Омарта әліппесі


КəрімЖұмағалиев

Мен қалай омарташы болдым

н е м е с е

ОМАРТА ƏЛІППЕСІ

АЛМАТЫ2015 ж.

ƏОЖ 638.1

КБЖ 46.91

Ж 81

Ж81 Жұмағалиев К.

Мен қалай омарташы болдым немесе ОМАРТА ƏЛІППЕСІ.

Кəрім Жұмағалиев. «ZAMAN PRINT» ЖШС, Алматы, 2015 – 176 б.

ISBN 978-601-80541-0-5

 Бұл кітап басынан аяғына дейін бал араларының тыныс-тіршілігі, олар шығаратын өнім түрлері жөнінде баяндайды. Бал арасын ұстап-бағу кəсібін – омарта шаруашылығы деп атайтынын біріміз білсек, біріміз білмеуіміз мүмкін. Кітап осы мəселені де жан-жақты əңгімелейді. Омарта Əліппесі делінуі де сондықтан.

 37 жыл құқық қорғау саласында қызмет етіп, полковник шенінде зейнетке шыққан Кəрім Жұмағалиев 61 жасында омарта ұстап, Қызылорда облыстық омарташылар қоғамын басқарып, омарташылар даярлайтын оқу орнын ашып, 39 қазақтың жігіттеріне өзі дəріс беріп, омарта туралы олардың сауаттарын ашқан. 85 жасқа келгенде қолына қалам алып, омарта жайында білгенін қағазға түсірген. Өзі айтқандай, кітапқа «омарта жайлы жиған-тергенінің суын төгіп, дəнін ғана» кіргізіпті.

 Кітаптың тілі жеңіл, оқырманды жетелеп, автордың өзімен əңгімелесіп отырғандай күйге түсіреді. Бұл Кəрім Жұмағалиевтің бұған дейін екі кітаптың авторы болғанда жинаған тəжірибесі мен шыңдалған шеберлігінің нəтижесі болар. «Мен қалай омарташы болдым?» кітабы оқырманның көңілінен шығады жəне кейбір омарташы мен омарта ұстауға талап қылушылардың қойын кітабы болып жанында жүреді деген ойдамыз. Бұл кітаптың шын мəнінде, Омарта Əліппесі қызметін атқаратынына сенімдіміз.

ƏОЖ 638.1

КБЖ 46.91

ISBN 978-601-80541-0-5© Жұмағалиев Кəрім , 2015

© ZAMAN PRINT, 2015

ТƏБƏРІК

(Алғы сөз орнына)

 Омарта туралы жазсам ба деген ойымның көкейімде ұялағанына да біраз уақыт болған еді. Білгенін өзімен бірге алып кетпей, кейінгі ұрпаққа қалдырып кету адамға парыз. 85 жасқа келгенде (ол оңай жас емес) сол ұяланған ой енді «пісіп», соңымнан еріп келе жатқан жастарға атадан «тəбəрік» ретінде қағаз бетіне түсірудің кештеу болса да, сəті енді келген сияқты. Қалыптасқан «Алғы сөз» дегеннің орнына «Тəбəрік» деп қазақтың көне де, көркем сөзін алуым да сондықтан.

«Мына полковник атамыз омарта туралы не біледі екен?

«Алжыған» жасқа жеткенде омарта туралы не жазды екен?» – деген күдік сұрақтың оқырман көкейінде тұруы мүмкін. Ол заңды күдік. Заңды сұрақ. Соған жауап беруге тырыстым.

 Өткен, ХХ- ғасырдың 90 жылдары зейнетке шыққаннан кейін мен де омарта бағумен айналысқан едім. Бұрын бал арасының қыры мен сырын білмесем де, үш бал ара жанұясын сатып алып, содан үш жылда 20-ға дейін өсіріп балын жалап, аналық сүтшесін ішіп, ара нанын мөлшерімен пайдаланып, ара желімі мен ара балауызының дəмдерін татқан едім. Бал араларын бағып-қағып жүрген кездерімде аралар шаққандықтан, оның табиғи уы да денеме дарыған еді. Жасым ұлғайса да, осы кітапты жаздырып отырған, бірінші, Алла Тағаланың берген күш-қуаты, екінші, сол ара бағу кездерінде пайдаланған ара өнімдерінің дəрумендік қасиеті шығар деп ойлаймын.

 Кезінде Қызылорда облыстық ерікті омарташылар қоғамына мені төраға етіп сайлаған соң, Қызылорда, Арал қалаларында омарташылар курсын ашып, колхоз, совхоздардан омарташы болғысы келген 39 қазақтың жігіттеріне дəріс беріп, оқытып, омарта туралы сауаттарын ашып, Қызылорда облысына бал жегізген кездерім де болды.

Кітап 3 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім. «Мен қалай омарташы болдым».

 Аты айтып тұрғандай, менің осы кəсіпті қалай меңгергенім туралы баяндалады.

Екінші бөлім. «Омарта Əліппесі».

Мұнда омарта ұстағысы келетін талапкерлердің омартаға деген сауатын ашу жəне бал араларын күтіп-бағудың əдіс-тəсілдеріне түсініктеме беріледі.

Үшінші бөлім. «Ара шығаратын өнім түрлері».

 Бұл бөлімде бал, гүл тозаңы, ара наны, ара сүті, балауыз, араның уы, ара желімі, балауыз бен бал араласқан «забрус» деп аталатын табиғи дəрумендерге бай, таза тағам өнімдерін аралар адамның көмегінсіз қалай дайындап шығаратынын, олардың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін жəне қабылдау мөлшері (дозалары) көрсетіледі.

 Бал арасы кішкентай жəндік болғандықтан ба? Кейбіреулерде оларды шыбын-шіркей қатарына жатқызатын ұғым қалыптасқан. Ол ұғым дұрыс емес. Олардың айырмашылықтары жер мен көктей. Шыбын гүлге қонбайды, қайдағы бір сасық жерден шықпайды, ал бал арасы сасық жерге жоламайды, тек гүлді өсімдіктерге қонып, солардың шірне-шырынын жинап, жоғарыда аталған керекті табиғи өнімдерді шығарады. Міне сондықтан бал араларын үй жануарларының қатарына жатқызып, оларды бағатын адамды омарташы, бал арасын өсіретін кəсіпті омарта шаруашылығы деп, ауыл шаруашылығының бір саласына жатқызады.

 Салыстырма ретінде айтатын болсақ, үй жануарлары болып аталатын төрт түлік малдың біреуі де адамға дайын азықты, тағы басқа да керекті өнімдерді аралар сияқты өздері дайындап бермейді. Төрт түліктен алынған сүт, ет, тері, жүн сияқты шикі заттар адам қолымен бірнеше өңдеу сатысынан өткеннен кейін ғана дайын тамақ, зат ретінде тұтынуға болады. Ал, аралар өсімдіктердің шірнесін, тозаңын шикі зат есебінде жинап, олардан адамның көмегінсіз өздері бір неше сатыдан өткізу арқылы, жыл бойы жейтін тамағы балды жəне ара нанын (перганы), басқа да жоғарыда көрсетілген өнім түрлерін дайындап шығарады.

 Омарта таптырмайтын кəсіп. Оның жолын тауып ерінбей істесе тұнып тұрған байлықтың көзі. Бір ғана мысал. Алматылық омарташы Бекболат Ташболатов журналист Азия Бақытбекқызына берген сұхбатында, «...Кеңес үкіметі кезінде менде 200-ден астам ара жанұясы болған. Кезінде он тоннаға дейін бал өнімін алған едім. Қазір жас ұлғайған соң шама келмейді, 50 жанұя асыл тұқымды

карпаттық ара тұқымын қалдырдым, солардан бір маусымда үш тонна бал аламын. Құдайға шүкір, жаман емес,бүгінде бал сататын жеке дүкенім бар...Қазір 61 жастамын. Қартайғанда əрі кəсіп, əрі ермек», – дейді. («Алматы ақшамы» газеті, 3 сəуір 2012 жыл № 39 (4600), 7-бет.)

 Онымен қоса бір маусымда (наурыз айынан қазан айына дейін) 50 бал ара жанұясын бір адам ғана бағады. Шыққан шығынды үш еседен көп қылып өндіріп алады. Қазан айында бал араларын қомдап қыстаққа қояды да, келесі бал жинау маусымына дейін омарташы дем алады.

 Омартаны денсаулықтың кепілі деп айтуы бекер емес. Содан да болу керек омартамен айналысқан адамдардың денсаулығы күшті болатындығы жəне көп жасайтындығы. Оны менің ұстазым, (сол кезде 77 жастағы) мені омарта ұстауға үйреткен Гудыменко Михайл Степанычтың «осы уақытқа дейін дəріхананың есігі қай жанынан ашылатынын да білмеймін» деген сөзі жəне осы кітапты 85 жасында жазып, компьютер арқылы теріп отырған автордың іс- əрекеті дəлелдейді. Аралар шығаратын өнімдерінің құрамдарында дəрумендердің барлық түрлері, органикалық заттар мен микроэлементтердің қосындыларының қорытындысы болғандықтан денсаулықты күшейту қасиетіне ие болады да, адамның шаршағанын басып, қан жолдарын тазалап, мидың ойлау қабілетін арттырып, еңбек етуге ынталандырып, ағзасын жасартатын энергетикалық күш- қуат береді. Өйткені ол өнімдер піскен өсімдіктердің гүл шірнесі мен гүл тозаңынан жəне күн сəулесінің қорытындысынан алынады. Онымен қоса омарта тұрған жердің хош иісті, таза ауасы да адам денсаулығына өте пайдалы.

 1996 жылы Алматы қаласына қоныс аударуыма байланысты аталған кəсіптен қол үзіп кеттім. Негізгі мамандығым заңгер болғандықтан зейнетте жүрсем де Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты болып қызметімді жалғастырдым. 1-маусым 2012 жылы жасым 83-ке қараған шағымда отбасылық жағдайыма байланысты демалысқа шықтым. Қаланың шетіндегі «Еңбекші» деген ауылдан (Қарасай ауданы, Алматы облысы) жеке меншік жерүйді, жер телімімен сатып алып, жеміс-жидек көшеттерін отырғызып бағбандық кəсіппен айналысудамын. Омартаны тастасам да, мыңдаған жұмысшы аралар мен еркек аралар тек бір Аналық араға бағынып матриархаттық дəуірдің заңымен өмір сүретіндіктері, тыныс

тіршіліктері, іс əрекеттері, еңбекқорлығы, тазалықты мүлтіксіз сақтайтындығы,міндеттелгенжұмыстарынтабанда орындайтындықтары есіме түскен кезде күнделікті күйбең тірліктен шығып кетіп, басқа бір планетада өмір сүріп, тұңғыйық тылсым дүниенің түйсік дəмін татып жүргендей күй кешемін. Жасымның егде тартқанына қарамай келешекте бағбандық кəсіппен қатар, омарта бағу да Алла жар болса жоспарымда бар. Омарта байлықтың көзі, денсаулықтың өзі, қартаймаудың жолы екенін осы кітапты басынан аяғына дейін оқыған адамға түсінікті болады.

 Əуесқой омарташылықпен айналысып, оның қыры мен сырын басымнан өткізгендіктен, бұл кəсіп өнердің бір саласы деп есептеймін. «Өнер көзі халықта» демекші менен де артық бұл кəсіпті қолға алып, «дөңгелетіп» жіберетін мыңдаған қазақтың іскер жігіттері баршылық екеніне сенімім мол болғандықтан, соларға бір тамшы болса да осы кітабымның көмегі тисе екен деген ниеттемін.

 Омарта шаруашылығы қайталаймын-таптырмайтын кəсіп. Ауылда, қалада бос жүрген қазақ ағайындар (жас демей, кəрі демей) қызығына қызығып, қиындығына төзіп осы кəсіппен айналысамын деген талабы бар оқырмандарға кітабымды ұсына отырып, істеріне сəттілік тілеймін.

Автор

Осы шығармашылық еңбегімді омарта шаруашылығымен айналысуға қызығушылық танытып, ниет білдіретін қазақ бауырларыма арнаймын.

Автор

І-Б Ө Л І М

«ОЙДА ЖОҚ КƏСІП»

  • Мен қалай омарташы болдым

 1953-жылы Алматы Мемлекеттік заң институтын бітіргеннен кейін прокуратура, сот, милиция органдарында 37-жыл бойы жауапты қызметтер атқарып зейнетке шығатын жасқа жеткен соң Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасында қызмет істеп жүрген жерімнен милиция полковнигі шенінде 15-маусым 1990-жылы зейнетке шықтым.

 Зейнетке шыққан соң бір жыл бойы үйде жатып кітап-газет оқып, болмаса телевизор көріп диванда жатып ұйықтап кететін əдет пайда болды. Сөйтіп бір жылда күп болып семіріп кеттім. Қызмет істеп жүрген кезімде «шіркін-ай, қашан зейнетке шығамын. Дем алсам екен» деген арманым орындалғанымен денем ауырлап жалқаулық бойымды билей бастады. Көктем шыға қаланың оңтүстік батысында «Арай» деген мөлтек ауданында орналасқан саяжайыма барып көкөніс егумен айналысу «хоббиіме» айналды. Жастайымнан Жер-Анаға əр түрлі өсімдіктерді егіп баптап, күтіп өсіруге құмар болдым.

 Бір күні Мəскеуден шығатын «Пчеловодство» деген журнал қолыма түсіп, соны оқығаннан кейін «қарап жатқанша неге бал арасын бақпаймын, неге омарта ұстамаймын» деген ой маза бермеді. Бірақ, бұрын ондай кəсіппен айналысып көрмеген соң, қолымнан сондай жұмыс келе қоярма екен деген ой да қатарласа берді.

Бірде, саяжайға керекті кетпен-күрек сияқты саймандарды іздеп

«Жаңа базар» деп аталатын қаланың орталығында орналасқан базарды аралап жүріп, бал сатып отырған орыс шалын көріп, соның жанына жақындап, сатып отырған балының бағасын сұраған болып,

«омарта шаруашылығымен көптен айналыса ма? Бал арасын бағу қиынға соға ма?» -деген сауалдарды қойып үлгергенім сол еді,

 «Осы қойып отырған сұрақтарыңды маған көп адамдар қояды. Бірақ, солар мені сөйлету үшін бе, əлде өздерінің уақытын өткізу үшін бе, менің жаныма келгенімен қоймай бал арасы туралы сұрақтар қойып мазамды алады. Сен де солардың біреуі емессің бе? – деп маған сұраулы көзімен басымнан аяғыма дейін тінтіп өтті де, бал сатып алуға келгендермен сөйлесіп негізгі жұмысына кірісіп кетті.

 Бал сатып отырған орыстың қариясы, ұзын бойлы, аққұба жүзді, үстіне киген киімі де таптаза əрі өзіне жарасқан. Денесіне бір жапырақ артық ет бітпеген, шашын аққырау шалған, сақал, мұрт қоймаған, өмірдің ащы-тұщысының дəмін татқан, қиын-қыстау кезеңдерінен сүрінбей өткен, сыпайы жан болып көрінді маған.

 Балын сатып, келгендерді жіберген соң, артқы жағында тұрған маған жалт бұрылып қарады да:

  •  Сен əлі кетпеппе едің? Шынын айтайын, қазақ омарта өсіре алмайды, себебі олар жалқау. Ал, бал арасы жалқау адамды жақтырмайды, - деп таза қазақ тілінде сайрай жөнелді.

 Алғашында орысша сөйлеп отырған қарияның айна қатесіз, акцентсіз, қазақша сөйлегеніне таң қалып, жанындағы бос орындыққа отыруға рұқсат сұрадым.

  •  Бос тұрған орындыққа отырма деп қалай айтам. Отыруға болмайды десем көргенсіз шал екен деп жүрерсің, - деді тағы да қазақша сөйлеп.

Бос орындыққа отыра бергенімде:

 -Үсті басыңа, киген киіміңе қарап, жүріс тұрысың мен қойған сұрақтарыңның желісінен пайымдаймын, тегі қызмет тізгінін ұстаған жігітсің бе, қалай? – деді.

 -Танысып қояйық, аты-жөнім Кəрім Жұмағалиев. Осы Қызылорда қаласында тұрамын. Милиция саласында қызмет істеп, бір жыл уақыт болды полковник шенінде зейнетке шықтым. Жасым 61-де. Үйде жата беріп семіріп кеттім. Келешекте бал арасын сатып алып омартамен шұғылданғым келеді, – дедім.

Мені тыңдаған ол, мырс етіп езу тартты да;

 -Сөзімнің басында айттым ғой, қазақтар бал арасын баға алмайды деп, себебі олардың тойлары көп, туыстарының өлім- жітімдеріне барып бір-екі апталап омартаға қарамай кетіп қалады. Сол кезде, əсіресе бал жинау науқаны басталған кезде, бал аралары

қараусыз қалғандықтан «үйірілім құрып» (рой) ұясын тастап, ұшып басқа жаққа көшіп-ауып кетіп қалады. Омарта шаруашылығымен айналысатын адам жалқау болмау керек. Оның үстіне ұқыптылық керек. Бал арасын баққан адам үсті басын таза ұстау керек. Оның таза жүруін бал араларының өздері де талап етеді. Омарташы таза жүрмей арақ ішіп, одан арақтың иісі, болмаса тердің, тағы да басқа жағымсыз иістері шығып тұрса, оны бал аралары омарта маңайына жолатпай жабылып шағып тастайды. Бал арасын бағатын адам ерінбей жұмыс істейтін болу керек. Омарта ұстаған адам еңбекқорлықты еріксіз бал араларынан үйренеді. Ал, сен болсаң жауапты қызметтер атқарған милиция полковнигісің. Соны ойлап омарта шаруашылығы сенің қолыңнан келе қоярма екен деген күдігімді де жасырғым келмейді. Бал арасын бағу үшін көп оқып, көп үйрену керек. Менің өзім омартамен шұғылданғаныма 50-жылдан асып кетті, сонда да менің білмейтінім əлі де көп. Біреуден үйренемін, үзбей ізденемін. Оның қайсы бірін айтайын, -деп сəл үнсіз отырып қалды. Осы үнсіздікті пайдаланып:

 -Менің аты жөнімді сұрап біліп алдыңыз. Мен де сізбен жақынырақ танысқанға құштармын, -дедім.

 -«Ат кісініскенше, адам сөйлескенше» деп сенің аталарың бекер айтпаған ғой. Жылы-жылы сөздеріңмен баурыма кіріп барасың. Танысқың келсе фамилиям Гудыменко, атым Михаил, əкемнің аты Степан. Ішкі істер министрлігінің майор шеніндегі зейнеткерімін, - деп өзін таныстырды. Осыдан кейін «қаруластар екенбіз ғой» деп етене жақын адамдардай əңгімеміз жарасымын тауып жатты.

 Бір сағаттан аса оның жанында отырып, əңгіме арасында 1 кг бал 25 сом тұратынын бір бал ара жанұясының сатып алу құны 90- 110 сомның аралығында екенін біліп алдым.

Əңгімеміздің жарасқандығы соншалық Степаныч маған:

 -Егер бал арасын ұстағың келсе осы сəуір айынан қалдырмай, ауруға шалдықпаған бал ара жанұяларын сатып ал. Бірақ 3 жанұядан кем болмасын. Одан көп болса омарта бағуын үйреніп, толық меңгергеніңше қиын болады, -деген ақылын айтты.

* * *

 Сол күні кешке жұбайым Сараға бал арасын сатып алғым келіп жүргенін айттым. Менің уақытымды өткізе алмай мазасызданып үйде бос жата беретінімді көріп жүрген Сара:

-Егер бал арасын бағу қолымнан келеді деген ойың болса,

«тəуекелдің көк дөненіне» мініп оны да көр. Бірақ, омартамен айналысу қиынға соғады. Бал араларының ауруға шалдығатыны да болады. Оған дəрі-дəрмек тауып алып емдеу керек. Оның машақаты көп жұмыс. Мен институтта оқығанда бізге омарта туралы теориялық сабақ жүріп бал арасының сыртқы-ішкі құрылыстарымен, тыныс тіршілігінің қандай болатынын оқып, содан сынақ тапсырғанбыз. Ерінбей, ізденіп еңбектенсең бал арасының өнімдері адам денсаулығына өте пайдалы. Қазіргі кезде тұғырыңнан түсіп тұрған жоқсың, үйде бос уақытыңды өткізе алмай жатқанша омарта шаруашылығымен айналысамын десең, оны да меңгеріп алып кететініңе күмəнім жоқ» -деген ойын айтты.

 Cараның бал арасының тіршілігінен хабардар болуы, ол Қызылорда педагогикалық институтының биология факультетін бітірген. Сондықтан ол жан-жануарлар, жəндіктер мен өсімдіктердің түр-түстерін айыра алатын еді. Сараның берген ақыл-кеңесі мені омарта шаруашылығымен айналысуға қанаттандырып жіберді. Егер жұбайың «қойшы, шыбын баққан не пəле. Онымен ата-бабаң айналысып көрмеген. Ол қолыңнан келмес, одан да əуре болмай үйде отыр» десе жұмыс істеймін деген талабың, отқа су сепкендей басылып, жұбайымдікі де дұрыс шығар деп үйде отырып қалуың мүмкін ғой. Сара сөзінің соңында:

 -Атам қазақ «өнерді үйрен де жирен» деген. Сенің қолыңнан ойыңа алған жұмыстың бəрі келетінін өмірден көріп жүрмін, оған сенімім де мол. Тəуекел деп омарта шаруашылығымен айналысамын деген талабыңа сəттілік тілеймін, -деді.

* * *

 Ертеңінде «Жаңа базардағы» Михайл Степанычқа тағы келдім. Ол мені бұрыннан білетін танысындай жарқын жүзімен қарсы алды.

 -«Қабырғаңмен» (əйеліңмен деген мағынада) ақылдастың ба? Бал ара жанұясын сатып алатын болдың ба? деп сұрады таза қазақ тілінде.

 -«Қабырғам» қарсы емес, маған үш бал ара жанұясын сатып алуға көмек беріңіз. Шынымды айтайын, бұрын омарта ұстап көрмегенімді білесіз. Сондықтан өзіңіз айтқандай ауруға шалдықпаған жақсы, өзіңіздің тіліңізбен айтқанда «күшті» жанұяларын сатып алуға көмек беріңіз, -дедім.

 М.С.Гудыменко менің омартамен айналысатыныма бел байлағанымды естіген соң, аз уақыт үнсіз ойланып отырып қалды. Неге екенін білмеймін, бет əлпеті де өзгеріп, жүзінде салқындау рең пайда болды. Аздан соң маған назарын аударып:

 -Талабыңа нұр жаусын, Кəрім. Бұл жұмыспен айналысуыңды қуаттаймын. Егер бал арасын дұрыс баға алсаң, оның өнімдері адам баласының денсаулығына өте пайдалы. Қарапайым халық омартаның өнімдерінен тек балды ғана біледі. Ал бал арасының шығаратын

«маточный молочко», (Аналық сүтшесі), «перга», (ара наны)

«прополис», (бал арасының желімі) «воск», (балауыз) «пчелинный яд» (ара уы) сияқты өнімдері денсаулыққа таптырмайтын дəрі есебінде қолданылатынан көп адамдар хабарсыз. Бал арасын баққандардың жастары ұзақ болады. Өмірге құштарлығы да артады. Жұмысқа деген қаблеті де күшейеді. Оған дəлел алысқа бармай-ақ алдыңда тұрған мені алып қара. Жасым 77-ден асса да, осы уақытқа дейін дəріхананың есігі қай жағынан ашылатынын да білмеймін. Осы жасыма келгенше дəрі сатып алып ішіп көрген жан емеспін, тек бал арасының жоғарыда аталған өнімдерін ұқыптап, рет-ретімен пайдаланамын. Соның арқасында Құдайға шүкір, денсаулығым да жақсы. Ептеп жүз грамды да тартып жіберетін кездерім болады деп маған қарап езу тартты.

 -Михайл Степаныч мен сізге қолқа салайын деп тұрмын. Өзіңіздің омартаңыздан маған жақсы үш бал ара жанұясын сатыңыз. Олардың құны ақшалай қалтамда тұр, керек болса қазір беріп қояйын,-дедім, қалтама қолымды салып.

Степаныч тағы күтпеген жерден ойланып қалды да:

 -Кəрім, екеуміз де Ішкі істер саласында қызмет істеп зейнетке шыққан «қаруластармыз». Омарташыларда мынандай «киіз кітапқа» жазылған қанатты сөз бар. «Омартаңнан бал ара семьясын жақын туысың мен жақын танысыңа сатпа» деген. Оның мағынасы мынада. Егер сенен сатып алған жақын туысың мен танысың ол бал араларын асырай алмай өлтіріп алса, олар жаман бал ара жанұясын сатқан ғой деп ойлап, қырғи қабақ болып, қарым-қатынастары бұзылуы мүмкін. Мен сені бал арасын баға алмайды деп отырғаным жоқ. Сені жақсы танысым деп есептеймін. Дегенмен əлгі айтқан қанатты сөзді омарташылар қатты ұстайды. Сондықтан мен саған бал арасын сатқым келмейді. Оған сен өкпелеме. Ал, шын бал ара жанұясын асырауға құштарлығың артып тұрса, онда мен сатып алуға

көмектесейін. Менің осы арадан қашық емес жерде тұратын Алексей Иванович Осипенко деген, менен 4-жас үлкен омарта бағатын көршім бар. Оны біз дядя Леша деп атаймыз. Екеуміз «жайлауға» бірге шығамыз. Омарталарымызды қатар қондырып жазда бірге боламыз. Шалаш құрып бірге басында жатамыз. Егер оның сататын артық бал ара жанұясы болса, содан таңдап үшеуін сатып əперейін. Оның бал аралары күшті, ауруға шалдықпаған, алдын-ала дəрімен үзбестен емдеп тұрады. Жазда біздің омарталарымыздың жанына бал араларыңды апарып қойып, бізбен бірге болып үйренуіңе де жақсы. Бағасын өздерің келісе жатарсыңдар. Ол да, мен де жайлауға əлі бал араларын көшіргеміз жоқ. Осы жұманың аяғында көшіреміз бе деп отырмыз. Сондықтан бүгін не ертеңнен қалдырмай сатып алған бал араларыңды əзірге қоятын жеріңе апарып қондырып алғаның жөн болады. Бал арасын түскі 12-ден бастап үйшігін ашып көруге болады, ал таңертең ерте, не кешке, мезгілдез ашуға болмайды, себебі олар ол кездерде мазасызданып адамды көп шағады. Міне, менің немерем де маған тамақ əкелген екен. Тамақты қоя тұрып, немеремнің келгенін пайдаланып дядя Лешаға барып білейік,-деп немересін орнына қалдырып, екеуміз менің автокөлігіме отырып Осипенко А.И. үйіне барып, үш бал ара жанұясын үйшігімен (ульясымен) əрқайсысын 95- сомнан сатып алуға келістік. Бірақ, ол сатып алған бал араларды менің саяжайыма түнде көшіретін болдық, себебі ұядағы жұмысшы аралар бал шірнесін жинауға күндіз ұядан үздіксіз ұшып кетіп, тек қараңғы түскен соң орындарына келіп қонады екен. Күндіз көшірсең сатып алған бал араларының жартысынан көп жұмысшы аралар сол жерге келіп, ұясын таппай өліп қалатынын түсіндірді.

 Дядя Леша «түнгі сағат 10-11-лер шамасында көлігіңді алып келе бер, сатып алған бал араларыңды қомдап, ұяның аузын бекітіп көшіруге дайындап қоямын» деген соң үйге оралдым. Түнгі сағат 10- нан аса таситын автокөлікпен балам Сержанды ертіп дядя Лешаның үйінен сатып алған үш бал ара жанұясын қаланың іргесіндегі саяжайыма көшіріп апарып орналастырдым.

 Ертеңінде азанғы уақытта Михайл Степаныч үйіме телефон шалып:

 -Омарташы деген жаңа кəсібіңмен құттықтаймын, байғазысына бір түтіндеткіш құралы мен омарташылардың басына киетін арнайы бас киімін сыйлаймын, келіп алып кетерсің,-деді.

  • Алғашқы кездескен қиындықтар.

 «-Омарташы деген атаққа ие болуыңмен құттықтаймын»-деп Михаил Степанычтың телефон шалғанына «қомпиғаныммен» омарта шаруашылығының жұмысын неден басталатынын ол кезде білмейтін едім. Саяжайымның күн шығыс жағына орналастырған, қазақша айтқанда бал аралары салынған үш «ағаш жəшіктердің» леткасынан (орыстың летка деген сөзі бұдан кейін ұшатын есігі деп жазылады) қоңыр-сұр түсті болып көрінетін онша үлкен емес, аралар ұшып шығып, қайта сол есіктен кіріп жатты. Аралардың қозғаласын қарап отырғанымда олардың түрлері қоңыр-сұр жəне кішірек көрінгеніне

«дядя Леша маған дұрыс бал араларын бермеген-ау» деген ой үйіріле бергені соншалық, көңілімде күмəн пайда болды. Себебі мен бұдан бұрынғы көріп жүрген аралардың түрі сары əрі ірілеу-үлкендеу болатын.

 Степанычтың берем деген түтіндеткіш құралымен, омарташының бетін ара шақпас үшін басына киетін бас киімін алмақшы болып үйіне барғанымда, оның ауласында орналасқан ара үйшіктерінен ұшып шығып жатқан араларының түрлері менің сатып алған араларымен бірдей екенін көріп, «Дядя Леша маған дұрыстау бал арасын бермеді-ау»-деген ойымның пендешілік екеніне түсініп, пайда болған күмəн көңілімнен тез сейілді. Менің сол кезде бал араларының тыныс-тіршілігі былай тұрсын, олардың тіпті түр-түсін білмегеніме ұялып осы уақытқа дейін ешбір жанға айтпай келдім. Менің бұрынғы көріп жүрген ірілеу-сары түстілері, жабайы аралар екен. Нағыз бал аралары қоңыр-сұр түсті, онша үлкен емес, еңбекқор, тынымсыз үйшігінің есігінен ұшып шығып, қайтадан ішіне кіріп дамылсыз жұмыс жасап жатқандары мені қызықтыра бастады. Дегенмен шынын айту керек бір үйшіктегі аралардың неше түрге бөлінетінін, олардың əр қайсысының қандай жұмыс атқаратынынан ол кезде мүлдем хабарсыз едім. Алғашқы кездерде нем бар еді осы бал араларын сатып алып, «сау басыма сақина тілеп» деген кездерім де болды. Ондай ойымды Сараның «сенің қолыңнан қандай жұмысты алсаң бəрі келетініне сенімім мол» жəне Михаил Степановичтің

«қазақ бал арасын баға алмайды, сенің қолыңнан ол келе қоярма екен» деген сөзі намысымды қамшылап, бал арасының қыры мен сырын үйренуге ынта жігерімді қайрап жіберетін. Сол кезде Абай атамыздың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегіңмен ақылың екі жақтап» деген өлең жолдары миыма құйыла беретін.

 Көп іздендім. Қаладағы кітапханалар мен кітап дүкендерінің бəрін түгел аралап қазақ тілінде бал арасын бағу туралы кітапты, не бір кітапшаны, (брошураны) қанша іздесем де таппадым. Бірінші қадамымды бал аралары туралы орыс тілінде жазылған арнайы оқулық кітаптар мен журналдарды бас көтермей оқудан бастадым. Қызылорда қаласының орталық кітапханасының тапжылмайтын оқырманы болдым. Сонау 1950-жылдардағы пчеловодство журналдарынан бастап түгін қалтырмай оқыдым. Ол журналдардарда кəсіби жəне əуесқой омарташы-авторлардың күнделікті көңіл аударуға жататын жұмыс тəжрибелері туралы жазған мақалаларының өзіме керек жерлерін арнайы дəптерге конспекті ретінде көшіріп жазумен болдым. Соның арқасында аралардың бір үйшікте неше түрі болатынын, əрқайсысының қандай жұмыс түрлерін атқаратынын, олардың тыныс-тіршілігі туралы оқып-тоқығанымды өзімнің үш үйшіктегі бал араларымды қарап бағып қағуға пайдалана бастадым.

 Михайл Степаныч пен дядя Лешаның айтуы бойынша, саяжайымда тұрған бал араларымды күшті ара жанұясы етіп өсіру үшін қанттың езіндісімен тамақтандырдым. Ол үшін астауға қантты суға езіп (мөлшерімен 10 кг. қантты, 7 литр суға езіп), бал ара ұясынан 300-400-метр жерге апарып орналастырып, аралар қант езіндісіне батып кетпес үшін, астаудағы езіндінің үстіне қамысты салып қойып жүрдім.Сөйтіп, үш үйшіктегі 10-рамкалардан тұратын араларға қанттың езіндісін үзбей беру əдісінің арқасында əр қайсысында 18-20-рамкаға толған жұмысшы араларды көбейтіп, Дядя Леша мен Михайл Степанычтың омарталары тұратын, қаладан 25-шақырым жердегі «Қалған дария» деп аталатын өзеннің сағасына орналастырдым. Солардың көмегімен, ақыл-кеңестерін пайдалануымның арқасында 3-бал ара жанұясын бал жинау маусымының соңына дейін 6-бал ара жанұясына жеткізіп, сол бал жинау маусымында бір фляга толы бал шайқап (қалай бірінші рет бал шайқағанымның хикаясы кейінірек жазылады) алдым да, қысқа қомдап қоярда əр үйшіктің ішіне қысқы уақытта аралардың жеп жатуына 15-20 кг. таза бал қалдырдым. Бұл менің омартаға деген құштарлығымды, қызығушылығымды, ынта-жігерімді арттыра түсті. Оқулық кітаптардан, «Пчеловодство» журналдарынан оқып тоқығандарымды Дядя Леша мен Степанычқа айтқан кезідерімде олар менің айтқаныма таңқалып, менің оқып тоқығанымды үшеуміз

де жұмыс тəжрибемізге пайдаланып, жұмысшы аралардың санын өсіру арқылы көбірек бал жинауға қол жеткізіп жүрдік.

 Бал араларының атқаратын жұмыстарын, олардың тыныс- тіршілігін меңгергендігімнен үш жыл ішінде омартамдағы бал ара жанұясының санын 20-ға жеткіздім. Бал араларын бөлшектеп көбейтіп, күтіп, баптап «күшті» етіп өсіре білген де ғана балды көбірек жинауға мүмкіндік береді. «Ауып кеткен» араларды ұстап, ұқыптап бағатын болсаң олар тез арада күшті жанұясына айналып балды көбірек жинайтынын да үйрендім.

  • Қызылорда облыстық Ерікті омарташылар қоғамының төрағасы болып қалай сайландым.

 ...1992-жылдың тамыз айының соңғы күндерінің бірінде, кешкілік омартамнан үйге келген бетім болатын.«Облыстық ауылшаруашылық басқармасынан едім» деп бір жігіт телефон шалып,

«маған Жұмағалиев Кəрім ағаймен сөйлесуге бола ма?» -деді.

-Тыңдап тұрған Кəрім ағаң, -дедім.

 -Сізді ертең сағат 15-ке Облыстық кеңес атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ыбраев Нұртаза шақырып жатыр,- деді. Бірақ, не туралы екенін білмейтінін айтты.

 Жасымнан бойыма біткен əдетім бойынша, шақыру уақытынан қалмай, Нұртаза Ыбрайұлының қабылдау бөлмесіне кіре бергенде,

 -Сіз Жұмағалиев Кəрім аға емессіз бе?-деп алдымнан бір жас жігіт қарсы алып, -Кеше сізге телефон шалған мен едім,-деді де, хатшы қызға қарап «Нұртаза Ыбырайұлына Жұмағалиев ағай келіп тұр» деп айтыңызшы, – деді.

 Кабинетке кіріп кеткен хатшы қыз көп кешікпей шығып, кіріңіздер деп ишарат білдірді.

 Біз кабинетке кірген кезде 50-ден асып 60-ты алқымдаған жігіт ағасы,

 -Ныспыңыз кім болады?-деді. Қызылордаша аты-жөніңіз деген сөздің орнына «ныспыңыз» деген сөз құлағыма өрескелдеу естілді.

-Ныспым – Кəрім, əкем аты – Жұмағали деп жауап бердім.

-Сіз омарта шаруашылығымен қашаннан бері айналысасыз?

 Тосыннан қойылған ондай сұрақты күтпегендіктен, үнсіз отырып қалдым. Сосын сөзді өзі жалғады.

-Мен осы қызметке Жезқазған облысынан ауысып келдім. (ə,

«ныспыңыз» дегені содан екен ғой.) Жуықта Қазақ ССР Министрлер

Кеңесінде Қызылорда облысының ауылшаруашылық жұмыстарымен қатар омарта шаруашылығы жөніндегі есебімді тыңдады. Қазақстанның барлық обылыстарының ішінде тек Қызылорда облысында ғана облыстық Ерікті Омарташылар қоғамы жоқ екені қатты сынға алынды. Сол қоғамды құруға тікелей тапсырма берілді. Келесі аптада омарташылардың жалпы жиналысын ашып сонда облыстық Омарташылар қоғамын құрайық деп отырмыз. Сол қоғамның төрағасы етіп сайлауға сіздің кандидатураңызды ұсынбақшымыз. Соған қалай қарайсыз?

 Мен омарта шаруашылығымен айналысқаныма екінші жыл ғана болғанын, төрағалық жұмыс қолымнан келмейтінін, менің кандидатурамды ұсынғандарына рахметімді айтып, облыс көлемі бойынша көптен бері омарта шаруашылығымен айналысып жүрген жігіттердің ішінен төрағалық қызметке кандидатураны іздегендеріңіз жөн болады деп, ат тонымды ала қаштым.

 -Олардың ішінен де іздестірдік. Омарташылардың көбі орыс, неміс ұлттарынан, сауаттары да аз, олардың іштерінен жұмысты ұйымдастыра алатын қаблеті бар адамды таба алмадық. Көпшілігі 70- 80 жастағы қариялар екен. Бір екеуін шақырып əңгімеге тартып едік бастарын ала қашты. Сіз полковник шенінде облыстық ішкі істер басқармасының əр саласында басшылық қызметтер атқарып зейнетке шығыпсыз. Сіздің жұмысты ұйымдастырушылық қаблетіңіздің бар екенін облыстық партия комитеті мен облыстық кеңес атқару комитетінің басшылары да жақсы біледі екен, -деп біраз үнсіз отырып менен жауап күткендей болды.

 Мен үнсіз жайбарақат отыра бердім, əңгіменің соңын бағайын деп жəне өмір бойы аңсап зейнетке шыққаннан кейінгі жан тыныштығынан айрылғым келмей. Оның үстіне қоғамдық жұмыспен айналысам деп омартамнан да айрылып қалам ба деген ой аузымды аштырмады.

 -Сіздің кандидатураңызға да кездейсоқ жағдайда тап болдық,- деп сөзін Нұртаза Ыбраев ары қарай жалғастырды.

 -Мына жігіт облыстық ауылшаруашылық басқармасында істейді, - деп менімен бірге кірген жас жігітке қарады да - қызметі штат бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасында омарта шаруашылығына жетекшілік ету. Мамандығы агроном. Бірақ, омарта шаруашылығынан хабары аздау. Тек, министрлікке ай сайын

«бəленше омарта мен омарташылар бар» деп, отырған жұмыс

бөлмесінің төбесіне қарап «қағазға өтірік ақпаратты жазып» жалған есеп беріп, еңбек ақысын алудан басқа омарта туралы еш жұмыс бітірмейді-деп, əлгі жігітке ызғарлы ала көзімен қарап, жақтыртпаған сыңай білдірді. Бағанадан бері үндемей отырған жігіт, басын төмен салып, беті қызарып, менің алдымда ыңғайсыз жағдайда қалғандай болды.

 -Облыс көлемі бойынша омарта саны мен қанша омарташылар бар екенін де анық білмейміз. Ол туралы толық ақпарат жоқтың қасы. Сондықтан облыстық Омарташылар қоғамын құруымыз қажет. Қоғамның төрағалығына сізден басқа адам таппай отырмыз. Сіздің де кандидатураңызды тапқан осы жігіт. Келешекте бұл жігіт тікелей көмекшіңіз болады. Қоғамдық жұмыс болғандықтан төрағалыққа еңбек ақы төленбейді, оның да басын ашып айтып қояйын,-деді Нұртаза Ыбырайұлы.

 -Асығыс болмаса «қабырғаммен ақылдасайын», уақыт беріңіз,- деп сыпайы жауап бердім.

 Үшеуміз де орындарымыздан тұрдық. Нұртаза Ыбырайұлы бізге қолын беріп жылы жүзбен жұмыс бөлмесінен шығарып салды.

 Облыстық кеңес атқару комитетінің ғимаратынан шыға жанымда келе жатқан жігіт:

 -Кəрім аға, менің атым Сəкен Сарбасов,-деп қолын ұсынды. Екеуміз менің автокөлігім «жигулиге» келе бергенде Сəкенге қарап:

-Сен менің кандидатурамды қалай тауып жүрсің?-дедім.

 Сəкен тағы бұйығып, басын төмен салып, жасқана қарап, мырс етіп күлді де, «Шынымды айтайын» деп шешіліп сөйлеп кетті.

 -Нұртаза Ыбраев күнде мені шақырып, облыстық Омарташылар қоғамын құру керек, соған төрағалыққа ыңғайлы адам тап деп соңымнан қалмай қойды. Қадалған жерінен «қан шығармай» қоймайтынын жаңағы кездесу барысында сезген шығарсыз. Жаңа сіздің алдыңызда да, мені кісі құрлы көрмегенін байқаған боларсыз. Күнде бірнеше рет оның көмекшісі де телефонмен есімді шығарып, маза бермеді. Бір жұма өткен соң облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығының бірінші орынбасары, менің жұмысымды тікелей қадағалайтын бастығым, жұмыс аяғында кабинетіне шақырып алып, омарташылар қоғамына төраға таппағаның үшін Ыбыраев тыныштық бермей жатыр деп, айтпаған сөзі қалмады. Ақырында шүйілгені соншалық, төрғалық кандидатура таппасаң жұмысыңмен қош айтыса бер дегенге дейін барды. Кешкілік үйге көңілсіз келдім.

Оны сезген əйелім не болғанын сұрады. Мен жағдайды айтып

«жұмыстан босататын шығар» дедім. Менің сөзімді естісімен күлді де «қапа болма, мен саған төраға тауып беремін» деді. Өзімнің мазам болмай отырған еді, əйелімнің «қалжыңына» қатты ашуландым.

 -Сен ашуланба. Біздің кітапханаға жасы егде тартқан бір кісі күнде келіп тек қана пчеловод туралы журналдар мен кітаптарды алып оқып, содан бірдеңелерді көшіріп алып жатады. Өзінің жүріс- тұрысы да ширақ. Қазір ол кісінің аты-жөні есімде жоқ, бірақ, абономенттік карточкасы біздің кітапханада бар, сол кісімен сөйлесіп көр,-деді əйелім. Ертеңінде кітапханаға барсам сіздің карточкаңыз болып шықты. Мен сізді «облГАИ»-дың бастығы болып жүргеніңізден, сыртыңыздан білетінмін. Сізді телефон арқылы шақырған да мен едім. Бірақ, не жұмыспен шақырып жатқанын білмеймін дегенім, келмей қоясыз ба деп ойладым. Сізден бұрын таныс бірнеше омарташыға айтып едім, еңбек ақы төлемейді деген соң, олар төрағалықтан бас тартты. Кəрім аға, келісіміңізді беріңізші? Күйім келгенше сіздің көмекшіңіз болайын, мені қызметімнен босатып жіберуі де мүмкін, – деп Сəкен қиылып сұрап тұрып алды.

 Сəкеннің «салы суға кетіп қалуы да мүмкін-ау, егер төрағалыққа кандидатура таба алмаса» деген ойымның ұшығы «мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек» деген қазақтың нақыл сөзін ойыма оралтты. «Бұның бала-шағасын жеп отырған нанынан айырғанда маған не пайда» деп ойладым. Əкем марқұмның «қолыңнан келсе, адамға тек жақсылық жаса. Жасаған жақсылығың да, жаманшылығың да бұл дүниеде, не ол дүниеде алдыңнан шығады» деп айтып отыратыны есіме түсіп, Сəкеннің арқасынан қағып:

 -Қобалжыма, сені қызметіңнен ешкім де шығармайды, тек бір- екі күн уақыт бер,-деп қолымды ұсындым.

Сəкеннің реңі лезде кіріп,

 -Кəрім аға, рахмет! Сізге телефон шалып тұрсам ренжімейсіз бе?-деді.

 Жауап берудің орнына қолын қатты қыстым да, басымды изеп, жымия күліп автокөлігімнің рөліне отырып «Қалған Дария» қайдасың» деп омартамның тұрған жеріне тартып отырдым.

 Омарта басында Михаил Степаныч пен дядя Леша кешкі астарын алдарына енді ғана алғалы жатыр екен. Менің мезгілсіз кештетіп келгенімнен күдіктенді ме, əлде бір жаңалық жағдай болды ма деп ойлаған болулары керек:

 -Мақтап жүреді екенсің. Кешкі асқа дəл келдің. Жүрісің суыт қой, кештетіп келмеуші едің, тыныштық па? – деді дядя Лешадан бұрын елгезек мінезді Михаил Степаныч.

 -Сіздерді мақтамағанда кімдерді мақтайын. Екеуіңізде жаңа кəсібімнің ұстазысыздар. Оның үстіне дядя Леша үш бал ара жанұясын маған ұзатып «сары сүйек құдам болды». Ал Степаныч, сіз

«сары сүйек құданы» маған тауып бердіңіз. Құдайға шүкір, ұзатып берген үшеуі балапандап үш немере əкеліп алтау болып, өсіп-өніп жатыр. Сондықтан сіздерді мақтайтынымды білдірейін деген ойыммен кештетіп жүрмін,-деп күлдім.

Бір сапар кесеге толы ыстық, буы бұрқыраған қызыл түстес

«борщь» көжесі менің алдыма да келіп қалды. Кесеге қасықты сала бергенде:

 -Дегенмен кештетіп жүргенің жақсылық болғай «құда», -деп дядя Леша мұртын бір сыйпап қойып маған қарап жауап күткенін байқадым.

 -Өзеріңіз де сезіп отырғандай, бір жаңалықтың құлағы қылтиып тұр. Сол туралы сіздерден ақыл-кеңес сұрайын деп кештетіп келіп тұрмын,-деп облыстық атқару комитетінде болған əңгімені басынан аяғына дейін түгін қалтырмай айтып, Омарташылар қоғамының төрағалығына менің кандидатурамды ұсынып отырғанын айттым.

Бірінші болып, көп сөйлемейтін дядя Леша;

 -На конец-то, власть лицом повернулась к пчеловодам,-деп сөзін бастап кетті. -Бұдан жиырма жылдай бұрын облыста Омарташылар қоғамы бар еді. Оны басқарған марқұм Мельников көп жұмыс жасады, «царство ему небесное». Сол кезде Қоғамның құрал- саймандар сататын дүкені де бар болатын. Бəріміз сол қоғамға мүше болып, жарна төлеп тұрушы едік. Күзде əр балара жанұясына 10-кг. қантты да сатып алатынбыз. Көктем шыға артық бал араларын да сол Қоғам арқылы сататын едік. Мельников марқұм болып кеткен соң Омарташылар қоғамы тарап кетті. Сол кезде сатып алған құрал- саймандарымыз ескіріп бітті. Омарташылар қазіргі кезде қантты да, балауыз-жапырақшасын да (вощинаны) омартаға өте қажет құрал- саймандарды да қайдан аларын білмей, бастары қатып табалмай жүр. Егер Омарташылар қоғамы құрылса жақсы болар еді,-деді де алдындағы тамағын іше бастады.

 Қоғам құру үшін бытырап кеткен омарташылардың басын қосып, оларды қоғамға мүшелікке тарту қиын болатын шығар деген ойымды айттым.

Алдындағы борщь көжесін əрірек ысырып қойған Степаныч:

 -Кəрім, Қоғамға төраға болу сенің қолыңнан келетініне менің күмəнім жоқ. Ол облыстық ГАИ жұмысын басқарғаннан қиын емес. Тəуекел деп келісіміңді бер. Бірақ, келісіміңді берер алдында үкіметке мынандай талап қой.

 Бірінші,Қоғамға мекен жай сұра, яғни Қоғамның кеңсесі болу керек. Екінші, омартасы барларға сатуға төрт вагон мөлшерінде қантты «разнорядка» бойынша қоғамға беретін болсын.

Үшінші, Қоғамның дүкені де болсын де.

 Төртінші, Алматыдағы «Казпчеловодство» мекемесінен құрал- саймандар алып келуге көлік беріп тұруын қамтамасыз етуін сұра,- деді.

 Осы кезде өздері жататын күркеге кіріп кеткен дядя Леша бір шөлмек «Столичный» деген арақты алып шығып, аузын тырс еткізіп ашты да,

 -Кəрімнің төрағалығын жуып жіберейік,-деп екі кружканың белбеу тұсына дейін құйып, үшінші кружкаға құяйын деген кезде, мен автокөліктің рөлінде жүргенімді айтып кешірім сұрап кружканы алып қойдым.

Степаныч:

 -Көрдіңбе төраға болмай жатып, бізден ауылын аулақ салуын,- деді қалжыңдап.

Жасы сексенге келген дядя Леша:

 -«Құдай не жасаса да жақсылыққа жасайды» деген орыстың мақалы бар. Кəрім, күш-қуатыңның барында омарташыларға қызмет жасауға саған Құдай жар болсын. Жолың болсын,-деп Степанычпен кружкасын соғыстырды да арақты екеуі де тартып жіберіп, алдарындағы астарын ала бастады.

***

 Ертеңінде Нұртаза Ыбыраевқа келіп Қоғамға керекті (жоғарыдағы айтылған) жағдай жасалса, төрағалық жұмысқа келісімімді беретінімді айтым.

 Алған істі кешіктірмей табанда шешетін Ыбраев Нұртаза менің сұрауым бойынша облыстық ауылшаруашылық ғимаратының бірінші қабатында орналасқан екі бөлмені омарташылар қоғамына бөлгізіп бергізді. Оның бір бөлмесін кеңсе есебінде, екіншісін дүкен ретінде пайдалану үшін. Қант беруді қамтамасыз ететіні туралы да, Алматыдағы «Казпчеловодство» мекемесінен құрал-саймандар алдыруға да, оларды əкелуге көмектесуге де уəде берді.

 ...Келесі жұманың сəрсенбісінің сəтті күні Қызылорда қаласы мен облыстың аудандарынан жиналған 50-60-тай омарташылардың қатынасуымен құрылтай жиналысын Нұртаза Ыбырайұлы ашып, Омарташылар қоғамын құрып, соған мені төрағалыққа сайлады. Ертеңінде облыстық «Сыр бойы» мен «Путь Ленина» газеттерінің беттерінде облыстық Ерікті Омарташылар қоғамы (ОЕОҚ) құрылып, облыстық ауылшаруашылық басқармасының ғимаратында орналасқаны туралы хабар жарияланды.

 Ыбыраев жолдас сөзінде тұрды. Екі жұма өткен соң облыстық тұтынушулар одағына келген үш вагонға тиелген қантты жаңадан құрылған Омарташылар қоғамына бергізді. Қантты омарташыларға сатып, ақшасын облыстық тұтынушылар одағына өткізуіміз керек болды. Үш вагондағы, қаптарға толтырылған қантты Н.Ыбраевтың тапсырмасы бойынша бізге бөлінген екі бөлмеге облыстық ауыл шаруашылық басқармасы тасып, түсіріп берді.

 Облыстық, аудандық газеттерге «облыстық омарташылар қоғамына мүше болам деген омарташыларға əр балара жанұясына 10 килограмнан қант сатылады» деген хабарламалар жарияланды. Сол- ақ екен аудандар мен Қызылорда қаласындағы омарташылар ағыла бастады. Ол кезде қант таптырмайтын дефецит болатын. Омарташыларға бал араларын қысқа қомдап қоюдың алдына қант өте қажет еді. Ыбраевтың тапсырмасы бойынша облыстық баспахана арқылы омарташыларға мүшелік куəліктер мұқабасы баспадан басылып дайын болды. Банкте облыстық Омарташылар қоғамының шаруашылық есеп шоты ашылып, сатылған қант пен мүшелік жарналардың ақшалары сол есеп шотқа құйыла бастады. Қорыта келгенде, қантты сату арқылы Қоғамға облыс көлемі бойынша 97- омарташы мүшелікке өтіп, оларда 5000-ға жуық балара жанұялары бар екені есепке тіркелді. Осы жұмыстарды ұйымдастыру кезінде Сəкен Сарбасовты көмекші есебінде жұмсауға да, кезек күттірмейтін жұмыстарды шешуге де оның тікелей көмегі тиді.

 Қоғамға омарташылар үзбей келіп тұратын болды. Олар өздеріне қажет құрал-саймандарды тауып беруге тапсырыс беріп, талап ете бастады. Солардың қажетін өтеуге тікелей Нұртаза Ыбрайұлы Алматыдағы «Казпчеловодстваның» бастығы Дорофеевпен телефон арқылы сөйлесіп, солардың екі КамАЗ автокөлігіне тиелген құрал-саймандарды алдырып, магазин ашып омарташыларға сата бастадық. Сатылған омарта құралдардың накладной бағасы бойынша жиналған ақшаны банк арқылы

«Казпчеловодстваның» есеп-шотына уақытылы аударып тұрдық. Қоғамға Жарғы жасап, онда штат бойынша; төраға, бухгалтер, секретарь-кассир үш адам жұмыс істеп, сатылған қантқа, құралдар мен саймандарға үстеме баға қосып жəне мүшелік жарнамадан жиналған ақшадан аз мөлшерде болса да еңбек ақы алып тұрдық.

 Сол жылғы бал жинау маусымы аяқталғанын қорытып облыстық Ерікті Омарташылар қоғамының алғашқы жұмысының барысы, келешек істелетін жұмыстардың бағдарламасы туралы жəне омарта шаруашылығының экономиякалық тиімділігі мен омарта өнімдерінің адам денсаулығына пайдалығы жөнінде облыстық қазақ жəне орыс тілдерінде шығатын газеттерге үлкен мақалам жарияланды.

  • Обкомпарияның бірінші хатшысы

Еркін Нұржанұлы Əуелбековтың қабылдауында.

 Мақалам газет бетіне жарияланғаннан кейін екі күн өте Сəкен Сарбасов кеңсеме келіп:

 -Сізді тездетіп алып кел,-деп Нұртаза Ыбрайұлы жіберді деді де, мені соның кабинетіне алып келді. Амандасуға да мұрша бермей Ыбраев «жүр кеттік» деді де хатшы қызға автокөлігін кеңсенің есік алдына шақыртқызды.

 Автокөлікке отырысымен, «Сіздің газетке жазған мақалаңыз жөнінде бізді облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Нұржанұлы Əуелбеков күтіп отыр»-деді.

 Біз кабинетке кіргенде Əуелбеков жұмыс столының басында біреумен телефон арқылы сөйлесіп отыр екен, сөзін бөлместен бізге басын изеп қолымен алдындағы қосалқы столдың орындықтарына отыруға ишарат білдірді. Біз отыра бергенде екінші телефонның құлағын көтеріп біреуді кабинетіне шақырды да, маған бұрылып,

-Сіз қашаннан бері омарташы болып кеттіңіз,-деді.

-Зейнетке шыққаннан кейін.

-Жасыңыз нешеде?

-1930-шы ашаршылық жылы дүниеге келіппін.

 -Онда бір жылдың төлі болдық қой. Құрдас екенбіз. Менің мамандығым агроном болғандықтан омарта туралы хабарым бар. Бұл кəсіптің қызығы да, қиындығы да мол. Қоғамның жұмысын ұйымдастыру мен басқару қызметіңе сəттілік тілеймін. Сіздің орыс жəне қазақ тіліндегі облыстық газеттерге жазған екі мақалаңызды оқыдым. Онда облыстық Омарташылар қоғамының бір жылғы істеген жұмысы мен келешекте істелетін жұмыстардың жобасымен қоса бал арасының өнімдерінің түрлерін түстеп, адамның денсаулығына пайдалы жағын да жазыпсыз. Мақалаңыз маған ұнады.

 Осы кезде кабинетке облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, менің сыйлас досым Файзулла Қарақожаев кірді де менімен бас изеп амандасты.

 -Жолдас Жұмағалиев жаңадан сайланған облыстық Ерікті Омарташылар қоғамының бастығы,-деп Əуелбеков Қарақожаевқа мені таныстырды. Кеше бұл кісінің омарта туралы мақаласын оқып, бүгін қабылдауыма шақырып отырмын. Келесі жұмада болатын облыстық ауылшаруашылық қызметкерлерінің актив жиналысында сөйлейтін адамдардың тізіміне 10 минут уақыт бөліп сөйлеуге жолдас Жұмағалиевті де қосыңыз. - Сіз,- деп маған қараған Еркін Нұржанұлы

–омарта шаруашылығы, оның əсіресе экономикалық тиімділігі жөнінде мысалдар келтіріп сөйлеуге дайындалыңыз,-деді.

 Содан кейін Нұртаза мен Файзуллаға қарап облыстың барлық аудандарының шаруашылықтары омарта өсіретін болсын. Жұмағалиев жолдасқа, облыстық омарташылар қоғамының жұмысын жандандыруға көңіл аударып көмектесетін болыңдар,-деп тапсырма беріп, бізді жылы жүзімен қолын ұсынып кабинетінен шығарып салды.

  • Омарташылар дайындайтын ақылы оқу орны қалай ашылды?

 Көп кешікпей қаланың орталық алаңының солтүстік шығыс жағында жаңадан салынған облыстық ауылшаруашылық ғылыми институтының ғимаратының үлкен актзалында облыстық ауылшаруашылығы қызметкерлерінің кеңейтілген семинар- жиналысы басталып кетті. Жиналысқа аупарткомдардың бірінші, екінші, үшінші хатшылары, ауаткомдардың төрағаларымен олардың

орынбасарлары, ауылдық кеңестің төрағалары, совхоз директорлары, колхоз басқарма бастықтары, партком хатшылары мен кəсіподақтарының төрағалары, комсомолдың хатшылары, Социалистік еңбек ерлері, ауылшаруашылық саласының еңбек озаттары, облыстық мекемелердің басшылары жəне Алматыдан арнайы шақырылған ауылшаруашылық саласындағы бір топ ғалымдар, барлығы 200-ге тарта адам жиналыпты.

 Сахына төрінде орналасқан жиналыс президиумының столына сол кездегі қалыптасқан əдет бойынша облыстық партия комитетінің бюро мүшелері, облыстық атқару комитетінің алқа мүшелері мен Социалистік еңбек ерлері, еңбек озаттары, Алматыдан келген ғалымдардардың біразы жайғасыпты.

 Жиналысты облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Əуелбеков Еркін Нұржанұлы ашып, баяндама жасау үшін сөзді облыстық ауылшаруашылық басқармасының төрағасына берді. Баяндама біткен соң жарыс сөзге тізім бойынша бекітілген адамдар шығып сөйлеп жатты. Бір кезде жарыс сөздің кезегі маған да келді. Жиналысты басқарып отырған Еркін Нұржанұлы жиналған жұртқа қарап шешіліп сөйлеп кетті.

  •  Біздің облыс мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы саласына көп көңіл аударып, омарта шаруашылығы бойынша кенже қалғаны жөнінде жуықта Алматыда өткен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің кеңейтілген мəжілісінде қатты сынға алынды. Республика бойынша 19 облыстың ішінде біздің облыста ғана Ерікті Омарташылар қоғамы құрылмапты. Соған байланысты облыс көлемінде тұрып жатқан омарташыларды шақырып Құрылтай жиналысын өткізіп облыстық Ерікті Омарташылар қоғамы құрылды. Келесі жарыс сөз, бұрыннан өздеріңіз білетін облыстық мемлекеттік автоинспекциясын басқарып зейнетке шыққан, отставкадағы милиция полковнигі, жаңадан құрылған облыстық Омарташылар қоғамының төрағасы Жұмағалиев жолдасқа беріледі,-деп сөзін аяқтады.

 Залдан мен мінбеге көтерілген кезде жиналыс залында отырғандар су сепкендей тына қалды. Залды көзіммен бір шолып өткенде жиналғандардың көпшілігінің жүзінен «мына милиция омарта жөнінен не біледі екен, не айтар екен» дегендей сыңай танытып отырғандай көрінді маған.

 -Жолдастар!- Жаңадан облыстық Ерікті омарташылар қоғамын ашуға, оған кеңсе мен омартаға керекті құрал-саймандарын сататын

дүкенге арнап екі бөлмені бөліп беріп, Республикалық

«Казпчеловодства» одағынан екі «Камаз» автокөлігімен құрал- саймандарды алдырып, омарташыларға сатуға үш вагон қант бергізген облыстық кеңес атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ыбыраев Нұртаза Ыбырайұлына барлық облыс омарташыларының ризашылығын жеткізуге рұқсат етіңіздер,- деп сəл үзіліс жасап президиумге қарасам Нұртаза Ыбырайұлы орнынан бір қозғалып риза болғандай жан-жағына қарай берді. Сөзді содан бастағаным, шындығында Ыбраев жолдас қоғамға көп жақсылық жасады. Онымен қоса осы сөзіммен келешек қоғамға керекті мəселелерді шешуге жол ашу көкейімде бар еді. Осы кезде жиналысты басқарып отырған бірінші хатшы Əуелбеков назарын маған аударып:

 -Сіздің облыстық газеттердің беттерінде жарияланған мақалаларыңызды аудан басшылары мен шаруашылық басшылары оқыған болар. Сіз жарыс сөзіңізді омарта шаруашылығының экономикалық тиімділігі жөнінде мысал келтіре 10 минут уақыт ішінде баса айтқаныңызды қалаймын,-деді. Тегі Нұртаза Ыбрайұлының атын ерекше атағаным ұнамай қалды ма? Əлде уақыттың тығыздығы ма?- деп ойладым да, қағаз бетіне жазып əкелген жарыс сөзімді былай алып қойып бірінші хатшының қалауы бойынша:

 -Енді омарта шаруашылығының экономикалық тиімдігіне келсек- деп сөзімді ары қарай қағазға қарамастан сабақтай жөнелдім.

- Егер көктем айында 80 сауын сиырды сатып алсаңыздар, соның құнын күздің күні толығымен қайтарып алар ма едіңіздер?-деп назарымды залға аударып, жауап күттім. Залда үн жоқ.

 – Əлбетте, сатып алу шығынын қайтарып ала алмайсыздар. Ал, көктем айында 80 жанұя бал араларын сатып алсаңыздар бал жинау маусымының аяғында, яғни күз айларының соңында сатып алу шығынын толығымен қайтарып аласыздар. Мысалы: Шиелі қыстағында тұратын, РУ-6 мекемесінде электр дəнекерлеуші болып істейтін 42 жастағы азамат Шмид Александр, сол мекемеде есепші боп істейтін əйелі Галина Петровна екеуі 80 жанұя бал арасынан өткен жылы 4-тонна бал жинады. Бұл бірінші тиімді экономиялық көрсеткіш.

 80 сиырды бағуға қаншама шығын шығатынын есептеп көріңіздер. Оларды жайылымға жіберіп бағуға, қысқа мал азығы үшін

шөп дайындауға, жем сатып алуға, қыстаққа қора соғуға, қыстың күні күтіміне, шөп салуға, суғаруға, сиырлардың астын тазалауға, бұзауын өлтіріп алмай қадағалап қарап тұруға, сиырларды саууға, тағысын тағы жұмыстарға қаншама адам қолы, техника түрлері жəне қаражат керек? Ал 80 балара жанұясын екі адам ғана негізгі жұмыстарынан босаған соң бағып-қағып, 4 тонна бал өнімін алып отыр. Оларға қора соқпайды, тек «Камаз» автокөлігінің ескі прицепін ұзартып 80 ара жанұясын соның үстіне орналастырып, бір жерден екінші гүлдердің көп жеріне өздерінің кішкентай тракторына тіркеп алып жүреді. Бұл екінші экономикалық тиімділік көрсеткіш.

 Үшінші, экономикалық тиімділігі, бал араларын бал жинау кезеңінде ғана бағып қарайды. Бал жинау кезеңі наурыз айы мен қазан айының аралығы. Одан кейін бал араларын қыстаққа қомдап қояды. Омарташы қазан айынан наурыз айының аралығында дем алады, сиыршылар сияқты жыл бойы малдың соңында жүрмейді. Мен сиыр сатып алып, оны бақпаңыздар дегеннен аулақпын, тек омарта шаруашылығының əкономикалық тиімділігін естеріңізге салып тұрмын.

 Төртінші, экономикалық тиімділік көрсеткіші – бал аралары егілген барлық ауылшаруашылық дақылдарының, жеміс жидек, көкөніс өсімдіктерінің гүлдеріне қонып, тозаңдандыру арқылы көп өнім беруге бірден бір көмегін тигізеді.

 Бесінші, экономикалық тиімділігі – бал аралары тек бал өнімін ғана беріп қоймай басқа да адам ағзасына пайдалы, денсаулыққа өте қажет таптырмайтын; прополис (ара желімі), перга (ара наны), маточное молочко (аналық сүтшесі), пчелиинный яд (ара уы), балауыз (воск) деген өнімдерді беретіндігін егжей-тегжейлі дəлелдермен келтірдім.

 Жарыс сөзге берілген уақыттың бітуіне байланысты президиум столында отығандарға қарап едім, Ауелбеков тағы не айтарың бар деген соң, сөзімді көп созбай, облыс көлемі бойынша омарташылардың көпшілігі егде тартқан, жастары 70-тен асып 80-нің үстіндегі адамдар екені, келешекте жастарды омарташылық кəсіпке тартуымыз керек екенін тілге тиек еттім. Ол үшін облыс, аудан орталықтарында омарташылар даярлайтын қысқа мерзімді ақылы оқу орнын ашып, соған колхоз, совхоздардан жастарды ақылы оқуға жіберіп кадрлар дайындау керек деген пікірімді айтып, сөзімді аяқтадым.

 Залдан: «біз омарташы оқуына совхоздың есебінен оқу құнын төлеп адамдар жіберсек, бал араларын, омартаға керек құралдарды қайдан алуымыз керек» деген сауал қойылды.

 Ол үшін алдын ала қанша балара жанұясын жəне құрал- саймандарды алуға облыстық омарташылар қоғамына жазбаша түрде тапсырыс беріп, сатып алу бағасын анықтап, келісімшартқа отырып, ақшасын банк арқылы аударып, қоғамның дүкенінен алатындарын айтып жауап бердім.

 Мені мінбеден түсірмей Əуелбеков залда отырған облыстық білім беру басқармасының бастығын орнынан тұрғызды да,

«Қызылорда қалалық оқу-өндірістік комбинатының ғимаратынан керегінше бөлмелерді оқу құралдарымен жабдықтап Жұмағалиев жолдасқа бөліп беріңіз» деп тапсырма берді де, маған қарап омарташылар курсын ашу сізге тапсырылады дей келіп, аудан басшылары мен ауылшаруашылық басшыларына ақылы курсқа оқуға, омарташы кадрларды дайындауға адам жібересіздер. Бұл істің аяқсыз қалмауын обкомның ауылшаруашылық бөлімі қадағалайды» деп сөзін тұжырымдады.

  • «Басқа пəле тілден»

 Арасында не бəрі бір жұма өтпей-ақ Қызылорда қалаcының мектептерінің оқушыларына арналған өндірістік тəжірибе оқу комбинатының жаңа сəулетте салынған ғимаратынан екі бөлме қысқа мерзімді ақылы омарташы дайындайтын оқу орнына бөлініп берілді. Ол бөлмелердің іштері омарта шарушылығына керекті құрал- саймандармен, бал араларының суреттері салынған стендылармен жабдықталды.

 Шынын айту керек, обкомның бірінші хатшысы Е.Н.Əуелбеков жұмысына іскер, басқалардан да іскерлікті талап ететін адам еді. Берген тапсырмасының уақытын белгілеп, создырмай орындататын.

 Əуелбековтің тапсырмасы бойынша Ыбраев пен Қарақожаевтың тікелей көмегімен омарташылар қоғамының кеңсесіне Жаңақорған, Тереңөзек, Жалағаш, Кармақшы аудандарының колхоз бен совхоздарының өкілдері келіп, омарташылыққа адамдарды оқытуға келісім-шарт жасасып, оқу құнын банкдегі біздің есеп шотымызға аударып жатты.

 Аталған аудандардан омарта курсына 16 адам тіркеліп, келетін болды. Оқу кластары дайын, енді оларға сабақ беруге мұғалімдер

іздестіре бастадым. Қызылорда педагогикалық институтының биология факультеті мен қаланың солтүстік шетіндегі «Комсомол» кеңшарында орналасқан совхоз техникумынан омарта туралы сабақ беруге еңбек ақысын төлейміз десек те, маман мұғалімдерді таба алмадым. Кейбіреулері келісімін берсе де, олардың омарта туралы түсінігі болмай, бал араларының тыныс-тіршіліктері былай тұрсын, тіпті бір балара жанұясында неше ара түрі болатындығын да білмейтін болып шықты. Бұл күн тəртібіндегі үлкен проблема болды.

 «Нем бар еді газеттерге омарта туралы мақала жазып. Ол, ол ма? Жиналыста сөйлегенімде «омарташылардың көпшілігі егде тартқан адамдар, қысқа мерзімді курс ашып жастарды омарта мамандығын алуға оқыту керек дегенімеді айтсаңшы, біреу тілімнен тартқандай» деген ойларда құтымды қашырып, мазамды алатын болы.

 16 шаруашылық омарташылар курсына жіберетін адамдар мұғалім табылмағандықтан қайтарылып жіберілсе, обкомның бірінші хатшысының тікелей тапсырмасы мен ауылшаруашылық актив жиналысының қаулысын орындамадың деп бюро мəжілісінде менің партиялық мəселем кезектен тыс қаралуы, ұстараның жүзінде тұрғандай еді. Қазір, кітаптың осы жолдарын жазып отырғанымда күлкілі оқиға сияқты болғандығымен, сол кезде күндіз бойыма тамақ сіңбей, түнде ұйқым қашып, ұйықтай алмайтын жағдайға ұшырадым. Себебі ол кезде партия қатарынан шығарылсаң, құның көк тиынға да тұрмайды, абыройдан жұрдай болып қаласың.

  • «Шашы қысқа, ақылы ұзын» əйелдердің көмегі.

 Түскі үзілісте үйге келгенімде жұбайым Сара маған қарап «түрің қашып, мазаң болмай тұрған сияқты ғой, бір жерің ауырып тұрған жоқ па» -деп сұрады.

 -Өзіңе айтып едім ғой, Əуелбеков омарташылар дайындайтын курс ашуды маған тапсырды, бүкіл жиналыста отырған халықтың көзінше. Ол тапсырма, жиналыс қаулысына жазылып бекітілді. Оқу бөлмелері бөлініп, керекті құралдармен жабдықталды. Совхоз, колхоздардан 16 адам ақшасын төлеп оқуға келейін деп жатыр. Соларды оқытуға омарта туралы сабақ беретін маман-мұғалімдерді табу қиындыққа соғып басым қатып жүр. Өзіме де обал жоқ, сау басыма сақина тілеп алдым.

 -Мұғалім іздеп неге əуреленесің. Екі жылғы жазған конспектілерің жатыр ғой əне том-том болып. Соларды жəне екі

жылдық омарташылық іс-тəжірибеңді пайдаланып курсанттарға сабақты өзің неге бермейсің? Омарта туралы əңгімеңді айтқаныңда аузымызды ашып қаламыз ғой. Мұғалім іздеп əуреленіп басыңды ауыртудың қажеті жоқ» деген ақылын айтты Сара.

 «Заманына қарай адамы» дегендей «əйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деген мəтелдің орнына «əйелдің шашы қысқа, ақылы ұзын» деген заманның келгенін байқамаппын-ау. Сəкен Сарбасов омарташылар қоғамының төрағалығына кандидатура таба алмай жұмыстан шығып қалам ба деп басы қатып жүргенде, мені тауып берген соның əйелі емес пе? Омарташыларды оқытуға маман мұғалімдерді басым қатып іздеп жүргенімде тығырықтан шығуға жол тауып беріп отырған əйелім Сара емес пе?

 «Ойпырмай бұны неге ойламағанмын» деген ой басыма сап ете түсіп күліп жібердім.

 -Неге күлесің? Сабақ беру қолымнан келмейді деп отырсың ба? Қанша іздесең де, күндіз шам алып іздесең де Қызылордадан сен омарта мамандығын меңгерген мұғалімді таба алмайсың» деген Сараның сөзі менің шабытыма дем бергені соншалық, ауылдан келген азаматтарды бір ай бойы өзім оқытып, көктем шыға бір ай менің омартамдағы бал араларын көздеріне көрсетіп, қолдарына ұстатып тəжірибе алдыруға бел байладым.

 -Жоқ, менің күлгенім басқадай,-дедім де, Сəкен Сарбасов екеуміздің тығырыққа тірелген мəселерімізді əйелдеріміздің шешіп бергеніне риза болып күлгенімнің сырын айтып бердім.

 -«Əйеліңді тыңда, бірақ оның айтқанын істеме» деген орыстың мақалын жиі айтатын едің, енді оның ескіріп қалғанын түсінген шығарсың,-деп күліп Сара мені түскі ас мəзіріне шақырды.

 Содан бастап оқу бағдарламасын, күнделікті оқу кестесін жасап, сабақ беруге кірісіп кеттім. Сабақ беру де маған оңайға түскен жоқ.

 Жұмыс соңынан үйге келісімен бір-екі сағат тынығып алып, түнгі сағат екі-үшке дейін конспектілерімді ақтарып, орыс тіліндегі омарта туралы оқулық кітаптардан керекті жерлерін қазақ тіліне аударумен қатар ара бағу туралы іс тəжірибемді қолдана отырып, келесі күнгі беретін сабақ тақырыбы бойынша оқушыларымның білім деңгейі мен ой өрістерінің қабылдау қаблеттілігіне сəйкес қазақ тілінде омарта туралы сабақ жүргізуге дайындалу əдетіме айналды. Қысқасы, 1992 жылы ақпан айының 15-нен наурыз айының 15-не

дейінаудандарданкелген16адамғақазақтіліндеомарта шаруашылығы туралы теориядан сабақ бердім.

№ 1 сурет. Менің омарта туралы сабақ беріп тұрғаным бейнеленген.

 15 наурыздан 15 сəуірге дейін бір ай бойы практикалық сабақ жүргізуге облыстық Омарташылар қоғамында көрсететін арнайы бал аралары болмағандықтан өзімнің омартамдағыүшүйшікте орналасқан: бірінші үйшікте əлсіз- нашарлау, екінші үйшікте орташа, үшінші үйшікте күшті бал ара

жанұяларының тыныс тіршілігін, оларды күту, өсіру процесстерін көздеріне көрсетіп, қолдарына ұстатып тəжірибе есебінде келешекте омарташылық жұмыстарында қолдануға үйреттім.

2 сурет Курсант пысықтау сабағында.

 Менің бұл əрекетімді ұстаздарым Михаил Степаныч пен Алексей Ивановичтер жақтамады. Олар Қоғамның қаржысына балара жанұяларын сатып алып соларды оқушыларға көрсет. Өзіңнің көрсетіп жүрген ара жанұяларыңа оқушыларыңның біреуі қызығушылықпен, екіншісі таңқалушылықпен,үшіншісі қызғанушылықпен, тағы бірі көреалмаушылықпен қарап көз

тигізеді. Сенің үш бал ара жанұяңнан еш нəрсе қалмайды, олар келешекте өнім бермейді, көз тиіп құриды деген ақылдарын айтты. Бірақ, Қоғамда қаржының жетіспеушілігінен практикалық жұмыс жүргізуге бал араларын сатып алуға мүмкіншілік болмады. Келісімшартта ондайға қаражат көрсетілмегендіктен Степаныч пен дядя Лешаның айтқандарына құлақ ассамда, кейін шегіну кеш болғандықтан Е.Əуелбековке берген уəдемді орындауға өз омартамнан үш балара жанұясын бөліп амалсыз практикалық тəжірибе жұмыстарын солай жасауға тура келді.

Шындығында адамдарға көз тиетін сияқты, практикалық сабақ біткеннен кейін менің көрсетуге бөлген үш балараларына да көз тигенін байқадым. Сол үш жанұяға қанша айла-тəсіл қолдансам да өсіріп, өнім ала алмадым. Олар түрлі жағдайларға ұшырай бастады. Аналық аралары жоғалып кетіп, кейбіреулерінікі өліп қала берді. Əр түрлі ауруға шалдығып, ақыры құрып бітті.

 Тағы бір айта кететінім, омарташылар өздерінің бал араларын бағу, күту, олардың өнімдерін алу тəжірибелерін өте құпиялықта сақтайды. Бір нəрсе сұрай қалсаң шынын айтпайды. Онымен қоса үйшіктегі балара жанұяларының тыныс-тіршілігін ешкімге көрсетпейді. Егер үйшіктерін ашып қарап жатқан кезде үстінен түсе қалсаң, үйшіктің қақпағын жаба қояды. Бұл омарташыларды жамандағаным емес, ежелден «киіз кітапқа» жазылған, бірақ оны оқи алмайтын тылсым дүние. Сондай қағиданы ұстамағандығымнан,

«ашықауыздығымнан» үш бал ара жанұясынан айрылып қалғанымды оқырмандарым кітаптың осы жолдарын оқығанда сезген болар.

 № 3 сурет. Қызылордадағы қысқа мерзімді омарташылар курсын бітірушілердің фотосуреттері

 Екі айлық оқу аяқталған соң 16 оқушыларымызға «қысқа мерзімді омарташылар даярлайтын оқу орнын бітірді, омарташы деген мамандығына ие болды» деген баспаханада басылып шыққан арнайы куəлік толтырылып облыстық омарташылар Қоғамының мөрі басылып қолдарына берілді.

 Көктемде облыстың 10-нан аса колхоздары мен совхоздары облыстық ерікті омарташылар Қоғамымен келісім шартқа отырып 10- 15-тен балара жанұяларын керекті құрал саймандарын сатып алды.

 Жазғы уақыттарда колхоз, совхоздардың басшылары арнайы шақырып сатып алған балараларының өсіп-өну барысы туралы кеңес беруді өтінгендері де болды. Бал шайқау науқаны кезінде көмек беруді сұрағаны бойынша арнайы жіберген автокөлігіне бал шайқайтын құралымды (медагонканы) ала барып көмектескен кездерім есімнен кетпейді. Сондай іс сапарыммен барған кезде неше түрлі қызықты оқиғалар кездесті. Олар жеке əңгіме желісі болып келешекте ақпарат құралдарының беттерінде жарық көруі мүмкін.

  • Арал ауданында ашылған қысқа

мерзімді омарташылар дайындайтын оқу орны.

 Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Биғали Каюпов Арал ауданына сондай қызметке ауысып барысымен тек мал шаруашылығымен айналысатын аудан халқының назарын егін жəне омарта шаруашылығымен айналысуға бетбұрыс жасап, аудан экономикасына көптеген жаңалықтар енгізді. Биғали Каюпов көп сөзі жоқ, бір тоға, шаруашылық басшыларына берген тапсырмасын екі айтқызбай орындататын шебер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, іскерлігі басым, жаңалыққа жаны құмар сол кездегі аудан басшыларының бірі болатын.

 1993 жылдың ақпан айында Каюпов Биғали республика мен облыстағы егін егу туралы ауылшаруашылық ғалымдары мен мамандарын арнайы Арал ауданына шақырып, солардың тікелей қатысуымен іс-тəжірибелерін ортаға салу мақсатында аудан шаруашылығының кеңейтілген актив жиналысын өткізді. Сол жиналысқа мені де шақырып Арал қаласындағы СПТУ-дың жанынан омарташылар даярлайтын қысқа мерзімді курсын ашуды ұйымдастырып, Арал, Қазалы аудандарының шаруашылықтарынан 23 адамды омарташылар мамандығын алуға тартты.

 Омартаға берілгенім соншалық Б.Каюповтың сұрауы бойынша қақаған ақпан мен наурыз айларының суығына қарамастан Арал қаласында екі ай бойы СПТУ-дың мұғалімі ретінде келісімшартқа отырып омартадан сабақ бердім.

 № 4 сурет. Арал қаласындағы СПТУ-дың жанынан ашылған омарташы мамандығын дайындайтын қысқа мерзімді курсты бітірген азаматтардың

фотосуретері.

 «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың» демекші Қызылорда қаласында омарташылар курсына сабақ бергендегі тəжірибем, конспектілерім мен қол жазбаларым, көрсеткіш құралдарым, бал арасы туралы плакаттардың барлығы оқу сабағын жүргізуге көмегін тигізді. Бұл жолы сабақ беру онша қиынға соқпады.

 «Аузы күйген үріп ішеді» демекші, Арал қаласында СПТУ-дың қаржысына балара жанұяларын сатып алғызып, солардың ішінен үш жанұясын көрсетіп сəуір-мамыр айларында практикалық сабақ жүргіздім.

 1993 жылың күзінде Арал қаласында болатын облыстық семинар-кеңеске облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Сейілбек Шауқаманов бастаған облыс мекемелерінің басшылары

келді. Семинарға мен де шақырылған едім. Облыс басшылары СПТУ- ға келген кезде аулада 15 үйшіктен ұшып шығып жатқан бал араларын көріп Сейілбек Шаухамановтың «мыналар қайдан пайда болған» деген сұрағына аудан əкімі Биғали Каюпов мені көрсетіп, шаруашылықтардан омарташы мамандығын алуға курс ашып оқытқанымды айтты.

 -Өмірі Арал ауданында баларасын ұстамаған еді. Аралға бал жегізгеніңіз үшін рахмет,-деп Сейілбек қолын ұсынды. Бұл менің омарта шаруашылығын өркендетуге аз да болса қосқан еңбегімнің хошаметі екені өмірімнің бір эпизоты ретінде мəңгі есімде сақталып қалды.

ІІ БӨЛІМ

«ОМАРТА ƏЛІППЕСІ»

 Омарта кəсібімен айналысамын деген талапкерлер табылып жатса соларға көмек ретінде омарташылар курсында берген дəрістерімнің керекті жерлерінен қысқартып, тақырыптарға бөліп, үзінділер бергенді жөн санадым.

  • «Омарта əліппесі» деген сөздің шығу тарихы.

 Ежелден мал баққан, суармалы жерге күріш еккен Қызылорда облысының шаруашылықтарына 1992 жылы бал арасын бағу туралы сол кездегі облыс басшысы Е.Н. Əуелбековтің тікелей тапсырмасымен омарта туралы халықтың сауатын ашу үшін қысқа мерзімді оқу орнын ашу маған тапсырылғаны жəне оқуға келгендерге дəріс беруге маман мұғалімдер табылмай, амалдың жоқтығынан сабақты өзім бергенім жоғарыда жазылды. Шындығын айту керек, омарта туралы дəріс беру алғашқы кезде маған өте қиынға соқты. Оның басты себептері төмендегідей еді;

  • Оқуға келгендердің жас шамалары бірдей емес 25-55-тер аралығында.
  • Олардың білім деңгейлері бір келкі емес, орта, жоғарғы оқу орындарын бітіргендерінің арасында, бастауыш мектепті тамамдағандары да болды. Соған байланысты олардың сабақты бірден игеру қаблеттілігінің айырмашылығы қиыншылық тудырды.
  • Кəсіби мамандықтары да əр түрлі: мұғалім, механизатор, күріш, жүгері еккендер, мал баққандар, тағысын тағылар, бір сөзбен айтқанда «ала-құла».
  • Омарта кəсібін қайтсем де игеріп, бал арасын бағып, олардың шығаратын өнімдерін аламын деген оқуға құлшынып, жігерін салып ынталанғандардың қатарында, ішінара шаруашылық мекемелерінің басшылары обкомпартияның бірінші хатшысының назарына ілігіп қалу үшін «осы оқуға қайтсең де барасың» деумен келген, оқуға онша қызығушылық таныта қоймайтындары да болды.
  • Оқуға келгендердің ішінде қолдарында жазатын дəптерлерімен қаламдары болмағандары да баршылық еді.
  • 3-ші,4-ші сабақтарда оқып тұрған лекцияңды тыңдамай маужырап ұйқыға кетіп қорылдап, түсінен шошып, айқайлайтындар да ішінара кездесті.
  • Олардың арасында сабаққа кешігіп келгендері былай тұрсын, тіпті сыртқы киімдері мен бас киімдерін шешпей партаға жантайып отыра салып, аузындағы насыбайын былш еткізіп кластың еденіне түкіріп тастайтындары да болды.

 Ең басты қиыншылық сол кезде қазақ тілінде омарта туралы сабақ беруге арналған оқулық кітап, болмаса кітапша (брошура) жоғы былай тұрсын, дəріс беру əдістемесінен де хабарсыз едім. Омарта туралы керекті құралдар мен саймандардың, аралардың тыныс- тіршіліктерін сипаттайтын атауларын орыс тілінен қазақ тіліне ыңғайлап мағынасын жоғалтпай аудару, сабақ беру тақырыптарын мазмұнына сəйкестендіру сияқты көптеген т.т. ізденістерді басымнан өткіздім. Бір сөзбен айтқанда дəріс беріп оқушыларымның омартаға деген сауатын ашу маған оңайға соқпады. Барлығын тыңнан бастауға тура келді.

 Мысалы, орысша жазылған оқулық кітаптарда омарта туралы бірінші тақырып «Бал арасының биологиясынан» басталады. Мен сабақты бірден сол тақырыптан бастасам жоғарыда айтылған «ала- құла» оқушыларым, мені түсінбей жалығып кетуі мүмкін деп ойлап оқулық бағдарламасын жасағанымда төте жолмен, «суын» төгіп,

«дəнін» беруге тырыстым. Яғни, сабақ беру тақырыптарын оқушыларымның тез түсініп, мазмұнын тез қабылдау ырқына көндіріп келтірдім.

 Бастапқы екі күндей берген дəрісім оқушыларыма ұнады ма, ұнамады ма білмеймін, өзіме ұнамады. Менің оқып тұраған лекциямды тыңдап, оны миларына құйып отырған бір оқушы жоқ сияқты болып көрінді маған.

Осының бəрі менің жүйкеме тигені соншалық, өзіме өзім кейіп

«осы бəлені, өз басыма өзім сұрап алғаным-ай» деген өкініш тұншықтыра бастады. Бұдан қалай шығудың жолын іздеумен болдым.

 Сабақты лекция оқумен емес, бірінші класқа барған балаға əр дыбысты ежіктеп үйрету əдісін қолданып Əліппені оқытқандай омарта туралы сабақты да солай жүргізу керек деп ойладым.

«Əліппе» деген атау сөздің пайда болуы Араб əліпбиінің «алиф»

жəне «би» деген екі əрпінен құралып-«сауат ашу оқулығы» деген

мағананы беретіні есіме түсіп, неге мен омарта туралы оқушыларымның сауатын ашу үшін беретін сабағымды «омарта əліппесі» деп атап, бал араларының тыныс-тіршілігін оқушыларыма лекция оқумен емес, ежіктеп қарапайым қазақи төте сөзбен түсіндірмеймін деген шешімге келдім

 «Əліппенің» тарихына үңілсек, оны алғашқы кезде бір жыл бойы оқыған. Содан кейін жаңалықтар енгізіп 6 ай мерзімде игеретін болған. Ал, табан астында ашылған омарта оқулық курсының мерзімі

2 ай. Оның бір айы теориялық сабағы, екінші айы практикалық- тəжірибе жұмысы. Соған байланысты орысша оқулық кітаптарының əдістемелерінен ауытқып, төте жолмен əр жаңа сабақ тақырыптарын бұрын өткен сабақ тақырыптарымен үзбей жалғастыра қайталай отырып, оқушыларымның омарта бағудағы əдіс-тəсілдерін игеруге сауаттарын ашуға тырыстым.

Жаңадан беретін дəрістің тақырып атауының алдына рет санын

қосып, оқушыларымның дəптеріне жаздырып отырдым.

 Мысалы,«10. Бал ара жанұясының құрамы»-деген тақырыптың алдында «10»-деген сан қойылған. Ол осы тақырыптың рет саны.» Жаңа берілетін сабақ тақырыбына байланысты өткен осы тақырыпты қайталап еске түсіру керек болған кезде, тақырыптың атын жазып жатпай (10-т.) деп жақша ішінде рет санына сілтеме беріледі. Соған байланысты жаңа сабақ тақырыбын бұрынғы өткен рет саны 10-ші тақырыптың мазмұнымен жалғастырып оқу арқылы толық түсіну əдісін ойлап таптым. Ол өз нəтижесін берді.

 (Осы кітабымның кейбір жерлерінде осындай сілтеме-əдісі қолданылады.)

 Онымен қоса, институтта оқыған кезімде бізге сабақ берген Б.Бельсон деген мұғалімімнің сабақ беру əдісі есіме түсті. Ол бізге лекцияны жатқа оқитын еді. Басында сахнадағы мінбеде тұрып оқып жүрді. Сол кезде залдағы студенттер күбір-күбір, сыбыр-сыбыр етіп тыныш отырмайтын еді. Кейіннен сахнадағы мінбеден түсіп залды аралап жүріп оқитынды шығарды. Байқаусызда бір студент сыбырлай қалса соның жанына барып лекция оқуын тоқтатып, сол студентке қарап тұратын. Содан кейін залда күбір-сыбыр тоқтап шыбынның ызыңы ғана естілетін. Сол əдісті мен де қолданбақшы болдым.

***

 Сабақ басталғаннан 3-ші күні жиналыс ашып, оқушыларыма омарта туралы сабақты қайтадан бастайтынымды хабарладым. «Не себепті (??!!)» деген оқушыларымның дауыстары əр жерден шығып жатты.

 -Менің оқыған лекциямды бірің қабылдасаңдар, бірің қабылдамай отырсыңдар. Оған себеп біріншіден, барлықтарыңның білім деңгейлерің бірдей емес. Екіншіден, бал арасын кішкене жəндік-шыбын-шіркей есебінде қабылдап, оларды «төрт түліктің» қатарына қосқыларыңыз келмейтіні байқалады. Сол ұғымнан айрыла алмай сабаққа ықылас қойып тыңдаудың орнына немқұрайлық танытып, сырт кимдеріңіз бен бас киімдеріңізді де шешпей партаға жантая кетіп, қалғып ұйықтап отыратындарың да іштеріңде баршылық. Үшіншіден, берген дəрістің керекті жерлерін жазып отырытын кейбіреулеріңізде қалам мен дəптер де жоқ. Сондықтан ертеңнен бастап бал арасы туралы лекция оқылмайды. Бірінші класқа барған баланың «əліппені» қалай бастап оқығанындай етіп ежіктеп оқытамын. Енді омарта теориясын лекция оқу арқылы емес, əңгіме ретінде жүргіземін,-дедім де, курсқа келген оқушыларымның дəптерлерінің бірінші бетіне «ОМАРТА ƏЛІППЕСІ» деп жаздырдым да, жоғарыдағы көрсетілген оқу əдістерін қолданып бал арасын бағу, өсіру, олардың шығаратын өнімдерін қалай жинау туралы «Омарта Əліппесін» оқуды бастап кеттік.

 Жиналыс барысында оқушыларымның ішінен іс қимылы ширақ, сауатты, тəртіпті біреуін староста етіп сайлап, қолына сабаққа қатынасу журналын беріп, кластың ішкі тəртібін соған жүктедім.

 Бұрынғыдай емес оқу тақырыбын түсіндіру əңгіме-лекциямды оқушыларымды қатынастыра отырып, қарама-қарсы қойылған 8 партаның ортасында жүріп оқитын болдым. Бұрынғы мұғалімім Б.Бельсонның сабақ беру методика-əдісін қолданғаным өзінің дұрыс нəтижесін бере бастады. Оқушыларымның кейбіреулерінің түрінен сабаққа көңіл бөлмей отырғанын байқап қалсам, соның жанына келіп,

«менің не айтқанымды қайталап жіберіңізші» деуді шығардым. Ол жалтақтап жауап бере алмаса, сабақ тақырыбының мазмұнын қайталап түсіндіруге тырыстым. Міне, осыны көріп отырған басқа оқушыларым да сабаққа зейін қоя бастады. Сабақты түсіндіру барысында тақырып мазмұнының керекті жерлерін дəптерлеріне

жаздарып отырдым. Бұл əдіс сабақты тереңірек түсіндіру мақсатында жəне «ұйқыашар» есебінде қолданылды. Жаңа тақырыпты əңгіме ретінде түсіндіру кезінің арасында, қысқа күлдіргі əңгімелерді қоса айтып оқушыларымың шаршағандарын басу əдістерін де қолданып отырдым. Ауылда өскен оқушыларымның ішінде не бір керемет анекдотқа бергісіз «сөздің майын тамызатын» қалжыңға шешен жігіттердің қызықты бастарынан өткен күлдіргі əңгімелерін де реті келгенде тыңдап бой жаздырып, сертігіп алатын болдым. Осындай тəсілдің арқасында баяғы ұйықтап кетіп «қорылдаудан», сырт киіммен партаға жантайып жатудан, насыбайды еденге түкіріп тастаудан айрыла бастадық.

 Күнделікті берген сабақтың соңынан тақырып бойынша пысықтау сұрақтарын дəптерлеріне жаздырып, соны үй тапсырмасы ретінде беріп отырдым. Келесі күнгі сабақтың бірінші сағатын сол сұрақтар бойынша олардың жауаптарын тыңдау арқылы қайталап пысықтау əдетке айналды. Сол пысықтау сабақ сағатында тыңдаушылардың арасында бірінікін бірі түзетіп, сабақ тақырыбын қызу талқыға салатын болды. Бұл əдіс оқушылардың сабаққа дайындалып келуге, жауапкершілігін аттырумен бірге өткен сабақтың мазмұнын толығымен игеруге көп көмегін тигізді.

 Омарта туралы кітап-журналдарды оқып түйсігіме түйгенімді бал арасын күту, өсіру, бал жинау, тағы да басқа бал арасының өнімдерін жинап алу кезіндегі жіберген қателігімді қалай түзеген тəжірибе жұмыстарымның əдіс-тəсілдерін үйретуге баса көңіл аудардым. Бал араларының құрамын, бір үйшіктегі аралар неше топқа (түрге) бөлінетінін, олардың тыныс-тіршілігін, атқаратын міндеттелген жұмыс түрлерін, күшті ара жанұясы етіп өсіру тəсілдерін оқушыларыма үйретуге баса көңілдерін аударып, беретін сабағымның негізгі желісі етіп жүргіздім.

 Бал аралары матриархаттық дəуір заңымен өмір сүретінін. Бір үйшікте қанша мың бал арасы болса, солар тек қана бір Аналық араға бағынатынын. Егер Аналық ара жазатайым өліп қалса, не жұмыртқа салуға жарамай қартайып қалған кезде, ұядағы аралар шуылдап, мазасызданып, өздерінен өздері үйшіктің ішіндегі жəне сыртындағы істейтін жұмыстарын жасамайтынын, жаңадан жас аналық араны шығаруға əрекет жасайтынын, сол сияқты аралар үйірілім құрып (рой) үйшікті тастап ауып-ұшып кететінін күнделікті сабақ беру барысында баса естеріне салып отырдым. Аналық араның жұмыртқа

салған күнінен бастап ара болып шыққанға дейінгі өсу жолдарын, үйшік ішінде, үйшіктің сыртында жұмысшы аралардың қандай жұмыс жасайтын түрлерін үйреттім. Аралар адамның көмегінсіз өздері балды қалай дайындап шығаратынын, сол дайындаған балдарын қалай шайқап алу жолдарын практикалық жұмыс жасау арқылы көздеріне көрсетіп, қолдарына ұстатып үйретуден жалықпадым. Сайып келгенде бал араларының өзім білетін тыныс- тіршіліктерін, қадыр-қасиеттерін, олардың шығарған бал, гүл тозаңы, ара наны, ара желімі, аналық сүтшесі, балауыз, ара уы сияқты өнімдерін қанша мөлшерде, қандай талғаммен адам пайдаланған жағдайда оның денсаулығына, жасының ұзақ болып өмір сүруіне əсерін тигізетіндерін оқушылардың құлағына құюға, түйсігіне түюге көп əрекет жасадым. Онымен қоса ара бағу, өсіру процессінде кездесетін қызықшылығы мен қиыншылығы болатынын ескеріп, қиыншылықтан қалай шығу жолдарын түсіндіріп, практикалық тəжірибе сабағында көздеріне көрсетуден жалықпадым. Омарташының ең жауы жалқаулық пен еріншектік. Бүгінгі жасалатын жұмысты ертеңге қалдырмауы омарташының басты міндеті екенін берген дəрістерімнің желісіне айналдыратын едім. Міне «ОМАРТА ƏЛІППЕСІ»-деген атаусөз өмірге осылай келген еді.

 Енді осы кітаптің келесі беттерінен оқырмандарға «ОМАРТА ƏЛІППЕСІН» оқуды ұсынамын.

    • Бал ара жанұясының құрамы

 Бұрын бал ара жанұясын бағып ұстамаған адамға оның құрамын неше топтан (түрінен) тұратынын бірден айыру қиынға соғады. Оны өзімнің басымнан өткізгендіктен жазып отырмын. Алғашқы кезде бір жанұяда неше түрлі аралар болатынын ажырата алмай жүрдім. Кітап журналдардан оқысам да, олардың түрлерін бұрын көрмегендіктен ажырату өте қиынға соқты. Маған Михаил Степанычтың көмегі көп тиді. Білмеген нəрсемді ұялмай білуге тырысатыным бала кезімнен əдетке айналған. Өмір бойы үйренуден жалыққан емеспін. Тілім шыға салысымен анау не? Мынау не?-деп тыным таппайтын өмірге құштарлығым менің сəби кезімнен түйсігімде, осы уақытқа дейін сақталған. Өзім білмегенді тыным таппай, ұялмай, сұрастыра жүріп білуге тырысамын. Сол əдетім бойынша түсіндіріңізші? Көрсетіп жіберіңізші?-деп сұрап ұстазым М.С.Гудименконканың есін шығаратын едім. Кейде Михаил Степаныч менің сұрақтарымнан

зығыр

болатын. Ақыры Степанычтың көрсеткені бар,

өзімнің

оқығаным, көңілге тоқығаным бар бал ара жанұясының мүшелерін

анық ажырата

алатын

жағдайға қол

жеткіздім жəне олардың əр

қайсысының

атқаратын өздеріне тəн іс-əрекеттері мен

жұмыс

жасайтын тыныс-тіршіліктерін толық меңгердім.

Омарта

əліппесін«аражанұясыныңқұрамы»

деген

тақырыппен бастағаным кітап оқырмандарының ішінде келешек бал арасын бағамын деген үміткерлер бола қалса, олардың бірінші əрекеті бал араларын сатып алу. Сол кезде ара жанұясының құрамын біліп, тексеріп алғаны дұрыс қой деген мақсатты ұстандым.

 Бал арасы жарғаққанаттылар, бунақденелілер санатына жататын ұжымдық тəсілмен жанұя құрып өмір сүретін жəндіктер. Бір үйшіктің ішінде қауымдастық заңымен бір ара жанұясы ғана болады.

Бал ара жанұясы үш

топтан,

яғни үш түрлі аралардан құралады.

Бірінші

- Аналық ара

(матка). Екінші-жұмысшы аралар (рабочие

пчелы). Үшіншісі-еркек аралар (трутень). Алдынғы екеуі ж л бойы

бірге жанұя құрып өмір сүрсе, соңғысы тек жазғы айларда ғана пайда болады да, қыста оларды үйшікте қалдырмай қуып шығады. (23-т.)

Осы үш

түрлі аралардың өсіп

өну процессі, тыныс тіршілігі,

жұмыс

істеу əдістері

бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан

жеке-жеке бөлініп өмір сүре жоқ.

алмайды. Себебі бірінің бірінсіз күні

    • Аналық ара туралы қысқаша түсініктеме

 Бал ара жанұясында аналық ара біреу-ақ болады жəне ол жанұя мүшелерінің Анасы болып саналады да, барлық аралардың қызметін

басқарып, бақылайды. Бал ара жанұясының барлық мүшелері;

жұмысшы аралар мен еркек аралар тек аналық араға ғана бағынады.

5 сурет

Демек, бал аралары

матриархаттық

дəуірдіңзаңымен

өмір

сүретіні

жоғарыда айтылды. Аналық арасыз

жанұя

мүшелері

өзбеттерінше

тұрақтыөмірсүреалмай,өсіп

өркендемейді.

Өйшіктегі

ара

сандары, олардың қарқынды жұмыс

жасауы, бал

жинау

мен басқа да

өнімдерді көп, сапалы өндіруі де

аналықараныңқабілеттілігіне

байланысты. Басқа араларға қарағанда аналық араның дене бітімі үлкендеу болады. (№ 5 суреттегі, сол жақтағы«А» əрпімен көрсетілген) Оның ұзындығы жылдың əр маусымының мезгілдеріне байланысты 20-дан 25 мм, салмағы жұмысшы араларының салмағынан есе ауыр, 200-ден 250 мг, дейін болады. (Н.Л.Буренин, Н.Г.Котова. Омарта туралы анықтама кітабы, Мəскеу, Агропромиздат 1984-ж. 5-бет).

    • Жұмысшы аралар туралы қысқаша түсініктеме

 Бал ара жанұясының негізін құрайтын аты айтып тұрғандай мыңдаған ұрғашы жұмысшы аралар.(№ 5 суреттегі, ортадағы «Б» əрпімен көрсетілген) Ұрғашы санатына жатқанымен олар ұрпақ өсіруге аналық арадай жұмыртқа сала алмайды. Себебі олардың еркек аралармен шағылысып ұрықтануға жыныстық мүшелері жетілмеген. Дегенмен ұрғашы болғандықтан аналық араның жұмыртқа салған күннен бастап, ара болып шыққанға дейін дернəсілдерді (жаңадан шығатын ұрпақтарын) күту, өсіру,тамақтандыру процестеріне аналық сезімі мен түйсігі жоғалмаған. Жаратылыстың құдіретімен ара үйшігінің ішіндегі жəне сыртындағы жұмыстардың барлығы соларға графикке бөлініп жүктелгендіктен, сол міндеттерін жұмысшы аралар мүлтіксіз орындайды.

 Жұмысшы аралардың ұзындығы 12-14 мм. Салмағы 90-115 мг, аралығында болғандықтан 10000-13000 аралығындағы аралар саны орта есеппен 1 кг. салмақты құрайды. (Н.Л.Буренин, Н.Г.Котова. Омарта туралы анықтама кітабы, Мəскеу, Агропромиздат, 1984-ж. 5-6-бет).

    • Еркек аралар туралы қысқаша түсініктеме

 Еркек аралар көктемнің аяқталып, бал араларының өсіп, көбейген кезінде аралар үйіріленіп (рой болып), үйшіктерін тастап ұшып-ауатын кезеңінің алдында пайда болатын ара жанұясының уақытша тұрғыны. (№ 5 суреттегі, оң жақтағы «В» əрпімен көрсетілген.)Ұзындығы 15-17 мм, салмағы 200-250 мг. Ұяшықтан жарып шыққан еркек араның жыныс мүшесі 8-14 тəулік арасында жетіліп жаңадан шыққан жас аналыққа ұрық беру қабілеті жетіледі. (Н.Л.Буренин, Н.Г.Котова. Омарта туралы анықтама кітəбі, Мəскеу к. Агропромиздат, 1984-ж. 6-бет)

    • Бал араларын қай кезде сатып алу қолайлы.

 Оқырмандардың ішінен омарта кəсібіне қызығыушылық танытқан азаматтар болса, жоғарыда көрсетілген ара жанұясының құрамы туралы қысқаша түсінік алғаннан кейін бал араларын қай кезде, қайдан, қалай сатып алу мəселесі туындауы мүмкін. Енді сол тақырыпты талдап көрейік.

 Омарта шаруашылығымен айналысамын деген, бұрын бал араларын бағып көрмеген (мен сияқты, бал араларын сатып алардан бұрын олардың түрлерін де білмеген) бірақ, бал арасын өз бетіммен бағып үйренемін деген талабы бар ерінбейтін, еңбекқор азамат бал араларын көктем айларында; Оңтүстік аймақтарда наурыз айынан бастап сəуір айының соңғы күндеріне дейін. Солтүстік облыстарда сəуір-мамыр айларында сатып алған ұтымды болады. Егер жақсы бал арапакетін, болмаса бал ара жанұясын сатып алсаңыз мамыр айындағы «майский мед»дейтін бірінші бал жинау науқанына ілігуге тырысып балды көп жинамасаңыз да, сатып алған араларыңызды күшті жанұя қатарына қосып өсіруге мүмкіндік аласыз.

 Оларды таныс омарташыдан, (маған көмектескен дядя Леша мен Михаил Степаныч сияқты) немесе облыстық, қалалық Омарташылар қоғамның дүкендерінен құрал-саймандарымен қоса сатып алуға болады.

 Жақын туыстарыңыз бен достарыңыз тарту етіп ара жанұясын, əлде арапакетін сыйлап беріп жатса (ондай жағдайлар жиі кездеседі. Еңбекқор түсінген адамға ол ат мінгізгенімен бірдей) ондайдан бас тарту үлкен қателік болады. Ол жаңа кəсіп, байлық көзін сыйлап жатыр деп түсіну керек.

 Ара жанұясын, арапакетін сатып алуға барғанда омартадан хабары бар таныс досыңызды, əлде туысыңызды ертіп ала бару ұтымды болады. Себебі олар ара жанұясы мен арапакетінің қандай жағдайда екенін, аналық арасының бары мен жоғын, ол ұрықтанған ба, ұрықтанбаған ба? Жұмыртқа салып жатыр ма? Қанша кəрездердің ұяшықтарында беті жабылған жəне беті ашық дернəсілдердің (жаңа өсіп жатқан ұрпақтардың) барын? Жұмысшы араларының сан жағынан шамамен қанша екенін, күштілік қабілеттілігін? Рамкаларда күтуші аралар мен дернəсілдердің тамақтарына жетерлік бал мен ара нанының бары мен жоғын? Аралар ауру түрлеріне шалдыққан ба, шалдықпаған ба? деген сияқты т.б. ара тіршіліктерінің жағдайын тексеріп алуға көмектеседі.

 Бал арасы тұқым қуалайды. Ғалымдардың айтуынша, дүние жүзінде 25-мыңға жуық ара түрі бар екен. Қазақстанда көп тараған жəне біздің аумаққа қолайлы балара түрлері:

 Ортаресейлік аралар:ірі, салмақты, түсі қара-сұр, өте долы, қысқа өте төзімді, аналық арасы тəулігіне 2000 жұмыртқаға дейін салады.

 Карпат тұқымды аралар: таза сұр реңді, ортаресейлік араларынан кіші, жуас, тыныштықты қалайды, қысқы мерзімге төзімділігі орташа, тəулігіне аналығы 1800-2000-дай жұмыртқа салады.

 Кавказ тұқымдас аралар:Карпат арасынан кішілеу, сұр түсті, қысқа төзімді, ашушаң мінезді, таулы жерлерге орналастырғанды жақсы көреді. Балды жақсы жинайды, тəулігіне 2000-нан аса жұмыртқа салады.

 Карника тұқымды аралар; бейбітсүйгіш, жуас, сен тимесең мен тимеймін деген қағиданы ұстайды. Балды көп жинайтындығымен көзге түседі, түсі сұр, көп үйірілім (рой) құрмайды, қысқа төзімді, тəулігіне 2000-дай жұмыртқа салады.

 Қиыр шығыстық аралар:түсі сұр, карпаттық арадан сəл үлкендеу, қысқа төзімділігі орташа, бейбітсүйгіш, тыныштықты жақсы көреді, тəулігіне 1800-ден аса ұрық (жұмыртқа) себеді.

 Бірінші рет бал араларын бағып өсіріп көрейін, пайда көзіне алғашқы жылдары қызықпай омарта ұстауды үйренейін деушілерге, жоғарыда көрсетілген ара түрлерінен таңдап 3-5 ара жанұясын, болмаса сол мөлшерде арапакетін сатып алған қолайлы. Бұрын ара бағумен айналыспаған адамға бесеуінен артығы бағып-қағуға, күтіп өсіруге айла тəсілдерін жете білмегендіктен қиынға соғады. Үшеуінен кемдігі, аздық қылады.

 Бір ара жанұясы10 рамкадан тұрады, оның 4-і балға толы, қалғандарында беті ашық, беттері жабық дернəсілдер (жаңадан шығатын жұмысшы ара ұрпақтары) болуы мен қатар жұмыртқа салып жүрген бір аналық ара мен үйшіктің ішінде күтуші жұмысшы аралар мен қоса, үйшіктің сыртында жұмыс істейтін жұмысшы аралардың болуы қажет. Ара жанұясын мүмкіншілігінше үйшігімен (ульясымен) қосып сатып алған абзал.

 Бір арапакетінің (пчелопакеттің) ішінде 4-6 рамка, оның 1-2 рамкасы балға толы болу керек те, қалғандарында дернəсілдер, жұмыртқа салып жүрген бір аналық ара жəне күтуші жұмысшы аралар болғаны жөн. Арапакетін салып тасымалдауға жасалған жəшік жұқа фанерден құралғандықтан көшіру кезінде дернəсілдерге, араларға суық тигізіп алу қаупынан сақтанғанды естен шығармаған абзал. Тасымал кезінде арапакетінің фанер жəшігін жылы қымтап жабу қажет.

 Сол 3 əлде 5 арапакетінен ара жанұясын құрап қыстан аман алып шығарса, олардан өнім алу келесі жылдардың еншісінде болғандықтан соған жұмыс жасауға тырысып талпыну керек. Ол үшін қажырлы еңбек, ерінбейтін күнделікті ізденіс, ара өсіру туралы кітаптар мен журналдарды оқып сондағы ара өсіру туралы көрсетілген айла тəсілдерді күнделікті іс тəжірибесіне пайдаланған адам ғана омарташы болып аралар беретін өнімдерді сапалы түрде алатынына кепіл бола алады.

 Сату-сатып алу туралы келісімшарт жасаған жөн болады. Онда ара түрлері, салмақтары, аналық араның қабілеттілігі, қаншама кəрезде дернəсілдер мен аралардың бары, неше рамкада балдың бары туралы жəне сатып алу құны, аралардың ауруға шалдықпағаны туралы т.т. көрсетіледі.

 Араларды сатып алардан бұрын ара бағамын деушілер ара үйшіктерін кепкен қалың ағаш тақтайдан жасауға арнайы тапсырыс беріп, сыртын əр түсті бояулармен сырлатып, (аралар ақ, көк, сары, жасыл түсті бояуларды жақсы ажыратады) əр үйшікке нөмір санын жазу қажет. Ол келешек күнделік жұмысты жоспарлау дəптеріне тіркеліп үйшіктердің ішіндегі аралардың өсіп-өну тіршіліктерін бақылап, сондағы кемшіліктерді жоюға жұмыс жасауды ескеріп отыруға көмегін тигізеді. Ара үйшігі (улья) аралардың тұрақты үйі болып саналады. Жаңа сапалы жасаған үйшіктер 10 жылға жарайды.

 Ара үйшіктерін омарта шаруашылығының құрал саймандарын сататын арнайы дүкендерінен, болмаса ара сататын фирмалар мен жеке омарташылардан да сатып алуға болады. Негізінде үйшіктер жылы, желорай (сквозняк) үріп тұратын тесік-саңлаулары болмағаны, сонымен қатар үйшіктің ішіндегі ауа айналымын жасап тұратын (винтеляция) жағы ескерілуі керек Аралар үйшіктердің ішінің таза, дымқыл емес құрғақ, түрлі жағымсыз иістер болмағанын қалайды.

6 сурет

 Сатып алатын ара жанұясын, арапакетін əкелмей тұрып сатып алған араларды үйшігімен қолайлы жерге орналастыру омарташының бірінші міндеті. Үйшіктің ара ұшатын есігін күншығысқа, əлде оңтүстікке қаратып қою керек. Ұшақ есігін желге қарсы қоюға болмайды.Омарта тұратын жер; № 6 суреттегідей кең алқапты, гүл өсімдіктеріне толы, қатты жел өті жоқ, тымық, күншуақты, үйшіктердің шығатын есіктерінің алдында ұшуға кедергі жасайтын құрылыстар, биік өскен шөптер мен өсімдіктер болмауы керек. Омарта тұрған жер жан жағынан қоршалғаны дұрыс, жайылымда жүрген малдар келіп сүйкеніп үйшіктерді құлатып кетпейтіндей, тағы басқа да қауіпті жағдайларға тап болмас үшін.

 Оқырманға ерекше бір ескертетін жағдай аралар үй жануарларының, оның ішінде əсіресе жылқы малының тер иісін өте жақтырмайды. Ара тарихында омарта маңында жайылып жүрген бір атты (жылқыны) аралар жабылып шағып өлтіріп тастағаны жазылған. Сондықтан мал қораларының əсіресе ат қораларының күншуақ жағына жел соқпайды, ықтасын деп омартаны орналастыру дұрыс болмайды.

Пысықтау сұрақтары;

  • Бал араларын қайдан сатып алуға болады?
  • Ара жанұясымен арапакетін қай мезгілде сатып алу қолайлы?
  • Ара жанұясы қанша рамкадан құралады? Оны қалай тексереді?
  • Арапакеті қанша рамкадан тұрады?
  • Ара үйшіктерін қай кезде сатып алу керек?
  • Ара жанұясы мен арапакетін сатып алардың алдында келешек омарташының бірінші жұмысы неден басталады?
  • Ара үйшіктерін қоятын жері қандай болу керек?
  • Сату жəне сатып алу келісімшартын жасау керек пе?
  • Ара үйшіктерін мал қора, ат қораларының жанына неге орналастыруға болмайды?

15.Сатып əкелінген арапакетіндегі араларды үйшікке салу əдістері.

 Ара жанұясын үйшігімен бірге сатып алып, оларды (№ 6) фотосуретте көсетілгендей дайындап қойған жерге орналастыру өте қиынға соқпайды. Ол омарташының іскерлігіне байланысты. Ал, арапакетін сатып алғаннан кейін оларды көбейтіп өсіру үшін алдын ала дайындап қойған үйшікке қалай салатындығын бұрын бал арасын бағып көрмеген адам білмеуі де мүмкін.

 Арапакетіндегі араларды əкелген қорабында көп ұстауға болмайды. Себебі пакеттегі аралар фанерадан жасалған қорапта (кішкене жəшікте) болғандықтан араларға суық тиіп қалуы мүмкін екені жоғарыда айтылды. Онымен қоса пакеттің ішіндегі аралардың өсіп көбейуіне кедергі болады. Сондықтан оларды тез арада үйшікке салу болашақ омарташының күттірмейтін алғашқы жұмыстарының бірі болып саналады.

 Бұл жұмысты жасау үшін таныс омарташыны шақырып соның көмегімен жасаған кезде жанында тұрып үйренген дұрыс. Егер талапкер бал арасымен айналысып жүрген адамды таба алмаса ол жұмысты төменде жазылған əдістерді қолданып өзі де жасай алады. Ол үшін; дайындаған үйшіктің жанына иық тірестіре арапакетінің қорабын есіктерін бір жаққа қаратып қояды. Ара пакетінің қақпағын бірден ашпай сол маңда ұшып айналып жүрген басқа аралардың бар жоғын біраз бақылау керек. Себебі гүл алымы болмаған, əлде аз болған жағдайда əкелген арапакетінің ішіндегі кəрездегі балдың иісін сезген жақын жердегі орналасқан омартадан алым іздеген

«ұрлықшы» аралар келуі мүмкін. Сол кезде қорапты ашсаңыз

«ұрлықшы» аралар қаптап жабылып арапакетіндегі рамкадағы балды талап алып кетуінен сақтану керек. Бұл бірінші алдын-ала сақтану əрекеті.

 Екінші, күн райы қандай екенінін ескерген жөн. Егер жаңбыр жауып, болмаса қатты жел соғып, əлде күн суытып бұлтты болған

жағдайда, күн райы жылынғанша араларды арапакетінен үйшікке салуды уақытша ұшатын есігін бір ара кіретіндей ашып қою керек,.

 Үшінші, араларды үйшікке салу күннің жаймашуақ жылы, желсіз, тынық күні түске жақын, болмаса түс ауа кезінде салған нəтижелі болады.

 Төртінші, арапакетіндегі араларды үйшікке салудың алдында омарташы тазалықты сақтау керек, Оның үстінен бензиннің, арақтың, əтірдің, тердің қоңыс иісі сасып тұрмауы тиіс. Үстіне ақ түсті киім кию керек. Неге киімінің ақ түсті болуы (16-т.) жазылған.

 Арапакетіндегі араларды үйшікке салудың əдістері төмендегідей;

  •  Дайындап койған үйшіктің ара ұшатын есігін жауып, қақпағын ашып, үйшікке əкелген арапакетінің қорабын иық тірестіре сол жақ қабырғасына қатарластырып қояды.
  •  Арапакетін салып алып келген қораптың үстінгі қақпағын ептеп, тарсылдатпай ашып, түтіндеткіш құралынан (дымарьдан) бықсыған түтін жібереді. Сол кезде аралар қораптың төменгі жағына кетеді.
  •  Одан ұшып шыққан аралар омарташының қолына, бетіне, ашық денесіне қонып жатса да, қолды сермеп оқыс қимыл жасап ашуландырып алмай, жыбырлатқанына төзіп, бір аз уақыт бақылаған кезде, аралардың мазасыздығы басылып қорабына қайта кіріп кетеді.
  •  Сол кезде қорабтың ішіндегі аналық ара жүрген рамканы тауып алып сондағы басқа да аралармен бірге аналық араны түсіріп, əлде өлтіріп, не ұшырып алмай дайындаған үйшіктің ішіне салады.
  •  Соның артынша тез қимылдап беті жабылған ұрпақтары- дернəсілдері бар рамканы араларымен бірге қосып, аналық ара бар рамканың жанына аралар жүретін 41,42 суреттегідей «көше» жасап қояды.
  •  Аналық ара бар рамканың екінші жағына беті ашық ұяшықтарында жұмыртқа салынған рамканы «көше» жасап орналастырады.
  •  Қалған рамкаларды да екі жақтарына аралар жүретіндей етіп рамкалардың арасындағы көшелердің көлемін сақтап қояды.
  •  Босаған қораптың ішінде қалған араларды үйшіктің ішінде орналастырылған рамкаларыдың үстіне қағып түсіреді.
  •  Қаққанда түспей қалған араларды қорабының беті ашық қалпында үйшіктің қатарына қояды. Оларда біраздан кейін иісін сезіп аналық ара бар үйшікке өздері кіреді.
  •  Салынған рамкаларды араларымен бір қабырғасына жақындатып, ұяны кішірейту мақсатында екінші жағына қосымша тақтайшамен (диафрагмамен) жауып жылылықты сақтау үшін оның сыртынан жастықтармен қымтап қояды.
  •  Аралар кіріп болғаннан кейін рамкалардың үстін дəкемен қымтап, жастықтармен тұмшалап, үйшіктің қақпағын жабады.
  •  Ең соңында үйшіктің арапакеті орналастырылған жағының ұшатын есігін бір ара кіріп шығатындай етіп кішірейтіп ашып қояды.
  •  Сол ұшатын есігінен аралар ұшып шығып үйшіктің тұрған жерінің маңайын аралап танысып қайта кіріп жатады.
  •  Омарташы үйшіктің маңайына сыздықтап ағып тұратын суат жасап қоюды ұмытпау керек.(52сурет)
  •  Ара үйшігін екі үш күн ашып қарамай, тек сырттан бақылау жасау керек. Егер аралар бір қалыпты үйшіктен ұшып шығып қайта кіріп жатса аралардың жұмыс істеп жатқанының нəтижелі болғандығын білдіреді.

 Осы əдіс ара жанұясын көбейту үшін бір ара жанұясын екіге бөлген кезде, ара үйірілімін (ройды) ұстап алып үйшікке салу кезінде де, нүкілеуіске араларды салған кезде де қолданылады. Ол туралы алда қосымша толығырақ жазылады.

 Ескерту; Омарташы ара үйшігін тұрған жерінен қозғамауы керек. Егер басқа жерге апарып қойғысы келсе үйшікті күн сайын 10-15 см. жаңа қоятын жеріне қарай, ұшақ есігін сол қалпынан айырмай жылжытып отыру арқылы жүзеге асыра алады. Егер бұрынғы тұрған орнынан басқа қашықтау жерге бірден апарып қойса аралар үйшігін таба алмай, бұрынғы тұрған орнына барып қырылып қалады. Осыны естен шығармау керек.

Пысықтау сұрақтары;

  • 1.Арапакетіндегі араларды үйшікке салу əдісі бірінші неден басталады?
  • Алдымен үйшікке қандай аралары бар рамкалары салынады?
  • Бірінші салынған рамкадан кейін, қандай рамкалар салынады?
  • Аралардың үйшігінде жылылықты сақтау үшін не істеу қажет?
  • Үйшіктің ұшатын есігін қай кезде, қандай мөлшерде ашу керек?
  • Ара үйшігін бұрынғы орнынан басқа жерге апарып қоюдың əдісі қандай?
    • Аралардың тыныс-тіршілігін тексеру үшін үйшікті ашудың əдіс-тəсілдері.

 Осының алдындағы арапакетіндегі араларды үйшікке салу туралы тақырыпта, пакеттегі араларды үйшікке салған соң 2-3 күн аралығында үйшікті ашып қарамай, тек сырттан бақылау керек деген едік. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін үйшікті ашып аралардың не істеп жатқанын, олардың тыныс тіршілігімен танысып, омарташы жағынан қандай көмек керек екенін анықтау үшін үйшікті ашып қарауға тура келеді. Оның да əдіс-тəсілдері болады. Сол туралы өзімнің басымнан өткізген қателіктерімді, оларды қалай қалпына келтіргенімді, келешек ара өсіремін деген талапкерлердің де есінде болсын деген ойымды жазуды жөн көрдім.

 Мен сатып алған үш бал ара жанұяларын саяжайыма əкеліп қойғаннан кейін бір екі күн сол аралардың үйшіктерін айналып онша жақындамай осы «пəлелер» шағып алама деп күдіктеніп, сырттай бақылап жүрдім. Байқаймын аралар үйшіктің ұшатын есігінен бірі ұшып шығып, бірі қайта кіріп дамыл таппай жанталасуда. Бірақ, олардың тіршіліктерінен бейхабармын. Алғашында аралардың қалай жұмыс жасап жатқанын көру үшін үйшіктерін ашқан кездерімде аралар бірден денемді жабылып шаққанынан омартаны тастап қашып кеткен күлкілі жағдайларды да басымнан өткіздім. Шаққан жерлері күп болып ісіп кетіп жүрді. Мұрыным кішігірім ожаудың басындай, көзім іскендіктен жабылып табан жолды көруге əрең жарайтын сызықша саңлауға айналған кездерді басымнан өткізіп жүрдім. Менің бет аузымды көрген жұбайым мен балаларым басында аянышты хал білдірсе, артынан күлетінді шығарды. Жолдас-жораларымның ішінен–«Омарта сенің қолың емес, қойсаңшы» дегендер де болды. Сондай сөздерді естігенімде олармен іштей келіссем де, Михаил Степанычтың «қазақ бал арасын баға алмайды, жалқау», əкем Жұмағалидың «біздің тұқымымызда бастаған ісін орта жолда тастап кетпеген», жұбайым Сараның «сенің қолыңнан бəрі келетінін көріп жүрмін» деген сөздері есіме түсіп, намысымды қайрайтыны соншалық ынта жігерімді қайнатып омартадағы жұмысымды жалғастырумен қатар, көзіме қара көзілдірік киіп алып кітапханадан

шықпайтын болдым. Бұның бəрі менің бал арасымен жұмыс жасауды білмейтіндігімнен екенін кейіннен түсіндім.

 Ара үйшігінің қақпағын аша салысымен, рамкадағы кəрездердің бетін жайлап ашудың орнына бал ара желімімен (прополиспен) желімденген дəкені (холстикті) «дырылдатып» бірден жұлып алып өз беттерінше жайбарақат жұмыс жасап жатқан араларды

«ашуландырып», оларды мазасыздандырып денемді шағуына өзім себепкер болыппын.

 Омарта туралы кітаптар мен журналдарды ынта қойып оқу барысында ара тіршілігін тексеру үшін үйшікті ашу кезіндегі ережелері мен əдіс-тəсілдері бар екенін, оны қатаң сақтау керек екенін үйреніп, күнделікті жұмыс барысында пайдаланғанымның арқасында аралармен тіл табыса бастадым. Олардың шағуы да азая бастады. Оның үстіне араның шаққаннан кейінгі, денеге тарайтын уына да, имунитетте пайда бола бастады. Қазақша айтқанда денем үйреніп шаққан жерлері аздап іскенімен, соңынан тез тарқап кететін болды. Алғашқы кездегі «шағып алады-ау» деген қорқыныштан, тітіркену, сескену, қобалжу сияқты сезімдерден де айрыла бастадым. Сол жұмыс тəжірибемді омарташылар курсына оқуға келген курсанттарға да сабақ үстінде түсіндіріп қоймай, көздеріне көрсетіп қолдарына ұстатып практикалық тəжірибе жұмысын жүргізген кезімде үйретуден жалықпадым. Соны кітап оқырмандарына да айта кетсем артықшылығы болмас деген ойдамын.

 Менің басты қателігім «ешкі көрмеген уалап, қой көрмеген қуалап өлтіреді» дегендей, сатып алған үш үйшіктегі ара жанұяларын

«айдағаны үш ешкі, ысқырығы жер жарады» деген сияқты қайта- қайта күн құрғатпай аша беруімде болыпты. Адам баласында жаңадан бір зат сатып алғанда «қызығушылық» деген «кесел» пайда болып соны қайта-қайта көргісі келе беретін əдет қылтыңдап маза бермейтіні белгілі. Мен қайтсем сатып алған ара санын көбейтіп күшті жанұя қатарына жеткізіп өсіремін, қалай оларға балды көп жинатамын деген асығыстық пыйғылда болғаным дұрыс емес екен.

 Негізінде ара үйшігін жиі ашпау керек. Үйшіктің ішіндегі рамкадағы кəрездерді орынсыз қозғай бермеген жөн, өйткені аралардың бірігіп ұжымдық жасап жатқан жұмыстарына көп кедергі болып, жұмыс ритмі бұзылады. Соның салдарынан бал жинауға кесірін тигізеді. Онымен қоса үйшікті аша бергендіктен кəрездегі дернəсілдерге (беті ашық, беті жабық жаңа пайда болып келе жатқан

ұрпақтарға) суық тиіп, олардың өсіп-өнуіне көп кедергі келтіреді. Сол сияқты бал, ара нанын жасап жатқан аралардың қарқынды жұмыс жасауына, ара желімімен (прополиспен) жапқыш дəкені (холстикті) желімдеп тастаған жері бұзылады. Оны қайта желімдеу, гүл тозаңын ара нанына айналдырып бастарымен тығыздап ұяшыққа салып жатқан жұмыс процестері бұзылады. Соларды аралар қайта жасауға мəжбүр болады. Оған көп уақыттары кетеді.

 Ара үйшігін ашып қарау екі түрге бөлінеді. Біріншісі, жедел, үстіртін тездетіп ара жанұясына тексеру жүргізу (беглый осмотр), екіншісі: толық тексеру (полный ревизия) деп атайды.

 Жартылай тексеру омарташының алдына қойған мақсаты бойынша жүргізіледі. Айталық, үйшіктің желдеткіші дұрыс жұмыс істеп тұр ма, жылылық сақталуда ма; үйшіктің астыңғы табаны таза ма, ұяда жеткілікті аралардың қорегі бар-жоғын білу мақсатында жасалады. Жаз айларында салынған жаңа рамкадағы балауыз жапырақшасына аралар кəрез тоқып жатыр ма, жаңа шағылысып келген жас аналық араның жұмыртқа салу барысы қалай екенін, тағыда басқа күттірмейтін туындаған жұмыстар жасау керек екені кезінде өткізіледі.

 Бірінші толық тексеру көктемде қыстан аралардың қандай халде шыққанын білу мақсатында.

 Екінші: алым біткеннен кейін, күзде араларды қысқа дайындау кезінде. Үшінші: аналық араның үйшікте бар жоғын, оның қабілеттілігін білу үшін. Жылына 5-6 реттен артық толық тексеру жүргізудің қажеті жоқ, аяқ астынан төтенше жағдай болып қалмаса. Тексеру барысындағы кемшіліктер омарташының арнайы ашылған журнал дəптеріне үйшіктердің саны (нөмірі) көрсетіліп жазылып, сол кемшіліктерді ұзаққа созбай түзету шараларын жасау омарташының күттірмейтін басты міндеті.

7 сурет 8 сурет 9 сурет 10сурет

№11 сурет 12 сурет 13 сурет№14 сурет

15 сурет 16 сурет 17 сурет

 Омарташы ара үйшігін ашар алдында даярлық жасайды. Жуынып, шайынып тазаланады. Оның денесінен, немесе киген киімінен əтір-иістімайдың, арақтың, бензиннің, тердің, басқа да жағымсыз иіс шығып тұрмауы абзал.Үстіне ақ түсті халат киіп, оның жеңін ара кіріп кетпес үшін байлап, бет жағы қара түсті капрон тордан жасалған баскиім киеді. (№ 7 суреттегідей баскиімінің бет жағы ара кірмейтіндей қара түсті капрон тор көзді болуы қажет, егер басқа түсте болса күннің сəулесі шағылысып үйшіктің ішінде не болып жатқанын дұрыс көру қиынға соғады). Баскиім адамның беті мен қоса құлақтарын, тамағы мен мойнын № 8 суреттегідей ара кірместей халаттың жағасын ішіне кіргізіп қымталанып байлануы керек. Ара адамның тілінен, тамағынан, құлақтарының түбінен, желкесінен, шабынан шақса өте талмалы болады. Нағыз омарташылар бас киімсіз де жұмыс істей береді, өйткені ара шақса да еті үйреніп кеткендіктен оның денесі араның уын дəрі есебінде қабылдайды.

 Онымен қоса омарташы № 7-17 суреттер аралығында көрсетілген керекті құрал-саймандарын өзімен бірге міндетті түрде ала жүруді ұмытпағаны абзал. Құралдармен қоса, керек болу мүмкіндігін ескеріп, қант езіндісі мен су құятын № 15 суреттегі арнайы жасалған су құятын рамка-кəрезді алып жүрген тиімді болады. Оның жоғарғы жағындағы науасына су құйып үйшіктің шет

жағына қою керек. Себебі қарап болған соң үйшікті жапқаннан кейін мазасызданған аралар су ішуді қажет етеді.

 Үйшіктің жанына келген соң омарташының бірінші əрекеті түтіндеткіш құралын-дымарьді (№10) жағады. Түтіндеткіш жалындап жанбай, бықсып құр түтін шығатындай қалыпта жану қажет. Егер жалындап жанса үйшіктің аралар ұшатын есігінен түтін жібергенде түтіндеткіштен шыққан оттың жалыны араларды күйдіріп тастауы мүмкін. Осы жағдайды естен шығармау аксиома. Түтіндеткіш дайын болған кезде үйшіктің ішіне төменгі ара ұшатын есіктен 2-3 рет бықсыған түтін жіберіледі. (Аралар ерте заманда орманда өмір сүрген. Орман өртенгенде жемсауларын балға толтырып басқа жер іздейтін болған. Үйшіктің ішіне түтін жібергенде аралар өрт болып жатыр деген түйсігіне сіңіп қалған əдеті бойынша жемсауына азық есебінде бал толтырып, бұлшық еттері шағуға жарамсыз қалге айналып, адамды көп шаға да аламайды. Сондықтан омарташылар түтіндеткіш құралды пайдаланады.) 2-3 минут өткен соң үшіктің қақпағын ашып, оны үйшіктің артқы қабырғасына тікейтіп қояды. Одан кейін рамкалардың үстіндегі жабулы тұрған жылу ұстайтын көрпешені, əлде жастықты алады. Омарташы үйшіктің артқы қабырғасы мен алдыңғы аралар ұшатын қабырғасында тұрмай, жанындағы қабырғасында тұрып жұмысқа кірісуі керек. Алдында тұрса аралардың ұшып жұмыс жасауына кедергі жасайды. Содан кейін рамканың үстінде жабулы дəкені (холстикті) жайлап бір бұрышын ғана ашады да, түтіндеткіштен бірнеше рет бықсық түтінді жібереді. Аралар түтіннен қашып үйшіктің төменгі жағына түсіп, омарташының жұмыс жасауына қалыпты жағдай туады. Одан ары қарай дəкені жартылай ашып жұмысқа кіріседі. Егер үйшікте рамкалар тығыз орналасқан болса, олардың шетінен екі рамканың ара желімімен желімделген иығын омарта қашауын (№11) қолдапып өте шеберлікпен қозғап, жылжытып босатады. (№ 12,13) Одан кейін екі рамканы үйшіктен суырып алып, (№ 14) ондағы аралардың ішінде аналық араның бар жоғын тексереді. Ол рамкалардың бірінде аналық ара болғанын көрсе ол рамканы қайта үйшікке салып басқа екінші рамканы алады. Алынған екі рамкадағы араларды қағып үйшіктің ішіне түсіреді. Ол үшін рамканың жоғарғы планкасының орта жерінен сол қолының саусақтарымен қатты мықтап жоғары көтеріп ұстап, оң қолының қырымен сол қолының саусақтарының үстінен екі- үш рет салмақтап үстіртін ұрады. Сол кезде рамкалардағы аралардың

көпшілігі үйшіктің ішіне түседі. Қалған бірлі-жарым араларды құстың қанатымен немесе қылшықты щеткамен (№16) жайлап сыпырып түсіріп босаған рамканы тасымалдау жəшігіне (№17) уақытша салып қойып жұмысын жалғастырады. Үйшіктегі басқа рамкалардың желімделген иықтарын да қашаумен (№12,13) босатып қарап болған соң, алынған екі рамканың босаған орнына омарташы өзі тұрған қабырғаға қарай жылжытып, бір-біріне қабыстырмай рамкалардың арасын аралар жүретіндей (№41,42 суреттегідей) көше жасап орын қалдырады. Қалған рамкаларды қарап болып үйшіктің жанындағы қабырғасына жайлап орналастыра отырып олардың үстін өзімен бірге алып келген таза дəкемен (холстикпен) жауып балдың иісін шығармауға əрекет жасайды. Балдың иісін сезген күшті ара жанұясының «ұрлықшы» аралары келіп үйшіктегі балды ұрламас үшін.

 Үйшіктің ішіндегі рамкалардағы кəрездердің ұяшықтарын балмен, пергамен, дернəсілдермен толтырылғанын аралардың жұмыс жасауына кəрездердің жеткіліксіз екенін байқаған омарташы өзімен бірге тасымалдау жəшігіне салып алып келген балауыз жапырақшалары тартылған рамкаларды керегінше үйшікке салып жаңадан кəрез тоқуға береді. Жаңадан кəрезді аралар гүл шірнелерінің алымдарының қауырт басталған кезінде жақсы тоқиды.

 Омарташы осындай жұмыстарды күні бұрын жоспар жасап, оны уақытында орындап отырса ғана істеген ісі дұрыс нəтиже береді.

 Жоғарыдағы жұмыстарды істеу айтуға оңай. Демек, ондай жұмысты алғашқы кезде жасауға адам шыдамды, төзімді болмаса, істің бəрін қожыратып алады. Мысалы; рамканы аралардан босатып алу кезінде рамканы ұстаған сол қолының саусақтарының үстінен оң қолының қырымен салмақпен тездетіп тоқтаусыз екі үш рет ұрған кезде рамкадағы жүздеген аралар бірден үйшіктің ішіне түсе қоймайды да, шуылдап, қара бұлтша қаптап адамның басына қолына бүкіл денесіне шабуыл жасайды. Соған омарташы қимылдамай бір-аз уақыт шыдап, төзіп тұрғанда ғана аздан кейін аралар сабасына түсіп үйшіктің ішіне кіріп тынышталады. Міне, осындай сыннан өткен адам ғана омарташы болады. Бара-бара адам мұндай жұмысты істеуге еті үйреніп кетеді.

 Алғашқы кезде маған осының бəрі қорқынышты болды. Уақыт өте, түтіндеткіш құралын пайдаланбай-ақ үйшіктегі рамкаларды жапқан дəкені жайлап ашып, араларды «ашуландырмай» қолыма,

бетіме, денемнің басқа жерлеріне қонған аралардың жыбырлап, жүйкемді түршіктіретін «қытығына» көніп, шыдамдылықпен қолымды сілікпей, мойныма, бетіме қонған аралардың жыбырына төзіп, басымды шайқамай, шалт қимыл жасамайтын болдым. Аралар жайбарақат денеңнің қонған жерін «тексеріп болған соң» шақпай ұясына кіріп кететініне үйрене бастадым.

№18 сурет

(Ара бізгегі)

Адамның денесін шаққан жерінде жұмысшы арасының құйрығындағы бізгегі (инесі) қалып қояды да, шаққан ара өліп қалады. Қалып қойған иненің іші толған араның уы болады, ол денеге жайыла бастайды да, денеңе кірген кезде көзге онша көріне қоймайтын араның инесін дереу жұлып алып тастауға əрекет жасау керек. Ол ине оңайлықпен алынбайды, өйткені иненің құрылысы мүлдем бөлек. Ине денеге сүңгіп кірісімен оның бір қапталына орналасқан серіппе үшкір пластинкалары ине қайтып шықпас үшін № 18 суретте көрсетілген қанаттарын жайып жібереді де иненің қайта шығуына қатты кедергі

жасайды. Ара шағысымен инені арлы-берлі бұлшық етімен қозғап суырып алуға əрекет жасайды. Бірақ, суырып ала алмай ине үзіліп адам денесінде қалып қойғандықтан жұмысшы ара көп өмір сүре алмай өліп қалады. Бұлшық етінің қозғауы бойынша денеде қалған иненің ішіндегі уы денеге тез жайыла бастайды. Соған байланысты шаққан жері ісіп кетіп, қышытып мазаны қашырады, əрі беймаза қалге ұшыратады. Омарташы пинцетпен болмаса басқа əдіс қолданып инені тез суырып алса, сонда араның уы көп жайыла қоймайды. Инені алып тастасымен сол жерге адам сілекейін жақса, не суық суға дəкені салып шаққан жерге жауып отырса, екі-үш минуттан кейін ара шаққан жер қышытқанын қойып, онша ісіп кетпейді. Тағы бір есте жүретін нəрсе волидолдың таблеткасымен ара шаққан жерді ысқыласа, ол жер күп болып ісіп кетпейді. Сондықтан мен ылғи жаныма валидолдың таблеткасын салып жүретін едім. Алғашында оны білмегендіктен бетімді де, қолымды да ісіріп алып жүрдім.

 Жабайы араның шаққаны күштірек болады. Оның уы тереңге кетіп, кейбіреудің денесіндегі шаққан жері күп болып ісіп кетіп, температурасы көтеріліп ауырсынады. Ондай кезде дереу емханаға барған абзал. (Омарташылар ондай кезде 100 гр. арақ не коньяк ішу керек) дейді. Бірақ мен бұл əдісті пайдаланып көрген жоқпын.

 Үйшіктің ішіндегі рамкалардың үстін жабатын дəкені (холстикті) ашу кезінде ретін тапсаң денсаулыққа пайдалы кездері болатынын да үйрендім. Екінші жылғы бал жинау маусымын аяқтап, бал араларын қыстауға қомдап қойғаннан кейін жұбайым Сарамен Сочи қаласына санаторияға дем алуға бардық. Сонда Адлер қаласында тұратын Шульгин Сергей Карпович деген омарташымен бір столда отырып дастарқандас болдық. Ол менен 6 жас үлкен еді. Екеуміз бұрыннан жақын таныстардай, əңгімеміз бал арасын бағу жайында жарасымын тауып жүрді. Бірде əңгімелесіп отырғанда, сағатыма қарадым да, тісімнің қызыл етін емдеуге дəрігердің берген емі-инголяцияны алуға баруым керек екенін Шульгинге айтып орнымнан тұрғанымда, ол күлді де «ем домыңды алып кел, мен саған пайдалы бір кеңес айтамын» деді.

 Түскі асқа барғанымызда дастархан басында отырып Сергей Карпович менен «инголяцияны алдыңба?» –деп сұрады. Менің жауабымды күтпестен, «нағыз инголяцияны бал аралары жасайды ғой, оны сен білмеуші ме едің» деді маған. Менің үнсіз қалғанымды байқаған Сергей Карпович əңгімесін жалғастырды.

 -Бал арасын қарауға үйшіктің қақпағын ашқаннан кейін, бал жинайтын рамканың үстіне жабылған, ара желімімен (прополиспен) мұқият желімделген дəкені ашардың алдында минеральный судың пластмасыдан жасалған құтысының ауыз жағын бел ортасынан кесіп оның аузына бал арасы кіріп кетпестей етіп ұсақ капрон тормен байлап, құтының түп жағында кесіп, дəкені қуыс етіп ашып, əлгі құтының тормен байланған жағын дəкенің қуысына кіргізіп, жан жағын қымтап ара шықпайтындай етіп жауып, құтының кесілген түп жағына аузың мен мұрныңды тығып шыдағаныңша 10-15-минуттай ішіңе аузың арқылы деміңді ішке тартып отыруың керек. Міне нағыз табиғи ингаляция деп соны айт. Өзің де білетін шығарсың, бір килограмм бал жинау үшін бал аралары бірнеше мыңдаған нешетүрлі гүлдердің шырынын алып келетінін. Ал бір ұяда кемінде 15-20-кг. бал болады. Соншама гүлдердің түрінен жиналған шірнені балға айналдырып жатқанда, оның таптырмайтын табиғи иісі мен емдік дəрумендік-қасиеті фабрикадан шығарған дəрі-дəрмектен мыңдаған есе артық болады. Əлгіндей етіп ингаляция есебінде демалғаның; тісіңнің қызыл еті, мұрының мен тамағыңның, көзің мен құлағыңның, жүрегің мен өкпеңнің қабынуынан сақтайды. Тіпті ағзаңа, ішкі құрылысың мен денсаулығыңа пайдасы ұшан теңіз,-деді. Мен Сергей

Карповичке оны білмейтіндігімді айтып, берген кеңесіне рахметімді айттым.

 Қызылордаға келісімен бал жинау науқаны басталысымен осы тəсілді қолданып жүргендігімнің пайдасы тиді. Тістерімнің іріңдейтін қызыл еттері (десна) жазылып кетті. Босаған тістерім қатайып орнына келді. Тыныс мүшелерім ашылып, демалысым дұрысталып жөтел, мұрын біту, ангина, тұмау деген кеселдер жоламайтын болды. «Век живи, век учись» дегень орыс мақалы осындайдан айтылған шығар. Мен мұны оқырманды қызықтыру үшін жазып отырғаным жоқ. Сенбесеңіздер осы тəсілді жасап көріңіздер. Сонда шүбəланбайтын боласыздар.

Пысықтау сұрақтары;

  • Ара жанұясын қарау неше түрге бөлінеді? Олардың бірінен- бірінің айырмашылығы неде?
  • Ара үйшігін ашып қараудың алдында омарташы қандай дайындық жасау керек?
  • Омарташының киімдерінің түр түстері қандай болғаны жөн?
  • Омарташының бас киімінің бет пердесі неге қара түсте болу керек?
  • Омарташы өзімен бірге қандай саймандарды алып жүруі шарт?
  • Үйшіктің жанына келісімен омарташының бірінші əрекеті неден басталады?
  • Түтіндеткішқұралыдегенімізнежəнеонықалай пайдаланады?
  • Түтіндеткішқұралданүйшіккетүтіндіқандайқалыпта жіберген дұрыс болады?
  • Омарта қашауын қарау кезінде не үшін қолданады?
  • Рамкалардың үстін жапқан дəкенің шетін ашқан соң не үшін түтін жібереді?
  • Аралар түтін иісін сезген кезде не істейді?
  • Балауыз жапырақшалары жабыстырылған рамканы үйшікке не үшін жəне қай кезде орналастыру қолайлы?
  • Қарау барысында рамкаларды аралардан босатып алуының қандай əдісі бар?

17. Ара үйшіктерінің негізгі түрлері.

 Шалғай ауылда тұратын келешек омарташы боламын деген азаматтардың арасында қолдары шебер, ағаштан түйме түйетіндері болуы да мүмкін деген ойыммен, ара баққан кезімде басқалардың көмегінсіз өз қолыммен жасаған ара үйшігін олар тіпті менен де артық жасайтындары баршылық шығар деп ара үйшіктерінің түрлері мен олардың сыртқы, ішкі көлемдерін бұлжытпай осы кітабыма əдейі кіргізіп отырмын.

 Ерте заманда, бал аралары үй жануарлары есебінде қолға үйреткенге дейін таудағы жартастардың куысына, ормандағы кепкен ағаштардың өзегін тазалап, тұрғын жай есебінде ұяларын сонда салып, бал жинап, оны азық ретінде пайдаланып күн кешкен. Орманда жүретін аюлар тəтті балдың иісін сезіп аралардың кепкен ағаштардың діңгегіне, жартастардың қуысына салған үйшіктерін бұзып, балын жеп, оларға күн көрсетпеген. Сондықтан да болар қара киім киген адамды аралардың жақтырмай, омарта маңайларына жолатпай жабылып шағатыны. Олардың түйсігінде қара киім кигендерді аю деп мəңгі қалыптасып қалғандығынан деген жорамал бар.

19 сурет

Адамдар бал арасын қолға үйреткеннен кейін араларға арнайы үйшіктердің көптеген түрлерін жасап, аралардың шығаратын өнім түрлерін пайдаға асырған.

 Аралар бүкіл өмірін жылдың қай мезгілі болмасын ара үйшігінде өткізеді. Яғни ара үйшіктері аралардың тұрақты тұрғын үйі болып саналады. Үйшіктер ара өсірудегі ең бірінші керекті құралы болып есептеледі. Негізінде тік көпқабатты үйшіктер, жатаған үйшіктер болып екі санатқа бөлінеді.

 Енді солардың əрқайсысының қысқаша сипаттамасына көңіл аударайық;19 суретте «А»- əрпінде Көпқабатты-тік ара үйшіктері деп аталады. Көп кабатты үйшіктер Америка, Автралия, Жаңа

Зеландия елдерінде ара өсіріуге кең қолданылады. Қазіргі кезде біздің де колданысымызға енді. Бұл үйшіктерде аралар балды көп жинайды. Себебі аралар бұрын адам қолына үйренгенге дейін жоғарыда айтқандай орманда қураған кепкен жуан ағаштың діңгегінің төменгі жағын тесіп ұшатын есік жасап, сол арқылы діңгектің шіріген өзегін шығарып тазалап қуыс (дупло) үйшік жасап, төменнен жоғары қарай балауыздан ұя салып соған бал мен ара нанын (перганы) азық-тамақ ретінде жинаған. Яғни аралардың табиғи жұмыс əдісі үйшіктің ішінде төменнен жоғары қарай басталуы олардың түйсігіне сіңіп, инстингке айналып, сондай имунитет қалыптасқан. № 19 суретте; «Б»-əрпімен көрсетілген 10 рамкалық үйшік қосымша қондырғыларымен (орысша қосымша кондырғыны-магазин-деп атайды), «В»-Екі қорапты қосымша қондырғыларымен, «Г»-Бір қорапты екі қосымша қондырғыларымен бір тектес үйшіктер түріне жатады. Жұмыс əдістері көп қабатты үйшіктерге жақындау.

 «Д»- 16 рамкалақ, «Е»-20 рамкалық үйшіктер жатаған деп аталады.. Бұларға да қосымша қондырғылар (магазин) қоюға болады. Қосымша қондырғылардың рамкасы бір қалыптас рамкалардан кішкене болады. Ол рамаларға ұрпақ өсіруге жұмыртқа жəне ара нанын салмайды тек аралар онда бал жинайды. Сондықтан қондырғыдағы (магазиндегі) бал таза болады.

 № 20 суретте көрсетілгендей көпқабатты ара үйшігі 4 қораптан құралып, № 21 суреттегідей рамкалары төменнен жоғары қарай бірінің үстіне бірі тік қойылып, бір қорабында 10, ал, төрт қорабына 40 рамка-кəрездер орналасқан.

20- сурет №21- сурет 22-сурет 23-сурет

40 рамка 40 рамка тік20 рамка20 рамка көлденең

 Демек, көп қабатты үйшіктегі аралардың жұмысы табиғи түрде төменнен жоғары қарай жасалуына байланысты ұрпақтары мен ара

нанын төменгі қораптардағы кəрездердің ұяларына салып, жоғарғы қораптарындағы кəрездердің ұяларына тек бал жинайды. Соған байланысты омарташының жұмыс істеу əдісі 2-2,5 есе жеңілдейді.

 Жатаған бір қабатты үйшіктердің рамкалары № 22,23- суреттегідей тік емес көлденең-қатарласа орналасқан. Жатаған үйшіктегі орналасқан араларды бір жерден екінші гүлі көп жерге көшіруге өте ыңғайлы болады. Өзімнің жұмыс жасау тəжірибемде жатаған үйшіктерді пайдаланып жүрдім.

Көп қабатты үйшіктердің кемшіліктері;

  • Мұндай үйшіктерді гүлі көп кең алқапты жерге орналастыру қолайлы. Бір жерден екінші гүлі көп жерге көшіріп жүруге қолайсыз.
  • Көмекші аналық араларды ұстауға қолайсыз, тіпті ұстай алмайсыз.
  • Көп қабатты қораптан құралғандықтан орнықсыз, жел-дауыл болған кезде құлап қалуы мүмкін.
  • Қораптары ауыр, ыңғайсыз болғандықтан қарау кезінде алу, орнына қайта қою, омарташының жалғыз өзіне қиынға соғады.
  •  Рамкалары бір қалыптас (стандартный) рамкалардан кіші. (19т.) Осы жоғарада көрсетілген ара үйшіктерінің ішінен бал араларын бағып өсіруге жаңа бастайтын ынталы адамға жатаған үйшіктерін қалап алғанына кеңес берер едім. Себебі; бір жатаған 20 рамкалық үйшіктің ішінде 10 рамкалықтан екі бал ара жанұясын (араларын диафрагма деп аталатын тақтайшамен бөліп) ұстауға болады жəне көшіп жүруге ыңғайлы. 24 рамкалы үйшіктен 4 нуклеус жасауға

болады. (18-т.)

 Мен, өзімнің жұмыс тəжірибемде жоғарыда көрсетілген ара үйшіктерінің түрлерінің ішінен 12-16-20-рамкалы бір қабатты жатаған ара үйшіктері қолайлы болғандықтан омартамды сол үйшіктерде ұстап жүрдім. Жатаған үйшіктерді жалғыз мен емес, Қызылорда, Шымкент облыстарының көптеген омарташылары пайдаланып бал арасын өсіріп, ара өнімдерін алып жүрді. Себебі гүлді алқаптардың аздығынан бір жерден екінші жерге көшіп отыруға тура келгендіктен. Мысалы; Қызылорда облысының «мамыр айының балы» («майский мед») шеңгелдің гүлінен алынады.

 Сондықтан Қызылорда қаласының кейбір əккі-əдісқой омарташылары қолдан жасаған тіркемелердің үстіне омарталарын қондырып алып сəуір айының басында оңтүстікте орналасқан

Жаңақорған ауданының Түгескен ауылды мекенінің жанына көшіп барып Сырдария өзенін жағалап Арал ауданына дейін шеңгелдің гүлінен бал жинап жүрді. Шеңгелдің гүлі Жаңақорған ауданында сəуір айының соңғы кезінен басталып ашылып, алым (орысша взятка) беріп, Арал ауданында маусым айының басында шеңгелден алым аяқталатын еді. Осы екі ай ішінде олар шеңгелдің гүлінен едəуір бал жинап, содан кейін жантақтың гүлінен бал жинап жүрді.

 Шеңгел деген тікенді өсімдіктердің гүлінен Қызылорда облысының омарташылары май айының бірінші балын алады. Бірақ, шеңгелдің гүлінен бал ала алмай да қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Облыстың малшылары көктемде шеңгелдің қалың өсіп тұрған жерлеріне көшіп барып, киіз үйлерін тігіп алып, жаңа гүлдейін деп тұрған шеңгелдің бəрін өртеп жібереді. Кигіз үйдің ішінде жантайып жатып, шəйін ішіп, есігінен сығалап «жалқаулығы ұстап» өрістегі малдарын бақылап жатады. Олар сенің араң мен балың былай тұрсын ауа райының өзгеріп шаң тозаңға айналып экологиялық қасіретке əкеліп соғатынын түсінбейтіндігіне налығаннан басқа əрекет жасай алмайсың.

 Қызылорда облыстық Ерікті омарташылар қоғамының төрағасы болып істеген кезімде ескі көз, тіс қаққан омарташылармен жиі қоян- қолтық араласып, солардың ақыл-кеңестерін тыңдап, облыстық ауылшаруашылық басқармасынан өсімдіктер мен гүлді алқаптардың орналасқан жерлерінің есебін алып ара жайылымының қартасының жобасын қолдан жасап, облыс омарташыларына хабарлама беріп, назарларын аударып отырғаным омарта шаруашылығын өркендетіп, бал мен басқа да ара өнімдерін алуға көмегін тигізді.

 Жаңадан бал арасын бағамын деген, шалғай ауылда тұратын азаматтар ара үйшіктерін қайдан сатып аламыз, біздің жақта ондай құралдарды сататын дүкен жоқ деп ойлаулары мүмкін. Ондай азаматтарға ара үйшіктерінің түрлерін өздері қолдан жасап алу қиындық тудырмайтынын естеріне салғым келеді. Мен 3 бал ара жанұясын ескілеу жатаған 10 рамкалық 3 үйшігімен сатып алдым. Қалған жиырмадан аса жатаған үйшіктерді өз қолыммен жасадым. Қыстың күні бос уақытым болғандықтан саяжайымның бір бөлмесін ағаштан бұйым жасайтын шеберхана (мастерской) ретінде пайдаланып кепкен тақтайлардан сұрыптап 5 түрлі 10-12-16-20-24 рамкалық үйшіктерді өзім жасадым. Оны жасаудың ешбір қиындығы

жоқ, тек үйшіктердің сыртқы, ішкі көлем мөлшерлерінен ауытқымай, милиметрлік өлшеміне дейін сақтап отырсаңыз болғаны.

 Жатаған ара үйшіктерінің ішкі көлемі жайында не білу керек екенін айтатын болсақ;

 10 рамкалы жатаған үйшіктің ішкі көлемі; қабырғаларының қалыңдығы 35 мм, алдынғы-артқы қабырғаларының ұзындығы 450 мм, көлденеңі 375 мм, биіктігі 320 мм, (450х375х320 мм). Табанының қалыңдығы 35 мм. Табанының ұзындығы 520 мм, көлденеңі 445 мм, қалыңдығы 90 мм, тақтайлардан жасалады. Табаны қорабының жан жағынан айнала шығып тұруы керек. Аралар қонатын тақтайшасыда сонымен бірге жасалады. Қораптың алдынғы қабырғасында 120х10 мм, ұшақ есігі жəне жоғарғы ұшақ есігі, оның астына ара қонатын тақтайша орнатылады. Сондай көлемдегі ұшақ есігі төменгі табан тақтайында жасалып оған ара қонатын тақтайша қағылады.

 Өздері қолдан жасаймыз деген талаптыларға үлгі (образец) ретінде төмендегі № 24-суретте көрсетілген бір қабатты жатаған үйшіктің сыртқы құрылыс-бөлшектерін беріп отырмын. Соған көңіл аударсақ;

24 сурет

  • үйшіктің қақпағы, 2- қақпағы қалыңдау қаңылтырмен су өтпес үшін көмкерілген, 3- ауа алмасып тұратын тесік (вентеляционная щель) оның ішкі əлде сырқы жағынан темір торлармен қапталуы керек, ұрлықшы аралар кірмес үшін. 4-

қақпақтың астындағы қорапшасы,5-

қосымша қондырғының қорабы, 6-үйшіктің негізгі қорабы, 7-негізгі қорабтын табан едені мен аралар қонатын тақтайшасы, 8- жоғарғы, төменгі ұшақ есіктері, 9- ұшақ есіктерін үлкейтіп, кішірейтіп жауып тұратын қақпасы, 10 қорабтың бұрыштарына қағылатын темір үшбұрышы (уголки) 11- жатаған үйшіктің дұрыс мығым тұруына арналып қағылған төрт бұрышты қалың ағаш тақтайы.

(№ 25- сурет)

Жоғарғы жəне төменгі ұшақ есіктері тақтайдан немесе №25-суреттегідей қаңылтырдан жасаған қақпақпен жылжытылып ашылып жабылып тұрады.

Қақпақша ұшар есігін кеңейтіп, кішірейтіп жабуға сырғымалы болғаны дұрыс. Қосымша қондырғының қорапшасының қабырғыларының қалыңдығы 35 мм тақтайдан жасалады. Қораптың ішкі көлемі 450х375х165 мм, оған 435х145 мм, көлеміндегі 10 рамка орналастырылады. (ол рамкалар туралы келесі 19-тақырыпта арнайы толығырақ жазылады) Қақпақтың астындағы қорапша қалыңдығы 25 мм, биіктігі 90 мм, тақтайдан төрт бұрышты етіп жасалып негізгі қораптың үстіне, ал қосымша қондырғы қойылған кезде соның үстіне орнатылыды.Үйшіктің қақпағы төрт бұрышты рама сияқты қалыңдығы 20 мм, тақтайдан жасалып биіктігі 70 мм, болу керек. Оның үсті 20 мм, тақтаймен жабылып қалыңдау қаңылтырмен қапталады. Қақпақ, астындағы қорапшаға аралар кіріп шықпайтындай етіп тығыз кигізіліп тұрады.

 12-16-20-24 рамкалық жатаған ара үйшіктері дəл жоғарыда көрсетілген жолмен жасалады. Олардың айырмашылығы ішкі көлемдеріне байланысты. Соған байланысты келешек омарта ұстаймын деген талапкерлерге мына төмендегі ара үйшіктерінің ішкі көлемдерін естеріне саламын;

 12 рамкалық жатаған үйшіктің ішкі көлемі- 450х450х340 мм. Қораптың қабырғалары 37мм, тақтайдан жасалады. Төменгі жəне жоғарғы жеріне екі ұшақ есіктері жəне ара қонатын тақтайшалары орнатылады.

 16 рамкалық жатаған үйшіктің ішкі көлемі 615х450х350 мм, Алдыңғы-артқы қабырғалары 40 мм, екі жағындағы көлденең қабырғалары 30 мм, тақтайдан құралады. Жоғарыдан екеу төменнен екі ұшақ есіктері, барлығы 4 ұшақ есіктерімен 4 ара қонатын тақтайшалары жасалады.

 20 рамкалық жатаған үйшіктің ішкі көлемі 810х450х330 мм. Алдынғы-артқы қабырғалары 37 мм, екі көлденең қабырғалары 30 мм, тақтайдан жасалады. Барлығы 4 ұшақ есіктері, төменде екеу, жоғарыда екеу, оларға аралар қонатын тақтайшалар орнатылады.

 24 рамкалық үйшіктер арнайы нүкілеус ретінде жасалады, ішкі көлемі 1025х450х350 мм болып, қалыңдығы жоғарыдағы көрсетілген тақтайлардан құралады.

 Қосымша қондырғылары (магазиндері) осы үйшіктердің ішкі көлемімен бірдей, тек биіктігі 165 мм болады.

Жоғарыда келтірілген өлшемдерге мұқият көңіл аударып, зер салып, ара үйшіктерін жасаймын деген адамға еш бір қиыншылығы жоқ. Алғашқы бір-екеуін жасағанда кейбір жерін қиыстыра алмайтын кездер де болады. Одан кейінгі жасаған үйшіктер көңілге қонып адамды өзіне тартып ынталандырады. Əкем марқұм ағаш ұстасы болған шебер еді. Тегі жанында жүріп көзім үйренгендігінен де болуы мүмкін. Шынын айтқанда, қыстың күні бос уақыттарда маған ара үйшігін жасау əрі ермек, əрі кəсіп болып кетті. Кей кезде сататын артық үйшігіңіз бар ма деп сұраушылар да жиілеп кетті. Тіпті үйшік жасауға арнайы тапсырыс бергендерде болды. Одан ары қарай қолыңды үйретіп алған соң алдыңғы жасаған үйшіктерге жаңалық қосып жұмысты жандандыра бергің келіп тұратын күй кешесің. Өйткені жаңадан жасаған үйшігіңе салған ара жанұясы ұшып-кіріп, өніп-өсіп, бал тағы басқа өнімдерін беріп жатқаны жұмыс істеуге құштарлығыңды арттырып жетелейтін болды.

 Маған ұнағаны 12-16 рамкалық жатаған ара үйшіктері болды. Бұл үйшіктер көшіп жүруге өте қолайлы, онша ауыр емес онымен қоса аталған үйшіктерде ара жанұясы жақсы өседі, себебі жылулықты жақсы сақтайды. Қысты күнге араларды қомдап қоюға өте ыңғайлы.

10 рамкадағы араларды, ондағы жейтін балы мен ара наны жəне дернəсілдерін дұрыстап қойса екі көлденең қабырғасының ішінен екі жағынан екі жастықты жəне үстінен бір жастықпен қымтап қойса қыстың күні жылылықты жақсы сақтайды.

 Аталған үйшіктерге қосымша қондырғылар (магазиндер) тек гүлден шірне алымын көп беретін кезінде жəне үйшіктегі рамкалардың барлығында аралар, дернəсілдермен олардың жейтін тамақтары толық, аналық араның жұмыртқаны бұрқыратып көп салып жатқан кездінде қойылады. Сол кезде қосымша қондырылардың кəрездеріне жұмысшы аралар тек қана таза бал жинайды. Осы ара үйшіктері көктемгі кезде қыстан əлсіреп шыққан ара жанұясын күшейтуге өте қолайлы.

 Көп қабатты тік ара үйшіктеріне менің бал арасын ұстаған кезім болған жоқ, себебі оларға араларды қондыру үшін алым беретін тұрақты гүл алқабы Қызылорда облысында көп болмағандықтан. Оның үстіне көп қорапты (көп қабатты) үйшіктердің рамкаларының көлемі 435х230 мм, болғандықтан жатаған үйшіктерінің қалыпты

ұялы рамкаларын 435х300 мм, көлемін жоғарыдағы көрсетілген рамка көлеміне келтіру үшін кесіп сəйкестендіру керек. Осындай машақаттары жəне көшіп жүруге ыңғайсыз, қатты жел тұрса құлап қалу қауіпі болғандықтан онша зауқым соқпады. Негізінде омарта бағуды жаңа бастаған талапкерге алғашқы кезде бал араларын тағы қайталаймын жатаған үйшіктерде ұстауға кеңес берер едім. Уақыт өте, ара бағудың қыр-сырын əбден меңгергеннен кейін талапкер көп қорапты тік үйшіктерді пайдаланамын деген шешімге келсе, ол өзінің еншісінде.

Пысықтау сұрақтары;

  • Ара үйшіктері неше санатқа бөлінеді? Олар қалай аталады?
  • Көпқабатты тік үйшіктердің сыртқы, ішкі көлемі қандай болады?
  • Жатаған үйшіктің ішкі көлемі қандай болады?
  • 12,16,20 рамкалық жатаған үйшіктердің сыртқы, ішкі көлемдері қандай болады?
  • Қосымша қондырғы дегеніміз не?
  • Қосымша қондырғының сыртқы, ішкі көлемі мен рамкаларының көлемі қандай болады?
  • Қосымша қондырғы қай кезде қолданылады?

 18. Нүклеус (бөлмелі үйшік) дегеніміз не? Ол не үшін керек? Нүкілеус дегеніміз де араның үйшігінің бір түрі. Оның сыртқы жəне ішкі құрылыстарының көлемі жоғарыда көрсетілген ара үйшіктерінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Нүкілеустің ішкі құрылысының өзгешелігі бөлгіш тақтайшалармен (диафрагмамен) екіге, үшке, төртке бөлініп, бір нүкілеустің (бөлмелі үйшіктің) ішінде екіден төрт баларажанұяларынұстапөсіруге болатындығында.Əр ара жанұясында бір аналық араларының болатындығы заңдылық. Əр жанұядағы аралардың ұшатын есіктері бөлек болып нүкілеуістің əр қабырғаларында орналасқандығы. Мысалы; 12 рамкалық үйшікті екіге тақтайшамен бөліп 6 рамкалық 2 ара жанұясын, 20 рамкалық үйшікті 3-ке бөліп 6 рамкалық 3 ара жанұясын, 24 рамкалық үйшікті 4-ке бөліп 6 рамкалық 4 ара жанұясын ұстап-өсіруге болатындығы.

 Нүкілеус ара жанұяларын көбейтіп өсіруге, күшті ара жанұяларын жəне үйірілімге (ройға) айналып ұшуға дайындалған араларды бөлшектеп омартадан ұшып кетпейтіндей етіп ара жанұяларының санын өсіруге, ұстап алып келген үйрілім араларды

салуға, жас ұрықтанған аналық араларды ұстауға, сатып алған арапакетінің үшеуін бір жатаған үйшіктің ішін үшке бөлгіш тақтайшамен (диафрагмамен) бөліп, үш ара жанұяларын бір-бірімен қатынастырмай ұшатын есіктерін үш қабырғаларынан (үш жақтан) шығарып өсіруге, қыстаққа 4-6 рамкалық жанұя құрап, көктемде керек болатын басы артық (запасной) аналық араны сақтауға өте қолайлы таптырмайтын құралдың бірі.

№26-суретінде ара үйшігінің іші тақтайшалармен (диафрагмамен) үшке бөлініп, ал №27- суретінде тақтайшалармен төртке бөлініп, оның ішінің үшеуіне рамкалар салынып, бір бөлігі бос жасалғаны, үстінен қарағанда нуклеустің ішінің жалпы схемасы көрсетілген. Əр бөлменің ара ұшатын есіктері бөлек, біріне бірінің жұмыс жасауларына кедергі жасалмайтындығына жағдай жасалған.

26- сурет-нүклеус.

Аса зер салатын жағдай нүклеустің алдынғы-артқы ішкі жақ қабырға- ларында бөлгіш тақтайшалардың кіріп тұратын кертік қуысшалар (фазалар) жасалған. Ондай кертік қуыстар нуклеустің түбінгі табанында да ойылып жасалуы керек. Негізінде бөлімшелердегі жанұядағы аралар бір

бірімен қатынаспайтындай етіп бекітіліп, олар бірінің иісін бірі сезбейтіндей ету үшін иненің көзіндей саңлау қалтырмай жасаған дұрыс болады.

27- сурет

Бөлу тақтайшалары №26- суретіндегідей кертік қуыстарға (фазаға) кіргізіліп, жоғары алынып қайта салынуға ыңғайлы болғаны қажет. Нүклеустегі үш ара жанұялары күшейе бастаған кезде солардың ортаңғы бөлімшедегі аналық арасын қалдырып, екі

жақтағы аналық араларды жаңа ара жанұясын құрап жасауға басқа үйшіктерге салады. Нүклеустің ішіндегі екі бөлу тақтайшаларын аралар бірі мен бірі қатынаспайтындай етіп сəл көтеріп қою арқылы ортадағы аналық араның иісін екі жақтағы «жетім» қалған ара жанұялары иіскелеп-сезіп қабылдайтындай етіп жағдай жасау

омарташының кезек күттірмейтін негізгі міндеті. Бір екі күннен кейін ортадағы аналық ара иісіне екі жақтағы аралар үйренді-ау деген кезде екі бөлу тақтайшаларының біреуін көтеріп аралардың бір-бірімен қатынасып аналық араны қабылдауға жағдай жасау керек. Бір-екі күннен кейін екінші жақтағы аралады да солай жасау керек. Соңынан бөлу тақтайшаларын алып тастап үш жанұясының| құрамынан 18 рамкаға толған аралардан бір күшті жанұя жасалынады. Бұл жұмысты кешке қарай, ересек жұмысшы аралардың өрістен қайтып келіп үйшікке толық қонақтаған соң, есіктерін түнде жауып, 5 шақырымнан ары жерге көшіру арқылы жаңа күшті жанұя жасақтаса омарташының еңбегі бекер кетпегені болып саналады. Нүкілеустегі төрт ара жанұяларын да осы əдіспен қосып күшті ара жанұясын жасайды. Бұл оңай шаруа емес. Оны жасау үшін ептілік, ұқыптылық, шеберлік, ерінбей, қажымай ара тіршілігін бақылап, аралардың өсуіне жағдай жасаған омарташы ғана балды көп жинауы даусыз.

 Ара ұстайтын үйшіктер жетіспей қалған кезде бос тұрған нуклеустің ортаңғы бөлгіш тақтайшаларын алып тастап, есігін бір жағынан шығарып ара үйшігі есебінде пайдаланған кездерім де болды.

 Мен омарта ұстау кезінде 3 бөлімшелі 20 рамкалық, 2 бөлімшелі 10 рамкалық екі нүклеуспен жұмыс істеп ара жанұясын өсіру үшін пайдаланғаным дұрыс нəтижесін беріп жүрді. Үш бөлімшелі нуклеустің екі аналық арасын алғанда оларды 2 бөлімшелі 10 рамкалық нуклеуске салып ары қарай ара санын өсіруге қолданып жүрдім.

 Үш бөлімшелі нуклеустегі жаңадан өсірген ара жанұясын ары қарай күшейту үшін екі үш күнде аналық араны аралар қабылдауына байланысты дереу дайындап қойған 20 рамкалық ара үйшігіне көшіру керек екенін естен шығармау керек, себебі үш бөлімшелі нуклеустің ұшақ есіктері үш жаққа қарағандықтан аралар ұшып-кіруін шатастыра береді. Сондықтан жаңа үйшікті нуклеустің тұрған орнына қондырып араларды соған салу керек.

 Нүклеустен араларды жаңа ара үйшігіне салу «Сатып əкелінген арапакетіндегі араларды ара үйшігіне (ульяға) салудың əдістері »- деген тақырыптағы(15-т.) əдіс-тəсілдерін мұқият сақталып жасалуы шарт.

 Жаңа үйшікке салған аралар үйшікті меңгеріп үйреніп алғаннан кейін, олар гүл шырынын, гүл тозаңын алып келуге кірісіп кетеді. Бұл

арада омарта тұрған жердің маңайында гүлді шөптермен өсімдіктердің көп болғаны жөн. Сондай жағдайда үйшіктің ішіне екі үш рамкаға тоқылған бұрын пайдаланған бос кəрездерді, бір-екі балауыз жапырақшасы (вощина) тартылған рамкаларды, жаңа кəрез тоқу үшін қойған абзал. Осындай жұмыс түрлерін жасау омарташының кезек күттірмейтін жұмыс əдісінің негізгі түрі болып табылады.

Пысықтау сұрақтары;

  • Нүклеус дегеніміз не? Ол не үшін керек?
  • Нүклеусті үйшік есебінде қолдануға болама?
  • Нүклеуспен ара үйшігінің айырмашылығы неде?
  • Бөлімше тақтайшасы (диафрагма) не үшін керек?
  • Нүклеустің ішіндегі бірнеше ара жанұяларын бір күшті ара жанұясы етіп құруға болама?
  • Нүкілеустегі бірнеше ара жанұяларын бір ара жанұясы етіп қосудың қандай əдіс-тəсілдері бар?
  • Қысты күні нүклеусте ара жанұясын не үшін ұстайды?

19. Рамка дегеніміз не? Кəрез дегеніміз не? Олар не үшін керек?

Алдыңғы тақырыптың бірінде ара жанұясын, арапакетін қайдан, қалайсатыпалатынды,олардыараныңүйі-үйшіккесалып ұстайтынымызды білдік. Бірақ аралар əкелген гүл шірнесін, гүл тозаңын қайда салып, қалай өңдейтінін, аналық араның ұрпақтарды өсіру үшін жұмыртқасын қайда салатынынан əлі бейхабармыз. Соны осы тақырыпта жазылғандарға мұқият көңіл бөлсек түсінікті болады. Жұмысшы аралар үйшігіне таситын суын, жинаған гүл шірнесі мен гүл тозаңын, ал аналық ара жұмыртқасын салу үшін, үйшігінің ішіндегі ағаш рамкаларға жапсырылған балауыз жапырақшаларына, өздерінің бездерінен балауыз шығарып, сол балауыздан ұяшықтар тоқиды. Ол ұяшықтарды қазақша КƏРЕЗ орысша СУШЬ-СОТЫ деп атайды. Кəрездіңұяшықтарының ішіндегүлдерден алып келген шірнесін салып, оныбалға, əкелген гүл тозаңын ара нанына айналдырып өздеріне азық есебінде жасап, балауызбен бетін жауып, сүрлеп жинайды. Аналық ара кəрездің ұяшықтарына жұмыртқа салып одан жас ұрпақтар шығарады.Кəрездер; табиғи кəрез жəне жасанды кəрез болып екіге бөледі. Бал аралар тарихында кəрез рамкадан бұрын пайда болған.

(№ 28 сурет)(29- сурет)(№30-сурет)

Ертеде, ормандағы шіріген ағаштардың өзектерінде аралар үйшік жасап, (оны дупло деп атаған № 28 сурет) солардың ішіне тікейтіп сиырдың тіліне ұқсас етіп балауыздан кəрез тоқып, (№ 29- сурет) соның ұяшықтарына жейтін азығы бал мен ара нанын (перга) салып, аналық ара жұмыртқасын салып ұрпақтарын-дернəсілдерін өсіріп, өздері тағам ретінде қоректеніп өмір сүрген. Қолға үйреткеннен кейін де араларды жуан ағаштардың ортасын ойып үйшік жасап сонда ұстағандықтан кəрезді жабайы кезіндегідей омарташының көмегінсіз аралар табиғи түрде өздері тоқитын болған. Мұндай кəрездерді жоғарыда айтылғандай табиғи кəрездер деп атайтыны сондықтан. Бірақ, үйшіктері бітеу (№ 30-сурет) болғандықтан омарташылар аралардың жəне ұрпақтарының тыныс тіршілігін көздерімен көре алмағандықтан, бітеу үйшіктің ішінде аралардың не істеп жатқанына дұрыс бақылау жасай алмаған. Табиғи кəрездерді үйшіктен шығарып онда жиналған балды алу қиындық тудырған. Сондықтан табиғи кəрездерді «омыру» (Башқыр мен татар көне тілінде «омыру»-

«опыру»-деген қазақ сөзінің мағынасын берген) арқылы үйшіктен шығарып балын алған. Омарта деген сөз де «омыру» деген сөзден шыққан екен дегенді ескі көз қариялар айтып отыратын. (Орысша қазақша сөздіктерді (справочниктерді) қаншама ақтарсамда, «омарта» сөзінің қайдан шыққан түп тамырын таба алмадым.)

Алла Таһала, адамға ақыл, түйсік, сана-сезім, ойлау қаблеттерін бергендіктен аралармен жұмыс жасаудың жеңілдету жолдарын, олардың беретін өнімдерін көбірек жинап алуға адамдар өмір бойы ізденісте болған.1814 жылы орыстың білгір омарташысы Петр Иванович Прокопович (№31 сурет) дүние жүзі бойынша бірінші болып рамкалы ара үйшігін жасап шығарған. Жаңадан жасаған ара үйшігі төрт бұрышты қақпағы өз алдына алынып салынатын, алдыңғы қабырғасында дөңгелек болып ойылған араның ұшып шығып қайта кіретіндей есігі бар кəдімгі қазақтың сандығына ұқсас

етіп жасалған. Оның ішіне салатын төрт бұрышты ағаштан рамка жасап, соған қолдан жасалған балауыз жапырақшасын (вощина) жапсырып ара үйшігіне тік салып, аралардың кəрез тоқу жұмысын жеңілдетуге көп жаңалық ашқан.

(№ 31- сурет)

Міне, Петр Ивановичтің Прокоповичтің тапқырлы- ғының арқасында омарташылар екі ғасыр, яғни 2000 жыл бойы рамкалы ара үйшігін пайдаланып келеді. Оның кереметі сонда омарташының жұмыс жасау əдіс тəсілі жеңілденіп, ара үйшігінен рамкадағы тоқылған кəрездерді алып-салуға, ондағы аралардың жинаған өнімдерін, дернəсілдерін, аналық ара мен жұмысшы аралардың қалай жұмыс жасауындағы

тыныс тіршіліктерін үнемі бақылап тұруға жəне араларға омарташының қандай көмек жасау керек екені туралы жұмыс түрлері көп жеңілдетілген.

 Адамның көмегімен рамкаға жапсырылған балауыз жапырақшаларына аралардың тоқыған ұяшықтарын жасанды кəрез деп атайды. Табиғи кəрезден гөрі рамкалы жасанды кəрездің ұяшықтарына аралар балды да, гүл тозаңын да көп жинайды. Аналық ара да жұмыртқаны көп салады. Сондықтан П.И.Прокоповичтің ойлап тапқан рамкалы үйшіктерінің негізінде əртүрлі өзгерістер енгізіп омарташылар бүгінге дейін рамкалы кəрездерді қолданып жүр. Бір сөзбен айтқанда рамкасыз жасанды кəрез болмайды. Кəрезсіз аралар өніп өспейді, жинайтын өнімдері де аз болады.

 Жаңадан омарта ұстаймын деп талаптанушылар алғашқы жылы кəрездің тапшылығы ара жанұясын өсіріп-көбейтуге бірінші қолбайлаушылық болатынын естерінен шығармауы керек. Ондай жағдайды мен өзімнің басымнан өткізгендіктен айтып отырмын. Əрқайсысы 10 рамка-кəрезден тұратын 3 бал ара жанұясын сатып алғанымнан кейін оларды көбейтіп өсіру үшін кемінде 30 кəрез (сушь) керек болды. Ондай дайын кəрез қоры бірінші жылы менде болмады. «Жолы болар жігіттің жолдасы шығады алдынан» демекші менің ұстаздарым Михил Степаныч пен Алексей Ивановичтің көмектері көп тиді. Менің омартам солардың омартасының жанында орналасқандықтан кəрезден тапшылық көріп жүргенімді байқаған олар, кейде ескілеу кəрездерін сыиға тартып, кейде олардан қолдануға жарамды кəрездерді сатып алып жүрдім. Ұстаздарымның көмегімен рамкаларды өзім жасап, оларға жасанды балауыз

жапрақшаларын өзіміздің дүкеннен сатып алып жапсырып ара үйшіктеріне салып араларға кəрез тоқытуын да үйрендім. Енді сол жұмыстарды қалай істегенімді жəне болашақ омарташы боламын деп талаптанушыларға рамка мен кəрезді қалай жасау керек екені туралы түсініктеме бергенді жөн санадым.

 «Көз өзіне сенеді, құлақ біреудің сөзіне сенеді» демекші оқырман көзімен көрсін, сонда тез түсінетін шығар деген ойыммен рамка мен кəрездің жасалу барысындағы жұмыстар процесін суреттер арқылы көрсетіп, түсіндіруге тырыстым. Енді соған көңіл аударайық;

№ 32-суретте ағаштан жасалған рамканың қаңқасы мен оның мм, көлемі көрсетілген. Сондағы көлем-өлшемінен ауытқымай, қыйсық- қыңыр, олпы-солпы болмағаны жəне əр бөлшегі жақсылап жонылғанын аралар жақсы қабылдайды.№ 33-суретте көрсетілгендей рамканың қаңқасы дұрыс болу үшін "рамка лекало» дейтін станогіне рамканың бөлшектері салынып оларды шегемен қағып бекітіп құрау процессі жүргізіледі. (Рамка-лекалоны суретіне қарай отырып қолдан жасап алуға бролды) № 34-суреттегідей үшкір біз қолданылып екі қабырғасынан сым өткізілетін тесіктер тесіледі.

№ 35-суреттегідей тесіктер арқылы рамкаға жуандығы 0,4-0,5мм, тот баспайтын сым тартылады. Сым бос болмай қатты болып тартылуы шарт. Рамканың бөлшектері қисайып кетпей түзу төрт бұрышты формасы сақталып дұрыс істелсе оң нəтиже береді. № 36-суреттегі жасанды балауыз жапырақшасын № 37-суреттегі арнайы жасалған тақтайшаға балауыз жапырақшасын салып, тақтайшаның аяқтарына рамканың жоғарғы планкасын төңкеріп ұстап тұрып, сол планканың астынғы жағына балауыз жапырақшасын № 40-суретте көрсетілген

«таптағыш құралын» пайдаланып таптап жапсырып, содан кейін сым тартылған рамканы жасанды балауыз жапырақшасын салған тақтайшаға жапқан кезде, тақтайша рамканың ішіне кіріп тұруы керек. Сол балауыз жапырақшасына сым тартылған рамка тығыздалып, рамкадағы тартылған сымдар тақтайшаның үстіндегі балауыз жапырақшасына бір келкі жапсырылған кезде, тартылған сым балауыз жапырақшасын кесіп кетпеуіне өте назар аударған дұрыс болады.

32- сурет

33- сурет

34- сурет

35- сурет

36- сурет

37- сурет

38-суреттекөрсетілгендей

таптауышқұралмен

таптап

рамканыңсымдарынбалауызжапырақшасынажақсылап

батырғаннан соң № 39-суреттегідей дайын болғаннан кейін, жаңадан

жасаған

рамканы ара

үйшігіне салып араларға

кəрез тоқытуға

беріледі. № 40- суретте таптауыш құралдың қандай екені көрсетілген.

.

38- сурет

39- сурет

40- сурет

Аралар

кəрездің бетіндегі ұяшықтарын алты

бұрышты етіп төрт

түрге

бөліп

тоқиды. Бірінші түрі

аналық араны, екінші түрі

жұмысшы араларды, үшінші түрі еркек араларды шығаруға арналса, төртінші түрі солардың араларын бөліп тұратын ұяшықтар болады. Аталған ұяшықтардың айырмашылығы көлем жағынан өзгешелінеді.

Өмірде жаңару мен ескіру қатар жүретіні сияқты кəрездер де

жаңару

мен ескіру процессінен өтеді. Жаңа

балауыз жапырағынан

жасалған кəрез

ақ түсті болады. Кəрез қолданысқа

енгеннен кейін

қарая бастайды. Екі рет ұрпақ шыққаннан кейін түсі ашық қоңырға айналады. 15 рет ұрпақ шыққаннан кейін кəрез қарайып кетеді жəне

ұяшықтарының

көлемі азаяды. Ұяшықтың алты бұрышы

жоғалып

дөңгелек пішінге айналады. Одан шыққан ұрпақтары да кішкене жəне əлсіз болады. 12-15 рет ұрпақ шыққаннан кейін кəрезді ара үйшігінен

алып ерітіп одан балауыз жасаған пайдалы. Соған байланысты гүлден алым көп алынып жатқан кезде уақытты өткізіп алмай дер кезінде араларға жаңа кəрездерді тоқытып алу омарташының миынан шықпауы керек, демек ұмытпағаны жөн болады.

 Рамка арқылы кəрез жасау былайша қарасаң оңай сияқты. Бірақ жасай бастаған кезде есте сақтайтын жағдай оның əр бөлшектерінің көлемін бұлжытпай жасауға тырысу керек. Егер рамка қисық жасалса, балауыз жапырақшалары да дұрыс жапсырылмайды соған байланысты аралар балауыз кəрезін дұрыс тоқи алмайды. Ондай кəрез керексіз болып қалады. Гүлдерден алым басталған кезде ара үйшігіне жаңа балауыз жапырақшасы жапсырылған рамкалар салынуы керек, сол кезде аралар кəрезді жақсы тоқиды. Бал арасын бағып өсіремін дейтін талапкердің кішкене болса да шеберханасы болса жұмысына өте тиімді болады. Жоғарыда көрсетілген ара үйшіктерін, рамкаларын тағы да басқа омартаға керек заттарды өзінің жасауына мүмкіншілік туғызады.

 Рамкалы-кəрездердің бір неше түрлері болады, ол ара үйшіктерінің ішкі көлеміне сəйкестендіріліп жасалынады. Негізінде қазіргі кезде Қазақстан омарташыларының қолданып жүрген рамкаларын үш түрге бөлуге болады. Олар; қалыпты ара үйшіктерінің рамкалы-кəрездері, көлемі-435х300 мм. Көп қорапты (көп қабатты) үйшіктердің рамкалары, көлемі- 435х230 мм. Қосымша қондырғылардың (магазиннің) рамкалары 435х145 мм. көлемде болып келеді.

 Рамкаларды үйшіктерге орналастырудың да ережелерін дұрыс сақтаған кезде ғана аралар көп өнім береді.

41- сурет 42- сурет

№ 41-суретте көрсетілгендей үйшіктердің ішіндегі кəрездердің рамкаларының жоғарғы планкаларының ортаңғы жерлерінің бір бірінен қашықтығы 37,5 мм, соған байланысты аралар жүретін көше кеңдігі 12,5 мм, болу қажет. Кəрездің (рамканың) екі жақтауымен ара

үйшігінің алдыңғы артқы қабырғаларының арасы 7,5 мм, жоғарғы жағы 10 мм, кəрездің төменгі планкасымен үйшіктің табан түбінің арасы 20 мм, болғанын сақтау қажет екендігін № 42-суреттен қарасаңыз түсінікті болады. Демек, жоғарыда көрсетілген көлемдер дұрыс сақталса аралардың үйшік ішіндегі рамкадағы кəрездердің ұяшықтарына кедергісіз барып жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызады. Бір жерден екінші жерге көшу кезінде де кəрездердің көшелерінің арасының дұрыс орналасуы жоғарыдағы суреттердегі кеңістікте сақталмаса кəрездер біріне бірі жабысып аралар қырылып қалуы мүмкін. Сондай жағдайға ұшырамас үшін мен өз тəжірибемде көшердің алдында кəрездердің рамкалары қозғалмас үшін арасына № 43-суреттегідей ағаштан сына қыстырып шеткі рамканың жанына бөлімше тақтайшасын (диафрагма) қойып оның иығын жіңішке шегемен шегелеп көшіп жүрдім. Мұндай əдіс көшу кезінде аралардың қауыпсіздігін сақтауға көп көмегін тигізіп жүрді.

№43- сурет

Кəрездер ара үйшігінің ішінде жыл маусымының өзгеруіне байланысты азайып-көбейіп тұрады. Ол үйшіктегі аралардың санына байланысты. Көктемде қыстан шыққан аралар аз болғандықтан, жаздың соңғы күндерінде гүл алымы бітіп қысқа ара жанұясын қомдауға байланысты кəрездер үйшікте аз болады. Гүлдерден алым көбейе бастағанда үйшікке

кəрездер көп қойылады. Жаз айларында ара үйшігінде кəрездер жазатайым аз болғанда жұмыртқа салуға орын болмағандықтан аналық ара жұмыртқа салуын азайтып, кейде тіпті тоқтатады. Сондықтан аралардың тыныс тіршілігін бақылап кəрездермен араларды қамтамасыз етіп ретке салып отыру омарташының ұқыптылығы мен іскерлігіне байланысты.

 Қысқа қарай ара жанұясын қомдаған кезде үйшіктен алынған артық кəрездер арнайы кəрезханада сақталуы керек. Кəрезхана таза, құрғақ болғаны жөн. Кəрездердің ылғалдан көгеріп кетпеуін, моль жеп қоймайтындай етіп сақтау қажет. Кəрезханада тесік саңлау болмағаны абзал, бірақ ауа кіріп алмасып тұратындай жиі сым торлармен торланған винтиляция болуы қажет. Əуесқой омарташы кəрезхананың орнына арнайы жасалған шкафқа кəрездерді орналастырып сақтай алады. Мен арнайы шкаф жасап кəрезді сонда сақтап жүрдім.

 Омартаға ең керекті зат – кəрез. Сондықтан кəрездің қоры неғұрлым көп болса, бал арасын өсіріп көбейтуге, олардың өнімдерін мол алуға мүмкіндік береді.

Пысықтау сұрақтары

    • Рамка дегеніміз не? Рамка қалай жасалады?
    • Рамкалардың неше түрі болады?
    • Рамканың сыртқы, ішкі көлемі қанша?
    • Рамкаларды ара үйшігіне қандай көлемде орналасыру керек?
    • Үйшіктіңішіндегіорналастырылғанрамкалардыңара қашықтығы (көшелері) қандай болуы керек?
    • Кəрез дегеніміз не?
    • Кəрез қалай жасалады?
    • Кəрездің араларға не үшін керегі бар?
    • Кəрез неше санатқа бөлінеді?
    • Балауыз жапырақшасы дегеніміз не?
    • Балауыз жапырақшасы рамкаға қалай орнатылады?
    • Кəрездің ұяшықтары неше түрге бөлінеді?
    • Кəрездер ара үйшігінде қай кездерде азайып, қай кездерде көбейеді?
    • Аралар қай кезде кəрезді жақсы тоқиды?
    • Кəрездердің ұяшықтарын аралар неше бұрышты қылып тоқыйды?
    • Кəрездердің ұяшықтары неше түрге бөлінеді?
    • Кəрездер қанша ұрпақтарды шығарғаннан кейін жарамсыз болады?
    • Кəрездерді қайда, қалай сақтауға болады?

20. Бал арасының биологиясы

Бала арасының сыртқы құрылысы туралы жалпы мағлұмат.

Бал арасын бағамын деп талпынған адам оның биологиялық құрылысын толық білмесе де, араның сыртқы жəне ішкі құрылыстарынан хабардар болуы өте қажет. Өйткені сол арқылы аралардың гүлдерден шірне мен тозаңын жинауға денесінің қай мүшесін пайдаланатынын, гүл шырынын балға, гүл тозаңын ара нанына қалай айналдыратынын, ара желімін қалай жинап, балауызды денесінің қай жерінен шығаратынын, одан кəрез тоқитынын білмеген адамға бал арасын бағу оңайға соқпайды. Былайша айтқанда алғашқы

кездегі мен сияқты қараңғы бөлмеден қара мысықты іздегендей күй кешуі мүмкін.

44- сурет. Араның жалпы құрылысы.

Бал арасы басқа жəндіктерге қарағанда қолға үйретілген бунақденелі жəндіктердің бір түрі. Басқа жəндіктерге қарағанда бал аралары адамға күнделікті өміріне пайда- ланатын керекті өнімдерді табиғи жолмен өсімдіктерден жинайды. Бал арасын бағамын деп талпынушы- ларға араның сыртқы жəне ішкі құрылыстарының кейбір керекті жерінен қысқаша мағлұмат беруді кітабіма кіргізіп отырмын.

Араның денесі үш бөліктен тұрады; 1-ші басы, 2-ші кеудесі, 3-ші құрсағы.

Араның басы.

Араның басында сезім мүшелерінің басым көпшілігі орналасқан. Солардың ішінен арнайы аталатын еттұмсығы мен көздері, иіс сезу мұртшалары. Басының төменгі бөлігінде еттұмсығы-аузы орналасқан. Аузы жоғарғы жəне төменгі жақтарға бөлінген. Еркек аралардың жақтары онша жетілмеген. (№ 45 суретте; а) аналақтың, б) жұмысшы в) еркек аралардың бастарының айырмашылықтары көрсетілген.) Аналық араның жақтары жақсы жетілген жəне жақтарының шетінде өткір тістері орналасқан. Оны тостағаншадан жас аналық болып шығарда қақпағын кеміруге, қайшы ретінде пайдаланады. Одан басқа үйшіктің ішінде жаңа шыққан «бақталас» аналық араларды өлтіруге жұмсайды. Жаңадан бір мезгілде бір неше жас аналық аралар тостағаншасын (маточный мисочкасын) жарып шығады. Солардың ішінен ең күшті деген біреуін ғана таңдап жұмысшы аралар алып қалып, басқаларын өлтіріп тастайды.

 Жұмысшы аралардың еттұмсығындағы төменгі жақтары мен төменгі ерні бірігіп гүл шырңынын жинауға арналған. Шірнелер көбінесе гүлдің орталығында орналасады, ал гүл күлтелерінің ортасы шетіне қарағанда əрқашанда неғұрлым қою келеді. Жұмысшы аралардың еттұмсығы аналық пен еркек аралардың еттұмсықтарынан ұзын болады. Сол ұзын еттұмсықтарын пайдаланған жұмысшы аралар ғана гүлден шірне жинап үйшікке əкеліп, сондағы араларға беріп, олар шірнені балға айналдырады. (29-т.)

45- сурет

Араның басында екі ірі күрделі (фасетті) жəне үш қарапайым көздері орналасқан. Екі күрделі көздері басының екі жағында қозғалыссыз, ал қарапайым көздері бастың төбесінің алдынғы бөлігінде үшбұрыш болып орналасқан. Күрделі көздер

үйшіктің ішінде жарық аз болған жағдайда жұмыс істейтін аралар үшін аса маңызды. Аралардың күрделі көздерінің тағы бір ерекшелігі гүлдің орталығын тез тауып шырындарға жақын қонуға ықпал жасайды. Қарапайым көздер тəулік мезгілінің өзгеруін, яғни таңның атқаны, түс мезгілімен, күннің батқаны туралы т.т. белгі береді. Аралар көк, ақ, жасыл, сары сияқты негізгі түстерді анық айырады. Адамдар айырмайтын ультракүлгін сəулелерді аралар ерекше түс ретінде қабылдайды. Жоғарыдағы көрсетілген бояулардың түрін жақсы айыратын болғандықтан үйшіктерді, сары, жасыл жəне ақ түсті бояумен, нуклеустердің аралар ұшатын есіктері əр қабырғасында болғандықтан əр қабырғаларын, əр түсті бояу түрімен бояса аралар өз үйшіктерінің тұрған жерін адаспай тез табады. Жас күтуші жұмысшы аралар жұтқыншақ бездерінен сүт шығарып, сонымен дернəсілдерді аналық араны тамақтандырады.

Аралардың сезім мүшелерінің бірі –Иіс сезу.

Араларда екі жұп мұртшалары (антеналары) басының алдыңғы бөлегінде, бас қалақанының жоғарғы жиегінде орналасқан. Солар арқылы иісті тез сезеді. Иіс сезу аралардың қорек көзін табатын құралының бірі болып саналады. Араның денесін жауып тұратын хитин деп аталатын теріге ұқсас жұқа қабыршақта кішкене тесіктерді жауып тұратын саңлау тақталары бар. Иісі бар зат саңылауы бар тақталарға түсіп тітіркену (белгі) арқылы иіс сезу пайда болады, сол кезде ол иіс араның орталық жүйке желісіне

жетеді.Араның басы желке, өңеш арқылы кеудемен жалғасып жатады.

Араның кеудесі:

Араның кеудесі төрт сегменттен тұрады; 1-ші алдынғы кеуде, 2-ші ортаңғы кеуде, 3-ші артқы кеуде, 4-ші құрсақпен жалғасатын жері проподеум-деп аталады.

 Кеуденің төменгі жағында үш жұп аяқтары бар. Алдыңғы, ортаңғы, артқы кеудеделердің төменгі тұстарында екі-екі аяқтан орналасқан. Аталған аяқтары жүруден басқа да көп жұмыстар атқаратынын да еске сақтап білу артық емес. Атап айтқанда;-алдынғы екі аяқтарында қысқа жəне ұзын көптеген қатты қылшықтар орналасқан. Қысқа қылшықтар жұмысшы араның көзіне жабысқан гүл тозаңын тазалауға, ұзын қылшықтар денесіне жабысқан гүл тозаңын жинауға жəне тозаңнан аузы мен мұртын тазалауға арналған.-артқы екі аяқтарының тізесінің сыртқы жағында шұңқыр себет (корзиночка) орналасқан. Ол жинаған гүл тозаңын салуға арналған. Сілекей қосылғандықтан домалақталған гүл тозаңы түсіп қалмас үшін себеттің аузының шетінде жауып тұратын көптеген серпінді-созылмалы ұзын қатты қылшықтар орналасқан.-ортаңғы екі аяқтарының тізесінен төменгі жерінде «өкше тырнақ». (шпора) орналасқан, сол арқылы артқы аяғының себетіне салып əкелген домаланған гүл тозаңын кəрездің ұяшықтарына түсіреді.

 Араларгүлдердің шырыны мен тозаңын, ара желімі мен су əкелу үшін ұшып жүреді. Соған байланысыты кеудесінің арқа тұсында екі жұп қанаттары орналасқан. Алдыңғы екі қанаттары артқы екі қанаттарынан ұзын болады. Ұшқан кезде алдыңғы екі қанаттарындағы қатпарларына артқы екі қанаттарында орналасқан ілгектері ілінеді де тұтас қанатты құрайды. Аралар жүксіз ұшқан кезде сағатына 60-65 шақырым жылдамдықпен, ал толық жүгімен ұшқан аралар сағатына 20-25 шақырымдық жылдамдықпен ұшады.

Араның құрсағы;

Аналық ара мен жұмысшы аралардың құрсақтары алты бунақтардан тұрса, еркек аралардың құрсағы жеті бунақтан тұрады. Құрсақтың барлық бунақтары өзара «хитин» деп аталатын целулоза-тері іспетті қабыршағымен қапталып, құрсақтың көлемін созылмалы-үлкею жəне жиылмалы-кішірею өзгерістерін қамтамасыз етеді. Мысалы араның гүл шірнесін жинаған кезде жемсауының шірнеге толуы, артқы ішектің нəжіске толуы, тыныс алуы тағы басқада өзгерістерге

байланынысты араның құрсағы созылып-үлкейіп, шірнені үйшіктің ішіндегі «сіңілеріне» берген соң, жəне нəжістен босанғаннан кейін құрсақтың бунақтары бірінің ішіне бірі кіріп кішірейіп отыруына байланысты аралардың көлемі бірде үлкейіп, кейде кішірейіп отыруы да сондықтан.

Араның құрсағында ас қорыту, зəр шығару, қан айналым, тыныс алу, шырын жинайтын жемсау сияқты мүшелері бар. Жұмысшы аралардың құрсағында балауыз шығаратын айна сияқты пластинкалары жəне құрсағының ең соңында шағатын бізгегі орналасқан.

 Аналық ара мен еркек аралардың құрсағында балауыз шығаратын айна сияқты пластинкалары болмағандықтан олар балауыз шығармайды жəне кəрез тоқи алмайды.

Аналақ араның құрсағында бізгек болғанымен ол тек бізгегін

«бақталас» аналық араларды өлтіруге қолданады. Адамды аналық ара шақпайды.

 Еркек араларда бізгек болмайды, сондықтан олардың шағуға мүмкіншілігі жоқ.

 Жұмысшы аралар ғана бізгегімен өзінің жауларын шағу арқылы қорғану қасиетіне ие болады. Жұмысшы аралар адамның талма жерінен; құлағының түбінен, тамағының, қолтығының астынан, шабынан көп шағады. Өйткені адамның аталған мүшелерінен тер- қоңыс иісі көбірек шығады. Ара шағысымен ол өліп қалатыны жоғарыда жазылды. Адам денесі де араның шаққанына, ара уына үйренеді. Одан қорықпау керек. Ғалымдардың тұжырымдарына сенсек, ара əр шаққан сайын адамның денесіндегі бір раковый клеткасын құртып жібереді. Омарташының денесі ара уына үйреніп кеткені соншалық, егерде оны жылан шағып алса оның уы оған дарымайды екен.

 Араның сыртқы көрінісінің сипаттамасы жалпы алғанда осындай.

Пысықтау сұрақтары;

  • Араның денесі неше бөліктен тұрады?
  • Араның басында қандай мүшелері орналасқан?
  • Аналық, аталық,жұмысшы аралардың еттұмсықтарының айырмашылығы неде?
  • Араларда неше көздері болады?
  • Аралар иісті қандай мүшесімен сезе алады?
  • Аралар қандай бояу түрлерін ажырата біледі?
  • Араның кеудесінде қандай мүшелері орналасқан?
  • Аралардың неше аяқтары бар? Оларды не үшін қолданады?
  • Араларда неше қанат болады? Олар қай кезде бір тұтас қанатқа айналаады?
  • Аралар қандай жылдамдықта ұша алады?
  • Ара құрсағы неше бунақтан құралады?
  • Аралардың құрсағында қандай мүшелері орналасқан?
  • Не себепті жұмысшы аралар кейде үлкен, кейде кіші болып көрінеді?
  • Аралардың қайсысында бізгек болады, қайсысында бізгек болмайды?
  • Балауызды қандай аралар шығарады?

21. Аналық араның негізгі істейтін жұмыс түрлері

 Аналық араның басты міндеті ара ұрпағының санын өсіру мақсатында бір жылдың 8-9 айларында кəрездердің ұяшықтарына жұмыртқа салумен айналысады. Жұмыртқа салуды ақпан айынан бастап, күздің суық түскен кезіне,қазан-қараша айларында тоқтады. Аналық аралар тəулігіне 1000-нан 2000-ға жуық, бір бал жинау маусымында 150 мыңнан 200 мыңға дейін дейін жұмыртқа салады. Бір жұмыртқаны 40-46 секунд уақаттың ішінде №46-суреттегідей кəрездің ұяшықтарының ішкі қабырға жағына салады. (Н.Л.Буренин, Н.Г.Котова.6-бет).Ұяшыққасалғанжұмыртқаларыжылдың маусым кезеңдеріне байланысты екі түрге бөлінеді. Біріншісі ұ р ы қ т а н ғ ан (оплодотворенные) жұмыртқалар, олардан ұрғашы аралар (жұмысшы аралар мен аналық аралар) екіншісі; ұ ры қ т а н б а ғ а н (неоплодотворенные) жұмыртқалар, одан еркек (аталық) аралар өсіп шығады.Ұрықтанған жұмыртқадан аналық ара мен жұмысшы ара өсіп шығады. Айырмашылығы тамақтандыру режімінде. Жұмысшы араны аналық сүтшемен 3 күн ғана, содан кейін өмір бойы балмен тамақтандырады. Аналық араны балаң құрт болғанынан бастап өмірінің соңына дейін аналық сүтшемен тамақтандырады. Соған байланысты аналық 5 жыл өмір сүреді, ал жұмысшы ара жазды күні алым кезінде 35-37 күн, қыстың күні 5-6 ай бойы өмір сүреді де, одан кейін ағзалары тозғандықтан үйшіктің ішінен ұшып шығып далаға барыпөліпқалады.(Жаратылыстыңтылсымкүшіəдейі

жасағандығынан аралар үйшіктің ішінде емес сыртында өлетіні, үйшіктің ішінің қалтқысыз таза (стирильный) қалпын сақтау мақсатын орындау үшін жасалғандығында. Еркек (аталық) араларды күздің күні үйшіктен далаға қуып шығып өлтіретіні де сондықтан.)

№46-сурет

 Ара санының өсу қарқыны сол ара жанұясындағы аналық араның əлсіздігі мен күштілігіне байланысты. Тəулігіне 2000 жұмыртқа салатын аналық араның жанұясы күшті,тəулігіне 1000 жұмыртқа салатыны орташа, кəрі аналық аралардың жанұясы əлсіз-нашар жанұя болады. Бұның барлығы омарташының күшті

аналық араны өсірудегі жұмыс тəжрибесі, əдіс-тəсілдері мен іскерлігіне келіп тіреледі.

 Аналық аралар 3-5 жылдың аралығында өмір сүреді. (Кейбіреулер аналық араны 6-10 жылдар аралығында өмір сүреді деп жазады. Ол, ылғый өтірік.) Бастапқы екі жыл бойы жұмыртқаны жақсы салады. Екі жылдан кейін жұмыртқа салуды сирете бастайды. Сондықтан екі жылдан кейін жанұядағы аналық араны омарташы жаңа жас ұрықтанған аналық аралармен ауыстырып тұруы қажет. Себебі жасының ұлғаюына байланысты ұрықтанған жұмыртқаларды азайтып, ұрықтанбаған жұмыртқаларды көбірек сала бастайды. Демек, жұмысшы аралардың өмірге келуі азайып, онша қажетсіз еркек аралардың пайда болуы көбейіп кетеді.

 Ұрғашы аралардың қатарына аналық ара менжұмысшы араларда жатады. Аналық араның ғана еркек арамен шағылысуға жыныстық мүшесі жетіліп ара тұқымын-ұрпағын өсіруге бейімді болады. Оның басқа жұмыс жасауға; гүл шырынын, гүл тозаңын, ара желімін жинауға арналған жемсауы (хоботы) кішірек болғандықтан жарамайды. Сол сияқты балауыз шығармайды, басқа да үйшік ішіндегі жұмыстарды жасамайды. Негізгі міндеті жұмыртқа салып араның ұрпақ санын көбейту жəне үйішіктің ішінде болып мыңдаған араларды басқарып жұмыстарын реттеп үйшіктен далаға шықпайды.

Тек, аналық аралар екі жағдайда ғана үйшіктен шығады.

Біріншісі; жаңадан шыққан жас аналық ара еркек арамен шағылысып, жыныс қатынасын жасап, ұрықтану үшін үйшіктен ұшып шығады да, еркек арамен шағылысып ұрықтанғаннан кейін үйшікке қайтып келеді. Толық ұрықтанбаған аналық үйшіктен қайта ұшып шығып тағы бірнеше аталық аралармен жыныс қатынасын жасап толық ұрықтанған соң ұшып кіреді. Содан кейін үйшіктен ұшып шықпайды.

Есептеп қарасаңыз олардың үйшіктен шығуға да мұршасы болмайды. Тəулігіне кəрездердің ұяшықтарына 2000 жұмыртқа салатын аналық ара, бір жұмыртқасын жоғарыда көрсетілгендей 46 секундта салған кезде бір тəулік ішінде үздіксіз 92000 секунд жұмыс істейді. Оны сағатқа айналдырсақ 15,5-16 сағаттың уақытын көрсетеді. Оның үстіне арасында демалуға да, тамақтануға да уақыт керек болады. Салыстырсақ, адам тəулігіне 8 сағат жұмыс істегеннің өзінде шаршадым дейді, ал кішкене жарғаққанатты, бунақденелі жəндік- аналық ара адамнан екі есе көп уақыт жұмыртқа салуы мен қатар мыңдаған жұмысшы аралар мен еркек араларды басқарып, олардың жұмыстарын қадағалап отыратынына қайран қаласың. Бұл оның еңбекқорлығын дəлелдейді.

 Екіншісі; аралардың үйірілімденіп (рой болып) үйшікті тастап ауып-көшуі кезінде болады. Ауып-көшуге дайындалған жұмысшы аралардан құралған үйірілім топтары аналық араны мəжбүрлеп, күштеп қысым көрсету арқылы үйшікті тастатып өздерімен бірге алып кетеді. Ол аналық ара үйшікке қайтып оралып келмейді.

 Аналық араның ара тұқымын-ұрпағын көбейту қызметі басқа жұмысшы аралардың көмегі арқылы іске асырылады. Кəрездегі тоқылған алты бұрышты ұяшықтың ішін жұмысшы аралар тазаламаған болса, аналық ара ондай ұяшықтың ішіне жұмыртқа салмай айналып кетіп қалады. Сондықтан жұмыртқа салатын ұяшықтың іші айнадай таза болуы керек. Оны тазалауды жұмысшы аралар міндетті түрде мүлтіксіз орындайды. Аналық ара жұмыртқаны көп салса үйшіктегі араларда жайбарақат жұмыстарын жасап өсіп өркендей береді. Егер аналық ара ауыруға шалдығып, болмаса қартаюына байланысты жұмыртқасын аз сала бастағанын сезген үйшіктегі аралар мазасызданып, ары қарай өмір сүрулері нашарлап, дабыл қағып, жұмыс жасауларын бəсеңдете береді.

(№ 47- сурет)

Аналық ара өліп қалған жағдайда аралар белгілі міндеттелген жұмыстарын жасамай, қайғырып, ызыңдаған дыбыстары нағыз қайғырып жылаған дауыстарға ұқсап, тез арада кəрезге аналық ара шығаратын №47- суреттегідей тостақанын (мисочки маточника) салып жаңадан аналық

араны шығаруға əрекет жасайды.

 Аралар жылауын тоқтатпаған жағдайдан үкілеустегі ұрықталған аналық араны салып үйшіктегі араларды сақтап қалу омарташының

тікелей міндеті. Мен солай істеп жүрдім. Басы артық аналық ара болмаған жағдайда басқа үйшіктегі аналық арасы бар араларға қосу арқылы күшті жанұя жасаған кездерім де болды. Ондай жұмысты жасауға ептілік, ұқыптылық, көзін тауып істеуге іскерлік керек.

№48 сурет

49-сурет

 Араларда тұқым қуалайды. Өзінің үйшігіндегі аналық ара тостағанынан шыққананалық аралар өндіртіп көп

 жұмыртқа сала алмайды. (Жеті атаға дейін үйленуге болмайды деген жаратылыс заңдылығын аралар да сақтайды.) Аналық араның тұқымын жаңарту үшін төмендегі əдістерді қолданады.

 Бірінші əдіс;омарташы басқа омарташының араларындағы беті жабылған аналық ара тостақаншаларын алып келіп үйшіктің орта жерінде орналасқан кəрезге № 48- суреттегідей жапсырып аналық ара шығаруға жұмыс жасауы керек.

 Екінші əдіс; басқа омарташының шығарған жас аналық ұрықтанған арасын сатып алып, аналығы жоқ «жетімдердің» үйшікке салу керек. Бірақ омарташы жаңа аналық араны үйшіктегі «жетім» аралардың тез қабылдап алуына көмек жасауы қажет. Себебі басқа омартадан əкелген аналық араны үйшікке бірден салып жіберсе, оның иісіне үйренбеген «жетім» жұмысшы аралар бірден жабылып шағып өлтіріп тастайды. Сондай жағдайды болдырмас үшін омарташы жаңа əкелген аналық араны арнайы жасалған кішкене жіңішке сыммен торланған №49- суреттегідей қорапшаға аналық араны қамап, ішіне тамақ ретінде жейтін бал толтырып, оның аузын балауызбен бекітіп, əр жерінен иісі шығатындай балауызды тесіп, ұяшықтағы рамкалардың орта жеріне 3-4 күн қояды. Иісіне үйренген үйшіктегі

№ 49-а сурет аралар бетін жапқан балауызды кеміріп, аналықты қораптан шығарып алады. Үшінші əдіс; рамкаға аналақ араны темір сымнан жасалған қақпақшамен № 49-«а» суреттегідей бір екі күн жауып қояды, оның иісіне үйренген аралар қақпақшаның бұрышындағы

балауызды кеміріп аналық араны өздері шығарып алып жұмыстарын жалғастыра береді.

 Қызылорда облыстық Ерікті Омарташылар қоғамында төраға болып істеп жүрген кезімде омарташыларды ұйымдастырып Сочидің жанындағы Адлер қаласынан Карпат тұқымды аналық аралардың əрқайсысын 25 сомнан сатып алдырып жүрдік. (Сол кезде Қызылордадан Алматыға самолетпен бір жағына ғана ұшып бару билетінің құны 25 сом, демек бір аналық араның құнымен тең болатын.) Біздің қоғамның мүшесіСергей Горбачев деген омарташы бар еді. Оның Адлер қаласының тау бөктеріне орналасқан, əдейі карпаттық аналық араларды өсіріп сататын омарта шаруашылығында таныстары болды. Біздің қоғамға мүше болған омарташылар бірігіп жолсапарына жəне қеректі аналық аралардың санына байланысты ақшадай құнын жинап С.Горбачевты самолетпен жіберіп, бір дипломатқа 100-ге тарта аналықты салып алып келетін еді. Ол əкелген карпаттық аналық аралар жұмыртқаны бұрқыратып салатын. Сол əкелген аналық аралардан тұқымын өсіріп бал алып жүрген кездеріміз болды.

(№50-сурет)

Аналық ара басқа араларға қарағанда өте сұлу, үсті-басы таза жылтырап бір орнында тоқтамай жұмыртқа салып жүргені өте қызықтырады. Аналық араның жағдайын жасайтын жұмысшы аралардан құралған бір-аз №50-суреттегідей (ортасында аналық ара) «нөкерлері» болады. Олар аналықты жан жағынан қаумалап, алдын ашып,

артынан бақылап, басын, көзін, денесі мен аяқтарын тазалап, шаң жұқтырмай балмен, сүтпен тамақтандырып, жұмыртқа салатын ұяшықтарының тазалығын тексеріп, дем алып тынығуына жағдай жасап, қаумалап күзетіп жүреді. Сондықтан да болу керек ерте заманда аналық ара туралы «Ара Қаншайымы», «Араның Құдайы» деген ұғым қалыптасқан. Немістер мен ағылшындар аналық араны

«Королева» деп атаған.

 Мен кейде телевизордан үлкен-кішілі басшылардың алды-артын орап жүрген жандайшаптарды көргенде омарта баққаным, аналық ара мен олардың нөкерлерінің іс қимылы мен жүріс тұрысы, еріксіз есіме түседі.

Тақырыптың пысықтау сұрақтары;

    • Аналық ара қандай жұмыртқаның түрінен шығады?
    • Бір ара жанұясында Аналық ара нешеу болады?
    • Аналық араның негізгі міндеті не?
    • Аналық гүлдерден шірне, тозаң жинайма?
    • Аналық Балауыз шығарып кəрез тоқима?
    • Аналық ара бізгегəн қай кезде не үшін пайдаланады?
    • Аналық арасыз жанұядағы аралар өмір сүре алама?
    • Аналық ара жұмысшы аралардың көмегінсіз ұрпақтарын көбейтіп өсіре алама?
    • Аналақ араның нөкерлері болып оған қызмет жасайтын қандай аралар?
    • Аналық аралардың нөкерлерінің қызметінің түрлері қандай?
    • Аналық ара гүл шірнесін, гүл тозаңын жинауға қатысама?
    • Аналақ ара үйшіктен не себепті, қай кездерде ұшып шығады?
    • Аналық ара тəулігіне қанша жұмыртқа салуы мүмкін жəне бір жұмыртқаны қанша уақыттың ішінде кəрездің ұяшығына салады?
    • Аналық ара қанша уақыт өмір сүреді?
    • Омарташы аналық араны қанша уақыттан кейін ауыстыру керек?
    • Аналық ара ауырып, немесе қартайуына байланысты жұмыртқаны аз сала бастаса үйшіктегі аралар қандай күй кешеді жəне қандай əрекет жасайды?
      • Жұмысшы аралардың жасайтын жұмыс түрлері мен тыныс тіршілігі

Бір үйшіктегі жұмысшы аралардың саны жылдың маусымының ауысуына қарай өзгеріп отырады. Дегенмен бір ара жанұясында қанша жұмысшы аралар саны болатынын нақтылап дөп басып айту қыйын. Ғалымдардың айтуынша орташа есеппен жазғы айларда бір күшті жанұясында жұмысшы аралар саны 100-180 мыңның аралығында болады, орташа жанұясында 60-80 мыңдай, əлсіз жанұясында 50 мыңнан аспайды. Күзде салыстырма саны 35-50, 20- 30, 15-20 мыңның шамасында болады-мыс. Мұндай сандарға өз басым онша сене қоймаймын. Үйшіктегі аралар санын бір-бірлеп санау мүмкін емес. Аралар саны көзқызығушылық жағдайда болғанын қалаймын.

 Негізінде омарташылар ара санын безбендеп өлшеп жатпайды. Олар аралардың саны мен салмағын мынандай талғаммен есептейді. Үйшіктің ішінде орналасқан, көлемі 435х300 мм, 24 рамкада толған аралар болса 8-13 кг., ал16 рамка толған ара болса 5-8 кг. салмақ есебінде қабылдайды.

 Жұмысшы аралардың өмір сүру ұзақтығы жазғы уақытта гүл шырыны мен гүл тозаңын, су тасу, ара желімін жинау қарқындылығына байланысты. Алым науқаны кезінде небəрі 35-37 күн өмір сүріп өліп қалады. Себебі үздіксіз алым жинауға күш жігерін аямай жұмыс істеуіне байланысты ағзасы, кейбір дене мүшелері (қанаттары, тұмсықтары, аяқтары т.б.) тез тозып өліп қалады. Олардың орнын жаңадан шыққан ұрпақтары толтырып, үздіксіз жұмыстарын жалғастырады. Қысқа түскен жұмысшы аралар 5-6 ай аралағында өмір сүреді, себебі қыстың күні үйшіктің ішінде жұмыс жасамай шоғырланып бірінің үстіне бірі жатып, жайлап жылжып, үстінгі қабаттағысы астына түсіп, астынғылары үстіне шығып алмасуы арқылы балын жеп, жылылықты сақтайды.

 Жаратушының құдыретімен жұмысшы аралардың жасайтын жұмыстарын əдейі кестеге (графикке) кіргізіп, уақыт санын өлшемдеп, белгілеп, істейтін əрекеттерін міндеттеп, уақытында бұлжытпай орындайтын етіп заңдастырып қойғанына қайран қалмасқа болмайды.

 Жұмысшы аралардың істейтін жұмыс түрлері үйшіктің ішіндегі жəне үйшіктің сыртындағы деп екіге бөлінеді. Ендігі жерде ол қандай жұмыстар екеніне назар аударайық;

 Ара үйшігінің ішінде жұмысшы аралардың істейтін жұмыстарының түрлері жаңадан шыққан аралардың ағзаларының өсу-жетілу кезеңіне сəйкес 4 сатыға бөлінген.

 Біріншісі:Жаңадан ғана кəрездің үяшықтарының қақпақтарын жарып қуыршақтан араға айналып шыққан мыңдаған жұмысшы аралардың балалық шақтары болмайды. Бойларына қуат бітісімен үйшіктің ішіндегі жұмыстарды істеуге кірісіп кетеді. Оларға жан бітіп көздерін аша алмай жүрсе де 1-3 күндер аралығында жұмысты өздерінің шыққан кəрездің ұяшықтарының ішіне кіріп алып, оның астын, қабырғаларын айнадай қылып тазалап (нивилирует) аналық араға жұмыртқа салуға, ересек жұмысшы аралардың əкелген гүл шірнелері мен гүл тозаңын, аналық жұмыртқа салуға дайындайды.

Сондықтан бал араларында «балалық шақ» деген өмір кезеңі болмайды. Бұларды ұяшықтарды тазалайтын аралар деп атайды. Екіншісі: 6-11 күндер аралығында жаңадан шыққан жұмысшы аралардың жұтқыншақ сүт бездері жетіліп ашылады. Содан сүт шығырып кəрездің ұяшығында жұмыртқаны жарып шыққан балаң құрттарды 3 күндей сүтпен қалған күндерінде ара наны мен балды араластырған ботқа-каша сияқты затпен тамақтандырады. Жас ұрпақтарынтамақтандыруоңайғасоқпайды.Ғалымдардың зерттеулеріне сенсек бір құртты6 күннің ішінде 8000 рет тамақтандырады екен. Мысалы; бір тəулікте аналық ара 1000 нан 2000 дейін жұмыртқа салатынын еске алсақ, күн құрғатпай сол жұмыртқаларды (1000 əлде 2000) құрт жарып шықты десек, олардың əр қайсысын 6 күн бойы 8000 рет тамақтандыру оңай шаруа емес екені белгілі. Онымен қоса жаңадан шыққан жас бір неше мыңдаған аралар да (1-3 күн аралығында) өте əлсіз болады. Көздері ашылмай тамақ іздеп бастарын жан жағына бұрып жүрсе де, өздері шыққан ұяшықтарды тазалайды. Оларды да осы ересек мыңдаған күтуші- тəрбиеші аралар тамақтандырады. Онымен қоса сүт бездері ашылған аралар аналық араны да тостағаншасында (маточникте) жатқаннан бастап бүкіл өмір бойы сүтпен тамақтандырады. Бұл араларды

тəрбиеші-күтуші аралар дейді.

 Үшіншісі: 12-18 күндері жаңадан шыққан жұмысшы аралардың балауыз шығаратын бездері ашылады. Сол бездерінен балауыз шығарып үйшіктің ішіндегі жаңадан салынған рамкаларға тартылған балауызжапырақшаларына(вощинаға)ұяшықтартоқыпкəрез жасайды. Орташа бал ара жанұясы бір жазда 2 кг. жуық балауыз өндіріп шығарады. Жаз бойы, əсіресе шірне алымының басталып біткеніне дейін кəрезді жас аралар жақсы тоқиды. Сондай уақытты жіберіп алмай омарташы кəрез тоқуға жұмысшы араларды дұрыс пайдаланса ұтымды болады. Негізінде бал өнімін жинаумен қатар омарташы жаз бойы кəрез қорын тоқытуға тырысу керек. Балауыз шығарып кəрез тоқитын араларды- құрылысшы аралар деп санайды. Төртіншісі:18-21күндерімыңдағанжұмысшыаралар күзетшілік қызметке кіріседі. Үйшіктің есігінің алдында тұрып басқа үйшіктерден келген араларды кіргізбейді. Тек, күн райы қолайсыз болып (жаңбыр, тұман, дауыл) гүл шірнесі мен гүл тозаңын алып өзінің үйшігіне жете алмай келген бөтен үйшіктегі жұмысшы араларды кіргізеді. Ұядағы жиналған балды ұрлықшы аралардан

қорғайды. Үйшіктен гүл шірнесі мен гүл тозаңын жинауға кеткен жұмысшы аралардың қайтып келгенін есепке алып тексеріп тұрады. Олар үйшікке бос келсе қайтарып жібереді. Екінші рет бос келсе тағы қайтарып жібереді. Үшінші рет бос келсе үйшікке кіргізбей сол жерде басын кесіп тастайды. Бірақ мұндай жағдайлар жиі кездеспейді. Аралар өте еңбекқор болғандықтан бірлі жарым жалқау аралардың басын кесіп тастайды. Мұндай араларды күзетші аралар деп атайды.

 3-21-ші күндері аралығында жұмысшы аралар жоғарыдағы жұмыс түрлерінен басқа да негізгі жұмыстарды үйшіктің ішінде қоса атқарады. Атап айтатын болсақ;

 Бал шайқайтын аралар; Үйшіктің ішіндегі жұмысшы аралар даладан гүл шірнесін алып келген жұмысшы аралардан қабылдап алып, сол шірнені балға айналдырады. (29-т.)

Ара нанын пісіретін аралар;

Үйшіктің ішінде жұмыс істейтін аралар гүл тозаңын алып келген аралардан оны қабылдап алып одан ара нанын жасайды. (30-т.)

Үй сыпырушы аралар;

Жұмысшы аралар өздері тұрған үйшіктің ішін өте таза ұстайды. Үйшіктің ішін тазалап, қоқымдар мен иістенген заттардың барлығын аяқтарында орналасқан қылшық-сыпырғыштармен сыпырып, тұмсықтарымен итеріп өздерінің ұшатын есігі арқылы далаға шығарып тастап ара үйшігі ішінің тазалығын мүлтіксіз қамтамасыз етеді.

Үйшіктің ішін жылытатын аралар;

Ара үйшігінің ішінің жылылығы жаздың күні 34-350С температураны ұстап тұру керек. Қыстың күні үйшіктің ішінде 16-200С сақтайды. Бұл жұмысшы аралар үшін аксиома. Үйшіктің ішінде 80С градус төмен болса аралар суықтан қатып өліп қалады. Сондықтан мыңдаған жұмысшы аралар үйшіктің ішін жылытып тұрады.

Желдеткіш жұмысын жасайтын аралар;

Аралар үйшіктің ішінде тым ыстық болғанын қаламайды. Оқымысты ғалымдардың айтуы бойынша үйшіктің ішінде 380С градус болса беті ашық жəне жабық дернəсілдер-ұрпақтар өліп қалады. 400С градустан асқан ыстықты көтере алмай ересек аралар да қырылып қалады. Сондықтан мыңдаған жұмысшы аралар үйшікке су тасып, қанататарын тоқтаусыз қағып желдетіп ауа температурасын бір қалыпты сақтауға үзбей жұмыс жасайды.

 Ара үйшігі ішінің жылылығы мен суықтығы бір қалыпта болуы омарташының тікелей міндетінің бірі. Омарташы күн райының өзгерістеріне байланысты жылылық ұстайтын жастықшалармен, қамыстан, қоғадан арнайы тоқылған жапқыштармен суық кезде қымтап жауып араларға жағдай жасауды ешқашан ойынан шығармағаны жөн. Сонымен қоса таза ауа кіріп тұру үшін (тіпті қыстың күні болсада) үйшітің қақпақтарына таза ауа кіріп тұратын № 24 суреттің 3-ші түсіндірмесінде көрсетілгендей тесікше-желдеткіш жасап араларға көмектесуі керек. Сонда ғана аралар үйшіктің ішінде бір келкі температураны ұстап тұра алады. Өз басым өзенде, көлде өсетін қоғаны орып алып, кептіріп, солардан жапқыш тоқып пайдаланып жүрдім. Мұндай жапқыштар біріншіден өте жеңіл, екіншіден үйшіктің ішінде ауа алмасуына қолайлы болады. Үшіншіден жылылықты жақсы сақтайды. Төртіншіден жылдың қай маусымында болмасын бір келкі құрғақ болып, көгеріп ылғал тартпайды. Мұндай жапқыштарды қалың қамыстан да жасайды. Оларды жасау қиынға соқпайды.

Жөндеу жұмыстарын жасайтын жұмысшы аралар;

Бал аралары суықтан қорықпайды, бірақ желорайдан (сквозняк) қатты қорқады. Егер үйшіктің бір тесігі болып содан желорай соғып тұрса аралардың құты қашып, қатты мазасызданып, жұмыс жасауға зауқы соқпайды. Сондықтан жұмысшы аралар өздерінің əкелген ара желімімен (прополис) тесіктің бəрін желімдеп соғып тұрған желорайды тоқтатып үйшіктің ішіндегі араларды қорғап олардың бірқалыпты жұмыс жасауына жағдай туғызады. Сол сияқты жаман иіс шығатын нəрсені прополиспен түгел жауып тастайды.

 Қызылорда облысында солтүстік өңірлерге қарағанда көктем ерте басталады. Бірде, ұмытпасам ақпан айының соңы. Күннің жылылығын пайдаланып далада күншуақ-ықтасынға қыстауға қойған ара үйшіктерін ашып аралардың қыстан қалай шыққанын білу мақсатында үстіртін тексеру жүргіздім. Тексеру кезінде бір ара үйшігінің еденінің бұрышы томпиып тұрғанын көріп аршып қарасам прополиспен қапталған өліп қалған үлкен шегірткенің сұлбасы болып шықты. Ол қыс болмай тұрғанда ағаштан жасалған үйшіктің тесік бұрышынан кірген болу керек. Оны аралар жабылып шағып, өлтіріп, сол тесікке тығып үстін қалың қылып ара желімімен қаптап, сасымасын деп бальзамировать етіп тастапты. Мен бұл жағдайды дядя Леша мен Михаил Степановичқа айтқанымда, олар тышқанды да

аралар өлтіріп сасымау үшін бальзамировать етіп тастағандарын көргендерін айтқан еді.

Үйшіктің сыртында жұмыс істейтін аралар;

 21-ші күні жаңадан пайда болған аралар үйшіктің ішіндегі атқарғанжұмыстарынөздерініңсоңынанеріпкележатқан

«сіңілілеріне» беріп үйшіктің сыртында жасалатын жұмыстарына кірісіп кетеді. Олардың негізгі жұмыстары 4 түрге бөлінеді.

 Барлаушы (разветчик) қызметін атқаратын аралар; Барлаушы қызметін атқаратындар 21-34 күндер аралығындағы ересек жұмысшыаралар.Олардыңміндеттерігүлшірнесіменгүл тозаңының қай жерде, қанша қашықтықта, ол гүлдердің көлемі қанша екеніне барлау жасап, соларды тапқаннан кейін үйшікке ұшып келіп

51-суреттегідей неше түрлі би билеулері арқылы ересек жұмысшы араларға хабарлайды. Сол билеу барысында биінің ырғағымен, гүл алқабының көлемі, олардың орналасқан жерінің қашықтығына дейін тұсіндіріп шірне мен тозаң жинауға жұмысшы араларды соңынан ертіп кететін аралар.

№-51- сурет

Барлаушылар үйірілімге айналған араларға уақытша қонақтайтын жерді тауып, соларды ертіп сол жерге алып барғансоң оларға тұрақты қолайлы орын іздестіріп табысымен сол тұрақты жерге үйірілімді алып барып орналастырады. Барлаушы аралар аналық арасы жоқ жетім қалған аралардың үйшіктерін тауып соңынан жұмысшы араларды ертіп сондағы рамкадағы балдарды ұрлауға себепші болады. Олар соны- мен қатар үйірлімденіп ауатын (рой) аралардың

келешек қонатын жерін барлап, анықтап, хабар беретіндер.

Су тасушы аралар;

Бал аралары сусыз үйшіктің ішінде өмір сүре алмайды. Көктемде алғашқы рет қыстан аман шыққан аралар бірінші рет үйшіктен ұшып шығып іштерін нəжістен тазартып келісімен суды қажет етеді. Онымен қоса жаңадан ұрпақ шығарып жатқанда дернəсілдерді өсіру кезінде судың үйшікте болуын қалайды. Ғалымдардың зерттеу жүргізуінің нəтижесінде орташа бір бал ара жанұясы жұмасына 2 литр суды қажет ететін көрінеді.

52- сурет

 Бір литр суды алып келу үшін жұмысшы аралардың жемсауының көлемі (60мг.) үйшіктен 17000 рет ұшып баруы керек. Сондықтан омарташы қыстақтан бал араларын көктемде шығарып омартаны орналастырған жерінен қашықтығы 10 метрдей жерде № 52- суреттегедей

араларға суат жасағаны дұрыс болады. Суаттың суы суық емес жылылау болғанын естен шығармауы керек. Аздап тұзды болғаны да абзал.

Гүл шірнесін таситын аралар;

 Жұмысшы аралардың негізгі жұмысы гүл шірнесін жинау болып табылады. Гүлдің шірнесінен жұмысшы аралар негізгі күнделікті қорегі-азығы балды-жасайды. Қысы, жазы аралар балмен қоректенеді. Жұмысшы аралардың жемсауына сиятын тамақ қоры 84 мг, ал бір шақырым қашықтыққа ұшу кезінде 2-40 мг аралығындағы балды жейді екен. Сондықтан омартаны гүл алаңының жанына жақын орналастыру омарташының ойында болу керек. Алып келген гүл шірелерін үйшіктің ішіндегі жұмысшы аралар қабылдап балға айналдырады. (29-т)

Гүл тозаңын таситын аралар;

Бал араларының екінші қорегі ара наны (перга). Оны жұмысшы аралар аталық гүлдің тозаңынан жинап үйшіктің ішіндегі жұмыс істейтін жоғарыдағы айтылған «нан пісіруші» араларға береді. Содан олар ара нанын жасайды.(30-т)

Ара желімін (проплис) таситын аралар;

Үйшіктің сыртындағы жасайтын аралардың жұмыстарының тағы негізгі бір түрі ара желімін жинау. Ара желімінің қасиеті, оның қажеттілігі «Ара желімі» (Прополис) деген тақырыпта толық қамтылады.(38-т)

Тақырып бойынша пысықтау сұрақтары;

    • Жыл маусымына байланысты бір жанұяда жұмысшы аралардың сандары неге өзгеріп отырады?
    • 1 килограмм салмақты құрайтын аралардың саны қанша болады?
    • Омарташылар ара салмағын қандай талғаммен есептейді?
    • Жұмысшы аралар жаздың күні алым кезінде қанша уақыт өмір сүреді?
    • Қысты күнге түскен жүмысшы аралар қанша уақыт өмір сүреді?
    • Аралардың өніп өсуі неше кезеңге бөлінеді.
    • Жұмысшы аралардың жұмыс түрлері нешеге бөлінеді?
    • Үйшіктің ішіндегі жұмыс түрлері жəне оны қандай жастағы жұмысшы аралар жасайды?
    • Үйшіктің сыртындағы жұмыс түрлері жəне оны қандай жастағы жұмысшы аралар істейді?
      • Еркек (аталық) аралардың істейтін жұмыс түрлері мен тыныс-тіршілігі.

Еркек аралар ара жанұясының уақытша тұрғыны екенін жазғанымыз оқырмандардың естерінде болар. Табиғат заңымен еркек араға жаңа пайда болған жас аналық арамен жыныс қатынасын жасап оны ұрықтандыру міндеті жүктелген. Одан басқа еркек ара ешқандай жұмыс жасамайды, себебі, оның жұмыс жасайтын органдары толық жетілмеген. Гүл шірнесімен, гүл тозаңын, ара желімін жинамайды. Үйшіктің ішіндегі жиналған балды жеуден басқа істейтін жұмысы жоқ. Кейде сол балды жеуге де ерінеді. Соған байланысты оларды жұмысшы аралар жемсауындағы балын беріп тамақтандырады. Онымен қоса қанша ара нанын (перганы) жейді. Аралар олардан ешқандай тамақтың түрлерін аямай береді. Оның бəрін жас аналық арамен жыныс қатынасын жасап ұрықтандырып аралардың жаңадан ұрпағын өсіру үшін жасайды.

 Күздің қатты қарасуығында гүлдер солып, гүл шырынын жинау науқаны бітісімен, қыстауға дайындалу уақытын сезген жұмысшы аралар аналық араның бұйрығы бойынша даладан ұшып келген еркек араларды үйшіктің ішіне кіргізбей, үйшіктің ішіндегілерін біреуін қалтырмай жабылып үйшіктің сыртына қуып шығады. Себебі бір еркек ара 5-6 жұмысшы араның жейтін тамағын бір өзі жейді. Далаға қуып шығарған еркек аралар жейтін балдың жоқтығынан ашыққан, суыққа тонғандықтан үйшіктің алдында бір түнде қырылып қалады. Қыстың күні үйшіктің ішінде еркек аралар болмайды. Жалғыз ғана аналық арамен мыңдаған жұмысшы аралар жанұя құрып тұрып жатады.

 Кейде үйшіктегі ара жанұяларының ішінде əлсіз, əлде ауру аналық ара болса, немесе толық ұрықтанбаған аналық ара емес

«қызтеке ара» (ұрықтанбаған ара) болған жағдайда ғана еркек аралар қыстың күні үйшіктің ішінде қалады да, сол ара жанұясыныңқұрып

бітуіне əкеліп соғады Осындай жағдайды болдырмауға омарташы

«қызтекені» ара жанұясынан аластап, орнына толық ұрықтанған жұмыртқалайтын аналық араны салып, еркек араларды қысқы маусымға үйшіктің ішінде қалдырмауға əрекет жасау арқылы күшті ара жанұясын құрап қыстаққа қою оның басты міндеті.

Пысықтау сұрақтары;

  • Еркек араның негізгі міндеті не?
  • Еркек ара гүл шірнесін, гүл тозаңын, ара желімін жинауға қатынаса ма?
  • Еркек араны қысты күнге үйшіктің ішінде неге қалдырмайды?
  • Қандай ара жанұясында қысты күнге еркек ара қалып қояды?
  • Ондай еркек арасы бар ара жанұясын дұрыстау үшін омарташы қандай шұғыл түрде əрекет жасауы керек?

24. Бал арасының жас ұрпақтарының өсуі қалай қалыптасады?

Жаңадан аралар пайда болу үшін жұмысшы аралар үйшікте орналасқан рамкаларға əдейі арнап балауыздан алты бұрышты ұяшықтарды тоқиды. Оны кəрез (сущь) деп атайды. «Кəрез дегеніміз не?» деген тақырыпта кəрез тоқу барысы толық жазылған. (19-т.)

 Осы ұяшықтарға аналық ара дамыл таппай жұмыртқалар салады. Ол жұмыртқалар екі түрге бөлінетіні жоғарыда жазылды. Біріншісі ұрықтанған, екіншісі ұрықтанбаған жұмыртқалар. Ұрықтанғанынан аналық ара-16, жұмысшы ара-21, ұрықтанбағанынан еркек ара-24тəулік ішінде өсіп шығады.

 Олардың шығатын тəулік санының айырмашылығы аралардың түрлеріне қарай өсу процесіндегі дернəсілдерді тамақтандыру тағамдарының құрамындағы қоспа құндылығына байланысты болады. Аналық ара 16 күн ішінде басқа аралардан бұрын шығатын себебі жұмыртқа салынған күннен бастап оны күтуші аралар тек аналық сүтшесімен тамақтандырады, ал қалған жұмысшы ара мен еркек араларды 3 күннен кейін бал мен ара нанын араластырып ботқа іспетті тамақ қосындысымен тамақтандырады.

53- сурет)

 (Журнал ПЧЕЛОВОДСТВО 2 1990 г. А.И. МУРАВСКАЯ «Управлять развитием пчел» стр. 17-18. Рубрика «Биология пчелинной семьи». Москва ВО

«агропромиздат 1990 г.)

Сочи қаласының жанындағы Молдовка деп аталатын ауылда орналасқан «Асыл тұқымды бал араларын өсіретін шаруашылық» ғылыми тəжірибелік жұмыс жасау арқылы ара түрлерінің жұмыртқадан бастап өніп-өсу процессін түбегейлі зерттеуінің арқасында қанша уақыт ішінде ара болып шығатынын № 53- суретте егжей тегжейлі толық дəлелдеп көрсеткен. Осы суретте аралардың үш түрінің де өсу барысы 6 кезеңге бөлінген. (№53-суреттегі жоғарғы жағындағы көрсетілгенсандар тəулік уақыттарын, төменгі жағындағы əріптермен өсу кезеңдері белгіленген).

Бірінші кезең;

Аналық ара жұмыртқасын кəрездің ұяшықтарының қабырғасына тікейтіп тастап кете береді. 3-ші күні жұмыртқа өсу барысында тор көзшенің түбіне түседі. 3-ші күннің соңында күтуші ара сүт безінен шығарып жұмыртқаға бір тамшы ғана сүт береді. Содан кейін жұмыртқаның қабығы жұмсарып, оны жарып кішкене балаң құрт шығады.

Екінші кезең;

Ол балаң құртты 3 тəулік бойы күтуші ара сүт беріп тамақтандырады. Сүттің құрамында нəруыздың (белоктің) көптігінен құрт 190 есе

болып тез өседі. Содан кейін күтуші ара жұмысшы ара мен аталық араның жұмыртқасынан шыққан балаң құртты бал мен ара нанының (перга) қосындысымен араластырып ботқа (каша) жасап тамақтандырады. Аналық араның жұмыртқасынан шықан құртты өмір бойы аналық сүтшесімен тамақтандырады. Сүйтіп еркек ара шығатын құрт кəрездің ұяшығының ішінде 4-ші күннен 10-шы күнге дейін 7 тəулік жатады, аналық ара шығатын құрт 4-ші күннен 8-ші күнге дейін 5 тəулік бойы жатады, жұмысшы ара шығатын құрт 4-ші күннен 9-күнге дейін 6 тəулікті құрайтын уақыт бойы күн сайын өсіп жатады. Содан кейін «құрылысшы жұмысшы аралар» құрттар жатқан ұяшықтың бетін балауызға бал жəне ара нанын қосып, араластырып, ұсақ тесікті қақпақша етіп жапқан соң бірінші сағатта құрттар қалған тамағын жейді. Одан кейін оларды тамақтандырмайды, тек белсене қозғалыста болады.

Үшінші кезең;

Беті жабық ұяшықтардың ішінде жатып еркек құрт- 3 күн, (11-13 күн аралығында) аналақ құрт-1 күн, (9-шы күні) жұмысшы ара болып шығатын құрт-2 күн бойы (10-11 күндері) піллə тоқиды.

Төртінші кезең;

Еркек араның құрты 14-16 күн аралығында 3 күн, аналық араның құрты10-шы күні- 1 күн, жұмысшы ара құрты 12-13-ші күндері 2 күн бойы қуыршақ қалпына айналуға бейімделе бастайды.

Бесінші кезең;

Еркек ара құрты 17 күннен 23-ші күнге дейін-7 тəулік, аналық араның құрты 11-15 күндердің аралығында – 5 тəулік, жұмысшы ара құрты 14-ші күннен 20-шы күнге дейін 7 тəулік бойы құрттан қуыршаққа айналады.

Алтыншы кезең;

Жұмыртқа салған күннен бастап 24 тəулікте еркек ара, 16,5 тəлік өткен соң аналық ара, 21 тəулік ішінде жұмысшы ара болып ұяшықтың қақпағын жарып шығады.

 Жаратылыстың құдыреті, бал араларының əр түрінің өсу барысын алдын-ала жоспарлап қойғандай өсу уақыттарының мезгілдерін кестемен (графикпен) белгілеп жалғастырып қойған. Жаратылыстың мұндай тылсым құпия сырына назар аударғаным соншалық мүлдем жалқаулықтың не екенін ұмытып, аралардың атқаратын жұмыстарына еліктеп, қызығып, еріксіз еңбек етуге

уақытпен санаспай, ауа райының ыстық-суығына да қарамай соған бейімделіпшаршау дегенді білмейтін күйге ұшырадым.

 Жаратылыс заңының ішінде 40 деген санның ерекше орын алатын кездері көп. Мысалы; жаңа дүниеге келген баланы 40-нан шығару. Бақилық болған адамды жерлегеннен кейін қабырынан 40 қадам жерге барып отырып марқұмға арнап бірінші рет құран бағыштау. 40 күн өткен соң ниет етіп ас беру, Шілде айында Үркер жұлдызының жерге түсіп 40 күн жерде болуы, оны 40 күн шілде деп атайтыны, қызға қырық үйден тыю деген сияқты бал арасыныңда 40 күндігі болады. Ол аналық араның жұмыртқа салу күнінен бастап жұмысшы ара болып жаратылып үйшіктен гүл шырынын, гүл тозаңын алуға ұшып шыққан уақыт аралығы 40 күнге тең болады. Омарташының мұны білуі шарт. Мысалы гүл шырынын жинау-басты алым 1-ші маусынан басталса, омарташы алты жұма бұрын, яғни сəуір айының екінші жартысынан бастап аналықтың ұрықтанған жұмыртқалар салуына жағдай жасауы керек.

 Менің бал араларын бағуға деген құмарлығымда шек болған жоқ. Омартаға арнап əдейі журнал ашып, соған аналық араның кəрездің ұяшықтарына жұмыртқа салған күнінен бастап жас жұмысшы аралардың шыққан күніне дейін журналыма тіркеп, тəжірибе жасау мақсатында бақылап отырдым. Бір ғажабы, сол аралар жаратылыс заңымен міндетіне алған жұмыстарын екі етпей, бүгінгі жұмысын ертеңге қалдырмай, бұлжытпай орындайтындығы. Сол кездегі жазған күнделігім, тəжірибе жазбаларым мен бал араларының жұмыстарын бақылайтын журналдарым осы кітапты жазуға арқау болды.

Пысықтау сұрақтары;

  • Аналық араның жұмыртқалары неше түрге бөлінеді, олар қалай деп аталады?
  • Аналық ара қандай жұмыртқадан шығады?
  • Жұмысшы ара қандай жұмыртқадан шығады?
  • Еркер (аталық) ара қандай жұмыртқадан шығады?
  • Жұмыртқа салған күннен бастап неше тəулік ішінде аталық, аналық, жұмысшы ара болып шығады?
  • Үш түрлі аралардың өсу барысы неше кезеңнен құралады?
  • Араның 40 күні дегеніміз не жəне ол аралардың қандай түріне қажет?

25. Аналық ара мен еркек араның шағылысып, ұрықтану процессі.

Бір мезгілде тостағандардын жарып шыққан жас аналық аралар бір ғана емес бірнешеу болуы да кездеседі. Олар бір орнында тұрмай, бір ұяшыққа тұрақтамай, басқа ұяшықтарды аралап жүгірумен қатар шырылдап, шиқылдап дамыл таппайды. Олардың барлығын үйшіктегі аралар қабылдамайды. Солардың ішінен біреуін ғана таңдап алады да, қалғандарын өлтіріп тастайды. Осыдан кейін үйшікте қалған жас аналық ара бұрынғыдай емес тынышталып, шиқылдағандағын қойып, көп жүгіре бермейді. Бірақ бірден жұмыртқа сала алмайды, себебі еркек арамен шағылысып ұрықтанбағанына байланысты. Жас аналық араның жыныстық мүшесі еркек ара мен шағылысып ұрықтануға, тостағаншаны жарып шыққаннан кейін 7-10 күннің ішінде жетіледі. Еркек араның жыныс мүшесі 8-14 күндердің аралығында жетіледі. Жас болашақ аналықтың қарны мен құйрығының қосылған жерінде ерекше аналық араға арналған иіс шығаратын бездері жетіле бастап үйшіктен ұшып шығып еркек аралармен табиғи шағылысу арқылы «қыздық» белгісінен айрылып ана болып ұрықтануға жетелейді.

 Жас аналық пен еркек араның шағылысу кездері үйшіктің ішінде емес, ауада, жерден 40 метр жоғарылықта болады. Жас аналық ара бірінші рет тəңертеңгі уақытта, еркек аралар əлі ұшпай үйшіктің ішінде болған кезде, жаздың жайма шуақ жылы күндерінің бірінде үйшіктен ұшып шығып, адасып қалмас үшін үйшігінің орналасқан жерін айнала ұшып барлау жасап қайтып үйшікке кіреді. Сол күні ауа райы 19 градустан жылылығы төмен болмаған жағдайда 12-мен 17 сағат уақыттары аралығында еркек аралармен шағылысып жыныс қатынасын жасап ұрықтану үшін үйшікті тастап ұшып шығады. Табиғаттың берген қауыпсіздік сезіміне бағынған жас аналық ара зəулім үйлер, телеграф-электр бағаналары мен сымдарына, тоғайларға, тағыда басқада биік құрылыстарға ұрынып қалмас үшін. үйшіктің есігінен бірден ұршықша иіріліп ұшып, тік аспанға 30-40 метр жоғарыға көтеріледі. Содан кейін күннің шығыс бағытына қарай сағатына 40-50 шақарымдық жылдамдықпен аналық ара екенін сездіретін бездерінен айналасына 10 метрлік жететіндей көлемде иісін шығарып ұшады.

 Аспанда топталып ұшып жүрген еркек аралар аналық арадан шыққан иісті сезіп оның артынан қуады. Еркек араның ең күштісі жас

аналық араны қуып жетіп құйрықтарымен құйрықтарын түйістіріп дөңгелек шеңбер сияқтанып № 54-суреттегідей ауада ұшып жүріп 20- 25 минут аралығында шағылысады. Жыныс қатынасын жасап еркек ара аналық араға ұрығын салып ажырасқан кезде, еркек араның

№ 54-сурет

жыныс мүшесі үзіліп аналық араның жыныс мүшесінде қалып қояды да, екеуі айрылысқан соң еркек ара өліп қалады.

 Аналық ара ұясына ұшып қайтып келегенде оның құйрығында ақ түсті еркек араның жыныс мүшесі жабысып жүргенін көрген омарташы жас аналық араның еркек арамен шағылысып ұрықтанғанын содан біледі. Аналық араның құйрығында жабысып жүрген ақ түсті белгіні омарташылар «шлейф» деп атайды. Ұрықтанып келген аналық ара жұмыртқасын 3-4 күн өткеннен соң сала бастайды. Шағылысу, жыныс қатынасы үйшіктен шамасы көп қашық емес жерде де болады. Жас аналық аралар кейде үйшіктен ұшып шығып бірнеше еркек аралармен шағылыса береді. Ол ұрықтану көлемінің мөлшеріне байланысты болады.

 Күннің суығына, жаңбырлы болуына, тағы да басқа қолайсыздығына қарай кейде үйшікте пайда болған жас аналық аралар 7-10 күннің ішінде шағылысуға ұшып шыға алмай қалған кезде шағылысу уақытының өтіп кетуіне байланысты ұрықтануға құмарлық сезімі сөніп қалғандықтан еркек арамен шағылысуға шықпай үйшік ішінде «қызтеке» болып қалады да жұмыртқа салмайды. Ондай «қызтекені» ара үйшігінен уақытылы алып тастап, оның орнына ұрықтанған неғұрлым жас аналық араны басқа омартадан алып үйшікке орналастыру бірден-бір омарташының міндеті деп жоғарыда жазылғанын қайталап еске салу артықтық болмас деген ойдамын. «Қызтекесі» бар үйшіктегі аралар өсіп-

өнбейді, ақырында аналық арасы жоқ болғандықтан бал аралары өмір сүру қаблеттерінен айрылып, быт-шыт болып өліп қалады.

Пысықтау сұрақтары;

  • Жасаналықараныңжыныстықмүшесіеркекарамен шағылысып ұрықтануға неше күннің ішінде жетіледі?
  • Жас аналық ара күннің қай уақыт аралығында еркек арамен ұрықтануға үйшіктен ұшып шығады?
  • Еркек аралар жас аналық араның шағылысуға ұшып шыққанын қайдан қалай біледі.
  • Ұрықтану барысы қанша уақытқа созылады?
  • Еркек ара шағылысып болған соң неге өліп қалады?
  • Жас аналық араның үйшіктен шықпай ұрықтану кезеңін не себепті өткізіп алуына қандай себептер болады. Олар ұрпақ өсіру үшін жұмыртқа сала ала ма?
  • Мұндай жағдайда омарташының жасайтын əрекеті қандай?

26. Гүлден шірне алымының алдында ара жанұясын көбейтудің əдісі.

 Омартадағы жұмысшы аралардың өсу барысында өмірге жас аралар келіп жатса, уақыты жетіп қартайған аралар өліп құрып жататыны жаратылыстың тіршілік заңымен бекітілген. Жаңару, ескіру деген процесс тек бал араларында ғана емес, бүкіл тіршілік иелерінің барлығының басында болатыны жаратылыстың құбылысы. Осы арада бір ғажайыбы сол, қартайған аралардың қай-қайсысы болмасын үйшіктің ішінде емес үйшіктің сыртына, далаға барып өледі. Олардың өлген қаңқасы үйшіктің ішінде қалмайды. Бұл да аралардың тазалықты сақтайтынының бір белгісі екені жоғарыда жазылды. Омарта ұстаймын деген азамат осы жаңару, ескіру заңының талабын естен шығармай жазғы маусым кезінде жұмысшы араларды үнемі өсіріп көбейтуге əрекет жасауды күн тəртібінен түсірмей соған үнемі жұмыс істеу өзінің міндеті екенін естен шығармауы керек. Көктемде ара жанүялары өте əлсіз болады, себебі қыстан шыққан ересек жұмысшы аралардың ағзалары тозғандықтан жаппай өле бастайды. Міне солардың орнын жас аралар басу керек.

 Жұмысшы араларды көбейтудің бірнеше жолы бар. Солардың ішінде омарташылардың көбірек қолданатын əдіс түрлері;

-бір жанұядағы араларды екіге бөліп көбейту;

-нүклеус арқылы ара жанұясын көбейту;

 -бөлініп шыққан ара үйірілімдерін (рой) ұстау сияқты тағысын тағылар.

 Үш жылдың ішінде сатып алған 3 бал ара жанұясын 20 ара жанұясына дейін өсірдім. Ол жеңіл шаруа емес. Менің мақсатым бал жинаудың орнына, ара жанұяларының санын өсірумен қатар сапалы күшті жанұя құру болды. Шүкіршілік. Қолымдағы өсірген ара жанұялары жаман болған жоқ. Бірінші жылы үшеуін бөліп 6 жанұя жасап қыстан аман алып шықтым. Екінші жылы алтауын жаз бойы бөлу арқылы қосымша 8 бал ара жанұясын жасадым. Сонымен сатып алған 3 ара жанұясы 14 жанұяға жетті. Оның үстіне басқа омарташылардан ұшып кеткен 6 үйірілімдерді (ройды) ұстап ара жанұя санын жиырмаға жеткіздім. Сол жылы 20 жанұяның əр үйшігінде қыста қорек ретінде жеуге 25-30 кг. аралығында таза бал қалтырып, одан басқа 4 фляга бал шайқап алдым. Бір фляга балдың салмағы 60 кг. Балды сатумен айналысқан жоқпын. «Бал десең бір, бармақ десең екі кемиді» демекші бір фляга балды жақын ағайындар мен жора жолдастарға тегін таратып бердік, 3 флягі өзімізде қалды. Соның өзін жетістік көрдік. Сол 20 ара жанұясының 6 үйрілімінен құралғаны, бөлу (отводка) арқылы жасаған жанұяларымнан əлде қайда күшті болды. Олар балды көп жинауымен қатар, кəрезді де көп тоқыды.

 Жұмыссыз «ауып» кеткен үйірілімдерді ұстап алып үйшікке салысымен омарташының бірінші міндеті оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін дереу үйшікке бос кəрез рамкаларын салу арқылы жұмысшы араларға бал жинатса, аналық араға жұмыртқа салуын тоқтатпауға жағдай жасайды. Екінші міндеті; жұмыртқадан дернəсілдер пайда болғандықтан үйшіктің ішіндегі күтуші жұмысшы аралар да жұмыспен қамтамасыз етеді.Үшінші міндеті; үйірілімнен құралған араларға балауыз жапырақшаларын жаңадан кəрездерді тоқытуға пайдалану керек. Олар кəрездерді тез тоқиды.Төртінші міндеті; үйірілімдерді үйшікке салғаннан кейін, ұшатын есігін жауып, тездетіп ұстаған жерден 5 шақырым қашықтықтағы гүл алымы көп жерге апарып 4-5 күндей сол жерде ұстап жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жасап жанұя болып құралғаннан кейін ғана омарта басына алып келіп орналастыру керек. Олай жасамаса жақын жерге орналастырса ертеңінде үйірілім ұстаған жеріне қайта ұшып кетеді.

 Сол сияқты бір ара жанұясын екіге бөлгеннен кейін, бөлінген жаңа құралған ара жанұясына да (отводканы) осы əдісті қолданады.

Бұл бөлінген жанұяны міндетті түрде омарта тұрған жерден 5 км. қашықтықа апарып қою керек. Себебі бөлінген аралар (отводка) қайтадан бұрынғы жанұясына барып қосылып үйшік бос қалады.

 Кейде көптеген ара жанұяларын бөлу арқылы (отводка) нүклеуске салып бір неше жаңа ара жанұясын құрайды. Оларды да осы жоғарыдағы əдіспен 5-км. ары қашықтау жерге апарып қондыру əдістерімен жасалынады.

 Күшті ара жанүясын жасауға омарташы ерінбей жалықпай жұмыс жасағанда ғана қол жеткізе алады. Бұл күрделі жұмыс болғандықтан көп оқып ізденісті талап етеді. Мысалы; Бір күшті ара жанұясын екіге бөлшектегенде одан қанша рамкадағы беті жабық, беті ашық дернəсілдерді, қанша балы бар, пергасы бар рамкаларды жаңа құрап жатқан ара жанұясының үйшігіне салу керек, онымен қоса жаңа құралатын жанұяға қанша жас күтуші үйшік ішінде жұмыс жасайтын аралармен, үйшіктің сыртында гүл шырыны мен гүл тозаңын таситын ересек аралардың көлемін (сатып алған ара жанұясы, əлде ара пакетіндегі мөлшеріндегідей) анықтап орналастыру омарташының іскерлігіне байланысты. Себебі жаңа жанұяда тек жас тəрбиеші аралар ғана болса, гүл шырынымен тозаңын таситын сыртта жұмыс істейтін жұмысшы аралар болмаса, үйшікте бал мен ара наны болмағандықтан жаңа ара жанұясы дұрыс өмір сүре алмайды.

 Бұл жұмыстарды кешкі уақытта сырттан жұмысшы аралардың үйшікке қонақтауға келген кезінде жасап, үйшіктің ұшатын есігін жауып омартадан 5 км. қашықтыққа көшіріп алып кету керек. Жаңа жерге орналастырғаннан кейін бір-екі сағат ұшатын есіктерін ашпай жолда жүріп келгендегі мазасызғанықтарын бастырып келесі тəулікте күн найза бойы көтерілген кезде үйшіктің (нүкілеустің) ұшатын есігін бір араның ұшып қайта кіретіндей етіп аздап қана ашып қою керек. 4-5 күн ішінде жаңадан құралған ара жанұясы болып қалыптасқаннан кейін қайта омартаға көшіріп алып келінеді.

 Жаңа жанұяны салатын үйшігі таза, құрғақ, желдеткіш тесіктері дұрыс орналасқан, кəрез сандары жеткілікті, жылылықты сақтайтын тақтайшалармен, жастықшалармен қымталып жабылуы керек.

 Бұл жұмыстар алғашқы бір екі рет жаңа ара жанұясын жасақтау кезінде қиын болғанымен, кейіннен қол үйренгендіктен онша қиынға соқпайды. Тек ерінбей еңбек ету керек. Əбден үйреніп алған соң жаңа ара жанұясын жасауға зауқың соғып, дағдыланып, оны күшті жанұяға

айналдырып сапалы бал, ара наны, ара желімі, аналық сүтшені алуға өзіңнен өзің еріксіз жұмыс жасайтын боласың. Бал арасын бағу адамға бір тылсым ғажайып дүние, оған шын ниеті мен ықыласын берген адам шаршауды білмейді.

Пысықтау сұрақтары;

  • Ара жанұяларын қандай жолдармен көбейтуге болады?
  • Бір ара жанүясын екіге бөлу қандай əдістермен жасалады.
  • Ара жанұясын нүклеус арқылы жасақтап көбейту жолдарының əдістері қандай?
  • Бөлу арқылы құраған жаңа жанұяны (отводканы), үйірілімді ұстап құрастыру кезіндегі, нүклеуске салған жаңа ара жанұясын 5 шақырым жерге алып кетудің себебі неде?
  • Ондай ара жанұяларын омартаға неше күннен кейін əкеліп орналастыруға болады?
  • Жаңадан құрастырылған ара жанұяларын салатын үйшік қандай болуы керек?

27. Үйірілім (Рой) дегеніміз не? Ол қай кезде, қандай себептерден пайда болады?

Бір бал ара жанұясынан топқа бөлініп, екінші бөлек ара жанұясын құрып, үйшікті тастап ұшып жаңа қоныс іздеп көшіп (ауып) кететін араларды Үйірілім (орыс тілінде Рой) деп атайды.

Аралар үйірілімді көктемнің екінші жартысына таман еркек аралардың дернəсілдері шыға бастағанда, күн жылынып гүлдер гүлдеп алымның жаңа басталған кезінде құра бастайды. Үйірілім пайда болардың алдында аралар кəрез қабырғаларына 10-15 үйірілім тостағаншаларын мына № 55-суреттегідей көптеп сала бастайды. Бұл аралардың омарташыға «үйірілім құрамыз» деген бірінші

«қоңырауы.»

(№55-сурет)

Екінші, үйірілім құруға ынғайланған топтағы аралар қатты мазасызданып, аналық араның арқасына шығып, маңайына жиналып, шоғырланып, аналықтың алдына шығып жол бергісі келмей, сілкініп-қалтырауық қимыл көрсетеді. Қоршауда қалған аналық ара кəрездің кез келген кездескен ұяшықтарына (таза болмаса да) жəне қабырғадағы үйірілім

тостағаншаларына жұмыртқа сала бастайды. Міне осы екі жағдайды омарташының білуі шарт.

№56-сурет№57-сурет№58- сурет

 Осыны білмеген омарташы үйірілімді ұшырып алады. Үйшіктегі қалған аралар жетімсіреп быт-шыт болып аналық арасыз өмір сүре алмай құрып бітеді. Себебі ауып-көшуге дайындалған жұмысшы аралардан құралған үйірілім топтары аналық араны мəжбүрлеп, күштеп, қысым көрсету арқылы үйшікті тастатып өздерімен бірге алып кетеді. Ол аналық ара үйшікке қайтып оралмайды.

 Ара үйірілімінің салмағы 7-8 кг. болады, онда 50-60 мың аралар болады, олардың жемсауында 2-3 кг. аралығында бал болады, соны ауа райы бұзылған кезде 8 күн жеуге жаратады. Үйірілім болып ұшып кеткен аралар омартадан қашық емес жерге, №56-суреттегідей көбінесе талдардың басына, №57,№58-суреттегедей самолеттің, автокөліктің жартастың қуысына, тіпті үйдің еденінің астына,т.т. желорай (сквозняк) соқпайтын өздеріне ұнайтын жерге уақытша қонады. Негізгі тұрақты орын іздеп кеткен барлаушы (разведчик) араларды сол жерде күтеді. Барлаушы аралар үйірілімнің негізгі тұрақты орнын іздеп тауып, соған жол сілтеп алып барады. Үйірілімдер бұрынғы үйшік тұрған омартадан кейде қашық емес, кейде 8-10 км. жерге барып қонақтауы мүмкін. Олар ауып көшкен кезде шоғырланып, қара бұлт сияқты, кейде құйынға ұқсап сағатына 15-20 шақырымдық жылдамдықпен ұшады. Оларды қуып жетуге болмайды. Сондықтан омарташы үйірімдегі топтағы араларды уақытша қонған жерінен ұстап алып қалуы керек.

 Оларды қалай ұстау керек? Үйірілімді ұстайтын арнайы құралы болады. Ол құрал № 59-суреттегідей рамка тасымалдайтын жəшікке ұқсайды, қолдан жасап алуға қиыншылық тудырмайды. Оны əркім əр түрлі етіп жеңіл болу үшін фанерден жасайды. Орысша

«роевня» деп атайды. Мен оны «үйірілім ұстайтын жəшік» деп атап

жүрдім. Төменгі жағында, əлде қабырғасында аралардың ұшып шығып қайтакіретін есігі болады.

59- сурет

Осы құралдың (жəшіктің) ішіне балауыз жапырақшалары тартылған екі-үш жаңа рамканы салып үйірілім қонақтап тұрған ағаш бұтағының астына жақын ұстап тұрып, бұтақты 2-3 рет тез сілкіп-сілкіп жіберіп «үйірілім ұстағыш жəшікке» түсіріп жерге қойса, аналық жəшіктің ішіне түскен болса біраз уақыт ішінде барлық аралар жəшікке кіріп тынышталады. Егер аналық

жəшікке түспеген болса, аналық ара қалған жерге аралар қайта шоғырлана бастайды.Сол шоғырдың ішінен аналықты тауып, №60- суреттегідей басқа аралармен бірге жалаңаш қолмен уыстап алып жəшікке салу керек. Одан қорқуға болмайды. Үйірілімдегі топтасқан аралар шақпайды. Себебі ұшардың алдында аралар жемсауларын балға толтырып алғандықтан бұлшық еттері жұмыс істемей, у шығара алмай қалады.

(№ 60- сурет)

Жəшікке түскен үйірілім тынышталған соң ұшатын есігімен қақпағын жауып омарта басына апармай саяжайға апарып, ұшатын есігін ашып қойса өз алдына бір жанұя болып қалыптасып кетеді. 3-4 күн өткен соң омарта басына əкеліп сол жəшігінде 2-3 күн ұстап, содан кейін № 61-суреттегідей ысталған, таза үйшікке салып орналастыру керек. Сол кезде басқа үйшіктерден керегінше беті

ашық, беті жабық дернəсідері бар, бал мен пергасы бар рамкалардағы араларын қағып түсіріп үйшікке салып ұсталған үйірілім топтарындағы араларға жұмыс тауып берсе, олар тез өсіп, күшті ара жанұясы болып, балды жəне басқа да өнімдерді көп жинайды.

61-сурет

Мына № 61 суретте ұсталған үйірілімді жаңа үйшікке салу сəті көрсетілген. Үйрілім ұшып кеткен кезде сол үйшіктің ішінде үйірілімнің тобына қосылмаған біраз аралар қалады. Онымен қоса беті жабық жəне беті ашық дернəсілдер де қалады. Бірақ оларды басқаратын, жұмыртқа салатын аналық ара жоқ. Сондықтан омарташының уақыт күттірмейтін басты жұмысы жаңадан жас

ұрықтанған аналық араны салу. Оны нүклеустен алып сала ма? Басқа ара жанұясынан беті жабылған аналық араның тостағаншасын сала ма? Ол омарташының іскерлігінде. Қайтседе үйшікте қалған араларды өлтіріп алмай, олардан жақсы ара жанұясын құрау омарташының мойнында.

Аралардың үйірілім құрауының себебі неде?

Оған төмендегі жағдайлар ықпал етеді;

  • Қыстан жақсы шыққан аралардың бойларына қуат бітіп, күшті ара жанұясына айналып, үйшіктің ішіндегі ара ұясының (гнездосының) тарлығы қатты əсер еткендіктен басқа кеңірек қоныс (үйшік) іздеу сезімі пайда болуы.
  • Үйшіктің ішіндегі кəрездердің аз болуы жəне ондағы ұяшықтарының бəрі бал мен ара нанына жəне дернəсілдерге толып бос ұяшықтарының болмауы. Сондықтан аналық араның жұмыртқа салуының тоқтата бастағаны.
  • Аналақ араның жұмыртқаны аз салып, дернəсілдерінің аздығынан үйшіктің ішіндегі күтуші-жұмысшы аралардың жұмыссыз қалуы.
  • Үйшіктің желдеткіші аз болып, ара ұясының іші тым ысып кетуі.
  • Кəрездердің бос ұяшықтары болмағандықтан гүл шірнесін, гүл тозаңын салуға орынның жетіспеушілігінен, жоқтығынан, жұмысшы аралар алымды жинауға шықпай қоятындығы. Тағы басқа да себептермен ара үйірілімі құрылады.

Өз басым аралардың үйірілім тостағаншасын салғаннан-ақ аралардың үйірілімге дайындалып жатқанын сезіп оларды үйірілімге жібермеуге төмендегідей əрекет жасайтын едім. (Қолдан келгенше ара жанұясындағы араларды үйілімге жібермеу керек.)

  • Араларды кішкене тарлау 10 рамкалық үйшіктен кең 16-20

рамкалық жатаған үйшікке салып ауыстыратынмын.

  • Кəрі аналық араны жас аналық арамен ауыстырып жүрдім.
  • Беті ашық, беті жабық дернəсілдер аз болса басқа күшті ара жанұяларынан 2-4 кəрездердің ұяшықтарына толған дернəсілдерді салып тəрбиеші-күтуші жұмысшы аралардың жұмыс жасауына жағдай жасайтынмын.
  • Онымен қоса жаңадан балауыз парақтары тартылған рамкаларды салып үйшіктің ішіндегі жас құрылысшы жұмысшы араларға жаңадан кəрез тоқуға беріп, оларға да жұмыс тауып беріп жүрдім.
  • Қоймадағы сақтаулы тұрған бос кəрездерді үйірілімге дайындала бастаған үйшіктерінің ішіне салып, ара ұясын (гнездосын) кеңейтіп үйшіктің сыртында жұмыс істейтін жұмысшы аралардың гүл шірнісі мен су, гүл тозаңын жинап əкелуге, аналық араның жұмыртқа салуына жағдай жасауымның нəтижесінде үйірілімге топталған араларды жұмыспен қамтамасыз ету арқылы күшті ара жанұясын жасап жүрдім.

Мен мұндай жұмыс əдістерін бірден жасап кеткен жоқпын. Басында ара үйірлімдерін омартамнан ұшырып алған кездерім де болды. Оларды іздеп жүріп тауып қайта алып келіп, үйшікке салып күшті ара жанұясын құрайтын едім. Омартамнан ұшып кеткен үйірілімдерді іздеу барысында басқа біреудің омартасынан ұшып кеткен үйірілімдерді ұстап алып келіп омарта санын көбейтіп жүрдім. Омартама бара жатқан, одан қайтқан кездерімде автокөлігімді жүргізіп келе жатып бір көзім жолда болса, бір көзім тоғайларға қонақтап қалған үйірілімдер бар жоғын қарауда болатын. Лəпсі шіркінді қойсаңшы, үйірілім ұстайтын арнаулы жəшікшемді де автокөлігімнің артына салып бірге алап жүретінім əдетке айналды. Осының бəріне омарта ұстауға мүлдем беріліп қызығушылығым мен күнделікті ерінбей-жалықпай ізденуім арқасында қол жеткіздім.

 Қайталаймын. Аралардың үйірілім құруының басты себептері үйшіктің ішіндегі, сыртындағы жұмыстарды жасайтын жұмысшы аралардың жұмыссыз қалуы. Соларға уақытында жұмыс жасауына жоғарыдағыдай жағдай жасау менің негізгі күнделікті міндетіме айналды. Ондай жұмысты алдын ала жасамасаң үйірілімді ұшырып алып, ұстазым М.С.Гудыменко айтпақшы «бос «жəшікті» құшақтап қаласың.» Жоғарыда жазғанымдай Мəскеуден шығатын

«Пчеловодство» журналының көп көмегі болғанын айтпай кетуге болмайды. Оның əрбір санында «Страница пчеловода-любителя» деген арнайы бұрышында əуесқой омартышылар əр түрлі тақырыпқа

өздерінің тапқырлық тəжірибе жұмыстарының жетістіктерін қысқаша тұжырым ретінде жазатын еді. Мен, бал арасын бағу мен күтуге арналған жазу дəптерімнің беттерін əрбір тақырыпқа арнап (ара ұрпақтарын өсіру, ара үйірілімі туралы, араларды қыстаққа қалай қою тағы да басқа тақырыптарға) бөліп қойып соған пчеловодство журналында жазылған мақалалардың керекті жерлерін жазудан жалықпадым. Мысалы; Сол дəптерімнің «АРА ҮЙІРІЛІМІ» деген тақырыпқа арналған бетінде «Пчеловодство» журналының 1990 жылғы (қазан айындағы) № 10 санынның 29 бетінде Ресейдің Псков қаласында тұратын омарташы С.Н.Исаковтың «Уроки цебро» деген мақаласынан мынандай үзіндісін жазыппын.

 «Однажды в июне, когда день уже кланился к вечеру, стал осматривать семью и обнаружил зрелые маточники. Ясно, что вот-вот должен выйти рой, а я, как назло, торопился; надо было срочно уезжать. Обратно вернуться мог только через неделю. Но и оставлять семью в роевом состоянии не хотелось. Короче, нужны было принимать какие-то экстренные меры. Смотрю, недалеко от ульев лежит куча опилок. Набрал ведро опилок, снял с магазина холстик и высыпал их сверху прямо на рамки. Накрыл гнездо холстиком, поставил на улей крышку и уехал. Перед отъездом оглянулся; вижу, пчелы из улья стали активно вылетать, причем не налегке, а с грузом-с опилками; они приводили гнездо в порядок. Через неделью приезжаю на точек, (на пасеку К.Ж.) сразу же к этому улью, и что вы думали? Семья из роевого состояния вышла.»

 Міне байқасақ, омарташы бұл жерде үйірілімге топталған араларға жұмыс тауып беруінің салдарынан үйірілімді ұшырмай, қайтадан орнына келтіріп, ара жанұясын үйірілімге жібермей сақтап қалған. Осыдан кейін мен де осы тəсілді қолдану үшін бір қапқа толтырған опилканы омартамның басына қажет болып қалама деген ойыммен апарып, дядя Леша мен Михаил Степанычтың күркесінің жанына қойып, жаңбыр тимесін деп үстін жауып жатқанымда, олар менен «бұл не?» деп сұрады. Мен журналдағы мақаланы оқып бердім. Сонда Степаныч тұрып «естімеген елде көп» деген осы екен- ау, біз сені үйретеміз десек, сен бізді үйрететін болдың ғой» деп күлді. Алексей Иванович «көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген қағиданың дұрыс екенін Кəрім бізге дəлелдеді. Енді опилкаңды керек бола қалса бізге де қолдануға бола ма?-деді. Мен- базар жоқ-дедім

( 62- сурет)

Пчеловодство журналының тағы бір санында əуесқой омарташы өзінің қолдан жасаған үйірілімдерді ұстайтын кішкене жəшікшелердің (ловушка) ішіне ескі кəрездерді, балауыз парақтары жапсырылған рамкаларды салып тоғайда өсетін талдардың басына іліп қойып үйірілімдерді ұстауға пайдаланатынын жазыпты.

 Оны да жасап басқа омартадан ұшқан үйірілімді ұстап ара жанұясын жасаған кездерім болды. № 62-суреттегідей жəшікшелерді (ловушкаларды) мамыр айының аяқ кездерінде тоғайға іліп қойған дұрыс нəтижесін береді. Оған дейін іліп қойса құрт, құмырысқалар кіріп кəрездерді бүлдіреді. Ондай жерге үйірілім қонбайды. Үш жылда өсірген 20 ара жанұясының біразын үйірілімдерді ұстау арқылы жасадым.

Пысықтау сұрақтары;

  • Үйірілім (Рой) дегеніміз не?
  • Ол қай кезде пайда болады?
  • Ара жанұясындағы аралардың үйірілім құруына басты себеп неде?
  • Үйрілімұшып(ауып)кетпесүшінқандайжұмыстарды омарташы жасауы керек:
  • Үйірілімді ұстауға қандай құралды пайдаланады?

28.Араның денесіндегі бездерінің қасиеті.

 Кітап оқырмандарының ішінде «араның бездері» туралы несіне жазып отыр-деп ойлайтындары да болуы мүмкін. Омарта туралы кітəптар мен журналдарды оқыған кезімде ондай ойлар менде де болған. «Ара денесіндегі бездері» деген тақырыптардан аттап өтіп, оқымай, көңіл аудармаған кездерім болды. Бірақ, аралар балды қалай жинайды деген сұраққа жауап таба алмай жүрдім.Ұстаздарым Алексей Иванович пен Михаил Степанычтар да ондай сұрағыма,

«аралар балды өздері жасайды ғой»-деген жалпылама жауап беріп жүрді. (кейін білдім олардың да аралардың балды қалай жасайтын процессінен түсініктері жоқтығын).

 Бірде,«Пчеловодство» журналында жарияланған «Ара бездерінің қандай қасиетері бар» деген мақалаға көзім түсіп кетіп оқысам, «аралар балды қалай жасайды» деген көптен іздеп жүрген менің сұрағыма ойда жоқ жерден жауап таптым.

 Біз біле бермейтін жаратылыстың таңқаларлық құпия сырлары көп қой. Сондай құпия сырлар «ара бездерінде де» болады екен. Кішкене ғана «ара» деп аталатын жəндіктің ағзасына жаратушы 30- дан аса бездерді сыйлапты. Сол бездердің құдыреті арқылы бал аралары өмір тіршіліктерін жалғастырады екен. Солардың ішінен 10 шақты бездерінің қасиетін келешек омарта ұстаймын деп талпынып осы кəсіппен айналысамын деген үміткерлердің назарында болсын деген ниетіммен осы кітабыма кіргізіп отырмын.

 Омарташылар дайындайтын қысқа мерзімді курста дəріс бергенімде əрбір тақырыпты түсіндіру үшін оқушыларыма алдымен сабақтың тақырыбын дəптерлеріне жаздырып, содан кейін əңгіме ретінде (əліппені оқытқандай етіп) ежіктеп түсіндіретін едім.-деп жоғарыда жазылған еді. Ауылдан келген оқушыларым жазудан гөрі ауызша əңгіме есебінде түсіндіргенімді тез ұғып ойларында жақсы сақтайтын. Осы тақырыптан сабақ бергенімде бір күтпеген жағдайға тап болдым.

 -Бүгінгі талқылайтын тақырыбымыздың аты «Араның бездері туралы»-деуім мұң екен, бірінші партада отыратын Жалағаш ауданынан келген Н.Аманов деген оқушым;

 -Қареке! Бізге араның бездерінің не керегі бар, одан да аралардың балды қалай көп жинайтындығы жөнінен көбірек сабақ берсеңізші-дегені. Оның сөзін қуаттап-иə, иə, сол дұрыс қой, араның бездерінің бізге не керегі бар-дегенді тағы екі-үш оқушыларым қолдағандай болды. Мұндай қарсылық осыған дейін оқушылар жағынан болмаған еді.

 ...Мен облыстық Ішкі істер басқармасында қылмысты ідесіру бөлімінің (отдел уголовного розыска, қазір оны «Убойный отдел» деп атап жүр) бастығы болған кезімде Н.Аманов Жалағаш ауданында менің қарауымдағы инспекторым болып істеген еді. Кейін зейнетке шыққан. Совхоз қаржысы арқылы омарташы дайындайтын курсқа келген. Бұрынғы қызметтес болғанымызды пайдаланып, басқа оқушылардың алдында өзін еркін ұстайтындығын көрсеткісі келетіндігін сездім. Өйткені «Қареке»-деп мені курсанттарымның біреуі де атаған емес-тін.

 Біраз үнсіздіктен кейін назарымды соған аударып, -Жолдас Аманов! Бұдан кейін «Қареке, Əбеке» дегенді қояйық. Менің атымды дұрыс айтқандарыңызды қалар едім, бұл бір. Екінші; мен оқытушымын, сіздер оқушымсыздар, əрқайсымыз өз орындарымызды

білгеніміз жөн болады! Үшінші; егер аралардың бездерінің қасиеттерін білмесеңіздер аралардың қалай бал жинайтынын, ара ұрпақтарының өсіру процесстерін қалай білмексіздер? Төртінші; сіздерге менің берген сабағым ұнамаса, керек болмаса, орындарыңыздан тұрып ауылдарыңызға қайта берулеріңізге болады - деп аралық қашықтығын сақтағым келді. Олай жасамасаң ауыл адамдарының мойныңа «мініп» алатын əдеті бар ғой. Кластың іші су сепкендей тына қалды. Тыныштықты мұғалімдік қызметін істей жүріп, осы омарташылар даярлайтын курсқа бал арасын бағуды үйренемін деп алыстағы құмның ішіндегі ауылдан өзінің еркімен келген Ж.Ыбраев орнынан тұрып «Жолдастар!»деп орнаған тыныштықты бұзып сөзін ары жалғастырды. «Жолдастар! Біз қыдыруға, ойнауға, уақыт өткізуге келгеміз жоқ. Оқытушымыздың берген сабағын алумыз керек. Кəрім Жұмағалиұлы біздің білімдеріміздің əр деңгейде болғандығын ескере отырып сабақты ежіктеп, əліппені оқытқандай дəріс беруде, соған рахмет айтуымыздың орнына «ондай тақырыптың бізге керек емес дегеніміз қателік! Дұрыс емес»-деді. Оның сөзін қостаған да, қостамаған да оқушыларым болған жоқ, бəрі үнсіз, жауап қатпады. Мен жай басып Н.Аманов отырған партаның жанына келдім де:

 -Осының алдында № 22,24-тақырыптарды талқылағанда, аналақтың салған жұмыртқасына 3-ші күннің соңында күтуші- тəрбиеші жұмысшы ара бір тамшы ғана сүт береді. Содан кейін жұмыртқаның қабығы жұмсарып, оны жарып кішкене балаң құрт шығады. Оған үш тəулік бойы күтуші ара аналық сүтшесін беріп тамақтандырады-деп түсіндіргенім естеріңізде болар. Ал енді сол сүтті жұмысшы аралар қайдан алады? Кəне қайсың жауап бересіңдер?-деп Амановқа қарадым. Біреуінде үн жоқ!!!

 -Оған жауап бере алмайсыздар, себебі мен бүгін сол тақырыпты түсіндірмекшімін,-деп сабақ беруді жалғастыра бастадым.

    • Араның жұтқыншақ безі туралы;

Араның жұтқыншақ безі оның басында, жұтқыншақ тұсында орналасқан. Сондықтан да болар оны жұтқыншақ безі деп атайды. Жұтқыншақ безі тек жұмысшы араларда ғана болады. Мұндай безден жас күтуші аралар сүт шығарып, сонымен дернəсілдерді, аналық араны тамақтандырады. Аналық ара мен еркек араларда жұтқыншақ бездер мүлдем болмайды. Жұтқыншақ безі екі тармаққа бөлініп жүзімнің жемісіне ұқсас болып келеді. Көлемі 2х2 мм. Оның белсенді

(активность) құндылығы аралардың жасына, жылдың маусымдық кезеңіне жəне кəрездердегі беттері ашық дернəсілдердің шама- шарқына байланысты болады. Жаңа шыққан жұмысшы араларда бірінші күннен-ақ жұтқыншақ бездері пайда бола бастайды. 3-ші күні сол бездерінен сүт шығарады. Оның нағыз қарқынды белсенді құндылығы 7-10 күндер аралығында болады да, 25-ші күні сүт шығаруды тоқтатады. Бұл жұмысты одан ары қарай олардың мыңдаған жаңадан шыққан сіңілілері жыл бойына ауысып жалғастыра береді. Егер үйшіктің ішіндегі кəрездер ұяшығында жеткілікті түрде ара наны (перга) болмаған жағдайда жұмысшы аралардың жұтқыншақ бездері сүтті шығара алмайды. Осы жағдайды ара өсіретін омарташылардың білуі өте қажет, дер кезінде жоғарыдағы көрсетілген тамақ түрін жеткілікті етіп жинауға жұмысшы араларға жағдай жасау үшін. Жұтқыншақ бездерінен жеткілікті түрде сүт шықпаса жұмысшы аралар дернəсəлдерді, аналық араны, еркек араларды, тіпті өздерін тамақтандыра алмай аралардың өсіп өну процессі тоқтатылады.

    • Жоғарғы жақсүйек бездері (мандибулярная железа)

 Араның басындағы жоғарғы жақ сүйегінде орналасқан дорбашада жиналған бездер (секрет деп аталатын) сірне əлпетті сөл шығаруға арналған. Одан шыққан сөлдер балауызды (воск), ара желімін (прополис) ыдыратып жұмсартуға арналған. Бұндай бездер аналық арада көп дамыған. Жақ сүйегі безінен шыққан сөлдер жұмысшы араның жұтқыншақ безінен тамақтануға берген сүт құрамындағы-нəруызды (белокты) ыдырату арқылы аналықтың ағзасына қорек ретінде тез сіңіруге көмегін тигізеді. Аналық ара өліп немесе жұмыртқа салуға жарамай қалғанын сөлдің иісінің жоқтығынан біліп жаңадан аналық ара шығаруға арнап кəрездің ұяшықтарына келешек аналықтың тостағаншаларын тоқуға əрекет жасайды.

    •  Феромон № 1 (хош иісті сұйық сірне сөлі.)Аналықтың жоғарғы жақ сүйегіндегі бездерден (феромон № 1) деп аталатын хош иісті сұйық сірне-сөл. Сол феромон № 1 деп аталатын сұйық зат аналық араның дене сыртына шығып жағылып тұрады. Оны аналықтың көмекші-свиталары жалап үйшіктің ішіндегі барлық араларға таратады. Соның арқасында аналық араның үйшіктің ішінде жұмыс жасап жатқанын мыңдаған аралар хабардар болып жайбарақат бекітілген жұмыстарын мүлтіксіз жалғастыра береді. Феромонның №

1 тағы бір басты қасиеті жас аналық ара үйшіктің ішінен еркек аралармен шағылысып ұрықтануға ұшып шыққан кезде айналасына 10 метрдей ауаға жайылып, ұшып жүрген еркек араларға шағылысуға шыққаны туралы белгі береді. Сол хош иіс арқылы еркек аралар жас аналықты тауып шағылысып ұрық беру процессіне кіріседі. Əр аналықтың өзіне тəн иісі болады. Сол иіс арқалы үйшіктегі жұмысшы аралар өздерінің аналығын басқа аналықтан тез ажыратады.

    • Араның У шығаратын бездері.

 Араның У бездері үлкен жəне кіші болып екіге бөлінеді. Үлкен У безінің у жинайтын қоймасының (резервуарының) пішіні ұзын жіңішке түтікше болып айыр тəрізденіп екіге бөлінеді. Одан қышкыл сірне-сөл бөлініп шығады. Кіші улы безі қысқа иреңдеген түтікше түрінде болады. Одан сілтілі сірне-сөл шығады. Аналық араның улы безі жұмысшы араның улы безіне қарағанда неғұрлым жақсы жетілген. Аналық араның бізгегі жұмыртқа салу кезінде, улы безден шығарған сұйық сөлінің тамшысымен салған жұмыртқаларының бетін ылғалдап жұқа қабық ретінде жабады. Соған байланысты аналық араның бездері жұмысшы аралардың бездерінен анағұрлым көбірек болатыны да сондықтан. Араның шағу кезінде үлкен жəне кіші бездердің сірнелері-сөлдері араласқаннан кейін ғана улы қасиетке ие болады. Араның үлкен безіндегі у сақтайтын қоймасында (резервуарында) сұйық-сөлдің аз болуына байланысты улық қасиеті төмен болады. Оған кіші бездің сірне-сөлінің қосылғанынан кейін барып улы қасиетке ие болады. Ара өздерінің қауыпсіздігін сақтау ретінде шағу кезінде үлкен безбен кіші бездің сірне-сөлін қосып шағады. Сонда ғана шаққан жерінде у пайда болады. Ара уы-түссіз, жағымды, иісі ащылау, сарғылт түсті сұйық зат.

 Ара шаққан кезде удың ащы иісі бүкіл омарта маңыны жайылып дабыл қаққандай үйшіктің ішіндегі, сыртындағы аралардың шағу əрекетін қоздырып көмекке шақырады. Адамды бір ара шаққан кезде, сол жерге лезде аралардың қара бұлтша қаптап кететіні де сондықтан. Удың химиялық негізгі құрамы болып ақуызды заттар есептеледі. Удың негізгі қасиетін анықтайтын, белсенді əрі маңызды бөлімі болып милиттин деген зат ақуыздың фракциясы есебінде саналады. Сол сияқты удың құрамына құмырысқа, тұз, ортофоспор қышқылдары кіреді. Онымен қоса 1% (құрғақ зат) адамның терісіне шаққан кезде əсер ететін гитамин деген зат кіреді. Химиялық тұрғыдан қарағанда бал арасының уы күркіреуік жыланның уына

ұқсас, бірақ бал арасының уындағы улы заттардың концентрациясы неғұрлым аз болады. Бал арасы уының адам мен жануарлар ағзасына ерекше əсер етеді. Ара шаққанан кейін, адам аз уақыт ауырсынады; шаққан жердің терісінде ақшыл сақина, одан кейін қанды сүйел пайда болады. Бірнеше сағат өткенен соң үлкен ісік болып, ол 2-3 күн бойы сақталады. Безгек ауруы сияқты күй кештіреді. Жүрек қысымының пайда болуына əкеп соғады. Ара бірнеше дүркін адамды шақса адамның басы айналады, жүрегі айныйды, көп мөлшерде терлей бастайды. Содан кейін құсып, іші өтуі де мүмкін. Кейде ондай адамдар есінен танып қалуы да ғажап емес. Əрдайым бал араларының шағуына ұшырайтын омарташыларда бал арасының уына иммунитет пайда болады. Ондай адамдардың денсаулығы күшті болып, ұзақ өмір сүруіне ара уының пайдалы екендігіне шүба келтіруге болмайды.

    • Араның төменгі ерніндегі бездері.

Бұл бездер жұмысшы ара, аналық ара мен еркек аралардың басы мен кеуде тұсында орналасып екі тармаққа бөлінген. Ол бездердің барлық ағымы ара тілінің түбінде орналасып одан шыққан сөлдер тілдің қылшық жүндерін жібітіп, тілді үнемі жұмсарып тұруына ықпал етеді. Онымен қоса осы шыққан сөлдер арқылы аралар қатып қалған балды, ара нанын жұмсартып сору арқылы тағам есебінде пайдалана алады. Сондайақ үйшіктің ішідегі иіс-қоңысы бар қалдықтарды жібітіп тысқа шағарып тастауын жеңілдетеді.

    • Араның балауыз шығаратын бездері.

 Балауыз шығаратын бездер тек жұмысшы араларда ғана болады. Құрсағының 3-6-шы бунақтарының арасында төрт жұп жылтыр тақтайшалар орналасқан.

(№63-сурет)

 Оларды жұмысшы араның балауыз шығаратын айнасы деп атайды. Араның балауыз бөлетін бездері № 63-суреттегідей төрт жұп айнаның бетіне балауызды сұйық түрінде шығарады. Шыққан сұйық зат айнаның бетінде қатады. Содан аралар алып үйшікке жаңадан салынған рамкадағы балауыз жапырақшаларына кəрез тоқиды. Балауыздың химиялық құрамы өте күрделі. Онда 50-ден аса қосындылар кіреді. Аналық аралар мен

еркек араларда балауыз шығаратын бездері болмайды. Сондықтан олар кəрез тоқи алмайды.

    • Араның хош иісті бездері.

 Ол бездер ара құрсағының арқа тұсындағы «тергит»-деп аталатын мүшесінің алдыңғы жағында орналасқан. Олар 500-600 без клеткаларынан құралған. Ол бездер аралар ұшып келіп қонатын кездерінде құрсағының соңғы жерінде ақ нүкте болып көрінеді. Сол кезде қанатын қағу арқылы сол бездерінен хош иіс шығарады. Ондай хош иістер əр ара жанұясында ерекше өздеріне тəн иістері болады. Осы иісті шығару арқылы өздерінің үйшіктерін тауып алуға себепкер болады жəне күзетші аралар сол иіс арқылы өздерінің жанұясындағы аралар екенін бірден біліп, тоқтаусыз үйшікке кіруге жол ашып, кедергі жасамайды. Сол сияқты бір жерден екінші жерге көшкен кезде де өз үйшіктерін адаспай тауып алады.

    •  Араның нəжіс-зəр шығаратын жеріндегі бездері.Ол бездер құрсақтың соңында, құйрығында зəр шығаратын жерінің (заднего прохода) ішкі жағында алты жіңішке сызықшалар орналасқан. Оларды нəжіс шығаратын бездері (ректальные железе) деп атайды. Сол бездерден шыққан сұйық сірне сөлдер жаңадан шыққан жас əлі ұшуға жарамайтын əлсіз аралар мен қыстың күні үйшікте қыстап шығатын аралардың нəжіс пен зəрлерін тоқ ішектің жанындағы

( 64-сурет)

бөлімінде №64- суреттегідей сүрлеп (консервировать етіп) иіс қоңыс шығармайды. Қыстаған аралар, қыс бойы тоқішегінде сүрленіп жиналған №64-суреттегідей нəжістері мен зəрлерін көктемнің алғашқы жылы шуақ күнінің бірінде жаппай үйшіктен ұшып шығып төгу арқылы тоқ ішектерін толық босатады. Ұяшықтарын жарып шыққан

жас аралар да ұшу кезеңіне жеткен кезде үйшіктен бірінші рет ұшып шығып үйшіктің сыртында, сүрленген ішіндегі нəжістері мен зəрлерін шығарып тоқ ішектерін босатады Демек, ректальды бездер үйшіктің ішін таза ұстауға иіс қоңыс шығармауға бірден-бір себепші болады.

    • Араның сілекей шығаратын безі.

 Араның сілекей шығаратын бездері астыңғы жақсүйегінің астында орналасқан. Сол бездерден шығаратын сілекейлерін жұмысшы аралар гүл шірнелеріне қосу арқылы шірнені балға

айналдырады. Аралардың адамның көмегінсіз гүл шірнесін балға айналдыру процессіне назар аударсаңыз жаратылыстың ғажайып бір құбылысы екеніне таңғаласын. (№ 29-т)

 Жоғарыдағы ара бездерінің құпия сырларын оқушыларыма түсіндіре келіп, соңында: -Мұндай жаратылыс заңын білмеген, араның бездерін оқытудың керегі не? деген Аманов сияқтылар бал арасын дұрыстап баға алмайды, омарташылық ондайлардың қолдарынан келмеуі де мүмкін,-дедім. Н.Амановтың беті қызарып, орнынан тұрып «ұялған тек тұрмас» дегендей:

 -Кəрім Жұмағалиұлы, мен сізден кешірім сұраймын. Мына тақырып өте қызық екен, қайталап жіберіңізші, дəптерімізге жазып алайық,-деді. Оқушыларымыз ду күлді.

* * *

 Алдыңғы бір тақырыпта бал арасы үйшіктерінен ұшып шығып, қайтып кіріп жатқандарын бақылап отырып олардың бал əкеліп жатқанын байқамадым деген едім. Қанша бақыласамда аралар балды қалай жинайтыны туралы түсінігім болмады. Көп жылдар бойы бал арасын бағып жүрген омарташылардан «балды аралар қалай жинайды» деген сауалыма да олардан мардымды жауап ала алмадым. Көбі «балды аралар жинайды да...» деген жалпылама жауап беріп жүрді. Дегенмен кейбіреулері «аралардың балды қалай жинайтыны туралы хабарымыз жоқ, рамкадағы жиналған балды ала береміз...» деп шындарын айтатын еді.

 Зейін қойып оқығанның арқасында аралардың балды жəне ара нанын қалай дайындайтынына қол жеткіздім. Жаратылыс құдыретінің біз білмейтін неше түрлі құбылыстарының сыры мен сипатына қанық болдым. Жоғарыда жазылған «Аралардың бездері» деген тақырыпта шет жағасы жазылды. Соны екшей келіп жұмысшы аралар өздері адамның көмегінсіз бірнеше көзге көрінбейтін жұмыс əдістерін қолданып, денесінде орналасқан мүшелері мен бездерінен шығатын органикалық заттарды жинаған гүл шірнесіне қосу арқылы балды дайындап шығарады екен. Менің

«ара балды қалай жинайды» деп телміріп қарайтыным, бақылайтыным бекер екен. Аралардың балды жинау процесі көзге көрінбейтін құбылыс.

 Енді, алдымен балды, содан кейін ара нанын аралар қалай, денесінің қай мүшесін пайдаланып жинайтынын тақырыпқа бөліп кітап оқырмандарының назарына ұсынамын.

  • Балды аралар қалай жасайды?

 Бал, өсімдіктердің гүлдерінің-шірнесінен (шірнені-шырын деп те атайды) жасалады. Шірне (шырын) дегеніміз гүлдердің өзегінің терең қабатында орналасқан көзге көрінбейтін тəтті сұйық зат. Оның құрамында қант, су, азотты заттар, минералды тұздар, қышқыл ашытқыштар бар. Аталған органикалық заттар барлық гүлдердің құрамында бірдей болмайды. Аралар гүлге қонған кезде сол органикалық заттардың қаншалықты бар екенін алдымен тексеруден өткізеді. Барлық гүлдерде жоғарыда көрсетілген қосындылардың мөлшері əр түрлі болады. Егер ондай заттар ара келіп қонған гүлде жеткіліксіз болса аралар ол гүлде көп бөгелмей ұшып кетіп басқа гүлге қонып тексере бастайды.

№65-сурет

Шірнені тек қана жұмысшы аралар жинай алады. Өйткені гүлдің шірнесі орналасқан жерге тек қана жұмысшы аралардың тұмсығының (хобытының) ұзын болуына байланысты шірнені солар ғана сорып жинай алады. («Аналық пен аталық аралар шірне жинай алмайды, еттұмсықтарының қысқа болуына

байланысты»деп жоғарыда жазылған.) Шірнені жұмысшы ара еттұмсығы арқылы жұтып жемсауына (медовый зобик) салып өзінің үйшігіне алып келеді де үйшіктің ішіндегі жұмыс жасайтын үш төрт жас араларға жемсауындағы шірнені кекіріп-құсу арқылы өзінің еттұмсығынан № 65-суреттегідей қабылдаушы жұмысшы араның еттұмсығына салады. Қабылдап алған шірнені, үйшіктің ішіндегі жұмыс жасайтын 50 шақты сіңілілеріне таратып бөліп береді. Шірне шикі зат. Оны балға айналдыру үшін жаңағы 50 шақты жұмысшы аралар шірнені жемсауына жіберіп, одан қайта еттұмсығына шығарып тынымсыз шірненің ішіндегі суын құрғатуға жұмыс жасайды жəне жұтқыншақ безінен «секрет» деп аталатын сілекейге ұқсас сұйық затты қосып отырады. (№ 66- суретте шірненің балға айналу сызбасы жоғарғы жағындағы суретте «а»-бал жемсауы, «б»- аралық клапан, «в»-ортанғы ішек көрсетілген)

(№ 66-сурет)

Онымен қоса мыңдаған үйшіктің ішінде жұмыс жасайтын аралар тынымсыз қанаттарын қағу арқылы желдетіп үйшіктін ішіндегі ылғалды ауасын, шірненің суын құрғатуға дамылсыз жұмыс жасайды.

 Шірнедегі суды құрғатып, шірне қоюланып балға айналған кезде аралар жемсауындағы балға айналған шірнені еттұмсығы арқылы кəрездің бос тазартылған ұяшықтарына салады. Ондағы салынған бал бұзылмас үшін бал мен ара желімін (прополисті) жəне балауызды араластырып қабыршақ жасап бетін жауып, қазақша айтқанда

«сүрлеп» (консервация жасап) тастайды. Бұндай бал көп уақытқа дейін бұзылмай өзінің қасиетін сақтап тұрады. Ғалымдардың айтуынша бір шəй қасық балдың салмағы 30 грамға тең. Бір шəй қасық балды жинау үшін бір күн бойы 200 жұмысшы аралар гулдерден шірне жинап алып келулері керек екен. Жоғарыда көрсетілгендей үйшіктің ішінде жұмыс жасайтын аралар əкелген шірнені балға айналдырады. Кəрездің 75 ұяшықтарына салған таза балдың бетін жабу үшін аралар бір гр. балауызды жұмсайды.

 Бір кг. бал жинау үшін аралар үйшіктен 4500 рет ұшып шығып 6-10 млн. аралығындағы гүлдерден шірне жинауы керек. (Кейбір ғалымдардың айтуынша 1 кг. балды жинау үшін 5 млн. гүлдерден, тағы бірі 3 млн. гүлдерден шірне жинап алу керек деп тұжырым жасайды. Қанша гүлге қонып аралар шірне жинайтынын дөп басып есептеу менің ойлауымша мүмкін емес, əр ғалым өзінің топшылап ойлаған болжаммен айтуы да мүмкін.) Менің ойымша гүл алымының көп жəне жақын жеріне омартаны орналастырса, сонда ғана аралар гүл шірнесін неғұрлым көп жинап, балға айналдырады. Оны өз тəжірибемнен келтіріп отырмын.

 Мысалы; аралар 8 шақырымға дейін ұшып барып, үйшігіне шірне алып адаспай оралады. Бірақ, шірнені көп əкеле алмайды. Тиімдісі гүлден алым омарта орналасқан жерден 2 шақырым айналасында болғаны дұрыс. Соның өзінде сол аумақтан аралар 12 га. жердегі гүлдерден шірне жинайды.

 Күшті ара жанұялары гүлдерден алым көп болған кезде бір күнде 10-20 кг. шірне жинап, оны 5-10 кг. балға айналдарады. Бұны

омартаның басындағы күнделікті қадағалау таразысының (контрольный веса) үстіне қойылған үйшіктің салмағы арқылы біліп отырады.

 Бірде омартамның басына келгенімде ұстаздарым дядя Леша мен Гудыменко «Кəрім, қандай жаңалық алып келдің?» деген сұрағына аралар балды қалай жасайтынын жоғарыда айтылған процессті айтқанымда олар «біз бұны білмейтін едік» «Век живи, век учись» деген осындайдан шыққан екен ғой деп таңғалғандарын жасырмады.

  • Аралар ара нанын (перганы) тамақ ретінде қалай жасайды?

Өсімдіктердің гүлдері піскен кезде гүлдің сыртқы қауызы жарылып ашылады. Оны гүлдің аталық бөлігі деп атайды.

67-сурет

Ол тозаңға айналады.(№ 67 суретте тым үлкейтіліп көрсетілген.) Міне осы тозаң аталық болғандықтан желмен ұшу арқылы жəне түрлі жəндіктердің денесіне жабысу арқылы басқа тұқымдас өсімдіктердің гүлдерімен араласып тозаңдандыру процессін жасайды. Соның арқасында өсімдіктер мол өнім береді. Сөйтіп қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсартуға ықпалын тигізеді, топырақтың

құнарлылығын арттырады. Аралар жайлаған алқаптың шөбі бітік шығады, бау-бақша өнімдері мен дəнді дақылдардың тоқсан пайызы бал араларының арқасында мол өнім береді. (Аналық пен еркек аралар гүл тозаңын жинамайды жəне тозаңдандыру жұмыстарына қатынаспайды.)

 Осы тозаң (67-с.) көзге көрінбейтінқұм тектес өте ұсақ, саусақпен қысқанда езілмейтін жəне жабысқақ болады. Олардың түрлері гүлдердің тұқымына байланысты əр түсті болады, сары түстен сиякөкке дейін. Иісі гүлдердің құрамындағы микроэлементтерге байланысты. Дəмі тəтті, қышқыл тартуы мүмкін, ішінара ащы болатыны да кездеседі.

 Гүл тозаңына бұрынғы ерте заманда онша көңіл бөлмеген. Оны балауыздың ұнтақталған-ұны деп есептеп келген. Гүл тозаңының қасиетін кейінгі уақыттарда анықтап, бал араларының тамағы ретінде жəне адамның денсаулығына пайдасы көп болғандықтан табиғи

дəрумен ретінде пайдаланатын болды. Аралар гүлге келіп қонған кезде олардың денесін жауып тұрған қылшықтарға гүлдің жоғарыда айтылған аталық ұсақ гүл тозаңдары жабысады. Сол жабысқан гүл тозаңына аралар ерекше бездерінен сұйық сілекей сияқты «секрет» деп аталатын органикалық зат шығарып, соны қосып, ылғалдап домалақтайды. Оны орысша «обножка» деп атайды. Мен оны қазақша

«тозаңаяқ» деп атадым. Сол домаланған тозаңаяқты № 68-суретте көрсетілгендей аралар үшінші жұп аяқтарындағы себеттеріне салып ұшқан бойында үйшіктеріне алып келіп, үйшіктің ішінде жұмыс жасайтын жас жұмысшы араларға береді.

68 сурет

Ғалымдардың айтуынша кəрездің бір ұяшығына аралар 18 тозаңаяқ (обножка) салады екен. Оның салмағы 140-180 мг. Бір тозаңаяқтың салмағы 0,008-0,015 гр. аралығында болады. Бір орташа тозаңаяқтың ішінде 100 мың гүл тозағы болады екен. Көктем мен күзге қарағанда жаздың күні тозаңаяқ көлемді жəне ауырлау болады. Аралар

бір күнде 400 тозаңғаяқ əкелсе, жылына (бал жинау маусымында) бір бал ара жанұясы 25-30 кг, күшті ара жанұясы 55 кг. дейін тозаңаяқ жинайтын көрінеді.

№69-сурет

Гүл тозаңы ашық ауада көп шыдамай бұзылып тағамдық қасиетін тез жоғалтады. Ферменттердің əсерінен тозаңда сүт пайда болып, ол қышқылданып ашу процессі жүреді.Сондықтан үйшіктің ішіндегі жұмысшы аралар əкелген тозаңаяққа дереу бездерінен органикалық сұйық затты қосып «пісіріп» ара

нанына (пергаға) айналдырып кəрездің тек жұмысшы аралар шығатын ұяшықтарына салып № 69- суреттегідей бастарымен нығыздап, бетін бал араласқан балауызбен қабыршақ іспетті жауып сүрлеп тастайды. (Аналық пен аталық аралардың ұяшықтарына ара нанын салмайды, себебі аралар «пісірген» ара нанын бастарымен нығыздаған кезде аналық пен аталық ұяшықтары кеңдігінен аяқтарын тіреп тұра алмайды.) Ара наны аралардың жейтін негізгі тамағы. Ара наны кəрездің ұяшықтарында болмаса, аналық жұмыртқа салмайды, аралардың басқа түрлері де өсіп өнбейді. Сондықтан омарташы үйшікте ара нанын көбейту үшін араларға жағдай жасау керек.

  • Бал шайқауды бірінші көруім.

 Бұрын балды қалай шайқайтынын көрмеген, білмеген басым кез келген омарта ұстап жүргендерді «кəрездердің ұяшықтарына толған балды қалай шайқап алады» деп сұрақтың астына алатыным əдетке айналды. Ол кезде тіс қаққан омарташылардың білгенін құпия сақтап жарылып айта қойайтынын білмейтін едім. Оны кейіннен түсіндім.

 «Мир без добрых людей не бывает» деген орыстың мақалы сияқты, көршім Виктор деген жігіт, жас шамасы 30-35-тер аралығында бірде кезедесе кетіп «Дядя Карим, я слышал, что Вы тоже занялись пчеловодством, чем я Вас поздравляю. Я тоже имею пасеку и завтра буду качать мед. Приезжайте, я Вас приглашаю. Моя пасека стоит возле «Айдарлы» дегені. Мен бұрын оның омарта ұстайтының білмейтін едім, бірақ күйлі тұратын. Астында су жаңа УАЗ жеңіл автокөлігі, ( ол кезде облыс көлемі бойынша жекеменшігінде жеңіл УАЗ маркалы автокөлігі барлар бір қолдың саусақтарының санынан аса қоймайтын) əйелі де, өзі де шет елдік (импортный) қымбатты киімдерін киіп жүретұғын. Виктор ағаш ұстасы, əйелі балабақшада тəрбиеші болып жұмыс істейтін. Пендешілік емеспе «жап-жас болып осылар ақшаны қайдан алады»- деп ойлаушы едім.

 «Көктен іздегенімді Алла Тағала жерден берді» демекші,ертеңінде жеке автокөлігімнің рөліне отырып айтқан уақыты сағат 12-де балды қалай шайқайтынын көру үшін «Айдарлы» совхозының жанында орналасқан Виктордың омартасына келдім. Виктор мені қуана қарсы алып жалпылдап жатыр. Бір кезде «Кəрім аға, бұрын бал шайқағанды көріппе едіңіз?» дегені таза акцентсіз қазақ тілінде. Мен «казахский понт выше доллара» деген менталитетіме басып «жоқ» деп айтуға ыңғайсызданып үндемедім.«Бері жүріңіз» деген бойы Виктор мені ертіп бір күркенің ішіне алып кірді. Оның ішінде екі орыстың жас балалары бал шайқап жатыр екен. Қарасам балды алюминнен жасалған бөшкеге ұқсас, ішіне балға толған төрт кəрезді орналастыруға жасалған тетігі бар құралдың құлағын айналдырып отырып шайқайды екен. Ол бал шайқағыш бөшкені (медагонканы) бірінші көруім. Оның арнайы жасалған шүмегінен сап-сары алтын түстес көзіңнің жауын алатын, хош иісі мұрныңнан кіріп кеудеңді жаратын бал шелекке ағып жатыр.

-Сен қазақшаны қашан үйрендің, таза акценсіз сөйлейсің ғой?

 -Мен Қызылорданың жанындағы «Тасбөгет» ауылында туып, қазақ балаларымен бірге ойнап, мектепті қазақ тілінде оқып бітірдім. Мектепте көркемөнерпаздар үйірмесіне қатынасып, домбыра тартып, қазақша өлең айтатынмын. Қазірде ол өнерімнен қол үзген жоқпын. Сенбесеңіз, əне домбырам ілулі тұр, жанымнан тастамаймын, – деді.

 Виктордың маған ұнап қалғаны соншалық, əңгімеміз жарасымын тауып жатты. Ол домбырасын алып лезде құлақ күйін өз дауысына келтіріп, тартып-тартып жіберіп қазақ тілінде нақышына келтіріп үш əнді орындап берді. Домбырасы күмбірлеп құлағымның құрышын қандырып тұрғандығынан ба, əлде өнерге-өлеңге құмарлығымнан ба, делебем қозып Виктордың домбырасын қолыма алып өзім шығарған əндерімнен екеуін орындап бердім.

 Викторға да мен ұнап қалған болуым керек төсегіндегі жастығының астынан бір қалың кітапты алып, оған қолтаңбасын жазып маған ұсынып, «қазақтардың ішінен алпыс жастан асқан кезде, зейнетке шықсаңызда үйде босқа жатып алмай омарта ұстап жүргеніңізге шынайы ризашылығымды білдіріп, жаңа кəсібіңізге сəттілік тілеймін. Осы кітапты Ресейдің Рязан қаласында омарташылар мектебінде оқығанымда сатып алып едім, енді соны сізге шын көңіліммен сыйлаймын»-деп маған ұсынды. Қарасам 623 беттен тұратын, мұқабасы қалың картоннан жасалған, сары түсті, Мəскеу қаласында 1956 жылы басылып шыққан «Пчеловодство» деп аталатын бір жылдық мерзімде омарта шаруашылығын басқаратын меңгерушілік қызметкерін дайындап шығаратын ауылшаруашылық мектебіне арналған оқулық кітап екен. Авторы П.С. Щербина. (Сол кітап осы уақытқа дейін менің кітап сөремде сақтаулы тұр.)

 -Өзіңмен мектеп бітіріп шыққан қазақ балаларының ішінен омарта ұстайтындары бар ма?

 -Жоқ. Олар жоғарғы оқу орнына түсеміз деп кетті. Мен болсам əкем омарта ұстайтын еді, соның жолын қуып Ресейдің Рязан қаласындағы омарташылар даярлайтын СПТУ-ға түсіп, екі жыл оқып омарташы əрі ағаш ұстасы деген екі бірдей мамандық алып келдім. Бал арасын бағу қиындығы мен қызығы мол кəсіп қой. Көзін тауып істесең тұнып тұрған байлықтың өзі. Құдайға шүкір, астымдағы УАЗ автокөлігімді, тұрып жатқан пəтерімді, киетін киімдерімізді, жейтін тамақтарымызды əперіп жатқан осы бал аралары. Оқу бітіріп келгеннен кейін əкем маған бес бал ара жанұясын өзінің омартасынан

бөліп берген еді. Соларды өсіріп қазір 60 жанұяға жеткіздім. Оның үстіне ағаш ұстасы деген таптырмайтын мамандықты игеріп алдым. Құрылыста жұмыс істеймін. Мына балды шайқап жатқандар менің екі ұлым. Біреуі 15-те, екіншісі 13-те. Екеуі де көмекші болуға жарады. Жазда омарта басында болады, бейсауат жүрістен аулақ. Қыстың күні мектепке барып оқуын жалғастырады. Екеуі де қазақ тілін жетік біледі» –деп сөзін аяқтады.

 Викторды тыңдап отырып, бұрынғы ойлаған «осылар ақшаны қайдан алады»-деген пендешілігім ойыма түсіп, оның үстіне

«қазекемнің» (оның ішінде мен де бармын) балаларымыз тек жоғарғы оқу орнын бітіріп диплом алсын деген бойымызға сіңіп қалған əдеттен айрылмай жүргенімізге налып, Виктордың кəсібіне қызығып, кейінгі кезде «қазақи бала бала емес, орыс бала молодец» деген қалжың ретінде айтылып жүрген сөздер сағаттың секундінің тіліндей мыйымның ішінде тырсылдап ұрып тұрды. Себебі менің төрт қызым, төрт күйеу балам, екі ұлым, екі келінімнің бəрі жоғарғы оқу орнын бітірген. Бірі мұғалім, тағы бірі заңгер, дəрігер, тағысын тағылар. Барлығы «ақсаусақтар», кеңседе көлеңкеде отырып жұмыс жасайды. Омартамды бір орнынан екінші жерге көшіруге біреуінің қолы тимейді. Адам жалдауға мəжбүр боламын. Кейде ойлаймын неге ұлдарымды шоферлыққа, немесе тракторист қылып оқытпадым деп, бірақ қазақпыз ғой, «неге менің балам, ананың баласындай жоғарғы оқу орнын бітіріп диплом алмайды»-деген ұғымнан айрыла алмайсың. Қайтесің. Біздің минталитетіміз солай.

 Менің бір-аз ойланып қалғанымнан туындаған үнсіздікті «Кəрім аға» деген Виктордың сөзі бұзып, ол айтайын деген ойын ары қарай жалғастырып кетті.

 -Омарташылардың əдет-ғұрпы бойынша бал шайқап жатқан кезде келген адамға мейлі əкесі, жақын туыстары болсын, тіпті танымайтын адамға банкаға не шелекке құйып тегін, болмаса ақшаға сатып бал бермейді. Ондай жағдай тек балдың бəрін шайқап болып флягаға-құты сияқты ыдысқа құйып үйге апарғаннан кейін жасайды. Бірақ, келген адамға кесеге медагонканың шүмегінен ағып жатқан балды оның көзінше құйып осы арада ішуге береді. Оны тауысқанша ішіп кету керек. Егер тауыса алмаса, ыдыстың түбінде қалғанын басқа ыдысқа құйып өзімен бірге алып кетуге болмайды. Барлығын ішіп тауыса алмаған жағдайда сол ыдыстың түбінде қалдыруы керек,- деп медагонқаның шүмегінен ағып жатқан сап-сары балдан шəй

ішетін үлкендеу кесеге толтырып құйып қолыма ұстатты. Ашаршылық (1930) жылында туып, Отан соғысы басталысымен 11 жасымнан бал аралары сияқты балалық шағыммен қоштасып, колхоздың жұмысына жегіліп, жоқшылықты көп көрген басым, ашкөзденіп кеседегі балды түгелімен ішіп қойдым. Сағатқа қарасам күндізгі 2-нің шамасы екен. Үйге қайтуға автокөлігіме отыра бергенімде жаныма Виктор келіп, «Кəрім аға, байқаңыз, жолда басыңыз айналып, ұйқыңыз келгендей болса, жолдан шығып ұйықтап алыңыз. Жаңағы бал ұйқыңызды келтіруі мүмкін» деген ескертуін айтты. «Айдарлыдан» екі шақырым шыққаннан кейін ұйқы басып жүруге шамам келмеген соң жолдың оң жағындағы 5 метрдей ашық жерге тоқтап, автокөлігімді сөндіріп, орындығымның арқасын шалқайтуым мұң екен ұйқыға басыппын. Содан кешкі сағат алтылар кезінде əрең оянсам керек. Денем ауырлап, қан қысымым көтеріліп, көзім, бетім қызарып үйге əрең жеттім. Түрімді көрген жұбайым Сара

«саған не болған» деді. Мен болған жағдайды айтып едім, «өзіңе эксперимент жасағанды қашан қоясың» деп кейігенін аяғына дейін естуге де шамам келмей шешінбестен диванға жатып, таң атқанша ұйықтаппын. Ертеңінде тұрсам Сара ет асып қойған екен, соның сорпасы мен қоса артынан сүтті шəй ішіп ағыл-тегіл терлеп жанымды əрең дегенде шақырып алдым. Міне балды көп жесең, осындай қалге ұшырайсың.

 Виктор көршім, əрі əріптесім болғандықтан өте жақын қатынаста болдық. Білмеген жерімді одан сұрап алатын болдым. Облыстық Омарташылар қоғамына төраға болып сайланғаннан кейін ол менің тікелей көмекшіме айналды. Оның берген оқулық кітабы қысқа мерзімді омарташылар дайындайтын курста сабақ бергенімде қатты көмектесті.

  • Бірінші бал шайқау

 Ертеңінде омартама келсем Алексей Ивановичпен Михаил Степаныч омарталарының басында бал шайқап жатыр екен. Оларда бір кесеге балды менің көзімше медагонкадан құйып қолыма ұстата берді. Одан бір шəйқасық балды аузыма салып дəмін таттым да, рахметімді айтып қайтарып бердім.

 -Бұлай болмайды. Əлде балдың дəмі ұнамады ма? Шайқап жатқан балымыздың қоспасы жоқ, таза бал. Оны өзіңде білесің,-деп Степаныч сұраулы көзін менен айырмады.

 -Шайқап жатқан балымыздың үстіне келдің. Омарташылардың дəстүрі бойынша келген адамға балды кесеге, болмаса күрешкеге құйып береді, оны толығымен ішіп кетуі керек,-деп дядя Леша күрешкедегі балды маған қайта ұсынды.

 Алексей Ивановичтің қолын қайтару сыйламағанның белгісі болып қалар деп ойлап тағы бір шəйқасық балды жедім де

«Омарталарыңыз ауру-сырқаудан сау болсын, ыдыстарыңыз балға толсын, балдарыңыз өте дəмді екен» -деп кешегі Виктордың балын ішкендегі басымнан өткен жағдайды айтып бердім.

 -Вот халера! Виктор нас опередил,- деп екеуі бір біріне қарап күліп алды да,-Енді бізге бал шайқауға көмектес. Бүгін Алексей Ивановичтің, ертең менің, арғы күні сенің балыңды шайқаймыз,-деді Степаныч.

70-сурет

 Сөйтіп өмірімде бірінші рет ұстаздарым Алексей Иванович пен Михаил Степанычтерге көмекші болып балды қалай шайқайтынын үйрендім.

 Осипенко менің қолыма №70-суретте көрсетілген тасымал жəшігін ұстатты да, өзінің омартасына алып барып шетте тұрған ара үйшігін

жайлап ашып түтіндеткіштен аздап рамкалардың үстінен түтін беріп, дернəсілдері бар рамкаларды үйшікте қалдырып, балға толған 8 рамкаларды алып менің қолымдағы тасымал жəшігіне салып омартадан 20 метрдей жердегі күркеде бал шайқап жатқан Гудыменкаға апар деп өзі менің соңымнан еріп күркеге келдік. Сол жерде Степаныч екеуі əкелген рамкаларды қарап балға толған беті жабық екі рамканы

71-сурет

сұрыптап, онымен қоса бал мен ара нанына толған беті жабық екі рамканы алып қойды. Қалған 4 рамкадағы үсті жабық балдың бетін дядя Леша №71,73-суреттерде көрсетілгендей ара пышағымен аршып, №72-суреттегі балшайқағышқа(медагонкаға)салып

 «айналдыр» деп оның құлағын маған ұстата берді. Балы бар рамкаларды үйшіктен сұрыптап алу жəне рамкадағы балдың бетін ара пышағымен аршуды ертеден қалыптасқан дəстүр бойынша сол омартаның егесі-омарташы жасау керек екен. Себебі ол

бүкіл бал жинау маусым бойындағы жасаған өзінің еңбегінің жемісін өз қолымен жасап, одан лəззат алады. Балшайқағыштың құлағын айналдырудың да əдісі болатынын Степаныч маған ескертті. Оның құлағын жайлап айналдырып ары қарай үдете беру керек. Бір минуттің ішінде медагонканың құлағын 70-80 реттен кем, не артық етпей айналдырса ғана балшайқағыштың барабаны жайлап қосылу арқылы 200-250 айналым көрсеткішін беріп бал шайқау сапалы болады. Одан кем айналдырғанда рамкадағы бал толық түспейді, ал одан асырғанда рамкадағы бал шашырап кетеді. Сол сияқты балшайқағышты жайлап тоқтату керек. Егер шалт тоқтатса рамкалардағы кəрездер бөлініп сынып кетуі мүмкін. Рамкадағы кəрездің бір жағындағы балды шайқап болған соң, оны аударып

72-сурет

салып екінші жағындағы балын шайқап алу керек. Балы алынған кəрездің екі жағындағы ұяшықтарға таза жылы су бүркіп үйшікке қайта салу керек. Ондай рамкалардағы кəрездің ұяшықтарының бүлінген жерлері болған жағдайда жұмысшы аралар оларды жөндейді жəне бал шайқау кезінде аралар суды өте қажет етеді.

 Балы бар рамкаларды əкелуге келесі жолы омартаға бара жатқанда дядя Лешадан;-Біз

əкелген балға толы 2 рамка мен ара нанына толған 2 рамканың балын шайқап алуды ұмытып кеткен жоқсыз ба?-деген сұрағыма;-Жоқ оларды мен əдейі алып қойдым. Гүл алымының бірінші жартысындағы шайқаған гүл шірнесінен алынған бал өте таза болады. Алымның екінші жартысындағы шайқаған бал онша таза болмайды. Сондықтан араларды қыстаққа қояр алдында ұя (гнездо) жасауға 2 рамкадағы толған балды əдейі алып қойдым, ал бал аралас

70 сурет.

ара наны бар екі рамка көктемде аналық ара жұмыртқа сала бастаған кезде содан шыққан ұрпақтарға қорек

ретінде керек болатындықтан алып қалдым. Ертең бал шайқаған кезде сен де сондай рамкаларды алып қалуды ұмытпа,-деді.

 Бал шайқап болғанан кейін, өзі істеген жұмысына өзі риза болған Алексей Иванович «Бауырларым!-деп Степаныч екеумізге қарады да,

 - Омарташылардың «бал шайқауды жуу» деген салты бойынша қол қусырып отыруға болмайды. Жүріңдер дастархан басына»-деп бізді алдын-ала күркенің көлеңкесінде дайындап қойған столдың басына шақырды. Дастархан толы тағам, арағың мен коньягіңе бергісіз дядя Лешаның былтырғы балдан өзі жасалған «медовуха» деген «сусынын» ішіп, аспан астында, таза ауада, күркенің көлеңкесінде, абыройды жабатын лыпадан басқаның бəрі шешулі, тілектер айтылып, жақсы сөздердің тиегі ағытылған бір рахатқа батқан сол отырыс əлі есімде. Кешке қарай «Қалған Дария» көліне шомылып мен үйге бет алғанымда «екі шал» дастархан басында отырысты жалғастырып қалған еді.

 Екінші күні М.Гудыменканың омартасының балын сыпырып алдық. Оның да бал аралары көңіл тоятындай етіп жұмыс жасағанын Михайл Степановичтің көтеріңкі көңіл күйі мен бал шайқау рəсімін атап өтуге арналған күрке басындағы дастархан толған тағам үстіне

«Ақаңдардың» сəлем беріп қыздырғаны бекітіп тұрды. Отырыс кешегіден кем болған жоқ. Арақта, тамақта ішілді, тілектер де айтылды. Əңгіме арасында екі ұстазыма қарадым да, «ертең құдай қаласа, менің омартамның балын шайқаймыз. Мен қандай тамақ дайындатайын. Қазақтың бесбармағын астырайын ба, əлде тістеріңізге жұмсақ, етті тарттырып котлет жасаттырайын ба?»- дегенімше, Степаныч «котлетің не, қазақтың бесбармағы тұрған да, бірақ ол жылқы етінен болса»-деп дядя Лешаға қарады. Алексей Иванович маған қарап «оның ішінде қазы қартасы, жал жаясы болса, тіпті дұрыс болар еді»-деді. Соның артынша Степаныч «сорпасы боса, ол деликатес болып кетер еді»-деді. «Базар жоқ, заказ принято»- дедім. Сол арада бесбармақты жеп алғандай, үшеуміз де аузымызды бірдей сүрткенімізді байқап қалдықта, еріксіз қарқылдап күліп жібердік.

 Үшінші күні менің алты жанұядан құралған омартамның балын шайқап 60 килограмдық бір фляга толған бал алдық. Менің омартамның балын шайқаған кезде ара үйшіктерінен бал толған рамкаларды өзім сұрыптап алып, олардың бетін өзім аршыдым. Балдың бетін ашқан кезде ара пышағы қайнаған суға салынып ыстық болуы керек. Сондықтан үйден самауыр əкеліп суды соған қайнатып пышақты соған салып, ысыған омарта пышағымен рамкалардағы балдың бетін өзім аршыдым. Араларды қыстаққа дайындауға, əр бал ара жанұясы бойынша, жеке-жеке үйшіктерде ұя (гнездо) құрауға

балға толған рамкалар мен ара наны бар рамкаларды өзім сұрыптап таңдап алдым. Соны көрген дядя Леша мен Степаныч менің іс- əрекетіме дұрыс бағасын берді. Бұл менің бірінші бал шайқауым еді. Бір жағынан үйреніп, екінші жағынан омарташылық кəсіптің тізгінін берік ұстағанымды сезінгендігім мені қанаттандырып жіберді.Осыдан кейін бал шайқауға қолым жаттығып, омартамдағы аралардың жинаған балын, бал шайқағыш құралым (медогонка) арқылы өзім шайқап алатын болдым. Оның еш бір қиыншылығы жоқ, бірақ бір талай ұқыптылықты талап ететін жұмыс.

 Біз балды шайқап болып қалған кезде омарта басына артынып- тартынып заказ бойынша жасаған тамақтарын, керекті сусындарын автокөлікке салып алған менің жұбайым Сара мен кіші ұлым Сержан да жетті. Отырыс ойдағыдай болды. Бал шайқау рəсімін «үш шал» үш күн тойладық...

  • Бал араларын қыстаққа қоюға дайындау

 Қыстақ дегеніміз ара жанұясын қысты күні сақтайтын арнайы салынған ғимарат. Оның бірнеше түрі болады. Ол ғимаратты жертөле, жартылай жертөле, тіпті тамның құрылысы етіп жасайды. Ол ғимараттың көлемі ара жанұясының санына, омарташының шама- шарқына байланысты жəне іші таза, ауасы алмасып тұратын винтеляциялар қойылып жасалады. Бал араларының жанұясын күн райының жылылығына байланысты (оңтүстік облыстарда) күрке жасап соның ішіне, тіпті далада, қардың астында да қыстатады.

 Омартаны қыстаққа қоюға дайындау омарташының жазғы маусымның соңындағы жəне келесі жылғы бал жинау маусымына дайындық ретінде жауапты-басты жұмысы болып саналады. Қыстаққа қоюдың науқаны гүлдерден шірне алымы аяқталғанда, яғни бал жинау кезеңі біткен кезде басталады. Бал жинауға қатынасқан аралардың ағзалары тозып, қартайып өле бастағандықтан омарташының бар ынта жігері, жұмыс тəсілдері, жас араларды өсіріп, көбейтіп, күшті жанұя құрап, оларды қомдап қыстаққа көшіріп қыстан аман алып шығаруға жұмсалуы қажет. Демек, қыстаққа көшіру дегеніміз келесі жылғы бал жинау маусымына ара жанұяларын осы бастан дайындау.

 Гүлдерден алым бітісімен, бал шайқап алғаннан кейін гүлдерден аздаған алым болған кезде аналық ара жұмыртқаны көп сала бастайды. Тамыз айында шыққан ара ұрпақтары (жұмысшы жас

аралар) қысқа төзімді болады. Жас ұрпақтардың көп болуы аналық араның жұмыртқаны көп салу қабылеттілігіне байланысты болады. Бір жылдық аналық аралар екі жастағы аналықтардан 10 күндей жұмыртқаны көбірек салады. Яғни біржарым есе көп жас аралар өмірге келеді. Соны ескеріп омарташы тамыз айына дейін ұрықтанған жас аналық араны шығарып, оған жұмыртқа салдырып, екі жастағы аналық араны нүклеуске салып көмекші аналық есебінде пайдаланып жас жұмысшы араларды көбейтіп қыстауға қоюға жұмыс жасауы керек.

 Гүлдерден алым болмаған кезде аналық ара жұмыртқа салуын тоқтатады. Мұндай жағдайда жас аралар да азайып тіпті ара жанұясы құрып кетуі де мүмкін. Гүлдерден алым болмай қалған кезде аналық ара жұмыртқа салуын тоқтатпас үшін үстеме қоректендіру (побудительная подкормка) əдісін қолдану керек. Менің тəжірибемде өзеннің, бұлақтың болмаса жауынның жұмсақ суын қайнатып, оны оттан түсіргеннен кейін бір литр суға 1,5 кг.қантты біртіндеп сала отырып езіп, одан шыққан қант шырынын 20-25 градус жылылық қалпында кəрездің ұяшықтарына 3-4 литрден құйып беріп жүрдім. Қыстың күні 1-2 кг. таза балды жұмсартып шелпек сияқты жайып марліге орап рамкалардың үстіне салып ара жанұяларын қыстан аман алып шығаратын едім. Ең ұтымдысы омарташы уақытты өткізіп алмай омартаны аз болсада гүлі бар жерге көшіріп, аналық араның жұмыртқаны көп салуына жағдай жасап, жас араларды көбірек шығарып күшті жанұя құрап, қыстаққа қоюы керек. Аналық ара қырқүйек-қазан айларында жұмыртқа салуын тоқтатады. Соған дейін омарташы жас жұмысшы араларды көбейтіп күшті жанұя жасаудың уақытын өткізіп алмауы керек.

 Аналық араның кештетіп жұмыртқа сала бастайтыны да кездеседі. Бірақ, ол жақсылыққа апармайды. Себебі кеш шыққан жас ұрпақтар толық ұшып жетілмегендіктен қыстың күндерінде тоқішектері нəжіске толып кетеді. Қыстан шығу оларға оңайға соқпайды.

 Гүлдерден алым жинау кезінде жұмысшы аралар не бəрі 35-37 күн өмір сүретінін алдыңғы тақырыптың бірінде айтып кеткен болатынбыз. Ол кезде жұмысшы аралардың есіл дерті гүлдерден шірне жинап соны балға айналдыру. Сол кезде жұмысшы аралар басқа еш нəрсеге көңіл аудармай тек шірне жинаумен ғана айналысады. Адамды да көп шаға қоймайды, өйткені олардың

жемсаулары шірнеге толы болғандықтан шағатын бізгегін шығаруға бұлшық еттерінің күші жетпей қалатын кездері де болады.

74-сурет

Алым науқаны біткеннен кейін пайда болған

жасаралар

шірне

жинап

оны

балға

айналдырмайды, гүл тозаңдарын жинап одан

арананын

жасамайды,

ара

желімін

жинамайды.

Қыс

бойы

шумақталып,

шоғырланып

бірінің

үстіне

бірі

шығып,

астыңдағылары

үстіне,үстіңгілері

астына

түсіп алмасып үйшіктің ішінің жылылығын

сақтап

кəрездегі балды жеп қоректеніп,

нəжіске де отырмай

шалажансар ұйқыда болады.

Олардың ағзалары жазғы күнгі аралардікіндей тозбайды. Сондықтан олар 6 ай қыс бойы өмір сүреді.

Қыстаққа қоятын бал ара ұясын (гнездо) құрау əдіс-тəсілдері;

Ара жанұясының қыстан аман шығуы омарташының ара ұясын

(гнездосын) дұрыс құрап жинауына байланысты болады. Ол үшін

омарташы аралардың қалай шумақталып, шоғырлану процессін білуі қажет. Егер омарташы оны білмесе онда қыстаққа ара ұясын дұрыс құрап жинай алмайды.

Бал жинау аяқталып, гүл алымы біткеннен кейін, үйшіктің

ішіндегі рамкадағы

кəрездердің көбі босап, ара

саны

азаяды.

Аналықта жұмыртқа

салуын

тоқтатады. Аралардың шумақталып

шоғырлану процессі осыдан кейін басталады. Омарташы аралардың

шоғырлануын

қүтпей,

уақытты кешіктіріп өткізіп

алмай үйшіктің

ішіндегі рамкаларды сұрыптап орналастырып ара жанұясының қыста тұратын ұясын (гнездосын) жасауы керек. Ұя (гнездо) жасау үйшіктің

ішіндегі аралар толы

көше

санына

байланысты.

Аралар

қыстап

шығатын арнайыұя

(гнездо) жасаудың бірнеше əдістері

болады.

Солардың ішінен өзіме ұнаған əдістері;

Бірінші; Үйшіктің екі жақ шетіне балға толы рамкаларды қойып

орталарына жоғарғы

жағы 2

кг, мөлшерінде беті

жабылған балға

толы,

төменгіжағындағыұяшықтары

бос

рамкаларды

орналастыратын едім,

себебі аралар шумақталып

шоғырлануды

үйшіктің ұшатын есігінің ішкі алдыңғы жағынан бастайтындығынан.

Ұяны

(гнездоны)аралар

шумақталмай

тұрған

кезде

№74-

суреттегідей

құрап,

ортасынатөменгі

жағында

беті

жабық

дернəсілдері барын, жоғарғы жағында беті жабылған балға толы рамкаларды орналастыратынмын. Аралар шумақталғанға дейін беті жабық дернəсілдер жас ара болып шығып олардың жатқан ұяшықтары босап ұя (гнездо) құруға дайын болып аралар сол жерлерге шумақталып шоғырлануға жағдай жасайтын едім. Ұяны осылай жасау екіжақты жасақтау деп аталады.

 Екіншісі; Ұяны бір жақты етіп жинайтында əдістері бар. Бұл əдіс бойынша №75-суреттегідей үйшіктің ішкі күнгей жағына балы толық рамкалар қойылып, ортасына қарай балы аздау рамкалар орналастырылады. Өз тəжірибемде мұндай əдісті де пайдаландым.Ұя құраудың көптеген əдістері бар. Омарташылар өздеріне ұнайтын əдістерін таңдау арқылы іс тəжірибесінің ыңғайына қарай пайдаланады.Қандай əдіспен құраса да ұя (гнездо) жоғарыда айтылғандай үйшіктің ішіндегі аралар саны, рамкалардың арасындағы қанша көшені толықтырып тұруының көлемінен артық рамкалар қойылмауы керек. Үйшіктің ішіндегі 2 кг кем балы бар рамкаларды, бос рамкаларды, жаңа тоқылған ашық түсті, ұрпақ шықпаған кəрезі бар рамкаларды үйшіктен алып тышқан кірмейтін, ылғалданып, көгеріп кетпейтін қоймаға қойып келесі көктемге дейін сақтау керек.

75-сурет

Ұяның (гнездоның) екі жағынан бөлгіш тақтаны қойып, жылылықты сақтау мақсатында сыртынан жастықшамен қымтап жабылады. Үйшіктің ұшатын есігін 2-3см. көлемінде кішірейтіп қысқартып, тышқан кірмейтіндей етіп №

16 суреттегідей темір қаңылтырдан немесе ағаштан жасалған жылжымалы қақпақпен жауып қойылады. Ұяның (гнездоның) ішінедегі рамкалардың

ұяшықтарында бал аралас ара наны бар (перга), барлық жиынтығы толық бір рамканың көлемін құрайтындай болғаны дұрыс. Себебі қыс аяқтала бастаған кезде аналық жұмыртқа сала бастайды, солардан пайда болатын ұрпақтарды қоректендіруге.Үйшіктің ішінде қыстың күні ара нанына толы рамкаларды қалтыруға болмайды. Оларды ұяның шетіне қойса ара шумағымен жабылмағандықтан көгеріп кетеді. Əр жанұяға арнап ара нанына толған беті жабылған екі рамкаларды сұрыптап алып қоймаға сақтап көктемде жаңа пайда

болған ара ұрпақтарын қоректендіруге қажет болатынын естен шығармау керек. Күн суытып аралар ұшуын тоқтатқан кезде үйшікті қыстаққа арнайы соғылған бөлмеге көшіреді, болмаса далада қыстатады. Қазақстанның солтүстік жəне орталық облыстарында қыстаққа көшіреді, ал оңтүстік облыстарда далада қыстата береді. Мен омартамды саяжайымның күнгей жағына, ықтасын жерді жуан темір трубалармен қоршап, қора жасап, төбесін қалың қаңылтырмен сваркамен дəнекерлеп қар мен жаңбыр тимейтіндей, бөгде адам кірмейтіндей етіп қыстатып жүрдім.

  • Бал араларының қыстақтағы тыныс-тіршіліктерін бақылау.

 Аралардың жұмыс кестесі өсімдіктердің гүлдеген уақыты көктемнен басталып, өсімдіктердің гүлдері солған күз айларында бітетінін алдыңғы тақырыптарда айтылды. Жаз бойы тынымсыз жұмыс жасаған бал араларына табиғаттың тіршілік заңы оңтүстікте төрт ай қыс уақытында (қараша-наурыз) солтүстікте алты ай қыста (қыркүйектен-сəуір) «демалыс» береді.

 Күздің соңында суық түсе бастаған кезде аралар ұшуын тоқтатып үйшіктің ішінде шумақталып шоғырлана бастайды. (аралардың шумақталып шоғырланғанын орыс тілінде «клуб» деп атайды.) Шоғырлану дегеніміз аралар бірінің үстіне бірі жабысып шар сияқты домаланып бірін бірі жылытып 14-25 градус жылылықты шоғыр- шумақтың ішінде сақтап жатады. Олар үйшіктің ұшағының ішкі жағында қарама қарсы орналасқан рамкалардың төменгі жағындағы бос ұяшықтарға жиналып шумақ құрап, содан шоғырланып рамканың жоғарғы жағындағы беті жабық балға жайлап жылжып соны жеп, қоректеніп ұйқылы ойау бір келкі жайлап ызыңдаған үн шығарып күй кешеді. Қыстың екінші жартысында аналық жұмыртқа салып одан жас ұрпақтар пайда бола бастаған кезде аралар шоғырының ішкі жағындағы жылықты 34-35 градусқа дейін көтереді. Ара шумағының сыртқы жағындағы жылылық едəуір төмен болады. Егер қыстақтың ауасы тым жылып кеткен жағдайда жұмысшы арлардың жұмыс жасауға қабілеті уақытынан бұрын ерте оянады. Сол кезде аралар балды көп жейді де іштері өтіп ауруға шалдығады. Қыстақтың іші тым суып кетсе жылылықты сақтап тұру үшін шоғырланған аралар балды тағы да көп жей бастайды. Соған байланысты аралардың тоқішектері нəжіске толып тышқақтап ауырады. Қыстақтың ішіндегі ауа 0-градустан төмен

түсіп 4-5 градус салқын болса аралардың дем алған тынысымен буланып үйшіктің қабырғасына, төбесіне мұз қатып қалады. Күн жылыған кезде қатып қалған мұздар еріп ұяның (гнездоның) іші мөлшерден тыс ылғалданып рамкадағы бал көгеріп, сасып кетіп, араларды ауруға шалдықтырады.Үйшіктің ішіндегі ауа тым құрғақ болса бал қатпарланып қатып қалады, болмаса ағып кетеді. Мұндай құрғақшылықта аралар қатты шөлдейді де балды көп жейді, себебі қыстың күні аралар суды балдың құрамынан алады. Балды көп жегендіктен тоқішектері нəжіске толып тышқақтап өледі. Аралардың үйшігі тұрған қыстақтың ішіндегі ауа 0-ден +4о градус жылылықты сақтап тұрса аралар бір келкі жайбрақат өмір сүріп, балды аз жеп, тоқішектері де бір келкі жұмыс істеп, нəжіске толмай жақсы қыстап шығады.

 Кітаптың алдыңғы бір тақырыбында омарташы араларды қыстаққа қойғаннан кейін 6 ай бойы дем алады деген едік. «Қарамаса қатын, бақпаса мал кетеді»-деп аталарымыз бекер айтпаған. Қыстың күні омарташы аралармен жазды күнгідей қауырт жұмыс жасамаса да, аралардың тыныс тіршілігі назардан тыс қалмауы керек. Омарташының үнемі бақылау жасап тұрғаны артықшылық етпейді. Керек болған жағдайда араларға дер кезінде көмек жасау омарташының негізгі міндеті болып саналады.Айына екі үш рет қыстаққа, əлде далада қыстатуға қойған омартасына барып аралардың жай күйін бақылайды. Алдымен қыстақтың, даладағы қыстату қоршауының бұзылмағанын тексереді. Жеке-жеке əр үйшіктің ішіндегі аралардың дыбыстарын үйшіктің сыртынан резеңке түтіктің бір жағын ұшатын есігінің ішіне тығып, екінші жағын құлағының ішіне кигізіп, тыңдап, олардың қандай қалде жатқандарын анықтайды. Ұядағы аралар бір келкі ызыңдап əлсіз дыбыс шығарып жатса, онда олар бір қалыпта дұрыс өмір сүріп жатқандығын білдіреді. Дыбысы қаттырақ шығып шуылға айналып кетсе, онда аралар қолайсыз жағдайға тап болғанын көрсетеді. Ара шуылы омарта бойынша ма, əлде жеке үйшіктегі ара ұяларынан шығып жатыр ма соны анықтау керек. Егер омарта бойынша аралардың шуылы ұлғайып жатса, онда ұядағы балдың тазалығының нашар болғандығын білдіреді. Мүмкін ол таза бал емес шіре балы (падевый мед) болуы мүмкін.Жеке үйшіктегі шуыл ұяның ішіндегі жылылық мөлшерден тыс ысып кеткендіктен де пайда болуы мүмкін. Ондай жағдай ауа айналымының (вентиляциясының) дұрыс еместігінен

болады. Ол кезде омарташы ұядағы жылылықты бір қалпына келтіруі керек. Жастықшаларды алып жеңілдетіп ауа айналамындағы желдеткіштерді ашыңқырағаны дұрыс болады.Ұяның іші суып кетсе аралар ондай шуыл көтермейді, тек жылылықты қалпына келтіруге əрекет жасайды. Мұндай жағдайда да омарташы қосымша жылылықты сақтау үшін ара ұясын жастықшалармен қымтап ұшатын есіктерін кішірейтіп араларға көмектесуі керек. Жекеленген үйшіктерден шуылдың қатайып шығуының тағы бір басты себебі үйшікке тышқан кіріп кеткенінің салдарынан болады. Үйшікке кірген тышқан ұя салып балалауы мүмкін. Соған омарташы мұқият қарауы керек.Тышқанның кіріп кеткенін анықтау қиынға соқпайды. Ол үшін сымтемірден кішкентай «көсеу» сияқты ілгек жасап үйшіктің ұшатын есігінен еденіндегі қоқыстарды шығарып қарағанда сол қоқыстардың ішінде өлген аралардың бастары басқада мүшелері, не болмаса тышқанның боғы шықса онда үйшіктің ішін тышқан жайлап алған. Ондай жағдайды тышқанның иісінен де білуге болады. Сол тышқанды ұясымен құртуға омарташы əрекет жасауы керек. Оны жасау омарташаның іскерлігіне байланысты. Менің жұмыс тəжірибемде ара үйшігіне тышқанның кіріп кеткені кездескен жоқ. Қыс айларында күн жылып, қар еріген кездерде омарташы қыстаққа жұмасына 2-3 рет барып күн райының құбылуына байланысты араларға жағдай жасау жұмыстарына кіріседі.

  • Көктемгі тексеру

 Омарта шаруашылығының жаңа жылы, бал шайқап алғаннан кейін ТАМЫЗ айында басталады. Себебі тамыз айындағы кəрездің ұяшықтарын жарып шыққан жұмысшы жас аралар келесі көктемге дейін 6 ай, қыс бойы өмір сүріп, көтемгі пайда болған ара ұрпақтарын күту, шірне тасу, су тасу сияқты жұмыстарды жасайды. Сондықтан омарташы келесі жылға қам жасау үшін тамыз айында жұмысшы аралардың жас ұрпақтарын көп етіп шығаруға əрекет жасау керек екені жоғарыда жазылды. Көктем келді деген, бал араларына жаңа бал өнімдерін жинау науқаны басталды, омарташы үшін бал араларын бағып, өсіріп, жаңа жұмыс кезеңі есігін айқара ашты деген мағынаны білдіреді. Орыстар «Весенный день -год кормит», дейді. Демек, «Көктемнің бір күні – жылға азық» деген мағынаны береді. Бұл дұрыс айтылған, жұмыскер адамдардың аузынан түспейтін сөз. Сол сияқты көктемнің бір күнін бос өткізіп алмай қадағалап, қыстан қысылып шыққан ара жанұяларының

күтіміне көңіл бөліп көбейтіп өсірген омарташы ғана бал аралары шығаратын барлық өнім түрлерін алдағы маусымда мол жəне сапалы түрде алтынына кепіл бола алады.

 Көктем шыға қыстаққа қойған ара жанұяларын қорадан шығару омарташының жыл басындағы алғашқы өте жауапты жұмысының басты кезеңінің бірі болып саналады.

 Мен, ара жанұяларын ашық далада, үйдің күншуақ жағына қыстатып жүргендіктен «көктемде араларды қорадан шығару» деген жұмысты жасаған емеспін. Далада қыстатудың пайдасы аралар ақпан айының соңы мен наурыз айының бас кезінде болатын жайма-шуақ жылы күндерде далаға өздері ұшып шығып қыстай ішегінде толып қалған нəжістерін өздері босатады. Жерде əлі қар еріп кетпесе де, олар ұшып шығып нəжістерінен босанып, рахаттанып қалады. Сондай кезде мен омартамның басында болып, үйшіктердің алдыңғы жағына бір-аз жерге жұқалап шөп-салам жайып тастайтынмын. Себебі үйшіктен ұшып шыққан аралар қардың үстіне қонып, денесі жылы болғандықтан қардың үстінеде қатып қалмас үшін. Күн жылына бастаса шөп- саламдардың астындағы қар да тез еріп кетеді. Үйшіктің ішіне су құятын арнайы жасаған рамкаға жылылау су құйып қойған жөн. Ішектерін босатып келген аралар үйшікке кірген соң суды қажет етеді.

 Көктемнің жайма-шуақ, желсіз жылы күнінің бірінде (көлеңкеде 14оС болған кезде сағат 1300-1600 аралығында) көктемгі алғашқы бал жинау науқанына дайындық тексеру жұмысын жүргізу керек.

Тексеру барысында;

 а) Ара жанұясының ішінде аналық ара бар ма? Оның қабілеттілігі қаншалықты?

б) Ара жанұясының күштілігі қандай?

в) Қанша рамкада дернəсілдер (расплод) бар?

г) Қанша аралар жейтін бал бар, олардың сапалылығы қандай?

Көгеріп болмаса қатып қалмаған ба?

д) Ара ұясының жалпы тазалық жағдайы қандай?

ж) Аралар ауруға шалдықпаған ба? тағысың тағылар....

 Бірінші жылы 6 ара жанұясын ұстаған кезімде, бал арасын бағып қағудан тəжірибемнің аздығынан (тіпті жоқтығынан деп айтқаным дұрыс шығар) жұмыс жасау кездерінде жаңылып, істейтін жұмыстардың түрлерін шатастырып, бір істейтін жұмысымды қайталап (екі рет) істеген кездерім де болды. Қыстың күні қолым бос болғандықтан оқулық кітаптармен журналдарда жариялаған

омарташының есеп журналдарын зерттей отырып төмендегідей əр ара жанұясына жеке карточка жасап алдым. Мысалы;

 № 12 үйшіктегі «Тентек» атты Бал ара жанұясының Карточкасы (Сəуір 1992 жыл.)

Аналық ара 2 жаста.

Шыққан тегі Карпат тұқымынан. Тəулігіне 1800-2000 жұмыртқа салады.

Жанұя мүшелері үйірілім құруға көп зауқы жоқ. Гүл шірнесі мен гүл тозаңын жақсы тасиды.

Тазалықты жақсы сақтайды.

Жағымсыз иісті сезсе шағып алады «Тентек». Бір келкі көңілге қонымды жұмыс жасайды . Жаңадан 6 кəрез тоқыды.

Қарал- ған күні

Көше саны (күші)

Бал ра- мкасы берілді

Тоқуға вощина берілді

Қант сиропы беріді

Қанша рамка қалды

Қанша Ұрпақ бар

Қанша Бал қалды

Перга Неше рамкада

Келешек істелетін жұмыс түрлері

25-ІV

8

2

-

1 л.

10

2,5 р.

11 кг

1 р

Үйшіктің табаны

тазаланды

08-V

9

3 бос кəрез

-

1 л.

13

3 р.

13 кг

2 р

 Үстеме

қоректі жалғастыру

15-V

12

2

боскəрез

-

0,5 л.

15

3,5 р

14,5 кг

2,5 р

Ұрпақтарды

көбейту керек

 Қазақтың келіндерінің қайнысы мен қайнағасына қоятын аттары сияқты əр жанұяға атау қоятын едім. Мысалы мына жанұяның атын

«Тентек» деп қоюым, өзіңнен бір жағымсыз иіс шықса сарт еткізіп шағып алады. Сондықтан бұл жанұяны ашып көруім үшін мұқият жуынып-шайынып барамын. Сол сияқты «Ызақор» деп атаған жанұяның аралары сені жақтырмаса соңыңнан еріп ызыңдап қалмайды. «Жалқау» жанұясындағылар балды, тағы басқада өнімдерді аз жинайды. Тек өзінің жейтін балын ғана жинайды.

«Төзімді» деп аталатын аралар қыстан жақсы шығады. Өздерінің əрекеттеріне сай аттарды қойып аламын. Карточкаларын қолыма алған кезде олардың аттарынан-ақ қалай жұмыс жасап жатқандарын сеземін. Жоғарыдағыдай графаланған бал ара карточкасының бір қолайлылығы көп жазудың қажеті жоқ, тек қарап болған соң графаларға цифрларды жаза саласың. Бір аз күн өткен соң карточкаларды қарасаң не істегеніңді, не істеу керек екенін ойыңа

түсіріп жаңылмайсың. Сондықтан бал арасын ұстаймын деген талапкерге осындай карточканы жасап қолдану ұтымды болатынын ескертемін.

Бақылау таразысы;

 Көктемде қыстақтан бал араларын алып шыққаннан кейін бір күшті ара жанұясын үйшігімен таразының үстіне қою керек. Ол таразы бақылау таразысы деп аталады. Күніне қанша шірне əкеліп оны балға айналдырып отырғанын бақылап, омарта дəптеріне жазып отыру керек. Соған байланысты омарташы омарта басында қандай жұмыс түрлерін жасайтынын бағдарлап, өзінің күнделікті жұмыс жоспарын жасап отырады.

Құрметті оқырман.

 Осымен омарта туралы сауат ашу əңгімені аяқтаймын. Бал аралардың ауру түрлері, ол өзінше жеке тақырып болғандықтан бұл кітапқа кірмей қалды. Бал арасын ұстаймын деген талапкер табылып жатса, араларды өсіріп-күту сол талапкердің еншісінде. «Көш жүре түзеледі» дегендей талаптарыңа нұр жаусын. Енді кітаптың үшінші бөліміндегі бал араларының шығаратын өнім түрлерін назарларыңызға ұсынамын.

3- Б Ө Л І М

(БАЛ АРАЛАРЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ)

  • Бал арасы өнімдеріне жалпы сипаттама

76-сурет

Адамдардың арманы бұл фəниде бақытты ұзақ өмір сүру. Оған өзінің денсаулығын күнделікті күту арқылы жететіні бəрімізге белгілі. Денсаулықтың жақсы болуы үшін күнделікті жеп жүрген тағамдарды мөлшерінен асырмай жеу мен қатар, басқа да табиғи таза тағамдарды орнымен

пайдаланғанда ғана қол жеткізе алады. Ол табиғи тағамдар Əлемге кең таралған, мың бір ауруға шипа – бал арасының өнімдері.

Əдетте балдың денсаулыққа пайдалы екенін, оны қабылдау арқылы ем жасалатынын білеміз. Балдан басқа да аралардың шығаратын табиғи таза, адамның денсаулығына қуат беріп, ағзасын жасартатын өнім түрлеріне онша көңіл бөмейтініміз анық.

 Баяғы, ерте заманда дəрілік қасиеттері бойынша бірінші орында бал арасының өнімдері болған. Оны пайдаланғандар дəрі- дəрмекті іздемеген. Қазіргі кезде адам баласы химия аралас дəрілерді қолданып, ара өнімдерін ұмытқан. Сөйтіп, Алла Тағаланың бал аралары арқылы беріп тұрған теңдесі жоқ, табиғи таза дəрумендерге толы, шипалық қасиеті бар өнімдері мен тағамдарын адамдар пайдаланбай соңғы орынға түсіргендерін сезбей де қалған.

 «Антибиотик» деген сөзді латын тілінен аударғанда «өмір сүруге қарсы» деген мағынаны береді екен. Өйткені химия аралас антибиотик деп аталатын дəрілер, адам ағзасындағы керексіз заттармен қоса, өте қажетті, пайдалы заттарды да ажыратпай құртады екен.

 Бал араларын баға жүріп, аралар шығаратын өнімдерін қандай жолмен, қандай жұмыс жасау арқылы, адам денсаулығына ол өнімдердің қандай көмегі барлығын, əр қайсысының құрамында қандай химиялық қасиеттердің бар екенін білуге тырыстым. Көп оқыдым. Іздендім. Таптым. Сол тапқанымды кітаптің төмеңгі жолдарына жазып отырмын.

Бал араларының қай өнім түрлері болмасын олардың құрамында

B1, В2, В3, В5, В6, В12, В15 Н, Е, К, С, РР, дəрумендері жеткілікті.

Осы дəрумендердің əр қайсысынның адам денсаулығына қандай көмегі барлығы жөнінде сипаттамасын бергенді жөн санадым. Себебі, төменде бал өнімдерінің түрлерін өзімнің түсінігім бойынша жазғанда, дəрумендердің сипаттамасын қайталап жазып жатпай, тек дəрумендердің аттарын келтірсем кітап оқушысына түсінікті болуын ескердім.

 В1 дəруменi (тиамин ) адам ағзасында дұрыс зат алмасуын (əсіресе көміртегін) арттырады. Шаршағандықты басып, ас қорыту процессінің дұрыс жұмыс істеуіне, ағза тиаминге зəру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдықпауына əсер етеді.

 В2 дəрумені (рибофлавин), басқа да дəрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне, денеге түскен жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды.

 В3 дəрумені (пантотеновая кислота, пантотенат кальция) Артрит, колит, аллергия жəне жүрек аруларын жазуға таптырмайтын дəрумен.

 В5 дəрумені (РР, никотиновая кислота, ниацин) қандағы холестеринді қалпына келтіреді, диабет, остеортрит ауруларын жазуға көмектеседі.

 В6 дəруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуын жақсартады. Жас балалардың бойының өсуіне, миының толығып, ой өрісінің дұрыс қалыптасуына, қан жолдарының жақсы жұмыс жасауына көмектеседі.

 В12 дəрумені (цианокобаламин) қанның пайда болу процессіне қатысады. Бұл дəрумен жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процессі дамиды.

 Н (биотин) дəрумені жүйкені қалпына келтіреді. Шаш пен тырнақтың ауруға шалдықпауына, терінің таза болуымен қоса адамды қартайтпауына септігін тигізеді.

 В15 дəруменi (кальций пангаматы). Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына жəне басқа да сырқаттарды жазуға көмектеседі.

 Е дəруменi (токоферол) бұлшық еттердің жəне жыныс бездерінің қызметін жақсартады.

К дəруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады.

 С дəрумені. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру əрекетін арттырады. Сүйекті жəне тісті беріктік қалпына келтіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды.

 РР(никотинамид, никотин қышқылы). Адам ағзасында биологиялық қышқылдану процесстеріне қатысады. РР дəрумені шаршағандық, əлсіздік, ашушаңдық, ұйқысыздықты тез арада қалпына келтіреді.

 Ғалымдардың тексерген қорытындысы бойынша аталған дəрумендермен қоса бал ара өнімдерінің құрамдарында;-калий, натрий, кальций, магний, железо, фосфор, алюминий, барий, бареллий, ванадий, висмут, галлий, германий, золото, кобальт, кремний, литий, марганец, медь, молибден, никель, свинец, серебро, титан, хром, цинк, цирконий, серу, йод тағы басқа да органикалық заттар, қышқылдар мен микроэлементтер барлығы анықталған.

 Кітабымнің келесі беттерінде ара өнімдерінің түрлерін түстеп, ол өнімдерді күнделікті қалай қабылдау əдістері мен адам денсаулығына пайдалы жағдайын сөз етуді мақсат тұттым

  • Ара балы.

 Негізінен, ара балы бір шырынды жəне көп шырынды болып екіге бөлінеді. Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырынан жасалған. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара- құмық балы, жөке балы, күнбағыс балы, жантақтың балы, шеңгелдің балы деп неше түрлі өсімдік гүлдерінің атымен атайды.

 Көп шырынды бал өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырынан жасалған. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

№77-сурет.

Таза балдың қай түрі болмасын емдік-диеталық қасиеті бар-табиғи тағам. Дəмі өте тəтті, қоймалжың хош иісті, № 77-суреттегідей-сұйық зат. Оның бір килограмында 3150 килокалориялық қуаттылығы бар.1 кг. балды жинау үшін аралар 5 млн. гүлдерден шірне жинап алып келуі керек.

(В.Киржан « 1000 вопросов и ответов из пчеловодства » стр.67. издательство «Кайнар» Алма-Ата 1979 г.)

 Нағыз піскен балдың құрамында; - су-21%. Глюкоза (жүзім қанты) 35%. Фруктоза (жеміс қанты) 41%. Сахароза (қамыс қанты) 2%. Олармен қоса Белоктар. Қышқылдар. Минералды заттар. Бояғыш

заттар. Дəрумендердің- B1, В2, В3, В5, В6, В12, Н (биотин), Е, К, С, РР, түрлері (сипаттамасы 35-т.) жəне Ферменттер болады.

 Фермент-деген сөздің қазақша атауы жоқ болғандықтан қолданыста фермент деп атала береді. Алматы қаласындағы ТОО РПИК «Дəуір» баспаханасында 2009 жылы басылып шыққан орысша- қазақша-ағылшынша Медициналық терминдер сөздігінің 766 бетінде Фермент-деген сөзге «барлық тірі жасуша құрамында болатын жəне биокатализатор функциясын атқаратын заттек»-деп мағына берілген. Келешекте басқа да ара өнімдерін сипаттау кезіндегі кездесетін фермент деген сөзді осы мағынада қабылдау керек.

 Менің омарта ұстағанымды білетін туыстар, қызметтес достарым мен таныс жолдас-жораларым дастархан басында, болмаса басқа жерде кездесе қалған кезде:

-Балды қалай, қанша мөлшерде жеу керек?

-Балдың қандай ауруға емдік қасиеті бар?

 -Балдың таза , қосындысы жоқ екенін қалай айыруға болады?- деген, тағысын тағы ұшы қиыры жоқ сұрақтарды қойып жатады.

 Өз бетіммен талаптанып омарта ұстап бал араларының шығаратын өнімдерінінің дəмін татып, оны қалай пайдаланғандығымның арқасында алған өз түсінігімді, білгенімді айтудан жалыққан емеспін.

 Көпшілік азаматтар балды қалай жеуін, оның емдік қасиетін, пайдалану жолын білмейді десем артық айтпаған болар едім. Балды қүнделікті тағам ретінде рационға енгізіп мөлшермен жеген денсаулыққа өте пайдалы. Балды көп жесең ауруға шалдығып қалуың да ғажап емес.(31-т.)

 Дастарқан басында кейбір күнделікті бал жеп жүрмеген азаматтар, балды көре салысымен ашкөзденіп ауыздарына тоғытып жатқанын көргенде оларға жаным ашиды. Бірақ, дастархан басында оларға ескерту айтуға ұяламын, тіпті сескенемін. Себебі мен олардан балды қызғанып отырғандай болып көрінуім мүмкін. Тіпті көпшіліктің көзінше «Байдың малын байқұс қызғанады» дегендей «не айтып отырсың, жесем мен сенің балыңды жеп отырған жоқпын»- деп ішкілік ішіп отырған біреуі айтып тастауы да мүмкін. Оларды сөгуге де болмайды, «білмеген у ішеді» дегендей. Шалғай ауылда өскендігімнен, балды бұрын көрмегендігімнен омартамен айналысқанға дейін мен де солар сияқты балды жеген күндерім əлі есімде. Дастархан басында ескерту айта алмағанымды осы

кітабымның төменгі жолдарына жазып оқырмандарымды хабардар етпекпін.

 Мамандардыңайтуынша,балдыңадамденсаулығыүшін пайдасы көп. Атап айтқанда бал:

-қан құрамын жақсартады,

-ішкі ағзалардың қызметін жандандырады,

-иммунитетті арттырады,

-ағзаныңфизиологиялыққызметін,күш-қуатынқалпына келтіреді.

-мидың жұмысын жақсартады,

-тыныс алу жолдарын артық қабынудан сақтайды.

 Ол, сондай-ақ; жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиуге, құяң мен өтке пайдалы.

 Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, күйікке, қатерлі ісік онкология дертінің алдын алуға да, ем ретінде пайдалануға болады.

 Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

 Ара балы дəрі салатын аптечка да емес, ас бөлмесіндегі столдың үстінде нанмен қатар тұруы керек. Оны күнде өзінің мөлшерінде жеген адам химиядан жасалған дəріні керек те қылмайды.

Бал денсаулыққа таптырмайтын дəрумен болып та есептеледі.

Біреулердің дастархан басында балды ыстық шайға қосып араластырып «бұл жақсы ем ғой» деп ішіп отырғанына жаным ашиды. Себебі олай жасау, олардың балды ем ретінде дұрыс пайдалана білмейтін сауатсыздығынан. 60 градустан жоғарғы қайнаған суға балды араластырған кезде балдың ішіндегі емдік қасиеті мүлдем жоғалады, тіпті балдың тəттілік дəмі де сезілмейді. Балды 60 градустан төмен жылы суға салып езіп ішкен дұрыс. Сонда ғана оның емдік қасиеті өзінің қалпында болады.

 Балды жеудің де қалыптасқан əдісі бар. Нанға қосып шайнап жеген бал асқазанға түсіп, бірден қанға түспей қосымша өңдеуден өтеді де, емдік қасиетінен айрылады.

 Балды, тілдің астына салып сілекейге араластырып асықпай қатты конфеттерді сорғандай етіп қабылдаған кезде оның ферменттері ішек-қарын арқылы арнайы өңдеуді қажет етпей, асқазанға түспей, бірден жасушалар (клеткалар) арқылы тарап

қанға барып сіңеді. Міне балды осылай қабылдағанда оның қасиеті адамның жүйкесін жаңартып, шаршағанын тез басып, бойына қуат береді.

 Бал əсіресе жасы ұлғайған «химзауыттарының кейбір тетіктері» тозған қарияларға сол «тозған тетіктерді» қалпына келтіріп, ағзасын жасартып, денінің сау болып ұзақ өмір сүруіне, миының дұрыс жұмыс істеуіне себебін тигізеді.

 Балды сол сияқты «зауыттары» əлі толық қалыптаса қоймаған сəбилерге сүтке, кашаға қосып берген дұрыс. Сонда олардың миы толығып, ақылы мен ойлау қабілеті дұрыс жетіледі. Дене бітімі жəне салмағы мен бойының өсуіне көп əсер етеді. Дегенмен, балаларға балды көп мөлшерде беруге болмайды. Тəулігіне шəй қасықпен 3 рет беру керек. (бір шəй қасықтағы бал 30 гр. салмаққа тең). Одан көп берсе бала өмір бойы аллергияға ұшырап, бал көрсе жүрегі айнып балға қарамай кетуі де мүмкін.

 Балды ауырғанда ғана емес күнделікті үзбей аздап жесе ғана пайдалы. Мəскеу қаласында 2001 жылы басылып шыққан профессор А.Ф.Синяковтың «Большой медовый лечебник» деген кітабінда 40 жасқа дейін өзінің əр бір кг, салмағына 1 гр, 40 жастан кейін 0,5 гр, бал жеген дұрыс деп көрсетілген.

 Қандай да болмасын ауыруды балмен емдеуге болатынын (В.Киржан Алматыда «Қайнар», баспасынан 1979 жылы басылып шыққан «1000 вопросов и ответов из пчеловодства» деген кітабында) төмендегідей бал қабылдау мөлшерін көрсеткен. Балды сұйық түрінде күніне 3 рет тамаққа дейін 1,5-2 сағат бұрын, болмаса тамақтан кейін 3 сағат өткен соң қабылдау керек. Бір күндік дозасы

100 грамнан кем, 200 гр, артық емес мөлшерде 2 ай бойы үзбей қабылдаған дұрыс емдік нəтижесін береді. (Таңертең 30-60 гр, күндіз 40-80 гр, кешке 30-60 гр,) Одан артық балды қабылдаса ұлтабардың ұйқыбезіне (поджелудочной железаға) зақым келтіреді.

 Менің жыл сайын екі ай бойы қандайда болмасын аурудың алдын алу мақсатында жоғарыдағы мөлшерде таза, піскен балды таныс омарташыдан сатып алып уақытылы қабылдайтыным əдетіме айналған. Ол адам ағзасын жасартуға көмегін тигізеді.

 Асқазанында жарасы барлар мен асқазан қышқылы шамадан тыс көп адамдар балды таңертең жəне түскі тамақтан бір жарым, екі сағаттай бұрын, ал кешкі тамақтан соң үш сағаттан кейін пайдаланғаны жөн. Сонда бал асқазан сөлінің бөліну процессін

тежеп, қышқылын төмендетеді, жүректің қыжылын басады. Сөйтіп ол ойық жараның жазылуына жақсы жағдай туғызады. Оны тамақ алдында пайдаланса керісінше асқазан сөлін едəуір көбейтеді. Сондықтан тамақтан кейін жеген дұрыс.

 Жүрек, қан тамырлары ауруларына қарсы да балды қолданады. Құрамындағы глюкоза жүректің қызметін күшейтіп, көңіл-күйді жақсартады. Жүрек аурулары кезінде күніне бір шай қасықтан 2-3 рет жегенді мамандар ұсынады. Шамадан тыс жеген бал денеден терді көп бөліп жүрекке салмақ түсіреді.

 Өкпе туберкүлезіне, анемия (қанның азаюы) ауруларына шалдыққанда, шаршап қажығанда балды сүтпен араластырып ішкен пайдалы.

 Ұйқысы қашқан, жүйке ауруларына шалдыққандарға да бал таптырмас ем. Мысалы, ұйқысы қашқан адам бір қасық балды бір стақан жылы суға ерітіп, жатар алдында ішсе, ұйқысы тынышталып, жақсы тынығады. Балдан артық ұйқы шақыратын əрі ағзаға залалсыз дəрі жоқ екені əр қашан есте болуы керек.

 Балды пайдалы екен деп оны бей-берекет қолдана беруге де болмайды. Орынсыз жеген бал да аллергияға шалдықтырады.(31-т.)

 Панкреатит, қант диабеті аурулары бар адамдардың балды тек дəрігердің кеңесінен кейін ғана пайдалануы керек.

 Ара балы дымқыл ауаны өзіне тез тартып алады. Ондай жерде сақталған бал көгеріп кетіп өзінің құндылығын жояды. Балды тұздалған овощтар мен шикі ет, шикі балықтың жанында сақтауға болмайды. Балды тек эмалированный, шыны жəне ағаштан жасалған ыдыстарға салып құрғақ жерде сақтаған дұрыс. Еске бір сала кететін жағдай емен ағаштан жасалған ыдыста сақтауға қойған бал қарайып кетеді.

 Бал жаздың күні ғана сұйық түрінде болады. Балды шайқап алғаннан кейін, 4-5 айдың ішінде қоюланып қата бастайды. (кристализуется). Қатқан балды ескі екен деп ойлау тіпті дұрыс емес. Таза, қоспасы жоқ бал қатады (кристализутся).

 Шіре балы, оны кейде Құланды балы – дейді. Орыс тілінде Падевый мед-деп атайды. Бұл балды аралар гүлдердің шірнесінен емес өсімдік битінің, құрттардың, көкжапырақ бүргелерінің шығарған тəтті, дəмді дəретінен-нəжісінен жинайды. Бұндай бунақденелі жəндіктер өсімдік жапырақтарының төмеңгі жағында күнелтіп, өсімдік шырындарымен қоректенеді, ал олар бөлген тəтті сұйық

тамшы нəжістер жапырақтан құлап жерге жиналады. Содан барып шіру процессіне айналады. Күздің күні гүлден алым біткендіктен аралар жапырақтан құлаған- шіруге айналған зəр-нəжістен жинағандықтан, одан жасалған балды Құланды (падевый)-Шіре балы деп атайтыны сондықтан. Бұл балдың түрі тұңғыйық жасыл, кейде қара- қоңыр, қоймалжың, дəмі сүйкімсіз, хош иісі əлсіз болып келеді. Омартаға қысқа қалдырғанда мұндай бал аралардың іш аруларына жəне өліміне себепші болады. Шіре-Құланды балын кондитер жəне темекі өнеркəсібіне пайдаланады.

 Балдың таза екенін тек лабораторияда арнайы тексеру арқылы анықтауға болады. Таза бал екенін білу үшін «сүйту керек, бүйту керек» деп «білгішбектердің» айтып жүргендері бос сөз. Мен оларға сенбеймін. Балды сатып алып тұрған кезде оның таза, əлде қоспа бал екенін тексеру мүмкін емес. Таза бал сатып алғыңыз келсе, таныс омарташыдан сатып ал деп кеңес берер едім.

  • Бал араларының Балауызы. (Пчелиный Воск)

 Балауызды аралар не үшін қолданады? Адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

78-сурет.

Бал араларының шығаратын өнімдерінің негізгі біреуі жұмысшы аралар өздерінің бездерінен шығаратын қою майлы №78- суретте көрсетілген затты балауыз (воск) деп атайды. Балауызды аралар қандай безінен, қалай шығаратындары туралы 28 тақырыпта таратылып жазылған. Ертеректе балауызды аралардың жарамсыз етіп тастаған қалдық заты

деп есептеген. Уақыт өте, балауыз бал араларының ең бірінші өздеріне керекті құрылыс жасайтын шикі заты екенін, балауызсыз бал аралары өспейтінін түсіне бастаған.

79-сурет

Аралардың осындай жасаған құрылысын КƏРЕЗ (орысша соты-сушь-) -деп атайды. - Жұмысшы арасыз балауыз, -балауызсыз кəрез,

-кəрезсіз ара ұрпақтары өспейді, -балауызсыз-

бал, ара наны жиналмайды.

 Аралар кəрездің ұяшықтарына гүл шірнесінен бал, гүл тозаңынан ара нанын жасап өздеріне азық ретінде кəрездің ұяшықтарына салып, ауа кіріп бұзылмас үшін бал, прополис, балауыз үшеуін «секерет» деп аталатын сілекей сияқты сұйық затты бездерінен шығырып араластырып олардың беттерін №79- суреттегідей жұқа қабыршақпен сүрлеп (консервация) жасап жауып тастайды. Оны «забрус» деп атайды.

 Балауыз жер бетінде бірінші пайда болған полимер. Оны тек аралар ғана таза табиғи түрде шығарады. Балауызда 300-ден арта керекті заттар бар. Олардың ішінде; күрделі эфир заты (70-75%), майлы қышқылдар (13-15%) көмірсутегі (12-17%), су (1-5%). Оның құны алтыннан кем тұрмайды жəне ара балауызын ешқандай зат алмастыра алмайды. Қазіргі кезде синтетикалық жолмен шығаратын жасанды балауыздарға қарағанда аралар шығаратын балауыз теңдесі жоқ табиғи зат болып есептеледі.

№80-сурет

Ара балауызы адам денсаулығы үшін биологиялық құрамы жағынан өте керекті зат болып есептеледі. Ертеде, адамдардың денсаулығын жақсартуға, емдеуге Гиппократ пен Авицина да қолданып келген. Фармакология өмірімізге енегеннен кейін балауызбен емдеу екінші сатыға түсіп ұмыт бола бастаған. Бірақ кейінгі кезде медицина саласында

балауыздан жасалған дəрілер, ем тағайындау қайтадан өмірімізге кіре бастады.

 «Забрустың» емдік қасиеті өте күшті. Атап айтқанда; Ауыздың ішіндегі жараны «забрусты» шайнау арқылы жазуға болады. Осы жолмен стамотит пен парадонтоз ауруларына қолданған кезде өз нəтижесін береді. Бронхиальный астмамен ауырғанда да осы əдісті қолданады. Халық медицинасы адамдар сенной лихорадкамен (аллергиялық қызба ауруымен) ауырғандарға ертеде «забрусты» шайнау əдісін қолданып жазған.

 Спастический колитпен (тоқішектің түйілмелі түрде ауырумен) ауырғанда балауызды шайнап ішке жұту арқылы ішектерді майлап, ауруды жазуға əсерін тигізеді.

 Балауыз шайнаған кезде өте жұмсақ болумен қатар тілдің, тістің, таңдайдың қызыл етін жуа отырып массаж жасап тісті тазалайды. Ерте кезде тісті жуатын паста болмаған кезде соның орнына қолданған. Өзім аракідік осы уақытқа дейін тіс пастасының орнына

«забрусты» бал сататын дүңгіршектерден сатып алып, шайнап аузымды, тілімді, таңдайымды, тістерімді тазартамын. Шайнап болған соң «забрустың» қалдығын (балауызды) жұтып қоямын. Оның ешқандай зияны жоқ. Содан кейін аузымды таза сумен дұрыстап шайып жіберемін.

№81-сурет

 Тістің қызыл еті қабынып ісіп, болмаса жара шыққанда «забрусты» шайнау арқылы жазуға болады. Мұрынның ішіне жара шығып, сол сияқты гаймаритпен, фрингитпен, тонзилитпен ауырғанда жарты шай қасық «забрусты» сағат сайын 15 минуттай шайнау арқылы жазуға болады. Омарташылардың жоғарыда аталған

ауру түрлерімен ауырмайтыныда сондықтан. (№80- суретте бал шайқаудың алдында, балдың бетін аршыған кезде алынған «забрус»,

№81- суретте балдың беті жабылған «забрус». Екеуін де бал сататын дүкендерден алуға болады.)

 Есте болатын бір жағдай «забрустың» бір кішкене бөлшегін шайнап бітірген соң, балауыздың қалдығын түкіріп тастамай жұтып қойған абзал. Жұтқан балауыздың майлы қалдығы ішекке барып түсісімен табиғи зат ретінде ішекті тазалап, ас қорыту жолына барып түсіп, ас қорыту бездерінің жұмыс істеу жолдарын жаңартып, іштегі керексіз тамақ қалдықтарын сыртқа шығаруға бірден бір көмегін тигізеді. Жұтылған балауыздың қалдығы ішек пен ас қорыту жолдарындағы микрофлораны (микроорганизмдер жиынтығын) қалпына келтіріп, керексіз бактериаларды құртып, ағзаны тазалайды.

 Ара балауызын басқа да қосындылармен (ингредиентермен) араластыра отырып адам денесіне шыққан жаралар мен тері ауруларын жазатын дəрі іспеттес мазь жасап қышыма, бөріткен, фрункул, сыздауық, ашық жара, мозоль (күс мүйізгек, шор) сияқты індеттерді жазуға болады. Ол үшін; балауызды оливкивый (зəйтүн) маймен (1:2) мөлшерде араластырпып жараны перекись водорода (суымен) тазалағаннан кейін жараның үстіне жағып, таңып тастаса тез жазылады.

 Балауыз стоматология саласында таптырмайтын шикі зат, сол сияқты өндірісте де кең қолданысқа енген. Негізінде космосқа ұшуға ракеталардың бөлшектерін жасауға жəне косметикаға керекті өнімдерді шығаруға пайдаланады.

  • Прополис (Ара желімі)

 Прополис, басқаша айтқанда ол желімге ұқсас болғандықтан оны «ара желімі» деп атайды. (Ара желімі №82- суретте көрсетілген.) Аралар оны жапырақты талдардың шырынынан жинайды.

82- сурет

 Оны жинау барысында желімге ұқсас шырынға өсімдіктің тозаңын қоса отырып өздерінің сілекейлерін араластырып созылмалы пластинкаға ұқсас қою зат жасайды да, оны аяқтарындағы корзинкасына салып үйшікке алып келеді.

 Ара прополиспен үйшіктеріндегі желорай (сквозняк) ұрып тұратын тесіктерін желімдейді. Желорайды аралар жақтырмайды. Үйшіктің ішіне кіріп кеткен тышқан, шегіртке тағы сол сияқты жəндіктерді бізгегімен шағып өлтіріп соның өлі денесін прополиспен желімдеп жауып иісін шығармай мумифицировать етіп тастайды, соған байланысты үйшіктің ішіндегі ауа стирильный қалпында болады.

 Прополис – өте құнды табиғи антибиотик, оның қолдану қарқынының өте күштілігі мамандардың арнайы тексерістерінің қорытындысымен анықталған. Бактерия прополистен басқа табиғи антибиотиктерге генетикалық үйренгені былай тұрсын, тіпті оларды тамақ есебінде жеуге де барады. Ал, ғалымдар бүкіл тексеріс басында прополиске бактерияның үйренгендігін таба алмаған. Ара желімінің күштілік қабілеттілігі өте құнды. Ол табиғи антибиотик, оның қолдану қарқыны өте күшті.Прополистің құрамында флавоноиды деген зат бар. Ол буындардың, сілекейқабық-терілік (слизисто- кожный,) ауруларының қабынуына қарсы күшті əсер етуімен қатар буын аруруларының қабырғаларын қатайтып, тіндерін жалғастырып қатайтуға дəнекерлік етеді.

