«Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты 1 мамыр Ұлттар күніне арналған фестиваль
Тақырыбы: «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты 1 мамыр Ұлттар күніне арналған фестиваль
Мақсаты: Оқушыларды тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тілқұдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.
1 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке -тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгін тіл мейрамына арналған «Ұлттар достастығы» фестиваліне қош келдіңіздер!2 - жүргізуші:Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.1 - жүргізуші:
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз
Ойдағы Өссе тілім, мен дебірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге
өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта қай елде болса да,қастерлі, құдыретті.
2 - жүргізуші:
Бүгінгі «Ұлттар фестивалі» мерекелік кешіміздің әділ-қазы алқаларыментаныс болыңыздар:1.директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасар: Жанабаева Гүлсім
2.Мектеп психолгі: Жолдасбаева Бақыт
3. Мектебіміздің әлеуметтік педогогы Баймаханова Шолпан
1 - жүргізуші:
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтанНәр аламын, жер - анадан алыптан.
2- жүргізуші: Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені барлығымызға аян.
Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,
О ағайын,халық емес ол көл-көсір.
Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз,
Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.
Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін,
Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы -қарасың ба,ақсыңба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай,ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім. Бүгінгі кешіміздің бет ашары - қазақ ұлты. Қазақ халқын қошеметпен шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Ақ ниетті, кең пейіл,
Өнер десе – оттай ыстық.
Орыс халқы – ардақты,
Достығымыз мәңгі нық.
Тарихыңмен тамырмыз,
Татулықты жыр етем.
Ортаға шақырамыз
Орыс ұлтын құрметпен!
2 - жүргізуші:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың.
Ортаға өзбек ұлтын шақырамыз.
Бейбітшілік әніміз.
1 - жүргізуші:
Тау халқысың төзімді,
Жырың жатыр көңілде.
Бауырым деп қырғызды
Қарсы аламыз.
2 - жүргізуші:
Түріктің бар кәуабы,
Бауырсақтай баптаған.
Дәстүрімен даралы,
Қонақты төрге шақырған!
1 - жүргізуші:
Фастфудымен танымал,
Бургер, кола — дастархан.
Еркін елдің өкілі боп,
Америкадан дос жеткен!
2 - жүргізуші:
Тандури мен наан – дәмі керемет,
Шай мен тәттілер – үндіде бай.
Үнді елі – мәдениет ордасы,
Достық пен тыныштықтың мекені
1 - жүргізуші:
Күн шуақты елі бар,
Даласындай кең пейіл
Бейбітшілік туын ұстап,
Қытай халқын ортаға шақырамыз!
2 - жүргізуші:
Тәртіппенен үлгі боп,
Талпынғаны алға тек.
Еңбегімен еленген,
Арабтарды – құрметпен! Қошеметтеп шақырайық
Бүгінгі Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан атты ұлттар күніне арналған іс шараның өту кезеңдері :
1-кезең: Әр ұлт өкілдері өздерін таныстыру
4-кезең: "Өнерлі ел – өрелі ел"
Ән немесе би арқылы ұлттық өнерді көрсету.
5-кезең: "Дәмі тіл үйірер тағам"
Ұлттық тағамдарды таныстырып, көрсету.
1- жүргізуші
Міне, бүгінгі «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты ұлттар фестивалі де мәресіне жетті. Әр сынып өздеріне жүктелген ұлттын таныстыру, өнерін, тағамын керемет таныстырып шықты. Баршаңызға алғысымыз шексіз!
2- жүргізуші
Көп ұлтты Қазақстан — бейбіт өмірдің, татулық пен достықтың жарқын үлгісі. Бүгінгі шара — соның айғағы.
1- жүргізуші
Ал енді, бүгінгі фестивальге әділ бағасын беретін
әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз!
Сахна төріне әділқазылар шақырылады.
2- жүргізуші
Барша қатысушыларға, ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз! Әрдайым бірлігіміз бекем, еліміз аман болсын!
1- жүргізуші
Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
Бірлік пен достық мәңгі жасасын!
1-сынып қырғыз
2 «А» сынып түрік
2 «Б» сынып қазақ
3-сынып өзбек
4-сынып орыс
5 –сынып қытай
6-сынып индия
7 сынып арабтар
8 –сынып ағылшын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру