5-сынып оқушыларын арналған емтихан тапсырмалары
5-сынып оқушыларын арналған емтихан тапсырмалары
1-нұсқа
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды тауып жаз.
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.
Хоббидің пайдасы
Бос уақытымызда айналысатын нәрсеміз хобби/сүйікті іс деп аталады. Хобби ағылшын тілінен аударғанда «сүйікті іс» дегенді білдіреді.
Хобби несімен пайдалы?
- Хобби қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды, күйзелістен сақтайды.
- Хобби адамдарды жақындастырады. Сізді қызықтыратын нәрселерге құмар адамдарды табуға көмектеседі. Бұл отбасы немесе жаңа достар болуы мүмкін.
- Хобби денсаулыққа пайдалы. Оған би, жүзу, велосипед тебу және дене шынықтыру жаттығуларының түрлері және т.б. жатады. Тіпті оригами және кроссворд сияқты хоббилер де біздің санамызға пайдалы және Альцгеймер ауруының алдын алады. Олар мидың жұмысын, көңілдің шоғырлануы мен есте сақтауды жақсартады. Сүйікті ісіңіз сізді тыныштандырады, шабыттандырады, өміріңізге толықтық сезімін қосады. Сүйікті іспен айналысу адамды еркін әрі көңілді етеді.
- Хобби біздің қабілетімізді дамытады, табандылықпен біз құмырашының немесе басқа қолөнер түрлерін меңгере аламыз, түрлі би билеуді, шахмат ойнауды да үйрене аламыз. Қабілет өскен сайын өзіне деген сенімділік те артады.
- Хобби кез келген адамда табандылықты дамытады. Бұл балаларға да, ересектерге де, әсіресе стресске ұшыраған адамдарға да пайдалы. Сіз не істесеңіз де - сурет салу, кесте тігу, ара өсіру - бұл жерде әбігерге түсудің қажеті жоқ, табысқа жету үшін сізгеөзіңізді іштей тыныштандыруға тура келеді. Бірте-бірте жан тыныштығы мен шыдамдылық орнайды.
(Ақпарат дереккөзі: http://sc0004.atbasar.aqmoedu.kz/content/polyza-hobbi )
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2) Жазылым. (3 балл)
«Хобби өмірімізді қызық етеді» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) Әдеби тіл нормалары (1 балл). Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім орнына қолданады
Эссе мәтінінен негізігі сын есімді тауып, салыстырмалы, күшейтпелі шырай жаса, заттық мағынада қолданып, сөйлем құра.
Сын есім | Салыстырмалы шырай | Күшейтпелі шырай | Сын есімді заттық мағынада қолданған сөйлем |
Бағалау критерийлері:
Оқу дағдысы | Бағалау критерийлері | Тапсыр ма реті | Дескриптор | Балл |
Оқылым | Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады. | 1 |
| 1 |
Жазылым | - эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады. -жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. | 2 | -эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл); -мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл); -орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл). | 3 |
Әдеби тілдің нормалары | Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін танып, сын есімді зат есім орнына қолданады | 3 | -мәтіннен сын есім сөзді табады (0,25 балл); -шырай түрлеріне түрлендіреді(0,25 балл); - сын есімді заттық мағынада қолданып сөйлем құрайды (0,25 балл). - сауатты жазады (0,25 балл); | 1 |
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
5-сынып
Төмен көрсеткіш 1-2 балл | Орташа көрсеткіш 3-4 балл | Жоғары көрсеткіш 5 балл | |
Оқылым | Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды. | Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты жартылай табады. | Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты табады. |
Жазылым | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды. | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады. | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады. |
Әдеби тіл нормалары | Мәтіннен сын есімді табады. Шырай түрлеріне түрлендіруде қиналады. Сын есімді заттық мағынада қолдануға қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді. | Мәтіннен сын есімді табады. Шырай түрлеріне түрлендіреді. Сын есімді заттық мағынада қолдануға қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді. | Мәтіннен сын есімді табады. Шырай түрлеріне түрлендіреді Сын есімді заттық мағынада қолданып, сөйлем құрастырады. орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді. |
2-нұсқа
Оқылым. Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, нақты ақпаратты табу үшін оқиды
(1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды тауып жаз.
Бір ананың жеті қызы
Бір ананың жеті қызы болды. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетті. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі анасын қалай сағынғандарын айтады.
- Мен сені күн сәулесін күткен дала гүліндей сағындым,- деді біріншісі.
- Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім, -деді екіншісі.
-Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым, -деді үшіншісі.
-Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын, -деді төртіншісі.
- Сен менің түсімде раушан гүлі болып көріндің, - деді бесіншісі.
- Мен шие бағын іздеген бұлбұлдай сенің жолыңды күттім, -деді алтыншысы.
Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ - киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп береді. Анасының аяғын жуады. Анасына тамақ дайындап береді. (112 сөз)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін көрсетіңіз.
Үйге бір аптадан кейін келді. _____
Бір ананың жеті қызы болды. _____
Анасы алыста тұратын ұлына кетеді. _____
Бірінші қыз анасына сағынғанын айтады. _____
Алтыншы қыз өзінің сағынғанын айтады. _____
Үшінші қыз сағынып жылағанын айтады. _____
Жетінші қыз үндемеді. _____
Бесінші қыз түс көргенін айтады. _____
Екінші қызы анасын соншалық күткенін айтады. _____
Төртінші қыз да өзінің сағынғанын айтады. _____
Ол анасының аяқ киімін жуады. _____
(Ақпарат дереккөзі: https://infourok.ru/aza-tilinen-oilim-mtinderi-3359854.html )
2) Жазылым. (3 балл)
«Асыл ана» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) 3) Әдеби тіл нормалары (1 балл). зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.
Эссе мәтінінен бір зат есімді алып, септік жалғаулары арқылы түрлендіріп көрсет.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийлері:
Оқу дағдысы | Бағалау критерийлері | Тапсыр ма реті | Дескриптор | Балл |
Оқылым | Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және ақпараттарды ретімен орналастырады | 1 |
| 1 |
Жазылым | - эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады. -жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. | 2 | -эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл); -мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл); -орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл). | 3 |
Әдеби тілдің нормалары | зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады | 3 | -мәтіннен зат есім сөзді табады (0,25 балл); -септік жалғауларын жалғайды(0,5 балл); - сауатты жазады (0,25 балл); | 1 |
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
5-сынып
Төмен көрсеткіш 1-2 балл | Орташа көрсеткіш 3-4 балл | Жоғары көрсеткіш 5 балл | |
Оқылым | Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды. Сөйлемдердің ретін табуға тырысады | Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты жартылай табады. Сөйлемдердің ретін жартылай табады | Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты табады. Сөйлемдердің ретін толық табады |
Жазылым | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды. | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады. | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады. |
Әдеби тіл нормалары | Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғауда қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді. | Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғауда қиналады., орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді. | Мәтіннен зат есімді табады. Жалғаулар жалғап түрлендіреді, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді. |
3-нұсқа
5-сынып.
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.
«Саяхатты бала күнімнен бастадым. Алғашқы әскери дайындық деген пәннен Нұрлан деген ағайым балаларды тауға алып шығатын. 5-6-сыныптан бастап тауға шыға бастадым. Саяхатқа деген қызығушылық солай оянды. 2015 жылы бірінші рет шетелге шықтым. 25 жасымда алғаш ұшаққа міндім. Іссапармен Түркияға барып келдім.
«Саяхатқа көп ақша керек» деп ойладым. Саяхат деген «міндетті түрде шетелге бару, ұшақпен ұшу» деп түсіндім. Мен сияқты көп адам саяхаттау «міндетті түрде шетелді көру» деп ойлайды. Бірақ саяхаттау туған жеріңді аралаудан басталатынын түсіндім.
Жасым 30-дарға таяған шағымда көрнен елім - бесеу. Бірақ ауылымның жанында тұрған Көлсайды көрмеппін. Кейбір адамдар сонау алыс шетелдерден Көлсайды көру үшін келеді. Дәл солай Алматыда тұрып, Медеуге бармағандар қаншама?! Алматыда тұрып, Көктөбеге шықпайтындар бар. Алматының маңында әдемі жер көп. Шарынға бармаған, Көкжайлауға шықпаған адам көп. Ұлытауда тұрып, Жошының кесенесін көрмегендер бар. Астанада тұрып, Көкшетауға, Бурабайға бармағандар бар. Шығыс Қазақстанда, Өскеменде тұрып, Катон-Қарағайды көрмегендер бар. Айта берсең көп.
Алыс шетелді аңсау міндет емес. Саяхат деген туған жерді аралаудан басталады. Туған жердің кереметтерін танып алсаң, алыс шетел туралы ойлана бер.
(Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/84063/)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2) Жазылым. (3 балл)
«Табиғатқа саяхат туған жерді танудан басталсын» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________3) Әдеби тіл нормалары (1 балл). сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, сан есімді зат есім орнына қолданады.
Эссе мәтінінен сан есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлерін ажырат. Біреуін заттық мағынада қолданып сөйлем құра.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийлері:
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Оқу дағдысы | Бағалау критерийлері | Тапсыр ма реті | Дескриптор | Балл |
Оқылым | Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады. | 1 |
| 1 |
Жазылым | - эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады. -жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. | 2 | -эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл); -мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл); -орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл). | 3 |
Әдеби тілдің нормалары | сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, сан есімді зат есім орнына қолданады | 3 | -мәтіннен сан есім сөзді табады (0,25 балл); -сан есімдердің мағыналық түрлерін ажыратады (0,25 балл); - сауатты жазады (0,25 балл); -сан есімді заттық мағынада қолданып сөйлем құрайды (0,25 балл). | 1 |
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
5-сынып
Төмен көрсеткіш 1-2 балл | Орташа көрсеткіш 3-4 балл | Жоғары көрсеткіш 5 балл | |
Оқылым | Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрауға тырысады, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды. | Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрайды, Нақты ақпаратты жартылай табады. | Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрайды, нақты ақпаратты табады. |
Жазылым | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды. | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады. | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады. |
Әдеби тіл нормалары | Сан есімдерді толық таппайды, мағынасына ажыратуда қиналады. Сан есімді заттық мағынада қолдануда қателеседі, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді. | Сан есімдерді табды, мағынасына ажыратуда қиналады. Сан есімді заттық мағынада қолдануға тырысады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді. | Сан есімдерді толық табады, мағынасына қарай ажыратады. Сан есімді заттық мағынада қолданады. Сөйлемі логика-грамматикалық жағынан дұрыс құрылады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді. |
4-нұсқа
5-сынып.
1) Оқылым. (1 балл)
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, нақты ақпараттарды табады.
2-тапсырма. Мәтіндегі нақты ақпараттармен мәтінді мазмұндау жоспарын құрады.
Тіл туралы қызықты деректер
Дүние жүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді.
1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен.
Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
Дүние жүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі
Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз.
(Ақпарат дереккөзі: https://martebe.kz/til-turaly-derekter/ )
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
- 2) Жазылым. (3 балл)
«Ана тілім – менің тілім» тақырыбында кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін қамтып, лексика-грамматикалық нормаларды сақтай отырып, оқылым мәтініндегі оқиғаны сипаттап немесе кейіпкерді суреттеп эссе жазады.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) Әдеби тіл нормалары (1 балл). Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.
Эссе мәтінін пайдаланып төл сөз, автор сөзін қатыстырып сөйлем құра. Тыныс белгілерін орынды қолдан. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр.
Төл сөз бен автор сөзі қатысқан сөйлем | Төлеу сөйлем |
Бағалау критерийлері:
(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
Оқу дағдысы | Бағалау критерийлері | Тапсыр ма реті | Дескриптор | Балл |
Оқылым | Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады. | 1 |
| 1 |
Жазылым | - эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады. -жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады. | 2 | -эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл); -мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл); -орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл). | 3 |
Әдеби тілдің нормалары | Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады | 3 | -мәтін бойынша төл сөз бен автор сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды. (0,25 балл); -төл сөз бен автор сөзіне қатысты тыныс белгіні дұрыс қолданады(0,25 балл); - сауатты жазады (0,25 балл); -төл сөзді төлеу сөзге айналдырады (0,25 балл). | 1 |
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА
5-сынып
Төмен көрсеткіш 1-2 балл | Орташа көрсеткіш 3-4 балл | Жоғары көрсеткіш 5 балл | |
Оқылым | Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрауға тырысады, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды. | Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрайды, Нақты ақпаратты жартылай табады. | Жалпы мазмұнын түсініп жоспар құрайды, нақты ақпаратты табады. |
Жазылым | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды. | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады. | Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады. |
Әдеби тіл нормалары | Мәтін бойынша төл сөз бен автор сөзін қатыстырып, сөйлем құрауға тырысады , бірақ төл сөз бен автор сөзіне қатысты тыныс белгіні дұрыс қолдана алмайды. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыруға тырысады. Орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді. | Мәтін бойынша төл сөз бен автор сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды, төл сөз бен автор сөзіне қатысты тыныс белгіні жартылай дұрыс қолданады. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыруға тырысады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді. | Мәтін бойынша төл сөз бен автор сөзін қатыстырып, сөйлем құрайды, төл сөз бен автор сөзіне қатысты тыныс белгіні дұрыс қолданады. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырады. Сөйлемі логика-грамматикалық жағынан дұрыс құрылады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді. |
1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы
(оқыту қазақ тілінде)
р/с | Сөйлесім әрекеті | Балл қою нормативі, ең жоғары балл | 5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы | 30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы |
1 | Оқылым | 1-тапсырма - 0,5 балл; 2-тапсырма - 0,5 балл | 1 | 6 |
2 | Жазылым | - құрылымын сақтауы – 0,5 балл; - мазмұны - 2 балл; - лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл | 3 | 18 |
3 | Әдеби тіл нормалары | 1 балл | 1 | 6 |
5 | 30 |
14. Байқау емтиханының қорытындыларына талдау жасау
3-кесте - Байқау емтиханына қатысушылар туралы мәлімет
Өңірі (қаласы, ауданы, мектебі)________________________________
Сыныбы | Білім алушылардың саны | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны, себебі |
4-кесте - Емтихан тізімдемесі
Сыныбы | Қатысқандар саны |
| |||||
5-кесте - Білім сапасы (пайыздық көрсеткішпен)
(оқыту қазақ тілінде)
Сөйлесім әрекеті | Қатысқан білім алушы саны | Оқу мақсаты коды |
|
|
| |||||||||||
Оқылым | ||||||||||||||||
Жазылым | ||||||||||||||||
Әдеби тіл нормалары | ||||||||||||||||
Білім сапасы көрсеткішіне комментарий | ||||||||||||||||
Сынып бойынша меңгерілген мақсаттар | Қиындық тудырған мақсаттар | |||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру