы құлайсыз ба, құлаңыз! Тырайып, тұрмай қалыңыз.

Қайта-қайта құлай бергенi несi?! Барыңыз, е!..

 Әжей (күрсiнiп): - Қайдан бiлейiн, шырағым? Төлемедiң деп газды, светтi қырқып кетiп едi, соған жеткенше жығыла берейiншi деген жазығым ба? Үйбай, белiм... Сонша айқайлағаны несі? Осы жасымда қайта-қайта құлай берген маған рахат деймісің? Үйбай, белім...

(Бүкшеңдеп кете барады).

ТЫРАЙЫП ҚАЛДЫ...

(Сахналық нұсқа)

 Машинаның шиқылдаған даусы естіледі де, сахнаға бір кісі домалай түсіп, шалқасынан жатты... Сықия киінген шенеунік қасынан өтіп бара жатып, тоқтай

қалды.

Шенеунік:--Қайырлы таң!

Жаралы:--Ім... мәшине қағып кеткен адамға «қайырлы таң!» дегені несі... Шенеунік:--Адамдардың ажалы жолдан болып жатыр...

Жаралы:--(қолын созып) Мырза... Өмір сүргім келеді...

 Шенеунік:--(ары-бері жүріп) Үстіңіздегі киіміңіз де жұпыны екен. Мына плащты жиырма жыл киген боларсыз... шалбарының тізесін жамап қойыпты...

Жаралы:-- Су...

Шенунік:--Көшеде шалқасынан жатып, су ішуге ұят болады. Тұра аласыз ба? Жаралы:--Қиналып барамын, мырза...

 Шенеунік:--Аяғыңыз айналып кетіпті ғой... Қағып кеткеннен кейін тоқтап, «как дела?» десе болады ғой...

Жаралы:--Сіз... сіз қайда істейсіз?

Шенеунік:--Осы маңдағы жер комитеті бастығының орынбасарымын...

 Жаралы:--Тәңір жарылқасын, мен өліп барамын, қала шетіндегі қорымнан жер бөліңізші маған... Жер ала алмай жүргеніме жиырма жыл...

Шенеунік:--(тізе бүгіп) Арызыңызды жазып келсеңіз... Жаралы:--Өліп барамын...

 Шенеунік:--(орнынан тұрып) Бейшара бала-шағаңызды асыраймын деп басыңызды тауға да тасқа да ұрдыңыз. Ендi мiне, жан тапсырғалы жатырсыз...

Жаралы:--О, жарық дүние...

Шенеунік:-- Жағдайыңыз қалай?

Жаралы:--(қиналып жатып) Шүкiр, мәшинеге мыжылып қалдық...

Шенеунік:-- Ештеңе етпейдi, адам деген үш күннен кейін молаға да үйренеді....

Жаралы:-- Мәссаған! Шенеунік:-- Не болды?

Жаралы:--Менiң жүрегiм тоқтап қалды!

Шенеунік:--Қойыңыз, өлейiн деп жатып, өтiрiк айтпаңыз, ұят болады! Жаралы:--Менi қағып кеткен “Мерседес” қайда?

Шенеунік:-- Қашып кеттi.

Жаралы:-- Бензині таусылып қалсын!.

 Шенунік:-- Қойыңыз, ұят болады. Ол да адамның баласы. Кiсiнi сонша балағаттауға бола ма? Бүгiн өзі ауа-райы тамаша екен...

Жаралы:--Не дедіңіз?

Шенеунік:--Жәй, көңіліңізді көтерейін дегенім ғой...

 Жаралы:--(сандырақтап) Өмір... О, жарық дүние... Терезенi ашып қойыңызшы, әлемдi көргiм келедi!

 Шенеунік:-- О, бейшара, сандырақтап жатыр! Кешiрiңiз, сiз далада жан тапсырғалы жатырсыз...

Жаралы:--«Бір түрлі» банктен несие алған едім... Ұят болды-ау...

Шенеунік:-- Атыңыз кiм?

Жаралы:-- Немене, езiп iшейiн деп пе едiңiз?

Шенеунік:-- Жоға, танысып қоялық дегенiм ғой. Жаралы:-- Танысқанда, тайқар мiнейiн деп пе едiңіз?

 Шенеунік:-- Сiзге көп сөйлеуге болмайды. Сiз ажал алдында жатырсыз. Қиналып қаласыз ғой...

 Жаралы:-- Ойпырмай,ә, сiз сияқты шенеунiктер қашан қарапайым адамға жанашыр бола қалып еді?

Кенет алтын сырғалы келiншек жүгiрiп келдi.

Келіншек:--(құшақтай алып, жаралының басын көтеріп) Әке! Әкетайым! Жаралы:-- Ойбай шырағым, духиiңнен тұншығып барамын!

Шенеунік:--Әкеңізді машина қағып кетті...

 Келіншек:--Сіз неғып тұрсыз? «Жедел жәрдем» шақырмайсыз ба? Сізде аз да болса адамгершілік бар ма? Ұятсыз!

 Шенунік:--Тақылдамаңыз! Қиналып жатқан әкеңіздің көңілін көтеріп, анекдот айтқалы жатқанымда жетіп келіпті ғой!

 Келiншек:-- (сөмкесінен фото сурет шығарып): Ой... Кешiрiңiз, менiң әкеме ұқсайды екенсiз. Менi бiр жасымда, шешемдi он жетi жасында тастап кеткен әкемді іздеп жүр едім... Қателесiппiн, кешіріңіздер... (Сөйттi де, онсыз да қиналып жатқан бейшараның басын сылқ еткiзiп жерге тастай салып, жөнiне кеттi.)

Шенеунік:--Танысып қоялық, менiң атым Жербай. Жаралы:-- Кофе... Бiр жұтым кофе...

 Шенеунік:--Кофеде басыңыз қалсын, бiр жұтым су десеңшi! Сізге жаным ашып тұр. Қараңыз, жанарым жасқа шыланды. Неге үндемейсіз? Кеудеңізде жан бар ма? Айтпақшы, қайда тұрасыз?

Жаралы:--Үйде.

 Шенеунік:-- Үңгiрде тұрмайтыныңыз маған мәлiм, айтқан жерден аулақ, олай-бұлай болып кетсеңiз, хабарлауым керек.

Жаралы:--Немене, сүйiншi сұрап барасыз ба?

Шенеунік:-- Жоға, мен зиялы қауымнан боламын. Қаланың қай шетiнде тұрасыз? Жаралы:-- Әдiресiмдi бiлiп алып, тонап кететiн қарақшы шығарсыз?

Шенеунік:-- Қойыңыз, менi ренжiтiп қойдыңыз ғой. Кешiрiм сұрауыңызды өтiнемiн. Жаралы:-- Немене, әйелiңiздiң бетінен сүйіп алып па едім? Ойбай...

 Шенеунік:-- Тым дөрекi екенсiз, қымбаттым. Әдiлiн айтқанда, жарқыным-ау, менiң әйелiмнiң бетінде сiздiң қандай ақыңыз бар? Ұялмайсыз ба?

Жаралы:--(аяқ-қолын созып) Өмір қымбат, мырзалар...

 Шенеунік:--(жүрегін тыңдап) Байғұс... Соңғы сөзін айтты да, тырайып қалды. (сағатына қарап) Жұмыстан кешігермін... Топырағың торқа болсын, бейтаныс пақыр! Кеттім!

Жаралы:--(орнынан атып тұрып) Мен де кеттім! Өлуге уақыт жоқ, қол тимейді!

АРЫ ТАРТЫП, БЕРІ ТАРТЫП...

 Біздің елден бәрі қашып жатыр. “Мен де қашып көрейінші...» деген оймен, ішкі істер министріне келдім.

--Елден қашуым керек...—дедім міңгірлеп.

--Астыңыздан су шықты ма?—деп астыма қарады министр.

--Жоқ...

--Енді не шықты?

--Шөп шықты...

--Астынан шөп шыққандар елден қашпау керек!

 -- Алматы қаласының бұрынғы әкімі Мрапунов пен әйелі Мрапунова да жер біткенді сатып, ту талапайын шығарып жеді де, қашты. Банкир Мәблязов ақшаны айранға турап

ішті де, қашты, экс-әкім Мысқалиев қашайын деп жүр... Экс- мемлекеттік хатшы Усин де... Енді мен де қашамын...

--Кешіріңіз, сіз кім болып қызмет істейсіз?

-- Мемлекеттік «Қылғыта беремін!» мекемесінің президентімін...

--Алдымен қылғытыңыз, сосын шетелге қашу үшін виза ашып береміз...

--Сосын?

 --Сосынқұрметтейотырып,қылмыстықісқозғаймызда,халықаралықіздеу жариялаймыз.

--Сосын?

--Сосын сырттай соттай саламыз...

 Қуанғанымнан 2030 жылы тағайындалған министрдің маңдайынан шөпілдете сүйіп, сол күннен бастап, қазынаның ақшасын олай да, былай да шаштым. Швейцария банктерінің бірінен есеп ашып, оған миллиардтаған долларды аударып тастадым. Ой, ақша аудару деген-- жер аударудан да оңай екен...

 Бір күні астыма қарасам, суың не, фонтан атқылап тұр! Тұра қаштым! Ішкі, сыртқы істер министрлері мен қаржы полициясының бетке ұстарлары жылап-еңіреп шығарып салды. Құшақтасып, қимай қоштастық.

--Біз сені сағынатын боламыз... –деді министрлер көз жастарын сығып....

--Мені интерполмен іздеңдер, сырттай соттай салыңдаршы...—дедім кемсеңдеп...

Не керек, Ұлыбританияға ұшақпен ұшып бара жатқанымда, қырсық шалыпҰшақта

келе жатқаным есімнен тарс шығып кетіпті, «шылым шегіп келейінші» деген оймен ұшақтың есігін ашыппын да, төменге құлай кетіппін... «Өлді» деген осы шығар? Төмен құлдилап келе жатып, Отанымды ойладым. «Менің елім, менің елім, туған жерім менің, Қазақстаным!» деп әндеттім. Отанымнан қашып бара жатып, Отанымды ойладым ғой! Нағыз «патриот» мендей-ақ болар! Содан жерге былқ ете қалдым. Сөйтсем, Африканың белгісіз бір тайпалары «Көктен құдайымыз келе жатыр!» деп ойлап, мені аюдың терісімен қағып алыпты... Құдайларындай көріп, сол күйі таққа отырғызды. Мұнда сайлау деген атымен жоқ екен. Нағыз демократия! Тақталас, бақталас, ақша талас, жер талас, дегенді білмейді. Рахат! Біздің елдегідей сырттай соттамайды да... Тайпа көсемі болса керек, қасыма келіп, мұрнымды шұқылады да, қасындағыларға қарап: «Міжә-піжә...» деді. Сол екен, екі жалаңаш еркек жетіп келіп, кйімдерімді шешіп алып, абыройдан жұрдай, қысқасы саунада жүргендей тырдай етті де, жан-жағы алтынмен әшекейленген жапырақ берді. Не істерімді білмей тұрғанымда, бірі қолымнан жұлып алып, абыройыма жаба салды. Сөйтіп, мені таққа көтеріп отырғызды. Бәрі құлдық ұрып, табанымды иіскеп жатқандарына қарағанда, мен осы тайпаның көсемі болып сайланған сияқтымын Біздің

елдегі шенеуніктің балапан балалары сияқты бірден орын таққа... Не керек, белгісіз тайпаның төрт жыл көсемі болдым. Тайпаның ең сұмырай қызына үйлендім. Мұнда ең сұлу деген қызарының өзі сұмырайдай екен. Жейтінім—жылан етінен қақталған кәуап, қолтырауын жұмыртқасынан пісірілген бифштекс, жираф құлағынан жасалған сорпа...

«Құдайым-ай, қайда тап болдым?» деп жүргенімде, қайран Қазақстанымнан бір топ делегация келді.

 Менің осы тайпада жүргенімді келесі бір тайпада жүрген қашқын айтып қойыпты. Әне, қазақ осылай бірін бірі сатып кетеді... Қызық болды, тайпаның бұрынғы көсемі мені бермейтінін айтып, жерге жата қалып жылады. «Бұл біздің елдің азаматы. Сырттай соттағанбыз. Алып кетеміз!» деп сыртқы істер министрлігінен келген өкіл де өкіре жылады. Бір кезде қарасам, әйелім жүгіріп келіп, мені құшақтай алды.

 --Қайда барасың?—деп сұрады қазақ тілінде. Мен оған төрт жылдың ішінде қазақ тілін үйретіп қойған болатынмын.

--Түрмеге...—дедім мен.

--Неге?

--Былығым басымнан асады...

--Сен мұнда «таза жүрдім» деп ойлайсың ба?

--Ойбай, не істеп қойыппын?

 --Сен не істемедің, төрт жылда? Бір камаз аю терісін көрші тайпаның көсеміне саттың. Сөйтіп, оның қызымен көңілдес болып, бір үңгірде үш ай жаттың! Алтын жапырақтардың алтындарын сыпырып, өз алдыңа жинадың... Бірімізді бірімізге жамандап, алауыздық туғыздың... Біз жамандау дегенді білмейтінбіз...

--Әй қатын...

--Қатын деме! «Қап-- қарачкам» десең болмайды ма?

--Қап-қарачка, саған не болды? Жерлестерімнің алдында ұялтпасаңшы...

 --Бұрын ру, жүзге бөлінуді білмейтін едік. Бір тобымызды дулат, бір тобымызды қоңырат, енді бір тобымызды адайсыңдар деп атадың, қырылып қала жаздадық қой, енді түк болмағандай кетіп бара жатырсың.

--Хош бол, халықаралық некедегі әйелім менің!

 Мені отандасым сүйрей бастап еді, бұрынғы көсем де кері сүйреді. Сосын отандастарым жабыла қолымнан тартты. Тайпа жалаңаштары да қарап тұрмады. Мәссаған, бір қарасам, белімнен бөлініп кетіппін. Содан менің кіндігімнен төмен орналасқан аяқтарымды сырттай сотталғандықтан, түрмеге қамады. «Қашып кеткен, былық біткенді басып кеткен аяқтар...» деген баппен...

ЕРТЕҢІНЕ ЕСІМДІ ЖИСАМ...

 Қызықпын осы, жүздетіп ішіп алсам болды, әуелі Майға, сасын әйелім Майгүлге ұсталып қала беремін... Ішіп алсам болды, жаным жадырап, «он екі де, бірнеше гүлдерім ашылып», әшейінде бір ауыз сөйлемейтін басым, «әңгімешіл» болып, қолдарым ирелеңдеп, кім көрінген туысымдай, дос көрініп, бәрін үйіме шақырып, қонақ еткім келеді де тұрады...

 Бүгін де достарыммен бар жоғы бес алты шөлмек арақ ішкенбіз, көлігіме қисайып, қалай мінгенімді «жүз грамдар» біледі... Май инспекторлары қуалап жүріп тоқтатты. Онда да тоқтамайтын едім, көшемен емес, тротуармен жүріп отырып, адамдарды мыжып кете жаздап, қала шетіндегі зираттың ішіне кіріп кетіппін Сол жерде танымайтын бір кісінің

бейіті алдына тізерлеп отыра кетіп:

--Жеткенім осы болды, бауырым, бауырымның ішіндегі тәуірім... Бізге айтпай өліп кеткеніңді бүгін естідім... Жатқан жеріңде светің жарық болсын, қабіріңде жылу болсын, коммуналдық төлемдерің қымбат болмасын, әумин!—деп өзімше «бата» беріп тұрған едім, Май инспекторлары жетіп келді.

--Тұр орныңнан! Неге қаштың, ішіп алып?—деді біреуі басыма ала таяғымен салып қалып.

--Өй-й, ұрмасай! Қойсайдедім мен қисалаңдай тұрып жатып.

--«Дупль» массың ғой?

--Кім? Мен бе? Мен өмірі ішіп көрген емеспін!

--Енді не іштің?

--Айран.

--Қисалаңдап тұрсың ғой?

--Бауырыма құран оқығалы тұрмын... Буын-буыным босап... Қолдарыңды жайыңдар,--деп өзім шала білетін құранды зуылдата бердім. Май инспекторлары да беттерін сипасты.

--Мына моладағы бауырың ба?

--Ия.Ағам.

-- Қайдағы ағаң? Кемпірдің моласы ғой? Үңіліп қарадым:

--Ой, кешіріңіздер, ағамның екінші әйелі еді...

--Көп сөзді қой! Елбасының не дегенін білесің бе?

--«Судан басқа ішпеңдер» деді...

--Министрді тұрғызып қойып: «Жол апатынан жылына екі мыңнан аса адам өледі. Мас жүргізушілер нағыз қылмыскерлер. Не, біздің елде Сирия соғысы жүріп жатыр ма?» деді.

--Ойбай, мен не, Сирияда жүрмін бе? Сендер Сирияда неғып жүрсіңдер?

--Рейдтеміз.

--Сендер Елбасымыз сынаса ғана рейдке шығады екенсіңдер де? Сирияға кетіп қаласыңдар... Кеше неге ұстамадыңдар? Кеше іштім, оның алдыңғы күні іштім. Мен өзі аптасына, онда да демалыс күндерден басқа күндері ғана ішемін.

--«Бүгін ішкен жоқпын» дедің ғой?

--Ішкен жоқпын. Адам қайғырғанда мас болады...

--Мына апппаратқа үрлеші.

--Үрлей алмаймын. Кіндігім ауырады.

--Құжаттарыңды көрсет.

--Көрсетуге болмайды.

--Неге?

--Суретімді көріп, шошып кетесіңдер.

--Сен бізбен ойнап тұрсың ба, а?

--Жоға. Мен сендерді жақсы-ы көрем! Сендер менің адал достарымсыңдар! Келші, беттеріңнен сүйейінші! Бәріңді үйге қонаққа шақырамын!

Май инспекторын сүймек болып едім, ол қолымды қайырды.

--Ойбай, қолым! Қолым деймін! Қолым протез...

--Протез болса неге ауырады?

--Оны протезден сұра...

--Сендейлердің кесірінен қаншама адам өліп жатыр десеңші?

--Санамаппын...

--Ішіп алып, айналаңа қарадың ба?

--Қарамаппын...

--Протоколдың мына жеріне қолыңды қой.

--Не деп?

--«Маспын» деп.

--Мас емеспін, әшейін кәйіппін...

 Олар мені «кәйіп» күйімде алып кетті. Ертеңіне есімді жисам, әйелімнің қойнында емес, айықтырғышта, бір алқаштың қойнында жатырмын-ей!... Құдая, бүйтіп есімді жиғаным құрысын...

«ПОЙЫЗ» БОЛДЫҚ...

 Қорқып жүрміз... Әйелім бірінші сыныпқа баратын баламды жетектеп шыққаны сол, артынан өзім жүгірдім.

--Астыңнан су шықты ма? Үйде отырсаңшы!—деп ренжіді әйелім.

--Жоға, сені деп ұрлап кетсе ше? Сені мен жетектеп алайын...

Әйелімді жетектеп шыға бергенім сол, алпысты алқымдап қалған әкем алқынып шықты.

--Әке, астыңыздан су шықпаған шығар...? –дедім мен.

--Бу шықты... Сені ұрлап кетсе ше?

 Әкем мені жетектеп алды. Ауладан енді шыға бергенімізде, әкемнің әйелі, менің әжем шықты бүкшеңдеп.

--Апа, астыңыздан не шықты?—деп сұрады келіні.

--Инвесторлар шықты!—деп жымиды апамыз,--қартайғандағы қуанышым аталарыңды ұрлап кетсе ше?

 Апам атамның қолынан ұстады. Ауладан енді шыға бергенімізде, мектепті бітіріп қойған үлкен ұлым жүгіріп шықты.

--Астыңнан «минвода» шықты ма? Отыр үйде!—дедім мен.

--Қанша қарасам да,ештеңе шыққан жоқ, сендерді ұрлап кетсе, жетім қаламын ғой... Немересі апамның қолынан ұстады. «Пойыз» болып, қақпаның есігін енді жаба бергенімізде, арлсалаңдап, бір семіз кісі келе жатыр!

--Астыңыздан су шықты... ой кешіріңіз, сіз кім боласыз?—деп сұрадым мен.

--Мен ғой, екі жыл бұрын саған несие берген «Жылауық» банктің менеджерімін ғой. Сендерді ұрлап кетсе, банкке несиені кім қайтарады? Мен де барайын...

--Қайдан келе қалдыңыз?

--Үйлеріңіздің артқы шарбағынан секіріп... Кешіріңіздер...—деген ол үлкен ұлымның қолынан ұстады. Ауладан шығып, мектепке қарай пойыз болып келе жатырмыз. Бір кезде шарбағымыздың бір тесігінен зу ете қалған итіміз арсалаңдап жүгіріп келеді екен. Тілі салақтап, көздері алақтап кеткен. Бірден ұқтым: «Бізді қайдағы бір қанішерлер, не секта мүшелері, не пед

офильдер ұрлап кетсе, аштан қалады ғой...» Итіміз сол жүгіріп келген бойы, банк өкілі плащының етегінен тістеді... Ұзыннан созылып келе жатқанбыз. Бір кезде мысығымыз орғып келеді екен. «Астыңнан тышқан шықпады ма?» деп ұрса жаздадым. Мысық екеш, мысығымыз да итіміздің құйрығынан тістелеп келеді. Қайтеміз енді? Мына заман, жо- жоқ, заманның адамдары жаман... Көздері жәудіреген балапан балаларымызды ұрлап әкетіп, шетел асыра ма, жоқ болмаса, өлтіріп, дене мүшелерін сатады ма... Әлде, ақша бопсалайды ма? Жоқ болмаса, педофильдер... Құдай сақтасын, денем мұздап кетті ғой!

 Содан пойыз болып мектепке кірдік. Баламызды партаға отырғызып, өзіміз сынып бөлмесінің артқы жағында түрегеп тұрмыз. Келмей қалған оқушылардың орнына атам мен апам отыра кетті.

--Сіздер сорған кәмпиттей болып неғып тұрсыздар?—деп сұрады оқушылардың апайы.

--Сабақ біткенше күте тұрамыз...—дедім мен.

--Қарап отырғанша сіздер де дәптерлеріңізді алыңыздар, диктант жазамыз!—деді апайымыз. Атам насыбайын ата бастап еді, апайымыз ұрсып берді: «сыныпта бірдеңе жеуге болмайды!» Әжем ұрланып, құрт сорып отыр. Әйеліме қарасам, диктант жазуға дайын.Тізесінде кітап, кітап үстінде дәптері... Ит пен мысығымыз ғана бұрышта жатыр, сауатсыздар ғой... «Адамдар, неге қатыгезсіңдер?» деген тақырыпта диктант жаздық. Банк

өкілі: «Апай, апай, дәретханаға барып келейінші!» деп өтірік сұранып, шығып кетті. Сол кеткеннен мол кетті. Мектептен баламызды жетектеп, пойыз болып келе жатырмыз. Үйге. Балалығым ұстап, оқушы сияқты болып кеттім бе деймін, әйелімнің бұйра шашынан тартып қалып, тілімді шығара мазақтап, үйге қарай құстай ұштым! Артыма қарасам, әкем де тоңқаңдай қашып келеді екен. Апамның шашынан тартып қалыпты... Осылай ойнап күлгенге не жетсін?! Жәудір көз балапандарымыз ұрланбасыншы... Ойымды ұққандай итім аяғыма оратылды, мысығым мияулады...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу