Маугли
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды
Ертеде Джунглидің Сиони жо- тасын қасқырлар үйірі мекен
етіпті. Ол кезде Джунглидегі барлықжан-жануарбір-бі- рімен тату-тәтті өмір сүрген екен. Олар тек Шерхан атты жолбарыстан ғана қорқыпты.
Бірде Шерхан орманға жақын маңдағыбірауылғашабуыл жасамақ болады. Бірақ жол-
барыстыңбұләрекетіжү- зеге аспай қалады. Ол ауыл тұрғындарының лаулаған отынанқорқып,кейін шегінеді.
2
Бір ұрғашы қасқыр Шерханның адам етін жегісі келіп, сілекейі шұбырып, ауыл маңын кезіп жүргенін жақсы білетін. Бір күні ол шөп арасынан шыққан бір дыбысты құлағы шалады. Жақындап келсе, жерде бір сәби жылап жатыр екен. Ұрғашы қасқыр кішкентай нәрестені апа- нына алып келіп, өзінің бөлтіріктерінің арасына қосып жібереді. Сәби жаңа ортаға тез бейімделе бастайды.
3
Қатыгез Шерхан көп ұзамай қасқырлардың апанында адам баласының өмір сүріп жатқанын сезіп қояды. Ол балақайды тартып алмақ болып, бір- неше рет әрекет жасайды. Бірақ сәбиді қолына түсіре алмайды. Ұрғашы қасқыр баланы жауыз Шерханнан қорғаштап жүреді. Ашуға булыққан жолбарыс «қайткен
күнде де осы баланы жеймін» деп өз-өзіне серт береді.
4
Ұрғашы қасқыр балаға Маугли деп ат қояды. Сөйтіп, сәби қасқырлардың ортасында өсіп жатады. Бір күні оны қасқырлар үйірінің басшысы Акелаға алып келеді.
Джунглидің бұлжымайтын өз заңы бар. Осы заң бой- ынша Шерхан Акелаға тиесілі жердегі жануарларға тиісе алмайтын. Сондықтан қасқырлар Мауглидің тағдырына байланысты кеңес өткізіп, Акела оны Джунглиде қалдыру
не қалдырмау жөнінде шешім қабылдауы керек болды. Егер Акела баланы қасқырлар үйіріне қабылдаса, Маугли Шерханның тұзағынан құтылар еді.
5
Жиынды Акеланың өзі бастайды. Ол Мау- глиге қатысты өз ойын ортаға салады. Адам баласының жануарлар әлеміне бейімделуіне күмән келтіретіндігін ашық айтады.
Кеңеске Джунглидегі барлық жануарлар қатысқан еді. Олардың кейбірі Мауглидің осында қалуына қарсы болса, қалғандары өз- дерінің тілектестігін білдіреді. Сол кез-
де Балу есімді аю мен Багира есімді қабылан Мауглиді жақтайды.
6
Олар баланы Джунгли заңына үйретуді өз міндеттеріне алады. Багира, тіпті, Мауглиді қасқырлар үйіріне қабылдаса, бір бұқаны алып келетінін айтып, сөз береді.
Сөйтіп, Маугли үйірге қабылданады. Оны тәрбиелеу Балу мен Багираға жүктеледі. Жиналғандардың көпшілігі бұл шешімді қуана қарсы алады. Әрине, тек Шерхан ғана риза бола қоймаған еді.
Сол күннен бастап, Балу мен Багира Мауглидің ұстазына ай- налады. Олар балаға аң аулауды, жауынан қорғануды, тіпті, жануарлар тілін де үйрете бастайды.
7
Маугли ертелі-кеш орманды аралап ойна- ғанды ұнататын. Сондықтан достары – Балу мен Багира оған Шерхан мен маймылдардан сақ бо- луын үнемі ескертіп отыратын. Бірақ, ширақ әрі күшті болып өскен Маугли достарының сөзіне аса мән бермейді. Мауглидің кейбір қы-
лықтары маймылдарға қатты ұқсайтын. Сондықтан болар, маймылдароныбауырла- рындай көріп, басқан ізін
аңдып жүретін.
8
Бір күні маймылдар жал- ғызжүргенМауглиді ұрлапкетеді.Баланы өздерінің мекен-жайы-
на әкеліп, сол жерде қалуға көндірмекболады.Алай- да қасқырлармен бірге тұ- рып үйренген Маугли өз үйірінебарыпқосылғысы келеді. Балу мен Багираның ескертпелерін есіне алады.
Маугли қашып кетуді ойлай-
ды, бірақ қашып кетсе, маймылдардың өзін тірі қоймасын да сезеді. Басқа амал жоқ, оған Балу мен Багираны күтуге тура келеді.
АлМауглидімаймылдардың алып кеткенін білген достары Каааттыжыланғабарып, жәрдемдесуін өтінеді.
9
Барлық жайтқа қаныққан Каа Багира мен Балуға көмектесуге келіседі. Сөйтіп, достары дер кезінде келіп, балақайды маймылдардың тұтқынынан құтқарып алады. Бұл оқиға Маугли үшін естен кетпес үлкен сабақ болады.
Бұл уақытта Шерхан басқа қасқыр- ларды Акелаға қарсы қою үшін әрекетжасапжатқан.Бірақ қасқырлар оның арбауына көн-
бейді.
10
Акеланың күші басқа қасқырлардан басым бола- тын. Тіпті, Шерханның өзіне де төтеп беріп, үнемі олжадан қалдыратын. Соңғы кездері Акела егде
тартып, күш-қуатынан айрыла бастайды.
11
Шерхан үшін бұл жақсы мүмкіндік еді. Енді ол Мауглиді өлтірмек болады. Балу мен Багира балаға төніп тұрған қауіпті сезеді. Шерханның оттан қорқатынын білетін олар, Мауглиге ауылдан барып от алып келуге кеңес береді.
12
Маугли өз бауырларымен, ұстаз-достары Багира және Балумен қоштасып, ауылға қарай бет алады. Сиони жотасын қимай келе жат- қан ол, бір кезде шөбі шүйгін шалғында жайылып жүрген сиырларға тап болады. Олардың арасындағы үлкен мүйізді бір бұқа баладан үркіп кетіп, қаша жөнеледі. Қалған сиырлар соңынан ереді. Топырлаған ды- бысқа ауыл шетіндегі иттердің үрген, шәуілдеген дауыстары қосы- лады. Мұндайды көріп-естімеген Мауглидің де есі кетіп, басы ауған жаққа жүгіреді. Қашқан бойда ауыл ішінен бір-ақ шығады.
13
Ауылазаматтарыөзгелергеұқсамайтынбаланыкөріп,таң қалады. Маугли адамдарының тілін білмегендіктен, олармен сөйле- се алмай қатты қиналады. Ол өзінің қарнының аш екенін ыммен әрең түсіндіреді. Артынша Мауглидің қасына қызық құмар әйелдер жиналады. Олардың арасындағы біреуі бұл балақайдың
14
Муссинаның жоғалып кеткен баласынан аумайты- нын айтады.
Муссина ауылдағы ең беделді адамның әйелі болатын.
Баласының табылғаны жөнінде хабарды естіген ол алып- ұшып, осында жетеді. Мауглиді көргенде,
оның өз баласы екендігіне күмәні болмайды.
15
Қуанышықойнынасыймайтебіренгенанабала- сын құшағына алып, ұзақ жылайды. Содан соң ол Мауглиді ертіп, үйіне келеді. Оған сүт, нан беріп, тамақтандырады. Аш бала ешнәрсені қалдырмай,
түгел жеп алады. Сол күннен бастап, Маугли ауыл әйелдерінің сүйіктісіне айналады.
16
Кешбатады.Муссинабаласы- на жатып тынығу керектігін айта- ды. Маугли адамдардың тіршілігіне бейімделгісікеліпқаншатырыс- қанымен,қасқырларданүйренген әдеттерінен арыла алмайды.
Есінен бауырлары, қасқыр анасы, Джунгли бір сәт те кетпейді. Оларды сағын- ғаны соншалық, түні бойы көз ілмейді. Сөйтіп, Мау-
гли амалсыз ауылда тұруға мәжбүр болады. Біртіндеп адамдардың тілін үйренеді,
олардың тұрмысына да көндіге бастайды.
17
Маугли досы – сұр қасқырдың күнде кешкісін ауылды жағалап келіп жүргенін байқайды. Бұл оның көңіліне демеу болады.
Бірде Муссина:
– Балам, сиырларды өріске айдап апарып, жайып келесің бе? – деп сұрайды.
Маугли бұл ұсынысқа қуана ке- ліседі. Себебі оның өз есебі бар еді.
18
Жайылымда жүрсе, досымен емін-еркін оңаша кездесуіне мүмкіндік туатынын сезді.
Расында да кешкілік Маугли сиыр бағып жүрген жерге сұр қасқыр келеді. Сағыныса көріскен олар хал-жағдай сұрасады. Сұр қасқыр Мауглиге Шерханның іздеп келе жатқанын айтады. Содан соң екеуі Шерханды қолға түсірудің жоспарын құрады. Әрі Маугли досынан бұл ойларынан Акеланың хабардар болуын өтінеді. Енді тек оңтайлы сәтті күту ғана қалған еді.
19
Міне, күткен күн де келіп жетеді. Маугли қасқырларды екіге бөледі. Акела мен сұр қасқыр бастаған топ бір жақта, ал өзі бастаған топ екінші жақта шабуыл жасауға дайындалып, жасы- рынып жатады.
Мауглиді жалғыз деп ойлап келген Шерхан қалай торға түс- кенін байқамай да қалады. Екі жақтан анталаған қасқыр- лар оны қоршап алады. Қасқырлардың ашуынан қатты
сескенген Шерхан өзін қорғауға мұрша- сы келмей, Мауглидің қолынан қаза
табады.
20
Шерханның көзін жойған Акела мен Маугли бас- таған топ өз жеңістеріне масаттанып, шат-шадыман қуанышқа бөленеді.
Өкінішке қарай, бұл айқасты ауылдың бір тұрғы- ны көріп қалады. Сөйтіп, ел арасында: «Маугли қас- қырлардың ортасында жүр, ол өзі де қасқырға айна- лып кеткен», – деген өсек тарап кетеді.
21
Маугли туралы қауесет күннен-күнге өрши түседі. Тіпті, көршілес ауыл адам-
дарының да құлағына жетеді. Бұл әңгімеге қатты қызыққан Бул- део есімді шал арнайы келіп, Мауглимен жолығысады. Маугли оған қасқырлармен бірге өскенін, Шерхан екеуінің арасында бітіспес кек болғанын түгел айтып береді. Бірақ бұған Булдео сене қоймайды. Ауы- лына оралған ол Мауглидің адам емес, сиқыршы не сайтан екенін
жыр қылып айтады.
Осыдан кейін жергілікті тұрғындар балаға күдіктене қарайды. Осыны сезген Маугли Джунглиге кетуге белін бекем буады. Баласының жұрт қатарлы ауылда тұра алмайтынына анасы Миссураның да көзі жете-
ді. Сөйтіп, Миссура баласын қимастықпен шығарыпсалады.Мауглианасына
келіп тұруға уәдесін береді.
22
23
ОсылайМауглиөзініңқасқыр енесімен, бауырларымен және дос- тары – Багира, Балумен қайта қауы- шады.ОларМауглиді«батыр»деп, пір тұтады. Сағынышын баса алмаған Маугли,ендіешқашан Джунглиден кетпейтінінайтады.Солсәттеол өзінбақыттысезінеді.Артынша Джунглидетағыдаүлкенкеңес өтеді. Онда Акела Мауглиді көпшіліктің алдында өз
орнына тағайын- дайды.
24
25
Жауабы: 1-г, 2-а, 3-в, 4-ә, 5-б.
Ғажайып нүктелер
45
36
12
7
558
549
515310
Нүктелерді санына қарай бір-біріне сызық арқылы қос. Шыққан суретті боя.
52
50
49
48
45
47
4644
11
12
4342
41
32
4033
39
34
13
30
2914
28
15
3127
16
2617
3738
35
36
25
18
2419
232027
22
28
29
Джунглиге қайта оралған Маугли
қандай әсерде болды? Сәйкес келетін эмоцияны тап.
30
Кішкентай Маугли қасқыр енесіне апаратын жолды таппай тұр, көмектесіп жібер.
31
Қатыгез жолбарыс – Шерханның суретін өз бетіңше салып үйрен.
32
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?