Прополистің басқада да ауруға қарсы қабілеттілігі бар;

 -Жасушалардың (клеткалардың) мембранасын холестериннен тазалауға,

- Жасушалардың жұмыс істеуін орнына келтіруге,

 -Жарақаттанған жасушалардың тінін-терісін (кожасын) қалпына келтіріп,жарақатын жазуға.

-Ағзаны жасартуға көмектеседі.

 -Прополис онкология ауруларың алдын алуға, токсиколық жағдайды болдырмай рак клеткаларын құртуға ықпалететіні жөнінде ғылыми ізденіс жүргізілуде.

 -Ара желімі дифтерия, туберкулез, скарлатина сияқты ауруларға қарсы қолдануға таптырмайтын табиғи антибиотик.

Прополисті қолдану тəсілдері:

Спиртке езу арқылы төмендегі ауру түрлеріне қолданады;

  • Демалу органдарына суық тигенде, грипп, бронхит, пневмания ауруларына қарсы.
  • Ас қорытатын органдар науқасы; гастрит, колит, метеоризмге.
  • Зəр шығару, цистит, простатит, нефрит т.т.
  • Көз, құлақ, тіс ауруларына.
  • Тері аурулары: бөріткен, экземы, ауруларына.
  • Жоғарғы тыныс органдарында пайда болатын гаймарит, фаренгит, ларенгит, маңдайға суық тиген кезде прополисті ауызға салып шайнауды ұсынады. Сол кезде аталған ауруларды асқындырмай тез жазылады.

Е с к е р т у;

Ара өнімдері; бал, гүл тозаңы, ара наны (перга) аналық сүт пен ара уына алергиясы бар адамға прополис-ара желімін дəрі ретінде қабылдауға болмайды. Жоғарыда көрсетілген емдік тəсілдерді учаскелік дəрігердің тек рұқсаты бойынша қабылдауды ескерген абзал.

  • Ара наны (Перга)

Аралар ара нанын қалай жасайтындығы жөнінде 29 тақырыпта толық жазылды. Енді оның емдік қасиеті туралы айтатын болсақ, ғалымдар ара нанының (перганың) адам денсаулығына пайдалылығы балдың қасиетінен де көп екенін анықтаған.

№83-сурет. Ара наны (перга)

Ара нанының химиялық құрамында; барлық белгілі дəрумендердің түрлері, ауыстырылмайтын 10 амин қышқылдар, 50-ге жуық ферменттер, ондаған көмірсу тегімен микроэлементтер бар.

 Ара наны дəрі ретінде ұсынылады, асқазан-ішек жолдары аурулары мен заттек алмасу кезінде, бауыр, бүйрек, ұлтабарлық ұйқыбезі, жүрек қантамырлары мен қанқысымы жоғарылаған кезде. Простатит, аденомы простаты, атеросклероз,

туберкулез, бронхит, көздің көруі нашарлап ауырғанда қолдануға ұсынылады. Ара наны жоғарғы сатыдағы дəрумен жəне адам ағзасын жасартып қартаюға жол бермейтін пайдасы көп табиғи өнім.

 Омарта ұстап жүрген кезімде, бал жинау маусымы аяқталған кезде бір-екі рамкадағы беті жабылған ара нанын (перганы)

«забрусты» жеке алып қойып қыс бойы, келесі бал жинау маусымына дейін мөлшерінен асырмай шайнап-жеп жүрдім. Соның арқасында шаршау дегенді білмей, көңіл күйім көтеріңкі жүрді.

Ара нанын қабылдауының да реті болады. Оны күннің бірінші жартысында, яғни түске дейін ауызға салып сору арқылы кабылдаған дұрыс. Тағы бір айта кететін жағдай қанқысымы жоғары болатын адам таңертең ашқарын кезінде сору арқылы пайдаланғанда қанқысымын төмен түсіреді.Қанқысымы төмен болып тұратын адамдарға күннің екінші жартысында қабылдаған абзал.

 Ара нанын қанша мөлшерде қалай қабылдау керек деген сауал туындауы мүмкін. Мамандардың ұсынысы бойынша, ара нанын ем есебінде қабылдау 1,5-3 ай мерзім аралағына созылады. Алғашқы ара нанын қабылдаған кезде 2-3 күн мөлшерінде адам өзінің көңіл күйін бақылауда ұстағаны абзал. Кейбіреулердің жүйке жүйесі тым көтерінкі болған жағдайда маужыратып ұйқысын келтіреді. Мұндай жағдайда ара нанын күннің екінші жартысында, ұйықтар алдында қабылдауы дұрыс нəтиже береді. Арада 3-6 жұма өткеннен кейін жүйке жүйесі қалпына келеді. Содан кейін азанда, түс мезгілінде қабылдауға болады. Ара нанын ауызға салып тек қана сору арқылы қабылдау керек. Сумен араластырып ішуге болмайды. Қабылдау дозасы; Толы емес бір шəй қасық (ш.қ.) ара наныны 3,5 грамм салмақты құрайды. Толтырылған ш.қ-6 грамм. 1 жастан-6 жасқа дейінгі балаға-1/4 ш.қ., 6-дан – 9 жасқа дейін – 1/3 ш.қ., 9-дан – 12 жасқа дейін – 1/2 ш.қ. 12- жастан жоғарыдағыларға 1 ш.қ. күніне 1-3 реттен қабылдау ұсынылған.

 Жоғарыда көрсетілген емдік тəсілдерді қабылдау алдында бөлімше дəрігердің тек рұқсатын алғаннан кейін ем есебінде қабылдауды ескерген абзал болады.

  • Аналық сүтше (маточное молочко)

Аналық сүтшені жоғарыда жазылғандай жаңа өмірге келген 5-ші күннен бастап 15-ші күнге дейін, осы уақыт аралағында күтуші- тамақтандырушы қызметін атқаратын, үйшіктің ішінде жұмыс

жасайтын жас жұмысшы аралар жоғарғы жақ сүйегіндегі бездерінен сүт шығарып дернəсілдер мен аналық араны тамақтандырады. 15 күнен кейін олар анлалық сүтшені шығаруын тоқтатады.

84-сурет. Аналық сүтше.

Олардың жұмыстарын жаңадан пайда болған сіңлілері ары қарай жалғастыра береді. Бұл жаратылыстың жұмысшы араларға бекітіп берген жұмыстарының бір түрі.

 Аналық сүтше дегеніміз қаймақ сияқты ақ түсті сүттен гөрі қоюлау, кейде уызға ұқсас ақсары түсті болып келеді. Дəмі сəл қышқыл-тəтті, өзіне

тəн ерекше иісі болады.

 Аналық сүтшенің биологиялық қасиеті өте күшті. Оның құрамында күрделі химиялық заттар бар. Ғалымдардың берген қорытындысы бойынша, аналық сүттің құрамында су-(60-70%), құрғақ зат- (30-40%), оның 10-50%- нəруыз (белок), 12-40% - көмірсуы (углеводы) 2-10%-липиды, (7-32%) амин қышқылы құрайды. Одан басқа аналық сүтшенің құрамында дезоксирибонуклеиновый кислота (ДНК) деген зат бар, ол адамның аурудан тез жазылуға, адамның тозған жасушасы мен тінін қалпына қайтадан келтіріп, ағзасын жасартуға көмектеседі.

 Аналық сүтше жаңа ғана алынған таза күйінде (орысша оны нативное молочко деп атайды) қабылдаған кезде биологиялық қасиеті өте күшті болады. Кептіріп, майдалап, үгіп-порошок түрінде жасалған (адсорбированное маточное молочко) аналық сүтшенің аса құндылығы болмайды. Ондай сүтшені порошок күйінде дəрі-дəрмек жасауға қолданылады.

 Кейінгі кезде аналық сүтшені көп қолдана бастады. Мысалы Жапония бір жылда 200 тоннаға дейін аналық сүтшені дайындайды екен. Мектепте оқитын балалардың əр қайсысын аналық сүтшемен тамақтандырады. Зейнетке шыққан адамдар міндетті түрде сүтшені тамақ ретінде дəрігерлердің бақылауы мен шамасынан асырмай қабылдағандықтан олардың орта жастары 80 жасты құрайды.

 Аналық сүтшені мөлшерден артық қабылдау адам денсаулығына зиянынан басқа пайдасы болмайды. Оқырмандарыға жəне келешек омарташы болғысы келген талапкерлерге сабақ болу үшін, естерінде жүрсін деген мақсатта төмендегі басымнан өткен бір оқыс оқиғаны жазуды жөн санадым.

 ...Көктемнің соңғы жаймашуақ нұрын шашып тұрған бір күні жұбайым Сара екеуміз түске жақын саяжайымызға келдік. Сара самаурын қойып, саяжайдың ішін жинау тіршілігіне кірісіп кетті. Мен, құрал саймандарымды алып саяжайдың басында тұрған омартама барып бір үйшікті ашып қарасам, аралар аналық шығаратын бірсыпыра аузы жабылмаған тостағандарды тоқып, ішін аналық сүтшеге толтырып тастапты. Аналық сүтшенің ер адамдарға беретін «қасиетін» шала-шарпы оқығаным бар-ды. Бірінші рет аналық сүтшені ішіп көрейін деген басыма ой келді. Ол кезде қанша мөлшерде қабылдау керек екенін білмейтін едім. Қазақ емеспізбе, не жесе де бес бармақты салып жіберіп жейтін. Шындығында қазақтың ұлттық асы, ет пен қамыр қосылған «бесбармақты» өз басым қолымды салып жіберіп жемесем тоймаймын, місе тұтпаймын. Қонақта берген «бесбармақты» елден ұялғанымнан шанышқымен жеймін, бірақ қанағаттанбаймын, «бесбармақ» жегендей əсер алмаймын. Қонақтан үйге келген соң «ет асшы» дейтінім бар. Бұл ауылда өскендігімнен бе, бес бармақты салып жіберіп жеу түйсігіме сіңіп, əдетке айналып кеткендігінен де болар.

№85-сурет

Сол əдетім бойынша бірнеше аналық тостағандарды сүтімен қоса жесем «еркектік қасиетім» бұрынғыдан да артатын шығар деген ой қызықтырып маза бермеді. Сөйтіп рамкалардағы аналық тостағандарды сүтімен қоса пышақтың ұшымен кесіп алып үйшіктің көлеңке жағына ақ қағаз жайып сонда жинай

бердім. Бірсыпырасын кесіп алып, жиналған тостағандарға қарасам олардан көлеңке ауып, күн түсіп, ішіндегі ақ-сары түсті сүттері, қоңыр-қара түске айналғанын байқадым. Аналық сүтшелер тез бұзылады дегенді журналдан оқығаным есіме түсіп, барлық тостағандарды сүтімен қоса бір уыс қылып аузыма салып шайнап- шайнап жұтып жібердім. Содан 10 минуттей уақыт ішінде, денем қызып, қан қысымы көтеріліп, бет ауызым ісіп бара жатқан соң əрең дегенде ара үйшігін жауып үлгергенше тамағым күп болып ісіп, мойным жоқ болып, құлағым шыңылдап, бетаузым іскендігі соншалық көзім жұмылып іргедегі саяжайға əрең жеттім.Түрімді көрген Сара «не болған саған» деген қорқынышын жасыра алмады. Дереу диванға жатқызып, бетімді суланған суық дəкемен орап «не болды, не болды» дей берді. Мен болсам, «білмеймін бірдеңе шағып

алды» деп шынымды айтпадым. Шынымды айтсам Сара «қой енді ара баққаныңды» деуі мүмкін ғой. Сара дереу самауырда қайнап тұрған ыстық шəйді беріп емдеуге əрекет жасады. Бірақ, жағдайым нашарлай берген соң, көрші жігітті біздің автокөліктің рөліне отырғызып, облыстық ауруханаға жеткізді. Сонда бір жұма емделіп, жазылып шықтым. Болған жағдайды Сараға бал жинау науқанын аяқтап, омартаны қомдап қыстаққа қойған соң жолымыз түсіп Сочи қаласындағы Ішкі істер министрлігінің «Искра» санаторииясында демалып жүрген кезде айтқан едім. Ол «Мен бірдеңе шағып алды дегеніңе сол кезде іштей сене қоймағанмын. Өзіңе эксперимент жасағанды қашан қоясың» дегенде, «бəрін сен үшін жасап жүрмін ғой» дедім. Екеумізде бір-бірімізді іштей «түсініп» күлгеніміз кешегідей, əлі есімде.

 Өзіме «эспермент» жасағаннан кейін «аузы күйген үрлеп ішеді» демекші, облыстық кітапханаға барып аналық сүтше туралы кітап- журналдарды оқу мен қатар олардың керекті жерінен конспекті жазып, сүтшені қалай, қанша мөлшерде қабылдау əдістерін үйреніп тиесілі мөлшерінен асырмай аналық сүтшені қабылдай бастадым. Ғылым жолымен дəлелденгендей 3 күндік сүтшесі бар 4 тостағандағы беті жабылмаған сүттің салмағы 300 мг құрайды екен. Сүтшені жинау кезінде өте тазалықты сақтау керек. Тазалық сақталмаған жерде сүтше тез бұзылып кетеді. Жинау мерзімін жаздың басынан бастасаң кеш қалмайсың. Байқаған адамға сүтшені жинау өте күрделі өндімейтін жұмыс, оның құнының қымбаттылығы сондықтан. Өз басым аналық сүтшені жинап көргенім жоқ. Оны жинау үшін неше түрлі автоматтандырылған құрал-сайман керек жəне оның жинау əдісінің механизмін білу қажет. Сүтшені жинау үшін өз алдына бір өндіріс ашып, кемінде 300-500 бал ара жанұясын асырауды талап етеді. Оның біраз бөлігін аналық арасыз ұстап, араларға аналық тостағаншаларын салдырып, оған сүтшені жинату керек. Оларды бағып-қағуға қаншама адам қолы жəне қаражат керек екені айтпай-ақ түсінікті. Өте машақаты көп жұмыс. Мен сияқты, 20- шақты бал ара жанұясын ұстаған адам өндіртіп аналық сүтшені жинай алмайды. Дегенмен бал жинау маусымында, ерінбейтін омарташы өзін, отбасын аналық сүтшемен қамтамасыз ете алады. Нағыз аналық сүтшені қабылдаймын деген адам, оны омарта басында қабылдауы дұрыс екенін қалар едім.

 Мен аналық сүтшені омартамның басында қабылдап жүрдім. Оның да əдіс тəсілдері бар. Үйшікті ашып рамкадағы аналық шығаратын № 82 суретте көрсетілген аузы жабылмаған тостағаның ішіндегі 3-5 күндік аралығындағы балапан құрты бар аналық сүтшенің салмағы 60-75 мг., құрайды. Соның біреуінің ішіндегі сүтшені асыл (стальной) тот баспайтын пышақтың ұшымен алып, тілімнің астына салып сору арқылы сілекейіме араластырып, əбден иін қандырып, сұйық күйінде (сілекейге ұқсас) мысқалдап жұтып, үзбей табиғи тағам-дəрі ретінде қабылдап жүрдім. Бұл қабылдау əдісі ғалымдардың айтуы бойынша, аналық сүтше бірден қанға түсіп, қандағы керексіз заттарды құртып, тазалап, адамның бүкіл ағзасын жасартады екен. Ол менің денсаулығымды жақсартуға, ағзамды жасартуға көмектесті деп толық айта аламын. Омарташылардың көп өмір сүретіндігінің бірден-бір себебі осында.

 Араның аналық сүтшесі жоғарыда көрсетілгендей күн сəулесіне, үйдің ішіндегі ауасына көп шыдамай ашып өзінің қасиетін жоғалтып бүлінеді. Көпшілік омарташылар оны балға қосып сүрлеп (консерванция жасап) сақтайды. 1 гр., сүтшені 100 гр., балға қосып бір түстес болғанша ұзақ араластырып қара шыны сауытқа құйып, бетін ауа кірмейтіндей етіп жауып салқын жерге қойып сақтайды. Содан бір тəулік ішінде шайқасықпен (оның салмағы 30 гр. құрайды.) 3 рет (90 гр.) бір ай бойы ауызға салып сору арқылы сілекейін қоса отырып сұйық күйінде қабылдайды. Содан кейін 10 күндей дем алып тағы бір ай бойы қабылдаса адамның денсаулығы жақсарып, қаны тазаланып, жоғары көтеріліп əлде төмен түсіп кететін қан қысымын орнына келтіріп, көңіл күйі көтеріліп, жалқаулығы жоғалып, жұмыста шаршамай, еңбек етуге ерінбей, өмір сүруге құштарлығы артып, ағзасы жасарады. Бұдан артық қандай қасиет керек. Химия қосылып жасалған антибиотиктердің біреуінде де ондай қасиет жоқ.

 Аналық сүтшені кешке қарай, əсіресе жатар алдында қабылдауды дəргерлер ұсынбайды. Себебі ол адамның көңіл күйін қоздырып, құмарлық ойлау жүйесінің белсенділігін арттырып, адамның ұйқысын қашырады. Сондықтан сүтшені таңертең қабылдаған абзал.Аналық сүтше өте күшті биостимулятор екенін ұмытпау керек. Кейбір адамдардың ағзаларының ерекшелігіне байланысты оны қабылдауға болмайтында жағдайлар кездеседі. Оны қабылдаған кезде дозасынан асырып жіберген жағдайда жүйке

ауруына шалдықтыруы да мүмкін. Кейбір адамдарға тəулігіне қабылдау мөлшерін 20-30 мг, асырмаған жөн.

 Ескерту: Қабылдау мөлшерін артып кеткенін төмендегі жағдайға байланысты білуге болады; жүректің жиі соғуынан, ұйқы қашуынан, жүйке жүйесінің жиі асқынуынан. Сол сияқты жұқпалы аурулардың асқыну барысында ауырған адамдарға, түйілмелі- созылмалы ауырумен ауыратындарға аналық сүтшені қабылдауға болмайды.

 Əр адамның ағзасы бірдей емес. Барлық дəріні, барлық емді бірдей қабылдай алмайды. Менің қабылдау əдісім басқа біреуге жақпауы мүмкін. Сондықтан аналық сүтшені қабылдар алдында өзінің емделуші дəрігеріне барып, анализін тапсырып, тестіден өтіп, тек дəрігердің кеңесіннен кейін қабылдау əлде қабылдамау мəселесін шешкен дұрыс болады.

  • Ара Уы. (Пчелинный яд)

Ара уының қасиеті туралы көптеген ақпарат құралдарында жазылып жүр. Өз басым бал араларының уының адам денсаулығына пайдасы көп екеніне сенемін. Себебі омартамен бастапқы айналысқан кезімде аралардың ызыңдаған дауысын естігенімде шағып алатын шығар деп қатты сескенетін едім. Кейіннен денем үйреніп жəне аралармен қалай жұмыс істеуді үйренгеннен кейін ондай ой мүлдем сейілгені жоғарыда жазылды. Сол аралардың шаққанынан да болу керек денсаулығым бұрынғыдан жақсара бастады. Қан қысымы орнына түсіп, аяқ қолым мен буындарымның сырқырайтынан мүлдем жазылып кеттім.

 Араға шақтыру ауруға ем екенін кəзіргі кезде өмірдің өзі дəлелдеді. Ауруханаларда ара уымен емдейтін бөлімшелер ашылып жұмыс жасауда. Ара уымен емдеу жолын Апитерапия деп атайды. Өз басым əдейі араға шақтыру арқылы ем алып көргем жоқ. Сондықтан ара уымен емделу үшін білгір, маман дəрігерлердің қабылдауына барып, ақылдасып ем қабылдауға кеңес берер едім

* * *

 Омарташылардың көпшілігі «Бал ара шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының арнайы Заңы бар екенін біле бермейді. Бұл Заңның мазмұнына кейбір шаруашылық басшыларымен, жеке меншік жер иелері де түсінбейді. Омартаны көшіріп гүл алқабы бар

жерлерге қондырып жатқан кезде, «Омартаңды бұл жерге орналастыруға болмайды, бұл менің жекеменшік жерім, кім рұқсат етті»-деп қоқанлоқы көрсетіп жататындар да кездеседі. Сол кезде сіздің бал араларыңыз ауруға шалдықпаған деген мал дəргерлерінің анықтама қағазымен осы «Бал ара шаруашылығы туралы» Заңды көрсетіп туындаған дауды шешуге болады. Оған көнбей жатса аудан, ауыл əкімшілігі арқылы осы Заң талабын орындатуға болады. Мамандығым Заңгер болғандықтан аталған Заң омарташының жанында болғаны абзал. Сондықтан заң мəтінін осы кітапқа қосып отырмын.

  • Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы

N 303«Бал ара шаруашылығы туралы»Заңы

МАЗМҰНЫ

 Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану жəне молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын жəне барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  • бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

    •  аналық бал ара – бал ара ұясының молықтырылуын қамтамасыз ететiн ұрғашы бал ара;
    •  асыл тұқымды шаруашылық – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, белгiлi бiр асыл тұқымды бал ара ұяларын жəне асыл тұқымды бал араларының ұрықтанған аналықтарын өсiру мен өткізуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
    •  асыл тұқымды бал ара ұясы – өзiнiң тұқымдық белгiлерiн ұрпағына тұрақты түрде беретiн таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының өнiмдiлiгi жоғары ұясы;
    •  бал араның бал ұясы – бал араның бал ұясын ұстауға арналған құрылыс;
    •  бал арасын қорғау құралдары – бал ара шаруашылығында пайдаланылатын иммундық-биологиялық, биологиялық, өсiмдiктен алынатын, химиялық, химиялық-фармацевтикалық жəне басқа да ветеринариялық препараттар;
    •  балауыз тетiк – бал ара ұяларының негiздерi бедерленген тиiстi өлшемдегi жасанды түрде дайындалған жұқа балауыз жапырақтары;
    •  бал ара тұқымдары – адамның белгiлi бiр шаруашылық жəне табиғи жағдайлардағы шығармашылық қызметiнiң ықпалымен қалыптасқан, «өзінде» өсiру үшiн саны жағынан жеткiлiктi жəне шаруашылық əрі асыл тұқымды құндылығы бар жалпы тектес бал ара ұяларының тұтас тобы;
    •  бал ара ұяларының зиянкестерi – бал араларын жеу мақсаты үшiн өлтiретiн немесе балды ұрлау жəне (немесе) бүлдiру арқылы бал ара ұясына зиян келтiретiн жануарлардың, құстар мен жəндiктердiң жекелеген түрлерi;
    •  бал ара ұяларын тасымалдау (көшiру) – бал ара ұяларын бал жинауға жəне энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыруға шығару;
    •  бал ара ұясы – бал ара ұясында немесе үйшiгiнде тұратын жұмыскер бал аралардан, еркек бал аралардан жəне аналық бал арадан тұратын тұтас биологиялық бiрлiк;
    •  бал ара шаруашылығы – жұмыс iстеу негiзi энтомофильдi өсiмдiктердi тозаңдандыру мен олардың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн бал араны өсiру, ұстау жəне пайдалану, бал ара шаруашылығы өнiмдерiн алу болып табылатын ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң саласы;
    •  бал ара шаруашылығы өнiмдерi – бал араның жинаушылық жəне физиологиялық қасиеттерi арқасында алынған өнiмдер (бал, балауыз, бал ара тозаңы, балтозаң, желiмтiк, бал ара сүтi, бал ара уы, еркек бал араның гомогенаты), сондай-ақ бал араның өзi;
    •  бал ара шаруашылығы саласындағы уəкiлеттi мемлекеттiк орган – бал ара шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
    •  көшпелi омарта – орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерiнде немесе энтомофильдi өсiмдiктер алабында орналасатын омарта;
    •  омарта – бал арасымен қоса белгiлi бiр жерде орналастырылған бал ара ұялары жəне бал ара шаруашылығымен айналысуға қажеттi мүлiк;
    •  тұрақты омарта – бiр жыл бойы тұрақты жерде орналастырылған омарта;
    •  энтомофильдi өсiмдiктер – жəндіктер тозаңдандыратын өсiмдiктер.

 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

  • бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдар
  •  Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді жəне осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  •  Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
  • тарау. БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
  • бап. Баларашаруашылығыменайналысуқұқығы
  •  Жеке жəне заңды тұлғалардың балара шаруашылығымен айналысуға құқығы бар.
  •  Балара шаруашылығымен айналысу үшін мемлекеттік органның қандай да бір рұқсатын алу талап етілмейді.
  •  бап. Омарталарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру тəртібі
  •  Омарталарды орналастыру үшін жеке жəне заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тəртіп пен жағдайларда жер учаскелері беріледі.
  •  Орман қорының жеріне омарталар орналастыру орман ортасына зиян келтірілмей, Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгіленген тəртіп пен жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
  •  Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерінде омарталарды орналастыру Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сəйкесжүзегеасырылады.
  • бап. Омартаны құру жəне жерді пайдалану
  •  Бал ара шаруашылығымен айналысу үшін жеке немесе заңды тұлға бал ара ұяларын омарта құрады, оның қосалқы үй-жайы мен құралдары болады жəне өзінің пайдалануындағы жер учаскесінде орналастырылады. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке немесе заңды тұлға жер туралы заңдарға сəйкес жер учаскесінің меншік иелерімен жəне жерді пайдаланушылармен келісе отырып, басқа жер учаскесін пайдалана алады.
  •  Жеке жəне заңды тұлғалар күтіп ұстай алатын бал ара ұяларының санына шек қойылмайды.
  •  Омарталарда асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган бекіткен бал араларының Қазақстан Республикасында тұқымдық аудандастыру жоспарына сəйкес белгілі бір жерде аудандастырылған тұқымдардың бал аралары ғана ұсталуға тиіс.
  • бап. Омарталарды орналастыру
  •  Жеке жəне заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін орындарда орналастырады. Омарталарды қауіпсіз орналастыруды реттеу тəртібін аудандық (қалалық) атқарушы органдар белгілейді.
  •  Көшпелі омарталар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр жəне тұрақты омарталардан үш километр қашықтықта бал жинау көздерінің жанында орналастырылуға тиіс. Тұрақты жəне көшпелі омарталарды бал аралардың басқа бұрын орналастырылған омартадан бал жинау көздеріне қарай ұшатын жолына орналастыруға жолберілмейді.

 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  • бап. Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке жəнезаңдытұлғаларғасалықсалу
  •  Балара шаруашылығымен айналысатын жеке жəне заңдытұлғаларға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сəйкес жүзеге асырылады
  •  Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленбеген салықтармен басқа да төлемдерді енгізуге жəне жинауға тыйым салынады.

3-тарау. БАЛ АРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ

  • бап. Бал араларды қорғау жəне молықтыру

Бал араларын қорғауды жəне молықтыруды меншік иесі:

  •  баларалардыңмекендеуортасын,олардыңкөбею жағдайларын, көшу орындары мен орын ауыстыру жолдарын қорғау;
  • омарталарға ветеринариялық-санитариялық қызмет көрсету;
  •  бал аралар орналасқан ареалдарда бал ара ұяларының оңтайлы санын қамтамасыз ету;
  •  бал араларын ғылыми негізделген түрде жəне ұтымды пайдалану;
  •  бал ара ұяларын бұзып қирату мен қасақана жоюдың алдын алу жөнінде шаралар қолдану;
  •  өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезінде бал араларын қорғау;
  •  бал араларын сақтауға бағытталған қызметке жəрдемдесу арқылы жүзеге асырады.
  •  бап. Бал аралардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайларын, көшу орындарын жəне орын ауыстыру жолдарын қорғау

 Бал аралар санының қысқаруына əкеп соғуы мүмкін қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар оларды қорғау, олардың мекендеу ортасын сақтау жөніндегі іс-шараларды, бал араларын сақтау жəне олардың тіршілігі үшін ерекше құнды саналатын учаскелер мен өсімдіктерге қол сұқпаушылықты қамтамасыз етуге міндетті.

  •  бап. Бал араларын өсімдіктерді қорғау құралдары, минералдық тыңайтқыштар жəне басқа да препараттар қолданылған кезде қорғау
  •  Бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылуға тиіс.

 Балшырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқада препараттардың тізбесін балара шаруашылығы саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

  •  Балшырынды өсімдіктерді өңдеу үшін өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқада препараттарды

қолданатын жеке жəне заңдытұлғалар жұмыстардың басталуынан бес күн бұрын осы жайында өңделетін учаскелерден жеті километрге дейінгі радиуста омарталары бар омарташылары бар омарташыларға жазбаша ескертуге, қолданылатын препарат, оның уыттылығы жəне оқшаулау мерзімдері туралы хабарлауға міндетті.

  • бап. Орманшаруашылығыжұмыстарынжүргізу кезіндебалараларынқорғау

 Тұрақты омарталар орналасқан жерден үш километрге дейінгі радиуста, ормандардың санитариялық жай-күйін жəне оларды молықтыру жағдайларын жақсартатын реттерді қоспағанда, бал жинау көздері – ағаштар мен бұталардык есуге, сондай-ақ сəмбітал қабығын дайындауға тыйым салынады.

  • бап. Балараларынмекендеуортасы жағдайындақорғау
  •  Балараларының пайдалы қасиеттерін пайдалану, сондай-ақ олар мекендейтін орта жағдайында балара шаруашылығы өнімдерін алу жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру жəне пайдаланутуралы заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.
  •  Бал аралар мекендеген орта жағдайларында ұяларды жəне бал ара ұялары орналасқан басқада жерлерді бұзып қиратуға, сондай-ақ балара ұяларынан бал алуға жол берілмейді.
  •  Егер балара ұясы өзі мекендейтін орта жағдайында адамның тіршілігін қиындатса, мұндай балара ұясын көшіру мүмкін болмаған кезде, көшіру немесе жою балара шаруашылығы саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіледі.
  • бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру)

 Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру) ветеринариялық- санитариялық ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс. Тасымалдауды (көшіруді) жүзеге асыратын көлік құралдарын кідірту бал ара ұяларына құрып кету қауіптерін төндірмей жүргізілуге тиіс.

4-тарау.БАЛАРАШАРУАШЫЛЫҒЫСАЛАСЫНДАҒЫ ЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

  •  бап.Баларашаруашылығысаласындағыуəкілетті мемлекеттік органның құзыреті

 Баларашаруашылығысаласындағы уəкілеттімемлекеттік орган:

  •  бал ара шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды;
  •  алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
  • алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.
  •  берілген өкілеттіктер шегінде бал ара шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу мен бекіту;
  • алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.
  • алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.
  • алып тасталды - 2006.01.10. N 116 Заңымен.
  •  бал ара шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақ- тастықты;
  •  бал араларды қорғау мен молықтыруғабағытталғанғылыми- зерттеулердіұйымдастыруды;
  • алыптасталды
  •  осыЗаңда, ҚазақстанРеспубликасыныңөзгедезаңдарында, ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 N

116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV

(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 14-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың)жергіліктіатқарушы органдарының құзыреті

 Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:

  •  тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бал ара шаруашылығының дамуын жəне қорғалуын бақылауды;
  •  Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сəйкес селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіруді жəне бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымдық істерді мемлекеттік қолдауды ұйымдастыруды;
  •  балара шаруашылығы саласында мамандарды даярлау жəне қайта даярлау жөніндегі қызметті үйлестіруді;
  •  жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

  • бап. Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу
  •  Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
  •  Бал аралар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, бал ара ұяларының зиянкестеріне қарсы күресу, сондай-ақ балауыз тетіктерін өндіру Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарына сəйкес жүргізіледі.
  •  Бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке жəне заңды тұлғалар ветеринария саласындағы уəкілетті орган бекiткен аса қауiптiаурулартiзбесiнеенгiзілгенауруларғақарсыкүресу мақсатында ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлуге тиiс. Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N

13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  •  бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы ветеринариялық-санитариялық сараптама

 Бал ара шаруашылығының өндірілген немесе дайындалған өнімдері Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген тəртіппен ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізілгеннен кейін өткізілуге тиіс.

  •  бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқым алу жұмысы
  •  Жеке жəне заңды тұлғалардың асыл тұқымды бал ара ұяларын өсіру жəне пайдалану жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңдарына сəйкес жүзеге асырылады.
  •  Бал араларының тұқымдарын сақтау жəне жақсарту мақсатында жеке жəне заңды тұлғалар бал аралар мекендейтін ареалдарда таза тұқымды бал араларын өсірумен жəне сатумен айналысатын асыл тұқымды бал ара шаруашылықтарын құра алады.
  •  Асыл тұқымды шаруашылықтардың төңірегінде жеті километр радиуста қорғау учаскелері белгіленеді, олардың аумағына басқа тұқымды бал аралар мен аналық бал араларын, сондай-ақ шығу тегі белгісіз бал аралар мен аналық бал араларын əкелуге тыйым салынады.

5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫН

БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

  •  бап. ҚазақстанРеспубликасыныңбаларашаруашылығы туралызаңдарынбұзусалдарынанкелтірілген

зиянды өтеу

 Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарының бұзылу салдарынан келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен өтеледі.

  • бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік

Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңдарын бұзуға кінəлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сəйкес жауапты болады.

Қазақстан Республикасының

ПрезидентіН.Назарбаев

Қолданған оқулықтар мен əдебиеттер Т І З І М І

  • В.С.Щербина Пчеловодство-учебник, Москва-1956 г.
  • Л.Н.Буренин, Г.Н Котова Справочник по пчеловодству,Москва- 1985 г.
  • В.В.Родионов, И.А.Шабаршов Если вы имеете пчел, москвав-1988 г.
  • В.Киржан Вопросов и ответов из пчеловодства, Алма-Ата-1979 г.
  • С.Младенов Мед и медолечение, София-1974 г.
  • В.Д.Лукоянов, В.Н.Павленко, Пчеловодный инвентарь, Москва- 1988 г.
  • В.Н.Южаков,С.И.Барышников, Наша пасека-Алма-Ата-1981 г.
  • В.Н.Южаков,С.И.Барышников, Наша пасека-Алма-Ата-1981 г.
  • М.В.Лупанов Советы старого пчеловода г.Обнинск-1991 г.
  • В.А.Соломака, изд.ИИЦ «мидицина Украины-2004 г.
  • Р.Д.Риб,Арашаруашылығы-аудармашыларҚ.А.Толықбаев, К.Н.Мағзумова, Өскемен-2006 ж.
  • Журналы по пчеловодству разных лет
  • Орысша-Қазақша-Ағылшынша Медициналық терминдер сөздігі

(40 мыңға жуық термин). Алматы-2009 ж.

  • Қол жазбаларым, конспектілерім тағы да басқада материалдар.
  • Аралардың тыныс тіршіліктерін бекітетін фотосуреттер.

45.ТЕРМИНАЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

А

Арапчела

Аналық сүтшеМаточное молочко

Аналық араМатка

Ара жанұясыПчелинная семья

Араларды бөлуОтводка

Ара наныПерга

Аналық клеткасыКлетка для матки Аналық қалпақшасыКалпачек для матки Ара желіміПрополис

Ара УыПчелинный яд

Б

Бал арасыМедоносная пчела

БалауызВоска

Балауыз жапрақшасыВощина Бал шайқау құралыМедогонка БалМед

БізШило

БізгекЖало

Балаң құртЛичинка Балауыз таптағышыВоскопресс

Бақа киетін бетперделицевая сетка пчеловобда

Г

Гүл тозаңыЦветочная пыльца

Гүл алымыВзятка

Д

ДернəсілЖасұрпақ

Е

Еркек араТрутень

ЕттұмсықХобот

Ж

Жұмысшы араРабочие пчелы

Жапқыш дəкеХолстик

ЖастықПодушка

ЖелдеткішВентиляция ЖемсауМедовый зобик

Жатаған үйшікУлья-лежа

З

ЗабрусЗабрус

К

Кəрезбос кезіндегіСушь

Кəрездегі балМедовые соты

КантСахар

ҚашауСтамеска

ҚуыршақКуколка Қыл сыпырғышЩетка

М

Мөлшер-өлшемДоза

Н

НүклеусНуклеус

О

ОмартаПасека

ОмарташыПчеловод

Омарта ƏліппесіАзбука пчеловодство Оқшаулау-жекелеуИзоляция

Омарта пышағыНож пасечника

П

ПіллəКокон

Р

РамкаРамка

С

Сым (тотбаспайтын)Проволка (нержавейка)

СуатПоилка

СебетКорзинка

Т

ТүтіндеткішДымарь

Тозаң аяқОбношка

Тік-копқабатты ұйшікМного корпусный улья

Ү

ҮйшікУлья

ҮйірілімРой

Үйірілім жинағыш құралыРоевня ҰяГнездо

Х

ХобдиЯщик для инструментов

Ш

Шіре балыПадевый мед

ШірнеНектар

Шумақталып-шоғырланыпКлубок

Өнеге

(эпилог орнына)

 Қазақта «Өнеге» деген сөз, адам өмірінде істеген іс тəжірибесінің бір дəнін жерде қалдырмай жинап алып, кейінгі ұрпақтың риздығына беру деген мағында айтылады. Демек, мен, бал арасы туралы түсінігімді, іс тəжірибемді тілімнің жеткенінше кітаптың бүкіл желісінде «өнеге» етіп жаздым. Оны қабылдау əлде қабылдамау келешек ұрпақтардың еншісінде.

 Бал арасы өте қасиетті, киелі жəндік. Оның қасиеттілігі, киелілігі мынада; 18 мың ғаламды жаратушы Алла Тағала бал арасын да жаратқан. Қасиетті Құран Кəрімнің Нахыл сүресінің 68-аятында Раббым араларға:...“Таулардан, ағаштардан жəне лапастардан ұялар жасап ал!”-деп нұсқады. Жаратушының əмірін бал аралары мүлт жібермей бүгінге дейін орындап жүр. Олар жаратыла салысымен ормандардағы қураған ағаштардың діңгектеріне, тау-тастың қуыстарына ұялар салып, кейіннен қолға үйреткен соң адамдар жасаған омартада (үйшікте) өмір сүруде. Ол туралы кітаптың 17,19 тақырыптарында толық жазылды.

 Алла Тағала осы сүренің 69-аятында; ...“Сосынəртүрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырғанжолына түс!- деген. Жаратушының бұл əмірін де бал аралары осы уақытқа дейін өсімдіктердің шірнесін жинап, одан табиғи таза бал, тозаңынан табиғи таза ара нанын жасап, басқа да өнімдер шығарып солармен ұрпақтарын қоректендіріп,өсіріп,Раббыныңқолайластырғанжолымен қауымдастық құрып, жалғыз аналық араға бағынып, өздерінің істейтін жұмыс түрлерін графикпен қалтқысыз орындауда. Ол туралы кітаптың барлық тақырыптарда жеткілікті түрде мағлұматтар берілді.

 Алла Тағала 69-аятты жалғастырып:...«Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар»-деп адамға нəсіп етті. Бал араларының шығаратын өнімдерінің барлығы адам денсаулығына шипа екенін, оларды қалай пайдалану, қандай мөлшерде қабылдау жолдарын жəне қандай қасиеттерінің бар екенін кітабымның 35-41 тақырыптар аралықтарында өз түсінігім мен тəжірибемді келтіріп жаздым.

Байқап қарасаңыздар, менің ақ тер, көк тер болып жазып отырған

176 компьютерлік беттік Омарта Əліппесі деген кітабымның бүкіл мағынасын (ол менің білетінім , ал білмейтінім қанша, ол бір Құдайға ғана аян) Алла Тағаланың əмірімен Қасиетті Құран Кəрімнің Нахыл

сүресінің екі (68,69) аяттарының төрт сөйлеміне сиғызып қана қойған. Бұдан артық қандай ғажап дүние болмақ. Бəрі бір Алланың қолында екенін осының өзі дəлелдеп тұрған жоқ па?

 Бұрын ата-бабам айналыспаған омарта деген кəсіптің қыры мен сырын үйренуге жалықпай, өз бетіммен омарта туралы кітаптар мен журналдарды оқып, үзбей ізденуімнің арқасында қызығы да, қиындығы да жетерлік кəсіпті меңгергенім жоғарыда жазылды.

Менің тағдырым бал арасының тағдырына ұқсас. Бал араларында

«балалық шақ» болмайды деп кітаптың 22-тақырыбында жазылғанын білесіздер. Ал, менің «балалық шақ» деген өмірімнің кезеңін 1941- жылы басталған сұрапыл соғыс «ұрлап» əкетті. Қозыларды көгендегендей, біздің колхоздың ер азаматтарын бір күнде шетінен

«көгендеп» соғысқа алып кеткендіктен «балалық шақпен қоштасып» 11- жасымнан бастап колхоздың жұмысына «жегілдім». Менің «О, балалық шақ неге солай, өтіп кеттің елеусіз»-деген өлеңімде:

«Соғыс кезі, 11 жастан жұмыс істей бастадым, Қандай жұмыс болса-дағы, ауырсынып қашпадым. Араларда «балалық шақ» болмайтындай - менің де,

 Тек еңбекпен өтіп кетті балалық шақ - жас шағым»,-деген жолдар бар.

 Уақытпен санаспай таң сəріден, əтеш шақырғаннан тұрып, көз байланған қараңғылыққа, «тауық соқыр» мезгіліне дейін демалыссыз жұмыс жасайтын едік. Одан мен жапа шеккем жоқ, қайта сол еңбек мені шыңдады. Еңбек мені жалқаулық, еріншектік, ұйқышылдық, көреалмаушылық, бойкүйездік сияқты жаман əдеттерден ада қылды. Қарама қарсы: бүгінгі істейтін жұмысты ертеңге қалтырмауды, қолға алған жұмысты орта жолда тастап кетпей аяғына дейін бітіруді, ұқыптылықты, тазалықты, еңбекқорлықты, намысқойлықты, ынта- жігерлікті, шыдамдалықты бойыма сіңірді. Оқыған боларсыздар жолдас-жораларым ара шаққан менің түрімді көргенде-«ара баққан сенің қолың емес, тастасаңшы!»-дегенде, ойыма Гудыменко Михаил Степанычтың «қазақ жалқау, бал арасын бағу олардың қолынан келмейді»-деген сөзі есіме түсіп, намысымды қамшылап омарта ұстауға жігерлендіріп жібергендігі кітаптың беттерінде жазылған. Мені омарта ұстауға ынталандырған, жастайымнан бойымда қалыптасқан, жоғарыда айтылған қасиеттердің нəтижесі екені даусыз.

 Омарта туралы жазсам ба деген көкейімде ұяланып жүрген қордалы ойымды кімнің оятқаны жөнінде жазбай кетсем əбестік болар еді. Дүниеде себепсіз еш нəрсе пайда болмайды.

 ...2013 жыл. Желтоқсан айы. Түс ауа, үйде, газет-журналдарды қарап отыр едім, ұялы телефонымның қоңырауы сыңғырлап қоя берді.»

«Алло» деуім сол екен, телефонның арғы жағынан «Сəлеметсізбе, Кəрім аға? Мені сіз танымайсыз. Аты жөнім Ғабит Нұрəділ. Мүмкін естіген боларсыз, жуықта Қазақстан Омарташылары ұлттық одағы құрылған болатын, президеті С.А.Терещенко. Мен сол одақтың атқарушы директорымын. Кезінде облыстық омарташылар қоғамын басқарған, ескі көз, аяулы ағаларымызды шақырып дөңгелек столда бастарын қосып, омарта шаруашылығының келешегі жайында ой пікірлерін тыңдауға кездесу өткізбекшіміз. Сіз өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары омарта ұстап, Кызылорда облыстық Омарташылар қоғамын басқарыпсыз. Кездесу Алматыдағы Бөгенбай батыр мен Абдуллин көшелерінің түйілісіндегі «Пугасов» мейрамханасында 16 желтоқсан-Тəуелсіздік күні сағат 13-00-де болады. Сізді соған арнайы шақырып отырмыз»-деді.

 Ширек ғасырдай уақыт өткеннен кейін мені іздеп тапқандарына таңқалып, «менің омарта бағып, облыстық Омарташылар қоғамын басқарғанымды қайдан білдіңдер» деген сұрақ еріксіз аузымнан шығып кетті.

 «Омарта туралы қазақ тілінде шыққан кітаптар мен мақалаларды іздестіру кезінде, сіздің «Жас алаш» газетінің 5 наурыз 2005-жылғы № 25 санында жарияланған «Аралар матриархаттық дəуір заңымен өмір сүреді. Адамдар ше?»-деген көлемді мақалаңыз Алматыдағы Қазақтың Орталық ұлттық кітапханасының қорында сақтаулы екен. Содан кейін

«Жас алаш» газетінің редакциясына хабарластық. «Іздеген табады, қуған жетеді»-демекші, міне өзіңізбен хабарласып тұрмын. Кездесуге келіңіз, жүздесейік аға»-деп сөзін аяқтады.

 Бардым. Облыстық Омарташылар қоғамын басқарған сол кездегі қылшылдаған жігіттерді, бүгінгі демалыстағы ақсақалдарды көріп шұрқырасып қалдық. Байқаймын, барлықтарының күш-қуаттары мығым, қайратты, жүріс-тұрыстары да ширақ қалпында, тек жүздерінде əжімнің сызықша белгілерінің іздері пайда болғандығы болмаса. Алды тоқсаннан асқан, арты тоқсанға жақындап қалған шалдарды көріп,

«сендердің осы жаста «қутыңдап» жүргендерің бал арасының шығарған өнімдеріндегі дəрумендердің қасиеті ғой» деп ойладым ішімнен.

 Кездесу өте қызықты, тартымды өтті. Осы кездесудің барысында мен Одақтың атқарушы директоры Ғабит Нұрəділмен жақынырақ таныстым. Жүзінен нұры шашылған, жас шамасы қырықты аралап жүрген Ғабит сол жолы əңгіме арасында омартамен қазақ жігіттері көп

айналыспайтынын, омарта туралы қазақ тілінде жазылған кітаптар жоқтың қасы екенін айта келіп, «Кəрім аға, өзіңіздің іс-тəжірибеңізді келтіре отырып, қазақ тілінде омарта туралы кітап жазсаңызшы» деген өтінішін айтты.

 -Көрейік,-дедім, екі ұшты жауап беріп. Күнделікті бітпейтін күйбең тірлікпен айналысып жүргенде «көрейік» дегенім көңілдің көлеңкесінде қала беріпті.

 2014-жылы, тамыз айы, күні есімде қалмапты, ойламаған жерден Ғабит қоңырау шалып, аман-саулықты сұрасқан соң: «Кəрім аға,

«Қазақстан-1» телеарнасындағы «Айтуға оңай» деген хабарда бал арасы туралы көрсетілім түсіріледі екен. Мен іссапармен Талдықорғанға кетіп барамын. Сол көрсетілімге сіз қатынасады деп телеарнаға хабарлап қойдым. Соған қатынасуға уақыт тапсаңыз дұрыс болар еді» деп, соның артынша, «Кəрім аға, омарта туралы кітабыңыз жазылып бітті ме?»- дегені. Не айтарымды білмей табан астында сасып қалып, «ол кітапты жуықта жазып бітіремін»-деп уəде бердім. Сонда Ғабиттың қолға алған жұмысын орта жолда тастап кетпей аяғына дейін істейтін, берген өтініш-тапсырмасын түбегейлі қадағалап отыратын қасиетіне қайран қалып, риза болдым. Ғабит болмаса омарта туралы білгенім жарыққа шықпай іште кететін бе еді, кім білсін?

 «Уəде Құдай сөзі»-дегенді ұстанып, жылқы жылының (2014 ж.) қазан айынан бастап, қой жылының (2015 ж.) наурыз айына дейін 42992 сөздерден сөйлемдер құрастырып, бал арасының тыныс тіршіліктерін түсіндіретін 85 фотосуреттерді сандық (цифоровой) фотоаппаратыммен түсіріп, одан компьютеріме көшіріп, компьютерден аққағаз бетіне теріп,

175 компьютерлік басылым беттерден тұратын Омарта Əліппесі-деп аталатын кітабымды жазып бітіріп, соңғы нүктесін қойдым.

 «85 жастағы шал осы кітаптың техникалық жұмыстарын компьютер арқылы өзім жасадым деп мақтанып отырған шығар»-деген сенбеушілік сезім кейбір оқырмандардың ойларына келуі мүмкін.

 Оларға айтарым: 73 жасымда компьютерлік курста оқып дəріс алғанмын. Ол кезде компьютерді менің жасымдағылардың меңгергендері саусақпен санарлықтай болатын. Компьютерді үйренуге мені жетелеген адвокаттық кəсіби қызметім болды. Бір бет қағаз жазсаң, сонда бір сөз қате кетсе, сол бетті қолыңмен қайта көшіруге тура келетін. Ал, компьютер арқылы сол сөзді қоса саласың. Керек болған жағдайда 10-шы, тіпті 100-ші беттегі жазуларды бірінші бетке бір секундта көшіре салу қиындық тудырмайды. Мақтанғаным емес компьютердің клавиатурасындағы əріптерді екі қолымның саусақтармен тез теремін. (Ол өмір бойы кəсіби заңгерлік қызымет

атқарып жүргенде жазу машинкасын басып үйренгенімнің пайдасы екені сөзсіз.) Электрондық почта мен ғаламторды, скайпты пайдаланамын. Скайп арқылы Америкада оқып жатқан немерелерім мен еліміздің алыс-жақын қалаларында тұратын ағайын туыстармен жүздерін көріп отырып тегін, ғаламтор арқылы сөйлесе беремін. Жазған əңгіме, мақала, өлеңдерімді өзім қалаған газет-журналдардың редакциясына, ауылдағы үйімде отырып, «ат терлетіп» барып жүрмей, ғаламтор арқылы электрондық нұсқасын жібере саламын. Болып жатқан жаңалықтарды күн құрғатпай алап отырамын.

 Компьютерді қолдана білмейтін оқырман; -Атамыз «осы кітəпті жазу үшін 42992 сөзден сөйлем құрадым!»-депті. -Сонда əр сөзін жалықпай қалай санап отырған-деп күдіктенуі мүмкін. Оған жауап. Əр əріпті клавиатурадан теріп отырғанда, қанша əріптерден құралған сөздердің санын мен санап отырмаймын. Ол мүмкін де емес. Оны санап отыратын компьютердің «миы» (базасы), жəне сол əр жазылған сөздердің санын компьютер өзінің экранына қолма қол шығарып, көзіңе көрсетіп отырады.

 Компьютерді дұрыс меңгеру үшін миға жұмыс істету керек. Ми жұмыс істеу үшін, оған оттегі қажет. Оттегі бал араларының шығаратын барлық өнім түрлеріндегі дəрумендерде жетіп артылады. Соларды мөлшерінен асырмай қабылдаған адамның миына оттегі жеткілікті барып, ми кəрілік дертіне ұшырамай жақсы жұмыс жасайды.

Омарта ұстаймын деген талапкерлерге кітабым ұнап, керекке жарап жатса, «көз қорқақ, қол батыр» деген жігерлендіру мақалды естеріне салып, істеріне сəттілік тілеймін.

Алматы. Қазан 2014-жыл.

Наурыз 2015-жыл

М А З М Ұ Н Ы

  • Еркек (аталық) аралардың істейтін жұмыс

түрлері мен тыныс тіршілігі…………………………………...….

  • Бал арасының үш түрлі жас ұрпақтары өсуі қалай қалыптасады………………………………………………………..
  • Аналық ара мен еркек араның шағылысып,

ұрықтану процессі………………………………………...……….

  • Гүлден шірне алымының алдында ара жанұясын көбейтудің əдісі…………………………………………...……….
  • Үйірілім (Рой) дегеніміз не? Ол қандай себептерден

пайда болады……………………………………………………….

  • Араның денесіндегі бездерінің қасиеті………………………

29.Балды аралар қалай жасайды?....................................................

  • Аралар ара наны (перга) деп аталатын тамақтарын

қалай жасайды?.................................................................................

  • Бал шайқауды бірінші көруім…………………...…………….

32.Бірінші бал шайқау……………………………………………..

  • Бал араларын қыстаққа қоюға дайындау………..……………
  • Бал араларының қысты күнгі тыныс тіршілігіне

бақылау жасау………………………………………...……………

35.Көктемгі тексеру…………………………………..…………...

3 - Б Ө Л І М

36.Бал арасы өнімдеріне жалпы сипаттама………………………

37.Ара балы………………………………………………...………

38.Бал араларының Балауызы. (Пчелиный Воск)……...………..

39.Прополис (ара желімі) дегеніміз не?.........................................

40.Ара наны (перга)………………………………………..……..

41.Аналық сүтше (маточное молочко)……………….…..……..

42.Ара Уы…………………………………………………...……...

43.ҚР 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303 «Бал ара шаруашылығы туралы»Заңы………………………….…………..

44.Қолданған əдебиеттер……………………………...…………..

45.Терминдік сөздер тізімі……………………………..…………

46. Өнеге……………………………………………………..

93

94

98

100

103

109

117

119

121

124

128

132

134

138

140

141

148

149

150

155

156

165

166

169

КəрімЖұмағалиев

Мен қалай омарташы болдым

н е м е с е

ОМАРТА ƏЛІППЕСІ

Теруге 21.05.2015 ж. жіберілді. Басуға 9.07.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/16. Офсеттік қағаз.

Көлемі 11 баспа табақ. Офсеттік басылым.

Таралымы 150 дана.

Сатылу бағасы келісім бойынша.

Дайын диапозитивтерден ЖШС “ZAMAN PRINT”

баспаханасында басылды.

Алматы қаласы, Бурундай көшесі, 107 үй.

+7 777 382 44 08



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter




Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу