Қазақша құттықтау - тілек: Бет ашар » ZHARAR © 2016 | беташар той казакша, Қазақша құттықтау - тілек: Бет ашар, тілек беташарға, беташар сөздері , беташар тілек құттықтау




  • »

Қазақша құттықтау - тілек: Бет ашар

Қазақша құттықтау - тілек: Бет ашар казакша Қазақша құттықтау - тілек: Бет ашар на казахском языке

Бір асу астың алдыңа,
Басыңа желек салдыра.
Қыз болған қызық күндерді,
Қайрылмай артқа қалдыра.

Бейтаныс өмір ашасың,
Бейтаныс үйді басасың.
Ендігі ұяң осы жер
Бақытты күнің жасасын.

Келін деген атты алып,
Иіле сәлем сен салып.
Беташарды бастайық,
Жиналған тойға көп халық.

Жаратқан салған жол,
Бақытты ашып алдан мол!
Осы Орданы көбейтіп,
Отауды құрған арман зор.
Ата-бабаң жебесін,
Риза болып демесін.
Сыйласаң ата салттарын,
Мінерсің бақыт кемесін.
Өлі аруақтарға,келін,бір сәлем.

Келген үй қара шаңырақ,
Жиналар бәрі жамырап.
Үлкендер бар бас болар,
Беретін бағыт жақсылап.
Олар өткен өмір жол,
Көтерген бәрін темір жол.
Үлкен мақтап келетін,
Үлгілі, сыйлы келін бол!
Әулеттің үлкендеріне бір сәлем!

Ендігі сенің ата-анаң,
Қайын енең мен қайын атаң.
Білместі енең үйретсе,
Көмекке келмек дайын атаң.
Еркелетер қызы бол,
Еселенсін қызық мол.
Сыйлап өт ата-анаңды,
Алдынан кеспе сызып жол.
Қайын енең мен қайын атаңа бір сәлем!

Нағашыдан таралған,
Жақсы істің барлығы.
Бұлжымас заңға саналған,
Нағашының жарлығы.
Той болад деп жүгіріп,
Шын көңілден берілді.
Нағашының күйін ұқ,
Бола біл сыйлы келіні.
Нағашыларға, келін, бір сәлем!

Назарынан қорыққан,
Наласы жиен жаман деп.
Қабағы түссе торыққан,
Қай жақтан шығып қалам деп.
Жиен деген бір ел бар,
Еркелеген керілмей.
Келсе әркез күліп ал,
Шайынды беріп ерінбей,
Жиендерге бір сәлем!

Бөлелерің бөлек тым,
Қуаныш бірге көретін.
Қабырғасы қайыса
Қиындықты бөлетін.
Сәлем сал, келін, бөлеге,
Жай жанға оны теңеме.
Құрметіңді аямай ,
Шаттықтың нұрын себеле.
Бөлелер қауымына бір сәлем!

Құда болған мың жылдық,
Күйеулі болған 100 жылдық.
Құдаларым, қадірлі,
Сыйласқан күліп бұл шындық.
Қызын берген бойжеткен,
Ұлы да куйеу ер жеткен.
Құдаларға сәлем ет,
Сыйластық жырын тербеткен.
Құдаларға, келін, бір сәлем!

Жаға болған ағалар,
Көмек беріп ініге пана болған ағалар.
Көштің басын тең бастап
Сана болған ағалар.
Ақылдың кенін саралар,
Шешімді табар даналар,
Шайыңды қой келгенде
Абысын, қайын ағалар.
Қайын ағаларыңа, абысындарыңа, келін, бір сәлем.

Апаң да сенің бар шығар,
Сіңіліге жан шығар.
Тура жолға жол алып,
Жинаған ақыл тамшылар.
Бар осында қайын апа,
Бірлікке бастар дайын апа.
Жезделесең жұбайын,
Беретін бәрін жайната.
Қайын апаларыңа, жезделеріңе бір сәлем.

Тағы бар қайын сіңілі,
Еркесі елдің, үміті.
Ат қойып, еркем дегенде,
Тағасың оған бір үкі.
Құлақтары елеңдеп,
Жеңгемді қашан көрем деп.
Айта алмай жүрген іштегі
Сырымды қашан төгем деп.
Осындай қайын сіңілілеріңе, келін, бір сәлем!

Қолқанат болар алдыңда,
Ақ көңіл, адал қалпыңда.
Еркелеп есті кетірер,
Қайын іні деген халық бар мұнда.
Күміс те, саған алтын да,
Шығарар сенің даңқың да.
Еркетай деп атасаң,
Қалдырмас сені жаңбырға,
Қайын інілеріңе, келін, бір сәлем!

Ана өмірде сұралған,
Көршінің алар ақысы.
Сыйластықтан құралған,
Жаратқан сұрар хақысы.
Көршіменен тату бол,
Ағайыннан жақын сол.
Сала көрме қату жол,
Көршімен келер алтын мол,
Көршілерге, келін, бір сәлем.

Достың да досы бар екен,
Кейбір дос үлкен нар екен.
Достарыңмен үй толып,
Болсын әркез жан есен.
Достарың келсе күлімде,
Қабағың түйіп түңілме.
Достармен әсем мына әлем,
Бақыттың әсем гүлі де.
Жан жолдасыңның достарына бір сәлем!

Аққуды алдым аңсаған,
Жеткенге осы шүкір деп.
Сыртыңнан қарап тамсанған
Жолдасың тұр жүрек лүпілдеп.
Аяулы жар бол, ана бол,
Жолдасыңа сана бол!
Қиналғанда дем берер,
Сала біл ашық сара жол!
Жолдасыңа, келін, бір сәлем!

Айтуға ақыл тырыстық,
Тілеймін саған тыныштық.
Ибалы мінез келінге,
Кім ашса бетін сол ыстық.
Ақылдан құрыш қандырып,
Жүрген жерді жандырып.
Аяқтайын сөзімді
Өзіме сәлем салдырып.
Өзіме, келін, бір сәлем!


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 5 545
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .