Қанатты жандар


Мен оқығанды ұнатамын!

Қанатты жандар

2

ДЕҢГЕЙ

Thing_Wings_cover.indd 120.10.11 11:10

Қанаттылар

Мəскеу

«Махаон» 2011

Құстар, жəндіктер мен кейбір басқа да жануарлар ұша алады. Олардың бəрінің дерлік қанаты бар. Алайда, түсініксіз болса да, қанаттылардың кейбірі ұшпайды. Ал, кейбір жануарлар қанаттары болмаса да ұшады.

4

Құстар қалайша ұшады?

Құстың денесі жеңіл əрі тығыз қауырсынмен жабылған, ал ол дененің бетін ұлғайтады.

Құс қанатын түсіріп жəне көтеріп, ауаны итереды.

.Ұшу кезінде

қанат жоғары көтеріледі...

 ...сосын төмен жəне артқа қарай түсіріледі

5

Төстің күшті бұлшық еттері мен жеңіл жəне

ауа толы сүйектері құстардың ұшуына көмегін тигізеді.

Жеңіл сүйектер

Күшті бұлшық еттер

Қанатты балық аулаушылар

Субүркіттер – жыртқыш құстар. Олар бүркіттерге ұқсағанымен, езқұйрық- тарға туыс болады. Субүркіттің тұмсығы қатты, көзі қырағы жəне тырнақтары өткір болады.

Тұмсық

Тырнақ

Ақбас субүркіттері Солтүстік Американы мекендейді. Əдетте, субүркіт биікте қалықтап ұшып, олжасын ториды. Онан соң төмен құлап, балықты немесе үйректі ұстап алады. Бұл оның сүйікті тағамы.

7

Қырағы көз

Ақбас субүркіт

8

Қаздар мен үйректер

Қаздар мен үйректердің көп түрлері алыс саяхатқа шығады. Қыста оңтүстікке ұшып барады, ал жазда балапан басып шығару үшін солтүстікке қайтып оралады.

9

Ақбасты қарашақаз

Ақбасты қарашақаз топталып ұшады.

Құс қайтқан кезде сыналанып, V қарпінің пішінінде тізіледі.

Тоқымашылар

Тоқымашылар бір ағаштың басына, бір-бірінің жанына ұяларын жақын салады.

Құстар шөптер мен жіңішке жапырақтардан ұзын мойынды құмыраға ұқсас өздерінің ерекше ұяларын шебер тоқиды.

Сырт көзден таса болатын аспалы ұялардың ішінде тоқымашылардың ұрғашысы жұмыртқа басып, балапандарын күтеді.

11

Мына тоқымашылар бір ағашқа өздерінің ұяларын салып жатыр.

Пингвиндер

Пингвиндер – бұл құстар, бірақ олар ұша алмайды, есесіне өте жақсы жүзеді. Пингвиндер суда қысқа қанат-ескекаяқтары қағып

жүзеді.

Гумбольдтың пингвині

Алтыншаш пингвин

Корольдік пингвин

Императорлық пингвин

Пингвиндер тек Оңтүстік жартышарда тұрады. Олар баяу, қызықты теңселіп жүреді, бірақ өте тез жүзеді.

Көбелектер

Көбелектер – олар жəндіктер. Көбелектің өте кішкентай түрлі-түсті қабыршақтармен жабылған төрт қанаты бар. Бұл қабыршақтар қанаттарындағы ашық əдемі өрнекті түзеді.

Цетозия

Көбелектер гүлден гүлге қонады. Өздерінің ұзын бізтұмсықтарымен шырын ішеді, сонымен бірге, өсімдіктерді де тозаңдандырады.

15

Шыбындар

Шыбындар – қос қанатты жəндіктер.

Ұшу кезінде шыбын қанатын өте тез қағып, ауада жүгіріп бара

жатқандай, аяқтарын алға жəне кейін қарай тез қозғалтады.

Қанаттары төмен

түсіп тұр

17

Қанаттары көтеріліп тұр

Аяқтары алға бағытталған

Аяқтары кейін қарай

бағытталған

Егер сенің үйіңде шыбын тұрмасын десең, өрмекшілерді шақыр.

Өрмекшілер шыбындарды ұстап, рақаттанып жейді!

18

Жарқырауық қоңыздар

Жарқырауық қоңыздар – ғажап жəндіктер. Бұл қоңыздар бір- бірімен жарық белгілерінің көмегімен араласады.

Жарқырауық қоңыздың

құрсағының ұшында сары немесе жасыл жарық жанып тұрады.

Ұшпайтын ұрғашысы шөпте отыр.

19

Жер үстінде ұшып жүрген жарқырауық қоңыздың еркегі ұрғашыларына ашық үзілмелі белгі береді. Ұрғашылары жерден тап сондай жарығы бəсеңдеу белгі береді.

Инеліктер

Инеліктер өзендер, көлдер мен батпақтардың үстімен ұшып жүріп шіркейлерді ұстайды. Инеліктер өте жақсы ұшатын жəндіктер, олар ауада билеп жүргендей, ұшу жылдамдығы мен бағытын шұғыл өзгерте алады.

Инелік

Мөлдір қанаттары

Инеліктің шаншары жоқ. Алайда, сен оны ұстап алсаң, ол қуатты жағымен сенің саусағыңды шымшып алуы мүмкін.

21

Жіңішке ұзын құрсағы

Жабайы аралар

Жабайы аралар өте қанық түстерге – сары жəне қара жолаққа – боялған. Мұндай рең оларды ұстау қауіпті екендігін ескертеді.

Мөлдір қанаттары

Жабайы ара өте қатты ауыртып шағуы мүмкін. Ұрғашысының денесінде шаншары арқылы бүркетін у өндіріледі.

23

Жабайы ара

Кішкентай дақ

Улы без

Шаншар

Жарқанаттар

Жарқанаттар – шын мəнінде ұша алатын бірден-бір аң. Күні бойы ұйықтап, кешке аңға шығады.

Кейбір жарқанаттар жеміс жейді, ал көпшілігі жəндіктермен қоректенеді.

Жарқанаттар кешке үңгірден аңшылыққа шығады.

Жарқанаттар шиқылдаған ащы дыбыс шығарады. Бұл дыбыстар заттардан жаңғырық түрінде шығады. Тышқандар жаңғырықты естіп, олжаның немесе кедергінің қайда екендігін анықтайды.

25

Ұшарлар

Ақтиінге ұқсас бұл аң шын мəнінде ұша алмайды. Олар тек ағаштан ағашқа қалықтайды.

Ұшар сирақтарының арасындағы үлбір басқан тері жарғақтарын парашют сияқты жайып жіберіп, ауамен баяу төмен түседі.

Ұшар

Тері жарғақ

Археоптерикс

Археоптерикс – осыдан 160 миллион жыл бұрын өмір сүрген ежелгі құс.

Археоптерикс қанатында тырнағы бар, тісі жəне кесірткенікі сияқты, ұзын құйрығы бар, қарғадан сəл кішірек құс.

Қауырсындары

Археоптерикс жақсы ұша алмайды екен. Қанаттары əлсіз болған көрінеді.

29

Қанаты

Инелік

Археоптерикс ежелгі жəндіктерді аулаған.

Ойлан!

Суреттерге дұрыс атауларды таңда.

Инелік Пингвин

Ақбас субүркіт Жабайы ара

Сөздікше

Аңдар (сүтқоректілер) – үстін жүн басқан жəне өз балаларын сүтпен асырап өсіретін жануарлар.

Жыртқыш құстар – басқа да құстар мен аңдарды аулап, өлтіріп, оларды жейтін қанаттылар.

Қалықтау – қанатын жайып, қақпай, баяу ұшу. Құстар күн жылытқан жерден көтерілетін ауаның жылы ағынында сағаттап қалықтай алады.

Құрсақ – бас, төс пен құрсақтан құралатын жəндік денесінің бөлігі. Аяғы мен қанаттары төспен біріккен.

Оңтүстік жартышар – экватордан оңтүстікке қарай орналасқан жер шарының жартысы.

Өрмекшілер – қанаты жоқ, сегіз аяқты аңдар. Жəндіктерге ұқсас, бірақ жəндік емес.

Шырын – гүлдерде түзілетін тəтті сұйықтық.

УДК 372.3/4

ББК 74.102

Б79

«Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті

«Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды».

Бастауш сынып жасындағы балаларға

ҚАНАТТЫ ЖАНДАР

Автор Дениз Райан

THINGS WITH WINGS

Copyright © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceived and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Victoria Street, McMahons Point

Sydney, NSW 2060, Australia

Все права защищены. All rights reserved.

© Перевод на казахский язык. ТОО «Книжный полюс», 2011

© ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус», 2011 Machaon®

ISBN 978-5-389-03056-5 (каз.)

ISBN 978-5-389-00475-7 (русск.)

ISBN 978-1-74089-674-0 (авс.)

ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус» —

обладатель товарного знака Machaon

119334, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4

Тел. (495) 933-76-00, факс (495) 933-76-19

E-mail: sales@atticus-group.ru; info@azbooka-m.ru www.azbooka.ru; www.atticus-group.ru

Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева, редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907

Суретімен 24 бет

Басуға 2011ж. қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93

Таралымы 11000 дана, тапсырыс №

«№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған

141800, Мəскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу