Ұстаздарға, мұғалімдерге арнау тақпақ


Дайындық топта оқытқан,

Есімі бізге қымбатты.

Ұмытпаймыз Мадина апайды

Тал бойы әсем,сымбатты

Ақсайдай ауылдың даналары

Талай-талай асуды алар әлі.

Мектептің жүзге жуық оқушысы

Жанболат ағайдың балалары.

Кезі оның көп болар күлімдеген,

Бар баланы жақын тұтып «Күнім!» деген

Мейрамгүл апай –мектептің ұлы ұстазы,

Бәрімізге тәрбие мен білім берген.

Айтқан сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа кім бар жүрген жанды ұғып.

Бану апай-ұстаздардың үлкені

Бар сабағы есте қалар мәңгілік!

Сөздерінен жылы лебіз таралғандай,

Бәрімізге де ана бола алғандай!

Ешқашанда кек сақтап ренжімейді,

Арай апай мейірімнен жаралғандай.

Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді,Күнге де қол созғанын.

Қаршыға апай әрқашанда қалайды,

Шәкірттердің өзінен де озғанын.

Шаршамайды қанша сұрақ сұрасақ та,

Демалысқа кетті,кетпегенін қаласақ та.

Перизат бауыр басқан апайымыз

Бізге жол көрсетеді болашақта.

Өткізіп көз алдынан талай бала,

Бойына құйды ақыл,ой мен сана.

Баян апай сарп етіп,күш-қуатын,

Ақылшы,тәрбиеші,болды ана!

Ақерке апайдың сөзі ерекше дара шың,

Тоздырды жолын үй мен мектеп арасын.

Бізді қашан көрсе дағы айтады,

«Орыс тілін оқитын,ең ақылды баласың!»

Біздерді тек алға қарай жетелеген,

Ризамыз Бану апайға біз

Анамыздай әрқашан жанымызда,

Жүреді жарқыраған жүзіменен

Қағазға өлең толтыра алмай,тола алмай,

Жұмағали ағайға қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне ,

Ел баласын оқытады,ой Алла-ай.

Әрқашан сабаққа асықтырар,

Келбеті де білім нұрын шашып тұрар.

Серікбол ағай ән-күйді жаттатқызып,

Қазақтың әндеріне ғашық қылар.

Көрмеден жұрттар оның ісін көрер,

Шеберліктің сырларын түсіндірер.

Мектептен шыққан небір шедеврлер,

Айман апайдың қолынан мүсінделер.

Ысыған жан-дүниеңді желдеткендей,

Тән мен қосып жанды да емдегендей

Лаура апай бір қолымен бесікті емес,

Ауырған балаларды тербеткендей.

Жұмыс істер ынталана,талаптана,

Ойлайтыны ылғи да-кітап,бала.

Білім қорын басқарған Дархан ағай,

Үйі оның екінші –кітапхана.

Мектебімен жанұясын асыраған,

Жүзінен мейірімі шашыраған.

Бауыржан ағай әлемдегі ең жақсы ағай

Қайырымды,алтын адам,асыл адам.

Ақ орамал басында,

Ыстық оттың қасында

Бір тамақты түсіріп,

Бір тамақты пісіріп.

Бикен апай жүреді

Жайраңдайды,күледі.

Сүт ішетін баланы

Қоңырауда күтеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу